Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы



бет14/17
Дата30.06.2016
өлшемі3.81 Mb.
#168567
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

»;

10-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Белгіленген нормативтерден асып түскен қоршаған ортаға эмиссия үшін осы бапта белгіленген төлемақы ставкалары он есеге ұлғаяды.»;

212) 496-баптың 2, 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:



«2. Жылдық жиынтық көлемі 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі төлемдер көлемінде төлемақы төлеушілер рұқсат құжатын беретін орган белгілеген қоршаған ортаға эмиссиялар нормативін сатып алуға құқылы. Нормативті сатып алу рұқсат құжаты есепті салық кезеңінің 20 наурызынан кешіктірілмей ресімделген кезде ағымдағы жыл үшін алдын ала толық ақы төлеу арқылы жүргізіледі.

3. Рұқсат құжатын осы Кодекстің 498-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімнен кейін алған кезде нормативті сатып алу рұқсат құжатын алған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей жүргізіледі.

4. Төлемақы сомасы ластанудың қозғалмалы көздерін қоспағанда, сомасы қоршаған ортаға эмиссиялар көзінің (объектісінің) рұқсат құжатта көрсетілген орналасқан жері бойынша бюджетке төленеді.

Ластанудың қозғалмалы көздерінің төлемақы сомасы бюджетке:

мемлекеттік тіркеуге жататын қозғалмалы көздер бойынша – осындай тіркеуді жүргізген кезде уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған қозғалмалы көздерді тіркеу орны бойынша;

мемлекеттік тіркеуге жатпайтын ластанудың қозғалмалы көздері бойынша – салық төлеушінің орналасқан орны бойынша енгізіледі.»;

213) 498-баптың 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Ластанудың қозғалмалы көздерi бойынша декларацияны қоспағанда, төлемақы төлеушiлер ластану объектiсiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына декларация табыс етедi.



Ластанудың қозғалмалы көздерi бойынша декларация салық органдарына:

мемлекеттік тіркеуге жататын қозғалмалы көздер бойынша – осындай тіркеуді жүргізген кезде уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған қозғалмалы көздерді тіркеу орны бойынша;

мемлекеттік тіркеуге жатпайтын ластанудың қозғалмалы көздері бойынша – салық төлеушінің орналасқан орны бойынша декларация табыс етедi.»;

214) 507-баптың 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының орман заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде орманның тозу немесе жойылу қаупі туындаған кезде ағаш ресурстарын пайдалануға тыйым салу туралы шешім қабылдаған жағдайларды қоспағанда, төленген төлемақы сомаларын қайтару немесе есепке жатқызу жүргізілмейді.

Бұл ретте төленген төлемақы сомасын қайтаруды немесе есепке жатқызуды төлемақы төлеушінің салықтық өтініші бойынша ол мемлекеттік орман иеленушілер берген, ағаш кесу билетінің, орман пайдалануға арналған орман билетінің пайдаланылмағанын растайтын құжатты табыс еткеннен кейін, осы Кодекстің 599 және 602-баптарында белгіленген тәртіпте олардың төленген жері бойынша салық органдары жүргізеді.»;

215) 508-баптың 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы (бұдан әрі - төлемақы) (мемлекеттік табиғи ескерткіштердің, мемлекеттік табиғи қаумалдардың, мемлекеттік қорықтық аймақтардың аумақтарын қоспағанда), Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған ғылыми, экологиялық-ағарту, мәдени-ағарту, оқыту, туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттарда пайдаланғаны үшін алынады.»;

216) 511-бапта:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Төлемақы сомасын бюджетке төлеуді Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпте жүргізіледі.»;

5-тармақ алып тасталсын;

217) 513-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстан Республикасының заңнамалық актiсiнде белгiленген тәртiппен радиожиiлiк спектрiн пайдалану құқығын алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.»;

мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін осындай құрылымдық бөлімшенің орналасқан орны бойынша орналасқан салық салу объектілері бойынша төлемақыны дербес төлеуші ретінде тануға құқы бар.

Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, осындай тану немесе осындай тануды тоқтату туралы заңды тұлғаның шешімі мұндай шешімді қабылдаған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан күшіне енгізіледі.

Егер төлемақыны дербес төлеуші ретінде жаңадан құрылған осы құрылымдық бөлімшені танылған жағдайда, онда осындай тану туралы заңды тұлғаның шешімі осы құрылымдық бөлімшені құрған құрған күннен немесе осы құрылымдық бөлімшені құрған жылдан кейінгі жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан күшіне енгізіледі.»;

218) 515-баптың 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Егер осы бапта өзгесі белгіленбесе, жылдық төлемақы сомасы бюджетке төлемақы төлеушінің орналасқан жері бойынша тең үлестермен ағымдағы жылдың 25 наурызынан, 25 маусымынан, 25 қыркүйегінен және 25 желтоқсанынан кешіктірілмейтін мерзімдерде төленеді.

Шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар мен Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асырмайтын және Қазақстан Республикасында салық төлеуші ретінде тіркелмеген резидент емес заңды тұлғалар төлемақы байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның орналасқан жері бойынша бюджетке төлейді.»;

219) 524-баптың 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Көлiк саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган жыл сайын, есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-інен кешiктiрмей уәкiлеттi орган белгiлеген тәртіпте және нысан бойынша уәкiлеттi органға навигация мерзiмi туралы мәліметтерді бередi.»;

220) 527-бапта:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Салық кезеңінің қорытындысы бойынша бюджетке енгізілуге тиіс төлемақы сомасы төлемақы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімінен кейін он күнтізбелік күннен кешіктірілмей төлемақы төлеушінің орналасқан орны бойынша төленеді.»;

6 және 7-тармақтары алып тасталсын;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Төлемақы төлеушілер төлемақы төлеушінің орналасқан орны бойынша салық органдарына есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей төлемақы жөнінде декларация тапсырады.»;

мынадай мазмұндағы 9-тармағымен толықтырылсын:

«9. Төлемақы төлеу үшін салық кезеңі 1 қаңтардан 31 желтоқсан күнтізбелік жыл болып табылады.»;

221) 528-баптың 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Жол органдары және жергілікті атқарушы органдар ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей өздерінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салынатын объектілер туралы мәліметтер береді.»;

222) 529-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Жарнама объектілерін орналастырушы жеке тұлғалар (оның iшiнде дара кәсiпкерлер) және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.»;

мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін осындай құрылымдық бөлімшенің орналасқан орны бойынша орналасқан салық салу объектілері бойынша төлемақыны дербес төлеуші ретінде тануға құқы бар.



Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, осындай тану немесе осындай тануды тоқтату туралы заңды тұлғаның шешімі мұндай шешімді қабылдаған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан күшіне енгізіледі.

Егер төлемақыны дербес төлеуші ретінде жаңадан құрылған осы құрылымдық бөлімшені танылған жағдайда, онда осындай тану туралы заңды тұлғаның шешімі осы құрылымдық бөлімшені құрған құрған күннен немесе осы құрылымдық бөлімшені құрған жылдан кейінгі жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан күшіне енгізіледі.»;

223) 530-баптың 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде жарнама объектiсi бір жағының ауданы үш шаршы метрге дейiн болатын сыртқы (көрнекi) жарнама объектiсiн орналастырғаны үшiн ай сайынғы төлемақы ставкалары мыналарға тең болып белгiленедi:

 


Рет №

Жолдардың санаттары

Төлемақы ставкасы (АЕК)

1

2

3

1.

Қалаға кiреберiстер

8

2.

I, II

7

3.

III

3

4.

IV

2

 

Габаритi үлкен жарнамалық ақпарат орналастырылған кезде ай сайынғы төлемақы ставкалары жарнама объектiсiнiң бір жағы (бетi) ауданының үш шаршы метрге қатысты ұлғаюына барабар жоғарылатылады.»;

224) 530-баптың 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Төлемақысы мемлекеттік тіркеуден өткен жері бойынша бюджетке енгізілетін көлік құралдарын қоспағанда, төлемақы сомасы бюджетке сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің, оларды мемлекеттік тіркеуді жүргізген кезде уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған осындай көлік құралдарын тіркеу орны бойынша бюджетке төленеді.



5. Төленген алым сомаларын қайтаруды немесе есепке жатқызуды салық органдары осы Кодекстің 599 және 602-баптарымен белгіленген тәртіпте, салықтық өтініш пен осындай төлеушіде төлемақының артық төленген сомасының барын және (немесе) сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің орналастырмау фактісін тиісті уәкілетті мемлекеттік органнан алған құжаттың негізінде жүргізеді.»;

225) 532-бап мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын :

«2. Уәкілетті мемлекеттік органдар немесе лауазымды тұлғалар есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей тоқсан сайын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша мемлекеттік бажды төлеушілер туралы ақпаратты өзінің орналасқан орны бойынша салық органына табыс етеді.»;

226) 536-баптың 20)-тармақшасының қазақша текстіне өзгеріс енгізілді, орыс тіліндегі текст өзгерген жоқ;

227) 556-баптың 3-тармағының 3)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) акцизделетін тауарларға, сондай-ақ авиациялық отын, биоотын және мазутқа бақылау;»;

228) 557-бапта:

1-тармақта:

6)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«6) жеке тұлғаларды қоспағанда, салық төлеушіге (салық агентіне) есептелген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасы;»;

6-1) және 6-2)-тармақтарымен толықтырылсын:

«6-1) жеке тұлғаларға мүлік салығының, жер салығының, көлік құралдары салығының есептелген сомасы туралы;

6-2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзған салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты қолданылған жауапкершілік шаралары туралы;»;

229) 558бапта:

2-тармақта:

1)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тексеруді жүргізу туралы хабаламаны, нұсқаманы, камералдық бақылау нәтижелері бойынша қорытындыны, мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімді және (немесе) билік етуі шектелген мүлік тізімдемесінің актісін тапсырудың мүмкін болмауы;»;

3)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) осы Кодекстің 228-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын салық төлеушінің тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша нақты болуын немесе болмауын растаудағы қажеттілік салықтық зерттеу жүргізу үшін негіз болып табылады.

Осы тармақшада көзделген салықтық зерттеуді жүргізуге негіздеме, осы Кодекстің 73 және 74-баптарында белгіленген тәртіпте салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрған салық төлеушілерге қатысты қолданылмайды. »;

4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Осы баптың 2-тармағы 3) тармақшасында көрсетілген негіз бойынша жүргізілген салықтық зерттеу нәтижесінде салық төлеушінің тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша іс жүзінде болмауы анықталған жағдайда, мұндай салық төлеушіге салық қызметі органы салық төлеушінің орналасқан жерін (жоқтығын) растау туралы хабарлама жібереді.



Салық органы орналасқан жері бойынша болуы (болмауы) туралы хабарламаны салық төлеушіге жіберген кейінгі күннен кешіктірмей, осындай салық төлеуші туралы, оның сәйкестендіру нөмірін, атауын немесе тегін, аты-жөнін (болған кезде), салықтық зерттеу актісін өткізу күнін көрсетумен уәкілетті мемлекеттік органның сайтына орналастырады.

5. Салық органы осы баптың 4-тармағында көрсетілген хабарламаны жіберген күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде салық төлеуші салық органына келу тәртібімен салықтық зерттеу кезінде болмау себептері туралы жазбаша түсіндірме беруге міндетті.

Салық төлеуші осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген талапты орындамаған жағдайда, салық органы:

1) осы Кодекстің 611-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес мұндай салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады немесе

2) жазбаша түсіндірме табыс етуге осы тармақпен белгіленген мерзімнің соңғы күніне мұндай салық төлеушінің ашылған банк шоттары болмаған жағдайда, осы Кодекстің 571-бабы 4-тармағында белгіленген тәртіппен мұндай салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен алып тастайды.»;

230) 561-баптың 2-тармағының 4) және 5)-тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«4) осы Кодекстiң 197-бабының 5-тармағына сәйкес салық агентi болып табылатын немесе осы Кодекстің 197-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген, акцияларды, қатысу үлестерiн сатып алушы (сатушы) осы Кодекстің 197-бабы 5-1-тармағына сәйкес жеке табыс салығын есептейтін резидент емес, - осы Кодекстiң 197-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғаның орналасқан жерi бойынша. Осы тармақшаның ережелері, егер осы Кодекстің 197-бабы 5-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын немесе осы Кодекстің 197-бабы 5-1-тармағына сәйкес жеке табыс салығын есептейтін резидент емес Қазақстан Республикасында қызметін салық органдарында салық төлеуші ретінде тіркелген тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырса, қолданылмайды.

Егер мұндай резидент емес бағалы қағаздарды, актив құндарының 50 және одан да көп пайызын жер қойнауын пайдаланушылар болып табылатын екі және одан да көп тұлғалардың мүлкін құрайтын заңды тұлғадағы қатысу үлестерін сатып алған (сатқан) жағдайда, салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорына резидент емес туралы мәліметтерді енгізуді уәкілетті органның орналасқан жері бойынша салық органы жүзеге асырады;

5) Қазақстан Республикасында осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген мүлікті қоспағанда, мүлік сатып алушы, осы Кодекстің 197-бабы 5-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын немесе осы Кодекстің 197-бабы 5-1-тармағына сәйкес жеке табыс салығын есептейтін резидент емес - мүліктің орналасқан жері бойынша. Осы тармақшаның ережелері, егер осы Кодекстің 197-бабының 5-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын немесе осы Кодекстің 197-бабы 5-1-тармағына сәйкес жеке табыс салығын есептейтін резидент емес Қазақстан Республикасында қызметін салық органдарында салық төлеуші ретінде тіркелген тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырса, қолданылмайды;»;

231) 562-бапта:

2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы Кодекстің 197-бабының 5-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын немесе Қазақстан Республикасында мүлікті сатып алушы (сатушы) немесе осы Кодекстің 197-бабы 5-1-тармағына сәйкес жеке табыс салығын есептейтін резидент емес, мүлік сатып алғанға (сатқанға) дейін салық төлеуші ретінде тіркелу үшін мүліктің орналасқан жері бойынша салық органына мынадай:



1) резидент емес жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын немесе резидент емес заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының;

2) резидент емес заңды тұлға үшін мемлекеттік тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, резидент еместі инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркеуді растайтын;

3) бар болған жағдайда салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете, резидент еместі инкорпорация (азаматтық) еліндегі салықтық тіркеуді растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш беруге міндетті.»;

мынадай мазмұндағы 5-2-тармағымен толықтырылсын:

«5-2. Мүлік салығын, көлік құралдары салығын немесе жер салығын салық салу объектiлерi болып табылатын, Қазақстан Республикасында мүлікті сатып алатын шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар, салық төлеуші ретінде тіркелу үшін осындай мүліктің орналасқан орны бойынша салық органына мынадай:

1) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын;

2) ондай нөмір бар болған жағдайда салықтық тіркеу нөмірін немесе (оның аналогын) көрсете отырып, азаматтық (резиденттік) еліндегі салықтық тіркеуді растайтын;

3) ондай құжат бар болған жағдайда Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстың сомасын растайтын құжатттың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш беруге міндетті.»;

232) 564-бапта:

1-тармақта:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Салық органдары салық төлеушіні салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасынан сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің, уәкілетті органдардың мәліметтері негізінде немесе оның салықтық өтінішімен мынадай себептер бойынша:»;

2)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан тұрғылықты тұратын жерге кетуі, егер мұндай адамда Қазақстан Республикасында салық салу объектiлерiнің болмаған жағдайында; »;

мынадай мазмұндағы 2-1)-тармақшасымен толықтырылсын:

«2-1) осы Кодекстің 562-бабы 4-тармағында көрсетілген шетелдіктің, азаматтығы жоқ адамдардың салық салу объектiлерiне құқықтарының тоқтатылуы;»;

233) 565-бапта:

3-тармақша мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:

«Салықтық өтiнiштi электронды түрде табыс еткен жағдайда, осы тармақта көзделген құжаттар табыс етілмейдi. »;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет