31-1-бап. Аумақтық нотариаттық палаталардың қызметін бақылау
1. Аумақтық нотариаттық палаталардың қызметін бақылауды «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен аумақтық әділет органдары жүзеге асырады.
2. Аумақтық нотариаттық палаталардың:
1) жекеше нотариаттық мұрағаттарды құру, олардың нотариаттық құжаттарды жинақтау, сақтау және пайдалану жөніндегі функцияларын ұйымдастыру жөніндегі;
2) жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыруды ұйымдастыруы жөніндегі;
3) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың тағылымдамадан өтуін және жекеше нотариустарды оқытуды ұйымдастыру жөніндегі қызметінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне бақылауды жүзеге асырады.
3. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда аумақтық әділет органы аумақтық нотариаттық палатаға бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс жібереді. Бұзушылықтар белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, аумақтық әділет органы анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жоюға мәжбүр ету туралы сотқа талап-арызбен жүгінуге құқылы.
ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III Заңымен (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 337-ІV Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 32-бап өзгертілді
32-бап. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң нотариатты реттеу саласындағы құзыретi
Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі:
1) аумақтық әдiлет органдарының нотариустардың халыққа құқықтық қызмет көрсету саласындағы заңдылықты ұйымдастыру мен қамтамасыз ету жөніндегі қызметiне басшылықты, оны үйлестiрудi және бақылауды жүзеге асырады;
2) Нотариустардың нотариаттық iс-әрекеттердi жасау қағидасын бекітедi;
3) Қазақстан Республикасының архивтер және құжаттаманы басқарушы уәкiлеттi мемлекеттік органымен келiсу арқылы Республикалық нотариаттық палатаның қатысуымен нотариаттық iс жүргiзу жөнiнде қағиданы бекiтедi;
4) Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi аппараттарының нотариаттық iс-әрекеттер жасайтын лауазымды адамдарын аттестациялау туралы ережені бекiтедi;
5) 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5-1) Республикалық нотариаттық палатаның келісімі бойынша тағылымдамадан өтушілердің кәсіптік даярлығының бірыңғай бағдарламасын бекітеді;
5-2) нотариустың тағылымдамадан өтушілері ретінде тағылымдамадан өту үшін ақы төлеудің тәртібі мен мөлшерін белгілейді;
6) Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың мемлекеттік тiзiлiмi туралы ереженi бекiтедi;
7) Жекеше нотариустардың есептік тiркеуден өту қағидасын бекiтедi;
7-1) әрбiр нотариаттық округ бойынша нотариустардың ең аз санын бекiтедi;
8) нотариат мәселелерi бойынша әдiстемелiк, нұсқамалық және түсiндiрмелiк материалдар әзiрлейдi;
9) нотариустардың қызметiн лицензиялайды;
10) Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың мемлекеттік тiзiлiмiн жүргiзедi және лицензия берiлген адамдар туралы мәлiметтердi ведомстволық баспа басылымында жариялайды;
11) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияны тоқтата тұру және оның күшiн тоқтату туралы шешiм қабылдайды, сондай-ақ нотариустардың лицензияларын айыру туралы талаптарға бастамашылық етедi;
12) нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімдерінің (оның ішінде бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің электрондық тізілімінің), нотариаттық куәліктер мен қаулылардың, мәмілелердегі және нотариустар куәландыратын құжаттардағы куәландыру жазбаларының нысанын белгілейді;
13) 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
14) 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
14-1) тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін бекiтедi;
15) 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
16) осы Заңға сәйкес өз құзыретi шегiнде нотариаттық қызметтi реттеудi жүзеге асырады;
17) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен (бұр. ред. қара); 11.06.03 ж. № 437-II Заңымен; 2004.20.12 № 13-III Заңымен (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2009.28.08. № 192-IV Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 33-бап өзгертілді
33-бап. Аумақтық әдiлет органының нотариатты реттеу саласындағы құзыретi
1. Аумақтық әдiлет органы:
1) мемлекеттік нотариаттық кеңселердi ашады және таратады;
2) азаматтар мен заңды тұлғалардың нотариустардың iс-әрекеттерiне өтiнiштерiн қарайды;
2-1) жекеше нотариустардың осы Заңның 16-бабының талаптарын сақтауын бақылауды ұйымдастырады және өздерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасудан жалтарған және жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Қазақстан Республикасы заңдарының өзге де талаптарын бұзған жекеше нотариустарға шаралар қолданады;
3) аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi аппараттарының нотариаттық iс-әрекеттер жасайтын лауазымды адамдарына әдiстемелiк және практикалық көмек көрсетедi;
4) нотариустар және аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi аппараттарының лауазымды адамдары жасаған нотариаттық iс-әрекеттердiң заңдылығын және олардың iс жүргiзуiнiң жай-күйiн бақылауды жүзеге асырады;
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 4-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4-1) нотариустың Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
5) нотариус лицензиясының күшiн тоқтата тұру, одан айыру және тоқтату туралы ұсыныстар енгiзедi;
6) жекеше нотариусты жауапқа тарту туралы нотариаттық палатаға ұсыныс енгiзедi;
7) нотариустың таңдаған үй-жайының болуын және оның заңнама талаптарына сәйкестігін тексереді және осыдан кейін жекеше нотариустың есепке тұруын тiркеуді жүзеге асырады. Тiркеу нотариустың үй-жайы орналасқан жер бойынша жүзеге асырылады;
8) Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес нотариустардың жеке мөрлерiн жасауға тапсырысты жүзеге асырады және оларды бередi;
9) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
10) нотариаттық iс-әрекет жасауға уәкiлеттi аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi аппараттарының лауазымды адамдарын аттестациялауды жүргiзедi;
11) 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. Аумақтық әдiлет органы нотариаттық палатамен бiрлесiп:
1) 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) Әдiлет министрлігіне бекiтуге нотариаттық округтегi нотариустардың ең аз саны туралы ұсыныс енгiзедi;
3) 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) нотариаттық округте нотариустар уақытша болмаған жағдайда нотариаттық iс-әрекеттер жасауды ұйымдастырады;
5) нотариустарға әдiстемелiк және практикалық көмек көрсетедi;
6) нотариаттық практиканы қорытады;
7) 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8) 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9) 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
10) тиiстi нотариаттық округте қызметi тоқтатылған нотариустың жеке мөрiн жою және құжаттарын басқа нотариусқа немесе жеке нотариаттық мұрағатқа беру жөніндегі, сондай-ақ егер нотариус лицензиясының күшi тоқтатылған жағдайда лицензиарға беру үшiн лицензияны алып қою жөнiнде шаралар қабылдайды.
2 Бөлiм Нотариаттық iс-әрекеттер және оларды жасау ережелерi
6-тарау. Нотариус пен уәкiлеттi лауазымды адамдар жасайтын нотариаттық iс-әрекеттер
ҚР 13.11.98 ж. № 302-1 Заңымен; 29.03.00 ж. № 42-II Заңымен; 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен (бұр. ред. қара) 34-бап өзгертілді
34-бап. Нотариус жасайтын нотариаттық iс-әрекеттер
1. Нотариус мынадай нотариаттық iс-әрекеттер жасайды:
1) мәмiлелердi куәландырады;
2) шаруашылық серiктестiктерiнiң құрылтай құжаттарын куәландырады;
3) мұраға сенімгерлiк басқарушыны тағайындайды;
4) мұраға құқық туралы куәлiктер бередi;
5) ерлi-зайыптылардың және ортақ бiрлескен меншiк құқығындағы мүлкi бар өзге адамдардың ортақ мүлiктегi үлеске меншiк құқығы туралы куәлiктер бередi;
6) мүлiктi иелiктен алуға тыйым салады және салынған тыйымды алып тастайды;
7) құжаттардың көшiрмелерi мен олардан алынған үзiндiлердiң дұрыстығын куәландырады;
8) құжаттарға қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландырады;
9) құжаттардың бiр тiлден екiншi тiлге дұрыс аударылғанын куәландырады;
10) азаматтың тiрi екендiгi фактiсiн куәландырады;
11) азаматтың белгiлi бiр жерде болу фактiсiн куәландырады;
12) құжаттардың берiлген уақытын куәландырады;
13) жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн басқа жеке және заңды тұлғаларға бередi;
14) ақшаны депозитке қабылдайды;
15) ҚР Заңымен 13.11.98 ж. 29.03.00 ж. № 42-II алып тасталды
16) вексель наразылықтарын жасайды;
17) сақтауға құжаттар және бағалы қағаздар қабылдайды;
18) теңiз наразылықтарын жасайды;
19) дәлелдемелердi қамтамасыз етедi.
2. Қазақстан Республикасының заң актілерінде нотариус жасайтын өзге де нотариаттық iс-әрекеттер көзделуi мүмкiн.
ҚР 2004.20.12 № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен 35-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
35-бап. Аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң әкімі аппаратының лауазымды адамы жасайтын нотариаттық iс-әрекеттер
1. Елдi мекенде нотариус болмаған жағдайда аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң әкімі аппаратының нотариаттық iс-әрекеттердi жасауға уәкiлеттi лауазымды адамы мынадай нотариаттық iс-әрекеттер жасайды:
1) өсиеттердi куәландырады;
2) сенімхаттарды куәландырады;
3) құжаттар көшiрмелерiнiң және олардан алынған үзiндiлердiң дұрыстығын куәландырады;
4) өтiнiштерге қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландырады;
5) ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2. Қазақстан Республикасының заң актілерінде жергiлiктi атқарушы органның лауазымды адамдары жасайтын өзге де нотариаттық iс-әрекеттер көзделуi мүмкiн.
ҚР 13.11.98 ж. № 302-1; 29.03.00 ж. № 42-II Заңдарымен 36-бап өзгертілді
36-бап. Консулдық қызметтi жүзеге асыратын адамдар жасайтын нотариаттық iс-әрекеттер
1. Қазақстан Республикасының атынан консулдық қызметтi жүзеге асыратын лауазымды адам мынадай нотариаттық iс-әрекеттер жасайды:
1) Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлiктi иелiктен алу туралы шарттардан басқа мәмiлелердi куәландырады;
2) ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3) мұраға құқық туралы куәлiктер бередi;
4) ерлi-зайыптылар мен ортақ бiрлескен меншiк құқығындағы мүлкi бар өзге де адамдардың ортақ мүлiктегi үлеске меншiк құқығы туралы куәлiктер бередi;
5) құжаттардың көшiрмелерi мен олардан алынған үзiндiлердiң дұрыстығын куәландырады;
6) құжаттарға қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландырады;
7) құжаттардың бiр тiлден екiншi тiлге аудармасының дұрыстығын куәландырады;
8) азаматтың тiрi екендiгi фактiсiн куәландырады;
9) азаматтық белгiлi бiр жерде болу фактiсiн куәландырады;
10) құжаттар берiлген уақытты куәландырады;
11) жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн басқа жеке және заңды тұлғаларға бередi;
12) ақшаны депозитке қабылдайды;
13) ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
14) сақтауға құжаттар және бағалы қағаздар қабылдайды;
15) теңiз наразылықтарын жасайды;
16) дәлелдемелердi қамтамасыз етедi.
2. Қазақстан Республикасының заң актілерінде консулдық қызметтi жүзеге асыратын лауазымды адам жасайтын өзге де нотариаттық iс-әрекеттер көзделуi мүмкiн.
ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен 37-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
37-бап. Нотариаттық түрде куәландырылған құжаттарға теңестiрiлген өсиеттер мен сенімхаттарды лауазымды адамдардың куәландыруы
Нотариаттық куәландырылған құжаттарға мыналар теңестiрiледi:
1) ауруханаларда, санаторийлерде, өзге де емдеу-алдын алу мекемелерiнде емделiп жатқан, сондай-ақ қарттар мен мүгедектер үйлерiнде тұрып жатқан азаматтардың, осы ауруханалардың, санаторийлердiң, өзге де емдеу-алдын алу мекемелерiнiң бас және кезекшi дәрiгерлерi, сондай-ақ қарттар мен мүгедектер үйлерiнiң директорлары, бас дәрiгерлерi куәландырған өсиеттерi;
2) госпитальдарда, санаторийлерде және басқа да әскери-емдеу мекемелерiнде емделiп жатқан әскери қызметшiлер мен басқа адамдардың осы госпитальдардың, санаторийлер мен басқа да әскери-емдеу мекемелерiнiң бастықтары, олардың медициналық жағынан орынбасарлары, аға және кезекшi дәрiгерлерi куәландырған өсиеттерi мен сенімхаттары;
3) әскери қызметшiлердiң, ал нотариустары мен нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi лауазымды адамдары жоқ әскери бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелердiң, әскери-оқу орындарының орналасқан пункттерiнде, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшiлердiң, олардың отбасы мүшелерiнiң және әскери қызметшiлердiң отбасы мүшелерiнiң осы бөлiмдер, құрамалар, мекемелер мен орындардың командирлерi (бастықтары) куәландырған өсиеттерi мен сенімхаттары;
4) бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың бас бостандығынан айыру орындарының бастықтары куәландырған өсиеттерi мен сенімхаттары;
5) жүзу кезiнде Қазақстан Республикасының туы астында жүзiп жүрген теңiз мекемелерiнде немесе iшкi суларда жүзiп жүрген кемелердегi азаматтардың осы кемелердiң капитандары куәландырған өсиеттерi;
6) барлау және басқа да экспедицияларда жүрген азаматтардың осы экспедициялардың бастықтары куәландырған өсиеттерi;
7) халықты әлеуметтiк қорғау мекемелерiнде тұрып жатқан кәмелетке толған жастағы iс-әрекет қабiлетi бар азаматтардың осы мекемелердiң немесе халықты әлеуметтiк қорғаудың тиiстi органының басшысы куәландырған сенімхаттары.
Осы бапта көзделген өсиеттерге өсиетке ол да қол қоятын куәнiң қатысуымен өсиет қалдырушы қол қоюға тиiс.
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 38-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
38-бап. Лауазымды адамдар куәландырған өсиеттердi нотариусқа беру
1. Осы Заңның 37-бабында санамаланған лауазымды адамдар өсиет куәландырылған күннен бастап күнтізбелік он күн iшiнде, ал егер бұл дәлелдi себептермен мүмкiн болмаса, осындай мүмкiндiк пайда болған кезде куәландырылған өсиеттiң бiр данасын өсиет қалдырушының тұрақты тұрғылықты жерiндегi нотариусқа сақтауға дереу беруге мiндеттi.
2. Егер өсиет қалдырушының Қазақстан Республикасында тұрақты тұрғылықты жерi болмаса немесе оның тұратын жерi белгiсiз болса, өсиет Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі белгiлейтiн нотариусқа жiберiледi.
3. Нотариус сақтауға келiп түскен өсиеттi тексеруге және оның заңға сәйкес келмейтiндiгi анықталған жағдайда, тиiстi дәрежеде ресiмдеу үшiн өсиет қалдырушыға және өсиеттi куәландырған лауазымды адамға бұл туралы хабарлауға мiндеттi.
4. Куәландырған өсиеттердiң уақтылы берiлмеуi салдарынан мұрагерге (мұрагерлерге) келтiрiлген шығын үшiн лауазымды адам Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
7-тарау. Нотариаттық iс-әрекеттер жасаудың негiзгi ережелерi
2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен 39-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
39-бап. Нотариаттық iс-әрекеттер жасау тәртібі
Нотариаттық iс-әрекеттер жасау тәртібі осы Заңмен, басқа да заң актілерімен және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі бекiтетiн Нотариустардың нотариаттық iс-әрекеттер жасау қағидаларымен белгiленедi.
40-бап. Нотариаттық iс-әрекеттер жасау мерзiмдерi
Нотариаттық iс-әрекеттер бұл үшiн барлық қажеттi құжаттар табыс етiлiп, мемлекеттік нотариус немесе осы Заң арқылы нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлдiк берiлген адамдар нотариаттық iс-әрекеттер жасаған жағдайда мемлекеттік баж төлеген не жекеше нотариустың нотариаттық iс-әрекеттерiне ақы төленген күнi жасалады.
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 41-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
41-бап. Нотариаттық iс-әрекеттер жасауды кейiнге қалдырудың және тоқтата тұрудың негiздерi мен мерзiмдерi
1. Нотариаттық iс-әрекеттер жасау мынадай негiздер бойынша:
1) жеке және заңды тұлғалардан қосымша мәлiметтердi талап ету қажет болуына;
2) құжаттардың сараптамаға жiберiлуi негiзiнде кейiнге қалдырылуы мүмкiн.
2. Нотариаттық iс-әрекет жасауды кейiнге қалдыру мерзiмi нотариаттық iс-әрекет жасауды кейiнге қалдыру туралы қаулы шығарылған күннен бастап бiр айдан аспауы керек.
3. Басқа бiр мүдделi адам куәландырмақшы болған құқықты немесе фактінi сотта даулаушы мүдделi адамның өтiнiшi бойынша нотариаттық iс-әрекет жасау күнтізбелік он күннен аспайтын мерзiмге кейiнге қалдырылады. Егер осы мерзiм iшiнде соттан өтiнiштiң келіп түскенi туралы хабар алынбаса, нотариаттық iс-әрекет жасалуға тиiс.
4. Басқа бiр мүдделi адам куәландыруды өтiнген құқықпен фактiнi даулаушы мүдделi адамның өтiнiшi түскенi туралы соттан хабар алынған жағдайда, нотариаттық iс-әрекет жасау сот iстi шешкенге дейiн тоқтатыла тұрады.
42-бап. Нотариаттық iс-әрекеттi жасауды өтiнген адамның жеке басын анықтау
1. Нотариус немесе лауазымды адам нотариаттық iс-әрекет жасаған кезде нотариаттық iс-әрекет жасауды өтiнген азаматтың, оның өкiлiнiң немесе заңды тұлға өкiлiнiң жеке басын анықтайды.
2. Адамның жеке басын анықтау нотариаттық iс-әрекет жасауды өтiнген азаматтың жеке куәлiгi немесе паспорты негiзiнде жүргiзiледi.
43-бап. Мәмiлелерге қатысушы жеке адамдардың iс-әрекетке қабiлеттiлiгi мен заңды тұлғалардың құқықтық қабiлеттiлiгiн анықтау
Мәмiлелердi куәландырған кезде азаматтардың iс-әрекетке қабiлеттiлiгi анықталады және нотариаттық iс-әрекет жасау кезiнде мәмiлелерге қатысушы заңды тұлғалардың құқықтық қабiлеттiлiгi тексерiледi. Мәмiле өкiлдер арқылы жасалған жағдайда олардың өкiлеттiгi тексерiледi.
44-бап. Нотариаттық құжаттарға қол қою тәртібі
1. Нотариат куәландырған құжаттың мазмұны қатысушылардың қалауы бойынша дауыстап оқылуы мүмкiн.
2. Қатысушылар нотариус куәландырған мәмiлелерге, өтiнiштер мен басқа құжаттарға нотариустың қатысуымен қол қояды.
3. Егер азамат дене кемiстiгi, ауруы немесе әлде бiр өзге себептер салдарынан өзi қол қоя алмаса, оның өтiнiшi бойынша және оның қатысуымен, сондай-ақ нотариустың қатысуымен нотариаттық iс-әрекет жасауды өтiнген азаматтың құжатқа өзi қол қоя алмау себептерi көрсетiле отырып, мәмiлеге, өтiнiшке немесе өзге де құжатқа басқа азамат қол қоя алады.
45-бап. Куәландырылатын мәмiлелер мен айғақталатын құжаттардың мәтiндерiне қойылатын талаптар
1. Нотариаттық куәландырылған мәмiленiң мәтiнi анық және түсiнiктi жазылуға немесе басылуға, мәмiленiң мазмұнына қатысты сандар мен мерзiмдер ең болмағанда бiр рет сөздермен, ал заңды тұлғалардың атаулары қысқартусыз, олардың тұрған жерi көрсетiле отырып жазылуға тиiс. Азаматтардың тектерi, аттары мен әкесiнiң аттары, олардың тұратын мекен-жайлары толық жазылуға тиiс.
2. Өшiрiп тасталған, қосылып жазылған, сызылған сөздерi немесе басқа да келісілмеген түзетулерi бар мәмiлелердiң мәтiнiн куәландыруға немесе құжаттарды, сондай-ақ қарындашпен жазылған құжаттарды куәландыруға болмайды.
3. Көлемi бiр парақтан асатын құжатта парақтар тiгiлген, бауланған және мөрмен бекітілген болуға тиiс.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 46-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
46-бап. Нотариаттық iс-әрекет жасау құқығын шектеу
1. Нотариус пен аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң әкімі аппаратының лауазымды адамдарының өз атына және атынан, өз жұбайының, оның және өз туыстарының (ата-аналары, балалары, аға-iнiлерi, апа-сiңлiлерi, немерелерi, атасы, әжесi) атына және олардың атынан нотариаттық iс-әрекеттер жасауға құқығы жоқ.
2. Аталған реттердегi нотариаттық iс-әрекеттердi кез келген басқа нотариус жасайды.
3. Осы баппен белгiленген ережелердi бұза отырып жасалған нотариаттық iс-әрекеттер жарамсыз болып табылады.
ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен 47-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
Достарыңызбен бөлісу: |