«Қазақстан тарихы» пәні бойынша тарих емес мамандықтарға арналған



бет3/10
Дата22.02.2016
өлшемі0.76 Mb.
#2224
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

2. Түрік тектес түргеш тайпалары УІ-ғасырда Тянь-Шань таулы аймақтарын мекендеген, ал УІІ-ғасырда Жетісудың орталық аймақтарын қоныс еткен. Олар өзінен бұрынғы өмір сурген Батыс түрік қағанаты қүрамындағы халқы көп тайпа-лардыц бірі болған. Түргеш тайпалары жөніндегі алғашқы мәліметтер Күлтегін ескерткішінде және Қытай жазба деректерінде кездеседі. Ал түргештердің жеке қағандық болып қүрылуы туралы дерек «Тоныкөк» жазуында айтылған.

Түргеш қағанаты халқының этникалық қүрамы негізінен сары және қара түргеш тайпаларынан тұрған. Жаз-ба деректердің көрсетуі бойынша олар Шу, Талас, Іле бойларын жайлаған. Шу бойындағы түргештер сары, ал Та-лас аймағындағы түргештер қара түргештер деп аталған. Түргеш қағанаты 704-756 жылдар аралығында өмір сүрді. Бүл кезде Жетісу аймағында араб басқыншыларына қарсы күрес жүріп жатқан болатын. Жетісуда Түргеш қағанаты билеушілерінің негізін қалаушы Үшелік-қаған. Оның билік жүргізген кезі - 699-706 жылдар. Ол Жетісудан Батыс түрік билеушісі Бөрішадты қуып, Ташкенттен Турфанға және Бесбалыққа дейін өзінің өкіметін орнатты. Оның басты саяси орталығы - Шу өзені бойындағы Суяб қаласы. Екінші орталығы - Іле өзені бойындағы Күнгүт қаласы. Үшелік елді 20 үлысқа /бөлікке/ бөліп, олардың әр қайсысында 7 мыңнан әскер ұстады.

705 жылы арабтар шабуыл жасап, Әмударияның шығысындағы Мәуеренахрды жаулап алуға кірісті. Хорасанды билеуші Күтеиб-ибн-Мүсілім Балхы жерін басып алып, Бүхараға аттанады. Осындай қиын кезеңде түргештер Соғды /Согдиана/ еліне көмекке келеді, онымен бірігіп Күтеибке тойтарыс береді. 709 жылы Күтеиб Мәуеренахрға кай-тадан жорық үйымдастырады. Ол Согдиана патшасы Тархунды алдап, оны түріктердің көмегінен бастартуға мәжбүр етеді, сөйтіп Бүхараны басып алады.

Түргеш қағанатында Үшелік өлгеннен кейін билік оның баласы Сақал-қағанға көшті. Оның ел билеген кезі 706-711 жылдар. Бүл кезде елдің ішкі және сыртқы жағдайы өте күрделі болды, бірлік болмады. Қаған билігі үшін сары және қара түргеш тайпаларының арасында талас-тартыс басталды. Батыста түргештер соғдылармен бірігіп арабтарға қар-сы күрес жүргізді. Оңтүстіктен оған Қытайдың Тан импе-риясы, шығыстан Орталық Азия түріктері қауіп төнгізді. 711 жылы Шығыс түрік қағаны Қапаған Жоңғария жерінде /Бөлісу жанында/ түргештерге соққы беріп, Сырдариядан етті. Бүл кезде арабтарға қарсы самархандықтар мен Орта-лық Азия түріктері көтерілді. 712-713 жылдары арабтарға қарсы түріктер, соғдылар Шаш /Ташкент/ қаласы түрғын-дары және ферғаналықтар бірігіп күш көрсетті. Мәуере-нахрдағы араб иелігіне төніп отырған қауіпті түсінген Күтеиб Шаш қаласын өртеді, 714 жылы ол Исфиджабка шабуыл үйымдастырды.

Кептеген қиындықтардан кейін, яғни екі тайпаның ара-сындағы тартыста қара түргештер жеңіске жетеді, олар қол-даған Сүлу тархан қаған болады.Түргеш қағанаты Сүлу қағанның /715-738 жж./ тұсында қайта күшейе бастады. Бүл кезде өкімет қара түргеш тайпаларының қолына көшіп, мемлекет орталығы Талас (Тараз) қаласына ауысты. Айлалы саясаткер және күшті әскери қолбасшы Сүлу екі майдан-да: батыста арабтарға қарсы, шығыста Батыс түрік қаған-дары мирасқорларын (Шығыс Түркістанда орныққан) қол-даған Тан империясымен күрес жүргізді. 723 жылы түргеш-тер Ферғана қарлүқтарымен және Шаш түрғындарымен бірігіп, арабтарға күйрете соққы берді. Дегенмен арабтар 732 жылы өз әскерлерін біріктіріп, түргештерді қирата жеңіп, Бүхара қаласын басып алды. 737 жылы Сүлу араб-тарға қарсы жорық үйымдастырып, Тохарстанға дейін жетті, бірақ кейін жеңіліп қалды. Қайтып келе жатқанда, оны өзінің әскери басшысы Баға-тархан өлтірді. Сүлу қаған қаза болғаннан кейін билік үшін "сары" және "қара" түргештердің арасында үзаққа созылған күрес жүрді. Түргеш мемлекеті өз ішіндегі күрестің нәтижесінде едәуір әлсіреді, мүны Тан /Қытай/ империясы үтымды пайдалан-ды. Оның Шығыс Түркістан жеріндегі билеушісі 748 жылы түргештердің басты қаласы Суябқа әскер жіберіп, оны ба-сып алды, Шаш қаласының билеушісі өлтірілді. Оның ба-ласы арабтардан көмек сүрады. 751 жылы Тараздың қасындағы Атлах қаласы жанында Зияд-ибн-Салых бастаған араб әскерлері мен Гао-Сяньчжи басқарған Қытай әскерлерінің арасында 5 күнге созылған қырғын соғыс жүрді. Қытай-лықтарға қарсы оның тылындағы қарлүқтар көтерілді. Нәтижесінде Қытай әскерлері жеңіліске үшырады. Олар Жетісуды ғана емес, үйғырлар мен тибеттердің қысымы-мен Шығыс Түркістан жерін тастап кетуге мәжбүр болды. Сондай-ақ, арабтар да Талас жерін қалдырып, Шаш қаласына шегінді. Бірақ, өз ішінен әбден әлсіреген Түргеш мемлекеті де 756 жылы қүлады.

Түргеш қағандығы бар-жоғы жарты ғасырдай өмір сүрді. Оньщ көп жылдары сыртқы жаулармен соғыста өтсе, ішкі жағдайында да тыныштық болмады. Тайпалар екі жаққа бөлініп, бір-бірімен талас-тартысқа түсті. Әрине, мүндай үзақ уақытқа созылған саяси күрес қағанаттың экономика-лық және мәдени жағынан өсіп өркендеуіне кері әсерін тигізді. Осыған қарамастан Түргеш қағанаты бүрынғы Ба-тыс түрік мемлекеті қалдырған ел басқару жүйесін, әлеуметтік-экономикалық бағытындағы дамуын жалғастырды. Түргеш қағандығы қүлағаннан кейін бүрынғы көшпелі түрік тайпалары қүрған Батыс түрік қағанатының орнына төрт күшті мемлекет қүрылды. Олар: Төменгі Поволжье мен Солтүстік Кавказ жеріндегі Хазар қағанаты, Сырдың орта және төменгі ағысы мен Арал даласында орналасқан Оғыз мемлекеті, Солтүстік Шығыс және Орталық Қазақстанда Кимек қағанаты, ал Батыс түрік қағанатының негізгі орта-лығы болған Жетісу жерінде қарлүқтардың мемлекеті орнады.

Қарлүқтар туралы алғашқы мәлімет V ғасырдан бастап белгілі болады. Бүл кезде қарлүқтар Монғол Алтай тауы мен Балқаш көлінің шығыс жағалауы арасын қоныс етіп, көшіп жүрген. УІ-УІІ ғасырларда қарлүқтар Түрік, Батыс түрік және Шығыс түрік қағанаттарының қүрамына кіреді. Олар ірі-ірі үш тайпалық-бүлак, шігіл (себек) және ташли одағына бірікті. Қарлүқ тайпалар одағының билеушісі елтебер деп аталды. УІІ-ғасырдың басында Шығыс түрік қағанатының қүрамына енген қарлүқтар оның билеушілеріне қарсы көтерілістер жасап тұрған.

742 жылы Монғолия даласындағы Шығыс Түрік қағанатын үш тайпаның-қарлүқтардың, үйғырлар мен басмалдар-дың біріккен одағы күйретіп жеңеді. Қағанат билігі аз уақыт басымалдардың қолына кешіп, олардың көсемі қаған бола-ды. Қарлүқтар басшысы мен үйғырлардың жетекшісі жабғы атағын алады. Алайда, көп кешікпей бүлардың арасында талас-тартыс басталып, 744 жылы басымалдарды үйғырлар мен қарлұқтардың біріккен күші тас талқан етеді. Сөйтіп, Орталық Азияда жаңа мемлекет ¥йғыр қағанаты (744-840жж.) қүрылады. Ұйғыр тайпаларының басшысы жоғарғы қаған болады да, қарлүқтар көсемі жабғы атағын алады. Бірақ карлүқтардың дербестікке үмтылуы, олардың Ұйғыр қағанатынан бөліиіп шығуына жеткізеді. 746 жылы қарлүк тайпалары Жетісу жеріне қоныс аударады. Ал мүндағы Түргеш мемлекетінің саяси жағдайы тым күрделі болатын. Сыртқы жаулардың шабуылынан және өзара кырқысқан күрестен әлсіреген түргеш қағандары қарлұқтарға лайықты қарсылық көрсете алмады. 766 жылы түргеш қағанының екі ордасы - Тараз бен Суяб және бүкіл Жетісу жері қарлұқтар жабғуының қолына көшті.

Қарлүк тайпалары УІІІ-Х ғасырларда Қазақстанның Жоңғар Алатауынан бастап, Сырдарияның орта бойына дейінгі кең байтақ жерлердің бәрінде қоныстанды. Олар Балқаш пен Ыстықкөлдің арасын, Ыстықкөлдің айналасын, Іле, Шу, Талас аңғарларын, Тянь-Шаньнің бауырайларын мекендеді. Қарлүқтардың бір тобы 766-775 жылдары Қашғарды басып алды, ал VIII ғасырдың аяғында олардың екінші бір бөлігі Ферғанаға өзінің үстемдігін жүргізді. IX ғасырдың бас кезінде қарлүқ тайпалары Оңтүстік Қазақстандағы Отырар (Фараб) қаласы маңына барып қоныстанды.

Бүл кезде Қарлұқ конфедерациясына түркі тілдес көшпелі және жартылай көшпелі әр түрлі тайпалар: жікілдер, бүлақтар, халаждар, түргештер, азкишлер, тухсилер, ша-рухтар, аргулар, барсхандар кірген. Бүлардан басқа оның қүрамында оғыздардың негізгі көпшілігі Сырдарияның орта және төменгі ағысына көшкеннен кейін Жетісу жерінде қалған кейбір топтары, сондай-ақ түрік болып кеткен Жетісу соғдылары болды.

Қарлұк қағандығы билікті өз қолдарына алғаннан кейін, батыстағы Мәуеренахрдың араб жаулаушыларымен, саманидтермен үзақ жылдар бойы соғыс қимылдарын жүргізді. Қарлұқ жабғуы IX ғ. басында арабтарға қарсы Ферғана және Жетісу қарлұқтарының күрестерін қолдап отырды. 810 жылы арабтар қарлұқтарға қарсы шабуыл жасап, Құлан /қазіргі Луговой стансасы/ қаласына жетеді. 812 жылы араб-тар Отырарға жорыққа шығып, қарлұқтар қолын қирата жеңеді. Олардың жабғысы Қимак еліне қашып кетуге мәж-бүр болады. Осыдан кейін Оңтүстік Қазақстан жерінің Қарлұқ қағанатына кіретін бір бөлігінде араб билігі орнайды.

Қарлұктардың шығыстағы Ұйғыр қағанаты мен жүргізген бәсекелестік әрекеті, қақтығыстары да сәтсіздікпен аяқталады. 791 жылы ұйғырлар Бесбалық түбінде қарлұқтар мен тибеттіктердің біріккен әскерлерін талқандайды. 812 жылы олар қарлұқтар мен соғыста тағыда жеңіп шығады. Ұйғыр қағаны қарлұқтарды қуа отырып, Ферғана мен Сырдарияға дейін жетеді. Олардың адамдары мен малдарын қолға түсіріп, Орталық Азиядағы ордасына қайтып оралады. Осы жеңілістен кейін Қарлұқ жабғуы Монғ-олиядағы Ұйғыр қағанының билігін мойындауға мәжбүр болады.

840 жылы Орталық Азия даласында аса маңызды тари-хи оқиға орын алды. Енесей қырғыздары ¥йғыр қағанатын талқандап, оның халқын Турфан аймағы мен Ганьчжоу ауданына еріксіз көшіреді. Бүл оқиғаны Исфиджаб билеушісі, қарлұқ жабғысы Білге қүл Қадырхан шебер пай-даланады. Ол жаңадан қаған атын алып, езінің жоғарғы өкіметті алуға қақысы бар екенін ашықтан-ашық жария-лайды. Алайда қарлүқтардың билігі берік болмады. Сол жылы Орта Азия саманилері оған қарсы «қасиетті соғыс» жариялап, Исфиджабты басып алды. Қала көшпелі түріктерге ислам дінін таратудың орталығына айналды. 893 жылы Самани билеушісі Исмаил-ибн-Ахмет Таразға жорық жа-сайды. Қарлұқ кағаны Оғүлшақ Қадырхан қорғанғанымен ақырында қала қүлап, халқы ислам дінін қабылдайды. Оғүл-шақ өз ордасын Тараздан Қашқарға көшіреді де, саманилерге қарсы соғыс әрекеттерін одан әрі жүргізе берді. Бүл кезде Жетісу түріктері саманилердің қысымына тойтарыс беріп қана қоймай, олардың мемлекетіне жорықтарда жа-сап түрды. 904 жылы олар Мәуеренахрға басып кіреді, бірақ көп ұзамай тастап кетуге мәжбүр болды.

Қарлұқтардың феодалдық мемлекет болуымен байланысты, онда еншілік тайпалық жүйесі қалыптасты. Бүл, әрине, басқарудың орталықтанған түрінің бекуіне жәрдемін тигізбеді, өйткені ірі-ірі тайпалар түрған, енші жер-суы бар билеушілер өздерін жартылай дербес, ал шын мәнінде тәуелсіз иеліктерін кеңейтуге тырысты. Осының салдарынан қарлұқ жабғылары билігінің аты болмаса, заты жоқ тұғын.

Қарлұқ феодалдық қоғамында әлеуметтік және жіктік теңсіздік күшейді. Қоғам байлар мен кедейлерге бөлінді, одан басқа қауымның ешбір қүқы жоқ тобы - күлдар-тын. Халықтың негізгі бөлігі - қоғамның қарапайым қатардағы мүшелері, олар малы мыңғыраған байларға экономикалық жағынан кіріптар болды. Көшпелі тайпалардың билеуші ақсүйек топтарының қолында жайылымдар мен қүнарлы жер ғана емес, қалалар да болатын.Ұйғыр қағанатының күшеюіне байланысты, Қашғар жеріндегі түрік тілдес тайпалар Оңтүстік Қазақстан аймағына жылжыды. 940-жылы олар Баласағұнды басып алды да, Қарлұқ мемлекеті құлады.

Қарахан қағанаты Шығыс Түркістан, Жетісу, Сырдария, Талас, Шу еңірін қүтты коныс етті. Оның қүрылуы 940 жылдан басталады. Қағанаттың орталық астанасы Шу өзені бойындағы Баласағүн, кейінірек Ордакент (Тараз) қаласы. Қарахан мемлекетінің Үзген, Мерке, Қүлан сияқты қалала-рында ірі алыпсатар алпауыттары мен қолөнершілері мекендеген.

Қарахан әулетінің негізін салушы Сатүқ Боғрахан (915-955 жж.) болып есептелінеді. Ол Қарлұқ хандығының іргесін көтеріп, мәртебесін асырушылардың бірі - Білге қүл Қадырханның немересі. Сатүқ Тараз және Қашқар қала-ларын өзіне қаратып, 942 жылы Баласағүндағы билеушіні қүлатып, өзін жоғары қаған деп жариялайды. Қарахан мемлекетінің өз тарихы осы уақыттан басталды. Мемле-кеттің күшеюіне қарлық, шігіл, ягма тайпалары үлкен үлес қосты. Сатүқ өлгеннен кейін билік оның баласы Мүсаға көшті, ол 960 жылы Қарахан мемлекетінің халқын ислам дініне қаратты. Оның астана қаласы Қашғар болды. Сатұқтың екінші баласы Сүлеймен Баласағүнды иеленді. Кейін бүл еңірді оның ұлы Хасан Боғра-хан мұра етіп алды.

Мұса өлген соң, Қарақан жеріндегі жоғарғы қаған атағы оның баласы Әли Арсылан ханға көшті. Оның енші жерінің орталығы Қашғар болды. Сонымен қатар ол Тараз бен Баласағұнның да билеушісі болып есептелді. Қарахан мемлекетінің саяси тарихы Әли Арсылан өмір сүрген алға-шқы ондаған жылдың озінде-ақ негізінен ықпалды әрі күшті екі отбасы әулетінің - Әли Арсылан хан мен Хасан (Харун) Боғра ханның үрпақтары арасындағы өзара қырқысқан күреске толы болды. Алғашқы кезде Әли (Әлилер) үрпағының ықпалы күштірек болса, ал кейін бүл ықпал Хасан (Хасанилерге) үрпақтарына көшті.

X ғ. 80-ші жылдарында Орта Азиядағы күшті Самани-лер мемлекеті феодалдық талас-тартыстардың нәтижесінде әлсірей бастады. Оны Қарахан мемлекетінің билеушілері пайдаланды. 990 жылы Қарахан билеушілерінің бірі Хасан (Харун) Боғра хан Исфиджабты бағындырды. Ал 992 жылы қарахандықтар шығыста Хотанды, батыста Бүхараны ба-сып алды. 999 жылы Қарахан билеушісі Әли Арсыланның баласы Насыр Орта Азиядағы Саманилер мемлекетіне ой-сырата сокқы берді. Қарахан хандығы қиян-кескі үзақ соғыстардан кейін 1004-1005 жылдары Мәуеренахр жерін түгелдей өзіне қаратты. Осыдан кейін Қарахан мемлекеті ХІ-ғасырдың 30 жылдары Шығыс және Батыс қағанаты болып екіге бөлінді: 1. Жетісу және Шығыс Түркістан жері Шығыс қағанатына қарап, оның орталығы әуелі Орда (Ба-ласағүнға жақын), кейін Қашғар қаласы болды. 2. Мәуере-нахр жерлері - Батыс қағанатына қарап, оның орталығы Үзкент, кейінірек Самарқанд болды.

Жетісу мен Шығыс Түркістанды XI ғ. басында Хасан әулетінен шыққан Туған хан билеп түрды. Бірақ онымен Боғра-хан Харунның баласы Қадырхан Жүсіп бәсекелес болды. 1005 жылы Қадырхан Жүсіп Туған-ханды Қашғар-дан тықсырып шығарды.

1017-1018 жж. Жетісу Шығыстан көшпелі тайпалар шабуылына үшырады. Олармен шайқастан кейін көп ұзамай Туған хан дүние салды. Осы кезде Қадыр-хан едәуір күшейіп, Шығыс Қарахан мемлекетіндегі бүкіл билік оның қолына көшеді. 1032 жылы Қадыр-ханның иелігіне Жетісу, Исфиджаб пен Тараз өңірлері және Шығыс Түркістан жері қарады. Бірақ осыған қарамастан Шығыс Қарахан қағандығында билік үшін күрес шиеленісе түсті.

1056 жылы Қадырханның үлы Иинал-тегін өкімет мұралығы жолындағы күресте інісі Сүйлеменнің иелігін басып алды, бірақ ол көп үзамай Ииналды у беріп өлтіреді. Таққа Иинал-тегінің баласы Ибраһим ие болады, ол біраздан кейін Барысхан әміршілігімен соғыста қаза табады. Осыдан кейін Шығыс қағанатын он бес жыл бойы /1059-1074 жж./ Қадыр-хан Жүсіптің баласы Юсуф Тоғрулхан мен Бограхан Харун басқарады. Олардың түсында Ферғана Шығыс қағана-тқа күшпен қосылады, ал екі кағанат арасындағы шекара Сырдарияны бойлай етеді. Тоғұрыл хан өлгеннен кейін оның орнына баласы мүрагер болып тағайындалады. Алайда екі ай өткеннен кейін Тоғұрыл тегінін немере ағасы Боғра хан Харун (1074-1102 жж.) билікті басып алып, Баласағү-нда, Қашғар мен Қотанда өз иелігін жүргізді. Тап осы кез-де Қарахан мемлекетіне саяси куаты әбден толысқан Салжүқ мемлекеті тарапынан қатты қауіп төнді. Сөйтіп, 1089 жылы Салжүқ сүлтаны Мәлік шах (1072-1092 жж.) көп әскерімен Батыс қағанаттың орталығы Самарқандты басып алды. Салжүқ әскері Узкентке жеткеннен кейін Боғ-ра хан өзін Мәлік шахтың боданымын деп мойындауға мәжбүр болды. Салжүқтар Қарахан мемлекетінің ішкі істе-ріне көп араласпай, онда өздеріне қолайлы хандарды та-ғайындаумен шектелді. Бүл кезде Шығыс түрік қағанаты-ның билеушісі Тоғұрыл Қашғарды басып алды.

1102 жылы Боғра-хан өлгеннен кейін Тараз бен Баласағұнды билеуші Қадыр-хан Жабырайыл салжүқтардың Орта Азиядағы үстемдігіне қарсы шықты. Мәуеренахрды басып алған ол салжүқтардың жеріне беттеді, бірақ Термез түбінде жеңіліске үшырап түтқынға түсті. Осыдан кейін Салжүқ сүлтаны Санжар Ибрахим Тамғаш ханның шобересі Арсы-лан ханды (1102-1 ІЗОжж) Мәуеренахрдың билеушісі етіп тағайындады. Арсылан ханда салжүқтардан бөлек тәуелсіз саясат жүргізуге әрекеттенді. Оның бүл саясатын дін ба-сылары, ақсүйек-феодалдары, әскери басылары қолдама-ды. Оларға қарсы күресте Арсылан баласы Насырмен бірлесіп елді билемекші болды. Бүған дін басылары қарсы шығып, Насырды у беріп өлтірді. Арсылан комекке салжүқ билеушісі Санжар сұлтанды шакырды. Ол әскерімен келіп Самарқандты басып алды. 1 ІЗОжылы Арсылан ауырып, Ба-лқы қаласында кайтыс болды. Осы оқиғалардан кейін, XII ғасырдың бірінші жартысында Қарахан мемлекеті іс жүзінде тарихи сахнадан шығып қалды. Қарахан мемлекетінің ыдырап қүлауына шығыстан көшіп келген қидан тайпаларының да үлкен әсері тиді.

ХІ-ғасырдың аяғына қарай Қарахан мемлекеті қырқысқан соғыстармен және феодалдық иеліктердің одан әрі бөлшектенуімен байланысты құлдырай түсті. ХІІ-ғасырдың 30-жылдары Шығыс Қарахан иелігін, Жетісуды және Қазақстанның Оңтүстігін шығыстан келген қидандар жаулап алды.



3. Қытай деректемелерінде көрсетілгендей (Кимектер) Қимақтар тарихы VII ғасырдан басталады. Ондағы атала-тын яньмо тайпасы зерттеушілердің шамалауы бойынша кимек тайпасы болып саналады. Теле тайпаларының бірі болған яньмолар (кимектер) VII ғасырдың бас кезінде Солтүстік Монғолияны мекендеген, ал ҮІІ ғасырдың ортасына таман кимектер Алтай тауларының солтүстігі мен Ертіс өңіріне көшіп барады. Кимек тайпаларының басшы сы «шад тұтұқ» деп аталған. ҮІІІ ғасырдың екінші жартысы - IX ғасырдың басында кимек тайпалары үш бағытта: солтүстік-батыста Оңтүстік Оралға, оңтүстік-батыста Сыр-дария аңғарымен Оңтүстік Қазақстанға, оңтүстікте Солтүс-тік Шығыс Жетісу аймағына қарай қоныс аударады.

766 және 840 жылдар аралығында кимектер Батыс Алтай, Тарбағатай мен Алакөл ойпатының жерлерін жайлап, Шығыс Түркістанды мекендейтін тоғыз оғыздар-дың теріскей шебіне дейін жетеді. Осы кездері жеті тай-падан: эймур, имек, кыпшақ, татар, баяндүр, ланиказ, ажлардан тұратын кимек федерациясы қүрылды. Кимек тайпаларының басшысы «байгу» (жабғы) деп аталады. Бүл атақ өзінің лауазымдық дәрежесі жағынан шадтан жоғары болған.

IX ғасырдың бас кезінде кимектер Сырдарияға қарай жылжиды. Бүл жерде олар қарлұқтармен одақтасып, Сыр-дария бойындағы және Арал өңіріндегі қаңғар-печенег тай-паларын талқандайды. Печенегтерді бүл жерлерден ығыстырып, осында қоныс аударған оғыз тайпаларына оларды батысқа қарай қуып жіберуге пәрменді көмек береді. Мүның өзі сонымен бірге кимек тайпаларына Оңтүстік Орал мен Сырдария бойына дейін тақап баруға жол ашады және Кимек мемлекетінің күшейіп, өркен жаюына да се-бебші болады. Сондай-ақ Кимек билеушілерінің қүдірет-күші едәуір арта түседі. Олар мемлекетінің ішінде тайпалар ақсүйектерінің өкілдерінен билеушілерді тағайындап отырған.

IX ғасырдың аяғы - X ғасырдың бас кезінде, яғни Кимек қағанатының құрылған уақытынан бастап, олардың ханы түріктердің ең жоғарғы лауазымы хакан деп аталған, немесе хандардың ханы деген мағынаны білдіреді. Хакан-нан кейінгі билік Қимақ мемлекетінің қүрамына енген тайпалар бірлестігін басқарған жабғулардың қолында болған. Олардың кейінгі жеке-жеке ру-тайпаларды шад-түтүктер билеген.

Кимек мемлекетінің қалыптасып осуіне қарай, олардың тайпаларыньщ құрамы да езгеріп отырған. Тарихи дерек-тердің көрсетуі бойынша, бүл кезде қағанат қүрамына кірген тайпалардың саны 12-ге жеткен. Кимектердің 16 қаласы болыпты, бастылары Кимекия, Қарантия, Дамурия, Шнария, Сараус, Дахлан, Банджар, Астур. Қимақтың ақсүйек байлары киімді қызыл және сары жібектен киетін болған, кедейлері жұпыны киінген. Қимақ қоғамындағы мал-мүліктің теңсіздігінің нәтижесінде көшпелі ақсүйектер пай-да болады. Малы аз қимақтар кедейге айналады. Сөйтіп, қимақтардың қоғамында әлеуметтік теңсіздіктің едәуір орын алғанын байқаймыз. Қимақтар қол өнермен, аң аулау, балық аулаумен шұғылданып, қыстауларды қоныс етіп, шағын мекендерде түрған, бүл мекендер бірте-бірте қалаға айналған.

Қимақтар жазуды білген. Олар ежелгі көне түрік жазуын пайдаланып, қамыс қаламмен жазған. Мәдени және әлеуметтік жағынан алғанда кимектер көп жағдайда VI - X ғасырларда көне түріктер қауымында қалыптасқан дәстүрлерді мирас етіп алып, оларды едәуір дамытып отырған.

IX ғасырдың екінші жартысы мен XI ғасырда қимақ-қыпшақ тайпалар одағының негізінде ертедегі феодалдық мемлекет қалыптасты. Қаған елді көптеген басқарушылары арқылы билеген. Соңғылары салық жинаумен айналыс-қан.

Қимақтар табиғаттың әр түрлі күштері мен құбылыстарын пір түтқан, көк тәңірісі ата-бабаларына сиынған. Олар күнге, жүлдыздарға, аруақтарға да табынған. Ертіс езенін қасиет түтып, "өзен-адамның тәңірі" деген. Өлгендерді өртеп жерлеген. Оларға тас сымбат /мүсін/ койып, оған табыну салты кеңінен тараған.

XI ғасырдың бас кезінде Орталық Азиядан шыққан көшпелі тайпалардың бірінен соң бірінің шабуыл жасауы Қимақ мемлекетін әлсіретті. Бүдан басқа қағанаттың өз ішінде де билік үшін талас-тартыс күшейді. Сондықтан оның қүрамына кірген қыпшақтар өзінің қоныстанған жерлерін тастап, Сырдария бойындағы, Аралдың батысы мен Каспийдің солтүстік өңіріндегі оғыздарды орындарынан қозғап, оларды оңтүстікке және Қара теңіз далаларына көшіп баруға мәжбүр етті. Оғыз жерін басып алғаннан кейін, қыпшақ хандары күшейе түсті.

Осы оқиғалардың барысында қимақтар саяси үстемд-ігінен айырылып қана қойған жоқ, сонымен катар қыпшақтарға тәуелді болып шықты. Ертісте қалып, екінші бөлігі Түркістан және Орта Азия аймағына қоныс аударды, енді біразы қыпшақ тайпаларымен батысқа, оңтүстік орыс далаларына қарай қозғалды. Сөйтіп, қыпшақтар Қимақ мемлекетінің орнын басты.

Қарлұқ қағанатының солтүстік-батыс жағында, Сырдарияның орта және төменгі бойында, оған жалғасып жатқан Батыс Қазақстан далаларында ІХ-Х ғасырларда Оғыз тай-паларының ежелгі феодалдық мемлекеті қалыптасты.

Оғыздардың ата-бабаларының әуелгі қоныстанған жерлері Ыстыккөлдің маңы. Қазіргі кезде оның жағасында "9 оғыз" деп аталатын демалыс үйі бар. Батыс түрік және Түргеш қағанаттары қүлап, қарлұқтардың шабуылынан кейін Оғыздар IX ғасырда Сырдария бойына келіп орналасады, бірақ ондағы кангар-печенег бірлестігімен үзақ уақыт соғысуға тура келеді. Кангар - печенегтер мен соғыста оғыздар осы өңірдегі бүрыннан түратын халықтармен одақ қүра-ды. Оның қүрамына Оңтүстік және Батыс Қазақстанның байырғы түрғындары, Сырдария аңғарындағы, Арал маңын-дағы және Каспийдің солтүстігіндегі басқа дала тайпаларының біразы кірді. Сондай-ақ, оған Жетісу мен Сібірдің жартылай көшпелі және көшпелі рулары мен тайпалары енді. Бүл одаққа енген тайпалар Қазақстанның далалы ай-мақтары мен өзендерінің жағасында, көлдердің маңында көшіп-қонып жұрді.

Истахри жазып қалдырған "Китаб месалик әл-мемалик" кітабының дерегі бойынша, Оғыз елі хазаралар мен қимақтар арасындағы жерлерді қамтып, Қарлұқ пен Бүлғар және мүсылман елдері Джурджана, Фараб, сондай-ақ, Исфиджаб-пен шектесіп жатқан. Махмүд Қашғари Оғыз елінің 22, кейбір деректерде 24 тайпаға бөлінгенін және әр тайпаның өз белгі таңбасы мен туы болғанын айтады.

IX ғасырдың аяғы мен X ғасырдың бас кезінде оғыз тайпалары Сырдарияның орта ағысынан Еділдің төменгі бойына дейінгі орасан кең жерлерді мекендейді. Оғыздардың қоныс өрістері Ырғыз, Орал, Ембі, Ойыл өзендерінің бойларында, Сырдарияның Қаратау баурайлары мен Исфиджаб шегіне дейін жеткен. Олар Сырдарияның орта және төменгі ағысы бойында, Арал өңірі мен шығыс Каспий аймағында шоғырланып қоныс тепті. Оғыздар жер иелігі отырықшы Хорезммен, Моуеренахрмен және Хорасанмен шектесіп жатқан. X ғасырда сонау Хазарияға дейін созылып жататын ұлан дала, сол сияқты Солтүстік Каспийдің құла түзі, оңтүстік- шығыс Қарақүм шолі мен Арал аймағының Қызылқүмы Оғыз сахарасы

деп аталған. Оғыздардың түрік тайпалары қарлүқтармен, тоғыз оғыздармен, қимақтармен жүргізген соғыстары жөніндегі мәлімет тарихи деректерде сақталмаған.

X ғасырда Оғыз мемлекетіиің астанасы - Янгикент немесе Жаңа Гузия деп аталатын қала болды. Ол Қимак даласы арқылы Сарысу, Есіл және Нүра бойларына баратын сауда жолының үстінде орналасқан, сондықтан Сығнақ пен Оңтүстік Оралға баратыи керуен жолдары осы қаланың үстінен өткен. Оғыз мемлекеті өзінің саяси және әлеуметтік түрмысы жағынан көне феодалдық мемлекет болды. "Жабғы" атағы бар жоғарғы билеуші Оғыз мемлекетінің бас-шысы болып саналды. Оғыз жабғыларының орынбасарла-рын Кел-еркін деп атаған. Жоғарғы билеушілер орны мүрагерге беріліп отырған. Оғыз хандарын сайлау кеңестерде еткізілген, бұл әлгі әскери демократия дәуіріндегі халық жиналыстарының өзгертілген түрі тәрізді. Жабғудың «инал» деген атағы бар өз мұрагерлері болған. Жас кезінде оларды тәрбиелеу үшін арнайы қамқоршылар (атабектер) тағайындалған. Оғыз жабғыларының әйелдері сарай маңын-дағы өмірде айтарлықтай рөл атқарған. Оларға «қатын» деген атақ берілген. Сарайда әскери кеңеске сүйенетін оғыз әскерінің бастығы (Сюбашы) маңызды орын алған. Әскер басылары елдегі саяси оқиғаларға араласып, кейде тіпті жабғуға да қарсы шығып отырған.

965 жылы Оғыз жабғуы Киев князі Святослав пен одақ-тасып хазарларды талқандады. Киев русьтары өздеріне бәсе-келес хазарлардың жеңілгеніне қуанса, оғыз шонжарлары Дон және Қара теңіз жағасындағы тамаша жайылымға ие болды. Хазар қағанатының талқандалуы Оғыз мемлекетінің саяси қуатының өсуіне себебші болды.

985 жылы оғыздар Орыс князьдарымен бірігіп, Еділ Бу-лғариясын күйрете жеңді. Оғыздар Еділ бойынан, Маңғыс-таудан /оғыздар Ман-кишлак деп атаған үстірттен/ өтіп, Еуропаны Азиямен жалғастыратын аса маңызды сауда және әскери стратегиялық жолдарды басып алғысы келді, бірақ оған қол жеткізе алмады.

Оғыз мемлекеті өзінің саяси және әлеуметтік даму жағынан ертедегі феодалдық мемлекет болды. Онда әскери-демократиялық қүрылыстың жалғасы ретінде ел билеу ин-ституттары сақталды. Ал жабғудың билігін ірі әскери тайпалық ақсүйектердің кеңесі шектеп отырды.

ІХ-Х ғасырларда Оғыз мемлекетінде ескі рулық-тайпа-лық институттардың тез ыдырауы жағдайында патриархаттық-феодалдық қатынастар дамыды. X ғасырдың аяғы мен XI ғасырдың бас кезінде Оғыз елінде алым-салықты тиянақты түрде жинап отыру жүйесі орын алды, бұл - мемлекетте түрақты басқару аппаратының құрылғанын көрсетеді. Жабғынын салық жинаушылары мың адамға дейін жететін арнаулы отрядтардан құрылды.

Оғыздар қоғамында феодалдық жекеменшік түрі қалыптасып дамыды, Сөйтіп ақсүйек байлар тобы бөлініп шықты. Малға жекеменшіктік теңсіздіктің негізі болған. Бай ақсүйектермен бірге қауымның қатардағы мүшелері: кедейлер мен күлдар бүкарасы тіршілік еткен.

Оғыздардың көпшілігінің басты кәсібі көшпелі мал шаруашылығы болды. Көшпелілер маусымдық жайылымдар-дың бірінен соң біріне ауысып, ұзақ уақыт кешіп жүрді. Олар өзендердің белгілі еткелдерінен, қолайлы тау асула-рынан өтіп, суы мол, шөбі қалың жайлауларға ауысып отырды. Оғыз тайпаларының бір бөлігі Сырдарияның төменгі бойын қыстап, жайлауға Каспий маңындағы далаға көшкен. Оғыздар негізінен жылқы,қой,ешкі, сиыр, өгіз, түйе өсірген. Әсіресе, қой өсіру шаруашылығы маңызды рөл атқарған. Сондай-ақ оғыз бай феодалдары жер қайыстырған қалың жылқы үйірлерін үстаған. Көшпелі оғыздар түйе де оның ішінде айыр өркешті ірі түйелер өсірген. Оғыздар аңшылықпен де айналысты, терісі қымбат түлкі, сусар, қүндыз сияқты авдарды аулаған. Оғыз кедейлері Арал теңізінен, Сырдариядан, тағы басқа да өзендерден балық аулап кәсіп қылған.

Тарихи деректемелер оғыздардың арасында отырықшы егіншілер мен қала халыктарының едәуір көп болғандығын көрсетеді. Қалалардағы үйлер көбіне тастан, ағаштан, қамыстан түрғызылды. Оғыздардың Сырдарияның төменгі ағысында Жанкент, Жент, Жуара, ал Сырдарияның орта ағысында Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығнақ және Сауран т. б. қалалары болған. Оғыз көшпенділері Мәуеренахр, Хорезм және Жетісу сияқты егіншілігі да-мыған елдермен тығыз байланыс жасап түрған. Оларда қолөнер кәсібі, соның ішінде мал өнімдері мен шикізаттарды өңдеу дамыды. Малдың терісінен әр түрлі аяқ киім, ыдыс, садақтың қаптамасы, қорамсақ, ер-түрман әбзелдері, торсық-мес секілді заттар жасалды. Киіз үйге керекті заттар дайындалды. Киім, сондай ақ жабайы жануарлар мен аңдардың терісінен де тігілді. Оғыздарда қүмырашылық өндірісі де өркендеді. Олар мекендейтін аумақтарда темір, күміс, алтын, мыс және асыл тастар өндірілді. Шеберлер олардан сән-салтанат және әсемдік бұйымдар дайындады.

Оғыздар табиғи күштерге табынып, бақсы-балгерлерге сенген. Сонымен бірге олардың арасында бірте-бірте ислам діні де ене бастайды. Оғыздар Еуразияның саяси және әскери тарихында маңызды рөл атқарды.XI ғасырдың басында Оғыз мемлекеті қүлдырай бастатады.

Қыпшақтар туралы алғашқы хабар Қытайдың жазба де-ректерінде кездеседі. Қыпшақтар ең әуелі Алтай, Саян тауларының баурайларын мекендеген. VII ғасырда олар Қазақ-стан жеріне Алтайдағы телэ тайпаларының құрамында қоныс аударып келген. ҮІІ-Х ғасырларда Қазақстан аумағында қыпшақ этникалық қауымдастығының ұзаққа созы-лған қалыптасу процесі жүрді. Бір ескертіп айтатын жәйт кимектер мен қыпшақтар бір халық деп осы кезге дейін айтылып келген пікір қате, өйткені тарихи жазба деректер бойынша бұлар екі халық, бірақ түркі тілді туыс тайпалар болған.

Қазақстан жерінде қыпшақ этникалық қауымдасуын үш кезеңге бөліп қарауға болады. Бірінші кезең, қыпшақтардың қимақ тайпалық одағында болуы: УІІғасырдың екінші жартысы - VIII ғасырдың соңына дейін. Екінші кезең: VIII ғасырдың аяғы - XI ғасырдың басы. Бұл кезде қыпшақтар Алтай және Ертістен Орал таулары мен Еділге дейін қоныс тепті. Қыпшақ тайпалық одағына Мұғалжар жеріндегі құмандар және қимақ тайпалары кірді. Қыпшақтар Сырда-рия, Қаратау бойындағы қалаларды өздеріне бағындырды. Маңғыстау мен оған таяу жатқан аудандарды қаратып алғаннан кейін қыпшақтар Хорезмнің теріскей шебіне жетті. Олар ертедегі башқұрт, печенег, карлұқ, әсіресе оғыз тайпаларының конфедерацияларымен этникалық-мәдени өзара байланыстар жасап отырды. XI ғасырдың орта кезінен бастап кыпшақтар кәзіргі Волгадан (Еділден) батысқа қарай жылжыды, сөйтіп шығыс Еуропа елдерімен, орыс княздіктерімен, Византиямен, Венгриямен шектесті. ¥лан-байтақ қыпшақтар мекендеген жерлер «Дешті қыпшақ», яғни қыпшақ даласы деп аталды. Ал қыпшақтардың өзі Батыс Еуропа деректерінде құмандар, орыс жылнамаларында половцылар деп көрсетілді.

XI ғасырдың екінші жартысынан бастап 1219 жылға дейін қыпшақ тайпалық одағы дамуының үшінші кезеңі жүрді. Осы кезде қыпшақ хандарының мәртебесі, күш-қуаты есті. Олардың этникалық құрамы өзгеріп, қимақ, қүман, ертедегі башқұрт, оғыз т. б. тайпалар кірді. Сондай-ақ қыпшақтардың этнос болып қалыптасуына түрік тілді қаңлылар, үрандар, Шығыс Түркістаннан келген баяттар, түргештер, қарлүқтар, шігілдер әсерін тигізді.

Бұл кезде қыпшақ хандары өз жерлерін оңтүстікте Тараз қаласына дейін жеткізіп, қарахандықтармен шектесті. Олардың арасындағы шекара - Балқаш көлі және Алакөл ойпаты болды. XII ғ. қыпшақ тайпалары Алтайда, Ертістің жоғарғы жағында наймандармен, қаңлылармен, керейттермен шектесті, солтүстікте қырғыздар және хакастармен көрші болды. Қыпшақ тайпаларының басында қаған, одан төмен қарай хан, тархан, басқақ, бек, байлар түрды. Қып-шақ қоғамы әлеуметтік және сословиелік жағынан тең болған жоқ. Негізгі теңсіздік малға деген жеке меншік еді. Жылқы басты байлық болып саналды. Қыпшақтар елінде көптеген бай адамдары бірнеше мың жылқы үстаған. Олар-дың кейбіреулері он мың және одан да кеп үйірлі жылқыны иеленген. Төменгі тапқа малы аз шаруалар, кедейлер жатса, ал қолға түскен тұтқындар қүл ретінде пайдаланыл-ды.

Қыпшақ тайпаларының көшіп-қону аймағы кейде мыңнан астам шақырым жерді қамтыған. Негізгі жайылым-дардың орны мен көшу жолдары және осы бағыттағы жи-нақталған сан ғасырлык тәжірбие ұрпақтан-үрпаққа көшіп отырды. Көшу жолдары мен жайылымдарды бөлу қоғамның қалыпты тіршілігін қамтамасыз еткен жайылымдық-көшпелі жүйенің негізгі шарты болды. Мал ұрлау қатаң жазаланды. Жеке меншіктегі малға рулық-тайпалық белгі-лер салынды. Малынан айырылған, немесе көшу мүмкіндігін жоғалтқан қыпшақ кедей шаруалары отырықшы түрғындар-жатақтар қатарына көшті. Бірақ олар жеткілікті мөлшерде мал жинап алысымен, қайтадан көшпелі шаруашылыққа ауысып отырды.

Қыпшақ хандары Орта Азия мемлекеттерімен, әсіресе Хорезм шахтары және салжүқтармен табанды күрес жүргізді. 1065 жылы селжұқтардың билеушісі Алып Арсы-лан қыпшақтарға қарсы Маңғыстауға шабуыл жасайды. Қыпшақтарды жеңіп бағындырғаннаи кейін, ол Жент пен Сауранға жорыққа шығады. Соғыста жеңіліс тапқан қыпшақ тайпаларының бір бөлігі Хорасан салжүқтарына тәуелділікке түсті. Алайда, осыған қарамастан XI ғасыр-дың соңғы ширегінде қыпшақтар Маңғыстау мен Каспий теңізінің шығыс жағалауында бүрынғыша өз билігін жүргізіп түрды. 1096 жылы "Қүдіретті" хан бастаған қып-шақ бірлестігінің әскерлері Хорезмге қарсы жорық жасады, бірақ ол сәтсіздікпен аяқталды.

XI ғ. аяғы - XII ғ. бас кезінде Жент, Янгикент, төменгі Сырдарияның тағы басқа қалалары қыпшақ көсемдерінің қолына қараған. Дегенмен XII ғ. алғашқы жартысында осы-нау қалалар қыпшақ хандары мен соларды қайтсе де басып алғысы келген Орта Азияның билеуші мүсылмандық әулеттері арасындағы қиян-кескі үрыс алаңына айналады. Хорезмшахы Атсыз (1127-1156жж) Жентті жаулап алады, сонан соң солтүстікке қарай бет алып, өз қарауына Маңғы-стауды да қосады. 1133 жылы Жент қаласынан Дешті Қып-шақ даласына тереңдеп жорық жасаған Атсыз кыпшақтарды ойсырата жеңеді. Тап осы кезден бастап қыпшақ хандығының ыдырауы басталады. Оған себеп болған негізгі жәйттер: қыпшақ тайпалары ақсүйектерінің арасында Хорезмді жақтаушылардың көбеюі, қыпшақтарға қарсы қаңлы-лардың аса ірі бірлестігінің қүрылуы, өкімет билігі үшін өзара әулетті қырқыстың күшеюі еді.

Бүл жағдайды Хорезм билеушілері, әсіресе Текеш пен Мүхаммед жан-жақты пайдалануға тырысты. Олар қыпшақ билеушісі Қадыр-Бүке хан мен оньвд немере інісі Алып - Деректің арасындағы бітіспес тақ үшін таласты пайдаланды. Қыпшақтардың орталығы Сығнақ қаласын басып алуға әрекет жасады. 1195 жылы Текеш (1172-1200 жж.) өз ойын іске асыру үшін Сығнақты басқарып отырған Қадыр-Бүке ханға жорыққа аттанды. Бірақ, шайқас кезінде Хорезм шахының түріктердің ұран тайпасынан қүрылған сарбаздары Қадыр-Бүке ханмен келісіп, соның жағына шығып кетеді. Осыдан кейін талқандалған әскерінің қалдығымен Текеш Хорезмге қайтып оралады. 1198 жылы Текештің үлы Мүхаммед Алып-Дерскпен одақтасып Қадыр-Бүке ханға қарсы қайта жорық жасады. Соғыс барысында Қадыр-Бүке жеңіліп, Хорезмге жеткізілді. Хан билігі енді Алып-Дерекке көшті. Алайда, ол Хорезм шахтарына қарсы тәуелсіз саясат жүргізді. Қыпшақ ханының одан әрі күшейіп кетуі-нен қорыққан Текеш Қадыр-Бүке ханды босатып, оған Хо-резмнің коп әскерін беріп, Алып-Дерекке қарсы аттандырды. Шайқастың барысыида Алып-Дерек әскерлері жеңіліс-ке үшырады, бірақ қыпшақ билігін қолына алған Қадыр-Бүке ханның өзі де Хорезм-шахқа тәуелді болып шықты. Хорезм шахтары қаңлы, кыпшақ, имек, үран тайпалары топ-тарының жетекшілерін әртүрлі қызметке тартты. Бүдан ба-сқа туысқандық үшін қалыптасқан дәстүрге сай, Хорезм билеушілері әйелдерін қаңлы мен қыпшақтардың хан әулеттерінен алып отырған. Мысалы: ХШ ғ. бас кезінде хорезмшахы Ала аддин Мүхаммед қаңлылардың басшы-сы Әмин Мәліктің қызына үйленген. Міне осыған байла-нысты Әмин Мәлік Хорезм-шахтар сарайында маңызды рөл атқарған.

Хорезм шахы Мүхаммед /1200-1220 жж./ оз мемлекетінің қүрамына XIII ғ. бас кезінде Сығнақ жерін қосып алады. Сығнақ иелігінен айырылып қалғанына қарамастан қып-шақ хандары Хорезмге қарсы қажырлы күресін жалғасты-ра берді. Бүл кезде хорезмшахы Мүхаммед Дешті Қыпшак еліне бірнеше рет жорық жасайды. 1216 жылы қыпшақ билеушісі Қадырханға қарсы аттанған әскери жорықтары-ның бірінде ол Ырғызға дейін жетеді. Осы кезде ол Торғай даласында қыпшақтар еліне қашып кірген меркіттерді Қуалап келе жатқан Шыңғысхан қолымен соқтығысып қалады. Бүл монғолдардың Қазақстан жерінде алғаш рет болуы еді, сөйтіп монғол басқыншылығының дәуірі басталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет