Мектеп тамақтануын реформалау жүйесінің батыс елдерінің тәжірибесі



Дата21.06.2016
өлшемі67.49 Kb.
Мектеп тамақтануын реформалау жүйесінің батыс елдерінің тәжірибесі
Мемелекеттік әлеуметтік қамсыздандыруы дамыған қазіргі елдердің көпшілігінде Швеция, Дания, Германия, Финляндия сияқты елдерде 80 пайызға дейінгі мектеп тағам мөлшерінің мемлекеттік дотациясын құрауы мүмкін. Осы елдердің ешқайсысында баланың тамақтануын қамсыздандырудағы қаржылық жүк толығымен мемлекетке қайта салынбайды. Мектептік ланчтарды қаржыландыруда ата-аналар қатысады, бірақ Батыс еуропа және Ресей елдеріне қарағанда тамақтану қызметінің сапасын салыcтырғанда жоғары.

Ұлыбритания. Мектептік тамақтануды ұйымдастырудың тарихи сұрақтары Ұлыбританияда 19 ғасырдың ортасында мемлекеттік деңгейде қарастырылды. Сол уақытта мектепте оқитын балалардың жетістіктері тікелей тамақтануды қамтамасыз етудің дәрежесіне байланысты болды. Алайда үкіметтік төрелердің шынайы абыржыған мәселесі Тумандық Альбионның мектеп оқушыларының және жасөспірімдердің тамақтануы туралы 1899 жылы Англо — бурлық соғысынан кейін пайда болды, әрбір үшінші жас адам әскерге шақырылған және өз еркімен кеткен жас адамдар ауру немесе әскери қызметке қатысуға физикалық қабілеті жоқ болып шықты.

1906 жылы британдықтармен әлемде мемлекеттік қаулы қабылданды, оқушыларды тегін тамақтанумен қамтамасыз ету туралы муниципалдық билікке ұсынылды. 1939 жылы көптеген оқушылар, көбіне кедей отбасыларынан шыққан балалар осы мақсатқа қатысты мемлекет тарапынан таңертеңгілік тамақпен қамтамсыз етілді.

1940 жылдан бастап Біріккен Корольдік үкіметі мектептік тамақтануды әскери қақтығыстар жағдайына байланысты мобилизациялық шараларды дайындауда міндетті мәселе болып қарастырылды. Нәтиже көрсеткендей екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуына байланысты күніне 1,6 млн. оқушылар тегін таңертеңгі тамақ ала бастады (1939 жылмен салыстырғанда 10 рет көп). Осы сандар арасында таңертеңгі тамақтың 15 % толығымен тегін болды, барлық шығысты мемлекет төлеп отырды.

1951 жылы оқушылардың 49% таңертеңгі тамақ ала бастады, ал оқушылардың 84% тегін 1 стақан сүтпен қамтамасыз етілді. Сол кезде ағылшын жасөспірімдерінің диета тағамдары ланчқа - астық тағамдар, жұмыртқа, нан және таңертеңгі тамаққа май, ет, картоп, көкөністер, түске — нан мен май, джем, бауыр немесе самса, түнге — сүт. Жемістер мен көкөністер арасында ең көп қолданылатын құлпынай, рауаш, жаңа бұршақ, сүтшөп, томаттар.

70-ші жылдардың басында Ұлыбританияда мектептік тамақтануына байланысты толыққанды жүйе қалыптасты, ол арзан және көптеген оқушылардың арасында белең алды. Ал жағдайы төмен отбасылардың балаларына ол толығымен тегін болды.

1980 жылы оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру жеке бизнеске берілді (Маргарет Тэтчердің ықыласымен). Нәтижесінде мектептерде буфеттік өнімдер сатыла бастады (шокаладттар, гамбургерлер, газды сулар және т.б.).

20 жылдан кейін ел әр адамның басын келген жүрекқантамырлар, семіздік аурларының эпидемиясына және ұлттық денсаулық проблемаларына шалдықты. 1997 жылы өткізілген жекткіншектердің тамақтануының сараптамасы көрсеткендей көрсеткендей 1980 жылмен салысытырғанда қант қабылдау 30% артқан. Балалардың үштен екісі жүйелі түрде және едәуір мөлшерде ақ нан, чипсылер, тәтті заттар, газдалған тәтті сусындар жеп, есесіне көкеністер мен жемістерді (ұсынылған мөлшерден 50% кем) аз жейтін болған. 2000 жылдың қаңтар айына ағылшын балаларының 44% ғана мектептік тамақ алған (1979 жылмен салыстырғанда 25 % кем). Табыстары төмен отбасылардағы 3,76 миллион балалардың әр үшіншісі ғана осы уақытта тегін екінші таңғы ас алған. Бірақ-та оқушылардың тамағы көптеген микро- және микронутриенттер жағынан тапшы болып шықты.

Соңғы 3-4 жылда Британияда жоғалған пазицияларды қайтадан қалпына келтіру бойынша жұмысты кенет белсендетті. Ағылшын балаларын ыстық және сапалы тамақпен қамтамасыз ету бойынша дәстүрді жандандыру басталып кетті. Бүгінгі күні Ұлыбритания оқушыларының жартысына тақауы ыстық тамақты тегін және дотациялық негізде алады.



Осы орайда ресторатор Джеймс Оливердің сапалы метептік тамақтандыру бойынша, мектептік тамақтандыру сапасының ең жоғарғы стандарттарын қабылдау, қызметі кең қауымның бақылауында болатын Үкіметтің қатысуымен құрылған «School Food Trust» мектептік тамақтандыру трестін құру бастамасы басты роль ойнады.

АҚШ. Мектептік тамақтандыру келесі бағдарламалардың шеңберінде жүзеге асырылады: National School Lunch Program - Мектептік түскі астардың Ұлттық бағдарламасы, School Breakfast Program - Мектептік таңғы астар бағдарламасы, Special Milk Program for Children - Балалар үшін арнаулы сүт бағдарламасы, Child and Adult Care Food Program - Балалардың және үлкендердің тамақтануы бойынша қызмет бағдарламасы, Summer Food Service Program - Тамақтану бойынша жазғы қызмет бағдарламасы.

АҚШ-та біршене онжылдықтын ішінде мектептік тамақтандыруды ұйымдастыру мәселе бойынша көптеген әйелдер ұйымдарының белсенді ұстанымы маңызды роль атқарды.

Бүгінгі күні мектеп оқушыларының жартысы (27 млн.) «Мектептік ланч» Федералды бағдарламасы шеңберінде күн сайын тегін түскі ас алады. Әр оныншы мектеп оқушысы (8 млн. тақау) «Мектептік таңғы ас» федералды бағдарламасы бойынша тегін таңғы ас алады, ал сүт мектеп оқушыларының тамағының басты компоненті болып табылады. Осы екі бағдарлама Американың 99 800 мемлекеттік және жеке меншік (комерциялық емес) мектептерінде іске асырылады.

Әр бес жыл сайын мектептік тамақтандыру жүйесінде тағамдардың құрамындағы ақуызардың, көмірсутектердің, майлардың каллориялардың арасалмақтағына аудит өткізіледі. Соңғы ұсыныстарға сәйкес америкадағы балалардың тамағы ақуыздың, А, С винаминдерінің, темірдің, қалцидың және коллориялығы (майдың есебінен 30% кем болмау керек) қажеттілігінің 1/3 қамтамасыз еті керек.

Сонымен қатар Америка Құрама Штаттарында «Жазғы лагерлерде балалардың тамақтануы» Федералдық бағдарлама бар. Федералдық бағдарламада жағдайы төмен отбасындағы оқушы-балаларға арналған тамақтану бойынша әлеуметтік бөлім бар.

Жалпы тегін тамақтануға көрсетілген барлық төрт бағдарламаларда АҚШ-та жылына 12 миллиард бөлініп отырады. 2003 жылы шығыстың екіде үш бөлігі балаларды етпен және сүтпен қамтамасыз етуге жұмсалды, ал төрттен бір бөлігінен жемістер мен көкөністерге жұмсалды, әсіресе консерваттылық немесе мұздатылған.

Өкінішке орай, аталған азық-түліктер әрдайым критикада болады, мектеп жасындағы балалардың тамақтануы қазіргі таңда негізінен астық, табиғи көкөністер мен жемістер, бірыңғай ет саны, балықтар, сүттк өнімдер және бұршақ тұқымдастары.

АҚШ, Англия, Финляндия, Швеция: жалпы сипаттамалары.

1. АҚШ-тан басқа, барлығына тегін мектептік тамақтандыруды аралас үлгіде қолданылатын (бюджет қорынан толық немесе жартылай төлем)

2. Балаларды тамақтандырумен ең жоғарғы қамтамасыз ету мектеп асханаларында (80-90%)

3. Сауықтыру тамақтануына қосылатын: калорияларды, қаныққан майлы қышқылдарды, қант-кәмпиттерді, тұздарды; белок мөлшерінің жеткілікті ұстау, қанықпаған майлы қышқылдарды (соның ішінде 3 омегалы май қышқылдары), тағамдық талшықтарды, витаминдер мен микроэлементтерді, тамаққа азық-түліктерді қолдану, молайту витаминдерге, микроэлементтерге; жеміс-жидектер және азық-түліктерді жоғарғы деңгейде қолдануды шектеу.

4. Түрліше тамақтандыру: тағамдар және азық-түліктердің жетілдіріліп, бекітілген 100-ден астам атаулары рецеп бойынша қолданылады.

5. Қауіпсіз тамақтандыру: регламенттелген мектептік тамақтандыруға рұқсат етілмеген азық-түліктердің тізімдеріне, тағамдар мен тамақтандыру азық-түліктеріне санитарлы-гигиеналық талаптардың сақталуын, мектептік азық-түлік блогтарының, мектептік азық-түлік блогтарының қызметкерлеріне бақылауды жүзеге асыру.



Ресей. Ресей Федерациясы Үкіметінің «Жалпы білім беретін мекемелердің муниципалдық және Ресей Федерациясының мемлекеттік жалпы білім беретін мекемелердің оқушыларына тамақтандыруын ұйымдастыруды жүзеге асыру бойынша Ресей Федерациясының эксперименталдық жобаның 2008 - 2009 жылдардағы мемлекеттік қолдаудың шаралары туралы» 2007 жылғы 21 қарашада №799 қаулы қабылданды. Бір қатар аймақтарда «сапалы және жылдам тамақтандыруды дені дұрыс дайындауға мүмкіндік беретін» жаңа технологияларды байқаудан өткізеді. Мектептік тамақтандыруды ұйымдастыруға бірнеше әдістемелер тексеріліп және елдің барлық елді мекендердегі ата-аналарға қол жетімді және арзан технологиялар енгізілетін болады.
Қазақстан Республикасында жалпы білім беретін мектептердегі оқушыларды сапалы тамақпен қамту бойынша атқарылған шаралар
Мектептік тамақтандыру мәселелері 2008 жылғы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімовте өткен селекторлық кеңесінде арнайы қаралыстырылған.

Оқушыларға тамақтандыруды ұйымдастыру мәселелері Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы отырысында екі рет талқыланды.



Денсаулық сақтау органдарымен және Қазақ тамақтандыру академиясымен бірлесіп, республикада алғашқы рет жиынтық әдістемелік ұсынымдамалар әзірленді және «Мектептік тамақтандыру» атты кітап топтамасы шығарылды.

Оқушыларды тамақпен ұйымдастыру мәселелері 2010-2012 жылдарға арналған Аймақтардың дамыту стратегиялық жоспарлардың жобаларында енгізілген. Оқушыларды ыстық тамақпен қамтуын арттыру жөніндегі облыс әкімдерімен бірге Меморандумдар жасау жоспарлануда.

Шараларды қолдану қорытындысында 2009 жылдың басында төмендегілерге қол жеткізілді:

1) тамақтандыруды ұйымдастыру шығындарын арттыру: жергілікті бюджетінен 7,3 млрд. теңгеге жуық бөлінді, оның ішінде 6,5 млрд. теңгеден астам жергілікті бюджеттен және 684 млн. теңге басқа табыс көздерінен (2006 ж. - 742 542 млн.теңге);

2) 5269 мектептерде (69,1%) балаларды ыстық тамақпен қамтуы ұйымдастырылды (2006 ж. - 4380 немесе 56%);

3) 61,7 % оқушылар ыстық тамақпен қамтылған (2006 ж. – 52%);

4) 61 % аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар тегін ыстық тамақпен қамтылған (2006 ж. – 33%);

Ен көбі - Астана қаласында (100%), Павлодар облысында (100%), Батыс Қазақстан облысында (100%), Қарағанды облысында (100%) Актөбе облысында (85%) қамтылған;

5) Алматы қаласында және Қарағанды облысында бастауыш сыныптардың барлық оқушыларына тегін ыстық тамақтандыру ұйымдастырылған.
Каталог: sites -> default -> files -> upload -> files -> mezhdunar opyt
files -> 105 НҰСҚа аты-жөні Қала (Облыс) Аудан Мектеп Сынып Талапкердің қолы 2011 Назар аударыңыз!
files -> Бағалық ұсыныстар сұраныс әдісі арқылы принтерлердің техникалық күту және олардың картридждеріне бояу құю бойынша қызмет көрсетуге арналған мемлекеттік сатып алудың қорытындысы туралы хаттама
files -> Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы конвенцияны іске асыруы туралы төртінші кезеңдік баяндама Кіріспе
mezhdunar opyt -> Адамгершілік-рухани білім беру және тәрбиелеу жөнінде халықаралық тәжірибе
mezhdunar opyt -> Баланы тәрбиелеуде ата-аналардың ролін арттыру бойынша халықаралық тәжірибе


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет