Қазақстан Республикасының


Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара



бет13/14
Дата23.02.2016
өлшемі0.74 Mb.
#4119
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасының және білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының сақталуын бақылау болып табылады.

2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды, олардың ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысандарына қарамастан, білім беруді мемлекеттік басқару органдары өздерінің құзыретіне сәйкес жоспарлы түрде бес жылда бір рет өткізеді.

Техникалық және кәсіптік білім берудің, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін мемлекеттік аттестаттау да мамандықтар бойынша жүзеге асырылады.

Аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдары мен білім беретін оқу бағдарламаларының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдары аккредиттеу мерзіміне, бірақ 5 жылдан аспайтын мерзімге аккредиттелген білім беретін оқу бағдарламалары (мамандықтар) бойынша мемлекеттік аттестаттау рәсімінен босатылады.

Медициналық және фармацевтік білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

Бірінші мемлекеттік аттестаттау жаңадан құрылған:

1) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында төрт жылдан кейін;

2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында мамандардың алғашқы бітіру жылынан кешіктірілмей;

3) мектепке дейінгі ұйымдарда және қосымша білім беру ұйымдарында үш жылдан кейін өткізіледі.

2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды  

4-1. Мемлекеттік аттестатталуға жататын білім беру ұйымдары өзін-өзі бағалауды жүргізеді және өзін-өзі бағалау материалдарын білім беруді басқарудың мемлекеттік органдарына табыс етеді.

5. Шетелдік білім беру ұйымдары мен халықаралық білім беру ұйымдарының филиалдарын аттестаттау, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

6. 2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

7. 2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8-тармақ өзгертілді; 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



8. Бiлiм беру ұйымдарының Қазақстан Республикасының бiлiм туралы және рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасының сақтауын бақылау тексерулер нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.

2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 8-1 - 8-4-тармақтармен толықтырылды



8-1. Лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрған кезде лицензиаттың білім туралы құжатты бере отырып, білім берудің оқу жылын аяқтауға құқығы бар.

8-2. Лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрған кезде лицензиат:



1) мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға арналған конкурсқа қатысуға;

2) лицензиямен және (немесе) оған қосымшалармен әрекеттер жасауға (тоқтатуға, қайта ресімдеуге, жаңа лицензиялар және (немесе) тоқтатыла тұрған лицензияға қосымшалар алуға) құқылы емес.

8-3. Қызметін хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының қызметі тоқтатыла тұрған кезде білім беру ұйымдары:



3) мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға арналған конкурсқа қатысуға;

4) бұзушылықтарды жойғанға және білім беру саласындағы уәкілетті орган қызметті қайта бастағанға дейін қызметті жүзеге асыруға құқылы емес.

8-4. Қызметін хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асыратын, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексерілуге жатады.



Қызметін хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының қызметін білім беру саласындағы уәкілетті органның Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен тоқтата тұруға құқығы бар.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша қызметтер көрсететін субъектілер тексеру және (немесе) мемлекеттік аттестаттау нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жоймаған кезде, білім беру саласындағы уәкілетті орган мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар тізілімінен білім беру ұйымын алып тастайды.

9. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)



10. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

11. Қазақстан Республикасының аумағында құрылған халықаралық және шетелдік білім беру ұйымдары мен олардың филиалдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тексеріледі.

12. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

13. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

14. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

15. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

16. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

60-бап. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары мен міндеттері



1. Білім беру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар қажетті біліктілікке ие болуы және қосымша білім беру жүйесінде кемінде бес жылда бір рет тиісті оқытудан өтуі тиіс.

2. Білім беру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың:

1) білім беру ұйымдарына, мекемелеріне және кәсіпорындарына тексеру мақсатында қызметтік куәлікті көрсету арқылы кедергісіз кіруге, ал ведомстволық білім беру ұйымдарына - оларға кірудің белгіленген режимін ескере отырып кіруге;

2) тексеруді жүргізу кезінде кез келген қажетті ақпаратты сұратып алуға, тексеру нысанасына жататын құжаттардың түпнұсқаларымен танысуға құқығы бар.

3. Білім беру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:

1) Қазақстан Республикасының заңнамаларын, білім беру қызметі субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;

2) тексерулерді осы Заң және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері негізінде және оларда белгіленген тәртіпке қатаң сәйкестікте жүргізуге;

3) тексеру жүргізу кезеңінде білім беру ұйымдарының белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеуге;

4) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамаларымен белгіленген талаптарын бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау және болдырмау жөніндегі Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес берілген өкілеттілікті уақтылы және толық көлемде орындауға;

5) білім беру ұйымына тексеру қорытындылары туралы анықтаманы оны аяқтаған күні беруге;

6) алынған құжаттар мен тексеру нәтижесінде алынған мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.

4. Білім беру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың іс-әрекетіне (шешімдеріне) және іс-әрекеттерді жасау (шешімдерді қабылдау) үшін негіздеме болған ақпаратқа мүдделі адамдар жоғары тұрған лауазымды адамға және (немесе) сотқа шағымдануы мүмкін.

 

9-тарау. Білім беру жүйесін қаржылық қамтамасыз ету



 

61-бап. Қаржыландыру жүйесі, принциптері мен көздері

1. Білім беруді қаржыландыру жүйесі - республикалық және жергілікті бюджеттердің, басқа да кіріс көздерінің жиынтығы.

2. Білім беруді қаржыландыру жүйесі:

1) тиімділік пен нәтижелілік;

2) басымдық;

3) айқындылық;

4) жауаптылық;

5) бюджеттердің барлық деңгейлерінің ара жігін ажырату мен дербестік принциптеріне негізделеді.

3. Білім беру жүйесін қаржыландыру көздері:

1) мемлекеттік білім беру мекемелерін ұстауды бюджеттік қаржыландыру;

2) мемлекеттік білім беру тапсырысын бюджеттік қаржыландыру;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін ақылы қызметтер көрсетуден түскен кірістер;

2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



4) қаржылық ұйымдардың кредиттері;

5) демеушілік және қайырымдылық көмек, өтемсіз аударымдар мен қайырмалдықтар, гранттар болып табылады.

 

62-бап. Білім беру ұйымдарын мемлекеттік қаржыландыру



1. Мемлекет білім берудің басымдығын ескере отырып оған бюджеттік қаражаттардың бөлінуін қамтамасыз етеді.

2. Мемлекеттік білім беру ұйымдарын қаржыландыру білім беру деңгейлері бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарымен белгіленген талаптар және Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалатын нормалар негізінде бюджеттік қаражаттар есебінен жүзеге асырылады.

2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



3. Мемлекеттік білім беру мекемелерін бюджеттік қаражаттар есебінен қаржыландыру мекемелердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес ұсталуын және функцияларды орындауын қамтамасыз етеді.

2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Мемлекеттік білім беру кәсіпорындарын, басқа да ұйымдық-құқықтық нысандағы білім беру ұйымдарын қаржыландыру мемлекеттік білім тапсырысы негізінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты қызметтердің тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

5. Білікті жұмысшылар мен мамандарды даярлауға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы:

1) мамандарды даярлау бағыттарын;

2) оқыту нысандары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемін (орындар, гранттар санын);

3) бір маманды оқытуға жұмсалатын шығыстардың орташа кұнын қамтуға тиіс.

Мемлекеттік білім беру мекемелерінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру кезінде бюджеттік бағдарламаның әкімшісі және білім беру ұйымының атауы көрсетіледі.

Мемлекеттік білім беру тапсырысына сонымен қатар осы Заңның 65-бабының 4-тармағында көзделген тәртіппен құрылған оқу орындарында және (немесе) олардың филиалдарында мамандарды даярлау, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды оқыту енеді.

2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



5-1. Білім беру грантының негізінде жоғары білімді кадрлар даярлауды қаржыландыру аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдарының және білім беретін оқу бағдарламаларының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында институционалдық аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.

Білім беру грантының негізінде жоғары білім берудің жекелеген мамандықтары бойынша кадрлар даярлауды қаржыландыру аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдарының және білім беретін оқу бағдарламаларының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында осы мамандықтар бойынша мамандандырылған аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.

5-1-тармақтың үшінші, төртінші бөліктері 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

Білім беру тапсырысының негізінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мамандықтары бойынша кадрлар даярлауды қаржыландыру аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдарының және білім беретін оқу бағдарламаларының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында институтционалдық аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.

Білім беру тапсырысының негізінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жекелеген мамандықтары бойынша кадрлар даярлауды қаржыландыру аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдарының және білім беретін оқу бағдарламаларының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында білім беретін оқу бағдарламалары бойынша мамандандырылған аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.

6. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында орналастырылатын мемлекеттік білім беру тапсырысы тәрбиеленушілер санын және бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құнын қамтуға тиіс.

7. Білім беру жүйесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын ұстауға қойылатын талаптарды білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



8. Жоғары білім беруді қаржыландыруға мемлекеттік білім беру тапсырысы білім беру гранттары түрінде мамандыққа, оқу орнының түрі мен мәртебесіне қарай саралана отырып орналастырылады.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының ақылы негізде бір білім алушыға жұмсалатын шығындары білім беру грантының немесе мемлекеттік білім беру тапсырысының мөлшерінен кем болмайды.

 

63-бап. Білім беру ұйымдарының ақылы негізде тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) ұсынуы



1. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге білім беру ұйымдары бюджет қаражаттары есебінен көрсететін білім беру қызметтері тегін ұсынылады.

2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



2. Мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiне:

1) бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлерге мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттары шеңберiнде ақылы негiзде бiлiм беру қызметтерiн көрсетуге;

2) осы Заңның 63-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, оқушылардан және педагог қызметкерлерден ақшаны өндіріп алуға тыйым салынады.



Өнер мамандығы бойынша жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру мекемелері бюджеттік қаражаттар есебінен көрсетілетін білім беру қызметтерінің көлемдерінен тыс ақылы негізде білім беру қызметтерін ұсынуға құқылы.

2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Мемлекеттік білім беру мекемелері білім берудің мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарының талаптарынан тыс, ақылы қызмет көрсету туралы шартты жасай отырып, ақылы негізде мынадай:

1) қосымша білім беру бағдарламаларын (балалар және жасөспірімдер шығармашылығын, спорт, мәдениет және өнер саласындағы бейімділіктер мен қызығушылықтарды дамыту, мамандардың біліктілігін арттыру) іске асыру;

2) оқу жоспары мен бағдарламалары бойынша бөлінген оқу уақытынан тыс пәндер (сабақтар және сабақтардың циклдері) бойынша жекелеген білім алушылармен қосымша сабақтар ұйымдастыру;

3) пәндер (сабақтар және сабақтардың циклдері) бойынша білім алушылармен ғылым негіздерін тереңдетіп оқып үйренуді ұйымдастыру;

4) білім алушылар мен тәрбиеленушілер, педагог қызметкерлер мен ересек жұртшылық арасында әр түрлі: спорт жарыстарын, семинарлар, кеңестер, конференциялар, сондай-ақ оқу-әдістемелік әдебиетті әзірлеу мен өткізу жөніндегі іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу;

5) музыка аспаптарын пайдалануға беру және Интернет-байланыстың қосымша қызметтерін ұсыну;

6) жазғы демалысты ұйымдастыру, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, білім беру ұйымында өткізілетін түрлі іс-шараларға қатысушылардың тамақтануын қамтамасыз ету;

7) энергия қондырғылары мен қазандықтар беретін жылу энергиясын жіберу;

8) кәсіптік білім беруді ұйымдастыру (техникалық және қызмет көрсетуші еңбек мамандарын қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру);

9) оқу-өндірістік шеберханалардың, оқу шаруашылықтарының, оқу-тәжірибе учаскелерінің өнімдерін өндіру мен өткізуді ұйымдастыру бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) беруге құқылы.

4. Мемлекеттік білім беру мекемелері ақылы негізде ұсынатын тауарларға (жұмыстарға және қызметтер көрсетуге) бағалар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілуге жатады.

5. Жеке меншік білім беру ұйымдары ақылы негізде тауарларды (жұмыстарды және қызметтер көрсетуді) өткізуден, оның ішінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының шеңберінде оқытудан түскен кірістерді, құрылтайшылардың қаражаттарын және заңнамамен тыйым салынбаған басқа да қаржыландыру көздерін дербес пайдаланады.

2011.24.10. № 487-ІV ҚР

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет