Кітапхана меңгерушісі: Колчина Юлия Викторовна №505
Жұмыс уақыты: күнделiктi сағ. 9-дан 19-ға дейiн, үзiлiс сағ. 13-тен 14-ке дейiн
Академия кiтапханасының қоры жан-жақты материалға өте бай. Бұл – кiтаптар, оқулықтар, CD-тасымалдауыштар, аудиокасеталар, күнделiктi басылымдар, “Сымбат” Дизайн және Технология Академиясы қызметкерлерiнің « ПОҚ еңбектерiнің» каталогы.
Қызмет түрлерi: каталог бойынша iздеу, оқу залы мен компьютер залында жұмыс iстеу, қажеттi әдебиеттерді ұсыну, iс-қағаздардың көшiрмесiн алу.
Компьютерлiк-технологиялық орталық: №405, 406
Информациялаудың меңгерушісі: Калкабаев Даулет Нурланұлы
Жүйелер технигі: Кугенбаев Максат Исмаилұлы
Жұмыс тәртiбi: күнделiктi сағ. 9-дан 18-ге дейiн. Сағат 15.00.-ден 18.00.-ге дейiн компьютер класстары студенттердiң өздiк жұмыстарын атқаруға және студенттер мен қызметкерлердiң пайдалануына берiледi.
Қызмет түрлерi:
Интернет – 1 сағаты –150 теңге
Лазерлiк принтер арқылы басып шығару 1 бетi –10 теңге
Суреттi сканер арқылы компьютерге енгiзу 1 бетi – 20 теңге
Компьютерлiк-технологиялық орталық оқу процессiн академияның компьютерлiк және технологиялық қоры, сондай-ақ ғылыми зерттеулер мен әдiстемелер, академия қызметi туралы ақпарат пен басқа да жұмыс түрлерi негiзiнде қажеттi компьютер жабдықтарымен және қолданбалы бағдарламалық өнiмдермен қамтамасыз етедi.
Спорттық кешен № 001
Жауаптылар: Шалтыкова О.Г., Соснин Г.А.
Тiгiн лабораториялары № 503
Жауапты Садыгулова М.А.
Сұлулық студиясы № 104
Жауапты Адмаева В.А.
Сән мұражайы
Жауапты: Шоқылбаева Айман
Типография № 101
Жауапты: _____________
Бухгалтерия № 221
Есепшi Жұмағұл Эльмира Мақсұтқызы
Медициналық пункт
Жұмыс уақыты 9.00.-16.00.
Дәрігер – терапевт Татаринова Л.Г.
Медбике : Қайрбекова Мария Абибуллақызы
Асхана
Жұмыс уақыты 10.00.-16.00.
СТУДЕНТТІК КЕҢЕС
«Сымбат» ДТА студенттік кеңесі академия және колледж студенттерінен тұрады, 2007 ж қараша айында сайланған. Өз қызметін «Сымбат» ДТА ректоры бекіткен жоспарымен атқарады. Студенттік кеңестің президенті ғылыми кеңес, Координациялық кеңес құрамына кіреді. Студенттік іс-шаралар (интеллектуалды олимпиадалар, конкурстар, спорт жарыстары, салтанатты іс-шаралар, ғылыми-теориялық конференциялар және т.б.) ұйымдастыруға және өткізуге байланысты, барлық оқу-тәрбиелік сұрақтармен (оқу процесінің жақсаруы мен өзіндік пәннің бағыты) мақсаттарын шешуге ұсыныстарын ескеруге бағытталған.
Студенттердің құқықтары мен міндеттері
Студент қатарында орын ала отырып, оқуға жауапты түрде қарау, сапалы білім алуға ынталану біздің әрқайсымыздың негізгі міндетіміз екенін естен шығармауымыз қажет.
Студенттердің құқықтары мен міндеттері
-
МБС сәйкес білім алу.
-
Келісім-шарт бойынша қосымша ақылы білім алу.
-
Ақпараттың еркіндігі, өз пікірі мен көз қарастарын еркін түрде ортаға салу.
-
ЖОО қызметінің негізгі мәселелерін талдау және шешу барысына ат салысу.
-
Кітапхана, оқу, ғылыми, емдеу және басқа да құрылымдардың қызметтерімен ақысыз пайдалану.
-
Ғылыми – зерттеу жұмыстарының барлық түрлеріне қатысуға мүмкіндік алу.
