10-4) тармақшасы алынып тасталсын;
6) 7-бапта:
3-1) тармақшасында «және оларды орналастыру жоспарына» деген сөздер «және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастырудың болжамды жоспарына;» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын:
«3-2) жеке тұтынушыларға атаулы көмек көрсетеді.»;
7) 7-1-бапта:
6-тармақ мынадай мазмұндағы 5), 6) тармақшалармен толықтырылсын:
5) генерацияның күшті кезеңінде энергия жинақтау режимінде және жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын электр қондырғыларында генерацияның төмендеуі немесе болмауы кезеңінде қуат беру режимінде жұмыс істеуге тиіс күн электр станцияларын энергия жинақтау құрылғыларымен жарақтандыруға міндетті;
6) электр энергия өнімдеуді ішкі тәулікті қалыптастыруды жүйе операторының орталық жедел-диспетчерлік қаулысымен Қазақстан Республикасының біріңғай электр энергетика жүйесімен жүзеге асыру.»
мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын барлық энергия өндіруші ұйымдар өзінің жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісінде коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі (ЭКЕАЖ) болуға міндетті. ЭКЕАЖ-де деректерді жаңартылатын энергия көздерінің объектілері өндірген және желіге жіберген электр энергиясын автоматтандырылған коммерциялық есепке алу мақсатында өңірлік диспетчерлік орталықтарға қашықтықтан беру мүмкіндігі болуға тиіс.»;
8) 8-1-баптаның 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарымен көзделген нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі бұрын бекітілген тіркелген тарифтердің деңгейлерін жыл сайын түзетуге құқылы. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітілген тіркелген тарифтерді түзету туралы актісі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде алғашқы ресми жарияланғанынан кейін кемінде екі жылдан соң қолданысқа енгізіледі.
Қуаты аз жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын объектілерді енгізуді ынталандыру үшін, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін табиғи, климаттық, техникалық немесе өзге де жағдайлардағы қолайлылығы аз жергілікті жерлерді электрмен қамтамасыз ету үшін тіркелген тарифтер жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын объектілерінің белгіленген қуаты бойынша сараланады.
Осы тармақтың күші қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдармен жасасқан қолданыстағы сатып алу-сату шарттарына қолданылмайды.»;
9) 9-бапта:
3-тармақта «айда», «айға» деген сөздер «тоқсанда», «тоқсанға» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Шартты тұтынушының қаржы-есеп айырысу орталығынан жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын объектілер өндірген электр энергиясын сатып алуға жұмсайтын шығындары электр энергиясына шекті тарифтің (бағаның) шамасын айқындаған кезде ескеріледі.»;
7-тармақта екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар электр энергиясын беру кезінде энергия беруші ұйымдардың электр энергиясын тиісті шығындарды Қазақстан
Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен ұйымдардың тарифтеріне қосып, беру қызметтеріне ақы төлеуден босатылады.»;
мынадай мазмұндағы 8-1)-тармақпен толықтырылсын:
«8-1. Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымның энергиямен жабдықтайтын ұйымнан кез келген есеп айырысу кезеңі ішінде осы энергия өндіруші ұйымның таратушы немесе магистральды электр желісіне қосу нүктесі (барлық нүктелері) электр энергиясын желіден тұтыну көлемі мен оған беру көлемін бөлек есептеу жүйесімен жабдықталған жағдайда қуаттарды жөндеу, олардың авариялық істен шығуы жағдайларында жеке мұқтаждары көлемінде сатып алуға құқығы бар.
Мұндай электр энергиясын жеке мұқтаждар үшін сатып алу Қазақстан Республикасының электр энергиясының көтерме нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуінің қолданыстағы қағидаларына сәйкес және энергиямен жабдықтайтын ұйымдардың қолданыстағы тарифтері бойынша жүзеге асырылады.»;
9-тармақта:
екінші абзацта «жоғарыда көрсетілген асып кету көлемінде, бірақ айына бес жүз киловат-сағаттан аспайтын көлемде» деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші абзацтармен толықтырылсын:
«Электр энергиясының артығын сатуға арналған өтінімді нетто-тұтынушы энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға күнтізбелік есепті жыл басталғанға дейін береді. Өз кезегінде энергиямен жабдықтаушы ұйым
нетто-тұтынушыдан электр энергиясының артығын сатып алуға жұмсайтын шығындарды өзінің келесі күнтізбелік есепті жылға арналған тарифінде ескереді.
Электр энергиясын нетто-тұтынушыдан энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың сатып алуы-сатуы уәкілетті орган әзірлеген және бекіткен нетто-тұтынушылардан электр энергиясын сатып алу-сату қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Атаулы көмек алған жеке тұтынушы осы қондырғыда шығарылған электр және (немесе) жылу энергиясын басқа тұтынушыларға сатуды жүзеге асыруға құқылы емес.»;
10) 10-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі жаңа немесе қолданыстағы объектілерді құруды (кеңейтуді, қайта құруды) жоспарлайтын энергия өндіруші ұйым уәкілетті орган электр желілік ережеге сәйкес әзірленген электр станцияларынан қуат беру схемасын бекіткен күннен бастап бір айдан кешіктірмей энергия жеткізуші ұйыммен уәкілетті орган бекіткен үлгі шартқа сәйкес жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді іске қосу туралы шарт жасауы тиіс.»;
5-тармақта «көздерін» деген сөзге дейін «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі тікелей қосылатын кіші электр станцияларын кеңейтуді және реконструкциялауды қоспағанда, жаңартылатын энергия» деген сөздермен толықтырылсын.».
9. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2010 ж., № 12, 60-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 6, 46-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы, 2014 жылғы 31 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-бапта:
88) тармақша «газ тектес көмірсутектермен» деген сөздерден кейін «, көмір қабаттарының метаны, тақтатас газы және тығыз жыныстардың газымен» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 120) тармақшамен толықтырылсын:
«120) көмір қабаттарының метаны – газ тектес жай-күйдегі, көмір бассейндерін газдан тазарту процесінде алынатын газды өндіру және/немесе қайта өңдеу өнімі болып табылатын және компоненттерінің сапалық
және сандық құрамы бойынша техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың талаптарына жауап беретін, метанның құрамы басым көмірсутектердің көп компонентті қоспасы.».
10. «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж. № 2, 8-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-1, 19-2, 96-құжат; 2014 жылғы 30 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-бапта:
42) тармақшада «көмір бассейндерінің газы» деген сөздер «көмір қабаттарының газы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 26-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында «газ желісі ұйымдары» деген сөздер «Қазақстан Республикасы ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарынан бөлек заңды түрде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғалардан келісім-шарт бойынша сатып алынған сұйытылған мұнай газының иелеріне» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 27-бапта:
1-тармағының 4) тармақшасында «сондай-ақ осы баптың 6-тармағы екінші бөлігінің ережелері ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерге өткізілген жағдайда» деген сөздер алынып тасталсын;
2-тармақта «сондай-ақ осы баптың 6-тармағы екінші бөлігінің ережелері ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерге өткізілген жағдайда» деген сөздер алынып тасталсын;
9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Сұйытылған мұнай газын Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерге өткізу, тек қана:
1) сұйытылған мұнай газын өндірушілерге;
2) өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иелеріне;
3) Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндірілген және тұтыну үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген сұйытылған мұнай газының меншік иелеріне рұқсат етіледі;
4) Қазақстан Республикасы ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарынан бөлек заңды түрде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғалардан келісім-шарт бойынша сатып алынған сұйытылған мұнай газының иелеріне.
Өзге тұлғалар сұйытылған мұнай газының Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерге шығаруға құқылы емес.
10. Сұйытылған мұнай газын газ желісі ұйымдарының арасында көтерме саудада өткізуге тыйым салынады.
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
Достарыңызбен бөлісу: |