Қазақстан Республикасының Заңы Нотариат туралы



бет2/6
Дата24.02.2016
өлшемі440 Kb.
#13980
1   2   3   4   5   6

8-бап. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия

1. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі берген лицензия (нотариус лицензиясы) нотариусқа нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлдiк бередi.

2. Нотариус лицензиясы алуға қажеттi құжаттардың тiзбесi лицензия беру мерзімі мен тәртібі тиісті нормативтік құқықтық актілермен белгіленеді.

3. Нотариус лицензиясы мерзiмi шектелмей берiлетiн басты лицензия болып табылады және ол Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында қолданылады.

4. Нотариус лицензиясын беру үшiн алым алынады, оның мөлшерi мен төлену тәртібі салық заңдарымен белгiленедi.

5. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiн жүргiзедi және ведомстволық баспасөз органында нотариаттық қызметпен айналысуға лицензия берiлген адамдар туралы мәлiметтер жариялайды, онда:

1) нотариустың тегi, аты, әкесiнiң аты;

2) лицензия берiлген күн мен оның нөмiрi көрсетiледi.

6. Қазақстан Республикасының Әділет біліктілік алқасында немесе Қазақстан Республикасы Жоғары Сот кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсырған адамдар, тұрақты судьялар және өз міндеттерін атқару кезінде теріс қылықтар жасағаны және заңдылықты бұзғаны үшін судьялық қызметінен босатылған судьяларды қоспағанда, тұрақты судья болып жұмыс істеген адамдар, сондай-ақ мемлекеттік нотариустар аттестаттаудан өтпестен нотариаттық қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алуға құқылы.

6-1. 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



9-бап. Нотариус лицензиясын беруден бас тарту

1. Нотариус лицензиясын беруден бас тарту негiздерi «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленедi.

2. Нотариус лицензиясын беруден бас тартылған жағдайда өтiнiш иесiне ол қабылданған күннен бастап үш күн iшiнде бас тарту себептерi көрсетiле отырып жазбаша түрде дәлелдi шешiм берiледi.

3. Бас тарту туралы шешiм жөнiнде сотқа шағымдануға болады.

 

ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.28.08. № 192-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 10-бап өзгертілді



10-бап. Нотариус лицензиясының күшiн тоқтата тұру

1. Нотариус лицензиясының күшiн азаматтардың арыздары, аумақтық әдiлет органдарының, нотариаттық палаталардың, прокуратура, тергеу, анықтау органдарының ұсыныстары негiзiнде Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң шешiмiмен тоқтатыла тұрады.

2. Нотариус лицензиясының күшi алты айға дейiнгi мерзiмге мынадай жағдайларда:

1) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияны керi қайтарып алу жөніндегі талап-арыз iсiн қозғағанда;

2) нотариус қылмыстық iс бойынша айыпталушы ретiнде тартылған жағдайда;

3) нотариус өзiнiң тегiн, атын, әкесiнiң атын өзгерткенi туралы мәлiметтердi аумақтық әдiлет органына бiр ай iшiнде хабарламағанда;

2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 3-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3-1) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында көзделген талаптарды жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) бұзғанда;

4) нотариус осы Заңға сәйкес өзiне белгiленген қызмет аумағын бұзғанда;



5) нотариус мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына әкеп соққан нотариаттық iс-әрекеттер жасаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғанда;

6) әділет органдарында есептік тіркеу кезінде көрсетілген мекенжай бойынша нотариустың нақты үй-жайы болмағанда;

7) нотариус осы Заңның 15-бабы 4-тармағының талаптарын сақтамағанда;

8) осы Заңның 19-бабында көзделген шектеулер сақталмағанда;

9) егер нотариусты есептік тіркеуге қойған күннен бастап үш ай өткен соң нотариус практикалық нотариаттық қызметіне кіріспегенде тоқтатыла тұрады.

3. Нотариус лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру туралы шешiмде лицензияның қолданылуын тоқтата тұрудың себептерi мен мерзiмi көрсетiлуге тиiс. Лицензияның қолданылуы мұндай шешiм нотариустың назарына жеткiзiлген күннен бастап тоқтатыла тұрады. Тоқтата тұруға себеп болған мән-жайлар жойылған кезде нотариус тоқтата тұруға себеп болған мән-жайларды жойғаны туралы мәліметтерді назарға жеткізген күннен бастап күнтізбелік үш күн мерзімде лицензиар лицензияның қолданылуын қалпына келтiру туралы шешiм шығарады.

4. Нотариус лицензиясының күшiн тоқтата тұру тоқтатылған кезеңде нотариаттық iс-әрекеттер жасалуына тыйым салуға және нотариустың жеке мөрiн аумақтық әдiлет органына тапсыруына әкеп соғады.

5. Нотариус лицензиясының күшiн тоқтата тұру немесе қалпына келтiру туралы шешiм Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң ведомстволық баспасөз органында жарияланады.

6. Нотариус лицензиясының күшiн тоқтата тұру туралы шешiм жөнiнде сотқа шағымдануға болады.

7. Аумақтық әділет органы мен нотариаттық палата лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған нотариустың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі қағидада көзделген тәртіппен басқа нотариусқа беру жөнінде шаралар қолдануға міндетті.

 

ҚР 11.07.01 ж. № 235-II Заңымен; 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11-бап өзгертілді



11-бап. Нотариусты лицензиясынан айыру

Прокуратура органдарының, не Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң, не Республикалық нотариаттық палатаның талап қоюы бойынша сот шешiмiмен мынадай жағдайларда:

1) ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

2) жекеше нотариус Нотариустың ар-ождан кодексiн бiрнеше рет бұзғанда;

3) нотариус нотариаттық iс-әрекеттер жасаған кезде Қазақстан Республикасының заңдарын бiрнеше мәрте бұзғанда не мемлекеттiң, жеке және заңды тұлғалардың мүдделерiне зиян келтiрiп, заңдарды бұзғанда;

4) лицензияның күшiн тоқтата тұру себептерi жойылмағанда;

5) лицензия беруге негiз болып табылатын құжаттарда нотариустың дәйектемесiз немесе қасақана бұрмаланған ақпарат беру фактiсi анықталғанда;

6) лицензияның күшi үш мәрте тоқтатылғанда;

7) 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

8) нотариус кәсіптік қызметін аумақтық әділет органдарында тиісті есептік тіркелусіз жүзеге асырғанда нотариус лицензиясы керi қайтарылып алынады.

 

ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 12-бап өзгертілді



12-бап. Нотариус лицензиясының күшiн тоқтату

1. Лицензиясынан айырылған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң шешiмi бойынша мынадай жағдайларда:

1) нотариус өз тiлегiмен өтiнiш бергенде;

2) нотариус азаматтығын өзгерткенде немесе Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерге тұрғылықты мекен-жайына кеткенде;

3) нотариус қайтыс болғанда;

4) қылмыс жасағаны үшін нотариусқа қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгенде;

4-1) нотариусқа қатысты ақталмайтын негiздер бойынша қылмыстық iстi тоқтату туралы қаулы шыққанда;

5) нотариус заңдарда белгiленген тәртiппен iс-әрекет жасауға қабiлетсiз не iс-әрекет жасауға қабiлеттiлiгi шектеулi деп танылғанда;

6) денсаулық жағдайына байланысты нотариустың өз кәсiптiк мiндеттерiн атқаруы мүмкiн болмағанда (медициналық қорытынды негiзiнде);

7) нотариус хабар-ошарсыз кеткен деп танылғанда немесе қайтыс болған деп жарияланғанда нотариус лицензиясының күшi тоқтатылады.

2. Нотариус лицензиясының күшiн тоқтату туралы ұсынысты тиiстi нотариат палатасы мен аумақтық әдiлет органы енгiзедi.

3. Аумақтық әдiлет органы мен нотариаттық палата лицензиясының күшi тоқтатылған нотариустың құжаттарын басқа нотариусқа немесе жеке нотариаттық архивке беру жөнiнде, сондай-ақ лицензияны лицензиарға беру үшiн алып қою және нотариустың жеке мөрiн жою жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi.

4. Нотариус лицензиясының күшi тоқтатылуына байланысты даулар сот тәртібімен шешiледi.

 

13-бап. 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)



 

14-бап. Мемлекеттік нотариат кеңсесi

1. Мемлекеттік нотариат кеңсесi аумақтық әдiлет органының құрылымдық бөлiмшесi болып табылады, оның заңды тұлға құқығы болмайды және осы орган бекiткен Ереже негiзiнде жұмыс iстейдi.

2. Мемлекеттік нотариат кеңселерi Қазақстан Республикасының аудандарында (қалаларында) орналасады.

 

ҚР 24.12.01 ж. № 276-II; 05.05.03 ж. № 408-II (бұр. ред. қара); 2009.11.07 № 185-ІV (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Заңдарымен 15-бап өзгертілді; 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен 15-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



15-бап. Жеке практикамен айналысатын нотариус

1. Заңды тұлға құрмай, лицензия негiзiнде нотариаттық қызметпен айналысатын, өзiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн нотариаттық iс-әрекеттер жасау нәтижесiнде зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша сақтандырған, нотариаттық палатаға мүше болған және аумақтық әдiлет органында есепке тұру тiркеуінен өткен азамат жеке практикамен айналысатын нотариус деп танылады.

2. Жеке практикамен айналысатын нотариус банк мекемелерiнде ағымдағы шоттар ашуға, еңбек заңдарына сәйкес көмекшiлер, техникалық қызметкерлер жалдап, оларды жұмыстан босатуға, нотариаттық iс-әрекеттер жасаудан алынған табысқа билiк етуге, соттарда өз атынан сөз сөйлеуге және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да iс-әрекеттер жасауға құқылы.

ҚР Конституциялық Кеңесінің 2005.31.01. № 1 қаулысымен 3-тармақтың күші жойылды



3. Кәсiби қасиеттерiнiң деңгейiн айқындау мақсатында жеке практикамен айналысатын нотариус бес жылда бiр рет аттестаттаудан өтедi.

Аттестаттаудан өту тәртібін Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi бекiтедi.

4. Жеке практикамен айналысатын нотариустың жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар өкiлдерiнiң еркiн кiрiп-шығуына, нотариаттық iс-әрекеттер жасаудың құпиялылығын сақтауға және нотариаттық iс жүргiзудiң сақталуын қамтамасыз ету үшiн жағдай жасауға жарамды бір үй-жайы болуға тиiс.



Нотариустың үй-жайы оның есептік тіркелген орны болып табылады.

Нотариустың үй-жайының орналасқан жері оған белгіленіп берілген аумақ шегінде өзгерген кезде қайтадан есептік тіркелу талап етілмейді. Аумақтық әділет органы нотариустың үй-жайының орналасқан жерін оған белгіленіп берілген аумақ шегінде өзгерту туралы оның өтініші келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы үй-жайдың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізуге міндетті.

5. ҚР 05.05.03 ж. № 408-II  Заңымен  алып тасталды (бұр. ред. қара)

6. ҚР 05.05.03 ж. № 408-II  Заңымен  алып тасталды (бұр. ред. қара)

7. Олар осы баптың 4-тармағының талаптарын сақтаған жағдайда бір үй-жайда бір немесе бірнеше нотариус жұмыс істей алады.

 

 ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен 16-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)



16-бап. Жекеше нотариустың қызметiн сақтандыру

1. Жекеше нотариус осы Заңның 34-бабының 1-тармағында көзделген нотариаттық әрекеттер жасау нәтижесiнде зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру шартын жасасуға мiндеттi және оның мұндай шарт болмағанда нотариаттық iс-әрекеттер жасауға кiрiсуге құқығы жоқ.

2. Нотариустың нотариаттық iс-әрекеттер жасауы нәтижесiнде зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандырудың тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгiленедi.

 

 ҚР 29.03.00 ж. № 42-II Заңымен; 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен  (бұр.ред.қара) 17-бап өзгертілді



17-бап. Нотариустың құқықтары

Нотариус:

1) өзiне жүгiнген жеке және заңды тұлғалардың мүдделерiне сәйкес осы Заңда және Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерінде көзделген нотариаттық iс-әрекеттер жасауға;

2) мәмiлелердiң, өтiнiштер мен басқа да құжаттардың жобаларын жасауға;

3) құжаттардың көшiрмелерiн және олардың үзiндiлерiн әзiрлеуге;

4) нотариаттық iс-әрекеттер жасау мәселелерi бойынша консультациялар беруге;

5) Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, жеке және заңды тұлғалардан нотариаттық iс-әрекеттер жасауға қажеттi құжаттар мен мәлiметтер талап етуге;

6) ғылыми, педагогтiк және шығармашылық қызметпен айналысуға;



7) ҚР 05.05.03 ж. № 408-II  Заңымен  алып тасталды (бұр. ред. қара)

 

2009.28.08. № 192-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 18-бап өзгертілді



18-бап. Нотариустың мiндеттерi

1. Нотариус:



1) осы Заңның, «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және Қазақстан Республикасының нотариат қызметiн реттейтiн басқа данормативтiкқұқықтықактiлерiнiң талаптарына сәйкес нотариаттық әрекеттер, сондай-ақ электрондық тіркеуге байланысты әрекеттер жасауға;

2) азаматтарға және заңды тұлғаларға құқықтар мен мiндеттердi түсiндiруге, олардың заңды бiлмегендiгi өздерiне зиян келтiруге пайдаланылуы мүмкiн болмауы үшiн, жасалған нотариаттық iс-әрекеттерiнiң салдарлары жөнiнде ескертуге;

3) кәсiптiк қызметiн жүзеге асыруға байланысты өзiне белгiлi болған мәлiметтердi құпия ұстауға;

4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмейтiн жағдайда нотариаттық iс-әрекеттер жасаудан бас тартуға;

5) кәсiптiк әдептi сақтауға;

6) әдiлет органына және (немесе) нотариаттық палатаға өз iс-әрекеттерiне түскен шағымдар бойынша өзi жасаған нотариаттық iс-әрекеттер туралы мәлiметтер, өзге құжаттар, ал қажет болған жағдайларда жеке түсiнiктемелер, оның iшiнде кәсiптiк әдеп талаптарын сақтамау мәселелерi жөнiнде түсiнiктемелер беруге;



7) өз лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған жағдайда Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі қағидада көзделген тәртіппен іс жүргізуіндегі құжаттарды басқа нотариусқа беруге;

8) өз лицензиясының қолданылуы осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 1), 2), 4), 4-1) және 6) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тоқтатылған жағдайларда, сақтауындағы барлық нотариаттық құжаттарды жекеше нотариаттық мұрағатқа беруге;

9) өз тегінің, атының, әкесінің атының және өз үй-жайы орналасқан жерінің өзгеруі жөніндегі мәліметтерді бір ай ішінде аумақтық әділет органына ұсынуға міндетті.

2013.08.01. № 64-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда  (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



2. Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мақсаттарда және тәртіппен нотариаттық іс-әрекеттер туралы мәліметтер мен ақпарат беру, сондай-ақ «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе арқылы нотариустың электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесін жіберу нотариаттық іс-әрекеттер құпиясын жария ету болып табылмайды.

 

ҚР 24.12.01 ж. № 276-II; 05.05.03 ж. № 408-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен; 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.28.06. № 24-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 19-бап өзгертілді



19-бап. Нотариустың қызметiн шектеу

1. Нотариустың:

1) кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға;

2) шарттарды жасасу, өзгерту және бұзу кезiнде делдалдық қызмет көрсетуге;

3) өкiлдi органға депутат болып сайланған жағдайда нотариус мiндеттерiн орындауға;

4) жекеше нотариустың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасамай өз міндеттерін орындауға;

5) нотариустың мөрін, электрондық цифрлық қолтаңбасын оның лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңге аумақтық әділет органына тапсыруын қоспағанда, факсимилені пайдалануға және мөрін, электрондық цифрлық қолтаңбасын басқа адамға беруге;

6) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, есептік тіркеу орнынан тыс жерде қызметін жүзеге асыруға құқығы жоқ.

2. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, жеке практикамен айналысатын нотариустың жалдама қызметкер ретiнде еңбек қатынастарында болуға құқығы жоқ.

 

 ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен 20-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)



20-бап. Нотариаттық округ

Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аймақтық бөлiнiске сәйкес бiр облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағы нотариаттық округ болып танылады.

 

ҚР 05.05.03 ж. № 408-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 21-бап өзгертілді



21-бап. Нотариустың қызмет ету аумағы

1. Нотариаттық округ шегіндегі мемлекеттік нотариустың қызмет ету аумағын аумақтық әдiлет органы белгiлейдi.

2. Жекеше нотариустың нотариаттық округ шегiндегі қызмет ету аумағын аумақтық әдiлет органы нотариаттық палатамен бiрлесе отырып белгiлейдi.

Нотариус үй-жайын өзіне белгіленіп берілген аумақтың шегінен тыс жерде орналастыруға құқылы емес.

Нотариустың үй-жайына қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық нотариаттық палатаның ұсынысы бойынша белгiлейдi.

Аумақтық әдiлет органы халыққа мемлекеттiк және жекеше нотариустардың қызмет ету аумағы туралы үнемi хабарлап отырады.

3. Нотариустың қызмет ету аумағы осы Заңның 34-бабы 1-тармағының 3, 4, 5-тармақшаларында, сондай-ақ 54-бапта көзделген iс-әрекеттердi жасаған жағдайда сақталады. Басқа жағдайлардың бәрiнде жеке және заңды тұлғалардың нотариаттық iс-әрекеттер жасату үшiн кез келген нотариусқа жүгiнуге құқығы бар.

4. Нотариаттық iс-әрекеттер жасауға арналған үй-жай осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген тәртiп бойынша белгiленген аумақ шегiнде болуға тиiс.

5. Нотариаттық iс-әрекеттер мемлекеттiк нотариат кеңсесiнiң үй-жайынан тыс және жекеше нотариустың үй-жайынан тыс жерлерде жасалуы мүмкін.

Көшпелі нотариаттық iс-әрекеттер мүдделі адамның өтініші негізінде нақты адамға қатысты жасалады және тұрақты сипатта болмайды.

Егер нотариаттық iс-әрекет мемлекеттiк нотариат кеңсесiнiң үй-жайынан тыс немесе жекеше нотариустың үй-жайынан тыс жерлерде жасалса, онда құжаттың куәландыру жазбасында және нотариаттық iс-әрекеттерді тіркеу тізілімінде оның мекенжайы мен уақыты көрсетіліп, нотариаттық іс-әрекеттің жасалған орны жазылады.

 

2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен 21-1-баппен толықтырылды



21-1-бап. Нотариаттық округтегі нотариустардың ең аз санын айқындау критерийлері

1. Нотариаттық округтегі нотариустардың ең аз санын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі аумақтық әділет органының аумақтық нотариаттық палатамен бірлесіп берген ұсынымы бойынша мынадай критерийлерге:

1) нотариаттық округтегі халықтың саны мен тығыздығына;

2) өңірдің экономикалық дамуына, географиялық орналасуына, инфрақұрылымы мен басқа да ерекшеліктерінің болуына сүйене отырып бекітеді.

2. Бос орын пайда болған және ол екі айдың ішінде жекеше нотариустармен толықтырылмаған кезде аумақтық әділет органы тиісті нотариаттық округте штат санының шегінде мемлекеттік нотариус бірлігін енгізуге құқылы.

3. Егер кейіннен көрсетілген бос орынға жекеше нотариус орналасқан жағдайда, аумақтық әділет органы бір ай ішінде мемлекеттік нотариус бірлігін қысқартуға міндетті.



Бұл ретте аумақтық әділет органы:

1) жасалған нотариаттық іс-әрекеттердің заңдылығын тексеру және мемлекеттік нотариустың анықталған бұзушылықтарды жоюы;

2) мемлекеттік нотариустың іс жүргізуінде жатқан құжаттарды жекеше нотариусқа қабылдап алу-тапсыру;

3) мемлекеттiк нотариустың мөрiн алып қою және жою жөнінде шаралар қолдануға міндетті.

 

2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 22-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2011.26.12. № 516-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.28.06. № 24-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 22-бап жаңа редакцияда  




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет