Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысқа басшылық жасау:
жалпы орта білім беру ұйымдарында аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттеріне;
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында облыстық (қалалық) білім беруді басқару органдарының әдістемелік кабинеттеріне жүктеледі.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Білім беру ұйымдарында және тиісті инфрақұрылымда, оның ішінде оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті үйлестіру білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 30-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
30-бап. Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту
1. Алты (жеті) жасқа дейiнгi балаларды мектепке дейiнгi тәрбиелеу отбасында немесе бiр жастан бастап мектеп жасына жеткенге дейін мектепке дейiнгi ұйымдарда жүзеге асырылады.
2. Мектепке дейiнгi оқыту балаларды мектепте оқытуға мектепалды даярлық түрiнде бес жастан бастап жүзеге асырылады.
Мектепалды даярлық мiндеттi және отбасында, мектепке дейiнгi ұйымдарда, жалпы бiлiм беретiн мектептердiң, лицейлердiң және гимназиялардың мектепалды сыныптарында жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарындағы мектепалды даярлық тегiн болып табылады.
31-бап. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. 1-сыныпқа оқуға балалар алты (жеті) жастан қабылданады.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын орта білім беретін ұйымдардың негізгі түрлері мектеп, шағын жинақталған мектеп, гимназия, лицей, бейіндік мектеп болып табылады.
3. Он алты жасқа дейінгі балаларды орта білім беретін мемлекеттік ұйымдардан шығаруға құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны, білім беру ұйымдарының жарғысын өрескел және бірнеше рет бұзғаны үшін білім беру ұйымы мемлекеттік басқару органының шешімі бойынша ерекше жағдайларда рұқсат етіледі.
Жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды шығару туралы шешім қорғаншы және қамқоршы ұйымдардың келісімімен қабылданады.
32-бап. Техникалық және кәсіптік білім беру
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Техникалық және кәсіптік білім беру негізгі орта және (немесе) жалпы орта білім беру базасында училищелерде, колледждерде және жоғары техникалық мектептерде жүзеге асырылады.
Техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдардағы оқу процесі оқу-өндірістік шеберханаларында, оқу шаруашылықтары мен оқу полигондарында өндірістік оқыту шеберінің басшылығымен орындалатын теориялық сабақтарды және өндірістік оқытуды қамтиды.
2. 2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 32-1-баппен толықтырылды
32-1-бап. Кәсіптік даярлық
1. Кәсіптік даярлық белгілі бір жұмыс түрін орындау үшін қажетті жаңа немесе өзгерген кәсіптік дағдыларды білім алушылардың жедел меңгеруіне бағытталған. Кәсіптік даярлық білім алушының білім деңгейін арттырумен байланысты емес.
2. Қызметкерлердің немесе жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұрмайтын өзге де адамдардың кәсіптік даярлығын жұмыс беруші тікелей ұйымдарда, оқу орталықтарында, курстарда, сондай-ақ заңды тұлғалардың әр түрлі оқу-өндірістік құрылымдарында немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жүргізеді.
3. Кәсіптік даярлық оқыту шартына сәйкес жұмыс берушінің қаражаты немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаражат есебінен жүзеге асырылады.
Кәсіптік даярлықтың нысанын, мазмұны мен көлемін жұмыс беруші тиісті кәсіп бойынша қолданыстағы білім беретін оқу бағдарламаларының негізінде айқындайды.
Кәсіптік даярлық нысандарына кәсіпорындарда оқыту, басқа мамандыққа қайта оқыту, корпоративтік жауапкершілік және оқушылық негізінде кооперативтік оқыту жатады.
4. Кәсіптік даярлық деңгейін бағалау бойынша біліктілік емтиханынан табысты өткен адамдарға нақты мамандық бойынша тиісті біліктілік деңгейі беріледі және біліктілікті беру туралы белгіленген үлгідегі куәлік (сертификат) беріледі.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 33-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
33-бап. Орта білімнен кейінгі білім беру
Орта білімнен кейінгі кәсіптік оқу бағдарламалары негізгі түрі колледж болып табылатын білім беру ұйымдарында іске асырылады.
Орта білімнен кейінгі кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша мамандарды даярлау, тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін мамандықтар бойынша жүзеге асырылады.
34-бап. 2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
35-бап. Жоғары білім беру
1. Жоғары білімді жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар азаматтар алады. Азаматтың конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар.
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Жоғары бiлiм берудiң кәсiптiк білім беретін оқу бағдарламалары жоғары оқу орындарында iске асырылады.
Ұлттық зерттеу университеті, ұлттық жоғары оқу орны, зерттеу университеті, университет, академия, институт және оларға теңестiрiлгендер (консерватория, жоғары мектеп, жоғары училище) жоғары оқу орындарының негiзгi түрлерi болып табылады.
3. Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын меңгеру бойынша қорытынды аттестаттаудан табысты өткен білім алушыға біліктілік және (немесе) «бакалавр» академиялық дәрежесі беріледі.
4. Білім беру бағдарламаларын іске асыру және ғылыми-қолданбалы зерттеулерді жүргізу үшін жоғары оқу орындары инновациялық-білім беру консорциумын құруға және (немесе) оған кіруге құқылы.
36-бап. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру
1. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімді жоғары білімі бар азаматтар алады.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жоғары оқу орындарының магистратурасы мен докторантурасында, жоғары оқу орындарының және ғылыми ұйымдардың резидентурасында, сондай-ақ «Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаттарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жыл сайын бекiтiлетiн мамандықтар тiзбесiне сәйкес күндiзгi оқыту нысаны бойынша жетекші шет елдердiң жоғары оқу орындарына оқуға жiберу арқылы жүзеге асырылады.
Әскери және өзге де мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсiптiк білім беретін оқу бағдарламаларын iске асыру жоғары әскери және арнаулы оқу орындарының адъюнктурасында жүзеге асырылады.
3. Кадрларды магистратурада даярлау жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламалары негізінде:
1) екі жылдық оқу мерзімімен ғылыми және педагогтік;
2) кемінде бір жыл оқыту мерзімімен бейіндік болып екі бағытта жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қорытынды аттестаттаудан табысты өткен және магистрлік диссертациясын көпшілік алдында қорғаған білім алушыға тиісті мамандығы бойынша магистр академиялық дәрежесі беріледі.
4. Докторантурада магистратураның кәсіптік оқу бағдарламалары негізінде кемінде үш жыл оқу мерзімімен философия докторлары (PhD) мен бейіні бойынша докторлар даярлау жүзеге асырылады.
5. Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтік білім беру резидентураны, магистратура мен докторантураны қамтиды.
Резидентурада мамандануына қарай оқыту ұзақтығы екі жылдан төрт жылға дейін клиникалық мамандықтар бойынша тереңдетіле даярлау жүзеге асырылады. Резидентура туралы ережені денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 37-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
37-бап. Қосымша білім беру
1. Балаларға қосымша білім беру олардың түрлерін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын білім беру ұйымдарында және мектептен тыс ұйымдарда жүзеге асырылады.
Қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім беру қызметтерін білім алушыларға бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары көрсетеді және шарттық негізде ұсынады.
2. Ересектерге (он сегiз жасқа толған адамдарға) бiлiм беру қоғамда болып жатқан әлеуметтiк-экономикалық өзгерiстерге сәйкес бiлiм мен дағдылардың қосымша көлемiн алу үшiн олардың өмiр бойы бiлiм алу қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға бағытталған.
Ересектерге бiлiм берудi бiлiм беру ұйымдары, сондай-ақ қосымша бiлiм беретін оқу бағдарламаларын iске асыратын құрылымдық бөлiмшелерi бар заңды тұлғалар жүзеге асырады.
3. Кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында, ғылыми ұйымдарда, біліктілікті арттыру институттарында, өндірісте және ғылыми, педагог, инженерлік-техникалық және медицина қызметкерлерінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша шетелдік ұйымдарда тағылымдамадан өтуі кезінде жүзеге асырылады.
4. Бiлiм беру ұйымдары басшы кадрларының, педагог және ғылыми қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру бес жылда кемiнде бiр рет жүзеге асырылады.
5. Медициналық және фармацевтік кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау медициналық білім және ғылым ұйымдарында жүзеге асырылады.
6. Қазақстан Республикасының азаматтары тағылымдамадан өту үшін «Болашақ» халықаралық стипендиясын алуға арналған конкурсқа қатысуға құқылы.
Тағылымдамадан өту үшін «Болашақ» халықаралық стипендиясын алуға баллдары теңдей болған кезде Президенттік олимпиада жеңімпазы ғылыми жетекшісінің басым құқығы бар.
«Болашақ» халықаралық стипендиясы берілген Қазақстан Республикасының азаматтарымен «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша тағылымдамадан өту туралы шарт жасалады.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 37-1-баппен толықтырылды
37-1-бап. Жеке педагогтік қызмет
1. Табыс алумен байланысты жеке педагогтік қызмет кәсіпкерлік қызмет болып табылады. Жеке педагогтік қызметпен айналысатын тұлғаны мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Жеке педагогтік қызмет лицензияланбайды.
38-бап. Білім алушылардың кәсіптік практикасы
1. Білім алушылардың кәсіптік практикасы мамандар даярлайтын кәсіптік оқу бағдарламаларының құрамдас бөлігі болып табылады.
Кәсіптік практика тиісті ұйымдарда жүргізіледі және оқыту процесінде алған білімдерді бекітуге, практикалық дағдыларды игеруге және озық тәжірибені меңгеруге бағытталған.
2. Кәсіптік практиканың түрлері, мерзімдері мен мазмұны жұмыстық оқу бағдарламаларымен және жұмыстық оқу жоспарларымен айқындалады.
3. Кәсіптік практиканы өткізу үшін білім беру ұйымдары шарттық негізде практиканың базасы ретінде ұйымдары айқындайды, олармен практиканы өткізудің келісілген бағдарламалары мен күнтізбелік кестелерін бекітеді.
Шарттарда білім беру ұйымының, практиканың базасы болып табылатын ұйымдардың және білім алушылардың міндеттері мен жауаптылықтары айқындалады.
4. Кәсіптік практикаға кететін шығындар білім беру ұйымдарында және практиканың базасы болып табылатын ұйымдарда көзделеді және жасасылған шарттармен айқындалады.
5. Практиканың базалары болып табылатын ұйымдармен шарттар білім алушылардың кәсіптік практикасын өткізуге арналған шарттардың үлгілік нысаны негізінде жасасылады.
39-бап. Білім беру туралы құжаттар
2011.19.01. № 395-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Лицензиясы бар, мемлекеттік аттестаттаудан өткен және негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қорытынды аттестаттаудан өткен азаматтарға білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттар береді.
Аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдарының және білім беретін оқу бағдарламаларының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында мамандандырылған аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдары азаматтарға аккредиттелген білім беретін оқу бағдарламалары (мамандықтар) бойынша білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттарды беруге құқылы.
Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды толтыруға қойылатын талаптарды білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Дербес білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарға теңестіріледі.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Ерекше мәртебесі бар білім беру ұйымдары білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттар бере алады.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Білім туралы мемлекеттік үлгідегі не өзіндік үлгідегі құжаттың болуы келесі деңгейдегі білім беру ұйымдарында білім алуды жалғастыру үшін қажетті талап болып табылады.
3. Білім алуды аяқтамаған не қорытынды аттестаттаудан өтпеген азаматтарға белгіленген үлгідегі анықтама беріледі.
4. Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық шарттар (келісімдер) негізінде танылады.
Халықаралық шарттар (келісімдер) болмаған кезде азаматтардың шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарын нострификациялау және оларға тиісті куәліктерді беру білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттар тану немесе нострификациялау рәсімдерінен өтпей-ақ Қазақстан Республикасында танылады.
6-тарау. Білім беру қызметінің субъектілері
40-бап. Білім беру ұйымдары
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Меншік нысанына және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан бір немесе бірнеше білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын және (немесе) білім алушыларды, тәрбиеленушілерді бағып-күтуді және тәрбиелеуді қамтамасыз ететін заңды тұлғалар, заңды тұлғаны құрмай мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламаларын іске асыратын дара кәсіпкерлер білім беру ұйымдары болып табылады.
Білім беру ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалар (құрылтайшылар) құрады.
Білім беру ұйымдарының қызметі тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгі қағидаларымен және солардың негізінде әзірленген жарғылармен реттеледі.
Заңды тұлға құрмай мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың білім беру бағдарламаларын іске асыратын дара кәсіпкерлердің қызметі тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгі қағидаларымен реттеледі.
2011.19.01. № 395-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Білім беру ұйымдарында білім беру қызметін жүргізу құқығы:
1) лицензиялауды талап ететін білім беру қызметінің кіші түрлері үшін - егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, лицензия алған сәттен бастап және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен лицензиядан айыру немесе оны жарамсыз деп тану туралы соттың шешімі заңды күшіне енген сәттен бастап;
2) лицензиялауды талап етпейтін білім беру қызметінің кіші түрлері үшін - заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеген сәттен бастап туындайды;
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды
3) білім беру қызметінің хабарлама жасау тәртібі көзделген кіші түрлері үшін - хабарлама берілген кезден бастап туындайды және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен хабарламалар тізілімінен білім беру ұйымы алып тасталған кезден бастап тоқтатылады.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР
Достарыңызбен бөлісу: |