Қазақстан тарихы кафедрасы «Қазақстан тарихы» пәні бойынша соөЖ сабақтарына арналған Әдістемелік нұСҚаулар



бет4/17
Дата27.03.2023
өлшемі63.7 Kb.
#471231
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Әдіс.Нұс. ҚТ СРСП 21.11.22 (1)

Интернет-ресурстары
http://www/tarihibilim.kz
http://www.e-history.kz


Рефераттар тақырыптары:
1. Қазақстан – Тенгризм отаны.
2. Аттила – Ғұндардың патшасы
3 тапсырма. Түркі өркениеті және Ұлы дала (VI-XIII ғ. басы)


Жоспар:
1. Қазақстанның ортағасырлық сәулет ескерткіштері. Қалалар мен қоныстар. Ежелгі нанымдар мен культтер, буддизмнің таралуы, несторианизм, манихейизм және Түркі әлемінің исламға кірігу жолдары мен формалары. Түркі-ислам синтезінің қалыптасуындағы Қожа Ахмет Ясауи сопылық мектебінің рөлі.
2. Орхон-Енисей (руникалық) жазуы ежелгі түркі өркениетінің өркениеттік белгісі ретінде.
3. Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмуд Қашқари, Ахмет Ясауи шығармаларының әлемдік маңызы.


Әдістемелік нұсқау: Орта ғасыр дәуірі (VI – XIII ғ. басы) - Ұлы Далада пайда болған саяси бірлестік, көшпенділердің ілгерілемелі дамуының бірыңғай үдерісінің нәтижесі болып табылады. Алаша дәстүрін жандандырған – Ашина әулеті түрік әлемінде ұйтқы болды. Тарихи сабақтастықта мұрындық болған түркілердің өміріндегі негізгі компоненттері ерте дәуірде қалыптасқанын ескере отырып, Түрік дәуірінің мәдени даму жолын сипаттау. Түрік Елі ерекше өркениет ошағын құрды, оның жаңа коммуникативтік құралдары ретінде – урбанизация үрдістері жанданды, қалалар бой көтерді, байлықтың көзі саудаға байланысты болғандықтан Ұлы Жібек жолын бақылап, өркендеуіне қағанат игі ықпал жасап отырды. Ұлы Жібек жолының өркендеуі сауда мен қолөнерді, ақша айналымы, ғылыми-мәдени орталықтары гүлденді, дүниетанымда - фәлсафалық талпыныстарымен «Тәңірлік», «Сопылық» көзқарастары жүйеленді, мәдениеттің қажетті межесі деп - тасқа қашаған таңбалардан қағазға біткен қолжазбаларда дыбыс белгілейтін әріптік жазу пайда болды.
Түрік жазуы скиф-сақ дәуірі мәдениетімен үндесіп, астасып жатты. Осының бәрі қоғамның құрылуындағы әлеуметтік және саяси өмірінде бейнеленді. Көшпелі өркениет түрік қоғамы бірсипаттылығын, элементтердің ұқсастығымен және дәстүрлік сабақтасу белгілердің туындау жақтарын ашу. Детерминизм (себеп-салдар заңдылығы) амалын қолдана отырып, қоғамда орын алған феноменін, яғни мәдени ырғақтарын, соның ішінде: сәулет өнері мен қала жүйесі, діни танымдағы синкретизм, жазудың шыңы - руна алфавиті және ортағасырлық ойшылдардың еңбектерін тарихи-әлеуметтік ахуал контексінде рөлі туралы материалды дайындау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет