Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы



бет2/17
Дата30.06.2016
өлшемі3.81 Mb.
#168567
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
мерзімдерін өзгерту отыз алты күнтізбелік айдан көп емес мерзімге жүргізіледі.

6. Салық қызметінің органы салық төлеушінің (салық агентінің) өтінішін алған күннен бастап он бес күнтізбелік күнен кешіктірмей қол қойылған күнінен бастап күшіне енетін мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

 1) салық төлеушімен келісілген салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді және (немесе) өсімпұлдарды төлеу мерзімдерін белгілейтін салық міндеттемесін орындау кестесін қоса бере отырып, салықтық тексерулер нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген есепке жазылған салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді және (немесе) өсімпұлдарды төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы;

2) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген есептелген салықтар, бюджетке басқа да міндетті төлемдер және (немесе) өсімпұлдар сомалары бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгертуден бас тарту туралы шешімдердің бірін қабылдайды.

7. Салық қызметі органдары осы баптың 6-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген шешімдерді қабылдаған жағдайда салық төлеуші (салық агенті) есептелген салықтар, бюджетке басқа да міндетті төлемдер және (немесе) өсімпұлдар сомаларын осындай шешім қолданылған мерзім ішінде ай сайын тең үлестермен төлеуді жүзеге асыруға міндетті.

8. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген есептелген салықтар, бюджетке басқа да міндетті төлемдер және (немесе) өсімпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімде ол бойынша төлеу мерзімі өзгертілген салықтардың, бюджетке басқа да міндетті төлемдердің және (немесе) өсімпұлдардың түрі мен сомасы, салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) не атауы, сәйкестендіру нөмірі және шешімнің қолданылу мерзімі көрсетіледі

9. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген есептелген салықтар, бюджетке басқа да міндетті төлемдер және (немесе) өсімпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгертуден бас тарту туралы шешім салық төлеуші осы тараудың ережелерін сақтамаған жағдайда қабылданады.»;

16) 52-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Салық және (немесе) өсімпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімнің қолданылуы тоқтатылады, оның ішінде:

1) салық төлеуші салықтың және (немесе) өсімпұлдардың бүкіл сомасын шешімде белгіленген мерзім аяқталғанға дейін төлеген жағдайда;

2) салық және (немесе) өсімпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау графигін бұзған жағдайда;

3) Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген есептелген салықтар, бюджетке басқа да міндетті төлемдер және (немесе) өсімпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы салық қызметі органының шешімде көрсетілген мерзім ішінде салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым берген жағдайда мерзімінен бұрын тоқтатылады.

Осы тармақшада көзделген талаптар басталған кезде салықтар, бюджетке басқа да міндетті төлемдер және (немесе) өсімпұлдар төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімнің қолданылуы салық қызметі органы осы Кодекстің 51-1-бабы 6-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген шешімді қабылдаған күннен бастап тоқтатылады.

17) 56-бапта:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Егер осы баптың 2-1-тармағында өзгеше белгіленбесе, салықтық есепке алу бухгалтерлік есеп деректеріне негізделеді. Бухгалтерлік құжаттаманы жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгіленеді.»;

мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

«2-1. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамалық актіге сәйкес бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті жүргізуді жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлер уәкілетті орган осы тарауда және осы Кодекстің 7-1-тарауында бекіткен ережелерге сәйкес бухгалтерлік есепті және қаржылық есептілікті жүргізуді жүзеге асырады.»;

4-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушілер, шаруа қожалықтары немесе фермер шаруашылықтары үшін арнайы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер осындай арнайы режим қолданылатын қызмет бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысан бойынша дербес әзірленген салықтық есепке алу саясатын бекітеді.»;

5-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Салықтық есепке алу саясаты, осы баптың 2-1-тармағы даракәсіпкерлердің салықтық есепке алу саясатын қоспағанда, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес әзірленген есепке алу саясатына жеке бөлім түрінде енгізілуі мүмкін.»;

6-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

«1-1) бастапқы есепке алу құжаттары – осы баптың 2-1-тармағында көрсетілген дара кәсіпкерлер үшін;»;

18) 57-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Есепке жазу әдісі - есепке алу әдісі, оған сәйкес операциялар мен өзге де жағдайлардың нәтижелері олардың жасалған фактісі бойынша, оның ішінде ақшаны немесе оның эквивалентін алған немесе төлеген күннен бастап емес, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету, мүлікті өткізу немесе кіріске алу мақсатында тауарларды сатып алушыға немесе оның сенім білдірілген өкіліне тиелген және берілген күннен бастап танылады.

19) 59-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Салық төлеуші (салық агенті) есепке алу құжаттамасын электрондық түрде жасаған кезде салықтық тексеру барысында салық қызметінің органдары лауазымды адамдарының талап етуі бойынша осындай құжаттаманың, электронды жүрде жазылған шот-фактураларды есептемегенде, қағаз жеткізгіштердегі көшірмелерін ұсынуға міндетті.

20) 60-бапта:

1-тармақта:

10) тармақша мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:

«Осы тармақтың 5), 9) және 10) тармақшаларының ережелері бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілікті жасау туралы заңнамалық актіге сәйкес бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есесптілікті жасауды жүргізбейді;»;

мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:

«11)   шот-фактураларды жазып берген кезде оларды нөмірлегенде пайдаланылатын цифрлардың ең жоғарғы саны.»;

21) мынадай мазмұндағы 7-1-тараумен толықтырылсын:

«7-1-тарау. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілікті жасау туралы заңнамалық актіге сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлердің салықтық есепті жүргізу ерекшеліктері»;

22) мынадай мазмұндағы 60-1-баппен толықтырылсын:

«60-1-бап. Жалпы ережелер

Осы Кодекстің осы тарауы мақсатында мынадай түсініктер қолданылады:

1) бастапқы eceпкe алу құжаттары – салықытық есеп жүргiзуге негiз болатын, операцияның немесе оқиғаның жасалу фактiсiнiң және оны жасауға берiлген құқықтың қағаз және электрондық жеткiзгiштегi құжаттық растамасы;

2) активтер - дара кәсiпкер бақылап отырған, болашақта экономикалық пайда алу күтiлетiн мүліктер;

3) мiндеттеме - дара кәсiпкердiң мойнында тұрған мiндетi, оны реттеу экономикалық пайданы қамтитын ресурстардың шығып қалуына әкеп соғады;

4) капитал - дара кәсiпкердiң барлық мiндеттемелер шегерiлiп тасталғаннан кейiнгi үлесі;

5) кiрiстер - есептi кезең iшiнде активтердiң түсiмi немесе ґсiмi немесе мiндеттемелердiң азаюы нысанында экономикалық пайданың ұлғаюы, олар капиталға қатысушы тұлғалардың жарнасымен байланысты ұлғаюдан ґзгеше капиталдың ұлғаюына әкеп соғады;

6) тауарлық-материалдық қорлар – бұл сатуға, сондай-ақ өндірістік процесте немесе жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде пайдалануға арналған активтер;

7) негізгі қаражат – бұл:

а) тауарларды сатқан, жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен кезде өндірісте қолдану үшін немесе әкімшілік мақсаттар үшін, оның ішінде басқа тұлғаларға жалға беру үшін салық төлеуші ұстап қалатын;

б) бір жалдан астам уақыт бойы пайдаланылуы болжанатын материалдық активтер;

8) материалдық емес актив – бұл физикалық нысаны жоқ, өндірісте қолдану үшін немесе әкімшілік мақсаттар үшін, оның ішінде басқа тұлғаларға жалға беру үшін салық төлеуші ұстап қалатын біріздендірілген сенімсіз актив;

9) биологиялық актив – ауылшаруашылық қызметінде пайдалануға арналған мал немесе өсімдік.

23) мынадай мазмұндағы 60-2-баппен толықтырылсын:

«60-2-бап. Бастапқы есепке алу құжаттарының нысаны мен оларды жасау талаптары.

1. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілікті жасау туралы заңнамалық актіге сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлер нысандары мен жасау жөніндегі талаптарын уәкілетті орган бекітетін бастапқы есепке алу құжаттарын қолданады.

2. Салық тіркелімдеріндегі жазулар бастапқы құжаттардың негізінде жүргізіледі.

24) мынадай мазмұндағы 60-3-баппен толықтырылсын:

«60-3-бап. Дара кәсіпкерлер операциялардың салықтық есебін операцияны жасаған күнге валютаны айырбастаудың нарықтық бағамын қолдана отырып шетел валютасымен жүзеге асырады. Бағамдық айырмашылықтың есеп-қисабы мен есебі салық салу мақсатында жүзеге асырылмайды.

2. Салықтық есепте тауар-материалдық қорлар (бұдан әрі – қорлар) оларды дара кәсіпкер немесе ол уәкілеттік берген тұлға алған кезде, оның ішінде құрамнан өзге де активтерді ауыстыру жолымен негізгі құралдарды бұзудың нәтижесінде дара кәсіпкер оларды өндіргеннен кейін танылады.

Қорлар олар түскеннен және шығып қалғаннан кейін өзіндік құнда көрсетіледі.

Қорлардың өзіндік құны қорларды сатып алуға, қайта өңдеуге арналған барлық шығындарды және оларды ағымдағы жай-күйіне және ағымдағы орналасу орындарына дейін жеткізу мақсатында жүргізілген өзге де шығындарды қамтиды.

Сатып алуға арналған шығындар сатып алу, импорт баждарын, салықтарды (өтелетіннен басқа), тасымалдау, өңдеу және тікелей сатып алуға байланысты басқа да шығыстарды қамтиды. Сауда жеңілдіктері, төлемдерді қайтару және өзге де ұқсас баптар шығындарды айқындаған кезде есептен шығарылады.

Қорларды қайта өңдеу шығындары еңбекақыға арналған тікелей шығындар сияқты шикізатты дайын өнімге қайта өңдеу кезінде жүйелі негізде бөлінетін тұрақты және ауыспалы өндірістік үстеме шығыстар өнімдерінің бірлігіне тікелей байланысты шығындарды қамтиды.

Қорлардың өзіндік құнын бағалау орташа өлшемді құн әдісі бойынша жүргізіледі (кезеңнің басына қорлардың орташа және кезең бойы сатып алынған (шығарылған) ұқсас қорларының құны).

Қорлардың ішкі ауысуы деген олардың дара кәсіпкер тағайындаған бір материалдық жауапты тұлғадан сол дара кәсіпкер тағайындаған басқа материалдық-жауапты тұлғаға ауысуын білдіреді. Қорлардың ішкі ауысу арқылы түсуі дара кәсіпкердің табысы болып табылмайды.

Қорларды жауапты түрде сақтауға немесе қайта өңдеуге беру кезінде дара кәсіпке осы мүлікті иеленуге байланысты барлық тәуекелдерді көтереді, сондықтан бұл қорлардың шығып кетуі дара кәсіпкердің салықтық есебінде көрсетілмейді.

Қорларды жауапты түрде сақтауға алуды дара кәсіпкер сақтау шартының негізінде немесе егер дара кәсіпкер қорларды алған және осы қорларды жеткізушілердің төлем талаптарының акцепт есептерінен және оларды төлеуден бас тартқан жағдайда акцептен бас тарту туралы өтініштің негізінде жүзеге асырады.

Қорлардың шығып қалу түрлері:



1) қорларды есептен шығару;

2) қорларды басқа жаққа өткізу;

3) қорлардың өзге де шығып қалуы, мыналарды қоса алғанда:

сақтау мерзімдерінің өтуі, моральдық тозуы, өзге де тұтынушылық қасиеттерін жоғалту жағдайлары;

түгендеу кезінде жетіспеушіліктерді анықтау;

қорларды ұрлау немесе бұзылуы;

апаттар, өрттер, табиғи зіл-залалар кезінде мүліктің бұзылуы.»;

25) 63-бапта:

3-тармақта:

1) тармақша алып тасталсын;

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) кезекті есептілік – салық төлеушіні тіркелу есебіне қою жүргізілген және (немесе) осы тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің белгілі бір түрлері бойынша салық міндеттемесі, міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау мен аудару және әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеу бойынша міндет алғаш туындаған салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдері үшін, сондай-ақ салық кезеңi iшiнде салық салу объектiлерi шығып қалған жағдайда – салық кезеңiнiң қорытындылары бойынша тұлға табыс ететін салық есептілігі;»;

26) 65-баптың 2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«6) тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында қызметті жүзеге асыруға байланысты заңды тұлға – резидент еместің есептен шығаруға жататын басқарушылық және жалпы әкімшілік шығыстары бойынша;»;


27) 66-баптың 1-тармағының оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Бұл ретте, есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есептелген қосылған құн салығы сомасынан асып кеткен сомасын қайтару жөніндегі талап қосылған құн салығы бойынша бастапқы, кезекті және (немесе) тарату декларацияларында көрсетілуі мүмкін..»;


28) 67-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес салық агенттері, міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер және Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес (жеңілдетілген декларация және патент негізінде шаруа немесе фермер шаруашылықтары үшін қолданылатын әлеуметтік салықтық режимдерді қоспағанда) әлеуметтік аударымдарды төлеушілер үшін Қазақстан Республикасының азаматтары бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық жөніндегі декларация мыналар туралы ақпараттарды көрсетуге арналған:

1) жеке табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналары есептелетін, оның ішінде өзінің пайдасына, сондай-ақ әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар есептелетін, оның ішінде өзінің пайдасына, және ұсталатын жеке тұлғалардың табыстары

2) алып тасталсын;

3) алып тасталсын;

4) есептелген салықтық міндеттемелер, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аулдарымдар сомаларында.

Салықтық бақылау мақсатында салық қызметі органдары қолданатын салықтық міндеттемелерді есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық жөніндегі декларацияларға қосымшалар.

Жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық жөніндегі декларацияларға қосымшалардың нысаны құрылымдық бөлімшелер бойынша есептелген жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықтың сомалары, жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық төлеушілердің әлеуметтік салықты есептеу туралы ақпаратты қамтуы мүмкін.

Осы тармақтың ережелері заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері үшін ұсынылатын Қазақстан Республикасының азаматтарына қатысты салық агенттері үшін жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық жөніндегі декларацияға да қолданылады.»;

29) 69-бапта:

1-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Осы баптың 3-тармағының 3-1-тарақшассына сәйкес салық есептiлiгiн кері қайтарып алған жағдайда, салық төлеушi (салық агентi) осындай есептілікті табыс ету орны бойынша салық органына салық есептiлiгiн кері қайтарып алу туралы салықтық өтiнiштi табыс етедi.»;

2-тармақта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) салық төлеуші осы Кодекстің 37, 38, 40-42-баптарына сәйкес салықтық тексеруді жүргізу басталғанға дейін қызметін қайта бастау туралы шешім қабылдаған жағдайда таратудың салық есептілігін;»;

сегізінші тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«Салық төлеуші (салық агенті) осы баптың 4-тармағында көрсетілген хабарламаны орындамаған кезде салық органы салық есептілігін кері қайтарып алуды салықтық өтінішсіз жою әдісімен жүргізеді. Кері қайтарып алу уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық органының салықтық есептілікті кері қайтарып алуға арналған шешімінің негізінде жүргізіледі.»;

3-тармақтың 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«4) салық төлеуші осы Кодекстің 37, 38, 40-43-баптарына сәйкес салықтық тексеру жүргізілгеннен кейін қызметін қайта бастау туралы шешім қабылдаған жағдайда таратудың салық есептілігін кері қайтару жүргізіледі.»;

5-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Салық төлеушінің (салық агентінің) мынадай:»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«Салық органдары салық есептілігін кері қайтарып алуды жүргізуге және салық төлеушіге (салық агентіне) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық есептілігін кері қайтарып алу туралы мынадай мерзімдерге хабарлама жіберуге міндетті:

1) осы баптың 1-тармағында көрсетілген және салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық өтінішінің негізінде салық есептілігін кері қайтарып алған жағдайда – осындай өтінішті берген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;

2) осы баптың 2-тармағында көрсетілген салық органы шешімінің негізінде салық есептілігін кері қайтарып алған жағдайда – осы баптың 4-тармағында көрсетілген хабарламаны орындау үшін қарастырылған мерзім аяқталған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде.»;

мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:

«7. Осы бап осы Кодекстің 276-22-бабында көзделген жағдайларға қолданылмайды.»;

30) 70-бапта:

1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

«Ұсыну мерзімі біріздендірілген номерлерге өтудің алдындағы күнге сәйкес келетін салық кезеңіндегі салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізген кезде осындай салық есептілігіне біріздендірілген нөмерлерді енгізген күнге дейін қолданыста болған салық төлеушінің тіркеу нөмірін міндетті түрде көрсету.»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Салық төлеушінің (салық агентінің) мынадай:

1) тексерілетін салық кезеңіне – салықтар және бюджетке басқа да міндетті төлемдер, салықтық тексеру жүргізудің алғышартында көрсетілген міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар түрлері бойынша кешенді және тақырыптық тексерулер жүргізу кезеңінде (ұзартуды және тоқтатуды ескере отырып);

2) шағымданатын салық кезеңіне – салықтар және бюджетке басқа да міндетті төлемдер, салықтық тексеру жүргізудің алғышартында көрсетілген міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар түрлері бойынша шағымдар берудің қалпына келтірілген мерзімін ескере отырып, салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) салық қызметінің жоғары тұрған органының хабарламаға жасалған шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешіміне шағым беру және оны қарау мерзімі кезеңінде;

3) қосымған құн салығын қайтару туралы талаптың бөлігінде;

4) аваннстық төлемдерді төлеу мерзімі келген салық кезеңіндегі айлар үшін корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер бойынша;

5) ағымдағы салық кезеңінде 20 қаңтардан кейін – алдындағы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларация тапсырғанға дейінгі кезеңге төленуі тиіс корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер бойынша;

6) ағымдағы салық кезеңінде 20 делтоқсаннан кейін – алдындағы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларация тапсырғанға дейінгі кезеңге төленуі тиіс корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер бойынша;

7) заңды тұлға – резидент еместің басқарушылық және әкімшілік шығыстарын шегерімге жатқызу әдісін өзгерту бөлігінде тиісті салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуіне жол берілмейді.

31) 71-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Мониторинг жасауға жататын ірі салық төлеушіде осы баптың 1-тармағында көрсетілгенсол салықтық өтінім берген күнге алдындағы он екі айлық кезеңде мониторинг бойынша есептілік беру мерзімдерінің бұзылу фактілері болған жағдайда мониторинг бойынша есесптілікті ұсыну мерзімін ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылданады.»;

32) 72-баптың 3-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзарту туралы салықтық өтінішті салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігін табыс ету үшін осы Кодекстің 76-бабында белгіленген тәртіпте тіркелу есебі орны бойынша салық органына осы Кодексте белгіленген мерзім өткенге дейін салық есептілігін ұсыну үшін береді.»;

33) 77-бапта:

5) тармақша алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:

«Осы тармақтың ережелері бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамалық актіге сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлерге қолданылмайды.»;

Мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

«4-1. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамалық актіге сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлер үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі мыналар бойынша ақпараттарды көрсету үшін салықтық тіркелімдер нысандарын белгілеуге құқылы:

1) табыстарды есепке алу;

2) сатып алынған тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді есеспке алу;

3) төлем көздерінде салық салынатын заңды тұлғалардың табыстарын, осындай табыстар бойынша салықтық міндеттемелерді, барлық салықтар мен аударымдарды қоса алғанда міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың есесбі бойынша міндеттемелерді есепке алу;

4) мыналар бойынша салықтық міндеттемелерді:

қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы;

жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы.»;

34) 78-бапта:

1-тармақта:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Егер осы бапта өзгеше белгіленбеген болса Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес үш жылдан асатын мерзімге жасалған лизинг шарты бойынша мүлікті беру, егер ол мынадай талаптардың біріне сай келсе:»;

алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:



«Осы Кодекстің мақсаттары үшін қайталама лизинг деп лизинг шарты (бұдан әрі осы баптың мақсаттары үшін – бастапқы лизинг шарты) тоқтатылған, бұзылған не лизинг нысаналары санының өзгеруіне байланысты ол өзгертілген жағдайда лизинг берушінің меншігінде қалған лизинг нысаналарын басқа лизинг алушыға (алушыларға) лизингке мынадай талаптарды бір мезгілде сақтай отырып беру танылады:»;

4-тармақта:

3) және 3-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«3) лизинг шартын жасасу күнінен бастап үш жыл өткенге дейін олар бойынша лизинг алушыны қайта ұйымдастырумен байланыстыларынан басқа лизинг алушыны ауыстыру болған лизингтік мәмілелер;

3-1) қайта құру жолымен оны қайта ұйымдастыру жағдайын қоспағанда міндеттемелердегі тұлғалардың нәтижесінде лизинг беруші ауыстырылған лизингтік мәмілелер;»;

Мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

«5. Лизинг шартында айтылған талаптарда коэффициентті (индексті) қолданған кезде лизингтік төлемдер мөлшерінің өзгеруі лизингтік төлемдерді индекстеуді білдіреді.»;

35) 79-бап алып тасталсын;

36) 85-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Егер табыстардың бірнеше баптарында бір және сол табыстар көрсетілуі мүмкін болатын жағдайда, көрсетілген табыстар жылдық жиынтық табысқа бір рет енгізіледі.

Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбеген болса осы бөлімнің мақсаты үшін табысты тану, оны таныған күнді қоса алғанда, қаржылық есептіліктің халықапралық стандарттары мен Бухгалатерлік есеп және қаржылық есептілік туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Табыстың қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес танылу күні табыстың осы Кодекске сәйкес танылу күнінен ерекшеленетін жағдайда, көрсетілген табыс салық салу мақсатына орай бір рет есепке алынады.»;

37) 87-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Егер осы баптың 13-тармағында өзгеше белгіленбеген болса құн өсімінен түсетін табыс:

1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекет мұқтажы үшін сатып алынған активтерді қоспағанда, амортизацияға жатпайтын активтерді өткізу;

2) амортизацияға жатпайтын активтерді жарғылық капиталға салым ретінде беру;

3) бірігу, қосылу, бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыру нәтижесінде амортизацияға жатпайтын активтердің шығып қалуы кезінде құралады.

Осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда құн өсімінен түсетін табыс амортизацияға жатпайтын активті өткізу жүзеге асырылған салық кезеңінде танылады.

Осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда құн өсімінен түсетін табыс жарғылық капиталға үлес ретінде амортизацияға жатпайтын активті беру жүзеге асырылған салық кезеңінде танылады.

Осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда құн өсімінен түсетін табыс:

бірігу, қосылу, бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыру кезінде – тарату салық есептілігі ұсынылған салық кезеңінде;

бөліп шығару жолымен қайта ұйымдастыру кезінде – бөліну балансы бекітілген салық кезеңінде танылады.»;

4-тармақта:

Бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Егер осы баптың 12-тармағында өзгеше белгіленбесе осы баптың 2-тармағының 1)-4) тармақшаларында көрсетілген активтердің бастапқы құны сатып алуға, өндіруге, салуға арналған шығындардың, сондай-ақ олардың құнын арттыратын, оның ішінде қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет