7-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi
Уәкiлеттi орган:
1) ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;
2) ақпараттандыру саласында мемлекеттік органдар қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
3) ақпараттандыру саласында жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді және әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;
4) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы жұмыстарды үйлестiру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясы туралы ережені әзірлейді;
5) ақпараттандыру саласындағы сарапшылық кеңестің құрамын және қызметі туралы ережені әзірлейді;
6) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік техникалық талаптарды әзірлеп жасайды және оның орындалуына бақылауда жүзеге асырады;
7) сервистік ақпараттандыру моделін іске асыру қағидасын әзірлейді;
8) «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын қалыптастыратын объектілердің тізбесін әзірлейді;
9) ақпараттандыру объектілерін ақпараттандыру саласындағы маңызды сындарлы объектілерге жатқызу қағидаларын және шарттарын әзірлейді;
10) мемлекеттiк органдардың интернет-ресурстарын ақпараттық толықтыру қағидаларын және мазмұнына қойылатын талаптарды әзірлейді;
11) мемлекеттік ақпараттық жүйелерді құру, пайдалануға беру, пайдалану, сүйемелдеу, дамыту және пайдалануды тоқтату қағидаларын әзірлейді;
12) ақпараттандыру объектілерін жіктеу қағидаларын және Ақпараттандыру объектілерінің сыныптаушысын әзірлейді;
13) көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мониторингі ақпараттық жүйесінің ақпараттық жүйелермен ақпараттық өзара іс-қимыл қағидасын әзірлейді;
14) «электрондық үкімет» шлюзінің және «электрондық үкімет» төлем шлюзінің ақпараттық жүйелермен ақпараттық өзара іс-қимылы қағидаларын әзірлейді;
15) ақпараттық жүйенің, «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық тұғырнаманың, сервистік бағдарламалық өнімнің, мемлекеттік органның интернет-ресурсының ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына сәйкестiгіне аттестаттау өткізу қағидаларын әзірлейді;
16) сервистік бағдарламалық өнімді, мемлекеттiк ақпараттық жүйені, мемлекеттік ақпараттық жүйелермен ықпалдасатын мемлекеттік емес ақпараттық жүйені, маңызды сындарлы ақпараттандыру объектілеріне жатқызылған ақпараттық жүйені қағидаларын әзірлейді;
17) Ақпараттық-коммуникациялық қызметтердің каталогын бекітеді;
18) мемлекеттік ақпараттық жүйелердің ведомствоаралық және ведомстволық сарапатамасын жүргізу әдістемесін бекітеді;
19) «электрондық үкіметтің» архитектурасы порталында ақпараттындыру объектілерін мемлекеттік тіркеу қағидаларын, сондай-ақ бастапқы бағдарламалық кодтарды, бағдарламалық өнімдерді және бағдарламалық қамтамасыз етуді есепке алу және сақтау тәртібін бекітеді;
20) инвестициялар тарту жүйесін және ақпараттандыру саласындағы инвестициялық жобаларды әзірлеу мен іске асыруды ынталандыру тетіктерін жетілдіру жөніндегі қызметті жүзеге асырады;
21) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамыту үшін жағдайлар жасайды;
22) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасын жетiлдiру жөнiндегі ұсыныстарды пысықтайды;
23) ақпаратты алу, көшiру, тарату, түрлендіру, жою немесе бұғаттау бойынша құқыққа сыйымсыз әрекеттердi болдырмауды қоса алғанда, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қауiпсiз пайдалану мәселелерiнде электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның меншiк иелерiне, иеленушілері мен пайдаланушыларына жәрдем көрсетеді;
24) мемлекеттік органдар архитектурасын әзірлеудің және дамытудың қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
25) өңірлік даму және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша «электрондық әкімдіктің» үлгілік архитектурасын бекітеді;
26) ақпараттандыру саласындағы инвестициялық ұсыныстардың және бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесінің салалық сараптамасын өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
27) мемлекеттік органдардың ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға техникалық тапсырмаларды және техникалық ерекшеліктерді келісу ережелерін әзірлейді және бекітеді;
28) ақпараттандыру саласындағы шығындар бойынша ұсыныстардың нысандарын әзірлейді және бекітеді;
29) ақпараттық жүйелердің аудитін өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
30) мемлекеттік ақпараттық жүйелерді құруға, дамыту мен сүйемелдеуге жұмсалатын шығындарды есептеу әдістемесі мен олардың нормативтерін әзірлейді және бекітеді;
31) мемлекеттік органдар үшін ақпараттық-коммуникациялық қызметтердің құнын есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
32) орталық мемлекеттік және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ақпараттық технологияларды қолдану бойынша қызметтерінің тиімділігін бағалау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
33) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы заңнамасына сәйкес ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн өлшем шарттарын, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзiрлейді және бекiтеді;
34) ашық деректердің интернет-порталында орналастыруға жататын ашық деректердің тізбесін, сондай-ақ оларды беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
35) өз құзыреті шегінде ақпараттандыру саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
36) мемлекеттік органдардың архитектурасын және «электрондық әкімдіктің» үлгілік архитектурасын енгізу жоспарларын әзірледі, іске асыруды және дамытуды ұйымдастырады;
37) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік органдар архитектурасының және «электрондық әкімдіктің» үлгілік архитектурасының іске асырылуын үйлестіруді және мониторингін жүзеге асырады;
38) ақпараттық жүйелердi «электрондық үкiметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымына енгізу үшiн оларды пайдалануда бiрыңғай технологиялық стандарттардың талаптарын орындау және ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларына ден қою жөнiндегi қызметтi үйлестiреді;
39) Интернет жүйесіне қол жеткізудің бірыңғай шлюзінің жұмыс істеу мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады;
40) электрондық ақпараттық жүйелердi, ақпараттық жүйелердi, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын, сондай-ақ мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді қорғау мониторингі және олардың қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелері бойынша салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
41) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері мен ақпараттық-коммуникациялық желілерін тұрақты қызмет етуін қамтамасыз ету үшін ақпаратты қорғаудың аппараттық-бағдарламалық құралдарын және ақпапарттың қауіпсіздік қауіп-қатерлерін анықтау, талдау және болдырмау бөлігінде бағдарламалық өнімдері әзірлеу бойынша қызметтің үйлестіруін жүзеге асырады;
42) мемлекеттік ақпараттық жүйелерді өнеркәсіптік пайдалануға қабылдауға қатысады;
43) бюджеттік инвестициялық жобалардың инвестициялық ұсыныстарына және техникалық-экономикалық негіздемелеріне салалық сараптама жүргізеді және бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері берген ақпараттандыру саласындағы шығындар бойынша ұсыныстарды қарайды және оған қорытынды береді;
44) саласындағы мемлекеттік органдар ақпараттандыру тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердін сатып алуына арналған техникалық тапсырмалары мен техникалық ерекшеліктеріне келісуді жүргізеді;
45) мемлекеттiк ақпараттық жүйелердiң, «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық тұғырнамасының, сервистік бағдарламалық өнімнің, мемлекеттік органның интернет-ресурсының ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына сәйкестiгіне аттестаттау өткізеді;
46) «электрондық үкіметтің» архитектурасы порталында ақпараттық жүйелердi мемлекеттiк тіркеуді ұйымдастырады;
47) мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар үшін стандартты шешімдер ретінде қайталап пайдалануға (тираждауға) жататын ақпараттық жүйелердің тізбесін анықтайды;
48) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының Интернет желісіне қолжетімділігінің бірыңғай шлюзін және электрондық почтасының бірыңғай шлюзін дамытуды жүзеге асырады;
49) ұлттық домендердің әкімшісін және тіркелуін айқындайды, Интернет желiсiнiң қазақстандық сегментiнiң домендiк кеңiстiгiн тiркеу, пайдалану және бөлу қағидаларын әзiрлейді және бекiтеді;
50) ақпараттандыру саласындағы стандарттау және сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарға қатысады;
51) өз құзыретінің шегінде ақпараттандыру саласында халықаралық ынтымақтастық жөніндегі қызметті ұйымдастырады, жүзеге асырады және үйлестіреді;
52) ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
53) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
8-бап. Ақпараттандыру саласындағы сарапшылық кеңестің өкілеттіктері
1. Ақпараттандыру саласындағы сарапшылық кеңесті уәкілетті органның бірінші басшысы басқарады және лауазымды адамдардан - мемлекеттік орган қызметінің ақпараттандырылуына жауапты мемлекеттік органдардың басшыларынан, мемлекеттік уәкілетті органдардың, «электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторынан, ақпараттандыру саласындағы өзге де ұйымдардың өкілдерінен тұрады.
2. Ақпараттандыру саласындағы сарапшылық кеңес:
1) мемлекеттік органдардың архитектурасы жобаларын және «электрондық әкімдіктің» үлгілік архитектурасы жобаларын қарайды және келіседі;
2) жылына бір рет тен асырмай мемлекеттік органдардың архитектурасын және «электрондық әкімдіктің» үлгілік архитектурасын іске асыру жөніндегі жұмыстардың барысы туралы «электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторының есебін тыңдайды;
3) мемлекеттік ақпараттық жүйелер құру (сатып алу) туралы мәселелерді қарайды және оған қорытынды береді;
4) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері берген ақпараттандыру саласындағы шығындарды бойынша ұсыныстарды қарайды және ұсынымдар береді;
5) осы Заңда және ақпараттандыру саласындағы сарапшылық кеңес туралы ережеде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
9-бап. Орталық мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасының Президентiне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың ақпараттандыру саласындағы құзыретi
Орталық мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасының Президентiне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар:
1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік техникалық талаптардың және ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларын сақтауды қамтамасыз етеді;
2) «электрондық үкiметтiң» архитектурасын дамыту жөнінде талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;
3) осы Заңда көзделген тәртіппен мемлекеттік ақпараттық жүйелерді құрады және дамытады;
4) электрондық ақпараттық ресурстардың толтырылуын жүзеге асырады, олардың дәйектілігі мен өзектілігін қамтамасыз етеді;
5) мемлекеттік органның архитектурасын уәкілетті органмен келiсу арқылы бекітеді, оның өзекті болуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ оны іске асыруға қажетті жағдай жасайды;
6) «электрондық үкiметтi» қалыптастыратын «электрондық үкiметтiң» мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстарын, мемлекеттiк ақпараттық жүйелерін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз етеді;
7) жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік органның қарамағындағы мемлекеттік ақпараттық жүйелерге өз құзыреті шегінде қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
8) ашық деректердің интернет-порталында мемлекеттік және орыс тілдерінде ашық деректерді орналастырады;
9) осы Заңға сәйкес «электрондық үкімет» архитектурасы порталында электрондық нысанда өзінің мемлекеттік ақпараттық жүйелерін тіркеуді және ақпарат пен нормативтік-техникалық құжаттамаға үнемі өзекті сипат беруді қамтамасыз етеді;
10) пайдаланатын мемлекеттік ақпараттық жүйелердің бастапқы бағдарламалық кодтарын, бағдарламалық өнімдері және бағдарламалық қамтамасыз етілуі туралы мәліметтерді «электрондық үкiметтiң» сервистік интерграторына оларды есепке алу және сақтау үшін беруді қамтамасыз етеді;
11) қағаз жеткізгіштегі нормативтік-техникалық құжаттаманың түпнұсқаларын сақтауды қамтамасыз етеді және оларды «электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторына оның сұрау салуы бойынша береді;
12) мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар үшін стандартты шешімдер ретінде қайта пайдалануға (тираждауға) жататын ақпараттық жүйелер тізбесіне сәйкес ақпараттық жүйелерді қайта пайдалануды жүзеге асырады;
13) жеке және заңды тұлғаларға есепті кезеңде мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мен мемлекеттік ақпараттық жүйелердің іске асырылуының жоспарлары және нәтижелері туралы жалпыға қолжетімді ақпаратты ұсынады;
14) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында меншікті интернет-ресурстарын және өзінің аумақтық бөлімшелері мен ведомстволарының интернет-ресурстарын орналастырады, сондай-ақ олардың дәйектілігі мен өзекті болуын қамтамасыз етеді;
15) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
10-бап. Жергiлiктi атқарушы органдарының ақпараттандыру саласындағы құзыретi
Жергiлiктi атқарушы органдар:
1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік техникалық талаптардың және ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді;
2) жергілікті атқарушы орган қызметінің бағытын ескере отырып, «электрондық үкiметтiң» архитектурасын дамыту жөнінде талаптардың сақталуын және «электрондық әкімдік» архитектурасының енгізілуін қамтамасыз етеді;
3) осы Заңда көзделген тәртіппен мемлекеттік ақпараттық жүйелерді құрады және дамытады;
4) жергiлiктi атқарушы органдардың электрондық ақпараттық ресурстарының толықтырылуын жүзеге асырады, олардың анықтығы мен өзектілігін қамтамасыз;
5) «электрондық әкімдіктің» типтік архитектурасы негізінде уәкілетті органмен келiсу арқылы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте «электрондық әкімдіктің» архитектурасын енгізуді әзірлейді және бекітеді және оның іске асыруын қамтамасыз етеді;
6) осы Заңға сәйкес «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында электрондық нысанда өзінің мемлекеттік ақпараттық жүйелерін тіркеуді және ақпарат пен нормативтік-техникалық құжаттамаға жүйелі түрде өзекті сипат беруді қамтамасыз етеді;
7) пайдаланылатын мемлекеттік ақпараттық жүйелердің бастапқы бағдарламалық кодтарын, бағдарламалық өнімдері мен бағдарламалық қамтамасыз ету туралы мәліметтерін «электрондық үкiметтiң» сервистік интерграторына оларды есепке алу және сақтау үшін беруді қамтамасыз етеді;
8) қағаз жеткізгіштегі нормативтік-техникалық құжаттаманың түпнұсқаларын сақтауды қамтамасыз етеді және оларды «электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторына оның сұрау салуы бойынша ұсынады;
9) мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар үшін стандартты шешімдер ретінде қайта пайдалануға (тираждауға) жататын ақпараттық жүйелер тізбесіне сәйкес ақпараттық жүйелерді қайта пайдалануды жүзеге асырады;
10) мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мен мемлекеттік ақпараттық жүйелерге жеке және заңды тұлғалардың қоғамдық қол жеткізу пунктерін, оның ішінде аталған қолжетімділікті ұйымдастыру үшін тұрғын емес үй-жайларды бөлу жолымен ұйымдастырады;
11) халықтың компьютерлік сауаттылығын арттыру үшін жағдай жасайды;
12) ашық деректердің интернет-порталында мемлекеттік және орыс тілдерінде ашық деректерді орналастырады;
13) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында меншікті интернет-ресурстарын орналастырады, сондай-ақ олардың дәйектілігі мен өзекті болуын қамтамасыз етеді;
14) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
11-бап. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ұлттық даму институтының өкілеттіктері
1. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ұлттық даму институтын ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар инновациялық қызметті ынталандыру үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ұлттық даму институты:
1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы дамытуды мемлекеттік қолдау тетіктерін іске асыруды қамтамасыз етеді;
2) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында ақпараттық-талдау және консультациялық қызметтер көрсетеді;
3) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін, өзге де заңды тұлғаларды оның ішінде шетел қатысатын заңды тұлғаларды құру немесе олардың қызметіне қатысу арқылы және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәсілдермен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы инновациялық жобаларға инвестицияларды жүзеге асырады;
4) Қазақстан Республикасында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамытуды ынталандыру үшін ақпараттық, білім беру, қаржы және өзге де ресурстарды тарту мақсатында халықаралық және шетелдік ұйымдармен ынтымақтастық жасайды;
5) ақпараттандыру субъектілерінің ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында іске асырылатын инновациялық жобалар туралы ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
6) уәкілетті орган мен мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы сараптамалық қорытындыларды және (немесе) ұсынымдарды өтеусіз береді;
7) ақпарат жинауды және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамытуды мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігіне талдау жасауды жүзеге асырады;
8) тәуекелетіп инвестициялаудың инвестициялық қорларын дамытуға жәрдемдеседі;
9) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының даму интеграторларының жетістіктерін белгілеу және бақылау арқылы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының дамуына мониторинг жасауды жүзеге асырады;
10) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында жергілікті қамтуды дамытуға жәрдемдеседі;
11) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттаманы әзірлейді;
12) уәкілетті органға, техникалық, кәсіптік және жоғары білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы кәсіптік пәндер бойынша типтік оқу жоспарларының мазмұны жөнінде ұсыныстар береді.
12-бап. «Электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторының өкілеттіктері
«Электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторы:
1) ақпараттандыру және ақпараттандырудың сервистік моделін енгізу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
2) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік техникалық талаптары мен сервистік ақпараттандыру моделін іске асыру қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді;
3) «электрондық үкімет» архитектурасын дамытуды әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
4) «электрондық әкімдіктің» типтік архитектурасын әзірлейді;
5) мемлекеттік органдарға тексеру жүргізеді, мемлекеттік органдар архитектурасын әзірлейді, іске асырады және дамытады;
6) тиісті әкімшілік–аумақтық бірлікте «электрондық әкімдіктің» архитектурасын әзірлеуді жүзеге асыруға қатысады;
7) ақпараттандыру саласындағы сарапшылық кеңес алдында жыл сайын мемлекеттік органдардың архитектурасын және «электрондық әкімдіктің» және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің «элетрондық әкімдік» архитектурасын іске асыру жөніндегі жұмыс барысы туралы есеп береді;
8) операторды және әлеуетті берушілерді (мердігерлерді) мемлекеттік функциялар мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандырумен байланысты мемлекеттік органдардың тауарларға, жұмыстарға, қызмет көрсетуге деген қажеттіліктері туралы хабарлайды;
9) мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерін құруға (сатып алуға) немесе дамытуға арналған сатып алуға техникалық тапсырмаларды және тауарларды, жұмыстар қызмет көрсетуді техникалық ерекшелендіруді әзірлеуге қатысады;
10) жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелерін құруға (сатып алуға) немесе дамытуға арналған тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетуге техникалық тапсырмаларды және техникалық ерекшелендіруді келісуге қатысады;
11) сервистік бағдарламалық өнімдерге техникалық тапсырмаларды әзірлейді;
12) оператордың мемлекеттік органдарға көрсететін ақпаратттық-коммуникациялық қызметін іске асыру үшін сервистік бағдармалалық өнімдерді жасауды, тестілеуді және дамытуды ұйымдастырады;
13) мемлекеттік ақпараттық жүйелерді құруға және дамытуға бағытталған инвестициялық ұсыныстың, бюджеттік инвестициялық жобаның және техникалық тапсырманың техникалық-экономикалық негіздемесінің «электрондық үкiметтiң» архитектурасын дамыту жөнінде талаптарына, мемлекеттік орган бекіткен архитектураға, «электрондық әкімдіктің» типтік архитектурасына сәйкестігіне және мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар үшін стандартты шешімдер ретінде қайта пайдалануға (тираждауға) жататын ақпараттық жүйелер тізбесіне сәйкес ақпараттық жүйелерді қайта пайдалану, сондай-ақ бағдарламалық қамтамасыз етілуі мен бағдарламалық өнімдерді қайталап пайдалану мүмкіндігінің бар екеніне сараптама жүргізеді;
14) «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын қалыптастыратың ақпаратттық жүйелердің іске асырылуына және пайдаланылуына ведомствоаралық сараптама жүргізеді;
15) мемлекеттік ақпараттық жүйелердің ведомствоаралық және ведомстволық сараптамасын жүргізу әдістемесін әзірлейді;
16) мемлекеттік органдардың архитектурасын әзірлеу мен дамыту қағидаларына сәйкес жыл сайын мемлекеттік органдарда және жергілікті атқарушы органдарда архитектураны басқару жөніндегі процестердің кемелдену деңгейін бағалауды жүргізеді;
17) ақпараттандыру объектілерінің сыныптауышын қалыптастырады және жүргізеді;
18) «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту шеңберіндегі жобаларды басқару, сондай-ақ «электрондық-үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасын құру мен дамыту функцияларын жүзеге асырады;
19) мемлекеттік функциялар мен мемлекеттік қызметті автоматтандыру кезінде ынтымақтастық мәселелері бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында технологиялық меморандумдар жасасады;
20) «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында электрондық түрде ақпараттық жүйелерді және сервистік бағдарламалық өнімдерді тіркеуді, нормативтік-техникалық құжаттаманы есепке алуды жүзеге асырады;
21) мемлекеттік ақпараттық жүйелердің және сервистік бағдарламалық өнімдердің бастапқы бағдарламалық кодтарын, бағдарламалық өнімдері және бағдарламалық қамтамасыз етілуі туралы мәліметті есепке алуды және сақтауды жүзеге асырады;
22) стандартты шешімдер ретінде қайта пайдалануға (тираждауға) жататын ақпараттық жүйелерді, соның ішінде «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторына есепке алу және сақтау үшін берілген бастапқы бағдарламалық кодтарды, бағдарламалық өнімдерді және бағдарламалық қамтамасыз етілімді қайталап пайдалану мүмкіндігінің бар екеніне қорытынды береді;
23) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ұлттық даму институтына ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамыту жөнінде ұсыныстар енгізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |