Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы



бет16/17
Дата30.06.2016
өлшемі3.81 Mb.
#168567
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

12)-тармақшасының жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«осы Кодекстің 37-1 және 43-баптарына сәйкес қызметі тоқтатылған кезде салық міндеттемесін орындаудың ерекше тәртібі қолданылатын дара кәсіпкердің;»;

245) 587-бапта:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауды салық төлеуші (салық агенті) ол табыс етілген (оны алған) күннен кейiнгi күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

Салық төлеушінің (салық агентінің) камералды бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның орындалуы мыналар болып танылады:

анықталған бұзушылықтар жататын салық кезеңі үшін салық есептілігін, немесе

осы бапта белгіленген талаптарға сәйкес олар бойынша түсініктемені табыс етуі, немесе

осындай хабарламаны жіберу бойынша салық қызметі органдарының лауазымды қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдар.

Салық төлеуші (салық агенті) хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда салық қызметі органдарына анықталған бұзушылықтар жөнінде қағаз немесе электрондық жеткізгіште түсініктеме береді.

Хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда салық төлеуші (салық агенті):

камералды бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жіберген салық органына - қағаз немесе электрондық жеткізгіште анықталған бұзушылықтар жөнінде түсініктеме, және (немесе)

жоғары тұрған салық қызметі органына - камералды бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жіберу бойынша салық қызметі салық қызметі органдары лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым береді.»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Осы Кодекстің 37-1-бабының 6-тармағына және 43-бабының 7-тармағына сәйкес жүргізілген камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органы уәкілетті орган белгілеген нысанда қорытынды жасайды.

Бұл ретте осы тармақта көрсетілген қорытындыны жасау күні камералдық бақылаудың аяқталған күні болып табылады.»;

246) 590-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«590-бап. Салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналары мен  әлеуметтік аударымдардың есептелген, кемітілген  сомаларын есепке алу

1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шоттарында есептелген, кемітілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың сомаларын есепке алу салық есептілігі деректерінің, уәкілетті мемлекеттік органдар мәліметтерінің негізінде жүргізіледі.

2. Осы Кодекстің 267-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында және 451-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген, қосылған құн салығын төлеуші кемітуді қолданған жағдайда, салық есептілігі деректерінің негізінде қосылған құн салығын төлеушінің дербес шотында:

есептелген сома ретінде – бюджетке төлеуге тиіс қосылған құн салығының сомасы (осы Кодекстің 267-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында және 451-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген кемітуді қолданбай);

кемітілген сома ретінде –осы Кодекстің 267-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында және 451-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген кемітудіі сомасын есепке алуы тиіс.»;

247) 590-баптың 6-тармақтың 1)-тармақшасын мынадай редакцияда жазылсын:

«1) заңды тұлғаға, резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесіне және тұрақты мекемесіне - осы Кодекстің 37-бабының 12-тармағында және 37-1-бабының 11-тармағына көрсетілген құжаттарды салық органына тапсырған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;»;

248) 599-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«599-бап. Артық төленген салық, алым және өсімпұл сомаларын есепке жатқызу

1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салықтың, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомаларын есепке жатқызу салық төлеушінің (салық агентінің) салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді, кедендік төлемдерін, өсімпұлдарды және айыппұлдарды есепке жатқызу мен қайтаруды жүргізуге ұсынған салықтық өтініші (бұдан әрі осы Кодекстің осы бабының және 600-бабының мақсаты үшін - есепке жатқызуға салықтық өтініш) бойынша, сондай-ақ осы Кодекстің осы бабында және 600-бабында көзделген басқа да негіздер бойынша жүргізіледі.

2. Өткен салық кезеңдеріндегі салықтың, алымның және өсімпұлдың осы түрі бойынша есеп-қисаптар ескеріле отырып, салықтың, алымның және өсімпұлдың салық кезеңінде бюджетке төленген (есепке жатқызылған және қайтарылған сомаларды есепке ала отырып) және есептелген, есепке жазылған (кемітуді есепке ала отырып) сомалары арасындағы оң айырма артық төленген салық, алым және өсімпұл сомасы болып танылады.

Осы Кодекстің 217-бабына сәйкес резидент емес салық төлеушіге қайтарылуға тиіс төленген салық сомасы да артық төленген салық сомасы болып табылады.

3. Осы баптың және осы Кодекстің 600, 602-баптарының мақсатында:

1) жер учаскелерін, жер бетіндегі көздерден су ресурстарын пайдаланғаны, қоршаған ортаға эмиссия, радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін, қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланыстарды бергені үшін төлемақы болып табылады;

2) аукциондардан алым алым болып табылады.

4. Артық төленген салық, алым және өсімпұл сомаларын есепке жатқызуды салық төлеушінің артық төленген сома есептелген дербес шоты бойынша салық органы ұлттық валютада жүргізеді.

5. Артық төленген салық, алым және өсімпұл сомаларын есепке қайтаруды салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотына ұлттық валютада жүргізеді.

берешегін өтеу есебіне есепке жатқызылмайды.

Артық төленген салық, алым және өсімпұл сомалары , осы баптың 13-16-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, басқа салық төлеушінің салық берешегін өтеу есебіне есепке …

9. Салық органы салықтың, алымның артық төленген сомасын есепке жатқызуға арналған салықтық өтініш бойынша есепке жатқызуды жүргізу мерзімін бұзған жағдайда, салық органы олар бойынша мерзімі бұзыла отырып, есепке жатқызу жүргізілген салықтың, алымның артық төленген сомасына мерзімін өткізіп алған әрбір күн үшін салық төлеушінің пайдасына өсімпұл есептейді. Өсімпұл есепке жатқызу мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап қоса алғанда есепке жатқызу күніне дейін мерзімін өткізіп алған әрбір күн үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 2,5 еселенген мөлшерінде есепке жазылады.

10. Салық төлеушінің пайдасына есепке жазылған өсімпұл сомасы тиісті бюджет жіктемесінің коды бойынша бюджетке түсімдердің есебіне артық төленген салықты, алымны есепке жатқызу жүргізілген есепке жатқызуға арналған салықтық өтініште көрсетілген күні салық төлеушінің банк шотына аударылуға жатады.

11. Артық төленген салық, алым сомасы салық берешегін өтеу және алдағы төлемдерді төлеу есебіне мынадай тәртіппен:

1) салық төлеушінің өтінішінсіз:

салықтың, төлемақының, алымның осы түрі бойынша айыппұлдарды өтеу есебіне;

2) есепке жатқызуға салықтық өтініш бойынша:

салық төлеуші есепке жатқызуға беретін салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, алымның түрі бойынша бересіні өтеу;

салық төлеуші есепке жатқызуға беретін салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, алымның түрі бойынша өсімпұлды өтеу;

салық төлеуші есепке жатқызуға беретін салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, алымның түрі бойынша айыппұлды өтеу;

егер осы баптың 13, 15-тармақтарында өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші есепке жатқызуға беретін салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, алымның түрі бойынша алдағы төлемдерді өтеу есебіне міндетті түрде есепке жатқызылады.

12. Бюджетке артық төленген өсімпұлдардың сомасы мынадай тәртіппен:

1) салық төлеушінің өтінішінсіз:

салықтың, алымның осы түрі бойынша бересіні;

салықтың, алымның осы түрі бойынша айыппұлды өтеу есебіне;

2) есепке жатқызуға салықтық өтініші бойынша:

салық төлеушінің есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, алымның түрі бойынша бересіні өтеу;

салық төлеушінің есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, алымның түрі бойынша өсімпұлды өтеу;

салық төлеушінің есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, алымның түрі бойынша айыппұлды өтеу;

егер осы баптың 14 және 16-тармақтарында өзгеше белгіленбесе, салық төлеушінің есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, алымның түрі бойынша алдағы төлемдерді өтеу есебіне есепке жатқызылады.

13. Заңды тұлғаның есепке жатқызуға салықтық өтініші негізінде артық төленген салық сомасы, алымсы осы баптың 11-тармағында белгіленген тәртіппен есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін:

1) құрылымдық бөлімшенің салықтың, төлемақының, алымның осы түрі бойынша бересісін;

2) құрылымдық бөлімшенің салықтың, төлемақының, алымның осы түрі бойынша өсімпұлын;

3) құрылымдық бөлімшенің салықтың, төлемақының, алымның осы түрі бойынша айыппұлын;

4) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының, алымның осы түрі бойынша құрылымдық бөлімшенің бересісін;

5) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының, алымның осы бойынша құрылымдық бөлімшенің өсімпұлын;

6) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының, алымның осы бойынша құрылымдық бөлімшенің айыппұлын өтеу есебіне есепке жатқызылады.

14. Заңды тұлғаның есепке жатқызуға салықтық өтініші негізінде оның артық төленген өсімпұлдар сомасы осы баптың 12-тармағында белгіленген тәртіпте есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін:

1) құрылымдық бөлімшенің салықтың, төлемақының, алымның осы түрі бойынша бересісін;

2) құрылымдық бөлімшенің салықтың, төлемақының, алымның осы түрі бойынша өсімпұлын;

3) құрылымдық бөлімшенің салықтың, төлемақының, алымның осы түрі бойынша айыппұлын;

4) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының, алымның осы түрі бойынша құрылымдық бөлімшенің бересісін;

5) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының, алымның осы түрі бойынша құрылымдық бөлімшенің өсімпұлын;

6) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының, алымның осы түрі бойынша құрылымдық бөлімшенің айыппұлын өтеу есебіне есепке жатқызылады.

15. Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің есепке жатқызуға берген салықтық өтініші негізінде оның артық төленген салық, алым сомасы осы баптың 11-тармағында белгіленген тәртіппен есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін:

1) заңды тұлғаның салықтың, төлемақының, алымның осы түрі бойынша бересісін;

2) заңды тұлғаның салықтың, төлемақының, алымның осы түрі бойынша өсімпұлын;

3) заңды тұлғаның салықтың, төлемақының, алымның осы түрі бойынша айыппұлын;

4) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының, алымның осы түрі бойынша заңды тұлғаның бересісін;

5) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының, алымның осы түрі бойынша заңды тұлғаның өсімпұлын;

6) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының, алымның осы түрі бойынша заңды тұлғаның айыппұлын өтеу есебіне есепке жатқызылады.

16. Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің есепке жатқызуға берген салықтық өтініші негізінде оның артық төленген өсімпұлдар сомасы осы баптың 12-тармағында белгіленген тәртіппен есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін:

1) заңды тұлғаның салықтың, төлемақының, алымның осы түрі бойынша бересісін;

2) заңды тұлғаның салықтың, төлемақының, алымның осы түрі бойынша өсімпұлын;

3) заңды тұлғаның салықтың, төлемақының, алымның осы түрі бойынша айыппұлын;

4) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының, алымның осы түрі бойынша заңды тұлғаның бересісін;

5) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының, алымның осы түрі бойынша заңды тұлғаның өсімпұлын;

6) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының, алымның осы түрі бойынша заңды тұлғаның айыппұлын өтеу есебіне есепке жатқызылады.»;

249) 600-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«600-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы  сомасының есепке жазылған салық сомасынан асып  кетуін есепке жатқызу



Осы Кодекстің 273 және 274-баптарына сәйкес бюджеттен қайтарылуы тиіс есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есепке жазылған салық сомасынан асып кетуін есепке жатқызуды қосылған құн салығын төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органы артық төленген салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың сомасын есепке жатқызу үшін осы Кодекстің 599-бабында белгіленген тәртіппен жүргізеді.»;

250) 602-бапта:

1, 2, 3, 4, және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«602-бап. Салықтың, төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомаларын қайтару

1. Салықтың, төлемнің, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомаларын қайтару, егер осы баптағыдан өзгеше белгіленбесе, салық төлеушінің (салық агентінің) салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, кедендік төлемдерін, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізуге берген салықтық өтініші (бұдан әрі осы баптың мақсаты үшін - қайтаруға өтініш) бойынша жүргізіледі.

2. Салықтың, төлемнің, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомаларын қайтаруды салық төлеушінің осындай салық, төлем, өсімпұл бойынша дербес шоттарын жүргізетін салық органы жүргізеді.

3. Салықтың, төлемнің, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомасын қайтару, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, қайтаруға салықтық өтініш берілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

4. Салықтың, төлемнің, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомаларын қайтару осы Кодекстің 599-бабында көзделген есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін жүргізіледі.



5. Салықтың, төлемнің, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомаларын қайтару ұлттық валютада салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шотына жүргізіледі.

Салықтың, төлемнің, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомаларын қайтару, егер осы тармақта өзгеше белгiленбесе, салық берешегі болмаған кезде жүргізіледі.

Салық берешегi болған кезде салық органы салықтың, төлемнің, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомаларын есепке жатқызудың салықтық өтінішін ұсынбай-ақ, бар салық берешегiн өтеу есебіне жатқызады.

Егер салық төлеуші заңды тұлға болып табылған жағдайда салық органы салықтың, төлемнің, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомаларын есепке жатқызудың салықтық өтінішін ұсынбай-ақ, заңды тұлға мен оның құрылымдық бөлімшесінің бар салық берешегiн өтеу есебіне жатқызады.»;

7 және 8-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Салық органы салықтың, төлемақының, алымның артық төленген сомасын қайтаруға арналған салықтық өтініш бойынша есепке қайтаруды жүргізу мерзімін бұзған жағдайда, салық органы мерзімін өткізіп алған әрбір күн үшін салық төлеушінің пайдасына өсімпұл есептейді. Өсімпұл қайтару мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап қоса алғанда қайтару күніне дейін мерзімін өткізіп алған әрбір күн үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 2,5 еселенген мөлшерінде есепке жазылады.

8. Салық төлеушінің пайдасына есепке жазылған өсімпұл сомасы тиісті бюджет сыныптамасының коды бойынша бюджетке түсімдердің есебіне артық төленген салықты, төлемақыны, алымды қайтару жүргізілген күні салық төлеушінің қайтаруға арналған салықтық өтініште көрсетілген банк шотына аударылуға жатады.»;

251) 603-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Қосылған құн салығы бойынша асып кетуді қайтару қосылған құн салығын төлеушінің, егер осы тармақта өзгеше белгiленбесе, салық берешегі болмаған кезде оның банк шотына орналасқан жері бойынша осы Кодексте көзделген қосылған құн салығы бойынша асып кетуді қайтару мерзімі ішінде жүргізіледі.

Салық берешегi болған кезде салық органы қосылған құн салығы бойынша асып кетуді қайтаруды есепке жатқызудың салықтық өтінішін ұсынбай-ақ, бар салық берешегiн өтеу есебіне жатқызады.

Егер салық төлеуші заңды тұлға болып табылған жағдайда, салық органы қосылған құн салығы бойынша асып кетуді қайтаруды есепке жатқызудың салықтық өтінішін ұсынбай-ақ, заңды тұлға мен оның құрылымдық бөлімшесінің бар салық берешегiн өтеу есебіне жатқызады.



Қосылған құн салығы бойынша асып кету сомасының қалдығы осы тармақта көзделген есепке жатқызуды жүргізгеннен кейін қайтаруға жатады.»;

252) 605-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«605-бап. Салық салу, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамасы саласындағы құқық бұзшылықтар бойынша заңсыз салынған айыппұлдың төленген сомасын, сондай-ақ артық төленген сомасын қайтару

1. Салық салу, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамасы саласындағы құқық бұзшылықтар бойынша заңсыз салынған айыппұлдың күшін жою немесе көлемін азайту салдарынан оның төленген сомасын қайтару салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді, кедендік төлемдерін, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызу мен қайтаруды жүргізуге берілген салықтық өтініш (бұдан әрі осы баптың мақсаттары үшін - айыппұл сомасын қайтаруға өтініш) негізінде жүргізіледі.

Айыппұл сомасын қайтаруға өтінішке айыппұлды заңсыз салынғаны салдарынан оның күшін жоюды немесе көлемін азайтуды қарастыратын соттың, жоғары тұрған органның (лауазымды тұлғаның) айқындаулары қоса берілуі тиіс.

2. Айыппұл сомасын қайтаруға өтінішті салық төлеуші қайтаруға жататын айыппұл сомасы дербес шотына түсетін салық органына ұсынылады.

3. Осы баптың 1-тармағына сәйкес төленген айыппұл сомасын қайтаруды салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) банкі шотына айыппұл сомасын қайтаруға өтінішті табыс еткен күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде жүргізеді.

4. Әкімшілік өндіріп алу жазасын қолдану туралы қаулы орындау мақсатында айыппұлды төлеу кезінде артық төленген айыппұл сомасын қайтару осы баптың 3-тармағында белгіленген тәртіпте және мерзімдерде жүргізіледі.»;

253) 606-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«606-бап. Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің төленген  сомасын қайтару

Осы Кодекстің 599, 601-602-баптарында көзделмеген негіздер бойынша бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің төленген сомаларын қайтару және есепке жатқызу осы Кодекстің ерекше бөлімінде белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша жүргізіледі.»;

254) 607-баптың 2-тармақтың 7)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«7) камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық қызметі органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы - осы Кодекстің 37-1-бабы 7-тармағында және 43-бабы 8-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, салық есептілігінде бұзушылық анықталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей;»;

255) 608-бапта:

1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1-1. Егер осы баптың 1-2, 1-3-тармақтарында өзгеше белгіленбесе, салық қызметі органдары хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы салық төлеушіге (салық агентіне) жіберген, осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 2), 3) тармақшаларында көзделген хабарламаларды почта немесе өзге байланыс ұйымы қайтарған жағдайда, осы Кодексте белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен куәгерлер тартыла отырып, салықтық зерттеу жүргізу күні осындай хабарламаларды тапсыру күні болып табылады.»;

мынадай мазмұндағы 1-3-тармақпен толықтырылсын:

«1-3. салық қызметі органдары хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы салық төлеушіге (салық агентіне) жіберген, осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 4) - 9) тармақшаларында көзделген хабарламаларды почта немесе өзге байланыс ұйымы қайтарған жағдайда, салық органы осындай хабарламаны қайтарған күннен кейінгі күннен кешіктірмей, салық төлеуші туралы ақпаратты, оның сәйкестендіру нөмірін, атауын немесе тегін, аты-жөнін (болған кезде), хабарламаны қайтару күнін көрсетумен уәкілетті мемлекеттік органның сайтына орналастырады.»;

256) 609-бапта:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген тәсiлдi қоспағанда, мерзiмiнде орындалмаған салық мiндеттемесiн орындауды қамтамасыз ету тәсiлдерi:

республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған 6 еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аз мөлшерде салық берешегi бар;

өтініштері осы Кодекстің 51-1-бабында белгіленген тәртіпте қарастырылатын салық төлеушiлерге (салық агенттерiне) қолданылмайды.»;

5-тармақ алып тасталсын;

257) 611-бапта:

1- тармақта:

3)-тармақша алып тасталсын;

5)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«5) почта немесе өзге де байланыс ұйымы салық төлеушінің (салық агентінің) орналасқан жері бойынша жоқ болуына байланысты жіберілген хабарламаны қайтарғанда - қайтару күнінен бастап жиырма жұмыс күні ішінде;»;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру, мыналардан:

1) осы Кодекстің 55-бабында көзделген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кедендік төлемдерін төлеу бойынша операциялардан;

2) ақшаны:

өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы талаптарды, сондай-ақ алиментттерді өндіріп алу жөніндегі талаптарды қанағаттандыруды көздейтін атқару құжаттары бойынша;

еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдарға демалысқа шығу жәрдемақысын және еңбек ақысын төлеу бойынша, авторлық шарт бойынша сыйақы, міндетті зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорларына аудару және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды төлеу жөніндегі клиент міндеттемелері бойынша есеп айырысу үшін ақшаны алып қоюды көздейтін атқару құжаттары бойынша;

салық берешегін өтеу бойынша, сондай-ақ мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы атқару құжаттары бойынша алып қоюдан басқа салық төлеушінің (салық агентінің) барлық шығыс операцияларына қолданылады.

Осы баптың 1-тармағы 3) тармақшасында көзделген жағдайда салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органының өкімінде көрсетілген салық берешегі сомасының шегінде жүргізіледі.»;

258) 614-баптың 4-тармағы алып тасталсын;

259) 615-бапта:

3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық төлеушінің (салық агентінің) бір банктік шотынан салық берешегінің сомасын өндіріп алу туралы салық органының инкассалық өкімін орындаған кезде, банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық органына салық төлеушінің (салық агентінің) аталған банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда ашқан басқа банк шоттарына салық органы шығарған инкассалық өкімдерді, егер салық органы мұндай инкассалық өкімдерді сол сомаға, берешектің сол түрі бойынша, сол күнмен шығарған болса, салық органына орындаусыз қайтарады.

4. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық төлеушінің (салық агентінің) бірнеше банктік шотынан инкассалық өкімде көрсетілген жалпы сомаға ақшаны есептен шығару жолымен салық берешегінің сомасын өндіріп алу туралы салық органының инкассалық өкімін толық орындаған кезде, салық органына салық төлеушінің (салық агентінің) аталған банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда ашқан басқа банк шоттарына салық органы шығарған инкассалық өкімдерді, егер салық органы мұндай инкассалық өкімдерді сол сомаға, сол күнге, берешектің сол түрі бойынша шығарған болса, банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық органына орындаусыз қайтарады. »;

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Клиентке қойылған талаптардың барлығын қанағаттандыру үшін клиенттің банктегі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда ақшасы жеткілікті болған жағдайда, салық берешегін өндіріп алу туралы инкассалық өкімді банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым бірінші кезектегі тәртіппен және аталған өкімді алған күннен он жұмыс күні өткен соң бір операциялық күннен кешіктірмей, банк шотында бар сомалар шегінде орындайды.»;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:



«9. Салық органы оған салық берешегінің сомасын өндіріп алу туралы инкассалық өкім шығарған салық төлеушінің (салық агентінің) банк шотында ақша болмаған жағдайда, инкассалық өкімді орындауға қабылдаған банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоты жабылған кезде аталған инкассалық өкімді салық төлеушінің (салық агентінің) банк шотының жабылуы туралы хабарламамен бірге тиісті салық органына қайтарады.»;

260) 616-баптың 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Өзара есеп айырысуды салыстырып тексеру актiсiнiң немесе дебиторлық берешек сомасын растайтын дебиторды салықтық тексеру актiсiнiң негiзiнде салық органы дебитордың банк шоттарына салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) салық берешегi сомасын өндiрiп алу туралы инкассалық өкiмдер шығарады.

Дебитор мен салық төлеушi (салық агентi) арасындағы өзара есеп айырысудың салыстырып тексеру актiсiнде көрсетiлген дебиторлық берешек өтелген жағдайда, салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) салық берешегiнің сомасын өндiрiп алу туралы дебитордың банктiк шоттарына шығарылған инкассалық өкiмдер дебитор немесе салық төлеушi салық органына мұндай берешектiң өтелгенiн растайтын құжаттарды қоса берiп, өзара есеп айырысудың салыстырып тексеру актiсiн табыс еткен күннен кейінгі бір жұмыс күнi iшiнде керi қайтарып алынуға жатады.»;

261) 623-бапта:

2-тармақта:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Егер осы тармақта өзгеше белгiленбесе, осы Кодекстiң 99-бабында көзделген түзету есепке алынбағанда жылдық жиынтық табысы неғұрлым көп, бір мезгiлде мына талаптарға сай келетiн:»;

2)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) қызметкерлерiнiң саны кемiнде 250 адамды құрайтын iрi салық төлеушiлер мониторинг жүргiзiлуге жатады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе құзыреттi орган мен жер қойнауын пайдаланушы арасында 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған және мiндеттi салық сараптамасынан өткен өнiмдi бөлу туралы келісімде (келісімшартта) көрсетiлген осы Кодекстiң 99-бабында көзделген түзетудi есепке алмағанда, жылдық жиынтық табысы неғұрлым көп сенім бiлдiрiлген адам (оператор) және (немесе) жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) және (немесе) аталған келісімдерге (келісімшарттарға) сәйкес мұнайгазоконденсаты кен орындарында қызметін жүзеге асыратындар iрi салық төлеушiлердiң мониторинг жүргiзiлуiне жатқызылады және осы тармақтың бірiншi бөлiгiнiң 1) және 2) тармақшаларында белгiленген шарттардың сақталуына қарамастан iрi салық төлеушiлер тiзбесiне енгзiледi.»;

262) 624-баптың 6-тармақтың бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Мониторингке жататын ірі салық төлеушілер осы баптың 2-5-тармақтарында көрсетілген есептілікті есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен және нысандар бойынша тоқсан сайын ұсынып отырады.»;

263) 625-бапта:

4-тармақта:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Тәуекелдерді басқару жүйесі салық бақылауын жүзеге асыру кезінде, оның ішінде мынадай мақсатта:»;

1)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) салық тексерулерін жүргізу үшін салық төлеушілерді (салық агенттерін) іріктеу;»;

мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:

«7. Қайтаруға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасын растау мақсатында тәуекел деңгейіің өлшемдері мен тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;

264) 627-бапта:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Қажет болған кезде салық қызметі органдары салықтық тексеру барысында:



оның орналасқан жеріне қарамастан салық салу объектісі және (немесе) салық салумен байланысты объекті болып табылатын мүлікті зерттеп-тексеруді;

салық төлеушінің (салық агентінің) мүлкін (тұрғын үйінен басқа) түгендеуді жүргізуі мүмкін.

Мыналар:

нұсқамада көрсетілген салық қызметі органдарының лауазымды адамдары және осы Кодекске сәйкес салық қызметі органдары тексеру жүргізуге тартатын өзге де адамдар;

мынадай:

салық органдарында тіркеу есебіне қою;

бақылау-кассалық машиналардың болуы;

акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және түпнұсқалығы, акцизделетін тауарларға, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және түпнұсқалығы, этил спиртін босатуға лицензияның, рұқсаттың, патенттің, осы Кодекстің 574-бабында көрсетілген тіркеу карточкасының болуы мәселелері бойынша тақырыптық тексерулер кезінде - нұсқамада көрсетілген аумақтың учаскесінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын салық төлеуші;»;

5-тармақтың 2)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) тақырыптық тексеру - мыналар:

салықтың және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жекелеген түрлері бойынша салық міндеттемесінің орындалуы;

кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы және (немесе) акциз бойынша салық міндеттемесінің орындалуы;

міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақтылы есептелуі, ұсталуы мен аударылуын, сондай-ақ әлеуметтік аударымдардың толық және уақтылы есептелуі мен төленуі;

банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың осы Кодексте, сондай-ақ «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген міндеттерді орындауы;

трансферттік баға белгілеу;

акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірілуі мен айналымын, сондай-ақ авиациялық отынның, биоотынның, мазуттың айналымын мемлекеттік реттеу;

соттың заңды күшіне енген үкімінің немесе қаулысының негізінде жалған кәсіпорын деп танылған салық төлеушімен жасасқан операциялар бойынша салық міндеттемелерін айқындау;

сот кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға ниеттенбестен жүзеге асырылған деп таныған мәміле (мәмілелер) бойынша салық міндеттемелерін анықтау мәселелері бойынша;

салық төлеуші (салық агенті) мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуды айқындау;

халықаралық шарттардың (келісімдердің) ережелерін қолдану заңдылығы;

қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау;

резидент еместің салықтық өтініші және төленген табыс салығын бюджеттен немесе қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттың негізінде шартты банк салымынан қайтару;

салық органдарының осы Кодекстің 608-бабында белгіленген тәртіппен камералды бақылаудың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламасын салық төлеушінің (салық агентінің) орындалуы;

салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексерудің нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) жоғары тұрған салық қызметі органының шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған шешіміне салық төлеушінің (салық агентінің) шағымында жазылған мәселелер бойынша шағымын қарау;

төленген табыс салығын бюджеттен немесе қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес шартты банк салымынан қайтаруға резидент еместің салықтық өтінішін қайта қарау туралы өтінішін қарау;

салық органдарында тіркеу есебіне қою;

бақылау-кассалық машиналардың болуы;

акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және түпнұсқалығы, акцизделетін тауарларға, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және түпнұсқалығы, этил спиртін босатуға лицензияның, рұқсаттың, патенттің, осы Кодекстің 574-бабында көрсетілген тіркеу карточкасының болуы;

бақылау-кассалық машиналарды қолдану тәртібін сақтау;

акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін лицензиялау қағидалары мен оларды өндіру, сақтау және өткізу шарттарын сақтау;

касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органы шығарған өкімді орындау мәселелері бойынша салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты салық қызметі органы жүргізетін тексеру.

Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын және акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн өндiру, сақтау мен өткізу шарттарын сақтау;

салық органдарында тіркеу есебіне қою;

бақылау-кассалық машиналардың болуы;

акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және түпнұсқалығы, акцизделетін тауарларға, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және түпнұсқалығы, этил спиртін босатуға лицензияның, рұқсаттың, патенттің, осы Кодекстің 574-бабында көрсетілген тіркеу карточкасының болуы мәселелері бойынша тақырыптық тексеру жүргізуге қатысу үшін жеке кәсіпкерлік субъектері бірлестіктерінің өкілдері осындай бірлестіктермен келісім бойынша тартылуы мүмкін.

Жеке кәсіпкерлік субъектері бірлестіктерінің өкілдері көрсетілген тақырыптық тексерулерді жүргізуі кезінде салық төлеуші құқықтарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Тақырыптық тексеру актісінде жеке кәсіпкерлік субъектерінің бірлестіктері өкілдерінің қатысу фактісі тіркеледі.

Бұл ретте тақырыптық тексеру бір мезгілде осы тармақшада көрсетілген бірнеше мәселелер бойынша жүргізілуі мүмкін. Тақырыптық тексеру бюджетке төленетін салықтың барлық түрлері және басқа да міндетті төлемдер бойынша міндеттемелердің орындалуына тексеру жүргізуді көздемейді;»;

9-тармақтың 2)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) жоспардан тыс тексеру - осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген, оның ішінде:



салық төлеушінің (салық агентінің) өзінің өтініші бойынша;

Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген негіздер бойынша;

салық төлеуші (салық агенті) бұрын тексерілген салық кезеңіне қосымша салық есептілігін осындай қосымша салық есептілігінде көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын тексеру мақсатында табыс еткен жағдайда;

салық қызметі органының бұрын жіберілген сұрау салулары бойынша алдыңғы салықтық тексеру барысында келіп түспеген жауап алынған жағдайда;

осы Кодекстің 608-бабында белгіленген тәртіппен камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы салық органдарының хабарламасын салық төлеуші (салық агенті) орындамаған жағдайда;

резидент заңды тұлғаның, резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің бөліну жолымен қайта ұйымдастырылуына немесе таратылуына байланысты;

резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын қызметін тоқтатуына байланысты;

дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат қызметінің тоқтатылуына байланысты;

салық төлеушінің салықтық өтініші негізінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылуына байланысты;

жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт мерзімінің өтуіне байланысты;

акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірілуі мен айналымын, сондай-ақ авиациялық отынның, биоотынның, мазуттың айналымын мемлекеттік реттеу;

Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық төлеуші (салық агенті) мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуларды айқындау мәселелері бойынша;

қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомасының дұрыстығын растау бойынша салық төлеушінің қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетілген талаптары негізінде;

резидент еместің төленген табыс салығын бюджеттен немесе қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарт ережелеріне сәйкес шартты банк салымынан қайтаруға салықтық өтініші негізінде;

Қазақстан Республикасының салық заңнамасында, сондай-ақ орындалуын бақылау салық қызметі органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген міндеттерді банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың орындауы мәселелері бойынша;

соттың заңды күшіне енген үкімі немесе қаулысы негізінде жалған кәсіпорын деп танылған салық төлеушімен жасалған операциялар бойынша салық міндеттемесін айқындау мәселелері бойынша;

сот кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз жүзеге асырылған деп таныған мәміле (мәмілелер) бойынша салық міндеттемесін айқындау мәселелері бойынша;

салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған жоғары тұрған салық қызметі органының шешіміне шағымын - осы шағымда көрсетілген мәселелер бойынша;

резидент еместің төленген табыс салығын бюджеттен немесе қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес шартты банк салымынан қайтаруға салықтық өтінішін қайта қарау туралы өтінішіне байланысты;

олар бойынша лицензиар лицензия қолданысын тоқтата тұрған бұзушылықтарды жою мәселесі бойынша;

салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның шешімі негізінде;

Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы және (немесе) акциз бойынша салық міндеттемесін орындау мәселелері бойынша;

салық органдарында тіркеу есебіне қою мәселелері бойынша;

бақылау-касса машиналарының болуы мәселелері бойынша;

акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының болуы және түпнұсқалығы, акцизделетін тауарларға, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және түпнұсқалығы, этил спиртін босатуға лицензияның, рұқсаттың, патенттің, осы Кодекстің 574-бабында көрсетілген тіркеу карточкасының болуы мәселелері бойынша;

бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібін сақтау мәселелері бойынша;

лицензиялау ережелерін және акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіру, сақтау және өткізу шарттарын сақтау мәселелері бойынша;

касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органы шығарған өкімді орындау мәселелері бойынша жүзеге асырылатын салықтық тексерулер.

Осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жоспардан тыс тексерулер бұрын тексерілген кезең үшін жүзеге асырылады.»;

отыз бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Бұл ретте бұрын тексерілген кезеңдегі жоспардан тыс тексерулер құн салығы бойынша декларациясында көрсетілген, қосылған құн салығының асып кетуін қайтару туралы талапқа, салық төлеушінің (салық агентінің) өзінің өтініші бойынша, Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасында көзделген негіздемелер бойынша немесе салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) жоғары тұрған салық қызметі органының хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған шешіміне жасаған шағымына байланысты жүргізілетін салықтық тексерулерді қоспағанда, салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның шешімі негізінде жүргізіледі.»;

265) 629-баптың 5-тармағын мынадай мазмұндағы 4-2)-тармақшасымен толықтырылсын:

«4-2) салық тексеруінің нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) жоғары тұрған салық қызметі органының салық төлеушінің (салық агентінің) шағымында айтылған мәселелері бойынша өткізілген хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шешіміне салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау мәселелері бойынша тақырыптық тексерулер;»;

266) 635-бапта:

4-тармақтың жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Осы қорытындыны алу үшін салық қызметі органдары осындай қорытындыны жасау күніндегі жағдай бойынша валюталық түсімнің түсуі туралы тиісті сұрау салу жібереді.»;

8 және 9-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Өнім берушіге міндетті қарсы тексеру тағайындау және (немесе) мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің салықтық есептілігі негізінде салық қызметі органына қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау туралы сұрау салуды жіберу туралы шешім «Пирамида» аналитикалық есеп талдауының нәтижесі бойынша айқындалған алшақтық бойынша тікелей өнім берушілер бойынша қабылданады.



Осы баптың мақсаты үшін «Пирамида» аналитикалық есеп – бұл қосылған құн салығы бойынша салық төлеушінің (салық агентінің) тапсырған салық есептілігін зерттеу және талдау негізінде салық қызметі органдары жүзеге асыратын бақылаудың нәтижесі.

9. Салықтық тексеру аяқталған күнге:

өнiм берушiмен өзара есеп айырысулардың дұрыстығын растау үшiн қарсы тексерулер жүргiзуге сауал салуға жауаптар алынбаған;

тексерiлетiн салық төлеушiнiң өнiм берушiсi бұрын жiберiлген сауал салу бойынша қарсы тексерулер жүргiзу кезiнде анықталған бұзушылықтарды жоймаған;



бұрын жiберiлген сауал салу бойынша салық қызметі органы алған жауаптар негiзiнде мониторингке жататын iрi салық төлеушi бойынша қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығы расталмаған сомалардың шегiнде қосылған құн салығын қайтару жүргiзiлмейдi.

қарсы тексеруді жүргізудің мүмкіншілігі болмағандыққа байланысты, қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығы расталмаған, оның ішінде мынадай себептерден:

орналасқан орны бойынша өнім берушінің жоқтығы;

өнім берушінің есептік құжаттамаларын құқық қорғау органдарының алып қоюы;

өнім берушінің есептік құжаттамаларын жоғалтуы;

Бұл ретте, салықтық тексеру актiсiнде қосылған құн салығын мұндай қайтармаудың негiздемесi көрсетiледi.»;

14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Осы баптың ережелері талап етілген және қайтарылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау бойынша жоспардан тыс тақырыптық тексерумен салық төлеушіге, оған қатысты қайтарудың оңайтылған тәртібі қолданылған, бюджеттен қайтарылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау бойынша тексеруді жүргізген, сондай-ақ салық қызметі органы қайтаруға жататын қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау мәселесін кешенді тексеруге енгізген жағдайда да осы баптың ережесі қолданылады.»;

267) 638-баптың 6-тармақтың бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және өсімпұлдардың есептелген сомаларымен келіскен жағдайда, салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша салық міндеттемелерін, сондай-ақ өсімпұлдарды төлеу бойынша міндеттемені орындау мерзімі егер осы Кодекстің 51-1 бабында өзгеше белгіленбесе, салық төлеушінің (салық агентінің) төлеу кестесі қоса берілетін өтініші бойынша алпыс жұмыс күніне ұзартылуы мүмкін.»;

269) 649-баптың 2-тармақтың бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Фискалдық есепті алу үшін, осы баптың 1-тармағы 1) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, салық органына бақылау-касса машинасы және мынадай құжаттар:»;

270) 650-баптың 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Кассаның ағымдағы жай-күйі туралы есептің көрсеткіштері қолма-қол ақша есебі кітабында көрсетілген тауарларды өткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге байланысы жоқ қолма-қол ақшаны қабылдау және беру сомасы ескеріле отырып, фискалды есепті алған кезде кассадағы қолма-қол ақшаның сомасына сәйкес келуге тиіс.

Осы Кодекстің 649-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес фискалды есепті алған кезде кассадағы қолма-қол ақша есептеуді салық төлеуші (оның лауазымды тұлғасы) салық қызметі органы тексерушісінің қатысуымен жүргізіледі.»;

271) 667-баптың 3 және 4-тармақтарын мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Жоғары тұрған салық қызметі органы өткізіп алған шағым беру мерзімін қалпына келтіру мақсатында оған қатысты салықтық тексеру жүргізілген жеке тұлғаның, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) басшысының және (немесе) бас бухгалтерінің (ол болған жағдайда) уақытша жарамсыздығы дәлелді себеп ретінде таниды.

Осы тармақтың ережесі оған қатысты салықтық тексеру жүргізілген жеке тұлғаларға, сондай-ақ ұйымдық құрылымы жоғарыда көрсетілген тұлғалар болмаған кезде олардың орнын ауыстыратын тұлғалардың болуын көздемейтін салық төлеушілерге (салық агенттеріне) қолданылады.

Бұл ретте салық төлеуші (салық агенті) шағым берудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішке осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалардың уақытша жарамсыздық фактісін растайтын құжатты және осындай салық төлеушінің (салық агентінің) ұйымдық құрылымын белгілейтін құжатты қоса беруге тиіс.

4. Өткізіп алған шағым беру мерзімін жоғары тұрған салық қызметі органының қалпына келтіруі туралы салық төлеушінің (салық агентінің) өтініші салық төлеуші (салық агенті) шағым мен өтінішті осы баптың 3-тармағында көрсетілген тұлғалардың уақытша жарамсыздық кезеңі біткен күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей берілген жағдайда ғана қанағаттандырылады.»;

272) 677-баптың 3 және 4-тармақтарын мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Өткізіп алған шағым беру мерзімін қалпына келтіру мақсатында уәкілетті орган оған қатысты салықтық тексеру жүргізілетін жеке тұлғаның, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) басшысының және (немесе) бас бухгалтерінің (ол болған жағдайда) уақытша жарамсыздығы дәлелді себеп деп таниды.

Осы тармақтың ережесі оған қатысты салықтық тексеру жүргізілетін жеке тұлғаларға, сондай-ақ ұйымдық құрылымы жоғарыда көрсетілген тұлғалар болмаған кезде олардың орнын ауыстыратын тұлғалардың болуын көздемейтін салық төлеушілерге (салық агенттеріне) қолданылады.

Бұл ретте салық төлеуші (салық агенті) шағым берудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішке осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдардың уақытша жарамсыздық фактісін растайтын құжатты және осындай салық төлеушінің (салық агентінің) ұйымдық құрылымын белгілейтін құжатты қоса беруге тиіс.

4. Өткізіп алған шағым беру мерзімін жоғары тұрған салық қызметі органының қалпына келтіруі туралы салық төлеушінің (салық агентінің) өтініші салық төлеуші (салық агенті) шағым мен өтінішті осы баптың 3-тармағында көрсетілген тұлғалардың уақытша жарамсыздық кезеңі біткен күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей берілген жағдайда ғана қанағаттандырылады.».

4. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңына

1) 50-баптың 6-тармақтың д)-тармақшаның жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес қызметі тоқтатылған кезде салық міндеттемесін орындаудың ерекше тәртібі қолданылатын заңды тұлғаға, дара кәсіпкерге қатысты;».

5. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы»


Қазақстан Республикасының Заңына 1997 жылғы 20 маусымдағы (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1997 г., № 12, ст. 186; 1998 г., № 24, ст. 437; «Казахстанская правда» от 28.06.97 г.)

1) 22-баптың 4-1-тармақтың 6)-тармақшасы алып тасталсын;

2) пункт 2 статьи 22-1 изложить в следующей редакции:

«2. Адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жеке нотариустер, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер үшiн жинақтаушы зейнетақы қорларына өз пайдасына төлеуге жататын, салық кезеңінің әрбiр айы үшін есептелетін мiндетті зейнетақы жарналары мәлімделетін табыстың он процентi мөлшерiнде, бiрақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген жалақының ең төменгi мөлшерінің он процентінен кем емес және жалақының жетпiс бес еселенген ең төменгі мөлшерiнiң он процентінен жоғары емес болып белгiленеді.

Арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшесінің (қатысушысының) және басшысының пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына төлеуге жататын, салық кезеңiнің әрбiр айы үшін есептелетін мiндетті зейнетақы жарналары тиістi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген жалақының ең төменгi мөлшерінің он процентiнен кем емес және жалақының жетпiс бес еселенген ең төменгi мөлшерінiң он процентiнен жоғары емес мөлшерде белгiленедi. Шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшелерінің (қатысушыларының) пайдасына міндетті зейнетақы жарналары олар кәмелетке толған жылдан кейінгі күнтізбелік жылдан бастап есептелуге және төленуге тиіс.

Дара кәсіпкер, адвокат, жеке сот орындаушысы және жеке нотариус жинақтаушы зейнетақы қорларына өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін дербес айқындайтын табыс мәлімделетін табыс болып табылады.»;



  1. пункт 1 статьи 24 изложить в следующей редакции:

«1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, агенттер салық органдарына мiндеттi зейнетақы жарналарының есептелген, ұсталған (есептеп қосылған) сомалары жөнiнде мәліметтерді көрсететін жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацяны тоқсан сайын табыс етеді.

Декларацияның нысанын және оны жасаудың тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.»;

6«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шiлдедегі Заңына :

1) 9-бапта:

1-тармақта:

екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«салық салу объектiсi болып табылатын, оның iшiнде Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде орналасқан табыстар және мүлік туралы аталған мүлiктiң тұрған жерi көрсетiлген мәлiмдеме;»;

бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«егер адам немесе оның жұбайы (зайыбы) трастардың бенефициары болса, тиiстi банк шоттарының нөмiрлерiн көрсете отырып, сол трастар және олар тiркелген мемлекеттер туралы;»;

3-тармақта:

екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«салық салу объектісі болып табылатын, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлердегі де табыстары мен мүлкі туралы, көрсетілген мүліктің орналасқан жерін көрсете отырып, декларациялар тапсырады; »;

бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«заңды тұлғалардың жарғылық капиталға қатысу үлесі мен аталған ұйымдардың толық банк және өзге де деректемелерін көрсете отырып, акционері немесе құрылтайшысы (қатысушысы) ретінде өзінің қатысуы туралы;».

8. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 2003 жылғы 25 сәуірде («Казахстанская правда» от 1 мая 2003 г. № 126-127 (24066-24067); «Официальная газета» от 24 мая 2003 года № 21 (126); Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2003 г., № 9, ст. 41)

1) статью 18 изложить в следующей редакции:

«18-бап. Жүргiзiлген аударымдар туралы хабарлау

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, төлеушi тоқсан сайын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген мерзімде мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн есептелген әлеуметтiк аударымдар жөнiнде мәліметтерді көрсететін жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацяны тоқсан сайын табыс етеді.

Декларацияның нысанын және оны жасаудың тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi. »;

9. «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңына:

1) 27-бапта:

1-тармақтың екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Заңды тұлға құрмай жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын жеке тұлғаларды мемлекеттік тіркеу дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелу кезінде мәлімделген орналасқан жері бойынша салық органында (бұдан әрі - тіркеу органы) дара кәсіпкер ретінде есепке қою болып табылады.»;

2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2-1. Қызметкерлердің еңбегін тұрақты негізде пайдаланбайтын жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мынадай табыстарды:

1) төлем көзінен салық салынатын;

2) мүлік табысы болып табылатын, құн өсімінен түсетін табыс;

2-1) мүлікті жалға беруден алған табыс;

3) өзге де табыстарды алу кезінде дара кәсіпкер ретінде тіркелмеуге құқылы.»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Дара кәсіпкерді (бірлескен дара кәсіпкерлікті) мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті тіркеуші орган қағаз тасығышта немесе электрондық түрде береді.

Дара кәсіпкерді (бірлескен дара кәсіпкерлікті) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысанын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;

4- тармақта:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Дара кәсіпкер мемлекеттік тіркеу үшін:»;

1-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) мемлекет алдындағы салықтың міндеттемесінің орындалуына салықтық бақылауды қамтамасыз ететін уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша салықтық өтінішті;»;

2) және 4)-тармақшалар алып тасталсын;

5)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«5) дара кәсіпкердің орналасқан жерін растау құжатын тіркеу органына ұсынады.

Азаматтарды тіркеу кітабы немесе жылжымайтын мүлікке жекеменшік немесе оны пайдалану құқығын растайтын құжат дара кәсіпкердің орналасқан жерін растайтын құжат болып табылады.

Осы баптың 3), 5) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсыну бойынша салықтық өтінішін электрондық түрде берегенде талап етілмейді.

Егер өтініш беруші кәмелет жасына толмаса, жоғарыда аталған құжаттарға ата-анасының, асырап алушының немесе қамқоршының келісімі, ал мұндай келісу болмаса, кәмелет жасына толмағанды толығымен әрекетке қабілетті деп жариялау туралы сот шешімі қоса беріледі.

Өзге құжаттарды талап етуге тыйым салынады.»;

5-тармақ алып тасталсын;

7-тармақ алып тасталсын.

10. «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңына:

1) 1-бапта:

8)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«8) кәсіби бухгалтер - кәсіби ұйымның мүшесі болып табылатын кәсіби бухгалтер сертификаты бар жеке тұлға;»;

13)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«13) қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары (бұдан әрі - халықаралық стандарттар) және шағын және орта бизнес кәсіпорындары үшін қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары (бұдан әрі - шағын және орта бизнес кәсіпорындары үшін халықаралық стандарттар) - Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары жөніндегі Кеңес бекіткен қаржылық есептілік стандарттары;»;

2) 2-бапта:

2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Бір мезгілде мынадай шарттарға сай келген кезде:



патент, оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимдерін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес қолданатын;

қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінде тұрмаған;

табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар субъектілері болып табылмайтын дара кәсіпкерлер бухгалтерлік есепті жүргізуді (бастапқы құжаттарды жасаудан және сақтаудан басқа) және қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмауға құқылы.

Осы тармақта көрсетілген өлшемдердің бірі сәйкес келмеген кезде, дара кәсіпкер өлшемдердің бірінің сәйкессіздігі туындаған айдан кейінгі айдан бастап бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды бастауға міндетті.

Осы тармақта көрсетілген өлшемдерге сәйкес келетін және бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілікті жасау туралы шешім қабылдаған дара кәсіпкер осындай шешім қабылданған айдан кейінгі айдан бастап осындай есепті жүргізуді жүзеге асыруға құқылы.

3. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, шағын кәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ қызметінің ерекше түрі шетел валютасымен жасалатын айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалар қаржылық есептілікті жасауды ұлттық стандартқа сәйкес жүзеге асырады.»;

мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

«3-1.  Орта кәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ оралымды басқару құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорындар (қазыналық кәсіпорындар) қаржылық есептілікті шағын және орта бизнес кәсіпорындары үшін халықаралық стандарттарға сәйкес жасайды.»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Есептілік саясатты бекіткен басшы органдардың шешімі бойынша:

осы баптың 3-тармағында аталған ұйымдар қаржылық есептілікті халықаралық стандарттарға немесе шағын және орта бизнес кәсіпорындары үшін халықаралық стандарттарға сәйкес жасауға құқылы;

осы баптың 3-1-тармағында аталған ұйымдар қаржылық есептілікті халықаралық стандарттарға сәйкес жасауға құқылы.»;

3) 7-бапта:

3-тармақтың 7)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«7) сәйкестендіру нөмірі.»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Есепке қабылданған бастапқы құжаттарда қамтылған ақпарат бухгалтерлік есеп тіркелімдерінде жинақталады және жүйеленеді.»;

4) 15-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Қаржылық есептілікке ұйымның басшысы және бас бухгалтері, дара кәсіпкер қол қояды.

Бухгалтерлік есебін бухгалтерлік ұйым немесе кәсіби бухгалтер жүргізетін ұйымның қаржылық есептілігіне ұйымның басшылығы, сондай-ақ бухгалтерлік ұйымның басшысы немесе кәсіби бухгалтер қол қояды.

Бұқаралық мүддедегі ұйымның қаржылық есептілігіне ұйымның басшылығы және кәсіби бухгалтер болып табылатын бас бухгалтер қол қояды.»;

5) 16-бапты мынадай редакцияда жазылсын:

«16-бап. Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары

Қаржылық есептілікті жасауды ұйымдар Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары Қорының оларды ресми аударуға және (немесе) Қазақстан Республикасында жариялауға жазбаша рұқсаты бар ұйым қазақ және орыс тілдерінде жариялаған халықаралық стандарттарға және шағын және орта кәсіпорындарға арналған халықаралық стандарттарға сәйкес жүзеге асырады.».

6) 21-бапта:

5-тармақта:

1)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) кәсіби ұйымның құрамында бухгалтерлік есеп немесе аудит саласында кемінде екі жыл расталған жұмыс тәжірибесі бар кемінде үш жүз кәсіби бухгалтерінің болуы;»;

алтыншы абзац алып тасталсын;

7) 22-бапта:

5-тармақтың екінші абзац алып тасталсын;

12. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына:

1) Заңның барлық мәтіні бойынша «кеден одағы» деген сөздер «Кеден одағы» деп бас әріппен жазылсын

3) 11-2-бап алып тасталсын;

4) мынадай мазмұндағы 17-1-баппен толықтырылсын:

«17-1-бап. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 195-бабы 1-тармағының 1) тармақшасын қолдану мақсатында, 2013 жылғы 1 қаңтардан кейін шет ел валютасында табыстарды төлеген кезде, 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелген, төлем көзінен салынатын табыс көлемі табыстарды төлеу күніне валютаны айырбастаудың нарықтық бағамын қолданумен теңгеде қайта есептеледі.»;

5) 25-бапта:

5-тармақтың төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Осы қорытындыны алу үшін салық қызметі органдары осындай қорытындыны жасаған күнгі жағдай бойынша валюта түсімдері туралы тиісті сауал жібереді.»;

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Салықтық тексеру аяқталған күнгі сомалардың шегiнде қосылған құн салығын қайтару жүргiзiлмейдi:

тексерілетін салық төлеушінің өнім берушісі бұдан бұрын жіберілген сұрату салу бойынша қарсы тексеру жүргізілген кезде анықталған бұзушылықтарды жоймаған болса;

бұрын жiберiлген сауал салу бойынша уәкiлеттi орган алған жауаптар негiзiнде мониторингке жататын iрi салық төлеушi бойынша қосылған құн салығы сомасының дұрыстығы расталмаса;



қарсы тексеруді жүргізудің мүмкіншілігі болмағандыққа байланысты, қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығы расталмаған, оның ішінде мынадай себептерден:

орналасқан орны бойынша өнім берушінің жоқтығы;

өнім берушінің есептік құжаттамаларын құқық қорғау органдарының алып қоюы;

өнім берушінің есептік құжаттамаларын жоғалтуы;

Бұл ретте, салықтық тексеру актiсiнде қосылған құн салығын мұндай қайтармаудың негiздемесi көрсетiледi.»;

14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Өнім берушіге міндетті қарсы тексеру жүргізу және (немесе) ірі салық төлеушілер мониторингі бойынша есептілік негізінде қосылған құн салығы сомасының дұрыстығын растау туралы салық қызметі органына сұрату жіберу туралы шешім «Пирамида» аналитикалық есеп талдауының нәтижесі бойынша айқындалған алшақтық бойынша тікелей өнім берушілер бойынша қабылданады.

Осы баптың мақсаты үшін «Пирамида» аналитикалық есеп – бұл қосылған құн салығы бойынша салық төлеушінің (салық агентінің) тапсырған салық есептілігін зерттеу және талдау негізінде салық қызметі органдары жүзеге асыратын бақылаудың нәтижесі.»;

6) 32-1-бап алып тасталсын;

7) 47-баптың 1)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 39, 40, 561, 562, 563, 564, 580-баптарын, 562-бабының 8, 9-тармақтарын, 570-бабының 5-тармағының 2) тармақшасын және 581-бабының 3) тармақшасын қоспағанда, бүкіл мәтіні бойынша «сәйкестендіру нөмірі», «сәйкестендіру нөмірлері», «сәйкестендіру нөмірімен», «сәйкестендіру нөмірлерімен» деген сөздер «салық төлеушінің тіркеу нөмірі», «салық төлеушілердің тіркеу нөмірлері», «салық төлеушінің тіркеу нөмірімен», «салық төлеушілердің тіркеу нөмірлерімен» деген сөздер болып саналсын;»;»;

8) 48-баптың 2)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін 562-баптың 8-12-тармақтарының;»;

9) 49-бапта:

«2017 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылатын 228-баптың 2-тармағын:»;

абзац третий пункта 8 изложить в следующей редакции:

««250-бап. Есепке жатқызу әдісімен импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу



1. Тауарларды еркін айналыс үшін шығарудың кедендік режимімен не ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылатын мынадай тауарлар:

1) жабдықтар;

2) ауыл шаруашылығы техникасы;

3) автомобиль көлігінің жылжымалы жүк құрамы;

4) тікұшақтар мен ұшақтар;

5) теміржол локомотивтері мен вагондар;

6) теңіз кемелері;

7) қосалқы бөлшектер;

8) пестицидтер (улы химикаттар);

9) асыл тұқымды малдың барлық түрлерi мен қолдан ұрықтандыруға арналған жабдықтар бойынша қосылған құн салығын төлеушілер қосылған құн салығын осы бапта белгіленген тәртіппен есепке жатқызу әдісімен төлейді.

Аталған тауарлар тізбесін және оны түзудің тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Бұл ретте осы тізбеге Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін немесе өндірісі Қазақстан Республикасының қажеттілігін жаппайтын тауарлар енгізіледі.»;

10) 49-1-баптың 1-тармағын мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелген күннен бастап талап ету мерзімі ішінде осы бапта белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, әкелінетін тауарларға қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде, тауарлар әкелу кезінде қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұлдар есептеле отырып төленуге тиіс.».

13«Ж



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет