№ | Мазмұны | Сағаттар саны | 1 | Информатика пәнімен танысу | 1 | 2 | Қоршаған әлемдегi және табиғаттағы ақпарат. Дыбыстық және көру ақпарат түрлерi. Иiс сезу және сипап сезу ақпарат түрлерi | 4 | 3 | Нысан және оның қасиеттерi (атауы, түсi). | 3 | 4 | Компьютермен танысу. Техника қауiпсiздiгi және компьютерлiк сыныпта тәртiптi сақтау ережелерi. Пернетақтамен танысу. Қарапайым жаттығу. | 3 | 5 | Нысан және оның қасиеттерi (көлемi, пiшіні, құрамы) | 5 | 6 | Нысан және оның қасиеттерi (ортақ және қарама-қарсы белгiлерi). | 1 | 7 | Ұқсас және әр түрлi нысандар. Нысанмен жұмыс жасау. Нысандарды құрастыру. | 3 | 8 | Тiзбектер және ондағы әрекеттер реттiлігі. Қайталау. | 3 | 9 | Жиын. Оларды салыстыру. Топтау. Iшкi жиындар. | 5 | 10 | Қайталау | 3 | Барлығы | 34 |
2- сыныпта Информатика курсын оқытудың оқу мазмұны
(аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)
№
|
Тақырыптар мазмұны
|
Сағаттар саны
|
1
|
Компьютерлiк сыныпта тәртiптi сақтау. Көз жаттығулары.Қайталау.
|
3
|
2
|
«Терiстеу» ұғымы. Ақиқат және жалған. Сөйлем. Қайталау.
|
6
|
3
|
Компьютер құрамы. Енгiзу/шығару құрылғылары . Компьютердегi ақпараттар ағыны.
|
2
|
4
|
Графиктiк редактормен танысу. «Құю» құралы. «Карандаш», «Қылқалам», «Өшiргiш» құралдары. Сызық» құралы. «Эллипс», «Төртбұрыш» құралдары. «Бүрiккiш» құралы. Заттардың симметриялылығы.
|
13
|
5
| Ақпарат. Ақпараттарды кодтау. Ақпараттарды бейнелеу. Ақпараттар көзi мен қабылдаушысы. Ақпараттарды алмастыру. Ақпараттарды алу арналары. Ақпараттарды алмастыру. Ақпараттармен жұмыс жасау әрекеттерi. |
12
|
Барлығы
|
34
|
3- сыныпта Информатика курсын оқытудың оқу мазмұны
(аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)
№ | Мазмұны | Сағаттар саны | 1 | Компьютер сыныбындағы тәртiп сақтау ережелерi. Қайталау | 2 | 2 | Нысандар жиыны | 2 | 3 | Бұтақтар. Графтар | 4 | 4 | Комбинаторика. Координаттық жазықтық | 3 | 5 | Ақпаратты кодтау | 3 | 6 | Ақпаратты сақтау. Компьютердiң жады. | 3 | 7 | Paint графикалық редакторы. Суреттердi сақтау. Суреттердi ашу. “Жазу” құралы. Жазуды қою. Нысанды көшiру және қою. Нысанды бұру. Нысанды қиып алу және қою. Симметрия. | 10 | 8 | Ақпарат қасиеттерi. Екiлiк код. Хабарламаның ақпараттық көлемi. Модельдер. Графикалық модельдер. Ақпараттық модельдер. | 8 | Барлығы | 34 |
4- сыныпта Информатика курсын оқытудың оқу мазмұны
(аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)
№ | Мазмұны | Сағаттар саны | 1 | Компьютер сыныбындағы тәртiп сақтау ережелерi. Қайталау | 1 | 2 | Жиындар | 2 | 3 | Ақпараттық модельдер | 5 | 4 | Алгоритмдер. Сызықтық алгоритмдер. Тармақталу алгоритмi | 8 | 5 | Циклдiк алгоритм | 5 | 6 | Алгоритм атқарушылары: “Қара жәшiк”, “Робот” Қайық. Құйғыш. “Суқұйғыш” “Шегiртке” “Тотан”. “Өткел” және “Робот” | 13 | Барлығы | 34 |
Оқушылардың бiлiмi мен бiлiктiлiгiне қойылатын талаптар
Ненi бiлуi тиiс
компьютер сыныбындағы тәртiп сақтау ережелерi мен техника қауiпсiздiгiн;
көздiң шаршағандығын қалпына келтiретiн негiзгi жаттығуларды;
компьютердiң негiзгi құрылғыларының қызметiн;
пернетақта мен «тышқан» қолтетiгiнiң атқаратын қызметiн;
нысан ұғымының мағынасын және оның қасиеттерiн;
ақпарат және оның түрлерi туралы түсiнiктердi;
ақпарат қасиеттрiн;
ақпарат көзi мен оны қабылдаушы туралы мағлұматтарды;
ақпаратты кодтау туралы мағлұматты;
тiзбектiң мағынасы мен мәнiн және онымен жасалатын әрекеттер реттiлiгiн;
«жиындар ұғымын»;
логика алгебрасының кейбiр түсiнiктерiн – тұжырым (айтылым), ақиқат, жалған және терiстеу ұғымдарын;
«модельдер» ұғымын;
графикалық және ақпараттық модельдер түсiнiгiн;
алгоритм және оның түрлерi – сызықтық, тармақталу және циклдiк алгоритмдер туралы мағлұматты;
«атқарушы», «орта» және «атқарушының командалар жүйесi» ұғымдарын;
графикалық редактордың мүмкiндiктерiн
Ненi үйренуi тиiс
компьютер сыныбындағы тәртiп сақтау ережелерi мен техника қауiпсiздiгiн сақтай бiлудi;
көздiң шаршағандығын қалпына келтiретiн жаттығуларды орындай бiлудi;
компьютердiң негiзгi құралғыларының қызметiн орынды пайдалана бiлудi;
қарапайым мәтiндердi теруде пернетақтаны пайдалана бiлудi;
«тышқан» қолтетiгiн пайдалана бiлуде;
нысандарға мысалдар келтiре бiлудi;
нысандарға мысалдар келтiре бiлудi және олардың қасиеттерiн (түсiн, пiшiнiн, құрамын, ұқсас және қарама-қарсы белгiлерiн) анықтай бiлудi,
нысан қасиеттерiн орынды пайдалана бiлудi;
ақпарат көзi мен қабылдаушысын ажыратып, мысал келтiрудi;
кодтар кестесi көмегiмен ақпараттарды кодтай бiлудi;
тiзбектерге мысалдар келтiре бiлудi;
көрсетiлген белгiлерi бойынша нысан жиындарын ерекшелей бiлудi;
графикалық және ақпараттық модельдердi анықтай бiлудi;
сызықтық, тармақталу және циклдiк алгоритмдердi орындай бiлудi;
атқарушының командалар жүйесi көмегiмн берiлген атқарушының алгоритмiн құра бiлудi;
графикалық редактор құралдарын орынды пайдалана бiлудi.
Бақылау сұрақтары
1. Оқушылардың бiлiмi мен бiлiктiлiгiне қойылатын талаптар қандай?
2. Оқушылар ненi үйренуi тиiс?
3. Информатика пәнiн бастауыш сыныптарда оқытудың оқу бағдарламасы.
4. Орта бiлiм беру жүйесiндегi информатиканың ролi.
4-Дәріс. Бастауыш сыныптардағы информатиканы оқытудың құралдары. (1 сағат).
ЭЕМ – информатиканы оқытудың негізгі құралы ретінде;
Оқыту әдістері – оқу құралы ретінде;
Төмендегі кестеде жеке тұлғаға бағытталған оқыту;
Пәндік негізге бағытталған оқыту түрі;
Kомпьютерді бастауыш мектепте пайдалану жөніндегі ұсыныстар.
Бірінші нұсқа. Информатика пәнін оқытудың фронталдық формасын (нысанын) жүзеге асыру үшін арнаулы кабинетте аптасына бір сабақ өткізіледі. Ол кабинетте CD-ROM құрылғысымен және аудиожүйелер жабдықталған бір компьютерлер болады. Компьютермен баиланысқан үлкен экранды медиопраектор немесе сол компьютермен басқарылатын кең экранды теледидар болуы тиіс. Компьютер, бұған қоса, Интернетке қосылған мектептің жергілікті есептеу жүйесімен жалғасып тұрса, артық болмайды.
Мұнда сынып оқушылары шағын топқа бөлінбей толық оқытылады. Компьютер электрондық тақта ролын атқару, оған оқушылар кезекпен шақырылып, олар оқу программасына сәикес компьютерде командаларды орындау режімінде жұмыс істейді. Сыныпта фронталды жұмыс жүргізу үшін сабақты көрнекі түрде өткізі мақсатында компьютерді проекторға немесе үлкен экранды теледидарға қосып қою керек. Информатика сабағын басқа пәндермен қосыла отырып өткізу үшін, сабақ кестесінде ол - сол пәндердің алдына немесе артына қойылуы тиіс.
Мұғалім компьютермен жұмыс істеудің қарапайым тәсілдерін – компак-дискідегі электрондық оқыту программаларын пайдалануды, компьютермен мәтінмен, графикалық бейнелермен жұмыс істеуді уақыты болуы тиіс. Оқушының бұған қоса Интернет желісіне қосылып, электрондық поштамен мәлімет алмасу жолдарын білгені дұрыс.
Осындай тәсілмен сабақ өткізуде компьютермен тікелей оқушылардың жұмыс істеу уақыты 15 минуттан аспауы керек, яғни ол сабақтың жартысынан аз уақыт кезеңін ғана пайдаланылады. Компьютерлерді 2-3 минуттан аспайтын бірнеше уақыт мерзімде қолданған дұрыс.
Компьютерде осындай режіммен сабақ өткізуде орыс тілінен, әдебиеттен, математикадан, еңбекке баулудың, өнер энциклопедияларын, музыка, театр, саяхат, көшеде жүру ережелерден алынған электрондық оқыту программаларын пайдалану қажет.
Екінші нұсқа. Оқушыларды компьютерлер көмегімен информатикаға оқытудың аптасына бір рет өткізілетін екінші тәсіл де оларды шағын топшаларға бөлмей, мектептің информациялық орталығында өткізіледі.
Мектептегі информациялық орталық 3-7 компьютермен жабдықталып, олар жергілікті желіге (мүмкін Интернетке де) біріктіріледі. Мұндай қосылған кабинет компьютерлермен оқытатын электрондық кітапхананың қазіргі кездегі бір варианты сияқты болып, ол негізінде кітапханада орналасуы мүмкін. Информациялық орталықта кәдімгі оқу залындағы тәрізді столдар, орындықтар, басқа да оқу құралдарына арналған сөрелер, текшелер болуы тиіс.
Информациялық орталықта информатиканы оқытуды жобалау тәсілімен жүргізуге болады. Ол үшін сынып оқушылары 3-4 адамнан бригадаларға бөлінеді де, олардың әрқайсысы жұмыс зонасы деп аталады. Әрбір зона оқушылары екі партаға, бір компьютерге, оқу құралдарына және таратылатын материалдарға (Лего конструкторы, түрлі түсті қағаздар, альбомдар, жетілдіру-дамыту ойындары, т.с.с.) иелік етеді. Бригаданың жұмысын мұғалім реттеп отырады: бір оқушы компютерде 5-7 мин көлемінде жумыс істейді, басқа оқушылар бұл кезде басқа істерді-жобаның үстелде орындалатын бөлігін жасайды.
Сонымен бір бригада сабақтың 20-30 минутында компютердегі жұмыспен айналысады, оның көлемі оқу құралдарындағы жобалық тапсырмаларға сайкес құрастырылады.
Мұғалім осы тапсырмаларды компютерде орындай алатын дәрежеде болып, алғашқы Лого программасын, перне тақталық тренажерды меңгеріп, кең таралып келе жатқан «Никита», «Малыш», «Компютер және балалық шақ», т.с.с. кешендік программаларды білу қажет.
Тоқсанда бір рет компютерлік сыныпта жұмыс істеу ережелеріне (нұсқаулықтарына) көңіл бөлінеді.
Компютерлік сыныпта оқушыларға арналған ережелердің бір нұсқасы мынадай болса болады:
1. Сыныптан кіріп-шығуға мұғалім рұқсат береді.
2. Әрбір оқушы өз бригадасына тағайындалып берілген жұмыс орнынан ауыспауы керек.
3. Компютерді және оған қосылған басқа құрылғыларды да іске қосуға, өшіруге рұқсат етілмейді, оны мұғалім атқарады.
4. Компютерге компакт-дискілерді салуды, алуды мұғалім немесе лаборант жүргізеді.
Информатика сабағын жеке тұлғаға бағытталған түрде оқыту. Қазіргі кезде білім беру парадигмасы өзгерді. Ол бұрын пәнге бағытталған түрде жүргізілсе, енді жеке тұлғаға бағытталған түрде жүргізілетін болды. Бұл - қоғамдағы өзгерістерге байланысты туындаған объективті процесс. Бұрынғы оқыту технологиялары оқушылардың жалпы оқуға деген ұмтылыстары мен біліктерін қалыптастыруға бағытталған еді. Онда оқытылатын пәннің өзі оқыту мақсаты тәрізді болатын да, ал оқушы - соған жету құралы болып саналатын. Осының нәтижесінде көптеген оқушыларда оқуға деген оң көзқарас қалыптаспайтын.
Информатиканы оқытудың негізгі мақсаты - оқушыларды белсенді әрі толыққанды өмірге және информациялық қоғам ортасындағы жұмысқа дайындау болып табылады. Бірақ мұндай қоғамда информация көлемінің өсуі (әр 2 жылда екі есе артады) практикалық әрекеттермен шындалып отыруы тиіс, мұнда оқытудың тек мәлімет беретін түсіндіру - көрсету технологиясымен шектелуге болмайды. Қазіргі жаңа ақпараттық қоғам түрлі мәліметтермен жұмыс істеп, қойылған мақсатқа жету жолында алдыңғы қатарлы информациялық мәдениеті бар, яғни компьютерлік информациялық технологияларды, жаңа техникалық құралдар мен тәсілдерді пайдаланатын мамандарды керек етеді. Бұл кезеңде кез келген жеке тұлға өз қызметінің нәтижелерінің ойдағыдай болуына көп көңіл бөлуі тиіс.
Бүгінгі күні бізге, елімізге дені сау, рухы таза, ойлары биік адамдар қажет, олар алдарына өресі мол мақсаттар қойып, соған жетуге тырысады. Беретін пәніне қарамастан, мұғалім осындай тұлғаларды тәрбиелеуі тиіс, анығын айтқанда, балаларды жастайыннан нағыз адам болуға, алдарына керекті мақсат қойып, оған жету жолында кездесетін қиындықтарды жеңе білетін тұлға ретінде дайындау керек. Мұндай тұлғаларды қалай тәрбиелеуге болады? Мұнда жеке тұлғаға бағытталған оқыту түрін пайдалануға болады.
Жеке тұлғаға бағытталған оқыту - оқушының барлық мүмкіндіктері мен қабілеттерін ескере отырып, оның жеке ерекшеліктерін дамытуға қажетті жағдайлар жасау деген сөз. Білімділіктің, адамгершіліктің, кәсіби шеберліктің және іс-әрекетке икемділіктің жаңаша түсінігі алдыңғы шепке оқушылардың әрекеттері мен қатарымен араласуындағы өз орнын анықтау, өзін-өзі жетілдіру, адамның табиғи мүмкіндіктерін ашу, ойлау қабілетін жетілдіру, сөйлеу, әрекет ету сияқты қасиеттерін ашып, осылардың нәтижесінде - өмірдегі өз орнын табуға көмектеседі. Әр пән бойынша да білім қажет (пән сабақтарын игермеу туралы сөз болмайды), бірақ негізгі мақсат ол емес, ол оқушының өзін-өзі жетілдіру, алға жылжыту, өзі орнын анықтау істерінің негізгі құралы болып, нәтижесінде - өз мүмкіндіктерін жүзеге асыру рөлін атқаруы тиіс.
Төмендегі кестеде жеке тұлғаға бағытталған оқыту мен пәндік негізге
бағытталған оқыту түрлерін салыстыру келтірілген:
Пәнге бағытталған оқыту түрі
|
Жеке тұлғаға бағытталған оқыту
|
Оқу мақсаты айқын білінеді. Сабақтың білімділік, тәрбиелік және оқыту мақсаттарының шекараларын нақты бөлуге болады. Көбінесе мақсатты мұғалім қояды.
|
Оқушылардың білімі оқыту, тәрбиелеу арқылы Информатика жетілдіруден Формуласы: Білім
|
Әрекетті сырттай ынталандыру пайдаланылады "Сен істейсің міндеттісің"
|
Әрекетті іштей ынталандыруға сүйену
|
Педагог таңдайды. Сабақ формуласы: "Игеру=Түсіну+ есте сақтау"
|
|
Бастысы -білімді игеру деңгейі. Оқушы мұнда барлығына бірдей берілетін тапсырма орындай да, нәтйжесінде –дұрыс жауапқа, жақсы бағаға жетуге тырысады. Ол өз оқу жұмысын талдамайды, нәтйжеге жету тәсілімен де қызықпайды, өз психологиялық жағдайын да талдамайды, өйткені оны ешкім сұрап жатқан жоқ.
|
|
Алынған нәтижені жалпы қабылданған үлгілермен салыстыру.
|
|
Пәндік материалдағы негізгі идеялар мен принциптерді жекелеп қарастыру үшін, сабақ мақсатын қою кезінде осы тақырыптың түпкі мәселелерін анықтауға тырысу қажет. Көбінесе мұндай сұрақтардың "дұрыс" дайын жауаптары бола қоймайды, өйткені олар: оқушыларды қызықтыруы тиіс; қарастырылмаған материалға шығармашылық көзқараспен қарауды талап етеді; ауқымы кең болады; пәндер мен оқытатын обьектілер арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.
Мысалы, "Paint графикалық редакторы" (4 сынып) тақырыбын оқығанда, қойылатын жай сұрақ: "Графикалық редактор аспаптарын айтып беріңдер", ал сұрақ мынадай болуы ықтимал: “Cуретші мен графикалық редактор аспаптарының айырмашылығы
Негізгі сұрақты жақсылап қою үшін, қызықты әр түрлі сұрақтар ойлап табу керек. Жаңа тақырып өткенде, оқушылардың сұрақтарын еске түсіріп, солардың ішінен олардың қызықты деп санайтындарын таңдап алған дұрыс. Өткен тақырыптардың ішінен төрт-бес жылдан соң, оқушылардың есінде қандайларының қалғанын дұрыс деп санайсыздар, соларды таңдап алу керек. Сұрақтарды алдымен “үлкендер” тілінде жазып шығарып, соңынан оны балаларға түсінікті тілге “аудару керек”. Дұрыс ынталандырудың балаларға оң әсері болып, олардың пәнге, жаңа тақырыпқа деген қызығушылық ұлғайтыны белгілі. Оқушылардың пәнге деген ынтасын тұрақты түрде арттырып, оларды қалай қызықтырып отыруға, ойландыруға болады? Тек пәнге қызыққан оқушы ғана белсенділік танытатыны белгілі, сондықтан оқушылардың көңіл-күйінің жоғары болуын қамтамасыз етуге тырысу қажет. Оқушылардың компьютерге қызығуы мектепке дейін-ақ басталады. Олардың бірсыпырасы сабаққа алғаш келгеннің өзінде-ақ комьютер туралы көп нәрсе біледі. Сол себепті олардың пәнге деген қызығушылығын белгілі нәрселерді қайталай отырып, жоғалтып алмай, көп білетіндерді жаңа материалдарды түсіндіруге қатыстырып отырған абзал. Мұндай мүмкіндіктерді жүзеге асыру дербес компьютердің атқаратын қызметімен құрылғылары, Windows ортасында жұмыс істеу, т.б. тақырыптарды өткенде онша қинға соқпайды. Жаңа материалды өту алдында оқушылардан анкета алуға болады. Анкетада олар өздерінің осы тақырыптан не білетіндерін, білім деңгейлерін танытады. Оларды талдай отырып, әрбір топ оқушымен істейтін жұмыстың жоспарын жасап алу керек. Олардың кей тобы тақырыпты толық өтеді кейбіреулеріне бағдарлау сүрақтарын бере отырып жауапты өздері іздейтіндей етуге тырып, ал басқаларына басынан бастап оқуды яғни бірден тест тапсыруды ұсынған жөн. Осылардың нәтижесінде-оқушылардың өздері теорияны оқу керек пе жоқ па соны шешеді. Оқушыларға белгілі бір уақыт ішінде орындалатын әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар, оған қоса сабақ модульдерінің сипаттамалары беріледі. Оларда бақылауға болатын модульдердің әрқайсысының мақсаты да қоса көрсетіледі. Осындай жүйенің ішкі бір белгілі оқушының білімінің деңгейін тексеріп отыру бұрынғы білім деңгейін субьективті түрде ғана бағалайтын оқыту технологиясынан өзгеше жаңа түрде жүргізіледі.
Осындай жеке тұлғаға бағытталған оқыту тәсілін жүргізуде интерактивті принциппен жұмыс істейтін эелктрондық оқулықтардың көмегі орасан зор. Құрамында тек мәтіндік және графикалық информациялар ғана емес, дыбыстық, бейнесуреттік мәліметтер бар электрондық оқулықтар оқыту процесін жеке оқушымен жүргізуге мүмкіндік береді, олардың кәдімгі қағаздағы оқулыққа қарағанда интерактивті мүмкіндіктері бар, яғни компьютер оқушының сұрауы бойынша керекті материалдар беріп, мұғалімнің басшылығымен жүргізілетін оқу процесіне жақындайды. Компьютердің оқушылар алдына қоятын сұрақтары, оның ішінде компьютерге оқушылардың қоятын сұрақтары мұғаліммен пікір алмасу кезіндегі сұрақтардан азырақ болғанымен, олар күннен күнге кеңейіп, қанат жайып келеді.
Әрбір мұғалім өз жұмыс тәсілі мен формасын, өз педагогикалық технологиясын таңдай отырып, балалардың білімін жетілдіру бағытында жұмыс істеуі керек. Жеке тұлғаға бағытталған оқу технологиясының педагогикалық техникалық принциптері:
1.Таңдаудың еркіндігі принципі. Мұның маңызды бір шарты – таңдау құқығы сол таңдауға деген жауапкершілікпен қатар тұруы керек.
2.Ашықтық принципі. Тек білім беріп қана қоймай, сол білімнің қолданылу аймағын да (шекараларын да) көрсету керек. Оқушыны бұл пән аймағында шешілмейтін ашық мәселелермен де таныстырып отыру керек.
3.Әрекет ету принципі «Алған білімін пайдалана алмайтын оқушы ішін дәмді заттармен толтырған, бірақ жүзе білмейтін балықты еске салады» (Минц).
4.Кері байланыс принципі. Оқыту процесін кері байланыс тәсілдерінің жетілдірілген жүйелері арқылы тұрақты түрде бақылап отыру керек.
5.Идеалдық принципі. Оқыту нәтижесін арттыру мен оған кететін шығынды азайту мақсатында оқушылардың өз мүмкіндіктерін, білімдерін, қызығушылығын барынша кең түрде пайдалану қажет.
Жобалар тәсілін қолдануда бір тақырыпты өтер кезде оқушыларға өздері таңдап ала алатын оқу жобаларын ұсыну керек. Мұнда міндетті түрде осы жобаны орындау критерийлері мен негізгі сұрақтарын даярлау керек. Сонан соң балалар өз жобаларын қорғайды. Қорғау кезінде олардың сыншылары ретінде сол сынып оқушылары немесе басқа пән мұғалімдері қатысуына болады.
«Мұғалім өз тауарын өткізе алатын сатушы тәрізді болуы тиіс, ол тауарын әдемілеп көрсете білуі керек» Д.Пойа сабақ беру дегеніміз - әртүрлі педагогикалық тәсілдер жиыны, тұрақты шығармашылық ізденіс. Информатика пәнін оқытудың бір мақсаты – оқушылардың шығармашылдық, зерттеушілік қасиеттерін қалыптастыру болып табылады.
Бақылау сұрақтары
1. Информатика пәнін оқыту құралдары қандай?
2. Оқыту әдістерінің маңызы.
3. Жеке тұлғаға бағытталған оқытудың маңыздылығы неде?
4. Пәндік негізге бағытталған оқыту түрі.
5. Жеке тұлғаға бағытталған оқу технологиясының педагогикалық техникалық принциптері.
5-Дәріс. Бастауыш сыныптарда информатиканы оқытудың әдістері. (1 сағат).
Информатика курсын оқыту әдістемесін жетілдіру;
Информатика пәнiн оқытудың тиiмдi әдiстерiн анықтау;
Информатика пәнiнің өзiндiк сипаттамалық ерекшелiктерi;
Оқыту әдістері:
Оқытудың өзіндік әдісі.
Көрнекілік әдісі.
Иллюстрация.
Демонстрация.
Практикалық (іс-әрекеттік) әдістер.
Кері байланысты жүзеге асыру тәсілдері. Бақылау.
Информатиканы оқыту әдістері
Информатиканы оқыту әдістеріне шолу.
Әдісті жалпы түрде белгілі мақсатқа жетуге бағытталған әрекет тәсілі ретінде анықтауға болады.
Дидактикада оқушының іс-әрекеті, мұғалімнің іс-әрекеті және олардың бірлескен іс-әрекеті деп біледі. Мысалы оқушыларға арналған инструкцияны жасау-педагогтың іс-әрекеті; инструкция мен ЭЕМ-дегі программамен жұмыс істеу-оқушының іс-әрекеті; ЭЕМ-де орындалған оқушының жұмысының нәтижесін қорғау (тапсыру) - олардың бірлескен іс-әрекеті.
Информатика курсында оқушылар мен мұғалімнің бірлескен іс-әрекетінің көлемін қысқартуда іс-әрекеттің тәуелсіз түрде елеулі орын алады. Курстық мақсаттарының бірі ЭЕМ-мен жұмыс кезіндегі оқушының педагогтан тәуелсіздігі, одан кейін программистен тәуелсіздігі, өз бетімен білім алуға дағдының қалыптасуы. Сондай-ақ компьютер мұғалім мен оқушы арасындағы тәуелсіз іс-әрекеттің көлемін едәуір кеңейтеді.
Сондай-ақ, информатика курсында танымды басқару мен өзіндік басқару функциясы айқын көрінеді. Компьютермен жұмыс істеген оқушының өз бетінділігі басым, оның алдына қойған мақсаты бар. Мұғалімнің міндеті оқу іс-әрекетінің ұйымдастырып, оқушының іс-әрекетін басқару. Оқыту әдісін топтауға арналған негіздер жиынтығы айтарлықтай. Оқыту әдісін оқыту мазмұны бойынша топтау өнімді (продуктивті) болып есептеледі;
1. Әлем жайында білім;
2. Іс-әрекет тәсілдерін жүзеге асыру тәжірбиелері;
3. Шығармашылық іс-әрекет тәжірбиесі;
4. Эмоционалдылық құндылық қатынас тәжірбиесі;
Бұған оқушыларды тәрбиелеудегі педагогтың әсері де қойылады.
Оқушылардың белсенділігі мен өз бетінділігінің негізгі дидактикалық функциясы оқыту мазмұнымен тығыз байланысты. Дайын мәліметті меңгерудегі репродуктивті іс-әрекетте белсенділіктің жоғары болатындығы белгілі. Ю.К.Бабаннскидің еңбектерінде әдістерді топтаудың толық тізімі келтірілген Информацияны қабылдау тәсілі бойынша топтау дәстүрге айналған: сөздік әдіс, пәндік шолу және практикалық.
Сондай-ақ, әдістерді топтаудың төмендегідей негіздері бар: білім алу тәсілі (теория және практика), кері байланысты жүзеге асыру тәсілі (бақылау және өзіндік бакылау), оқушылардың ойлау әрекеттері (логикалық аспект).
Білім мазмұны мен оқыту әдісі.
Әлем жайында білім. Оқушының әлем жайында білімді меңгеруі қабылдау, түсінік, еске сақтау арқылы жүреді. Ал әлемді, мысалы, адамды қоршаған заттар әлемі, оның әлеуметтік ортасы, компютерлік әлем, адамның өзінің ішкі әлемі тәрізді ақиқаттық арқылы түсінуге болады. Заттар әлемі мен олардың арасындағы байланысты оқушылар қоғамның информациялық ресурсына кіру арқылы және ЭЕМ-де модельдеу арқылы таниды. Дәстүрлі әдіс мұғалімнің сөзі мен кітапқа сүйенеді.
Өзіндік тану компютермен бейнеленетін және іс-әрекетін ойлау рефДәріссы арқылы жүзеге асырылады. Компютер іс-әрекетінің нәтижесін жылдам бере отырып, дәл осындай ойлау сапасының дамуын қамтамассыз етеді.
Іс-әрекет тәсілін жүзеге асыру тәжірбиелері.
Іс-әрекеттің үлгісін көрсету және инструктор жолымен компьютерлік әлемнің үнемі дамып отыратын жаңалығы мен оқушылардың ізденушілік белсенділігі арқылы беріледі. ЭЕМ-мен жұмыс істеуде іс-әрекеттің стандартты түріне барабар оқыту әдісі ақыл-ой әрекетін сатылап қалыптастыру болып табылады. Дайын программа мен диалогты меңгеруде және клавитурамен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру үшін де бұл әдіс қолданылады.
Шығармашылық іс-әрекет тәжірбиелері.
Шығармашылық іс-әрекет тәжірбиелері проблемалық есептер шығару, таныс емес программалық құралдарды меңгеру, модельдеу арқылы қалыптасады. Бұл жерде мұғалімге тән тәсіл-бір мәнді анықтауды талап ететін есепті қою. Программалау мен модельдеу саласындағы шығармашылық тәжірибесі – ашық программалау әдісімен берілуі мүмкін. Бұған ұқсас тәжірбиелердің көлемі шағын, ол информацияның ғылым саласы екенімен түсіндіріледі.
Эмоционалды құндылық қарым-қатынас тәжірбиесі.
Эмоционалды құндылық қарым-қатынас тәжірбиесі оқушылардың бір-бірімен және мұғаліммен қарым-қатынасы процесінде пайда болып, таратылады. Мектеп практикасында оқушыларға тікелей әсер ететін бірқатар тәжірбиелер жинақталды.
Информатикаға тән тәрбиелік бағытта жұмыс істейтін оқыту әдісін атау қиын, бірақ, информатиканы оқыту барысында жүзеге асырылатын жағдайларды көрсетуге болады. Ол оқушыларға өзінің жұмысын жазуды ұсыну, программада қате жібермеуге қойылатын талап, сондай-ақ, эстетикалық құндылығы бар мәселе-оқушының жауабына кластың көңілін аудару болып табылады.
Информатика және дәстүрлі оқыту әдістері.
Оқытудың өзіндік әдісі. классикалық педагогика өз уақытында сөзбен білім берудің жеткіліксіз екенін мойындаған болатын. Сондай-ақ, Я.А.Коменский информацияны кітаптан, Дәрісдан жеткіліксіз екенін, заттарды өз бетімен танып, бақылау арқылы информация алудың маңызды екенін атап көрсеткен.
Көрнекілік әдісі. Информатика курсындағы көрнекіліктің әдісі-оқушының жолдасының немесе мұғалімнің жұмысы бақылау, одан кейін компютерлік ортаның жұмысының өзгерісін бақылау Енді олардың ішіндегі негізгілерін қарастырайық.
Иллюстрация. Информатика курсында информацияның таңбалық табиғатын толық бейнелеп көрсетуге мүмкіндік бар. Мысалы, тақтада сандық немесе текстік мәндермен жазылған тік төртбұрышты көрсету. ЭЕМ-мен алғашқы танысу ретінде қағазға бейнеленген клавиатураны көрсету, ол өзі де көрініп тұр, бірақ клавиштардың қызметі сөзбен түсіндіріледі.
Демонстрация. Мұғалім компютердегі орындалатын іс-әрекеттің үлгісін үндемей-ақ, демонстрациялауға болады. Кез-келген капилятор қателердің орны мен жұмысының нәтижесін мұғалімге немесе жолдастарына демонстрациялап бере алады. Алгоритмнің атқарылу процесі кестесінің көмегімен демонстрацияланады.
Практикалық (іс-әрекеттік) әдістер. Қарастырылыр отырған жағдайда практика оқушынң іс-әрекетіне қатысты теориямен емес, сөзбен және бақылаумен салыстырылады. Информатика бөлімінің 3 түрлі көзі үйлесімді түрде біріктіреді: сөз, бақылау және іс-әрекет. Мысалы, нұсқауларды оқып, мұғалімнің әрекеті мен ЭЕМ-нің жұмысын бақылай отырып оқушылар компютермен практикалық іс-әрекетті орындай бастайды. Мұнда әдістер бірін-бірі толықтырады.
Кері байланысты жүзеге асыру тәсілдері. Бақылау. Бақылауды мұғалімнің, жолдасының, компьютердің және өзіндік бақылау деп тұжырымдауға болады: жалған жауапты оқушы мойындамайды, оны компьтердің шығарғаны деп есептейді, компьтер оқушының өзінің іс-әрекетін ұғынуына нәтиженің дұрыс немесе қате екендігі жөнінде хабарлама береді.
Мұғалімнің дәстүрлі бақылауымен қатар, жолдастарының бақылауының да маңызы бар. Бақылаушы басқа адамның ойлау жүрісін түсінуді үйренеді де, өзінің білімін сыртқа шығарып, сөйлеуге дағдыланады.
Компьютердің бақылауы қатеге көп көңіл аударуды талап етеді, бақылаудың келесі кезеңі-өзіндік бақылауға көшуге мәжбүр болады. Бұл бақылаудың күрделі де, ең жоғарғы түрі болып есептеледі.
Кері байланыс жылдам немесе баяу болуы мүмкін. Жылдам байланыс тиімді, бірақ өте жоғары жылдам реакция - мұғалімнің түсініктемесі - оқушының ойлау жүрісінің ашылуына кедергі жасауы ықтимал. Оқытуды ұйымдастыруға қатысты бақылауды ауызша және жазбаша деп білуге болады. Жазба тіл пайдалы, үлкен еңбекті талап етеді. Компьютер экранындағы текст жазба тілдің бір түрі болып есептеледі.
ЭЕМ-дегі жұмыс және ойлау әрекеттері.
Оқушылардың ойлау процесін, қателіктері мен қиындықтарының мәнін түсіну үшін ЭЕМ-ге байланысты логикалық ақыл-ой әрекеттері қалай жүзеге асыралатынын қарастырайық.
Анализ және синтез. Информатика курсындағы анализ бен синтез әрекеттерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Олардың айқын көрінетін тұстары: есептің қойылысын талдау (анализ), қолдағы бар программалық немесе синтак-систік құралдар арқылы олардың шешімін синтездеу. Кейде анализдің мақсаты қатенің себебін анықтау болуы мүмкін.
Бұдан программаның орындау процесі қадамдарға бөлінеді, ал мәліметтердің өзгеру процесі қадамдардың тізбегін өзгертеді. Егер қатені іздеу программаны тасымалдау (трассировка) жолымен ЭЕМ-дегі диалог түрінде орындалса, онда бұл талдаудың түрі - «өрескел талдау» жіктеу болады.
Салыстыру мен топтау. Бір-біріне жақын командаларды түсіндіруде салыстырудың үлкен мәні бар: ЭК-де көшіру мен көбейту, МАТ-дегі «үшін» және «әзір» командалары. Бұл ұғымның мағынасын меңгерудің міндетті кезеңі.
Салыстыру өте тиімді дидактикалық тәсіл. Салыстырудың көмегімен жаңа ұғымдарды енгізіп бекітуге болады. Алдымен, ұқсастығын, одан кейін айырмашылығын көрсету қажет.
Жалпылау, индукция және дедукция. Жалпылаудың айқын мысалы - ұқсас әрекеттердің жеке қайталанулары ұғымынан қайталану командасына көшу бола алады. Жалпылаудың айқынырақ ашылған мысалы дедукция болып табылады. Мұны математикалық индукция деп түсінбеу қажет, ол толық емес индукция.
Аналогия және тасымал. Аналогия дегеніміз бұл индукцияның абайланған бір түрі. Талдау үлгісі төмендегідей. В жағдайында Ғ фактісінің орны бар. В1 жағдайының қандай да бір мағнада В жағдайына ұқсастығы бар. Олай болса, олардың әрқайсысында Ғ фактісіне орын бар деп күтуге болады. Енді осы мысалды нақтылайтын болсақ, Е - практикум жүйесінде SHIFT+DEL командасы жолды өшіретіні белгілі.
Информатика курсын оқыту әдістемесін жетілдіру
Республикамызда болып жатқан өзгерістер халыққа білім беру жүйесінің барлық буындарында білім беру жүйесінің барлық буындарында білім мен тәрбие беру ісін жаңа сатыға көтеруді, сабақ өту әдіс-тәсілдерін жетілдіруді талап етіп отыр. Бұл информатика мұғалімдерінен информатиканы оқытудың дәстүрлі әдістемелік жүйесін, оны оқыту әдістемесін жақсарта түсуді қажет етеді. Ал, бұл мәселенің дұрыс шешілуі Қазақстандағы мектеп информатика пәнін оқыту әдістемесін кешенді түрде тұтастай қарастыра отырып, оның қалыптасу және даму тарихын тереңірек зерттеуді керек етеді. Орта мектептерде информатика курсын оқыту мәселелері 1950ж Жаңасібір қаласының бірқатар мектептерінде А.П.Ершов және оның қызметкерлері бағдарламалауды дайындайды. 1970 жылы Мәскеу, Ленинград, Жаңасібір қалаларында компьютермен жұмыс істейтін мамандарды дайындайды. 1970 жылдардың соңына қарай микро ЭЕМ-дердің жаппай шығарыла бастауына сәйкес А.П.Ершов, Г.А.Звеногородский Ю.А.Первин мектеп информатика курсы тұжырымдамасын жасады. 1984 жылы кәсіптік және жалпы білім беретін мектептердің реформасының негізгі бағыттары белгіленеді. 1985 жылы «Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәні бағдарламасы түзіледі. 1985-1986 жылдары А.П.Ершов, В.М.Монохов, А.А.Кузнецов, Я.Э.Гольц, М.П.Лапчик және т.б. алғашқы информатика оқулығы шықты. 1985 жылы 1-ші қыркүйектен бастап, мектептерде жаппай информатика негіздерін оқыту, 1985 жылы жаңа оқу жоспары бойынша педагогикалық институттарда «информатика мұғалімін» даярлау басталды. 1986 жылы «Информатика и оброзование» журналы шығып, 1986 жылы информатика оқулығына байқау жарияланды. 1987 жылы информатиканы оқыту әдістемесінен М.П.Лапчиктің кітабы жарық көрді. Байқау негізінде информатикадан А.П.Ершов, А.Г.Кушниренко, В.Г.Житомирский, В.А.Каймонның басқару авторлар ұжымы алғашқы буын оқу құралы дайындады. Сөйтіп, Қазақстанда 1986 жылы А.П.Ершов, В.Н.Монохованың «Информатика және есеп техника негіздері» атты оқулығы бойы жүргізілгендігі белгілі. Ал, 1998 жылдан бері сыныптарға арналған информатика оқулықтары мемлекеттік стандарты, типтік бағдарлама жазылып оқу процесіне кеңінен енгізілуде. Енді информатика курсының тақырыпты оқыту әдістемесін қарастырайық: Кіріспені оқыту әдістемесі. Кіріспе мақсаты. Пәнге деген қызығушылықты қалыптастыру, бекіту; информатиканың жалпы мазмұны таныстыру; Компьютер сыныбындағы жүргізілетін жұмыс ретімен, ережелерімен танысу т.б. Кіріспе бір рет информатиканың үш құрамдас тізбегі. Ақпарат компьютер, алгоритм айтылады. Ақпарат түрлері мысалдарымен түсіндіріледі. Ақпараттық үрдісті түсіндіру үшін де алдымен оларға мысалдар жүргізіліп, келтіріліп, қорытынды да оның белгілеріне сүйене отырып анықтама беріледі. Айта кететін мән ақпаратты тұтыну, қолдану бұл да ақпараттық болып табылады. Кіріспе бөлімі оқушыны компьютер мүмкіндіктері туралы информатика жайлы түсінік береді. Кіріспеден оқу авторларының концепсиясын көруге болады. Мен, ақпарат, алгоритм компьютер ұғымадры беріледі. Компьютер құрылысын оқыту әдістері. Компьютер құрылысы: негізгі үш бөліктен тұрады, 1.Жүйелік блок, 2.Монитор, 3.Пернелік тақта туралы, олардың қызметі жөнінде айтылады. Пернелік тақтадан енгізілген әрбір әріп, таңба басқа ешбір. Пернетақтаның жазу машинасына ұқсастығын айтады, мұндағы негізі айырмашылық қосылады пернелерде және пернелердің бірі қызметінде деп түсіндіру керек. Алғаш сабақтарда барлық пернелердің қызметін барлығын айтудың қажеті жоқ, әсіресе белгілі бір бағдарлама қатысты өзгеріп отыратын перне қызметі (F1 өйткені олардың қызметі туралы экранның төмен жағында қысқаша анықтама беріледі). Диск ұяшықты өткенде, оның дискетті арналғандығын айтса жеткілікті. Ең басты магниттік дискетті дұрыс енгізу және оны күтіп ұстау туралы мағұлмат берген жөн. Процессорда барлық іс-әрекеттер түрленіп орындалады. Компьютердің барлық жұмысын басқарады. Компьютер құрлысы бөлімі бірнеше деңгейлерді қамтиды. Атап айтқанда: құралдар құрамы және олардың қызметі, олардың жұмыс істеу принциптері қарастырылады. Компьютердің ішкі, сыртқы қосымша құрылғылары, олардың физикалық тұрғыдан алғандағы жұмыс істеу тәртіптері, үрдістері түгелімен баяндалады. Әсіресе оқушыларды қызықтыратын компьютер қалай жұмыс істейді? Файл қалай жазылады? т.б. сұрақтарға жауап беріледі. Операциялық жүйені оқыту әдістемесі. Компьютер жұмыс істеуі үшін, алғашқы бағдарламалар жүйесі операциялық жүйе жүктелуі тиіс. Дербес компьютер үшін Microsoft фирмасы Disc Operation System (MSDOS) операциялық жүйесін жасаған. Оның атқаратын қызметі: дискідегі каталогтар тізімін шығару (Dir), бағдарламаны көшіру (Copy), мәтіндік файлдың мазмұнын оқу, қарап шығу (Type), бағдарламаны орындауға жүктеу. Дербес компьютердегі операциялық жүйе файлдар жинағынан тұрады. Операциялық жүйемен жұмыс істеу ең алдымен: Del, Rename нұсқаларының қызметімен танысады. Операциялық жүйелердің бұйрықтарын оқушылардың компьютерде орындайтын іс әрекетіне сәйкес келетіндей етіп, ретімен плакатқа жазып іліп қою керек. Оның реті: бағдарламаны дискетен жүктеу, нәтижені дискетке жазу, жұмысты аяқтау т.с.с. жазылады. Егер оқушылар операциялық жүйе қызметін меңгерсе, онда олар мұғалімге аса тәуелді бола қоймайды, өз бетінше жұмыс істеуге кіріседі. Оқыту әдісі - мұғалім оқушы компьютерінде түсіндіре отырып, демонстрациялап көрсетеді немесе плакат арқылы түсіндіреді. Norton Commander қабық бағдарламасын оқыту әдістемесі. Norton Commander көмегі арқылы операциялық жүйемен жеңіл жұмыс істей алады, өйткені NC-де экран мүмкіндігі толық пайдаланылады, панельде каталогтар мен файлдар тізімі, мерзімі. өлшемі және т.б. түгелімен экранда беріледі. Сонымен бірге, қажетті бұйрықтар арнайы пернелерге «бекітілген» NC-дің MSDOS-тан айырмашылығы қолдануға өте ыңғайлы етіп жасалған, сондай-ақ нұсқаларды пернетақтадан теріп отырудың қажеті жоқ, тек арнайы пернені бассақ, (F1-F10) жеткілікті сондай-ақ грамматикалық қателерді болдырмайды. Бұл бір жағынан нұсқаларды енгізуде жіберілетін қателерді болдырмайды, әр уақытта үнемделеді. Оның үстіне ақпарат тізімі (каталог, файлдар) экранда алфавиттік ретпен беріледі. Бағдарламалық қамтамасыздандыруды оқыту әдістемесі. Информатика курсының мақсаты - бағдарламаны пайдалана алатын қолданушыларды дайындау екендігі белгілі. Қазіргі қолданушылар жұмысын дайындау (операциялық жүйе, мәтіндік редакторлар, электрондық кестелер, белгілер базасын басқару жүйесімен) жұмыс істеуден басталады. Бағдарламалық қамтамасыздандыру мен жұмыс істеу және оны меңгеру күрделілігін, өзара байланысын, оқушылардың дайындығын ескере келіп, оқыту ретін мынадай тізбек бойынша жүргізу керек: графикалық редактор-мәтіндік редактор-есептеу жұмыстары-электрондық кесте-берілгендер базасын басқару жүйесі. Бұл адамзат тарихының әртүрлі іс-әрекеттерді меңгерумен сәйкес келеді: сурет салу, оқу, есептеу, басқару. Windows операциялық жүйесін оқыту әдістемесі. Windows операциялық жүйесін оқытқанда: программаны жүктеу, бумалар, файлдармен жұмыс, дискілік, дискетпен жұмыс және де осы программаны орнату, қазақша қаріп енгізу және т.б. көптеген іс-әрекеттер айтылуы тиіс. Word мәтіндік редакторларын оқыту әдістемесі. Word мәтіндік редакторлары-мәтін енгізу, оны өңдеуге арналған мектепке үйренуге жеңіл, мәтінді жоғары сапалы етіп дайындау үшін Word редакторы қолданылады. Word-тың мүмкіндігі өте көп. Қаріптердің өлшемін әртүрлі етіп өзгерту арқылы, көркемдеуге болады. Жалпы бұл соңғы жаңалықтардың бірі болып саналады. Тақырыпқа деген қызығушылықты ояту үшін басқа мәтіндік редакторлармен және жазу машинасымен салыстырып, бұл редактордың мүмкіндігіне, ерекшелігіне тоқталу керек. Монитор экрандағы әрбір әріп баспаға дәл сол күйінде шығады, сол себепті жіберілген қатені алдымен экранда түзетіп алған жөн. Сонымен мәтіндік редакторда жұмыс істегенде: мәтін енгізу, түзету, сосын баспаға шығару керек. Бұны оқушы жұмыс үстелінде демонстрациялап көрсеткен жөн. Нәтиженің нақтылығы қызығушылықты тудырады. Мұғалім оқушыларға компьютерде мәтін енгізіп, оның қатесін түзетіңдер және грамматикалық қатеде табыңдар деген тапсырма берсе болады. Оқушылар қателерді түзету барысында меңгеруге тиісті бұйрықтармен жұмыс істеуге тура келеді. Әрі мәтінді қатесіз, дұрыс енгізуге дағдыланады. Бұл өз кезегінде оқушылардың грамматикалық сауатты болуына үлкен септігін тигізеді. Мұғалім алдын-ала ішінде әріптерді қалдырылған мәтін дайындап, бос орындауға дұрыс әріптерін қойып шығыңдар десе де болады. Мұғалім компьютерде мәтін енгізудің жетістіктерін әңгімелеп береді. Сондай-ақ компьютерде жұмыс істеп көрсетуі тиіс. Оқушылардың нұсқасын жұмыс істеуі, сұрақтарға жауап беруі, мәтіндік редактордың практикалық қызметін сабақтаса түседі. Оқушыларды компьютерге екеуден отырғызған жағдайда, оларға міндетті түрде көшіріп, автоматты түрде жұмыс істеуін кезден бастап-ақ бірден екі қос саусақтарын пайдалануы керек. Өйтпегенде олар тек бір қолмен, не саусақпен бір-бірлеп әріп теріп отыруы мүмкін. Әрі олардың қолдары жаттығып, қай әріп қайда орналасқандығына көздері үйренуі үшін «пернелік жаттығу» ойынын берген жөн. Paint-графикалық редакторын оқыту әдістемесі. Paint-графикалық редакторы сурет салуға арналған. Мұның көмегімен әртүрлі бейнелерді, көріністерді т.б. әсем етіп бейнелеуге болады. Paint редакторы пайдалануға өте жеңіл, мүмкіндігі жоғары. Қажетті сурет салуға арналған құрал-саймандар: түзу, сызық, дөңгелек, төртбұрыш, өшіргіш, әріп жазуға арналған (құрал-саймандар) а,в,с пернесі түрлі түстер экранда жұмыс үстелінде орналасқан. Бағдарламаны қоста істей бер. Paint графикалық редакторында компьютер көмегімен сурет салуды шектен тыс қолдануға болмайды, өйткені оқушыларды жазба құралдары сызғыш, циркуль жұмыс істеу дағдыларында қалыптастыруды керек. Paint графикалық редакторы-графикалық бейне түріндегі суреттер және оларды өңдеуге арналған арнайы бағыттағы программа. Оқу мақсатында мыналар жатады. Оқушылар компьютерде сурет салуға практикалық тұрғыдан дайындық жұмыстарын қалыптастыру; компьютер графика мүмкіндіктері мен ерекшеліктері туралы түсініктерін қалыптастыру. Қандай да бірсала үшін іс-әрекеттерін алгоритмдеу, сурет салу үшін бұйрықтарын түрлі комбинациясын қолдай білуге үйрету; ойлау жүйесін тәрбиелеу.
Информатиканы дербес оқыту әдістемесі.
Информатика курсына кіріспеде курстың іргелі ұғымдары: информация, алгоритм және ЭЕМ талқыланады.
Сабақтың мақсаты: пәнге деген оқушылардың қызығушылығын қалыптастырып, бекіту; информатика пәннің жалпы мазмұнымен таныстыру; ЭЕМ жөніндегі оқушылардың ұғымын кеңейтіп, қалыптастыру; комьпютер класындағы жұмыс ретімен және жұмыс істеу ережелерімен таныстыру.
Курстың іргелі ұғымдарын түсіндіруде нақты анықтама беруге ұмтылдыру қажет информация ұғымы қарапайым мысалдар арқылы түсіндіріледі.
Сондай-ақ кіріспе сабақта алғаш рет атқарушылармен: адам атқарушыдан бастап, компьютерлік атқарушыға дейін танысады. Оқушылардың зейінін атқарушылардың командалар жүйесінің шектеулі болатынына аудару қажет. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және алгоритм ұғымын нақтылай түсу үшін қызықты есептерді мысал ретінде алғаш дұрыс, мысалы, «ойлаған санды табу» алгоритімі және т.б.
Информатика пәнiн оқытудың тиiмдi әдiстерiн анықтау
Қазақ мектептерiнде информатика пәнiн оқытудың сапасын арттыру бағытында оқушыларға теориялық және практикалық дағды беруде оқытудың тиiмдi әдiстерiн анықтап, пайдалану бiлiмдi iзгiлендiру мен демократияландырудың, саралап оқытудың негiзгi мәселелерiнiң бiрi болып табылады. Бұл мәселенi шешу осы уақытқа дейiнгi жинақталған тәжiрибелердi жан-жақты талдап, соның негiзiнде оқытудың тиiмдi әдiс-тәсiлдерiн информатика пәнiн оқыту үшiн анықтауды талап етедi.
Информатика пәнi 1985 жылдан бастап енгiзiлген уақытта мектептер толықтай компьютермен қамтамасыз етiлмегендiктен, пән теориялық түрде жүргiзiлдi.
Теориялық түрде оқыту барысында А.П.Ершовтың басшылығымен жасалған Информатика мен есептеуiш техника негiздерi атты оқу-әдiстемелiк құралы пайдаланылды. Бiрақ бұл оқулық пәндi толықтай меңгеруге көмектесетiн теориялық және әдiстемелiк материалдарымен қамтамасыз етiлмегендiктен, мұғалiмдердiң шығармашылықпен iзденiп, жұмыс жасауын қажет еттi. Мұғалiмдер әрбiр тақырыпқа байланысты сабақ жоспарларын жасап, оны көмекшi құрал ретiнде пайдаланып отырды. Соның iшiнде, қазақ мектептерiнде пәндi оқытуға байланысты көптеген қиыншылықтар туындады. Атап айтқанда, бiрiншiден, информатика пәнiн беруге үйрету үшiн математика, физика мұғалiмдерiн бiлiм жетiлдiру курстарынан өткiзу қажет болса, екiншiден, оқу-әдiстемелiк құралдарының өз ана тiлiмiзде жетiспеуi және т.б. Осы аталған қиыншылықтарды болдырмау мен теориялық түрде курсты оқытудың тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында тәжiрибелi мұғалiмдер “Алгоритмдер” кiтапханасы әдiсiн ұсынды. Бұл әдiстiң тиiмдiлiгі практика жүзiнде дәлелдендi және ол курстың негiзгi тақырыптарына (алгоритмдiк тiл мен программалау тiлдерi) сәйкес пайдаланылды.
Бұл әдiстi жүргiзудiң негiзгi мақсаты – оқушыларды өз ойын жүйелеуге, салыстыра бiлуге, тиянақтылыққа, жауапкершiлiкке тәрбиелеу.
Кiтапхананы пайдалану арқылы оқушылардың төмендегi көрсетiлген дағдылары дамиды: а) алған бiлiмi еске түсiрiледi; ә) теориядан алған бiлiмi практика жүзiнде бекiтiледi; б) салыстыру қабiлетi дамиды; в) қабылдау мүмкiндiктерi нығаяды; г) байқау қабiлетi артады; е) сипаттап жазу мен жалпылай бiлу дағдылары қалыптасады.
Әдiстiң теориялық мақсаты бiлiм берудiң мақсатына негiзделедi де, әр түрлi жұмыстар жүргiзу жүйелерi арқылы жүзеге асады. Осы процесте төмендегiдей оқу дағдылары қалыптасады: объектiлердi талдау; талданған объектiлердi түсiндiру; объектiлердi дәлелдеу; объектiлердiң өзiндiк белгiлерiн санап көрсету; программаны құру барысында қатесiн түзету; әр түрлi типтегi есептерге программаны құрып, оны оқушылардың өзiндiк талдауы. Бiлiм мен дағдының өзара бiрiгуi арқылы мұғалiм теориялық және практикалық әдiстердi саралап пайдалануға жаттығады. Соның нәтижесiнде информатиканы оқыту әдiстерi жүйеленiп берiлсе, бiлiм берудiң сапасы артады.
Информатика пәнiнен бiлiм беру әдiстерi сан алуан. Осы әдiстердi жiктеп көрсетудiң мәнi зор. Жiктеп көрсетуде, бiрiншiден, оқушыға берiлетiн бiлiмнiң сапасы артады, екiншiден, оқушымен жүргiзiлетiн жұмыстың дәлдiгi артады, үшiншiден, компьютерлiк технологияны пайдаланып оқытуда мұғалiмнiң атқаратын қызметi жеңiлдейдi. Әрине, оқыту әдiстерiн таңдап қолдану оны өтiлетiн материалға байланысты сұрыптап алу ең қиын мәселелердiң бiрi. Сондықтан оқушыларға берiлетiн бiлiмнiң көлемiн сұрыптап алу оқыту әдiстерiнiң iске асырылуын жеңiлдетедi. Оқыту әдiстерiн iске асыруда оларды топтастыру мен жiктеу қажеттi мәселелердiң бiрi болып табылады.
М.Н.Скаткин, И.Я.Лернер оқушының танымдық iс-әрекетiнiң ерекшелiгiне байланысты оқыту әдiстерiн 5 түрге бөледi: а) иллюстративтiк түсiндiру; ә) репродуктивтiк; б) проблемалық; в) дербес iзденiс, яғни оқушының қосымша материалдармен жұмысы мен басқа пәндер бойынша жазылған сценарийге байланысты құрған програмалары; г) бақылау, яғни мұғалiмнiң оқушыларды компьютер арқылы бiлiмдерiн тестi көмегiмен бақылау және оқыту әдiсiне байланысты таңдап алынған әдiс-тәсiлдерi және т.б.
Ю.Б.Бабанский жоғарыдағы аталған әдiстердi ескере отырып, төмендегiдей топтарға бөлудi ұсынды:
а) оқу-тәрбие процесiн оқушының өзiндiк жүмысын ұйымдастыра алатындай дәрежеде ұйымдастыру әдiсi;
ә) оқытуда оқушыларды ынталандыру мен мадақтау әдiсi;
б) оқытудың тиiмдiлiгiн анықтауда оқушылардың өзiндiк бақылауы мен бақылау әдiсi.
Информатика пәнiн басқа пәндермен салыстырғанда өзiндiк сипаттамалық ерекшелiктерi төмендегiдей:
оқушылардың компьютерлiк сауаттылығының негiзi болып оқушыларды өзiндiк дамыту бағытында қалыптастыру;
оқушылардың шығармашылық ойлау қабiлетiн дамытуға негiздеп информатика пәнiнiң оқыту әдiстерiн жүйелеу;
информатика пәнiн басқа пәндермен байланыстырып оқыту арқылы оқушылардың танымдық белсендiлiгiн арттыру.
Ғалымдардың айтқан пiкiрлерi мен информатика пәнiнiң өзiндiк сипаттамалық ерекшелiктерiне сүйене отырып, пәндi оқытудың тиiмдiлiгiн арттыруда оқыту әдiстерiн мынадай топтарға бөлуге болады:
проблемалық;
имитациялық модельдеу әдiсi (процестердi басқару, зерттеу әдiсi);
графикалық операторлар арқылы программалау тiлiн үйрету әдiсi.
Проблемалық жағдайды компьютердi оқыту процесiне пайдалану барысында iске асырудың бiрден-бiр жолы – бұл оқушының бiлiм алуға деген ынтасын, танымдық қызығушылығын ояту, шығармашылық белсендiлiктi, өз бетiнше iзденудi арттыру болып табылады. Аталған мәселелердi жүзеге асырудың тиiмдi әдiстерiнiң бiрi – оқушылардың өзiндiк жұмысын ұйымдастыру. Оқушының өзiндiк жұмыс iстеуi – олардың сабақ кезiнде программаны жазуы, оны компьютерде орындауы арқылы iске асырады. Бұл әрекеттерге оқушының қызығушылығын ояту үшiн ойын элементтерiн пайдаланып, түрлендiру қажет. Мұндай ойын элементтерiн пайдаланып, дәстүрлi емес сабақ формаларын: Не? Қайда? Қашан?, “Бiлiм аукционы”, “Пресс-конференция”, “ХХI ғасыр көшбасшысы” және т.б. интеллектуальдық ойындар ұйымдастыру арқылы оқушының пәнге деген қызығушылығы мен белсендiлiгiн арттыруға болады. Аталған әдiстердiң элементтерiн сабаққа енгiзуде оқушының танымдық белсендiлiгiн арттырып, зейiнiн сабаққа аудартады. Жалпы берiлген есептiң алгоритмiн құрып, оны белгiлi бiр программалау тiлiнде жазып, компьютерде орындау өзiндiк бағдарлау, орындау, түзету, бақылау дағдыларын қалыптастырады. Өтiлген Паскаль программалау тiлiнiң операторлары арқылы әр түрлi вариантта программаны жазу олардың жалықпай орындай беруiне себепшi болады. Компьютерге отырмас бұрын, мұғалiм оқушыларды алдымен, тақтаға программаларды жазғызып, қатемен жұмыс жасауға үйретедi. Әр түрлi вариантта жазылған программалардың iшiнен тиiмдi вариантын таңдап алу әрекеттерiн орындатады. Бұндай әрекеттердi оқушыға орындатып отырғандағы мұғалiмнiң негiзгi мақсаты, бiрiншiден, оқушының денсаулығын сақтауға назар аудару; екiншiден, оқушыға программа құру әдiсiн үйрету; үшiншiден, оқушының әрекеттердi таңдай бiлу қабiлетiн дамыту. Жоғарыдағы жүргiзiлген әдiстiң нәтижесiнде оқушыларда өз қызметiн қалай ұйымдастырған тиiмдi? деген сұрақ өзiнен-өзi туындайды. Бiреулерi компьютерде программаны бiрден орындап, нәтижесiн алған дұрыс десе, ал екiншiлерi тақтада орындап, оны талдаған дұрыс деген пiкiр айтады. Осындай пiкiрталас негiзiнде оқушылар “программалауды қалай түсiнесiңдер?” деген сауалға өздерi жауап бередi. Сөйтiп, проблемалық жағдай тудыру оқушылардың белсендiлiгi мен өзiндiк танымдық iс-әрекетiнiң артуына игi әсерiн тигiзедi.
Соңғы кезде, информатика пәнiн оқытуда пайдаланылып жүрген әдiстердiң бiрi – имитациялық модельдеу әдiсi. Имитациялық модельдеу әдiсi деп процестердiң ағымын компьютердiң көмегiмен сипаттап, iздеу және зерттеудi айтады.
Бұл әдiс, көбiнесе, процестердiң ағымын зерттеуге арналған үйретушi программаларды құруға, сондай-ақ “программалау тiлiнiң командалары” тақырыбын өткен кезде пайдаланылады. Имитациялық модельдеу әдiсiнiң басқа оқыту әдiстерiнен ерекшелiгi мынада:
оқушылардың өзiндiк жұмыс жасауына жағдай туғызуы;
алгоритмдi модельдеу негiзiнде өтiп жатқан процестi сипаттап, оны басқаруға араласу, “ортаға” ену, сөйтiп, iздеу, зерттеу әрекеттерiн жасап алгоритмдi оқып-үйренудегi оқушының Робот ролiне енiп, өзi жазған алгоритмдi орындап шығуын да – имитациялық модельдеудiң тұрпайы түрiне жатқызуға болады. Шын мәнiндегi имитациялық модельдеу зерттелiп отырған процеске оқушының тiкелей араласуын, оны басқаруын қамтамасыз етедi.
Имитациялық модельдеу әдiсi оқушының iшiнара зерттеу жұмысымен шұғылдануына және шығармашылықпен жұмыс жасауына әсер етедi.
Информатика пәнiн оқыту барысында программалап оқыту әдiсi ерекше роль атқарады. Бiрақ аталған әдiстiң тиiмдiлiгi жөнiнде педагог ғалымдардың зерттеу жұмыстарында баяндалған.
Бұл әдiс оқушылардың деңгейлiк тапсырмалармен жергiлiктi желi арқылы жұмыс iстегенде толықтай iске асып, өз тиiмдiлiгiн көрсетедi.
Информатика пәнiнiң басқа пәндермен салыстырғанда өзiндiк ерекшелiгiн ескерсек, онда жоғарыдағы белгiлi әдiстерден басқа “Графика арқылы Паскаль программалау тiлiнiң командаларын үйрету” әдiсiнiң бар екендiгi тәжiрибе жүзiнде дәлелдендi.
Одан әрi оқушылардың шығармашылық ойлау қабiлетiн дамытатын өзiндiк жұмыстар беруге болады. Мысалы, жұлдызды аспанды сипаттау, ұнаған кинофильмiнен үзiндi келтiру т.б. тапсырмалар берiп, оны “өз жұмысын қорғау” түрiнде бағалауға болады.
Сөйтiп, бұл әдiстi пайдалану тиiмдiлiгi жөнiнде бiз төмендегiдей тұжырым жасай аламыз: оқушы нүкте салудан бастап қозғалатын денелердi салуға дейiнгi процестердi орындау арқылы оның өзiндiк шығармашылық бағыттағы iс-әрекетке деген ынтасын арттыра отырып, танымдық қызығушылығының артуына әсер ететiндiгi байқалды.
Бұл формуланы оқыту барысында компьютердi пайдалану арқылы оқыту өзiндiк оқытуға айналатындығы жөнiнде жүргiзiлген тәжiрибе жұмыстары дәлелдедi.
Мұғалiм пайдаланатын әдiстер формулада берiлген әрбiр компоненттi оқушының өзiндiк жұмыс жасауына бағыттауы қажет.
Бақылау сұрақтары
1. Информатика курсын оқыту әдістемесін жетілдіру;
2. Информатика пәнiн оқытудың тиiмдi әдiстерiн анықтау;
3. Информатика пәнiнің өзiндiк сипаттамалық ерекшелiктерi;
4. Оқытудың өзіндік әдісі.
5. Көрнекілік әдісі.
6. Иллюстрация.
7. Демонстрация.
8. Практикалық (іс-әрекеттік) әдістер.
9. Кері байланысты жүзеге асыру тәсілдері. Бақылау.
6-Дәріс. Бастауыш сыныптарда информатиканы оқыту процесін ұйымдастыру формалары. (1 сағат).
Информатиканы оқытуды ұйымдастыру;
Информатика сабағын ұйымдастырудың түрлері;
Қазiргi сабақ құрылымы;
Информатика сабағын талдау
Информатиканы оқытуды ұйымдастыру.
Сабақ – информатикадан оқыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі
Мектептегі барлық пәндер бойынша оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі сабақ болып қалыптасты. Мектептегі сабақ сынып-сабақ жүйесінің негізін қалайды. Оның мынадай негізгі сипаттары бар:
оқу топтарының құрамы;
әр кластағы оқыту мазмұнын қатаң анықтау;
оқу сабақтарының нақты белгіленген кестесі;
оқушылардың жұмыстарының жекелей және бірлескен түрлерін ұштастыру;
мұғалімнің жетекші ролі;
оқушылар жұмысын жүйелі тексеру және бағалау.
Чех халқының аса үздік педагогы Я.А.Коменскийден бастау алған класс – сабақ жүйесі бүгінігі күнге дейін мектепті құрылымдық ұйымдастырудың негізі болып келеді. XIX ғасырдың басынан бастап бүгінгі дәуірге дейін шетелдік тәсілдер жинақталды. Солардың ішінде белльланкестрлік түрі, мангейм жүйесі, дальтон жоспары, Трамп жоспары сияқты түрлері бар. Ал, информатика негіздерін оқыту дидактиканың қалыптасқан бай тәжірибелерін пайдаланады, әрі мазмұнын өзінің ерекшеліктерімен толықтыра түседі.
Дидактика сабақ типтерін жүйелеуде әртүрлі айырым белгілері пайдаланылды. Сабақтың ең басты белгісі – оның дидактикалық маөсаты. Ал, дидактикалық мақсат – оқушының алға қойған жоспарын көрсетеді. Соған сәйкес дидактикада сабақтың мынадай түрлері бар:
жаңа сабақ (тың хабарлар айту, түсіндіру сабағы);
оқушылардың шеберліктерін және дағдыларын дамыту, бекіту сабағы (жаттығу сабағы);
оқушылардың білімін, шеберлігін және дағдыларын тексеру сабағы.
Информатикадан өтілетін сабақтардың өзіндік дидактикалық ерекшеліктері бар. Егер информатика курсы орта мектепке міндетті пән ретінде енгізілгеннен бері қалыптасқан тәжірибелерге тоқталатын болсақ, М.П.Лапчик информатика курсы бойынша өтілетін сабақтарды ЭЕМ-ді қолдану мөлшеріне қарай үш түрге бөледі: демонстрация, фронтальды лаборатоиялық жұмыс және практикум.
Информатика курсы бойынша оқу сабақтарын топтау
Сабақ – оқу бағдарламасында білім көлемін беру, негізгі іскерліктерді қалыптастыру, оқулықпен, анықтамалық әдебиеттермен және т.б. жұмыс істеу, бақылау жүргізу, қорытынды жасау. Есептер шығару.
Дәріс (теориялық оқыту) – қандайда бір проблема бойынша ұғымды беру, тақырып немесе тарау бойынша білімді қорытындылап, жүйелеу, Дәріс жазу, жоғарғы оқу орнындағы оқу түріне дайындау іскерлігін қалыптастыру.
Семинар (теориялық оқыту) - өтілген тақырып, бөлім бойынша білімді жалпылап, жүйелеу, қосымша әдебиеттермен жұмыс істеу іскерлігін жетілдіру, әртүрлі әдебиеттермен мақалалардағы баяндалған материалдарды салыстыра білу, өзінің көзқарасын айта білу және негіздей білу іскерлігі. Реферат, тезис, баяндамалар жоспарын және хабарламалар жазу, оқығанды конспектілеу, көшірмпе жасау және оны өзінің білімін дәлелдеу үшін пайдалану.
Конференция (теориялық оқыту) - өтілген материалдар бойынша білімді тереңдетіп, кеңейту, қосымша информация көздерімен жұмыс істей білу іскерлігін дамыту. Оқыған материалы жөнінде баяндама немесе хабарлама жасау, қосымша әдебиеттермен өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Әңгімелесу (теориялық оқыту) – негізгі оқу материалынан нені меңгергенін анықтау, біліміндегі олқылықтарды ашу және түзетулер енгізу, пән бойынша өз бетімен жүйелі жұмыс істеуге жетелеу.
Консультация (теориялық оқыту) – білім мен іскерліктеріндегі олқылықтарды жою, меңгерілген білімін нақтылау, оқу процесінде пайда болған сұрақтарға жауап беру, оқу іс - әрекетінің әр түрін меңгеруге көмек беру.
Фронтальдық лабораториялық жұмыс – оқушылардың программалық қамтамасыз етумен жұмыс істей білу іскерлігін қалыптастыру (жаңа материалды меңгеру, бекіту, меңгерілген материалды тексеру), жеңіл есептерді орындау, өз бетімен эксперимент нәтижелерін тіркеп, оның қорытындысын тұжырымдау.
Информатикадан өтілетін сабақтардың дидактикалық ерекшеліктері
Информатика сабағын ұйымдастырудың түрлері.
Компьютердегі оқу процксі төмендегідей үш аспектіні қамтиды:
оқушының оқу танымдық іс - әрекетін басқару;
оқушының информациялық процестерді басқару;
оқушының жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру және дамыту.
Аталған аспектілерге сәйкес:
оқу танымдық процестерді ұйымдастырудың түрлері: класс – сабақ жүйесі және т.б.
оқытуды ұйымдастыру түрі: дербес, фронтальды, коллективтік, топтық;
тәрбие жұмысын ұйымдастыру түрі, - болып бөлінеді.
Педагогикалық оқу іс - әрекетінде сабақта ұйымдатыру мен өткізудің қандай түрі пайдаланылса да, ол оқушылардың дайындық деңгейіне өтілетін материалдың күрделілігі мен жаңалығына, сондай – ақ оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты. Ал, оқыту түрін таңдау аса маңызды мәселе болып табылады, дегенмен сабақтаың мақсаты оқушының таңдаған әдісіне байланысты өз деңгейіне жетеді. Осындай әдістің бес түрін атап көрсетуге болады:
түсіндірмелі – иллюстрациялы;
программаланған;
модельдік;
эвристикалық;
проблемалық.
Түсіндірмелі – иллюстрациялы әдісті оқушыларға талқыланатын тақырып белгілі болған жағдайда, сабақты өтілген материалды бекіту сабағы ретінде жоспарлағанда пайдалануға болады.
Оқушыларға аралық нәтиже белгісіз болған жағдайда программалап оқыту әдісін пайдалану ұсынылады.
Модульдік оқыту бойынша алғашқы шарттар белгісіз, бірақ қалғандары белгілі. Бұл жағдайда оқытушы сабақты оқушылармен бірге отырып, шартты таңдап, модель құруға болатындай етіп ұйымдастырады. Одан кеін соңғы нәтижеге дейін қажетті шартпен салыстырылып отырады. Егер алынған нәтижедегі айырмашылық үлкен болатын болса, онда алғашқы шартқа өзгеріс енгізіліп, модель нақтыланып, алгоритм қайталанады.
Аталған оқыту әдістері әртүрлі формада қоладнылуы мүмкін. Сабақты ұйымдастыру және өткізу түрін төмендегідей құрылымда беруге болады:
ұйымдастыру;
қайталау;
жаңа материалды өту;
бекіту;
бақылау;
оқушылардың алған біліміндегі олқылықтарды толтыру.
Информатика сабағын талдау түрлері.
Информатика пәнінің мұғалімі практикалық жұмыс барысында педагогикалық іс - әрекеттің барлық түрін орындауға тура келеді. Мұғалімнің педагогикалық іс - әрекеті деп, әдетте, әр түрлі әдебиеттерді талдай отырып, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай қажетті материалды жинақтап, сабақтың пәндік мазмұнын құру; өзінің іс - әрекетін бағалай білуге үйрету болып табылады. Осыған байланысты болашақ информатика пәнінің мұғалімі практикалық жұмысында орындайтын іс - әрекеттің негізгі түрлерін білуі тиіс.
Сабаққа жалпыланған педагогикалық талдау жүргізу.
№
|
Мұғалімнің іс - әрекетіне қойылатын талаптар.
|
|
Ұйымдастыру
шылық
|
Оқыту
|
Тәрбиелілік
|
Оқушының іс-әрекетіне қойлатын талаптар
|
1
|
Сабақ жоспарының орындалуы
|
Оқытудың ғылымилық принципінің орындалуы
|
Сабақтың идеялық нравтық көзқарасқа бағыттылығы
|
Танымдық белсенділіктің деңгейі
|
2
|
ТОҚ – мен көрнекілікті пайдаланудың мақсаттылығы мен тиімділігі
|
Көрнекілік принципінің жүзеге асырылуының айқындылығы
|
Оқушылырдың еңбек ету және оқу дағдыларын қалыптастыру
|
Оқу пәні сабаққа оқушының қызығушылығының бар болуы
|
3
|
Негізгі психологиялық гигиеналық талаптардың жүзеге асырылуы
|
Білімнің беріктілігі, ұғынықтылығы, жүйелілік принципінің жүзеге асырылуы
|
Экономикалық тәрбие мен кәсіптік бағдарға арналған мүмкіндікткерді пайдалану
|
Оқушылардың өз бетінділік дәрежесі
|
4
|
Барлық оқушылармен кері байланыстың жүзеге асырылуы
|
Оқытудағы тиімділік және шыдамдылық принципінің сақталуы
|
Сабақтың ақыл – ой тәрбиесі және оқушылардың дамуына әсері
|
Білімді белсенділендіру
|
5
|
Оқу пәнін жетік білу, педагогикалық шеберлік деңгейі
|
Пробремалық принциптің жүзеге асырылуы
|
Физикалық және гигиеналық тәрбиеге қойылатын талап
|
Аналитикалық іскерліктер мен дағдылардың деңгейі
|
6
|
Сабақ бойынша құжаттарды ұйымдастыру деңгейі
|
Оқытудың өмірімен, теория мен практикамен бай. принт. жүз, асыр.
|
Оқушыларға сабақтың эстетикалық әсері
|
Сабақ барысында тілдің, жазу, граф. іскер. мен дағдылардың дамуы
|
7
|
Мұғалімнің тілінің шеберлігі (эмоционалдық, образдылығы, дыбыс ырғағы және т.б.)
|
Басты дидактик. мақсатқа жету дәрежесі мен оны таңдау үйлесімі
|
Сабақ барысында тәр. міндетті орындаудағы өмірімен байланысты жүзеге асы.тиім.
|
Ұжымдық жұмыс істеу дағдыларын дамыту
|
8
|
Сабақта уақытты ұтымды пайдалану
|
Оқыту әдісін дұрыс таңдау емн оның оқушылардың жас ерекшелігіне және дамуына сәйкес келуі
|
Сөзбен және балмен бағалаудың тәрбиелік мүмкіндіктерін пайдалану
|
Тақтада және арнайы құрал жабдықтармен жұмыс істей білу іскерлігі
|
9
|
Мұғалімнің сыртқы сипаты мен педагогтық мәдениеті және тактикасы
|
Оқушылардың білімі іскерліктерімен дағдыларын тал\ң деңг\ң бақылау
|
Мұғалімнің оқушыларға көзқарастармен оқушыларды басқару стилін таңдаңдың дұрыстығы
|
оқушылардың ұйымшылды-ғы мен тәртіптілігі
|
1
0
|
Техника қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау ережелерінің сақталуы
|
Үй тапсырмасының көл\ң үйгі
|
Мұғалімнің жеке тұлға ретіндегі тәрбиелік мәні
|
Оқушылардың сыртқы сипатының сәйкестігі
|
Достарыңызбен бөлісу: |