-
Студенттердің өзін өзі басқару органдарын ашу.
-
Тиісті факультеттер мен кафедралар ұсынған факультативтік немесе эллективтік курстарды таңдау.
-
Факультет басқару органына сайлауға және сайлануға қатысыу.
-
Тәрбие жұмыстары немесе студенттер демалысын ұйымдастыру аясында ЖОО-нда ұйымдастырылған іс-шараларға еркін түрде қатысу.
-
Оқу процесі кестесі мен оқу жоспарларында көрсетілген міндетті тапсырмаларды дер кезінде орындау.
-
Мәдени және кәсіби деңгейді арттырып, ЖОО мүддесін қорғау.
-
Адами қасиеттер мен оқитындар, оқытушылар мен ЖОО қызметкерлерінің пікірлерін сыйлау, басқа да тұлғалардың пікірлеріне шыдамдылық таныту.
-
ЖОО мүлкін сақтау, ішкі тәртіп ережелері мен жатахана ережелерін есте сақтау.
-
Физикалық күш көрсету, бірін бірі балағаттау, тәртіп бұзушылықтарға орын бермеу.
Ұсынылған құқықтарды пайдаланып және міндеттерін орындай отырып студенттің марапатталуы, оның ішінде ҚР Президентінің стипендиясы тағайындалуы мүмкін. Сондай ақ, ЖОО Жарғысы мен ішкі тәртіп ережелерін бұзғаны үшін сөгіс беріліп, оқудан шығарылады.
Оқу процесін оқытудың кредиттік жүйесі бойынша ұйымдастыру туралы нұсқаулар
Осы Ережеде келесі негізгі түсініктер мен анықтаулар қолданылған:
Академиялық күнтізбек (Acadtmik Calendar) -мереке және демалыс күндері көрсетілген оқу жылы ішінде өткізілетін оқу және бақылау шараларының күнпарағы;
Академиялық кезең(Term )- жоғары оқу орны таңдаған үш түрде берілетін теория жүзінде оқытатын кезең;
Студенттің (магистранттың) академиялық рейтингісі(Ratingf)- аралық немесе қорытынды бақылау нәтижелері бойынша құрастырылатын бағдарлама материалын меңгерудің сандық көрсеткіші;
Академиялық дәреже(Degree)- жоғары оқу орны қорытынды мемлекеттік аттестация нәтижесі бойынша беретін жоғары кәсіптік білім берудің тиісті білім беру бағдарламаларын меңгеруінің дәрежесі;
Академиялық сағат дәрістік, практикалық (семинарлық) бір байланыс сағатына (50 минут) немесе студиялық сабақтардың бір жарым сағатына (75 минут), немесе лабораторлық сабақтар мен дене шынықтыру сабақтарының екі сағатына (100 минут), немесе практиканың барлық түрлерінің 5 байланыс сағатына (250 минутына) тең келеді.
Транскрипт(Transcript)- кредиттер саны мен әріп және сандық түрде көрсетілген бағалары бар оқытудың белгілі бір кезеңінде өтілген пәндердің тізімінен тұратын үлгідегі құжат;
Белсенді үлестірмелі материалдар(Hand-outs) - тақырыпты ойдағыдай меңгеруге бағытталған сабақ үстінде үлестірілетін көрнекі құралдар (дәріс тезистері, нұсқаулықтар, мысалдар, глоссарий, өздік жұмыстарға арналған тапсырмалар);
Оқу пәндеріне жазылу(Enrollment)- жоғары оқу орнында орнатылған тәртіп бойынша оқу пәндеріне алдын ала жазылу процедурасы;
Қорытынды мемлекеттік аттестация(Qualificaton Examination)- оқу деңгейіне сай мемлекеттік стандарт бойынша белгіленген оқу дәрежесін беру, нәтижесінде біліміне қарай құжат беру (диплом);
Қортынды бақылау (Final Examination)-оқу пәнін оқып аяқталғаннан кейін оқушының жетістіктерін аралық бақылау, қорытынды бақылау кезінде тексеру; қорытынды бақылау түріне емтихан жатады: ауызша, жазбаша, тест, аралас, қойылым;
Элективтік пәндерге арналған каталог- барлық оқу пәндерінің тізімі.
Кредит(Credlt, Credit-hour)- оқушы мен оқытушы атқарған оқу жұмысының көлемін көрсететін өлшем;
Таңдаулы компонент(Electives)- кез келген академиялық кезеңде таңдауы бойынша оқытылатын элективті пәндер;
Оқышылардың оқу жетістіктерін бақылау- әр түрлі бақылау тапсырмалары негізінде нақты бір пән бойынша оқушылардың білім алу жетістіктерін тексеру (жазба жұмыстар, тесттер, практикалық жұмыстар, портфолио, ауызша жауаптар); бұл бақылау ағымдағы, аралық және қорытынды бақылау сияқты түрлерге бөлінеді;
Пәнді суреттеу(Course Description)- пән туралы қысқаша мәлімет беру;
Тіркеуші кеңсесі(Office of Registrar)- оқушылардардың барлық оқу жетістіктерін тіркеумен айналысатын және де білімнің барлық бақылау түрлерін ұйымдастырып, академиялық рейтингке есеп жүргізетін қызметші;
Пререквизиттер(Prereguisite)- оқытылатын пәнді меңгеруге қажетті білімдері, дағдылары бар пәндер;
Постреквизиттер(Posteguisite)- меңгеруге қажетті білім мен дағдыларды талап ететін пәндер;
Оқытушыға арналған пән баңғдарламасы курс туралы қысқаша мәлімет берілген, курс мазмұны көрсетілген, курс мақсаттар мен міндеттері, тақырыптар мен әр сабақтың ұзақтығы, өздік жұмыстарға арналған тапсырмалар, кеңес беру уақыты, оқытушы қоятын талаптар, бағалау критерийлері, аралық бақылау тесттері мен емтихандардың кестесі, қолданылатын әдебиеттер тізімінен тұратын пән бағдарламасы;
Пән бағдарламасы (Syllabus)- пән туралы қысқаша мәлімет берілген, пән мазмұны көрсетілген, пән мақсаттары мен міндеттері, тақырыптар мен әр сабақтың ұзақтығы, өздік жұмыстарға арналған тапсырмалар, кеңес беру уақыты, оқытушы қоятын талаптар, бағалау критерийлері, аралық бақылау тесттері мен емтихандардың кестесі, қолданылатын әдебиеттер тізімінен тұратын пән бағдарламасы;
Үлгерімнің орташа балы(Grade Point Average- GPA)- таңдап алған бағдарлама бойынша оқушының оқу барысында жеткен жетістіктер деңгейінің орта бағасы;
Аралық бақылау(Midttrm Exarnination)- бекітілген академиялық күнпараққа сәйкес өткізілетін тексеріс;
Оқушының өздік жұмысы- өздігінен оқып меңгеруге берілетін, оқу әдістемелік әдебиеттер мен нұсқаулықтарды қамтамасыз ететін, тест, бақылау жұмыстары, коллоквиум, реферат, шығармалар мен есеп беру арқылы тексерілетін тақырыптар тізімі бойынша жұмыс атқару; оқушылардың деңгейіне байланысты өздік жұмыстары - студенттың өздік жұмысы, магистранттың өздік жұмысы, докторанттың өздік жұмыстары деп бөлінеді;
Оқушының оқытушы жетекшілігімен атқарылатын өздік жұмыс (Office Hours)- сабақ кестесінде көрсетілген оқытушының жетекшілігімен атқарылатын сабақтан тыс жұмыс; оқушылардың деңгейіне байланысты студенттердің оқытушының жетекшілігімен атқаратын өздік жұмысы, магистранттың оқытушының жетекшілігімен атқаратын өздік жұмысы деп бөлінеді;
Ағымдағы үлгерімді бақылау- оқу пәндерін сабақ беретін оқытушылардың пәнінен өтетін әр тақырыбы немесе әр бөлімі бойынша жетістіктерін үздіксіз бақылау;
Типтік оқу бағдарламасы - кәсіптік білім беру оқу бағдарламасындағы оқу пәндерінің көлемі оларды оқыту тәртібі және бақылау түрлері.
Оқушылардың білім жетістіктері- оқу барысында меңгеріп, оқушының даму деңгейін айқындайтын білім, дағдылар мен жетістіктері;
Эдвайзер(Advisor) -бітіруші кафедраға қарасты оқитын мамандығы бойынша студенттерге бағдар беріп,оқу барысында білім беру бағдарламасын игеруге көмек беретін, жетекші қызметін атқаратын оқытушы.
Жеке оқу жоспарын құрастыру
Оқытудың жеке жобасын қалыптастыру үшін әр студент (магистрант) тиісті үлгіде әр оқу жылына арналған жеке оқу жоспарын құрастыруы тиіс. ЖОЖ-ын құрастыру Типтік оқу бағдарламасы мен эллективті пәндер каталогы негізінде эдвайзердің көмегімен жүзеге асырылып тіркеуші кеңсесіне тапсырылады. ЖОЖ құрастырудың негізі оқу бөлімінде немесе анықтауыш-жолсілтегіштегі жұмыс оқу жоспары болып табылады.
Студент немесе магистрант Жеке оқу жоспарында келесі жағдайларды көрсетуі тиіс.
1. бөлімдерге арналған пәндер тізімі – міндетті түрде өтілетін пәндер мен олардың толық көлемі;
2. оқушылар өз қалауы бойынша таңдайтын пәндер тізімі;
3. әр оқытушы жүргізетін пәндер бойынша емес, нақты пәнді оқытатын оқытушының аты-жөнін көрсетуі тиіс;
Өз жеке оқу жоспарын жоспарлау барысында студент бір семестр ішінде он екі кредиттен кем емес пәндерді, ал магистрант тоғыздан кем емес, оның ішінде типтік оқу жоспарында көрсетілген міндетті компоненттердің жүз пайызын орынду керек екенін ескеруі тиіс.
Жеке оқу жоспарлар мен пәндерге жазылу барысын тіркеуші кеңсе жүзеге асырады. Тіркеуші кеңсе студенттердің өтініші негізінде оқу бөлімімен келісе отырып топтарды қалыптастырады.
Пәндердің біріне жазылған студенттердің саны тиісті деңгейден төмен болған жағдайда пән жүргізілмейді де жұмыс оқу жоспарына енгізілмейді. Тіркеуші кеңсе арнайы стендке хабарландыру іледі.
Студенттер немесе магистранттарға үш күн ішінде басқа пәнді таңдап жазылуға болады. Бұл құқығын студент немесе магистрант пайдаланған болса, сол күні шешімді тіркеуші кеңсе қабылдайды.
Пәнге жазылған студенттер мен магистранттардың саны тиісті деңгейден асқан жағдайда тіркеуші кеңсе тағы бір топтың құрылуын қарастырады да, оқу бөлімі тиісті оқытушыны тағайындайды.
Белгілі бір пәнге жазылушылардың саны аудиторияға сиымды шамадан тыс болғанда тіркеуші кеңсе олардың санын шектейді. Осылай болған жағдайда жазылушылар басқа оқытушыға жазыла алады.
Студент немесе магитрант белгіленген мерзімде келесі жылдың жеке оқу жоспарын тіркеуші кеңсесіне өткізбесе,онда оның оқу негізіне байланысты курстың жұмыс оқу жоспары қабылданады.
Оқу пәндеріне жазылу мен ЖОЖ құрастыру бақылау шараларының күнпарағына сәйкес жүзеге асырылады.
- Сәуір айының 10-30 аралығында 2,3,4 курста оқитындарға (түзетулер мен өзгертулер тиісті семестрдің басының 1-10 күндігінде енгізіледі);
- жаңадан түскендерге бірінші семестрдің қыркүйек айының 1-10 аралығында;
- басқа жоғары оқу орындарынан ауысып келгендер үшін;
- 25-тамызға дейін, түзетулер 1-15 қыркүйекте;
-25 қаңтарға дейін (көктемгі семестр үшін).
Жеке оқу жоспарларына енгізілетін түзетулердің пайызы бастапқы жазылу санынан 10%дан аспауы керек. Жеке оқу жоспарына өзгерістер енгізу үшін студент немесе магистр оқу жұмысының проректорының атына өтініш жазады.
Өз жеке оқу жоспарын жоспарлау барысында студент бір семестр ішінде 12 кредиттен кем емес пәндерді, ал магистрант 9 кем емес, оның ішінде типтік оқу жоспарында көрсетілген міндетті компоненттердің 100% орындалу тиіс екенін ескеруі керек.
Сабақ түрлері
Кредиттік оқыту жүйесінде қолданылған оқу процесі Академияда мынадай үлгіде ұйымдастырылады:
1) дәрістер, практикалық сабақтар (семинарлар), лабораториялық сабақтар, студиялық сабақтар;
2) студенттің өздік жұмысы, оның ішінде оқытушының жетекшілігімен атқарылатын өздік жұмысы, жеке кеңес беру сабақтары, Интернет сессиялар, бейнеконференциялар, телекөпірлер (қашықтық оқыту үшін);
3) оқу және кәсіптік практикаларды, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу, дипломдық жұмыстар мен жобаларды дайындау, қорытынды аралық аттестация;
4) оқушының оқу жетістіктерін бақылау: ағымдағы және аралық бақылау, қорытынды бақылау, қорытынды мемлекеттік аттестация.
Академиялық сағат дәрістің немесе практикалық сабақтың бір байланыс сағатына (50 минут), немесе студиялық сабақтардың бір жарым байланыс сағатына (75 минут) немесе лабораториялық сабақтар мен дене тәрбиесі сабақтарының екі байланыс сағатына (100 минут) немесе практиканың кез келген түрінің бес байланыс сағатына (250 минутына) тең.
Сабақтардың барлық түрлері белсенді шығармашылық формада жүргізіледі.
Бұл мақсатқа жету үшін студенттерге белсенді үлестірмелі материал және силлабустан, жұмыс оқу бағдарламасынан, практикаға, курстық жұмыстар мен дипломдық жобаларды орындауға арналған әдістемелік нұсқаудан тұратын оқу әдістемелік кешен ұсынылады.
Силлабустар титулдық бетінен, дәрістік, практикалық (семинарлық немесе студиялық), лабораторлық сабақтардың тақырыптар тізімі, оларға берілген сағаттар көлемі, әдебиеттер тізімі, пән саясаты мен процедуралары, пән бойынша берілетін тапсырмалар тізімі (оның ішінде өздік жұмыстарға арналған, рефераттар, курстық, лабораторлық жұмыстар), бақылаудың барлық түрлері бойынша білімдерін бағалаудың критерийлерінен тұрады.
Белсенді үлестірмелі құралдар – бұл құрал толық дәріс мәтіні,тапсырма мысалдары, көрнекі құралдар: иллюстрациялар, графикалар, кестелер т.б., сонымен қатар әдебиеттер тізімі,өздік жұмысқа арналған тапсырмалар, типтік тест сұрақтары немесе аралық және қорытынды бақылауға арналған тапсырмалары бар.Белсенді үлестірмелі құралдың негізінде оқушылар дәріс кезінде жазуға уақыт бөлмей,тыңдауға немесе сұрақ қоюға, әңгіме құруға, мәселелерді шешуге, пәнді меңгеруіне мүмкіндігі болады. Белсенді үлестірмелі құралдың негізінде студенттедің өз бетінше дәріс немесе семинар сабақтарына, барлық бақылау түрлеріне дайындалуға мүмкіндігі болады.
Дипломдық және курстық жұмыстар мамандықтарына байланысты белгіленген әдістемелік нұсқаулық бойынша орындалады.
Студенттердің (магистранттардың) өздік жұмысы
Студенттің өздік жұмысының көлемі курстың жалпы еңбексиымдылығының жетпіс пайызын құрайды.
Оқытушының жетекшілігімен атқарылатын студенттің өздік жұмысы сағаттарының көрсетілуімен сабақ кестесіне енгізілуі тиіс.
Студенттің өздік жұмысының көлемі кесте бойынша ұсынылады.
Өздік жұмысының басқа сағаттары оқытушының тапсрымаларымен қамтылуы тиіс.
Студенттің өздік жұмысы пәннің жұмыс бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.
Студенттің оқытушының жетекшілігімен атқаратын өздік жұмысы оқытушының педагогикалық жүктемесіне студенттерге кеңес беру, сабақтарын жүргізуді, интерактивті түрдегі сабақтарды, үйге берілген тапсырмаларды орындауын қадағалауды, бақылау жұмыстарын тексеру енгізіледі.
Студенттің оқытушының жетекшілігімен атқаратын өзіндік жұмысы оқу жоспарының барлық пәндерінен қарастырылған.
Студенттің оқытушының жетекшілігімен атқаратын өздік жұмыстарының тақырыптары, тапсырмалары, сағаттары көрсетілген интерактивті формалары пәннің оқу әдістемелік кешенінде көрсетіледі.
Тәжірибені ұйымдастыру
Оқу, өндірістік және де диплом алдындағы тәжірибелер мамандықтардың жұмыс оқу жоспарларына, тәжірибе бағдарламаларына, оқу процесін кредиттік жүйе бойынша ұйымдастыру туралы ережелеріне сәйкес өткізіледі.
Тәжірибенің барлық түрлері негізгі оқу процесінен тыс уақытта бекітілген оқу процесінің кестесі мен академиялық күнпараққа сәйкес өткізіледі.
Тәжірибені өту нәтижесі курстан курсқа көшіруге мүмкіндік береді.Егер студент тәжірибеге себепсіз келмеген жағдайда келесі академиялық уақыт ішінде ақылы түрде жүзеге асады.Ал егер қатыспаудың себебі болса академиялық уақыт ішінде ақысыз тапсырға болады.
Тәжірибеге қатысты бұйрық тиісті кафедраның ұсынысы бойынша хатталады.
Жазғы семестрді ұйымдастыру
Жазғы семестр қосымша оқу немесе академиялық қарыздарын жою мақсатында ақылы түрде ұйымдастырылады. Жазғы семестрді оқушылар мынадай жағдайларда өтуге құқылы бола алады:
-
басқа жоғары оқу орнынан ауысып немесе академиялық демалыстан қайта келген кезде, академиялық айырмашылықтары барлар;
-
сессиядан соң 1 ай ішінде академиялық қарыздарын жоймай, пәнді қайталап өтуге мұқтаж болғандар;
-
мамандықтың оқу жоспарында көрсетілген кез келген пән бойынша қосымша курстарды өткісі келгендер;
Бұл жерде бір пәнге жазылған студенттердің саны жеткілікті болған жағдайда ғана пәннің қайта өткізілуі ықтимал.
Оқушылардың жазғы семестрге қатысулары білім берудің келесі қызметтерін жүзеге асыруға мүмкіндік тұғызады:
-
академиялық қарыздарын жою мақсатында кеңестер алу;
-
кәсіби ой-өрісін, танымдылығын кеңейту мақсатында кез келген оқу курстарын меңгеру;
Пәндер бойынша қосымша курстарды өту мақсатында ұйымдастырылатын жазғы семестр топтағы тыңдармандар саны 8-ден кем болмаған жағдайда ғана жүргізіледі.
Академиялық қарыздарды жою мен қайталап оқудың нәтижелері өткен оқу жылының GPA құрайды.
Қайталап оқу
Пәнді қайталап оқу жөніндегі шешім ректор арқылы қабылданып, тиісті бұйрық негізінде рәсімделеді.
Қайталап оқуға құқықтары барлар:
-
келесі курсқа академиялық қарыздарын жоймағаны үшін аударылмағандар;
-
ҚРБжҒМ аралық бақылауынан өтпегендер.
Білімдерін бақылау және бағалау жүйесі
Кредиттік жүйемен оқыту барысында алғашқы орынға білім берудің сапасы қойылады, сондықтан студенттердің білімін бағалау мақсатында өткізілетін бақылаудың маңызы өте зор.
Емтихан тапсыруға келген студент өзімен студент билетін, емтиханға жіберілгені туралы белгі қойылған сынақ кітапшасын ала келуі тиіс.
Рейтингтік бақылау
Студенттердің білімі тек сессия кезінде ғана емес, сондай-ақ семестр бойы бағаланып отырады. Бұл орайда семестрдің сегізінші және он бесінші апталарында екі рейтингтік (аралық) бақылау жүргізіледі. Аралық бақылау апта бойына сабақтан тыс уақытта, оқу процесіне кедергісіз өткізіледі. Рейтингтің жалпы қорытындысына студенттің сабаққа қатысуы мен ағымдағы бақылау нәтижелері кіреді.
Қорытынды бақылау
Қорытынды бақылау тест, ауызша, жазбаша емтихан, шығармашылық пәндер бойынша жұмыстарын көрмеге қою түрінде жүзеге асырылады. Қорытынды бақылау кешенді емтихан түрінде де өткізіледі. Сессия ішінде 2-4 пән бойынша барлық мамандықтар арасында кешенді емтихан жүргізіледі.
Студенттерге кешенді емтихандарға дайындалуға 3 күннен кем емес уақыт беріледі.
Әр семестрлік сессияның қорытындылары студенттің академиялық анықтамасына енгізіледі.
Қорытынды баға
Қорытынды бағаларды қою барысында тек қорытынды бақылауда алған бағасы ғана ескерілмей, сонымен қатар рейтингтік бағасы да ескеріледі. Пән бойынша қорытынды бағалар төмендегідей бөлінген:
-
Қорытынды бақылау – 40%
-
Рейтинг 1 – 30%
-
Рейтинг 2 – 30%
Қорытынды бақылау
ҚБ = ҚБақ*0,4+1РБ*0,3+2РБ*0,3 құрайды
Бұл жерде:
1РБ-бірінші рейтинг бағасының сандық эквиваленті;
РРБ-екінші рейтинг бағасының сандық эквиваленті;
ҚБ-қорытынды бақылау бағасының сандық эквиваленті
Егер де пән 1 семестрден ұзақ өткізілсе онда қорытынды баға келесі формула бойынша есептеледі:
ҚБ=(ҚБ1+ҚБ2)/2 – екі семестр бойына өтілетін пәнге;
ҚБ=(ҚБ1+ҚБ2+ҚБ3)/3 – үш семестр бойына өтілетін пәнге.
Қорытынды баға студенттің сынақ кітапшасына, оқу карточкасы мен транскриптіне енгізіледі.
Баллдық-рейтингтік жүйе
Академияда әріптік белгілерді пайдалана отырып қойылатын көпбалдық жүйе қолданылады. Бұл оқытушыға студенттің білімін шынайы түрде бағалауға мүмкіндік береді. Кез келген баға келесі қағида бойынша анықталады:
-
Бағасы
|
Сандық эквиваленті
|
Қатысқан саны
|
Пайызы
|
Дәстүрлі бағасы
|
А
|
4,00
|
85-90
|
95–100
|
Өте жақсы
|
А–
|
3,67
|
81-84
|
90–94
|
В+
|
3,33
|
76-80
|
85–89
|
Жақсы
|
В
|
3,00
|
72-75
|
80–84
|
В–
|
2,67
|
67-71
|
75–79
|
С+
|
2,33
|
63-66
|
70–74
|
Қанағаттанарлық
|
С
|
2,00
|
45-62
|
65–69
|
С–
|
1,67
|
54-57
|
60–64
|
D+
|
1,33
|
49-53
|
55–59
|
D
|
1,00
|
45-48
|
50–54
|
F
|
0
|
44
|
0–49
|
Қанағаттанарлықсыз
|
Қорытынды бақылау нәтижелері бойынша студенттің академиялық рейтингісі анықталады. Студенттерді курстан курсқа көшіру, сонымен қоса диплом беру мақсатында GPA өту балы тағайындалады. GPA келесі формула бойынша есептеледі:
Бұл жерде И1, И2, .....Иn- пәндер бойынша жиналған балл түріндегі қорытынды сандық эквивалент;
К1, К2, .......Кn- оқытылатын пәннің кредит түріндегі көлемі;
n – жыл ішінде өтілген пәндердің саны
Егер әр курс соңында студенттің GPA-сы 2,0-ден төмен болса ол студент келесі курсқа жіберілмейді. Бұл жағдайда студент қайта сол оқу жылына қалады. Ол бекітілген жеке оқу жоспарын толық орындап, немесе орантылған тәртіп бойынша жаңа жеке оқу жоспарын қалыптастыра алады. Ал егер жеке оқу жоспарын орындаудан бас тартса ол оқудан шығарады.
Студентті курстан курсқа көшіру туралы шешім оқу жылының соңында (маусым) немесе жазғы семестр соңында (шілде) қабылданады.
Апелляция
Апелляция – студенттің білімін шынайы бағаламауға себеп болған факторларды анықтап, оны жою мақсатында жүргізілетін процедура.
Апелляция студенттің қалауы бойынша төмендегідей жағдайларда жүргізіледі:
-
тапсырмалардың мазмұны дұрыс болмаса;
-
тапсырмалардың дұрыс жауабы жоқ болған жағдайда;
-
тапсырмалардың бірнеше дұрыс жауаптары бар болған жағдайда;
-
берілген тапсырмалар оқу бағдарламасының шегінен шықса:
Апелляцияға өтініш студент не магистранттың өз атынан оқу ісі проректорының атына емтихан қорытындылары хабарланған күні қайта қарастыру талап ететін пәннің аты мен сұрақтың нөмірі көрсетілген жағдайда рұқсат беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |