Ќазаќстан Ресубликасыныњ Білім жєне ѓылым министрлігі



бет6/22
Дата17.02.2024
өлшемі260.08 Kb.
#492213
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
stud.kz-67926

Жалпы ережелер:
Информатика пәнiн оқытудың негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi төмендегiдей:

  • оқушылардың ғылыми дүниетанымдық негiзiн қалыптастыру;

  • оқушылардың ойлау қабiлетiн дамыту;

  • оқушыларға ақпараттандыру құралдары мен ақпараттық технологияларды меңгерту;

  • оқушыларды өмiрге, еңбекке және бiлiмдерiн жалғастыруға даярлау;

  • информатика ғылымының негiзiн қалайтын үш ұғымның (зат, энергия және ақпарат) бiрi болып есептелiнетiн, қазiргi таңдағы әлем бейнесiн құрудың негiзiн құрайтын ақпарат ұғымын қалыптастыру;

  • қоршаған ортаны жаңа ақпараттық тұрғыдан зерттеу көзқарасын қалыптастыратын ақпараттық үрдiстердi, табиғат, қоғам, техника аймақтарында қарастыру;

  • қоғам дамуында жаңа ақпараттық технологиялардың ролiн анықтау, қоғамның постиндустриялық ақпараттық сатыға өту кезеңiнде адам еңбегiнiң мазмұны мен сипаттамасын өзгерту;

  • оқушылардың теориялық, шығармашылық ойлау қабiлеттерiн дамыту;

  • тиiмдi шешiмдер таңдай бiлуге бағытталған, оперативтi ойлау деп аталатын жаңаша ойлай бiлудi қалыптастыру;

  • ақпараттандыру құралдары мен ақпараттық технологиялар саласында бiлiм, бiлiк және дағдыларды қалыптастыру мен оларды дамыту;

  • оқушыларды ақпараттық бiрлiктермен қамтамасыз ететiн бiлiмдермен қаруландыру;

  • оқушылардың ақпараттық сауаттылығы мен мәдениетiн қалыптастыру.

“Информатика” пәнiнiң зерттеу объектiлерi:

  • ақпарат;

  • ақпараттық ресурстар;

  • ақпараттық үрдiстер;

  • ақпараттандыру құралдары мен ақпараттық технологиялар.

“Информатика” пәнiнiң даму болашағы мына көрiнiстерге байланысты:

  1. пәннiң жалпы бiлiмдiк, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру, атап айтқанда:

  • оқушыларға формальдау, модельдеу және компьютерлiк тәжiрибе әдiстерiн меңгерту;

  • тиiмдi шешiмдердi таңдай бiлуге бағытталған оперативтi ойлау қабiлетiн дамыту.

  1. информатиканың ғылыми пән ретiнде қалыптасуы, атап айтқанда, әлеуметтiк, экономикалық, құқықтық, биологиялық, қолданбалы информатика және т.б.

“Информатика” пәнiнiң даму бағыттары:

  • Теориялық информатика. Мұнда ақпараттың жалпы қасиеттерiн зерттеу, табиғаттағы және қоғамдағы ақпарат үрдiстерiнiң өзара қатынасы, сонымен қатар әр түрлi ақпараттық орталарда ақпараттық үрдiстердi жүзеге асырудың негiзгi заңдылықтарын зерттеу мәселелерi қарастырылады.

  • Ақпараттандыру құралдары. Мұнда дербес компьютерлердiң, микропроцессорлардың есептеу қызметiнiң мүмкiндiктерi және аймақтық желiлер арқылы ақпараттарды алмасу қызметтерi туралы мәселелер қарастырылады. Әр түрлi ақпараттарды сақтау, өңдеу және қолдану мүмкiндiктерiн одан әрi жетiлдiру бағытында ақпараттық технологиялардың даму мәселелерiн қарастырумен жалғасады.

  • Әлеуметтiк информатика. Мұнда информатика мен ақпараттық технологиялардың қазiргi қоғамдағы алатын орны, ақпаратпен және программалық өнiмдермен жұмыс жасаудың құқықтық, этикалық және моральдық нормалары, жеке тұлға мен қоғамның ақпараттық қауiпсiздiгi төңiрегiндегi мәселелер қарастырылады.

Информатика” оқу пәнi бойынша оқушылардың мiндеттi дайындық деңгейiне қойылатын талаптар мектептiң әр түрлi сатысында берiлетiн оқу мазмұнына сәйкес берiлген. Сатылар негiзгi, жоғарғы (қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық) деп қарастырылған. Аталған сатыларға сәйкес берiлген мазмұндық желiстер бойынша оқушының мiндеттi дайындық деңгейiне қойылатын талаптар анықталған.
Информатика” оқу пәнi бойынша оқу процесiн ұйымдастыру және оны жүзеге асыру жағдайларына қойылатын талаптар мына бағыттарда қарастырылған: оқыту процесiн мамандармен қамтамасыз ету; оқыту процесiн оқу-әдiстемелiк жағынан қамтамасыз ету; материалдық-техникамен базамен қамтамасыз ету.
Бақылау сұрақтары
1. Информатиканы бастауыш сыныпта оқытудың мақсаттары қандай?
2. Информатиканы бастауыш сыныпта оқытудың міндеттерін сипатта.
3. “Информатика” пәнiнiң зерттеу объектiлерiне талдау жаса.
4. Информатика пәнінің даму бағыттары мен болашағы.
5. “Информатика” пәнi бойынша оқу процесiн ұйымдастыру жолдары қандай?
3-Дәріс. Бастауыш сыныптардағы информатика курсының базалық мазмұны. (1 сағат).



  • Информатика пәнiн бастауыш сыныптарда оқытудың оқу бағдарламасы;

  • Оқушылардың бiлiмi мен бiлiктiлiгiне қойылатын талаптар;

  • Оқушылар ненi үйренуi тиiс;

Информатика пәнiн бастауыш сыныптарда оқытудың оқу бағдарламасы


Орта бiлiм беру жүйесiндегi информатиканың ролi қазiргi ақпараттық қоғамдағы ақпараттық мәдениеттiң негiзiн құрайтын ақпараттық және коммуникациялық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастырудағы ақпараттық бiлiмнiң мәнiмен қамтамасыз етiледi.
Бiлiм берудегi ақпараттық технологияның ЮНЕСКО институтының “Бастауыш бiлiм берудегi информатика” (Бастауыш бiлiм берудегi информатика. Ұсыныстар. ИИТО, М, 2000, 94-бет) ұсыныстарын, информатиканы оқыту тәжiрибелерiн талдау және компьютердiң дидактикалық мүмкiндiктерiн негiзге алынған, Информатика пәнiнің мазмұны төмендегідей:
Пәннiң мазмұны оқушылардың ойлау қабiлетiнiң математикалық негiздерiн құрайтын ақпараттық мәдениет пәнiнiң iргелi ұғымдарын меңгертуге бағытталған.
Психолог ғалымдардың тұжырымдамасы бойынша адамның жинақтаған бiлiмiнен гөрi, оның ойлау қабiлетiнiң дамуы, талдау жасай бiлу қабiлетi, алынған ақпараттарды жалпылау және шешiмдер қабылдай бiлу сияқты қасиеттермен қарулануы қажет. Осы тұжырым негiзiнде пәннiң негiзгi мақсаты алынады.
Пәннiң негiзгi мақсаты – жаңа буынды ерте жастан бастап жүйелiлiк ойлау қабiлетiн қалыптастыру.
Аталған мақсаттан келесi мiндеттер анықталады:

  • оқушылардың логикалық және алгоритмдiк ойлау қабiлетiн дамыту;

  • оқушылардың компьютерлiк сауаттылығын дамыту;

  • оқушылардың коммуникативтiк (тiлдiк) ойлау қабiлетi мен шығармашылыққа бейiмдiлiгiн дамыту;

  • оқушылардың жүйелiк-ақпараттық бейнесiн, ақпараттық мәдениетiн және өзiн-өзi дамытуға және қызмет субъектiсi ретiнде қалыптастыру.

Жоғарыдағы аталған мақсаттар мен мiндеттерден Информатика пәнiн оқытудың мақсаттары айқындалады және нақтыланады.
Бастауыш бiлiм берудегi Информатика пропедевтикалық курс болып табылады және онда берiлген iргелi ұғымдар жұмыс дәптерiндегi қызықты деңгейлiк тапсырмалармен, сұрақтармен, логикалық есептермен және дамытушылық ойындармен, сергiту сәттерiмен сипатталады.
Ақпараттық мәдениеттiң базалық ұғымдары туралы алғашқы мағлұмат бiздi қоршаған орта – зат, тiрi және өлi табиғаттағы нысандар, ақпарат және оның түрлерi, оларды алу және беру тәсiлдерi сияқты бiлiмдермен оқушыларды қаруландырады.
Бағдарлама мазмұны оқушыларғы мына тақырыптармен танысуға мүмкiндiк бередi:

  • ақпарат және оның түрлерi туралы түсiнiктермен;

  • ақпараттық процестiң негiзгi заңдылықтарымен;

  • әрекеттi жоспарлау және оны сипаттау, нысан белгiлерiнiң ерекшелiктерiмен;

  • нысанды топтаумен және оны бөлумен;

  • логикалық модельдермен және тұжырымдармен;

  • орындаушы ретiнде компьютерде жұмыс iстеу дағдыларын меңгерумен;

  • графикалық және мәтiндiк редакторларда жұмыс iстеумен;

  • алгоритмдеумен және оның атқарушыларымен.

Сонымен, пәннiң мазмұны оқушыларды ақпараттық қоғамда өмiр сүре бiлуге жан-жақты дайындап, олардың өзiндiк танымдық iс-әрекеттерi дағдыларын және үйренушiнiң iзденiстiк-танымдық мүмкiндiктерiн қалыптастыруға жағдай жасайды.
Информатика пәнiн оқыту оқушыларды бiртұтас ақпараттық-бiлiмдiк ортаға бейiмделу негiзiне дайындайды.
Әрбiр курс тақырыптарға бөлiнген және олар таңдалынған курстың талаптарын қанағаттандырады. Курстың барлық тақырыптары жыл сайын компьютер сыныбындағы тәртiптi сақтау ережелерi мен техника қауiпсiздiгiн қайталаудан басталады. Сонымен бiрге курстың әрбiр тақырыбы дамытушылық, дүниетанымдық және технологиялық салалар бойынша бiлiмдердi тереңдетiп отырады. “Ақпарат”, “Ақпараттық процестер” сияқты ұғымдарды меңгертуде қоршаған әлем туралы бiлiм мен абстрактiлi ойлай бiлу қабiлетi мен логикалық тұжырымдар жасай бiлу қасиеттерi талап етiледi.
Курс соңында оқушы оқу бағдарламасында көрсетiлген әрбiр тақырып жөнiнде бiлiм мен бiлiктiлiк жинағын алады. Жекелеген тақырыптар бойынша қызықты тапсырмалар мен сұрақтар, компьютердегi практикалық жұмыстар қарастырылған. Барлық бұл кезеңдер бағдарлама құрылымында көрсетiлген.
Кейбiр тақырыптарды меңгеруде басқа пәннен алған бiлiмдерi қажет болады. Бұл пәннiң пәнаралық сабақтастығын және оқу процесiнде жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологияны пайдалану негiзiнде пәндер сабақтастығы қамтамасыз етiледi.
Пәндi 1-4 сыныптарда оқыту аптасына 1 сағаттан барлығы 136 сағатты қамтиды.
Оқу бағдарламасын құрастыру барысында әрбiр сыныптың оқушыларының жас ерекшелiгi мен жалпы бiлiмдердi қабылдау деңгейi ескерiлген.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет