Қазақстан Республикасынормативтік құқықтық актілерініңақпараттық-құқықтық жүйесі


-бап. Көлiк құралын Қазақстан Республикасы мемлекеттік



бет29/47
Дата04.07.2016
өлшемі0.77 Mb.
#177216
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   47
530-бап. Көлiк құралын Қазақстан Республикасы мемлекеттік
                кіріс органының рұқсатынсыз жөнелту

      Кедендiк бақылауда тұрған көлiк құралын не Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы тауар ретiнде өткiзiлетiн көлiк құралын оның тұрған орнынан Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органының рұқсатынсыз жөнелту –


      он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      531-бап. Тауарларды кедендiк рәсiммен орналастыруға


                байланысты кедендiк операцияларды жасаудың және
                тауарларды кедендiк тазартудың тәртiбiн бұзу

      Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларды кедендiк рәсiммен орналастыруға байланысты кедендiк операцияларды жасаудың және тауарларды кедендiк тазартудың тәртiбiн бұзу, яғни Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген тауарларды кедендiк рәсiммен орналастыру, кедендік операцияларды жасау орны мен уақыты жөнiндегi талаптарды, сондай-ақ тауарлардың жекелеген санаттарын кедендiк рәсiммен орналастырудың бiрiншi кезектегi тәртiбiн қолдану шарттарын сақтамау –


      жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      532-бап. Өздеріне қатысты кедендiк тазарту аяқталмаған


                тауарлармен құқыққа сыйымсыз операциялар
                жүргiзу, олардың жай-күйiн өзгерту, оларды
                пайдалану және (немесе) оларға билiк ету

      1. Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, өздеріне қатысты кедендiк тазарту аяқталмаған тауарлармен Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген талаптар мен шарттарды бұзып операциялар жүргiзу, олардың жай-күйiн өзгерту, оларды пайдалану және (немесе) оларға билiк ету –


      әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысаналары болып табылатын көлiк құралдары тәркiлене отырып немесе онсыз жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
      әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып не онсыз, қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      533-бап. Кедендік бақылауда тұрған тауарлармен жүк


                операцияларын және өзге де операцияларды
                мемлекеттік кіріс органының рұқсатынсыз жүргізу

      Мемлекеттік кіріс органының рұқсатынсыз не оны хабардар етпей, кедендік бақылауда тұрған тауарлар мен көлiк құралдарын тасымалдау, тиеу, түсiру, қайта тиеу, қаптамаларының бүлінген жерін жөндеу, қаптау, қайта қаптау немесе тасымалдау үшін қабылдау, мұндай тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн алу, көрсетілген тауарлар мен көлiк құралдары болуы мүмкiн үй-жайларды, ыдыстарды және басқа да орындарды ашу не кедендік бақылауда тұрған тауарларды тасымалдайтын халықаралық тасымалдың көлік құралын ауыстыру –


      жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      534-бап. Сәйкестендіру құралдарын жою, алып тастау,


                өзгерту не ауыстыру

      1. Мемлекеттік кіріс органдары, оның ішінде шет мемлекеттердің мемлекеттік кіріс органдары пайдаланатын сәйкестендіру құралдарын мемлекеттік кіріс органының рұқсатынсыз жою, алып тастау, өзгерту не ауыстыру немесе мұндай сәйкестендіру құралдарын зақымдау не жоғалту –


      жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
      қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      535-бап. Тауарларды кедендік декларациялау тәртiбiн бұзу

      Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, декларанттың және (немесе) кеден өкілінің тауарларды кедендік декларациялау тәртiбiн бұзуы, яғни Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген, тауарларды алдын ала, толық емес, мерзiмдiк және уақытша кедендік декларациялауды қоса алғанда, тауарларды кедендік декларациялау орны бойынша, кедендік декларацияны толтыру және кедендік декларациялау тәртібі жөніндегі талаптарды сақтамауы –
      жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескертпе. Тұлға мынадай жағдайларда:
      1) тауарлар шығарылғанға дейін мемлекеттік кіріс органы лауазымды адамының тауарларды дұрыс сыныптамауы фактісі анықталған жағдайда, тауарлар шығарылғаннан кейін оларды сыныптау жөніндегі шешімдерді қайта қарау кезінде тауарлардың коды өзгертілген;
      2) камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жойған;
      3) тауарлар шығарылғаннан кейін бұзушылықтарды өз бетінше анықтаған және көшпелі кедендік тексерудің жүргізілуі басталғанға дейін бір жыл ішінде өз еркімен жойған кезде осы бапта көзделген әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
      Ескерту. 535-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

      536-бап. Кеден өкiлiнiң кеден iсi саласындағы қызметтi


                жүзеге асыру тәртiбiн бұзуы

      1. Кеден өкiлiнiң үшiншi тұлғамен азаматтық-құқықтық шарт жасаспай не шарттың қолданылу мерзiмi өткен соң немесе оны бұзғаннан кейiн үшiншi тұлғаның мүддесi үшiн кеден iсi саласындағы қызметтi жүзеге асыруы –


      отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, кеден өкiлiнің бiр жыл iшiнде қайталап жасаған әрекеті –
      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      537-бап. Уәкiлеттi экономикалық оператордың кеден iсi


                саласындағы қызметтi жүзеге асыру тәртiбiн бұзуы

      Уәкiлеттi экономикалық оператордың осындай қызметтi жүзеге асыру үшiн Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген талаптарды сақтамауы –


      бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      538-бап. Кеден декларациясын, құжаттар мен мәлiметтердi


                беру мерзiмдерiн бұзу

      1. Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларды кедендiк декларациялау кезiнде кедендiк декларацияны, құжаттар мен мәлiметтердi мемлекеттік кіріс органына белгiленген мерзiмдерде ұсынбау –


      жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      539-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс


                органына есептiлiктi ұсынбау не анық емес
                есептілікті ұсыну және есеп жүргiзу тәртiбiн
                сақтамау

      Кедендiк тасымалдаушының, кеден өкiлiнiң, уақытша сақтау орны немесе қоймасы, кеден қоймасы немесе еркiн қойма, бажсыз сауда дүкенi иелерiнiң, уәкілетті экономикалық операторлардың, декларанттардың кедендiк бақылаудағы не еркiн кедендік аймақтар аумағындағы әкелiнетiн, әкетiлетiн, декларацияланатын, келiп түсетiн, сақталатын, қайта өңделетiн, дайындалатын, сатып алынатын және өткiзiлетiн тауарлар туралы есептiлiктi мемлекеттік кіріс органына Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртiппен және мерзiмдерде ұсынбауы не анық емес есептілікті ұсынуы, сол сияқты мұндай тауарларға есеп жүргiзу тәртiбiн сақтамауы –


      жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      540-бап. Тауарларды сақтауға орналастыру тәртiбiн, оларды


                сақтау және олармен операциялар жүргiзу тәртiбiн
                бұзу

      Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген, тауарларды сақтауға орналастыру тәртібін және оларды сақтау тәртібін, кеден қоймасында сақтау мерзімдерін, тауарларды бір қоймадан екіншісіне жылжыту тәртібін бұзу, сол сияқты кеден қоймаларындағы, уақытша сақтау қоймаларындағы және еркін қоймалардағы тауарлармен операциялар жүргізу –


      жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      541-бап. Тауарларды уақытша сақтау мерзiмдерiн бұзу

      Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген, тауарларды уақытша сақтау мерзiмдерiн бұзу -
      тауарлар тәркілене отырып немесе онсыз, елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      542-бап. Тауарларды қайта өңдеу және қайта өңдеу


                өнiмдерiн ауыстыру тәртiбiн бұзу

      1. Тауарларды қайта өңдеу тәртiбiн бұзу, яғни кеден заңнамасында белгiленген талаптарды, шектеулердi және тауарларды қайта өңдеу жағдайлары туралы мiндеттеме беру шарттарын, оларды қайта өңдеу тәртiбi мен мерзiмдерiн, қайта өңдеу өнiмдерiнiң шығу мөлшерiн сақтамау, мұндай тауарларды қайта өңдеу бойынша операциялар жүргiзу –


      елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Отандық тауарлардың қайта өңдеу өнiмдерiн басқа тауарлармен ауыстырудың белгiленген тәртiбiн бұзу -
      жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      543-бап. Кедендік рәсімді белгіленген мерзімдерде аяқтамау

      1. Өзіне қатысты аяқтау туралы талап белгіленген кедендік рәсімді белгіленген мерзімдерде аяқтамау –
      әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысаналары болып табылатын көлiк құралдары тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Жеке тұлғалардың Кеден одағының кедендік аумағынан уақытша әкелінген тауарларды және (немесе) көлiк құралдарын уақытша әкелудің белгіленген мерзімдерінде әкетпеуі –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органына тауарлар мен көлiк құралдарының кері әкетілуін немесе әкелінуін не аварияның немесе еңсерілмейтін күштiң әсерi, табиғи тозу немесе азаю не шет мемлекет органдары мен лауазымды адамдарының құқыққа сыйымсыз әрекеттерiне байланысты олардың иелiктен шығарылуы салдарынан тауарлар мен көлiк құралдарының жойылуы немесе ысырап болуы себебiнен оның мүмкiн еместігін растау ретiнде жарамсыз құжаттарды, заңсыз жолмен алынған құжаттарды не басқа тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты құжаттарды ұсыну –
      әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын көлік құралдары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      544-бап. Белгiлi бiр кедендiк рәсіммен орналастырылған


                тауарлармен және көлiк құралдарымен құқыққа
                сыйымсыз операциялар жүргізу, олардың жай-күйiн
                өзгерту, оларды пайдалану және (немесе) оларға
                билiк ету

      Тауарлармен және көлiк құралдарымен олардың кедендiк рәсіміне сай келмейтiн операциялар жүргізу, олардың жай-күйiн өзгерту, оларды пайдалану және (немесе) оларға билiк ету, сол сияқты, егер бұған кедендік рәсімге сәйкес жол берілсе, тауарларға қатысты иелену, пайдалану және билік ету құқықтарын беру арқылы кедендік рәсімді пайдалану құқығын, егер мұндай шешім міндетті болса, мемлекеттік кіріс органының рұқсатынсыз басқа тұлғаға беру –


      әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын көлік құралдары тәркілене отырып, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тиісті тізілімінен алып тастай отырып, жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      545-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын Кеден одағының


                кедендік шекарасы арқылы өткiзген кезде тыйым
                салулар мен шектеулерді қолдану тәртiбiн
                сақтамау

      Тауарлар мен көлiк құралдарын Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген тыйым салулар мен шектеулерді сақтамай өткiзу –


      әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлік құралдары тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      546-бап. Жеке тұлғалардың Кеден одағының және (немесе)


                Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында
                белгіленген, жеке пайдалануға арналған
                тауарларды өткiзу тәртібін бұзып, тауарлар мен
                көлік құралдарын Кеден одағының кедендік
                шекарасы арқылы өткізуі

      Осы Кодекстің 547-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке тұлғалардың кедендік декларациялауға жататын жеке пайдалануға арналған тауарларды және (немесе) көлік құралдарын белгіленген нысанда декларацияламауы –


      он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      547-бап. Халықаралық пошта жөнелтілімдерінде тауарларды


                өткізу тәртібін бұзу

      Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген халықаралық пошта жөнелтілімдерінде тауарларды өткізу тәртібін бұзу –


      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      548-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын Кеден одағының


                кедендік шекарасы арқылы кедендік бақылауға
                соқпай өткiзу

      1. Тауарлар мен көлiк құралдарын Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы кедендік бақылауға соқпай өткiзу, яғни тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізудің Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдары айқындаған орындардан тыс жерде немесе көрсетілген орындарда Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдарының жұмыс уақытынан тыс кезде өткiзу, қылмыс белгілері болмаған кезде –


      жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
      әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлік құралдары тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға – жиырма бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      549-бап. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы


                өткiзiлетiн тауарларды кедендiк бақылаудан
                жасыру

      Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткiзiлетiн не өткізілген тауарларды кедендiк бақылаудан жасыру, оның iшiнде тауарларды табуды қиындататын құпия орындарды не басқа да тәсiлдердi пайдалану немесе бiр тауарларға басқалардың түрiн беру арқылы жасыру –


      құқық бұзушылықтың тікелей объектілері болып табылатын тауарлар тәркiлене отырып немесе онсыз, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен заттарды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жасырып өткiзу үшiн пайдаланылған арнайы әзiрленген құпия орындары бар тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып, жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      550-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын Кеден одағының


                кедендік шекарасы арқылы құжаттарды немесе
                сәйкестендіру құралдарын алдап пайдалана отырып
                өткiзу

      Осы Кодекстің 555-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік кіріс органына кедендiк мақсаттар үшiн қажеттi құжаттар ретiнде жарамсыз құжаттарды, оның ішінде тыйым салу мен шектеулерді сақтамауға негіз болатын құжаттарды, заңсыз жолмен алынған құжаттарды, анық емес мәлiметтердi қамтитын құжаттарды не басқа тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты құжаттарды ұсына отырып, тауарлар мен көлiк құралдарын Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткiзу, сондай-ақ тауарларды кеден транзитінің кедендік рәсімімен немесе уақытша сақтау қоймасына орналастыру, сондай-ақ жасанды сәйкестендіру құралдарын не басқа тауарлар мен көлік құралдарына қатысты төлнұсқа сәйкестендіру құралдарын пайдалану –


      әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып, жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      551-бап. Тауарларды, қолма-қол ақшаны, жол жүру чектерін


                не құжаттандырылған бағалы қағаздарды
                декларацияламау немесе анық емес кедендік
                декларациялау

      1. Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткiзiлетiн не өткізілген тауарларды декларацияламау немесе анық емес кедендік декларациялау, яғни декларанттың, кеден өкілінің, уәкілетті экономикалық оператордың кеден декларациясында және кеден мақсаттары үшін қажетті өзге де құжаттарда тауарлар туралы, таңдап алынған кедендiк рәсім, тауарлардың кедендік құны не шыққан елі туралы белгiленген нысанда мәлiмдемеуі не анық емес мәліметтерді мәлiмдеуі немесе кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеуден босатуға немесе олардың мөлшерін төмендетуге негіз беретін өзге де анық емес мәліметтерді мәлімдеуі –


      жеке тұлғаға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
      әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – алпыс, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Жеке тұлғалардың Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткiзiлетiн және жазбаша декларациялауға жататын қолма-қол шетел валютасын, Қазақстан Республикасының қолма-қол валютасын, жол жүру чектерін не құжаттандырылған бағалы қағаздарды декларацияламауы немесе анық емес декларациялауы –
      он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескертпе. Тұлға мынадай жағдайларда:
      1) тауарлар шығарылғанға дейін мемлекеттік кіріс органы лауазымды адамының тауарларды дұрыс сыныптамауы фактісі анықталған жағдайда, тауарлар шығарылғаннан кейін оларды сыныптау жөніндегі шешімдерді қайта қарау кезінде тауарлардың коды өзгертілген;
      2) камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тексерілетін тұлғаға тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жойған;
      3) тауарлар шығарылғаннан кейін бұзушылықтарды өз бетінше анықтаған және көшпелі кедендік тексерудің жүргізілуі басталғанға дейін бір жыл ішінде өз еркімен жойған кезде осы бапта көзделген әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
      Ескерту. 551-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 08.06.2015 № 317-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен

      552-бап. Кеден одағының кедендік аумағына кеден


                қағидаларын бұза отырып әкелiнген тауарлар мен
                көлiк құралдарын тасымалдау, сақтау, сатып алу,
                пайдалану немесе оларға билiк ету

      1. Кеден одағының кедендік аумағына кедендік бақылауға соқпай не осындай бақылаудан жасырып, не құжаттарды немесе сәйкестендiру құралдарын алдап пайдалана отырып әкелiнген не декларацияланбаған немесе анық емес декларацияланған тауарлар мен көлiк құралдарын тасымалдау, сақтау, сатып алу, пайдалану немесе оларға билiк ету, сол сияқты өздеріне қатысты кедендік төлемдер және салықтар бөлігінде кедендік жеңiлдiктер берiлген, оларға байланысты осындай жеңiлдiктер берiлгеннен өзге мақсаттарда Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органының рұқсатынсыз пайдаланылатын не иелiктен шығарылатын тауарлар мен көлiк құралдарын тасымалдау, сақтау және сатып алу –


      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
      әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып немесе онсыз, елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      553-бап. Пайдаланылуы және (немесе) билiк етілуі шектелген


                тауарларды, сондай-ақ шартты түрде шығарылған
                тауарлар мен көлiк құралдарын пайдалану және
                (немесе) оларға билiк ету тәртiбiн бұзу

      Пайдаланылуы және (немесе) билiк етілуі шектелген тауарларды, сондай-ақ шартты түрде шығарылған тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделгеннен, оның ішінде оларға байланысты осындай жеңiлдiктер берілгеннен өзге мақсаттарда пайдалану және (немесе) оларға билiк ету –


      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      554-бап. Төленген кедендiк төлемдерді және салықтарды


                тиiстi негiздерсiз қайтаруға, төлемдер мен өзге
                де өтемдер алуға не оларды қайтармауға
                бағытталған әрекеттер

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органына төленген кедендiк төлемдердi тиісті негіздерсіз қайтаруға, төлемдер және өзге де өтемдер алуға немесе оларды қайтармауға не толық емес көлемде қайтаруға құқық беретiн анық емес мәлiметтердi қамтитын құжаттарды ұсыну, егер осы әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса –


      заңды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштің екі жүз елуге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет