Ќазаќстан Ресубликасыныњ Білім жєне ѓылым министрлігі



бет5/22
Дата17.02.2024
өлшемі260.08 Kb.
#492213
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
stud.kz-67926

2. Пән мазмұны


2.1. Тақырыптарды сағаттар санына байланысты бөлу







            1. ТАҚЫРЫПТАР
            1. САҒАТТАР САНЫ

Мамандық

050102
күндізгі

050102
5 жылдық сырттай

050102
3 жылдық
сырттай

050102
2 жылдық
сырттай

Лек

СӨЖЖ

СӨЖ

Лек

СӨЖЖ

СӨЖ

Лек

СӨЖЖ

СӨЖ

Лек

СӨЖЖ

СӨЖ

11

Информатика ғылым және орта мектептегі оқу пәні ретінде, оның басқа оқу пәндерімен байланысы.

11


































22

Кіші жастағы мектеп оқушыларына информатиканы оқыту мақсаты мен міндеттері.

11


































33

Бастауыш сыныптардағы информатика курсының базалық мазмұны.

11


































44

Бастауыш сыныптардағы информатиканы оқытудың құралдары.

11


































55

Бастауыш сыныптарда информатиканы оқытудың әдістері.

11


































66

Бастауыш сыныптарда информатиканы оқыту процесін ұйымдастыру формалары.

11


































77

Бастауыш сыныптарда информатиканы оқытуда қазіргі заманғы педа-гогикалық технологиялары.

22


































88

Компьютер және оны оқыту әдістемесі және теориясы.

22


































99

Графикалық редакторды оқыту әдістемесі және теориясы.

11


































110

Мәтіндік редакторды оқыту әдістемесі және теориясы.

22


































111

Алгоритмдеуді оқыту әдістемесі және теориясы

22


































Барлығы

15/-/15/-

6/-/-/6/33

3/-/-/3/39

3/-/-/3/39

2.2.1. Дәріс сабақтардың негізгі мазмұны (15 сағат )

1-Дәріс. Информатика ғылым және орта мектептегі оқу пәні ретінде, оның басқа оқу пәндерімен байланысы. (1 сағат).



  • Информатика оқу пәні ретінде;

  • Пәнаралық байланыс

Бастауыш мектепте информатика элементтерін пәнаралық байланыс негізінде оқыту әдістемесі


“Қазақстан Республикасының 2015-жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасының «Білім беру мазмұны мен деңгейлері» - деп аталатын 4-тараудың 4.3.1-тармағында: Білім беру мазмұнында информатика негіздері мен шет тілін ерте жастан бастап оқыту мен тәрбиелеудің негізгі бағыттары көрсетіліп белгіленген. Сондықтан, заман талаптарына сай информатиканы бастауыш мектептерден бастап алғашқы дайындық курсы ретінде ендірудің қажеттілігі бүгінгі күнгі педагогика саласындағы іргелі тың мәселелердің бірі болып саналады.
Орта мектепте информатиканың жеке пән ретінде оқытылуы, көптеген педагогикалық ізденістер мен ғылыми-әдістемелік еңбектердің туындауының жандана түсуіне мүмкіндік береді. Информатиканың бүгінгі қоғамдағы алатын орнын, ерекшеліктерін ғылыми-әдістемелік тұрғыда негіздеуге арналған көптеген ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Атап айтқанда, ғылыми зерттеулердің ішінен С.Пейперт, Ж.Пиаже, Ю.Первин, Е.Коган, О.А.Красноперова, А. Витухновская мен А.Семенованың және отандық ғалымдарымыздан Е.Бидайбеков пен Ж.Қараевтың тұжырымдарымен Қ.Әбдиев, Ж.Сардарова және Г.Абдукаримованың зерттеу жұмыстары бастауыш мектептерде информатика элементтерін пайдаланудың теориялық негізі бола алады.
Алайда, бұл зерттелген жұмыстарда бастауыш мектепте иформатика элементтерін оқыту негізінде пәнаралық байланысты жүзеге асыру жөніндегі мәселелер жеткілікті дәрежеде зертелген жоқ.
Сондықтан, бастауыш мектеп оқушыларына информатиканың алғашқы түсініктері мен ұғымдарын беру, сонымен қатар басқа пәндерді оқып үйренуде пәнаралық байланысты жүзеге асыру арқылы қажет болатын біліммен, іскерлікпен, дағдымен қаруландыру және жастарды ақпараттық қоғамда қызмет етуге дайындауды осы кезеңнен бастау қажеттілігі маңызды болып отыр.
Мұндай келелі мәселелерді шешу, бастауыш мектепте информатика элементтерін оқыту негізінде пәнаралық байланысты жүзеге асыруды теориялық, психологиялық және педагогикалық жағынан негіздеуді қажет етеді. Бірақ, бүгінгі таңда информатика элементтерін пәнаралық баланыс негізінде бастауыш мектепте оқытудың қажеттілігі мен оны оқу үрдісінде жүргізуге тиімді оқу-әдістемелік құралдардың, оқыту бағдарламаларының жеткілікті дәрежеде болмауының арасында қарама-қайшылық бар. Осы қарама-қайшылықтан, бастауыш мектепте информатика элементтерін пәнаралық байланыс негізінде оқытуды енгізу арқылы оқушыларда алғашқы білім, іскерлік, дағдыларды қалай қалыптастыруға және оның қандай теориялық, психологиялық-педагогикалық алғы шарттарын анықтауға болады? - деген зерттеу мәселесі туындайды.
Бүгінгі күні дидактикада оқыту әдістерін талдап, іріктеудің түрліше байқаулары өтіп жатыр. Оқыту әдістерін талдап ретке келтіру белгілі бір әдістерді жүйеге келтіру заңдылықтарын және ортақ сипаттамалары мен ерекшеліктерін ашуда үлкен маңызды рөл атқарады.
Бастауыш мектепте информатика элементтерін оқыту әдістеріне келер болсақ, төмендегі мәселелер туындайды:
- әрбір пәндер бойынша жүргізілетін оқу материалын оқушылардың санасына қалай жеткізу керек?
- балалар білімді, іскерлік пен дағдыларды игеруі үшін, олардың белсенді танымдылық қызметін қалай ояту керек?
- оқушылардың оқуға қызығушылығын тудырып, олардың білімді болуына қалай көмектесу керек?
- ынтасы бар мен ынтасы жоқ балаларды қалай оқыту керек?
Дәл бүгінгі күні ғылыми-техникалық үрдістің жоғары дәрежеде дамуы, оқытудың жаңаша, тиімді әдістерін іздестіруді талап етуде. Оқыту әдістері дегеніміз – бұл оқыту міндеттерін шешуге бағытталған мұғалім мен оқушылардың біріккен іс- әрекеттерінің жүзеге асу тәсілдері. Оның негізгі атқаратын қызметі, білімдерді жай бере салу емес, мектеп оқушысының танымдық қабілеттерін қалыптастыру мен сабаққа деген ынтасын ояту болып табылады.
Оқыту әдістерінің құрылымы - бастауыш мектепте информатика элементтерін пәнаралық байланыс негізінде оқытудың әдістемесіне қатысты анықталды. Әдістемені жаңарту барысында, оқыту құралдарының алатын орны ерекше. Ал, біздің оқыту әдістемемізге қолданылатын негізгі техникалық құрал – компьютерлік техника болып есептеледі.
Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалық мақсаттарға пайдалану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту әдістері мен формаларын жетілдіруде жақсы әсерін тигізді. Оның оқыту үрдісінде даралап және топтап оқыту тәсілдерінде, даралап және топтап оқыту тәсілдерінде, өзіндік танымдық зерттеу жұмыстарын жүргізуге, зор мүмкіндіктер жасайтындығы дәлелденді.
Бастауыш мектепте информатика элементтерін пәнаралық байланыс негізінде оқытуды жүзеге асыру, оқушылардың информатика элементтерін оқып үйрену бойынша алған алғашқы білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға және олардың сауат ашу, әліппе, ана тілі, қазақ тілі, математика мен бейнелеу өнері пәндерінен алған білімдерін нақтылап бекітуге мүмкіндіктер туғызды.


1-сурет
Информатика элементтерін пәнаралық байланыстар негізінде оқытуды орта мектептің жалпы білім беретін пәндеріне пайдалана отырып, оқушылардың екі жақты пәндерден алатын білімдерін, іскерліктерін және дағдыларын жетілдіру бағытында дамытуға болады.
Информатиканы оқыту әдістемесінде математика мен информатика курстары арасында пәнаралық байланысты жүзеге асыру үшін үлкен мүмкіндіктер бар. Информатика мен математика үшін жалпы ұғымдар: ақпараттар теориясы, шамалар, графиктер және функциялар болып табылады.
Пәнаралық байланыс жүзеге асыруда дидактиканың негізгі принциптеріне сүйену қажет. Оқыту үрдісінде өзге пәндермен пәнаралық байланысты негізге ала отырып, информатиканы оқыту әдістемесінде дидактикалық принциптер қарастырып отыру керек. Олар барлық пәндермен өзара тығыз байланысуда жалпыға бірдейлік қасиеті арқылы өз кезегінде жалпы дидактиканы өзінің негізгі категорияларымен байыта түседі.
Пәнаралық байланыстың әр алуандығын толық ашып зерттеу-бұл күрделі мәселе. Біздің міндетіміз: білім берудің негізін қалауда және оқу пәндерінің өзара байланысуының пегізгі бағытын белгілеп қоюдағы байланыстарды орнықтырудың үлкен мүмкіндіктерін көрсету.
Информатика пәнiн бастауыш сыныптан бастап оқытудың ғылыми-теориялық негiзi елімізде зерттелiп жатыр. Оның iшiнде, Д.С.Байғожанованың “Бастауыш мектепте информатика элементтерiн пәнаралық байланыс негiзiнде оқыту әдiстемесi” атты ғылыми еңбегiн алуға болады. Еңбектiң негiзгi идеясы бастауыш бiлiм жүйесiнде информатика элементтерiн пәнаралық байланыс негiзiнде оқыту бағдарламасының жобасы жасалып, оны оқытудың әдiстемесi берiлсе, онда бастауыш сынып оқушыларының бiлiмi, iскерлiгi, дағдысы мен логикалық ойлау қабiлеттерi жоғары деңгейде дамып, оқу процесiнiң тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған.
Ақпараттық технологияның жеделдетiп дамуына байланысты информатиканың мазмұны үзiлiссiз өзгерiп отырады. Сондықтан информатиканың курсын оқыту процесiн төменгi сыныптан бастаған тиiмдi екендiгi ғылыми-теориялық және практикалық жағынан негiзделген болатын. Олай болса, болашақта бiлiм стандарттарының мазмұнына информатиканы 1 сыныптан бастап оқыту мазмұны енгiзiлуi қажет.
Қазіргі әлемнің ғылыми бейнесінің негізгі сипаттамасы қоғамдағы және табиғаттағы информациялық процестер мен факторлардың фундаментальды ролін мойындау болып табылады.
Информатика ЭЕМ-ның көмегімен информацияны іздеу, сақтау, жинақтау, тарату, өлшеу мен өңдеудің әдісі тәсілдері мен заңдылықтарын қарастыратын математикалық ғылым. Қазіргі информация ағымын адамзат тек ЭЕМ-нің көмегі арқылы ғана қабылдайды. ЭЕМ информацияны автоматты түрде жүзеге асырады. Сондықтан ЭЕМ-да программалау информатиканың негізгі ядросы болып табылады, ал қазіргі есептегіш техникалар – оның материалдық базасы.
«Ғылымның объектісі» және оның тақырыбы ұғымдарының айырмашылықтары туралы дәл түсінік кез келген ғылымның мағынасын алу үшін өте маңызды. Объект дегеніміз зерттеушінің іс-әрекеті бағытталған шын өмірдегі бір облыс, ал тақырып оны зерттеу объектісімен байланыстыратын буын. Сондықтан «ғылымның тақырыбы» ұғымы «ғылымның объектісі» ұғымымен бірдей емес, ол танымның объективті және субъективті жақтарының диалектикалық бірлігін көрсетеді. Әр ғылымның өкілдері бір объектіні әр қырынан көреді, әртүрлі міндеттер тұрғысынан қарайды. Оқыту әдіскердің де, психолог және кибернетиктердің де зерттеу объектісі бола алады. Олардың әрқайсысы бұл объектіден өзіне тән нәрсені ғана ажыратады, зерттеу нәтижелерін өздерінше түсіндіреді. Басқаша айтқанда олардың әрқайсысы өз тақырыбы бойынша жұмыс істейді. Мамандардың бәрі бір сабаққа келіп, әрқайсысы өз ғылымы тұрғысынан талдайды. Дидакт мұғалімнің қандай жалпы принциптерді жүзеге асырғандығын ойлайды; әдіскер оқыту әдістері мен сабақ материалының осы пәнді мектепте оқытудың міндеттері сәйкес болуына назар аударады. Психологты ерекше қызықтыратыны оқушылардың сабақты ұғынуы, ұғынудың жалпы заңдылықтарының көрінуі, ал кибернетикке оқыту тура және кері байланысы бар басқару жүйесі болып көрінеді.
Мектеп информатикасы программалық қамтамасыз етуді зерттейтін сала ретінде анықталады.
Мектеп информатикасын программалық қамтамасыз ету орта мектептің информациялық басқару және оқыту жүйелерін қамтиды, оның құрамында осы жүйелерді жобалауға арналған сериялық құралдар бар.
Мектеп информатикасын оқу әдістемелік жағынан қамтамасыз ету үшін ол курс бойынша оқу программалары, әдістемелік құралдар, оқулықтар жасалуы қажет.
Мектеп информатикасының келесі бесінші саласы – оны психологиялық – педагогикалық қамтамасыз ету, ол өзінің маңыздылығына байланысты алғашқы болып қарастырылатын мәселеге жатады. Қазіргі ЭЕМ-нің мектептегі оқу тәрбие процесіне енгізілуі компьютерлендірудің барлық проблемасын шеше алмайтыны анық. ЖИТ – ны пайдалану жағдайында оқу процесін тиімді және өз мақсатына жете алатындай етіп ұйымдастыру үшін бірқатар педагогикалық, психологиялық проблемаларды шешу қажет. Осыған байланысты педагогиканың, психологияның және дидактиканың дәстүрлі қағидалары қосымша зерттеуді талап етеді. Бұл жерде оқытуды компьютерлендірудің екі түрлі негізгі бағыты бар екенін ескеру қажет, олар компьютер оқу объектісі және компьютер оқу құралы ретінде.
Информатиканы орта мектепте оқыту жөнінде қалыптасқан әртүрлі көзқарастар бар. Мектептегі информация курсының мазмұны мен әдістемелік ерекшеліктері мынадай:

  1. Мектептегі «Информатика» курсының мазмұны «информация – алгоритм - ЭЕМ» деген үш іргелі ұғымға негізделеді. Ол бір жағынан пәннің информатика ғылымымен байланысын қамтамасыз етсе, екінші жағынан оқушылардың теориялық дайындық деңгейін меңгеруі үшін беріледі.

  2. «Информатика» курсының маңызды ерекшелігі оның басқа пәндермен тығыз байланысы.

Бақылау сұрақтары
1. Бастауыш мектепте информатика элементтерін пәнаралық байланыс негізінде оқыту негіздері.
2. Информатиканың орта мектептегі оқу пәні ретіндегі маңызы.

2-Дәріс. Кіші жастағы мектеп оқушыларына информатиканы оқыту мақсаты мен міндеттері. (1 сағат).



    • Информатиканы бастауыш сыныпта оқытудың мақсаттары;

    • Информатиканы бастауыш сыныпта оқытудың міндеттері;

    • “Информатика” пәнiнiң зерттеу объектiлерi;

Информатиканы орта бiлiм беру жүйесiнде оқытудың мақсаттары:

  • оқушыларға ақпараттарды беру, өңдеу, сақтау, жеткiзу және оны қолдану процестерi туралы бiлiмдердi меңгерту, басқаша айтқанда, оқушыны ақпараттық бiлiммен қаруландыру;

  • оқушылардың оқу процесiнде компьютерлiк техниканы өзiндiк даму мен оны iске асыру құралы ретiнде, сонымен қатар, кәсiптiк қызметтерге пайдалану дағдыларын қалыптастыру;

  • оқушының логикалық-құрылымдық және алгоритмдiк-шығармашылық ойлау қабiлеттерiн дамыту, ынта-ықыластары мен шығармашылық бейiмдiлiктерiн қалыптастыру.

Аталған мақсаттардан төмендегi мiндеттер анықталынады:

  • информатиканы бастауыш сыныптарда оқытудың мазмұнын анықтау;

  • информатиканы бастауыш сыныптарда оқытудың оқу бағдарламасын жасақтау;

  • информатиканы бастауыш сыныптарда оқытудың әдiстемелiк жүйесiн жасақтау.

“Информатика” пәнi бойынша дайындалған стандарт бiлiм берудiң сәйкес сатысының базистiк оқу жоспарымен, бiлiм беру ұйымдарының типтiк оқу жоспарымен, оқу бағдарламаларымен кешендi түрде қолданылады.

Информатика” оқу пәнiнiң базалық мазмұны (БМ) – оқу пәнiнiң мектепте мiндеттi түрде оқытылуы тиiс және үздiксiз бiлiм берудiң келесi сатылары мен деңгейлерiнде информатиканы оқуды жалғастыру үшiн жеткiлiктi болатын мазмұнының құрамы мен құрылымы.


Информатика” оқу пәнi бойынша бiлiм берудiң негiзгi бағдарламасы (БНБ) – оқу пәнiнiң мазмұнын, яғни оқушыларда ғылыми дүниетанымдық негiздi қалыптастыруды, олардың ойлау қабiлетiн дамытуды, ақпараттандыру құралдарын, ақпараттық технологияларды меңгертудi және оқушыларды өмiрге, еңбекке және бiлiмдерiн жалғастыруға даярлауды анықтайтын құжат. Оның мазмұны мемлекеттiк стандарт бойынша анықталады.
Информатика” оқу пәнi бойынша бағдарлы бiлiм беру бағдарламасы (БББ) – “Информатика” оқу пәнiнiң мазмұнын анықтайтын, пәндi тереңдетiп, бағдарлы оқытуды қамтамасыз ететiн, оқушыларды кәсiби даярлау бағытына қарай көлемi мен мазмұны бойынша сараланған құжат. Оның мазмұны мемлекеттiк стандарт бойынша анықталады.
Информатика” оқу пәнi бойынша қосымша бiлiм беру бағдарламасы (ҚББ) – мемлекеттiк стандарт мазмұнынан тыс, оқушылардың информатика пәнi бойынша бiлiмге деген қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға бағытталған оқу курстарының мазмұнын анықтайтын құжат. Бұл бағдарлама факультативтiк немесе арнайы курстар ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет