Қазақстан Республикасының Заңы Нотариат туралы


-тарау. Вексель наразылығын жасау



бет6/6
Дата24.02.2016
өлшемі440 Kb.
#13980
1   2   3   4   5   6

14-тарау. Вексель наразылығын жасау

 

ҚР 29.03.00 ж. № 42-II Заңымен 87, 88, 89, 90, 91-баптар алынып тасталды

 

92-бап. Вексель наразылығы



Төлемеу, акцепт еместiк және акцептiң күнi қойылмағаны жөнiнде вексель наразылығын нотариус Қазақстан Республикасының аударым және жай вексель туралы заңдарына сәйкес жүргiзедi.

 

ҚР 13.11.98 ж. № 302-1 Заңымен 15 тараудың тақырыбы өзгертілдi



15-тарау. Құжаттарды және бағалы қағаздарды сақтауға қабылдау

 

ҚР 13.11.98 ж. № 302-1 Заңымен 93-бап өзгертілдi



93-бап. Құжаттарды және бағалы қағаздарды сақтауға қабылдау

1. Нотариус тiзiмдеу бойынша құжаттарды және бағалы қағаздарды сақтауға қабылдайды. Тiзiмнiң бiр данасы нотариуста қалдырылып, екiншi данасы құжаттарды сақтауға тапсырған адамға берiледi.

2. Егер құжаттар және бағалы қағаздар тиiстi түрде буылып-түйiлсе, тапсырушы адамның өтiнiшiмен нотариус тiзiмдеусiз де қабылдай алады (буып-түю нотариустың мөрiмен расталады, нотариус пен құжаттарды өткiзген адам қол қояды). Мұндай жағдайларда буып-түюдiң сақталуына нотариус жауап бередi.

3. Құжаттарды және бағалы қағаздарды сақтауға тапсырған адамға куәлiк берiледi.



Қазақстан Республикасында нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың тәртібі туралы Нұсқаулықты қара

 

ҚР 13.11.98 ж. № 302-1 Заңымен 94-бап өзгертілдi



94-бап. Сақтауға қабылданған құжаттарды және бағалы қағаздарды қайтару

Сақтауға қабылданған құжаттар және бағалы қағаздар оларды сақтауға тапсырған адамға немесе заңды түрде уәкiлеттi адамға куәлiктi және олардың тiзiмiн көрсеткенде не соттың шешiмi бойынша қайтарылып берiледi.

 

16-тарау. Теңiз наразылықтарын жасау



 

2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 95-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

95-бап. Теңiз наразылығы туралы мәлiмдеме

1. Нотариус кеменiң жүзу немесе тоқтау кезеңiнде орын алған оқиғалар туралы кеме капитанының мәлiмдемесiн кеме иесiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн дәлелдемелердi қамтамасыз ету мақсатында қабылдайды, бұл мәлiмдеме кеме иесiне мүлiктiк талап қоюға негiз болуы мүмкiн.

2. Теңiз наразылығы туралы мәлiмдемеде оқиғаның мән-жайы мен өзiне сенiп тапсырылған мүлiктiң сақталуын қамтамасыз ету үшiн капитанның қолданған шаралары көрiнiс табуға тиiс.

3. Теңiз наразылығы туралы мәлiмдемеде баяндалған мән-жайды растау ретінде кеме капитаны сауда мақсатында теңiзде жүзуді реттейтiн заңнамаға сәйкес нотариусқа қарап шығу үшiн кеме журналын және кеме журналынан капитан куәландырған үзiндiнi мәлiмдемемен бiр мезгілде не портқа кiрген кезден немесе, егер оқиға портта орын алса, ол болған кезден бастап күнтізбелік жетi күннен кешiктiрмей ұсынуға мiндеттi.

Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы ҚР 2002 ж. 17 қаңтардағы № 284-ІІ Заңының 226-230 баптарын және ҚР нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың тәртібі туралы Нұсқаулықты қара

 

96-бап. Теңiз наразылығы туралы мәлiмдеменiң мерзiмдерi



1. Теңiз саудасын реттейтiн заңдарға сәйкес теңiз наразылығы туралы мәлiмдеме кеме портқа кiрген кезден бастап жиырма төрт сағаттың iшiнде берiледi.

Егер теңiз наразылығын мәлiмдеудiң қажеттiгiн туғызған оқиға портта болса, наразылық оқиға болған сәттен бастап жиырма төрт сағаттың iшiнде мәлiмделуге тиiс.

2. Белгiленген мерзiм iшiнде наразылықты мәлiмдеу мүмкiн болмаған жағдайда, оның себептерi теңiз наразылығы туралы мәлiмдемеде көрсетiлуге тиiс.

 

97-бап. Теңiз наразылығы туралы акт жасау



Нотариус капитан мәлiмдемесiнiң, кеме журналы деректерiнiң, сондай-ақ капитанның өзiн және мүмкiндiгiнше кеменiң командалық құрамынан ең кемi екi куәнi және кеме командасынан екi куәнi сұрау негiзiнде теңiз наразылығы туралы акт жасайды, оған өзiнiң қолын қойып, мөрмен куәландырды. Теңiз наразылығы туралы актiнiң бiр данасы капитанға немесе уәкiлеттi адамға берiледi.

 

17-тарау. Дәлелдемелердi қамтамасыз ету



 

98-бап. Сотта немесе басқа құзыреттi органда iс туындаған жағдайда дәлелдемелердi қамтамасыз ету

1. Нотариус сотта немесе басқа құзыреттi органда iс туындаған жағдайда, егер кейiннен дәлелдемелердi табыс ету мүмкiн емес немесе қиын болады деп топшылауға негiз болса, мүдделi тұлғалардың өтiнiшi бойынша қажеттi дәлелдемелердi қамтамасыз етедi.

2. Нотариус мүдделi тұлғалар өзiне өтiнiш жасаған кезде соттың немесе басқа құзыреттi органның қарауында жатқан iс бойынша дәлелдемелердi қамтамасыз етпейдi.

Қазақстан Республикасында нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың тәртібі туралы Нұсқаулықты қара

 

99-бап. Нотариустың дәлелдемелердi қамтамасыз ету жөніндегі iс-әрекеттерi



1. Дәлелдемелердi қамтамасыз ету тәртібі бойынша нотариус азаматтарға сауалдар қояды, құжаттар мен заттарды қарайды, қажет болған жағдайда сараптама тағайындайды.

2. Дәлелдемелердi қамтамасыз ету жөнiнде iс жүргiзу әрекеттерiн жасаған кезде нотариус Қазақстан Республикасы азаматтық iс жүргiзу заңдарының нормаларын басшылыққа алады.

3. Нотариус тараптар мен мүдделi адамдарға дәлелдемелердi қамтамасыз ету уақыты мен орны туралы хабарлайды, бiрақ олардың келмей қалуы дәлелдемелердi қамтамасыз ету жөніндегі iс-әрекеттi жасауға кедергi болып табылмайды.

4. Тараптар мен мүдделi адамдардың бiреуiн хабардар етпей дәлелдемелердi қамтамасыз ету тек кейiнге қалдыруға немесе iске кейiннен кiмнiң қатысатынын анықтауға болмайтын жағдайларда ғана жүргiзiледi.

5. Куә немесе сарапшы шақыру бойынша келмеген жағдайда, нотариус Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген шараларды қолдану үшiн куәнiң немесе сарапшының тұрғылықты жерi бойынша сотқа бұл туралы хабарлайды.

6. Нотариус азамат пен маманды көрiнеу жалған айғақ немесе қорытынды бергенi және айғақ немесе қорытынды беруден бас тартқаны немесе жалтарғаны үшiн жауап беретiнi туралы ескертедi.

 

18-тарау. Нотариустың басқа мемлекеттердiң құқық нормаларын қолдануы.



Халықаралық шарттар

 

100-бап. Нотариустың басқа мемлекеттердiң құқық нормаларын қолдануы

1. Нотариус Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес басқа мемлекеттердiң құқық нормалары негiзiнде нотариаттық iс-әрекет жасайды.

2. Нотариус Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес жасалған құжаттарды қабылдайды, сондай-ақ егер бұл Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда көзделсе, басқа мемлекеттердiң заңдарында белгiленген нысанда куәландыру жазбаларын жазады.



Қазақстан Республикасында нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың тәртібі туралы Нұсқаулықты қара

 

ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен 101-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)



101-бап. Мұралық мүлiктi қорғау және мұраға құқық туралы куәлiк беру

Шетелдiк азамат өлген соң Қазақстан Республикасының аумағында қалған мүлiктi немесе Қазақстан Республикасының азаматы өлген соң шетелдiк азаматқа тиесiлi мүлiктi қорғауға байланысты iс-әрекеттер, сондай-ақ мұраны сенімгерлiк басқарушыны тағайындау және осындай мүлiкке қатысты мұраға құқық туралы куәлiк беру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

 

102-бап. Нотариустың шетелде жасалған құжаттарды қабылдауы



1. Нотариус басқа мемлекеттердiң құзыреттi органдары лауазымды адамдарының қатысуымен шетелде жасалған немесе солардан шығатын құжаттарды оларды Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігінiң органы заңдастырған жағдайда қабылдайды.

Қазақстан Республикасында нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың тәртібі туралы Нұсқаулықты қара

2. Заңдастырылмаған құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарында және халықаралық шарттарында көзделген жағдайларда ғана қабылданады.

 

103-бап. Басқа мемлекеттер органдарында iс жүргiзуге қажеттi дәлелдемелердi қамтамасыз ету



Нотариус басқа мемлекеттер органдарында iс жүргiзуге қажеттi дәлелдемелердi қамтамасыз етедi.

 

104-бап. Халықаралық шарт



1. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген нотариаттық iс-әрекеттерден өзгеше ережелер белгiленсе, нотариаттық iс-әрекеттер жасау кезiнде халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарт Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген нотариаттық iс-әрекеттер жасауды нотариаттың құзыретiне жатқызса, нотариус нотариаттық iс-әрекеттi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі белгiлеген тәртiппен жүргiзедi.

 

ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен 105-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)



105-бап. Осы Заңның орындалуын қамтамасыз ету

3. Нотариаттың ұйымдастырылуы мен қызметiн реттейтiн, қолданылып жүрген нормативтiк құқықтық актiлер 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн осы Заңмен сәйкес келтiрiлуге тиiс және осы мерзiм iшiнде оған қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданылады.

4. 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

 



Қазақстан Республикасының

Президентi

Н. Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 1997 жылғы шілденің 14-і.

155-1



 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет