Қазақстан тарихы кафедрасы «Қазақстан тарихы» пәні бойынша соөЖ сабақтарына арналған Әдістемелік нұСҚаулар



бет1/17
Дата27.03.2023
өлшемі63.7 Kb.
#471231
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Әдіс.Нұс. ҚТ СРСП 21.11.22 (1)


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті
Қазақстан тарихы кафедрасы
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша
СОӨЖ сабақтарына арналған


ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Қарағанды 2023
Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті


Қазақстан тарихы кафедрасы
Барлық мамандықтар студенттеріне арналған


«Қазақстан тарихы» пәні бойынша
СОӨЖ сабақтарына арналған


ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР


Қарағанды 2023

Құрастырған: философия ғылымдарының кандидаты, доцент м.а. Нұғман Б.Ғ., тарих ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Амерханова Ж.Б.


«Қазақстан тарихы» пәні бойынша СОӨЖ сабақтарына арналған әдістемелік нұсқаулар. - Қарағанды: Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ, 2023. - 20 б.


Әдістемелік нұсқаулар «Қазақстан тарихы» пәні бойынша оқу жоспарының 2022 жылғы типтік бағдарламасының талаптарына сәйкес құрастырылған және СОӨЖ жұмыстарының тақырыптарын орындауға қажетті барлық мәліметті қамтиды.


© Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды


техникалық университеті, 2023
1 тапсырма. Ежелгі адамдар және көшпелі өркениеттің қалыптасуы


Жоспар:
1. Тас дәуіріндегі өнер мен діни түсініктердің қалыптасуы.
2. Қола дәуіріндегі өнер: петроглифтер. Ешкі өлмес, Тамғалы кешендеріндегі тасқа қашалған суреттер.


Әдістемелік нұсқау: Тас дәуірі - қоғам болып ұйымдасып қалыптасу (антропосоциогенез) кезеңі. Адам танымының бір сипаты ретінде дүние туралы оның орны жайлы діни түсініктер де қалыптасу үстінде болды. Ол белгілі бір дәрежеде (сіңірген еңбегінің күйі деп те айтуға болады) діни наным-сенімдердің және оны бейнелейтін өнердің пайда болуына әсер етеді. Алғашқы өнердің пайда болуы қоғам мен еңбек дамуының ғасырлар бойы жинақталған тәжірибемен дайындалды, оның барысында адамның табиғаты да өзгеру үстінде болды.
Тапсырманың жоспарына сәйкес материалды зерделеу барысында, қазіргі тарихнамада діни нанымдардың пайда болу себептерін, кезеңдерге орай адамның діни элементтерінің түрлері мен даму ерекшеліктері қалай көрініс алғанын негіздеңіз.
Дін өнердің дамуын да айқындап берді деген пікірді Қазақстанның қола дәуіріндегі адамның рухани өмірі туралы ақпарат көзі болып табылатын үңгір мен жартастардағы суреттердің өзіндік ерекшелігі туралы мәлімдеме расталуы керек.
Қазақстан әлем мәдениетінің игілігіне айналған үңгір мен жартасқа салынған суреттер - петроглифтердің саны мен алуан түрлілігі жағынан ең бай орындарының бірі болып табылатындығын да ескеріңдер.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет