Қисықты сызу үшін Автофигуралар - Сызыктар командасын орындап, Қисық сайманын таңдаймыз да сызықты бастайтын орында тышқан рет шертеміз, одан кейін курсорды жылжыта отырып келесі үпш жерлерде шертеміз. Қисықты түйыкталмаған күйінде қалдыр) кез келген нүктесінде тышқанды екі рет шертеміз. Ал тұйық тышқан батырмасын сызық басталган нүктеде екі рет шертеміз
Сондай-ақ, Сурет саймандар тақтасында орналаскан Автофигуралар менюіндегі Салынган қисық (Рисованная кривая) Көпсызык, (саймандарының көмегімен әртүрлі сызықтар және формалар салуга болады. Салынган сызыкты өзгерту үшін, сурет екі рет шерту арқылы белгілеп алган соң, жанама менюді өзгертуді бастау командасын қолданамыз. Түзу және қисық сызыкты кесінділерден түратын обьектіні салу үшін Автофигуралар => Сызыктар-Көпсызықтар батырмаларын шертеміз.
3. Жақтау ішіне мәтін енгізу
Word мәтін редакторында жақтау мен жақтау ішіндегі мәтін "графикалық объект" ретінде қарастырылады — ягни оны бір беттен екінші бетке графикалық объектілер сияқты тасымалдау өлшемін өзгертуге болады. Жақтау ішіне мәтін енгізу үшін:
1. Енгізу (Вставка) менюінің Жақтаудагы Жазба (Надпись) командасын орындау немесе Сурет саймандар тақтасындагы батырмасын басу қажет;
2. Тышқан курсорын Жақтау түратын жерге орналастырып тышқан батырмасын басулы күйінде жылжыта отырып, тік төртбурышты жақтауды салганнан кейін қажетті мәтінді ішіне теріп жазамыз.
4. Геометриялық элементтерді бүру
(Свободное вращение Повернугь влево Повернуть вправо . Отразить слево направо Отразить сверху вниз
Word қүрамындағы графикалық редактордың көмегімен кез келген
элементті тік немесе көлденең бағытта 90° немесе 180°-қа бұрып
орналастыруга болады. Бул мүмкіндіктерді симметриялы түрде салынган
суреттер үшін қолдануға болады. Бүратын геометриялық фигураны белгілеп алганнан кейін Іс-әрекет Буру/көрсету (Повернуть/отразитъ) командасын орындап қажетті бүру параметрін таңдау қажет.
5. Салынған суреттерді форматтау
Бір автофигураны басқамен алмастыру мүмкіндігі бар. Алмастыратын фигураны белгілеп алған соң, Іс-әрекет Автофигураны өзгерту командасын орындап, тізімнен қажетті фигураның түрін, одан кейін фигураның өзін таңдаймыз. Автофигураның көлемін өзгерту үшін, оны белгілегеннен кейін жан-жагында пайда болган маркерлердің қажеттісін тышқанның көмегімен жылжытамыз. Автофигураны өзгерту командасын орындаган соң, сол фигурага курсорды орналастырып, тышқанның оң батырмасын шертсек, түйіндерді қосу, өшіру өзгертуге байланысты жанама меню ашылады.
Кез келген суретті салғаннан кейін немесе автофигураны енгізгеннен кейін оларды форматтауга болады:
• Сурет тақтасындагы Сызықтың тусі (Цвет заполнения) батырмасы көмегімен контурлық сызықтың түтастыгы мен түсін өзгерту;
• тұйық сызықпен қоршалган фигураның ішкі аумағын боя бояу ушін Ішкі бояу түсі (Цвет заливки) батырмасын пайдалануға болады. Осы батырманы тышқанмен шерткенде түстерді таңдауға мүмкіндік беретін сүхбат терезесі ашылады, онда үсынылган нұсқалар (шаблондар) арқылы тұйық аймақты белгілі бір өрнекпен толтыру мүмкіндігі де бар.
Элементтер тобының қүрылуы
Суретті салу барысында олардың түстерін бір мезгілде өзгерту ушін бірден бірнеше геометриялық элементтерді белгілеп алу кажет болуы ықтимал. Ол үшін, Сурет (Рисование) саймандар тактасындагы багыттауыш бейнесі бар батырманы басып, қажетті элементтерді қамтитын тіктөртбүрыш салу керек. Элементтерді біртіндеп те белгілеп шығуға болады. Ол үшін бірінші қажетті элементті тышқанмен шертіп, одан кейін Shіft пернесін жібермей үстап түрып, келесі элементтердің де әрқайсысъш тышқанмен шертіп отыру керек. Егер де таңдап алынғандардың ішінен бір элементті алып тастау қажет болса, Shіft пернесін басып түрып осы элементті тышқанмен тағы да бір рет шерту жеткілікті.
Топтан шыгару
Қажетті бір әрекеттерді орындап болган соң, геометриялық элементтер тобын қайтадан бөлек-элементтерге жіктеуге болады. Бүл үшін сол біріктірілген топты таңдап алып, жанама менюдегі немесе Іс-әрекет батырмасын шерткенде ашылған менюдің Топты жіктеу (Разгруппировать) командасын орындау керек.
Геометриялық элементтерді басқа орынга жылжыту
Геометриялық элементті жылжыту үшін, оны белгілеп алган соң тышқанмен іліп алып, қажетті орынга жылжыту керек. Бірден бірнеше элементтерді де бірден жылжытуга болады. Ол үшін олардың бәрін де белгілеп алып, сосын бірін тышқанмен үстап тұрып жылжыту керек, сонда онымен бірге қалғандары да жылжиды. Сондай-ақ бірнеше элементті жылжыту үшін, олардың бір ірі топқа біріктіру тәсілін де қолдануға болады. Егер де геометриялық элементтерді тік бағытта (вертикаль) немесе көлденең (горизонталь) жылжыту қажет болса, онда оларды жылжыту барысында Shift пернесін жібермей үстап тұру қажет.
Геометриялық элементтерге әртүрлі масштаб қолдану
Геометриялық элементтерді әртүрлі масштабпен бейнелеу үшін, сегіз тіктөртбұрышты элементтері бар жақтау қолданылады. Ол қажетті элементті немесе элементтер тобын таңдап алғанда пайда болады. Бұл тіктөртбүрыштарды тышқанмен жылжыту арқылы бейнелеу масштабын үлкейтуге немесе кішірейтуге мүмкіндік бар.
Геометриялық элементтердің орналасуы
Егер графикалық элементтер бір-бірін жауып түратын болса, қай элементтің беткі жағында (үстінде), ал қайсысының астыңғы жагында орналасуы керектігін анықтап көрсету мүмкіндігі бар. Бұл үшін элементті белгілеп алып, Іс-әрекет батырмасын шерткенде ашылган менюдің немесе жанама менюдің Реті (Порядок) командасының қажетті төменгі сатылы командасын орындау қажет.
Мәтінге енгізілген графикалық және дыбыстық объектілерді өндеу
1. Word мәтін редакторына графикалық объектілер енгізу
Көптеген қүжаттарда әртүрлі иллюстрация түріндегі обьектілер бар. Word редакторында мәтіндік қүжат ішіне алдын ала баска программаларда дайындалган фирмалық таңбалар, диаграммалар, графиктер, суреттер және дыбыстық объектілерді енгізуге болады.
Программалардың бір-бірімен мәлімет алмасуы үшін байланыскан және ендірілген объектілер қолданылады. Ягни, Office программаларының бірінде жасалган объектілерді басқа программаларга байланысты және ендірілген объект түрінде енгізуге болады. Байланысқан және ендірілген объектілердің бір-бірінен айырмашылыгы олардың сақталатын орны мен файлға орналастыру кезіндегі өңдеу тәсілдерінде болып табылады.
Байланысқан объект — сол объект түрған файлда сақталады. Байланысқан объектіні өндеу үшін міндетті түрде осы фай тура келеді. Файлда сақтаулы тұрган объектіні өңдеген кезде қужатқа орналастырылған объект автоматты түрде осы өзгерістерді қабылдайды. Мәтінге сыртқы ортадан ендірілген объектіні өңдеу үшін оның айырықша Қүжат ішінде отырып, оны белгілеп алып кез келген өңдеу командаларын орындауга болады. Бүл объект қүрылған программаны іске қосу ушін объектіні белгілеген соң тышқанды екі рет шертеміз. КірістіруСурет (Вставка-Рисунок) командасын орындай отырып, мәтінге:
а) Картинкаларды (СlірАгt программасының объектілерін),
ә) (Басқа файлдағы объектілерді)
б) Автофигураны,
в) WordАгt обьектісін,
г) Сканерден,
д) Диаграмма (Ехсеl электрондық кестесінде құрылган диаграммаларды) енгізу мүмкіндіктері бар.
2. Мәтінге Clір СаІІегу программасының объектілерін енгізу
Сурет Картинкалар (Рисунок Картинки) командасын орындаганнан кейін, экранда әртүрлі графикалық және дыбыстық объектілер қосуга мүмкіндік беретін Місгоsoft Сlір Gаlегу программасының терезесі ашылады. Бүл терезе Графика, Суреттер, Дыбыстар, Видео астарлы беттерден турады.
• Графика - бұл астарлы бетті ашканда Сlір Gаlегу кітапханасының бөлімдері мен ондагы суреттер шыгады. СlірАгt программасының терезесі жиыны көрсетіледі
Қажетті суретті ерекшелеп, оң жақтагы Кірістіру (Вставить) батырмасында курсорды шерту арқылы курсор тұрган жерге сол суретті енгіземіз.
• Суреттер, Дыбыс, Видео астарлы бетінде де дәл осылай кажетті объектіні таңдап курсор орналасқан жерге енгіземіз. Дыбыс объектілерін енгізу үшін компьютерде дыбыс шыгаратын жабдық (мультимедиа) орнатылган болуы керек.
Осы астарлы беттерде жаңа бөлім қүрып, оган объект қосу мумкіндігі бар. Ол үшін:
1 Місгоsoft Сlір Gаlегу сүхбат терезесіде жаңа бөлім қосатын астарлы беттің біреуін ашқан соң, Өзгерту (Изменить) батырмасын шертеміз.
2 Экранда Бөлімдер тізімі (Список разделов) сұхбат терезесі ашылады. Жаңа бөлім қосу ушін Қуру батырмасьш шерткен соң, жаңа бөлім атын теріп жазамыз да ОКЖабу батырмаларын шертеміз. Осы әрекеттерді орындаган соң, сол жақтағы тізімде жаңа бөлімнің аты пайда болады. Бөлімге жаңа объект қосу ушін. Сол жақтагы тізімнен объект қосатын бөлімді белгілейміз. Клипті сыртқы ортадан алу (импортировать клип) батырмасын шертеміз де, ашылган терезеде объект орналасқан буманы және файлды тауып Ашу батырмасын шертеміз. Туйінді сөз (ключевое слово) сұхбат терезесінде объектінің атын теріп жазамыз.
3. Басқа программалардан объект енгізу
КірістіруОбъект (ВставкаОбъект) командасъп орындай отырып, жаңадан объект қүруға немесе дайын объектілердің бірін алуга болатын бастапқы црограмманы пайдалануға болады. Егер компьютерде РһоtоFіnіsһ (Рһоtоsһор немесе Согеl DRAW) Графикалык редакторы орнатылган болса, онда РһоtоFіnіsһ-те де (Рһоtоsһор не Согеl DRAW, сондай-ақ СогеІСНАRТ немесе СоrеІРНОТО-РАІNТ программаларында) дайындалган объектілерді мәтінге енгізіп қоя аламыз. Объектінің тек сурет болуы міндетті емес. Мысалы, егер компьютерде ЕхсеІ (немесе Power Point) программасы болса, мәтінге осы программада құрылган диаграммаларды, сондай-ақ әр түрлі музыкалық дыбыстарды да енгізуге болады. Бул команданы орындаганнан кейін экранда Куру (Создание) және Файлдан куру (Создание из файла) екі астарлы беттен тұратын Объект енгізу сухбат терезесі ашылады.
4. Файлдарга объект енгізу
Обьектілерді алдын-ала қүрып, файлга сақтап қойып, кейін оны мәтін ішіне байланысқан объект ретінде енгізуімізге болады.
І.Объектінің енгізілетін орнын көрсетеміз, ягни курсорды сурет туратын орынга қоямыз.
2.Кірістіру - Сурет Файлдан командасын орындаймыз.
3.Сурет енгізу сұхбат терезесінде енгізілетін объекті орналаскан файлдың атын көрсетеміз.
4.Қойылатын объектіні тышқанды шерту арқылы таңдаймыз. Объектіні мәтін ішінде оңай орын ауыстыратындай етіп жылжымалы графикалық қабатқа орналастыру үшін Мәтін устінде (Поверх текста) жалаушасын көтереміз.
Файлдың өлшемін азайту үшін, қүжатқа суреттің өзі емес сілтемесін орналастыруга болады. Ол ушін Сурет енгізу сүхбах терезесіндегі Суретті қужат ішінде сақтау (Хранитъ рисунок в документе) жалаушасьш алып тастаймыз. Бүл кезде объектіні экранда көруге, қағазга басуга болады, бірақ суретті өңдеу мүмкіндігі жойылады.
5. Сканерден объект енгізу
Егер, қагаздагы қүжаттың, суреттердің көшірмесін компьютер экранына шыгару мүмкіндігін беретін Сканер қүрылғы болса, оны компьютерге қосамыз.
1. Сканерден көшірме қойылатын орынга курсорды орналастырамыз?
2. Кірістіру Сурет Сканерден командасын орындаймыз. Қолданып отырган сканердің ерекшеліктерін ескере отырып, көшірмені мәтінге орналастырғаннан кейін Місгоsоft Рһоtо Еditor программасының терезесінде қажетті өңдеулерді жасауға болады.
6. WordArt объектілерін енгізу
Оffiсе программасының бүның алдындагы нүсқаларында фигуралық мәтіндерді жазу үшін арнайы WordArt программасы қолданылды. Ал, Оffiсе 97 программасында осы мақсатка саймандар тақтасындағы WordArt объектісін косу батырмасы немесе Кірістіру Сурет WordArt объектісі... командасын пайдаланамыз. Мәтінді әр түрлі тәсілмен бейнелеп жазу, оған көлеңке салу, қисайту, айналдыру, созу, үлкейту, қысқарту мүмкіндігін беретін WordArt программмасының көмегімен мәтінге әр түрлі эффектілер беруге болады.
Қүжатқа бейнелі мәтін енгізу үшін:
1. Тышқан курсорын мәтін қойылатын орынға орналастыру;
2. Меню катарындағы Кірістіру Сурет Word Art объекті (Вставка Объект Word Art объекті) командасын орындаймыз немесе Сурет салу саймандар тақтасындагы Word Art объектісін косу батырмасында тышканды шертеміз. Ашылган терезеде мәтінді жазу стилінің өзімізге үнаған біреуін таңдап аламыз да, ОК батырмасын шертеміз.
3. Word Art өзгерту терезесі ашылады. Осы терезеде қажетті мәтінді, оның форматын көрсете отырып, теріп жазамыз да, ОК батырмасын шертеміз.
Word Art объектісі енгізілген сон экранга онымен жүмыс жасау мүмкіндігін беретін саймандар тактасы шыгады. Бұл объектіні бүру, көлемін өзгерту тағы да басқа әрекеттерді орындауды жеңілдетеді көлемін өзгеру үшін ерекшелегеннен кейін пайда болган тіктөртбүрышты белгішелерді қажетті орынга тьппканның көмегімен жылжытамыз. Объектіде тышқанды екі рет шертсек, Мәтінді өзгерту терезесі ашылады.
9.Мәтінге дыбыс объектілерін енгізу
Мәтіндік редакторга графикалық объектілермен қатар, дыбыстық объектілерді де енгізуге болады. Дыбыс объектілерін микрофон арқылы немесе бұрыннан жазылған файлдан енгізу мүмкіндігі бар. Дыбыс объектілерін енгізу үшін компьютерге Мультимедиа қурылгылары орнатылган болуы керек. Мультимедианы орнату жөнінде Windows операциялық жуйесі бойынша жазылган 9-лабораториялық жумыста айтылған. Дыбыс объектілерін енгізу үшін: Кірістіру Объект командасын орындаймыз. Сонда Куру (Создать) және Файлдан куру (Создать из файяа) екі астарлы беттен тұратын Обьект енгізу сұхбат терезесі ашылады. Осы сұхбат терезе көмегімен Объектінің тізімінде бар программа объектілерінің бәрін енгізу мүмкіндігі бар. Дыбыс объектісін енгізу үшін МIDI қатарын таңдаймыз. Қуру астарлы беті микрофон арқылы жаңа файл қүру, ал Файлдан куру астарлы беті дайын файлды енгізу мүмкіндігін береді Куру астарлы бетін ашсақ, Дыбыс жазу сүхбат терезесі ашылады. Микрофонды іске қосқаннан кейін Жазу (Запись) батырмасын шертеміз де, енгізілетін мәтінді немесе әнді окимыз. Курсор түрган орында дыбыстык, объектінің белгісі пайда болады. Дыбысты тыңдау үшін тышқанды оның белгісінде екі рет шертеміз немесе белгінің жанама менюінен Дыбыс жазу объектісі –Тындау (Обьект Набор команд МIDI Всюпроизвести) командасын орындаймыз. Файлдан куру астарлы беті файлдың сақтаулы тұрган орнын көрсету аркылы енгізу мүмкіндігін береді.
9. Формулалар редакторымен жүмыс істеу
Місгоsoft Еquаtіоn программасының көмегімен Word мәтіндік редакторында жазылган қүжатқа математикалық элементтерді енгізуге болады. КірістіруОбъект командасын орындаганда ашылган терезеде Місгоsoft Еquаtіоn қатарын таңдаймыз да, Кірістіру батырмасын шертеміз. Сонда куррсор турган орынга формула енгізу мүмкіндігі беріледі және формулалар саймандар тақтасы пайда болады. Кажетті элементті осы саймандар тақтасынан тандап аламыз да, енгізуге тиісті мәндерді теріп жазамыз. Бұл программа енгізілген формулаларды автоматты турде форматтайды.
Формула енгізілгеннен кейін, ол графикалық объект болып есептеледі Формулада тышқандн бір рет шерту арқылы оны ерекшелеп, жанама меню командаларын қолдануға болады. Тышқанды екі рет шерту арқылы формулалар редакторын іске қайта қоса аламыз.
11-Дәріс. Алгоритмдеуді оқыту әдістемесі және теориясы. (2 сағат).
Алгоритм, программа ұғымдары;
Алгоритмнің түрлері;
Алгоритм қасиеттері;
Алгоритмдерді график түрінде жазу;
Алгоритм, программа ұғымдары
ЭЕМ-ді пайдалану істерін қарастырмас бұрын оның жұмысымен тығыз байланысты алгоритм, программа ұғымдарын білуіміз қажет. Әрбір ЭЕМ алдын ала берілген алгоритммен, яғни жоспармен жұмыс істейді. Алгоритмді заңдылық, реттелген амалдар жиыны, кезекпен орындалатын операциялар тізімі деп қарастырған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |