Қазақстан республикасының заңы ақпараттандыру туралы


-бап. Мемлекеттік органның архитектурасы



бет4/6
Дата02.07.2016
өлшемі0.95 Mb.
#173021
1   2   3   4   5   6

28-бап. Мемлекеттік органның архитектурасы

1. Мемлекеттік органның архитектурасын «электрондық үкімет» архитектурасының сервистік интеграторы «электрондық үкiметтiң» архитектурасын дамыту жөнінде талаптарына сәйкес және мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттары мен міндеттерінің негізінде ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен және сараптамалық кеңеспен келісім бойынша әзірлейді.

2. Мемлекеттік органның архитектурасына өзгерістер енгізу мемлекеттік органдардың архитектурасын әзірлеу мен дамыту қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

3. Мемлекеттік органдар мынадай талаптарды:

1) мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға ақпараттық технологиялардың қосқан үлесін;

2) мемлекеттік функциялар мен мемлекеттік қызметтердің оңтайландырылуын және автоматтандырылуын;

3) мемлекеттік органның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басқа ақпараттандыру субъектілерімен электрондық ақпараттық өзара іс-қимылдың жүзеге асырылуын;

4) электронды нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын және тұтынушылардың оған қанағаттануын;

5) мемлекеттік ақпараттық ресурстардың электрондық нысанға көшірілуін ескере отырып, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану тиімділігінің стратегиялық көрсеткіштерін әзірлеу жөнінде шаралар қолдануға міндетті.

4. Мемлекеттік орган өзінің құзіретіне кіретін стратегиялық міндеттер мен қызмет тиімділігі көрсеткіштерінің, функциялар мен қызметтердің, құжаттардың, деректер мен электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелер мен ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның «электрондық үкімет» архитектурасының порталында есепке алынуын, сипатталуын, сыныпталуын және өзекті болуын қамтамасыз етеді.

5. Мемлекеттік органдар ақпараттық өзара іс-қимыл жүргізуге және мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда ұсынуға қажетті ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың тиісті автоматтандырылу деңгейін қамтамасыз етеді.

6. Мемлекеттік органдар ақпарат алмасуды орнату мақсатында «электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторынан мемлекеттік ақпараттық жүйелерді «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерімен интеграциялау бойынша сұрау салуды алған жағдайда, мемлекеттік органдар уәкілетті органмен келісілген мерзімде қажетті ұйымдық және техникалық жағдайларды қамтамасыз етеді.


29-бап. «Электрондық әкімдіктің» үлгілік құрылысы

1. «Электрондық әкімдіктің» үлгілік архитектурасы «электрондық үкiметтiң» архитектурасын дамыту жөнінде талаптары және мемлекеттік органдар архитектуралары ескеріле отырып әзірленеді.

2. Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді әзірлеу және дамыту, бағдарламалық қамтамасыз ету және (немесе) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін сатып алу «электрондық әкімдіктің» үлгілік архитектурасының талаптары ескеріле отырып жүзеге асырылады.
30-бап. Мемлекеттік функцияларды, оның ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру

1. Мемлекеттік функцияларды, оның ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру мемлекеттік органның бекітілген архитектурасы немесе әкімшілік-аумақтық бірліктегі «электрондық әкімдіктің» архитектуралары негізінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік техникалық талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік функциялар автоматтандырылу дәрежесіне қарай:

1) толығымен автоматтандырылған;

2) ішінара автоматтандырылған болып бөлінеді.

Адам еңбегінің нысандарын жеңілдету мен ығыстыру, өнімділікті және процестердің ашықтығын арттыру мақсатында ақпаратты жинауға, өңдеуге, бір жүйеге келтіруге, сақтауға және таратуға арналған ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы барлық процестері автоматтандырылған мемлекеттік органның өз құзыреті шегіндегі қызметі толығымен автоматтандырылған функция болып табылады.

Мемлекеттік органның функцияларды жүзеге асырудың жекелеген процестері автоматтандырылған өз құзыреті шегіндегі қызметі оның ішінара автоматтандырылған функциясы болып табылады.

3. Мемлекеттік функцияларды, оның ішінде мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.


31-бап. «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық тұғырнамасы

1. Ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру кезінде ақпараттық жүйелер, сервистік бағдарламалық өнімдер Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық тұғырнамасында орналастырылады.

2. «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық тұғырнамасын мемлекеттік функциялар мен мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда іске асырудан басқа мақсаттарда пайдалануға жол берілмейді.
32-бап. «Электрондық үкіметтің» веб-порталы мен шлюзі

1. «Электрондық үкіметтің» веб-порталы нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін қызметтерге еркін қол жеткізуге арналған.

«Электрондық үкіметтің» веб-порталын күтіп-ұстау, жүргізу және ақпаратпен толықтыру Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленеді.

«Электрондық үкімет» шлюзі – «электрондық үкімет» шеңберінде мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді интеграциялауға арналған ақпараттық жүйе.

2. Мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар көрсететін ақпараттық электрондық қызметтер мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың ресми интернет-ресурстары арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің интернет-ресурсы арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.


33-бап. «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі

1. «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі – төлемдерді электрондық нысанда көрсетілетін ақысыз қызметтер көрсету аясында жүргізу туралы ақпаратты беру процестерін автоматтандыратын ақпараттық жүйе.

2. «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі:

1) жеке және заңды тұлғалардың электрондық нысанда көрсететін қызметтері үшін төлемдер жүргізуге сауалдарын беруді;

2) электрондық нысанда көрсетілетін қызметтер үшін төлемдердің жүзеге асырылғаны туралы қызмет көрсететін субъектіге хабарлауды қамтамасыз етеді.

3. Екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар төлемдерді қабылдау және жүргізу процестеріне «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы қызмет көрсету шеңберінде қатыса отырып, осы процестерге тартылған меншікті ақпараттық жүйелердің «электрондық үкіметтің» төлем шлюзімен тікелей не банкаралық ақша аударымдары жүйелері операторының ақпараттық жүйесі арқылы интеграциялануын қамтамасыз етеді.


34-бап. Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасы

1. Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасы – «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымына кіретін және ақпараттық қауіпсіздіктің талап етілетін деңгейін сақтай отырып, жергілікті мемлекеттік басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, олардың аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өзге де ақпараттандыру субъектілерінің жергілікті (Интернет желісіне қолжетімділікке ие жергілікті желілерді қоспағанда), ведомстволық және корпоративтік желілері арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге арналған деректер беру желісі.

2. Жергілікті мемлекеттік басқару органдары, мемлекеттік органдар, олардың аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдары, сондай-ақ осы баптың 3-тармағында көрсетілген тұлғалардан басқа, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өзге де ақпараттандыру субъектілері жергілікті (Интернет желісіне қолжетімділікке ие жергілікті желілерді қоспағанда), ведомстволық және корпоративтік желілердің өзара іс-қимыл жасауы үшін мемлекеттік органдардың тек қана бірыңғай көлік ортасын пайдалануға міндетті.

3. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынышты және есеп беретін мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша, ведомстволық желілерді мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасына қосуды жүзеге асырады.

4. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасына қосылған жергілікті, ведомстволық және корпоративтік желілердің жалпы пайдаланылатын желілерге және басқа телекоммуникация желілеріне қосылуына жол берілмейді.
35-бап. Интернет желісіне кірудің бірыңғай шлюзі

1. Мемлекеттік органдардың, жергілікті мемлекеттік басқару органдарының, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық компаниялардың және ұлттық холдингтердің, жарғылық капиталында мемлекеттің қатысу үлесі бар кәсіпорындар мен ұйымдардың, сондай-ақ ақпараттандыру саласында аса маңызды обьектілердің меншік иелерінің немесе иеленушілерінің жергілікті, ведомстволық және корпоративтік желілерін Интернет желісіне қосуды байланыс операторлары Интернетке кірудің бірыңғай шлюзі арқылы жүзеге асырады.

2. Мемлекеттік органдардың және жергілікті мемлекеттік басқару органдарының жергілікті, ведомстволық және корпоративтік желілерін Интернет желісіне қосу мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасына қосылған ақпараттық-коммуникациялық және жергілікті желілермен ұштастырылмай жүзеге асырылады.

3. Арнайы және мемлекеттік құқық қорғау органдары жедел мақсаттарда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Интернет желісіне қосылуды Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзін пайдаланбай ұйымдастыруы мүмкін.



36-бап. Бюджеттік ресурстарды және мемлекеттік қаржыны басқару жөніндегі ақпараттық жүйе

1. Бюджеттік ресурстарды және мемлекеттік қаржыны басқару жөніндегі ақпараттық жүйе – бюджеттік заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе.

2. Бюджеттік ресурстарды және мемлекеттік қаржыны басқару жөніндегі ақпараттық жүйенің жұмыс істеуін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оператор жүзеге асырады.
37-бап. «Электрондық үкімет» архитектурасының порталы

1. «Электрондық үкімет» архитектуралық порталы – ақпараттандыру объектілерінің сыныптауышына сәйкес ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді жинауға, мемлекеттік тіркеуге, жинақтауға, сипаттауға, ақпараттандыруға, сақтауға және бір жүйеге келтіруге арналған ақпараттық жүйе.

2. «Электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторы мемлекеттік ақпараттық жүйелерді құру (дамыту) кезінде қайта пайдалану үшін «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында тіркелген ақпараттандыру объектілеріне талдау жүргізеді.

3. «Электрондық үкіметтің» сервистік интеграторы электрондық ақпараттық ресурстарды қорғау мониторингі және қауіпсіз жұмыс істеу мониторингі бойынша функцияларды орындауын қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі талаптарды айқындау бөлігінде ақпараттандыру объектілерінің сыныптауышын құруға және жүргізуге қатысуды қамтамасыз ету үшін мемлекеттік техникалық қызметке «электрондық үкіметтің» порталына кіруге рұсат береді.

4. Тіркелген ақпараттық жүйенің меншік иесі немесе иеленушісі ақпараттық жүйе туралы, ақпараттық жүйенің жұмыс істеуін жаңарту туралы және оның жұмыс істеуінің тоқтатылуы туралы мәліметтерді тоқтатылу себептерін уәждемелі түрде баяндай отырып, ақпараттандыру объектілерін уәкілетті орган бекіткен «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында мемлекеттік тіркеудің қағидаларына сәйкес «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторына ұсынады.

5. Тіркелген ақпараттандыру нысандарының меншік иесі немесе иеленушісі осы баптың 4-тармағында көрсетілген мәліметтерді уақтылы бермегені үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауаптылықта болады.

6. «Электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторы ақпараттық жүйе туралы немесе ақпараттық жүйенің жұмыс істеуінің тоқтатылғаны туралы мәліметтерді алған кезде «электрондық үкімет» архитектурасы порталына тиісінше өзгерістер енгізеді.
5-тарау. Электрондық ақпараттық ресурстар
38-бап. Электрондық ақпараттық ресурстардың түрлері

1. Электрондық ақпараттық ресурстар меншiк нысаны бойынша мемлекеттiк немесе мемлекеттiк емес, қолжетiмдiлiк дәрежесі бойынша - жалпыға бірдей қолжетiмдi және қолжетiмдiлiгi шектелген болып табылады.

2. Бюджет қаражаты есебiнен құрылатын, сатып алынатын және жинақталатын, сондай-ақ мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгiленген өзге де тәсiлдер арқылы алған электрондық ақпараттық ресурстар мемлекеттiк болып табылады.

3. Жеке және заңды тұлғалардың қаражаты есебiнен құрылатын және сатып алынатын, сондай-ақ олар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгiленген өзге де тәсiлдер арқылы алған электрондық ақпараттық ресурстар мемлекеттiк емес болып табылады.

4. Меншiк иесi немесе иеленуші қол жеткізу және (немесе) пайдалану шарттарын көрсетпей беретiн немесе тарататын электрондық ақпараттық ресурстар, сондай-ақ өзiне қол жеткiзу еркiн болып табылатын және оларды берудің нысаны мен тарату тәсiлiне байланысты болмайтын мәлiметтер жалпыға бірдей қолжетiмдi болып табылады.

5. Оларға қолжетімділік Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жағдайларда олардың меншiк иесi немесе иеленуші шектейтiн мәлiметтердi қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар қолжетiмдiлiгi шектелген электрондық ақпараттық ресурстар болып табылады.

Қолжетiмдiлiгi шектелген электрондық ақпараттық ресурстар мемлекеттiк құпияны құрайтын мәліметтері бар электрондық ақпараттық және құпия ресурстар болып бөлiнедi.

6. Электрондық ақпараттық ресурстарды мемлекеттік құпияға жатқызу Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекеттік құпиялардан тұратын мәліметтері бар электрондық ақпараттық ресурстарды құру, сатып алу, жинақтау, қалыптастыру, тіркеу, сақтау, өңдеу, жою, пайдалану, беру, қорғау, сондай-ақ осы ресурстарға қол жеткізу, егер Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік Комитеті айқындайтын тәртіпте өзгеше көзделмесе, осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

7. Құрамында мемлекеттік құпиялары жоқ, бірақ оларға қол жеткізуге Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері немесе олардың меншік иесі немесе иеленушісі шектеу қойған электрондық ақпараттық ресурстар құпия электрондық ақпараттық ресурстар болып табылады.

Электрондық ақпараттық ресурстарды құпия ресурстарға жатқызу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
39-бап. Электрондық ақпараттық ресурстардың құқықтық режимі

1. Электрондық ақпараттық ресурстарға меншiк құқығының және өзге де меншік құқықтарының туындауының, өзгеруінің және тоқтатылуының негiздерi Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленедi.

2. Заңды тұлғаның меншiгi болып табылатын электрондық ақпараттық ресурстар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес оның мүлкiнiң құрамына кіреді.

3. Бюджет қаражаты есебінен құрылған (сатып алынған) мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иесі мемлекет болып табылады.

Мемлекеттiк органдардың қарауындағы мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстар олардың құзыретiне сәйкес мемлекеттiк мүлiк құрамында есепке алынуға және қорғалуға тиіс.

4. Ақпараттық жүйелерге және интернет-ресурстарына меншiк құқығы, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе олардың арасындағы келісімде өзгеше көзделмесе, оларда орналастырылмаған, басқа меншiк иелерiне немесе иеленушілерге тиесiлi электрондық ақпараттық ресурстарға меншiк құқығын туғызбайды.

5. Көрсетілетін қызметтерді ұсыну тәртiбiмен немесе ақпараттық жүйелер мен интернет-ресурстарын бiрлесiп пайдалану кезiнде өңделетiн электрондық ақпараттық ресурстар электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иесiне немесе иеленушісіне тиесiлi болады. Бұл жағдайда жасалатын туынды өнiмнiң тиесiлiгi және пайдаланылуы шартпен реттеледi.

6. Мемлекеттiк құпияны құрайтын мәліметтері бар электрондық ақпараттық ресурстардың меншiк иесi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялар туралы заңнамасында айқындалатын тәртiппен оларға билiк етуге құқылы.

7. Жеке және заңды тұлғалардың меншігі болып табылатын электрондық ақпараттық ресурстар мемлекеттiк құпияларға жатқызылған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен иеліктен шығарылуға тиіс.

8. Оператор «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторға бекітіліп берілген бөлігінде электрондық ақпараттық ресурстардың сақталу қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және мемлекеттік органның алдында жауаптылықта болады.



40-бап. Электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру және пайдалану

1. Мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстар мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың ақпаратқа қажеттiлiктерiн қамтамасыз ету, мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру және мемлекеттiк қызметтерді электрондық нысанда көрсету мақсатында қалыптастырылады.

2. Мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру жөнiндегi қызметi, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осындай қызметін қоспағанда, бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылады.

3. Электрондық ақпараттық ресурстардың меншiк иесi немесе иеленушісі оларды Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгiленген шектеулердi сақтай отырып, еркiн пайдалануға және таратуға құқылы.

4. Тұтынушы электрондық ақпараттық ресурстарды қолдануды және таратуды осы электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің меншік иелері немесе иеленушірі белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.
41-бап. Электрондық ақпараттық ресурстарға қолжетімділік

1. Қолжетiмдiлiгi шектелген электрондық ақпараттық ресурстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстары жалпыға қолжетiмдi болып табылады.

Мемлекеттік органдар жалпыға қолжетімді мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың мемлекеттік және орыс тілдерінде құрылуын қамтамасыз етеді.

2. Мыналарды:

1) мемлекеттiк құпияларды қамтитын нормативтiк құқықтық актiлердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн;

2) төтенше жағдайлар, табиғи және техногендiк апаттар, ауа райы, санитариялық-эпидемиологиялық және азаматтардың, елдi мекендер мен өндiрiстiк объектiлердiң тыныс-тіршілігі мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi өзге де жағдайлар туралы мәлiметтердi;

3) мемлекеттiк органдардың қызметi туралы ресми мәлiметтердi;

4) мемлекеттiк органдардың, кiтапханалардың, мұрағаттар мен өзге де ұйымдардың ашық ақпараттық жүйелерiнде жинақталатын мәлiметтердi қамтитын мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткiзудi шектеуге болмайды.

3. Мемлекеттік органдар, мемлекеттік заңды тұлғалар, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалар ашық деректерді жеке және заңды тұлғаларға ашық деректер интернет-порталы арқылы мемлекеттік және орыс тілдерінде беруге міндетті.

Ашық деректердің интернет-порталының мемлекеттік және орыс тілдерінде жұмыс істеуін қамтамасыз етуді «электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторы жүзеге асырады.

4. Мемлекеттік емес электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізудің шарттары мен тәртібін олардың меншік иесі немесе иеленушісі жүзеге асырады.

5. Телекоммуникация желілері бойынша таралатын ақпаратты сот осы Заңның және Қазақстан Республикасының басқа заңнамалық актілерінің талаптарына қайшы келеді деп таныған жағдайда, уәкілетті мемлекеттік органдар, интернет-ресурстардың меншік иелері Қазақстан Республикасының аумағында бұқаралық ақпарат құралдары өнімдерін таратуды не бұқаралық ақпарат құралын шығаруды тоқтата тұруға не тоқтатуға міндетті.


42-бап. Дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар

1. «Дербес деректер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларды қоспағанда, дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды ақпараттық жүйелердің меншік иелеріне немесе иеленушілеріне беру кезінде осы ресурстардың меншік иелері немесе иеленушілері ақпараттық жүйелерді пайдаланып, дербес деректерді жинауға, өңдеуге, пайдалануға, таратуға және қорғауға дербес деректердің субъектілерінің келісімін алуды қамтамасыз етуге міндетті.

2. Мемлекеттік қызметті электрондық нысанда көрсеткен кезде дербес деректерді ақпараттық жүйелер арқылы жинауға, өңдеуге және пайдалануға дербес деректер субьектісінің келісімі уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған құжаттың электрондық көшірмесі немесе дербес деректер субъектісінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында беріледі.

3. Мемлекеттік ақпараттық жүйелердің меншік иелері немесе иеленушілері дербес деректердің субъектілері «электрондық үкіметтің» веб-порталында тіркелген жағдайда дербес деректерді ақпараттық іс-қимыл шеңберінде пайдаланудың, өзгертудің және толдықтырудың барлық жағдайлары туралы дербес деректер субъектілерін «электрондық үкіметтің» веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті арқылы немесе электрондық почта арқылы не телефон нөмірі арқылы автоматты түрде хабардар етуге міндетті.

4. «Дербес деректер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген негіздерден басқа, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде анықталған нақты қателіктер мен дәлсіздіктерді жою мақсатында дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды өзгертуді және толықтыруды мемлекеттік органдар субъектіге немесе оның заңды өкіліне жүгінбестен (сұрау салмастан) жүзеге асырады.

6-тарау. Ақпараттық жүйелер
43-бап. Ақпараттық жүйелердiң түрлерi

1. Ақпараттық жүйелер меншік нысаны бойынша мемлекеттiк немесе мемлекеттiк емес, қолжетiмдiлiк дәрежесі бойынша - жалпыға бірдей қолжетiмдi немесе қолжетiмдiлiгi шектеулі болып табылады.

2. Бюджет қаражаты есебiнен құрылатын және (немесе) сатып алынатын, сондай-ақ мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгiленген өзге де тәсiлдермен алған ақпараттық жүйелер мемлекеттiк болып табылады.

3. Жеке және заңды тұлғалардың қаражаты есебiнен құрылатын және (немесе) сатып алынатын, сондай-ақ олар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгiленген өзге де тәсiлдермен алған ақпараттық жүйелер мемлекеттiк емес болып табылады.

Ақпараттандыру саласындағы аса маңызды объектілерге жатқызылған, сондай-ақ мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттік емес ақпараттық жүйелер ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігінде мемлекеттік ақпараттық жүйелерге теңестіріледі.

4. Жалпыға бірдей қолжетiмдi электрондық ақпараттық ресурстарды қамтитын ақпараттық жүйелер жалпыға бірдей қолжетiмдi болып табылады.

5. Оларға қолжетiмдiлiктi Қазақстан Республикасының заңдары немесе олардың меншiк иесi немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жағдайларда олардың меншік иесі (иеленушiсi) шектейтiн электрондық ақпараттық ресурстарды қамтитын ақпараттық жүйелер қолжетiмдiлiгi шектелген ақпараттық жүйелер болып табылады.

6. Қолжетімділігі шектеулі ақпараттық жүйелер:

1) мемлекеттік құпияларға жатқызылған, берілетін ақпараты ақпараттық қауіпсіздік талаптары сақтала отырып, мемлекттік құпияларды құрайтын мәліметтерді корғаудың криптографиялық және (немесе) өзге де құралдары қолданыла отырып қорғалатын ақпараттық жүйелер;

2) құпия ақпараттық жүйелер болып бөлінеді.

7. Егер Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындайтын тәртіпте өзгеше көзделмесе, мемлекеттік құпияға жататын ақпараттық жүйені құру, сынау, сараптау, аудиттеу, аттестаттау, дамыту, сүйемелдеу, интеграциялау, пайдалануды тоқтату, қорғау осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
44-бап. Мемлекеттiк ақпараттық жүйеге қойылатын талаптар

1. Мемлекеттiк органдар мемлекеттік органның бекітілген архитектурасы және ақпараттандыру саласындағы сараптамалық кеңестің шешімі негізінде мемлекеттік функцияларды және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру мақсатында өздеріне жүктелген функцияларды іске асыруға бағытталған ақпараттық жүйелерді құрады.

2. Мемлекеттік ақпараттық жүйе өмірлік циклге сәйкес және:

1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік техникалық талаптар;

2) «электрондық үкiметтiң» архитектурасын дамыту жөнінде талаптар және «электрондық әкімдіктің» үлгілік архитектурасы;

3) мемлекеттік органның бекітілген архитектурасы немесе «электрондық әкімдіктің» архитектурасы;

4) шлюздер арқылы басқа мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграциясы (қажет болғанда);

5) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған мемлекеттік ақпараттық жүйе мониторингі жүйесінің мемлекеттік техникалық қызмет мониторингі жүйесімен интеграциясы;

6) ашық бастапқы коды бар еркін бағдарламалық қамтамасыз етудің басымдығы;

7) сақтауға берілген бастапқы бағдарламалық кодтарды, бағдарламалық өнімдерді және бағдарламалық қамтамасыз етуді қайталап пайдалану мүмкіндігі;

8) ақпараттандыру объектілерінің сыныптаушысына сәйкес сыныпты беру;

9) мүмкіндіктері шектеулі пайдаланушылардың қол жеткізуі талаптарын қамтамасыз ету есепке алына отырып құрылады, пайдаланылады және дамытылады.

3. Электрондық ақпараттық ресурста қамтылатын ақпарат, нормативтік-техникалық құжаттама, сондай-ақ мемлекеттік ақпараттық жүйенің басқа да ілеспе құжаттары мемлекеттік және орыс тiлдерiнде жасалады және сақталады.

4. Мемлекеттік ақпараттық жүйенің меншік иелері не иеленушілері және (немесе) олар уәкілеттік берген адамдар мемлекеттік ақпараттық жүйенің аттестаттаудан өткеннен кейінгі өзгерістері мен толықтыруларын қадағалау бойынша мониторинг жүргізу үшін мемлекеттік техникалық қызметтің мемлекеттік ақпараттық жүйеге кіруіне рұқсат береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет