4-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Салық органдары жеке тұлғаны дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебіне қоюды жеке тұлғаның салықтық өтінішін алған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде жүргізеді.
Жеке тұлғаны дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебіне қоюдан салық органдары бас тартуы, мынадай жағдайда жүргізіледі, егер:
1) салықтық өтініште көрсетілген жеке басын куәландыратын құжаттың деректері салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасындағы жеке тұлғалар туралы уәкілетті мемлекеттік органның деректеріне сәйкес келмесе;
2) салықтық өтініште көрсетілген нотариустық, қызметті, атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметті, адвокаттық қызметтi жүзеге асыруға құқыққа берілген лицензияның деректері салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасындағы лицензия туралы уәкілетті мемлекеттік органның деректеріне сәйкес келмесе;
3) салықтық өтініште көрсетілген орналасқан орнының мекенжайы әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағы туралы, олардың бөлімдері, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген жылжымайтын мүлік объектілерінің орналасқан орны туралы уәкілетті мемлекеттік органның деректері бойынша жоқ болса;»;
5-тармақша алып тасталсын;
6-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Дара кәсіпкер орналасқан орны бойынша салық органына дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті алу үшін салықтық өтінішті табыс еткен жағдайда, салық органы салықтық өтінішті алған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде осындай куәлікті береді.»;
мынадай мазмұндағы 7-тармақшасымен толықтырылсын:
«7. Дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға туралы ақпарат дара кәсіпкер ретінде тіркелген күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік органның сайтына орналастырады.»;
234) 566-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат осы баптың 1-тармағында көрсетілген салықтық өтінішті:
1) дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікте көрсетілген тіркеу деректері және (немесе) салықтық өтініште көрсетілген бірлескен дара кәсіпкерлікке қатысушылар (мүшелер) туралы деректер;
2) жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың орналасқан жері.
Осы тармақта көрсетілген салықтық өтінішін табыс етуге мерзім, осы 2-1-тармаққа сәйкес салықтық өтінішті табыс еткен кезде таралмайды.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармағымен толықтырылсын:
«2-1. Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікте сәйкестендіру нөмірі жоқ болған жағдайда, дара кәсіпкердің орналасқан орны бойынша салық органына табыс еткен салықтық өтінішінің негізінде мұндай куәлікті ауыстыруға тиіс.
Бұл ретте осы 3-тармақтың 1) тармақшасында көзделген құжаттарды қоспай-ақ табыс етіледі.»;
3, 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың тіркеу деректерін өзгерту үшін салықтық өтінішке:
1) дара кәсіпкер - дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңнамасына сәйкес дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу кезінде табыс етілетін құжаттарды;
2) жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат – түпнұсқаны көрсетумен, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың орналасқан орнын растайтын құжаттың көшірмесі.
Егер дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың тіркеу деректерін өзгерту үшін салықтық өтініш электронды түрде табыс еткен жағдайда, осы тармақта көзделген құжаттар табыс етілмейдi.
4. Салық органы дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікте көрсетілген дара кәсіпкердің тіркеу деректеріне өзгерістер енгізуді, егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, салық органы дара кәсіпкердің тіркеу деректерін өзгерту үшін ұсынылған салықтық өтінішті алған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде жүргізеді.
Салық органдары дара кәсіпкердің тіркеу деректеріне өзгерістер енгізуден бас тартуы, мынадай жағдайда жүргізіледі, егер:
1) дара кәсіпкер осы Кодекстің 579-бабына сәйкес әрекетсіз салық төлеуші деп танылса;
2) салықтық өтініште көрсетілген жеке басын куәландыратын құжаттың деректері салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасындағы жеке тұлғалар туралы уәкілетті мемлекеттік органның деректеріне сәйкес келмесе;
3) салықтық өтініште көрсетілген орналасқан орнының мекенжайы әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағы туралы, олардың бөлімдері, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген жылжымайтын мүлік объектілерінің орналасқан орны туралы уәкілетті мемлекеттік органның деректері бойынша жоқ болса.
5. Салық органы жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың орналасқан жері туралы мәліметтерді өзгертуді тіркеу деректерін өзгерту үшін ұсынылған салықтық өтінішті алған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде жүргізеді.
Салық органдары осы Кодекстің 565-бабы 4-тармағында белгіленген жағдайларда жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың орналасқан жері туралы мәліметтерді өзгертуден бас тартады.»;
235) 567-бап мынадай мазмұндағы 4-тармағымен толықтырылсын:
«4. Дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған жеке тұлға туралы ақпарат тіркеу есебінен шығарған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік органның сайтына орналастырылуы тиіс.»;
236) 568-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Сенімгерлік басқарушы орналасқан жері бойынша салық органына сенімгерлік басқару шартын жасасқан күннен не егер құрылтайшы сенімгерлік шарты бойынша не пайда алушы сенімгерлік басқару туындаған өзге жағдайларда қосылған құн салығын төлеуші болып табылса, сенімгерлік басқарудың туындауына негіз болып табылатын өзге құжат күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей келу тәртібімен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салық өтінішін беруге міндетті. Өзге жағдайларда мұндай құрылтайшыны немесе пайда алушыны, сондай-ақ сенімгер басқарушыны міндетті түрде тіркеу есебіне қою осы баптың 2-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Резидент заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасындағы қызметін филиалдар, өкілдіктер арқылы жүзеге асыратын резидент еместер қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін ұсынылған салықтық өтінішке салық төлеушінің орналасқан жерін растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін міндетті түрде қоса береді.
Салық төлеушінің орналасқан жерін растайтын құжат:
жылжымайтын мүлікке меншік (оларды пайдалану) құқығын растайтын құжат, немесе
жылжымайтын мүлік құқығында орналасқан жері ретінде мәлімдеген жеке тұлғаның жазбаша келісімі болып табылады.
Орналасқан жерді растайтын құжат көшірмесін нотариат куәландырған күні мен оны салық органына табыс ету күнінің арасындағы мерзім он жұмыс күнінен аспауға тиіс.»;
237) 571-бапта:
4-тармақы мынадай мазмұндағы 1-1)-тармақшасымен толықтырылсын:
«1-1) жазбаша түсіндірме табыс етуге осы Кодекстің 558-бабы 55тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзімнің соңғы күніне мұндай салық төлеушінің ашылған банк шоттары болмаған жағдайда, осы Кодекстің 558-бабы 4-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген талапты орындамаған; »;
5-тармақтың үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«осы баптың 4-тармағының 1-1) тармақшасында көзделген жағдайда, осы Кодекстің 558-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім өткен күннен бастап;»;
6-тармақтың екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«осы баптың 4-тармағы 1), 1-1), 2) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар үшін - осы шешім шығарылған күннен бастап;»;
7-тармақта:
1)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын резидент заңды тұлға, Қазақстан Республикасы аумағында филиал, өкілдіктер арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға, дара кәсіпкер қызметін тоқтатқан жағдайда, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, - осы Кодекстің 37, 41-баптарында көрсетілген салықтық өтінішті тапсыру күнінен бастап;»;
мынадай мазмұндағы 4)-тармақшасымен толықтырылсын:
«4) дара кәсіпкер ретінде тіркелген және қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын жеке тұлға қайтыс болған жағдайда осы Кодекстің 564-бабы 1-тармағында белгіленген тәртіпте салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасынан шығарған күнінен бастап;»;
238) 573-баптың 5-тармақтың бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Салық төлеушiнiң электрондық цифрлық қолтаңбасын жоюды салық органы бір жұмыс күнi iшiнде мынадай жағдайларда:»;
239) 574-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қоюға қызметтің мынадай түрлерін:
1) бензинді (авиациялықтан басқа), дизель отынын өндіруді;
2) бензинді (авиациялықтан басқа), дизель отынын көтерме және (немесе) бөлшек сатуды;
3) этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін өндіруді;
4) алкоголь өнімін көтерме және (немесе) бөлшек сатуды;
5) темекі өнімдерін өндіруді және (немесе) көтерме сатуды;
6) лотереялар ұйымдастыруды, өткізуді және лотерея билеттерін сатуды;
7) ойын бизнесін;
8) ұтыссыз ойын автоматтарын, оның ішінде балалардың ұтыссыз ойын автоматтарын ойын өткізу үшін пайдаланылатын жеке компьютерлерді, ойын жолдарын, карталарды, бильярд үстелдерін пайдалана отырып көрсетілетін қызметтерді;
9) осы Кодекстің 279-бабының 6) тармақшасында көзделген акцизделетін тауарларды өндіруді, жинауды (жинақтауды) жүзеге асыратын салық төлеушілер жатады.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген салықтық өтініш салық органына егер осы бапта өзгеше көзделмесе, жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыру басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей, мынадай құжаттардың көшірмелері қоса беріле отырып табыс етіледі:
1) осы баптың 1-тармағы 2) - 4) тармақшаларында көрсетілген қызметті жүзеге асырған кезде - меншік құқығын растайтын құжат немесе мұнай өнімдері базасын (ыдысты), автомобильге май құю станцияларын, алкоголь өнімін көтерме саудада өткізу кезінде қойма (қосалқы, инженерлік-техникалық) үй-жайларды жалдау шарты;
2) осы баптың 1-тармағы 1), 3), 4), 5) (темекі өнімдерін көтерме саудада өткізуді қоспағанда), 6), 7) тармақшаларында көрсетілген қызметті жүзеге асырған кезде - осы баптың 1-тармағы 1), 4), 7) тармақшаларында көрсетілген қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензиялар.
3) ұтыссыз ойын автоматтарын, оның ішінде балалардың ұтыссыз ойын автоматтарын пайдалана отырып, осы баптың 1-тармағы 8) тармақшасында көрсетілген қызметті жүзеге асырған кезде - ойын автоматтарының әрбір түріне (ол болған кезде) техникалық паспорты және сертификаты;»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Салық төлеушіде бірнеше ойын мекемелері (стационарлық орындары) болған жағдайда, тіркеу карточкасы әрбір ойын мекемесіне (стационарлық орынға) беріледі. Стационарлық орын - ұтыссыз ойын автоматтарын, оның ішінде балалардың ұтыссыз ойын автоматтарын ойын өткізу үшін пайдаланылатын жеке компьютерлерді, ойын жолдарын, карталарды, бильярд үстелдерін пайдалану арқылы қызмет көрсету бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын орын.»;
240) 577-бапта:
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Салық салу объектiсiнiң және (немесе) салық салуға байланысты объектiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына тiркеу есебiне қою үшiн осы баптың 2-тармағында көрсетiлген салықтық өтiнiштi ұсыну бойынша мiндеттеме, сондай-ақ осы Кодекстің ерекше бөліміне сәйкес заңды тұлғаның шешімімен мүлік салығын, жер салығын және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді дербес төлеуші ретінде танылған құрылымдық бөлімшеге де таралады. Өтiнiшке осы Кодекстің ерекше бөліміне сәйкес құрылымдық бөлімшені мүлік салығын, жер салығын және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді дербес төлеуші ретінде тану туралы заңды тұлға шешімінің көшірмесі қоса беріледі.»;
4- тармақ алып тасталсын;
241) 578-бапта:
2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Бір салық органында тіркеу есебіне қою жүзеге асырылған салық салудың барлық объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектіге меншік, тұрақты жер пайдалану, бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану, өтеулі уақытша жер пайдалану, сенімгерлік басқару құқығы тоқтаған жеке тұлға, салық органында аталған мәліметтер жоқ болған жағдайда салық органына мұндай объектілердің орналасқан жері бойынша тіркеу есебінен шығару үшін салықтық өтініш беруге құқылы.
3. Бір салық органында тіркеу есебіне қою жүзеге асырылған салық салудың барлық объектілері және (немесе) және (немесе) салық салуға байланысты объектіге меншік, тұрақты жер пайдалану, бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану, өтеулі уақытша жер пайдалану, шаруашылық жүргізу, сенімгерлік немесе жедел басқару, концессия келісімшарты бойынша құқығы тоқтаған заңды тұлға, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салықтық өтініштің негізінде мұндай объектілердің орналасқан жері бойынша тіркеу есебінен шығарылады.
Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері тіркеу есебінен салық салудың барлық объектілері және (немесе) және (немесе) салық салуға байланысты объектінің орналасқан жері бойынша осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген салықтық өтініштің негізінде:
заңды тұлға осы Кодекстің ерекше бөліміне сәйкес мүлік салығын, жер салығын және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді дербес төлеуші ретінде тану туралы шешімін жойғанда;
заңды тұлғаның бір салық органында құрылымдық бөлімшені тіркеу есебіне қою жүзеге асырылған салық салудың барлық объектілері және (немесе) және (немесе) салық салуға байланысты объектілерге осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құқығы тоқтатылған жағдайларда шығарылады.
Бұл ретте заңды тұлға мүлік салығын, жер салығын және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді дербес төлеуші ретінде тану туралы шешімін жойған жағдайда, салықтық өтінішке мұндай шешімнің көшірмесін қоса береді.
Бұл тармақтың ережелері салық салудың барлық объектілері және (немесе) және (немесе) салық салуға байланысты объектілерге құқығы құқығының тоқтаған жағдайында, егер шарт бойынша мұндай заңды тұлғалар осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес тіркеу есебіне шығарылған заңды тұлғаларға таралмайды»;
4- тармақ алып тасталсын;
242) 579-бапта:
2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Әрекетсіз заңды тұлға болып осы Кодексте белгіленген декларацияны тапсыру мерзімі бір жыл өткен соң салық кезеңі үшін:
корпорациялық табыс салығы бойынша;
ойын бизнесінің салығы бойынша, тіркелген салық бойынша, жеңілдетілген декларация бойынша, егер көрсетілген салық кезеңінен кейінгі үш салық кезеңі үшін мұндай декларация тапсырылмаған жағдайда, резидент заңды тұлға, Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға, сондай-ақ резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі әрекетсіз заңды тұлға танылады.
3. Әрекетсіз дара кәсіпкер болып осы Кодексте белгіленген декларацияны тапсыру мерзімі бір жыл өткен соң салық кезеңі үшін:
жеке табыс салығы бойынша;
ойын бизнесінің салығы бойынша, тіркелген салық бойынша, жеңілдетілген декларация бойынша, егер көрсетілген салық кезеңінен кейінгі үш салық кезеңі үшін мұндай декларация тапсырылмаған жағдайда
немесе соңғы патенттің қолданыс мерзімі аяқталған күннен бастап екі жыл ішінде патент құнының есебін тапсырмаған дара кәсіпкер танылады.»;
мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. Салық төлеушіні Заңды тұлғалар мемлекеттік тiзiлiмнен шығарып тастаған немесе дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарған жағдайда, мұндай салық төлеушілер бір мезгілде әрекетсіз салық төлеушілер тiзiлiмнен шығарылады.»;
243) 580-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Таратылуына (қызметін тоқтатуына) байланысты құжаттық тексеру жүргізуге өтініш немесе қызметін тоқтату туралы салықтық өтініш берген тұлға тарату сатысында тұрған салық төлеуші болып танылады.
Тарату сатысында тұрған салық төлеуші туралы ақпарат таратылуына (қызметін тоқтатуына) байланысты құжаттық тексеру жүргізуге өтініш немесе қызметін тоқтату туралы салықтық өтініш берген тапсырған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органның сайтына орналастырылады.»;
244) 581-бапта:
6)-тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) клиентке қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыруға клиенттің банк шоттарында жеткілікті ақшасы болған кезде, бірінші кезектегі тәртіппен банк шотынан салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша салық төлеушінің төлем тапсырмасын орындауға міндетті. Осындай тәртіпте салық берешегінің сомасын өндіріп алу туралы салық органының инкассалық өкімін алған күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей орындауға міндетті.»;
Достарыңызбен бөлісу: |