«Қазақстан тарихы» пәні бойынша тарих емес мамандықтарға арналған



бет6/10
Дата22.02.2016
өлшемі0.76 Mb.
#2224
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

2. Шығай ханның ұлы Тәуекел хан өз билігін өзбек билеушілерімен ұзақ күресте бекітті. 1586-жылы ол Баба сұлтан бастаған өз қарсыластарын талқандап шықты. Сол кезеңде қазақ хандағанаң халықаралық жағдайы әлсіреді. Өз билігінің басты мақсаты ретінде Тәуекел хан оңтүстік қалалаларды хандық құрымына қосуды, нығайтуды көздеді.

1598-жылы Бұхар хандығының ішіндегі қайшылықтардфы пайдаланып, Тәуекел хан Орта Азияға жорық жасайды. Соның нәтижесінде өзбек әскерін талқандап, Тәшкент, Самарқант қалаларын алды.Сонымен осы жылы Сырдария қалалары үшін болған ұзақ соғыс аяқталды деп есептеуге болады.Бұқар қаласына жорық жасағанда жараланған Тәуекел хан кешікпей қайтыс болды.

Қазақ хандығының құрамына Орта Азия қалаларын біріктіру Тәуекел ханның қолынан ғана келді. Түркістан аймағы ХІХғ.басына дейін қазақ хандығының құрамында болды.

3. Есім хан билігі кезінде қазақ сұлтандары оңтүстік қалалар үшін Аштарханидтер әулетімен соғысты.Есім хан мен Тұрсын хан арасында қақтығыстар көп болған.Сонымен, қалмақтардың күшеюі мен қазақтардың этникалық дамуына қауіп төнеді.Осыған қарамастан Есім хан тұсында қазақ хандығын мықты мемлекет деп тануға болады.Кейбір деректерде Тәуекел мен Есім хандарды қазақ қалмақ билеушілері деп атайды. Шығыс деректерінде Есім тұсында қазақтар Шығыс Түркістан үшін саяси күреске араласқан, орыс деректерінде Батыс Сібір үшін қазақтар мен қалмақтар ірі қақтығыстар өткізді. Көшпелі халықтардың күресіне Қытай мен Ресей империялары араласа бастады.

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары:


  1. Қазақ жерлерін біріктіруде Қасым мен Хақназар хан қандай роль атқарды:

  2. Қазақтын мемлекеттік құрылымының дамуында үлкен роль атқарған қазақтын ұлы тарихи қайраткерлерді ата.

Ұсынылатын әдебиет:
1.Қазақстан тарихы Көне заманнан бүгінге дейін. 4 томдық 2т. А-1996. тарау 3.

2. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан летопись трех тысячелетий. А-1992. стр. 261-315.


7-тақырып. Қазақ халқының жоңғар басшыларына қарсы азаттық күресі.

Лекцияның жоспары:

1. Тәуке хан тұсындағы Қазақстан.

2.Ақтабан шұбырынды.

3.Қазақ халқының Жоңғар басқыншыларымен күресі



Мақсаты: XVII ғ. Тауке хан тұсындағы қазақ тарихының беттеріндегі оқиғаларды және жоңғарлар қарсылығының мәнін түсіндіру.

1. XVII ғ. екінші жартысында Қазақ хандығының жағдайы нашарлап қалған еді. Ірі ақсүйектер мен феодалдардың ара-сындағы кырқысуларды пайдаланып, жоңғарлар Жетісудың бір бөлігін басып алып, осы аймақта көшіп жүрген қазақ-тар мен қырғыздарды бағындырды. Бұхара әскерлері Ташкентті алып, қазақтарды ығыстыра бастаған кезде, қазақ ханы Жәңгір Бүхар әміршісін жоңғарларға қарсы күресу Үшін әскери одақ жасасуға көндірді. Жәңгір хан шебер са-ясатшы ғана емес, сонымен бірге өте батыл ержүрек жау-ынгер қолбасшы еді. Оның түсында казақтар мен ойрат жоңғарлары арасында үш ірі шайқас - біріншісі 1635 жылы, екіншісі 1643 жылы, үшіншісі 1652 жылы болған. 1635 жы-лрьі шайқаста Жәңгір жоңғарлардың қолына түсіп, көп үзамай тұтқыннан қашып шыққан. Ал 1643 жылғы екінші шай-қаста Жәңгір хан 600 жанкешті сарбаздарымен Жоңғар та-уының бір қуысына бекініп, ойраттардың 50 мың әскеріне ерлікпен қарсы тұрды. Шайқас қызып жатқан кезде Жәңгір ханның шақыруымен 20 мың әскерімен көмекке жеткен Кіші жүздің Жалаңтөс батыры екеуі соғыстар тарихында бұрын болмаған жеңіске жетті, қалмақтың 10 мың әскерін шығындады. Жәңгір хан өз өмірінің денін жоңғарлармен соғыста өткізді. Оларға қарсы жорықта жүріп 1652 жылы Жәңгір ойраттармен үшінші үлкен шайқас кезінде қаза тапты.

1680 жылы Қазақстан жеріндегі хандықтардың билігі Жәңгірдің баласы Тәуке ханға (1680-1717 жж.) көшті. Ол өзін жақтайтын феодалдардың, ел силаған билердің қолда-уына сүйене отырып, халықтың, елдің бірлігінің туын жоғары үстады.

Тәуке хан 1687-1688 жж. Бүхара ханы Сүбхан-Кулимен Ташкент туралы келіссөз жүргізген, тіпті қаланы алуға әре-кетгенген. Сырдария бойындағы Тәукенің хандық өкіметі нығайып, Түркістан қаласы оның астанасы болған. XVII ғ. 90-шы жылдарында, яғни Тәуке ханның түсында жоңғар феодалдарьшың казақтардың жеріне қысьшы босаңсыды. Өйткені бүл кезде казақ, қырғыз, оған қарақалпақтардың бір бөлігі бірігіп қимыл жасады. Дегенмен, жоңғарлардың тонаушылық шапқыншылығы тоқтамай, жалғасып түрды. Олардьщ 1680 жылы Оңтүстік Қазақстанға шабуылы кезі-нде тек Түркістан қаласы ғана жоңғарлардың тонаушылы-ғынан аман қалды. Өйткені мүнда әскерлерімен Тәуке хан болған еді. Жоңғарлардың салған ойраны Қазақстанның оңтүстігіндегі қалалар тіршілігін күйзелтті, маңызды сауда жолдарын кесіп тастады, бүқара халықтың шаруашылығы-на үлкен зардаптарын тигізді.

Тәуке хан феодалдық өзара тартыстарды уақытша тый-ып, үш жүздің үшеуінде де тыныштықты қалпына келтіруге тырысты. Осы арқылы ол қазақ руларының қоныстарын сыртқы жаулардан қауіпсіздендіруге күш салды. Тарихи деректерде айтылғандай, Тәуке ханның өз билігінде 80 мын-дай жауынгерлерінің болуы, оған сыртқы және ішкі жау-лармен күресте жетістіктерге жетуге мүмкіндік берді. Тәуке хан өкіметтің беделін көтеруге және оған үш жүздің руларын бағындыруға бағытталған шаралар қолдан-ды. Оның түсында "Жеті жарғы" деген атаумен қазақ коғамындағы әдеттегі қүқық өлшемдерінің жинағы қүрас-тырылды. Мүнда феодалдық қүқық тәртібі мен мемлекеттік күрылымның негізгі шарттары белгіленді. Тәуке хан елдің бірлігін, ынтымағын ойлап, халықты ру-руға, жүзге бөліну саясатын және бет-бетімен әрекет жасауды шектеу үшін аянбай күресті. Осы максатта ол қазақ мемлекетінің саяси-күкық жүйесін белгілеп, халықты бірлікке, ынтымаққа ша-қырды. Тәуке хан өз төңірегіне ¥лы жүзден Төле биді, Орта жүзден Қаз дауысты Қазбекті, Кіші жүзден Әйтеке биді кеңесші ретінде қызметке тартты. Сөйтіп, қазақ халқ-ының тарихына ірі қүқықтық өзгерістер енгізді. Бүл оның халыққа кең тараған "Жеті жарғысымен" байланысты еді. Ол тек сол заманға сай қүқықтық күжат емес, сонымен қатар кешпелі қазак халқының этиикалық, шаруашылыкты үйымдастыру және жағрафиялық ерекшеліктеріне сай келетін аса қүнды ескерткіш. Бүл заңдарда сондай-ақ фео-далдық меншікті қорғауға және меншік жөніндегі дау ша-раларды шешуге баса мән берілген.

"Жеті жарғы" көшпелі қазақтардың ел билеу заңы бо-лып табылады. Оның негізгі баптарының мазмүны:


  • қанға қан алу, яғни біреудің кісісі өлтірілсе, оған ердің қүнын төлеу (ер адамға - 1000 қой, әйелге - 500);

  • үрлық, қарақшылық, зорлық-зомбылыққа өлім жазасы кесіледі, жазаны ердің қүнын телеу арқылы жеңілдетуге болады;

Тәуке хан заң баптарының орындалуын жүзеге асыруда хан бастаған барлық сұлтандар, рулардың ақсақалдары мен билеушілері халық істерін талқылау үшін күз айында бір жерге жиналып, маслихат еткізуді белгілеген. Халық жи-налысына бірде-бір казақтың қару-жарақсыз келуіне бол-майтындығы және қарусыз адам дауыс бере алмайтындығы атап көрсетілген. Сондай-ак қару ұстап жүре алатын кез-келген адам хан мен билеушілерге жыл сайын мал-мүлкінің 20-дан бір бөлігін салық ретінде төлеп отыруға тиісті болғ-ан.

Тәуке ханның "Жеті жарғысының" әрбір бабы сол заманның талаптарына сай келді. Онда әкімшілік, қылмысты істер, азаматтық қүқық өлшемдері, сондай-ақ салықтар, діни көзқарастар, жер дауы, қүн дауы туралы ережелер енгізіліп, ол қазақ қоғамы өмірінің барлық жағын түгел қамтыды. Оның жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте қазақ қоғамында заңдылықты, тәртіпті нығайтудағы рөлі де зор болды.



2. XVIII ғасырда Алтайдан Атырауға дейінгі байтақ дала-ны алып жатқан қазақ халқы жерінің жағрафиялық жағ-дайына қарай үш жүзге бөлініп өмір сүрді. Оның әрбір Жүзінің өзі Еуропадағы әлденеше шағын елдер мен мемлекеттерді сыйдырарлық көлемдегі жерлерді жайладЫ-Қазіргі Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда облыстарын мекен еткен Кіші жүз, Ортальік Қазақстанға жататын аймақтарды мекендеген Орта Жүз елдің Оңтүстік және Оңтүстік-Шығысын қоныс еткен ¥лы жүздің әрқайсысының өз хандары болды. Кіші жүзде Әбілхайыр, Орта жүзде - Сәмеке /Шахмүхамбет/, ¥лы жүзде - Жолбарыс, Түркістан қаласын астана еткен Үлкен Орданың ханы Тәуке еді. Бүл хандардың акылшысы болған үш жүздің басьш біріктіріп, даулы істеріне билік айтып, береке бастаушы болған Кіші жүздегі Әлім руынан шыккан Әйтеке биді, Орта жүздің биі арғын, Қаракесек оуынан шыққан Қаз дауысты Қазыбек биді, Үлы жүздің биі үйсін, Жаныс руынан шыққан атақты шешен Төле биді, Үлкен Орданың сарай ақыны Бүқар жырауды бүкіл қазак жұрты, алты алаштың адамдары жаксы білді.

Үш жүздің билеушілері әдетте бас косып, оқтын-оқтын мәслихат-мәжіліс өткізетін. Ондай мәжілістер Сайрам манындағы тауларда, Мәртебе жотасында өтетін. Оларда қыстау жағдайы, қауіп-қатерден сақтану мен қауіпсіздік мәселесі талқыланатын. Бірақ, қазақ жерінде біртүтас бір иелікке бағынған, басқару жүйесі орталықтанған ірі мемлекеттің жоқтығы ылғи да сезіліп түрды. Мүны қазақ жеріне ерте-ден көз алартып келе жатқан Қазақстанмен жапсарлас, жерлері шектесіп жатқан елдердің билеушілері пайдала-нып қалуға тырысты. Оңтүстік-батыстан Жайық казак-оры-старының колдап-қолпаштауымен Еділ өзенінің бойындағы башқүрттар, қалмақтар Кіші жүздің халқына тынымсыз ша-буыл жасады. Қазақ жеріне солтүстіктен Сібір казақ-орыстары килікті. Орта Азиядағы Бүқара мен Хиуа хандықтары да қазақ жерінен дәмелі болды. Оларға қазақ жасақтары табандылықпен тойтарыс беріп отырды. Осылардың бәрінен де асып түскен, қазақ халқына мәңгі жойылып, қүрып кету қаупін тендірген жау - жоңғарлар еді.

XVII ғасырдың біріғіші жартысында ойраттар мен қазақ-тардың арасындағы әскери қактығыстар жиілей түсті. Ой-рат феодалдарының Шығыс Моңғолияға қарсы ойдағыдай жүргізген соғыстары олардың күшін нығайтты. XVI ғасыр-ДЬ'Ң аяқ шенінде ойраттар басты-басты төрт тайпалық оірлестіктен қүралды. Олар: Тарбағатайдан Шығысқа карай өңірді алып жатқан торғауыттар, Ертістің жоғарғы ағысын "оилай қоныстанған дербеттер, қазіргі Дихуа қаласының төңірегіндегі хошоуыттар және Іле өзенінің жоғарғы жа-ғыңдағы шоростар еді.

Қазақ және ойрат әміршілерінің арасында жайылымдык ерлер үшін ірі қақтығыстар XV ғасырдың езінде басталған болатын. XVI ғасырдың аяғында ойраттардың шағьің бір бөлігі сәтсіз шабуылдан кейін қазақ ханы Тәуекелге бағынышты болып шықты. 1635 жылы қоңтайшы Батур. дың бастауымен Жоңғар хандығы құрылды. Осыдан соң, егер XVI ғасырдың аяғында XVII ғасырдың басында қазақ хандығына бытыраңқы ойрат тайпалары қарсы болса, XVII ғасырдың екінші ширегінде күштердің ара салмағы жоңғ-ар тайпаларының пайдасына өзгере бастады. Қазақ-жоңғар қатынастары, әсіресе Батур-қоңтайшы /1634-1654 жж./ билік құрған кезде ерекше шиеленісе түсті. Одан кейін Ғалдан-Бошакту (1670-1697 жж.) билеген кезде, оның мұрагері Це-ван-Рабтан (1697-1727 жж.) өкімет басына келгенде қазақ-қалмақ қатынастары қатты шиеленісіп кетті. 1698 жылдан ойраттар мен казақ хандары арасындағы қарулы қақтығыс-тардың жаңа кезеңі басталды. Жоңғарлардың әскер бас-шылары маңызды сауда жолдары ететін және ірі сауда ор-талықтары орналасқан Оңтүстік Қазақстан жерін басып алу-ды көздеді. Қазақтың Сығнақ, Түркістан, Отырар, Сайрам, әсіресе Созақ қалалары жоңғарлармен күресте өзіндік стра-тегиялық тірек бекетіне айналды. Тәуке ханның ойраттар-мен күрестегі кейбір сәтті шайқастары оған үлкен жеңіс әкелмеді, соғыс барысындағы басымдық ойраттардың жа-ғында болды.

Жан-жақты әскери дайындығы бар және шабуыл жасайтын жерлердегі жағдай жөнінде толық мағлүмат жинаған жоңғарлар 1710-1711 жылдары қазақ жеріне басып кіріп, қырғын соғыс жүргізді. Көп олжа алып, кері оралған олар 1717 жылы жазда Аякөз өзенінің жағасында қазақтардын 30 мың жасағын талқандап жеңді. Келесі жылы жоңғар-лардың әскері тағы да қанды жорыққа аттанып Бөген, Шаян, Арыс өзендерінің бойында қазақтарды қырғынға үшыратты.

1718 жылы Тәуке хан өліп, билік оның баласы Болат ханға өткен түста қалмақтардың қазақ жерлеріне жорығы күшейді. Бүл жорықтардың табысты болуына шведтін ар-тиллерия сержанты Иоганн Густав Ренаттың тигізген әсері үлкен. 1709 жылы Полтава түбінде орыстардың қольіня түскен Ренат Тобыл қаласына айдалады, осында Ертістій бойымен жоғары өрлеп бара жатқан Бухгольцтың экспеДй" циясы қүрамында Кереку қаласының маңында 1715 жьілы кьіста ол қалмақтарға түтқынға түседі. 1733 жылға дейін калмақтардың қолында болған ол қалмақтарды темір бал-кьітып зенбірек жасауға, оның оғын дайындауға, тіпті бас-пахана жасап, әріп қүюға үйретеді. Сонымен бірге қазақтарды өз қол астына өтуге мәжбүр еткісі келген Ресей Калмактарға Сібір бойындағы бекіністерден зеңбірек бер-ген деседі. Ренаттың көмегімен зеңбірек атыс жарақтарьін жасап, жүз мыңнан астам әскер қүрап, қалмақтар казактарға қарсы соғысқа дайындалып жатқанда казақтар жағы олардан қауіп күтпей, ішкі талас-тартыспен жүрген болатын. Бүл тұста қазақтар мен қалмақтардың ше-карасы Ертіс өзені, Балқаш көлі, Шу, Талас өзендерінің аралығымен өтетін.

1723 жылы көктемінде қазақ жерін бет каратпай ба-сып алуға әбден бекінген жоңғарлар шешуші жорыққа шықты. Мол әскер жинап, барынша толык қаруланды-рьш, оның қолбасшылығына Шуно Дабо деген қалмақ баһадүрін тағайындады. Оныц тактикалық жоспары бой-ынша қалмақ әскерлері стратегиялық екі бағытта қимыл жасауға тиісті болды. Бірінші бағыт Қаратауды басып өтіп, Шу мен Талас өзендеріне шығу болса, екінші ба-ғыт - қазақтарға ес жиғызбай соққы беріп, Шыршық өзенінің қойнауына жету еді. Бүл жоспарды іске асыру үшін әскерлер жеті топка болініп, оның бірі Жетісу Ала-тауының етегіндегі Балқаш көліне қүятын төрт езеннің бойына топтастырылды. Қалмақтың ірі қолбасшысы Амур-сана басқарған 70 мың адамнан түратын екінші бір тобы Іле өзенінің бойына, Ксген озенінің солтүстік жағасына, Нарын өзенінің күншығыс жағындағы Кетпен тауының баурайына орналасты.



Сөйтіп, Алатау баурайын жайлаған каннен-қаперсіз отырған қалың елге шабуылға шыққан қалмақ әскерлері Қазақтардың қанын судай ағызды. Еркек кіндікті адамдар-Дьі қырып, әйелдерді, қыздарды байлап-матап алып кетті. Бейғам отырған ел баскыншыларға ешқандай қарсылық көрсете алмады. Шапқыншылықтың басты ауыртпалығы ^лы жүздің, Жетісудың халқына түсті. Ешбір бөгетсіз, қарлықсыз, жолындағының бәрін жайпап келе жатқан зұлым жау араға көп уақыт салмай Орта жүз бен Кіші жүздің жеріне жетті. Бұл кезеңді қазақ «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деп атады. Яғни қазақтардың табаны ағарғаншы шұбырып, Алқакөлге жетіп, азап пен аштықтан сұлаған жерлері еді дейді.

3. Қазақ жасақтарының қолбасшысы болып Әбілхайыр хан және Бөгенбай батыр сайланды. 1727-жылы Кіші жүз жасақтары, ондағы айтулы батырлардың бірі Тайлақ және оның жиені Ұлы жүздің ошақты руындағы тасжүрек тайпасынан шыққан Саңырық батыр, Ырғыздың Оңтүұстік Шығыс бетіндегі Бұланты өзенінің жағасында «Қара сиыр» деген жерде қалмақтарға есенгірете соққы берді. 1729-жылы көктемде Балқаш көлінің маңында қазақ пен қалмақтар арасында тағы бір қатты қырғын соғыс жүрді. Бөгенбай, Қабанбай, Шапырашты Наурызбай, Жәнібек, Бөкебай, Малайсары сияқты атақты батырлар бастаған қазақ қолдары мен жасақтары қалмақ әскерлеріне екінші рет күйрете соққы берді.

Абылай және қазақ әскерлерінің қолбасшылары Қабанбай, Бөгенбай т.б. батырлары қазақ жасақтарының басын қосып, 1750-жылы Аякөз өзені бойындағы ірі шайқаста жеңіп шықты.

Абылайдан кейін Орта жүздің ханы болып, оның баласы Уәли сайланды. Үш жүздің басын біріктіріп, жоңғар басқыншыларын қазақ жерінен қуып, қазақ халқының тәуелсіздігін сақтап қалуда үлкен еңбек сіңірген Абылай атақты мемлекеттік қайраткер ретінде тарихта өшпес із қалдырды.

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары


  1. Жоңғар хандығы қай жерде орналасқан:

  2. Орбұлақ шайқасы туралы не білесін:

  3. Үш Жүздің Орда басында жиналуы туралы не білесін:

Ұсынылатын әдебиет:

1.Қазақстан тарихы Көне заманнан бүгінге дейін. 4 томдық 3т.

2.Моисеев В.А. Джунгарское ханство и казахи:

XVII – XVIII вв. а-1991.

3. Тынышпаев М. Ақтабан шұбырынды. А- 1992. стр. 137-148.
8-тақырып. Қазақстанның Ресейге қосылуының басталуы. Қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалыс.

Лекцияның жоспары:

1. Жоңғар шапқыншылығынан кейінгі қазақ жүздерінің жағдайы. Қазақстанның Ресейге қосылуы.

2.Абылай ханның біртұтас қазақ мемелекетін құру әрекеттері.

3.Ұлттық бостандық үшін күрес жолындағы көтерілістер.



Мақсаты: Қазақ даласындағы тәуелсіздікке қарсы жүрген отарлау саясатытуралы баяндау.

1.Патша өкіметі Қазақстан жеріндегі отарлау шараларың біртіндеп жүзеге асырды. Оның 1742 жылғы 19 қазандағьі жарлығы бойынша Жайық өзені жағасының қамалдар ма-ңында қазақтардың көшіп-қонуына тыйым салынды, соны-мен қатар олардың Каспий теңізінің жағалауында көшіп-қонып жүрген жерлері шектелді. XVIII ғасырдың 50-60 жылдары Ертіс, Тобыл, Есіл, Үй өзендері алқаптарындағы Орта жұздің қазақтары да өздерінің мекендеген жерлері-нен ығыстырылды.

Қазақ даласында патша екіметінің отарлау саясаты үш бағытта: біріншіден, гарнизондар мен күшейтілген бекіністі әскери шептер қүрылысын тездетіп салу және түрақты казак-орыс (Орынбор, Жайық, Батыс-Сібір, кейін Жетісу) мекендерін күру жолымен, екіншіден, саяси әкімшілік ре-формалар жасау, сыртқы округтер мен приказдарды одан ары күру, басқарудың дистанциялық жүмыс түрін енгізу жолымен, үшіншіден, қазақ даласын өзіне біржолата қосу, ал Орта Азия хандықтармен сауда-саттықты кеңейту жо-лымен жүргізілді. Алайда, отарлау барысында патша үкіме-тіне жергілікті барлық билікті ресейлік әкімшіліктің қолы-на шоғырландыру саясатын жүзеге асыру сүлтандардың, ру шонжарларының, билердің наразылығын тудырды. Өйткені оларды патша өкіметі орындары сот-әкімшілік қызметіне қатыстырмауға тырысты.

Патша өкіметі қазақ даласын түпкілікті билеу үшін әуелі әр түрлі реформалар жүргізіп, қазақтың елдік-этникалык үйытқысын ірітіп, үлыстарды бөлшектеп, оларды губерни-яларға, округтерге теліп, үлтанды елді түтастықтан айыр-ды. Рас, олар мүның бәрін бірден жүзеге асыра қойған жок Бүқпантайлап, торғай ұстаған мысықтай, жақыннан кар-мау үшін алыстан арбап, зымияндық саясат жүргізді. Патша өкіметі оны кезең-кезеңімен іске асырды.

Оның алғашқысы - 1731 жылдан 1822 жылға дейін со-зылған ел билеу жүйесіндегі протектораттық дәуір, яғни күшті мемлекеттің әлсіз мемлекетке формальды түрде бол-са да қамқорлық жасау саясатын жүргізу еді. Бүл кезДе патша окіметі ел билеудің бүрынғы хандық жүйесін сактап, оның ішкі тірлігіне араласпай, түзақты алыстан күрып, сырт иелігін жасады, яғни казак елін өзіне жағынып, бас щүлғып, бағынышты болған хандар арқылы басқарды. Сөйте түра, қазак жүртының арасына өз білімдар адамда-рьін қаптатып, ғылымды бет перде етіп алға үстап, соның тасасында түрып, елдің әдет-ғүрпын, салт-дәстүрін, мінез-күлқын жан-жақты зерттеп, қазақ халқының осал түстарын пайдалануға тырысты. Оны меңгергеннен кейін хан тағына үміткер ханзадалар мен сүлтандар арасында ши жүгіртіп, оларды тақ таласына итермеледі. Солардың ішінде шенге күмар, атаққүмарлары ерекше бағаланып, бүлардан патша өкіметі ештемені де аяған жоқ. Патша отаршылары казак жүртшылығының арасына алауыздық үрығын осылайша енгізе бастады.

Патша үкіметініц казақ елінің басына тәуелділік нокта-сын біржола кигізуі 1822 жылдан 1867 жылға дейін со-зылды. Сөйтіп, патша үкіметінің отаршылдық саясаты-ның екінші кезеңі басталды. Бүл кезде ол әскер күші арқылы елдің ішкі тірлігіне араласып, жергілікті қазақ шаруаларын қонысынан куа бастады. Олардың орнына ішкі Ресейде жоқшылыққа үшыраған орыс босқындарын әкеп орналастырды.

Отарлаудың осы әскери-әкімшілік кезеңінде патша өкіметінің тірек пункттері ретінде әскери бекіністердің іргесі қалана бастады. Оларды түрақтандыру үшін шекаралық белгілермен бөлді. Біртіндеп бекіністер Қазақстанның ішкі аймақтарына тамыр жайды. Бастапқы кезде бүл бекіністер Орал, Ертіс сияқты өзен-арналарына орналасты. Ал кейінірек патша өкіметініц отарлау саясатының күшеюі нәтижесінде әскери қамалдар салу Қазақстанның батыс, солтүстік-шығыс аймақтарын тегіс қамтыды. 1744 жылы Орынбор қаласы, 1752 жылы Петропавл қаласы салынды. Ресейдің Шығыс Қазақстан жеріндегі экспансиясы бұрынғысынан неғүрлым күшейе түсті. 1752 жылдан бастап Оңтүстік Алтайдың, Ертістің жоғарғы ағысындағы Үлбі, "Үктырма және Нарым бойьшдағы жерлердің Ресейге қосылғаны туралы ресми түрде жарияланды. 1760 жылы Өскемен бекінісінен Телецк коліне дейін бекіністер салына бастады. Келесі 1761 жылы Өскеменнен Зайсан көліне дейін ҮКтырма шебінің бекіністері пайда болды.



2. Абылай хан (1771-1781ж.ж.) қазақтың мемлекеттелігін сақтап, берік ұстау мақсатында данышпандық саясат жүргізді. 1740-жылы, 1756-жылы Орынборда Ресеймен жақсы көршілес болу жөнінде және оны сақтай отырып, Әбілмәмбет ханмен бірге Қытаймен бейбіт қатынаста болу жөнінде келісімдерге қол қойды. 1733-1734 ж.ж. ұлы жүздің бірнеше сыйлы адамдары Ресей бодандығына көшуге ниет білдіреді. 1734-жылы 10-маусымдағы императрицаның грамотасында ұлы жүздің ірі ру басыларының орыс бодандығын қабылдағандығын жариялады.Бірақ, ұлы жүз жерінің Ресейден алыс орналасуы, халықаралық және ішкі жағдайлардың қиындығына байланысты ұлы жүз шын мәнінде Ресейге кейінірек қосылды.

3.XVIII ғасырдың 30-шы жылдарында, Кіші жүз Ресейге Қосылғаннан кейін, патша өкіметі қазақ жерін игеру үшін зерттеу жұмыстарьш жүргізу, қазақ даласы арқылы Орта Азияға өтетін сауда жолдарын ашу, бүл жолдардың қазақжерін басып өтетін аймағында балығы, шабындығы, егіске қолайлы жерлері мол өзендер бойынан бекіністер салу си-яқты шараларды жүзеге асыра бастады. 1744 жылы Орьщ-бор қаласы салынды. Ол орыс патшасының отарлау саяса-тын жүргізу үшін, қазақ жерінде қүрылған әкімшілік орьщ. дары орналасқан орталыққа айналды. Одан кеп қашық емес Ор өзенінің бойынан Орск бекінісі бой көтерді. Орал қала-сынан Өскеменге дейінгі 3,5 мың шақырым қашықтықтағы Жайық, Ертіс өзендерінің жағалауларында көптеген ірі әске-ри бекіністері салынды. Оларда патша үкіметінің отар ел-дердегі қол шоқпарлары - казак-орыстар орналастырылды. Жайық бойындағы жақсы жерлерге жайғасып алған казак-орыстар қазақ ауылдарына дүркін-дүркін шабуыл жа-сап, малдарын айдап әкетіп, адамдарына зорлық-зомбылық жасады. Оның үстіне патша өкіметінің шенеуніктері мал өсіріп отырған шаруалардың шүрайлы жерлерін тартып алып, қысым көрсетті. Патша өкіметі қазақтарды "ішкі жаққа" Жайық сыртына өткізбей оған тиым салды, қазақ ақсүйектері бір бөлігінің қүқықтарына қысым жасалды. Кіші жүздің ханы Нүралының да халыққа тізесі батты. Оның адамдары елдегі шаруаларды алым-салықпен зар илетті. Осының бәрі халықтың наразылығын күшейтіп, жаппай көтерілуге әкеп соқты. Көтерілістің басты қозғаушы күші-қарапайым көшпенділер болды. Соньшен қатар азаттық қоз-ғалысқа патша өкіметінің қысымына шыдамаған би, стар-шын және батырлар қатынасты.

Көтерілістің басты мақсаты - ғасырлар бойы Кіші жүз жерінде қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін қалпына кел-тіру, Орал казак-орыс әскерінің қазақ жерлерін басып алу-ын тоқтату, Нүралы хан мен оның сарайындағы ақсүйек-тердің озбырлығына шек қою еді.

Көтеріліс басында Кіші жүздің Байбақты руынан шык-қан Сырым батыр /1742-1802 жж./ түрды. 1783 жылы бүл көтеріліс басталғанда - Сырым ақыл тоқгатқан, орнықты, елге өзін танытқан, сөзін тындатқан беделі зор адам болған. 1773-1775 жылдардағы Е. Пугачев көтерілісі кезінде орыс шаруа-ларының азаттық идеясын қолдап, оған катысқан қазақтар-дың арасында Сырымньщ болғаны туралы да үзік-үзік деректер бар. Соның бірі шаруалар көтерілісін басуға басшылык еткен орыс әскерлерінің даңқты қолбасшысы СуворовтыН граф Панинге жазған хатында /1775 ж. 22 маусым/: "Сырым бастаған қарулы топтар тосыннан келіп шабуыл жасайды, тез арада жоқ болады. Оның артынан куғанмен ешкім жете алмайды", - деген анықтама келтірілген. Бүдан әрі қолбас-шы: "әскерлерге мынадай бүйрық бердім: реті келген бірде-бір колайлы сәтті қүр жібермей, бүгіннен бастап Сырым батыр бастаған өз беттерімен кеткеи үры-қары қырғыздар-ды кай жерде кездессе де, қапдайлық алысқа қууға тура келсе де, оның өзін үстап алып, тамырына балта шауып немесе сол жерде олтіріңдер дедім", - дейді.

Бүл айтылғандар Сырымның көтеріліс кезінде белгілі адам болғанын, оныц орыс әсксрлерін де тыныш қалдыр-мағанын, сонымен біргс азаттық күресіне көтерілген орыс шаруаларымен бір тілектес болғанын байқатады.



Батыс Қазақстанда үлт-азаттық кетерілісі басталған кезде Сырым Байбақты руының старшыны болатьш. От тілді, орақ ауызды, болмысында батыл да батыр, шешендігімен аты шығып дүрілдеп түрған кісі ексн. Кіші жүзде ол айтты де-ген үшқыр да үтымды сөздер аз болмаған. Сырым қазақ-тың небір кемеңгер, дана адамдарымен жақын болып, олар-дың ақылын тыңдаған. Солардың бірі Тама руынан шық-қан Малайсары би Сырымға: дүниеде адамды адам ететін үш қасиет бар, соны бойыңа дарытсаң, халық алдында сый-лы боласың - депті. Ол қандай қасиеттер? - деп сұрағанда, би: олар - ар, намыс, парыз. Тағы бір ақылым, жақын жүргенді жаралама, алыстағыны қаралама!-деген екен.

Ар-ожданына, намысына дақ түсірмей, халқының алдын-дағы азаматтық парызына әрқашан адал болған Сырым бірге туған апасына үйленген Нүралы хан жақыны болса Да, хан мен халықтың біріне таіщау жасауға келгенде ой-ланбастан халық жағына шыққан, халыққа тізесін батырғ-андарды, зорлық-зомбылық жасағандарды аямай жазалаған. Осындай озбырлығымен аты шыққан Шағанов деген ^рал казак-орыс атаманып қолға түсіріп, Хиуа хандығына ^Үлдыққа сатып жібереді.1783 жылдың көктемінде қазақтардың Орал бекінісі желС]не шабуылы басталды. Ағамандар Тасболат пен Ерболат "астаған қазақ жасақтары Гирьяль бекінісіне шабуыл жасап,ондағы солдаттарды түтқынға алды, малдарын айдап кетті.

Осы кезде қазақтардың ашық түрде патшаға қарсылығы үлкен аумақта жүрді. Олардың бағыты Жайықтың төменгі ағысындағы бекіністерге және Ор бекінісінің ауданына бағытталды.Сырым Датұлы өзіне 2700 адамнан тұратын әскер жинаса, негізінен барлығы 6000 көтерілісшілер болған. Сырым Датұлы бастаған кіші жүздегі қазақтардың көтерілісі Ресей патшалығының орталық саясатына қарсы болған алғашқы ашық көтеріліс.

Еділ өзенінің төменгі Каспийге құятын аймағын 1635 Жьілдан бастап Жоңғар шапқыншылығы кезінде бөлініп қалған қалмақ ру-тайпалары мекендеген болатын. Оны қазақтар Қалмақ қыры деп атады. 1771 жылы бұл жердегі қалмақтар екіге бөлініп, бір бөлігі Қазақстан жері арқылы өздерінің туып-өскен отаны - Жоңғарияға барып қосылды. Ал, екінші бөлігі батысқа қарай ығысып, Дон даласына көшіп кетті. Осы босап қалған жерге 1801 жылдан бастап, патша өкіметінің рұқсатымен Кіші жүздің Бөкей сұлтан басқарған бес мың қазақ шаруашылықтары қоныс аудар-ды. Мүның өзі Ішкі /Бөкей/ орданың құрылуына бастапқы негіз болды.

Бөкей ордасы жан-жағынан Астрахань, Саратов, Орьщ-бор губернияларының жерлерімен, Орал бойындағы патша әскери бекінісімен және Каспийдің солтүстік жағалауын-дағы балық кәсіпшілігі аймағымен шектесті. Оның ауқымы шығыстан батысқа қарай 350 шақырым және солтүстіктен оңтүстікке қарай 200 шақырым жерді алып жатқан ықшам әрі шағын хандық болды. Орынбор әкімшілігінің қолдауы-мен Бөкей сүлтан 1812 жылы өзі қүрған орданың ханы болып сайланды. 30-шы жылдардың аяғына қарай мүнда 20 мыңдай шаруашылық пен 80 мың адам қоныстады. Бірақ жер мен жайылымдар біркелкі бөлінбеді. Қысқа мерзім ішінде жердің үштен екі бөлігі қазақ феодалдары мен орыс помещиктері Юсупов пен Безбородконың жекеменшік иел-ігіне өтті.

Оралдьщ әскери мекемесі Үлкен және Кіші өзен бойын-дағы, Қамыс-Самар көлі төңірегіндегі жерлерді казак-оры-стардың пайдалануына алып қойды. Жерге байланысты өткір дағдарысқа басқа да маңызды зор жағдайлар келіп қосылды. Бүл кезде патша үкіметі Ішкі орда мен Кіші жүзді басқаруды өздерінің мүдделеріне қарай бейімдеп жатты. Дистанциялар /аралық басқару жүйесі/ қүрылып, оның ба-стығы қызметі енгізілді. Жайык езені бойындағы жерлерді Орал казак-орыс әскері иемденді. Қазақтарға Жайық өзені-нен өтуге және казак-орыстардың өзен жағалауындағы бел-деулеріне көшіп келулеріне қатаң тиым салынды.

Бүдан басқа қазак шаруалары орыс помещиктері мен қазақ сүлтандарынан жалға алған жерлерінің қүны үшін уақтылы есеп айырысуға тиісті болды. Тек есеп айырыск-аннан кейін ғана олар помещиктер мен қазақ байларыныН жеріне өздерінің малдарын бағуға рүқсат алды. Қанаушы таптар өкілдері қазақ ауылдарынан арендалық ақыны жыл-дан-жылға өз қалауынша ала бастады, олардан айыптар, әр түрлі салықтар жинап отырды.

1815 жылы Бөкей хан қайтыс болды. Осыдан кейін хан-дык билік оның баласы Жәңгірге көшті. Бірақ оның кәме-летке толуына дейін орданы уақытша Бөкей ханның туған інісі Шығай сүлтан басқарды. 1824 жылы Жәңгір патша үкіметінің жарлығымен хан деп жарияланды. Жәңгір хан тағына отырған соң, патша әкімшілігінің қолдауымен, ха-лыктың қоғамдық омірі мен түрмысының жекелеген жақ-тарын, сондай-ақ жергілікті басқарудың дәстүрлі жүйесін қайта қүруға кірісті. Ол кошпенділердің отрықшылануын, олардың орыс хуторлары сияқты мекендер салуын, кырда пішен шабуын, ағаш өсіруді, малдың түқымдарын асыл-дандыруын және ауыл шаруашылығы қүрал-саймандары-ның жаңа түрлерін алдыруды, мектсптер, училищелер, ме-шіттер ашуын жәие ауылдарда мал санының артуына, сау-дағіың және басқарудың жаңа фомаларына көшуді көтер-меледі. Ол патша өкімет орындары мен қазақ шонжарла-рының мүдделерін жаца әдістермен үштастыруға күш сал-ды.

1827 жылы Жоңгір хан Нарын күмындағы Жасқүс ме-кенінде түрақты хан ордасын орнатып, елді осы орталык-тан басқаратын болды. Сол жылы хан кеңесі күрылып, оған 12 ата Байұлы руларынан бір-бір биден кірді. Ханға 12 старшын, сондай-ақ бірпеше базар сүлтандар қызмет етті. Оның татар белімі жәнс жалпы бөлімнен түратын өз кен-сесі болды. Кеңсе жаныида арнаулы тергеуші штатта түрды.

Жәңгір хан 1845 жылы өлді. Бүған дейін Қазақстанның барлық бөліктерінде хандық билік жойылған болатын. Өкіметтік топтар ішкі Ордада хандықты жоюды үйғарды, хан билігі орыс шенеунігі баскарған Уақытша кенестін Қолына көшті.

Патша үкіметінің жергілікті феодалдар мен шонжарла-рға сүйене отырып, барынша күш сала жүргізген саясаты орталық езгінің күшеюіне, қазақ бүқарасының наразылығьіна әкелді.

Наразылық жер дауынан басталды. Ішкі Ордада қазак байлары мен орыс помещиктері ең қүнарлы жерлерді өздеріне алып алған-ды. Кедей шаруаларға қүнарсыз жерлерді қалдырған еді

XIX ғасырдың 30-шы жылдарында патша өкіметі Қазаі станда отарлау саясатын онан ары өрістетіп, қазақ халқының саяси дербестігін біржола жоюға бағытталған шара-ларды кеңінен жүргізе бастады. Әбілқайыр, Абылай хан-дармен жасасқан шарттардағы Қазақстан жеріне кірмеу, солдат алмау, тек салық төлеу жөніндегі міндеттемелер аяқ асты етілді. Қазақ жерінде әскери шептер, бекіністер салы-нып, шұрайлы жерлерге патша өкіметінің қол шоқпары бо-лып келген казак-орыстарды қоныстандыру шаралары жүр-гізілді. Ресейдің қазақ жеріндегі әкімшілігі өзен-көлдерді, құнарлы жерлерді, орман-тоғайды өз қармағына алды, ал оны пайдаланған казақтарға салық салынатын болды.

Әкімшілік басқару жүйесін қайта қүру барысында қазак жерлері округтерге бөлінді. Бүл округтер Батыс-Сібір және Орынбор генерал-губернаторлығына қарады. Олар қазак жерінде "бөліп ал да билей бер" деген отаршылдық қағида-ны бүлжытпай іске асырды. Алдымен қазақ жерін сырты-нан қүрсаулап көптеген бекіністер салынды. Іргелеп ішке кіріп айнала қоршау-қүрсау орнатқан Ресей отаршылдары Абылай көз жүмғаннан кейін Қазақстанның ең бір шүрайлы жерлеріне бекіністер салуға кірісті. Сөйтіп, Ырғыз, То-рғай, Акмола, Көкшетау, Ортау, Қарқаралы бекіністері бой көтерді-

Қазак жеріне кеулеп еніп келе жатқан патша екіметінің отаршылдық саясатына ашық қарсы шыққан Абылай хан-ныи баласы Қасым болды. Ол патша әкімшілігіне хат жа-зып, кісі жіберіп, оларды түсінісуге, пәтуаға шақырды. Қазақтың ежелгі қоныстарына бекіністер салуды, қазақ жер-леріне казак-орыстарды әкелуді, олар арқылы халыққа қысым көрсетуді тоқтатуын талап етті. Оның бүл хаттары-на жауап болмады, жібсрген адамдары қайтарылмады. Сон-да барып, Қасым патша өкіметіне ашық қарсы шығуды ой-лады. Ол бүл күресте Қоқан хаидығына сүйенбекші болды. Патша өкіметі тарапынан қысым көре бастаған ол 40 мың үймен Қоқан хандығыыың қол астына көшіп барды. Оның діні бір, тілі бір қоқандықтардан күткен үміті ақталмады. Олар оның қайсар үлдары Саржан мен Есенгелдіні, кейіні-рек озін өлтірді. Медрсседе оқып жүрген ұлы Кенесарыны /1802 жылы туған/ Ташкеит түрмесіне қаматты.

Қайырымды адамдардың комегімен абақтыдан аман шыққан Кенесары ата мекені Ұлытауға келіп қоныстанды. Осы Ұлытауда жүріп, ол оз өмірін қазақтың тәуелсіз ел, дербес мемлекет болуы жолындағы күреске арнады. Ол Ре-сей сияқты аса қуатты ірі мемлекетпен күресу - қазақтың үш жүзінің күштерін біріктіруді, едәуір қүрбандықтарды, тек әскери ғана емсс, сонымен бірге дипломатиялық күш жігерді де талап ететінін ой таразысыиан өткерді. Кенеса-ры Қазақстан патшалык Ресейге де, Орта Азия хандықта-рына да тәуелді емес, олармен тең қарым-катьшаста болу керек деп есептеді. Ол патша әкімдеріне жазған бір хатын-Да: Есіл, Нүра, Ақтау, Ортау, Қарқаралы, Қазылық, Жарқ-аиың, Обаған, Тобыл, Қүсмүрын, Ақият, Тоқзақ сияқты ата-бабаларымыз мүра еткен жерлер қазіргі патша түсында оізден тартып алыиып, бекіністер салынды. Күн сайын 'здің жерлерімізді басып алып, әскери қамалдар салу арқ-ылы халықты ашыидыруға жол берілуде. Мүның өзі біздің елешегіміз үшін ғана емес, бүгінгі тіршілігіміз үшін де Қаутті болып отыр деп көрсетті.Патшаның жазалаушы отрядтары мен жергілікті сүлтанрдың озбырлығы туралы айта келіп тағы бір хатында ол былай деп жазды: "1825-1840 жылдар аралығында олар біздің ауылдарымызды 15 рет тонауға, талауға салды. Мұндай қысым мен тонауға, талауға, кісілерімізді өлтіруге шыдай алмаған біз бетіміз ауған жаққа көшуге мәжбүр бол-дық. Бірақ, олар бізге мұнда да тыныштық бермеді. Сон-дықтан мен, Қасымұлы қолыма қару алып халқымның ұлы күресін басқаруға шықтым". Бұл хаттан Кенесарының пат-ша үкіметіне ашық қарсы шыққанын көреміз.

Кенесары көтерілісінің басты мақсаты - патшалық Ре-сейдің қүрамына қосылып үлгермеген аймақтардың дербестігін сақтау, қазақ жерлерін бекіністер мен жаңа ок-ругтік билеу арқылы жан-жақты отарлауды тоқтату еді. Сондай-ақ Кенесарының тағы бір көздеген мақсаты - қоқандықтардың тепкісіндегі Оңтүстік өңірдегі қазақтарды бо-сатып, оларды Қазақ хандығына қосу еді.

Кенесары Қасымүлының қозғалысы бүкіл Қазақстанды қамтыды. Он жылға созылған көтерілістің басты қозғаушы күші - бүқара халық болды. Олар күшейе бастаған отарлық езгіден, феодалдық топтардың қысымынан қүтылуға ты-рысты. Көтеріліске сонымен қатар ақсүйек өкілдері де қаты-сты. Олар көтерілісті, бір жағынан, өз мүдделеріне пайда-лану, бүрынғы артықшылықтарын қайта алу, екінші жағы-нан, көшпенді дербес феодалдық мемлекет қүруды көздеді.

1838 жылы Кенесары туының астына мындаған сарбаз жиналған еді. Олардың арасында үш жүздің қазақтары бол-ды. Кенесарыны белсенді қолдағандардың арасында Орта жүз бен Кіші жүздің белгілі рулары - Қыпшақ, Төртқара, Жағалбайлы, Шекті, Алшын, Керей, Жаппас, Бағаналы, Тама, Табын, Арғын т. б. ру тайпаларының жігіттері аз емес-ті. Олардың көпшілігі мал өсірген, егін еккен. Осыған орай, жер шаруашылығынан зардап шеккендер кедей және орта шаруалар болды. Кенесарының қол басқарған батыр-лары да халық ішінде аты кеңінен мәлім адамдар еді. Олар-дың қатарында Шүбыртпалы Ағыбай, Қыпшақтың батыры - Иман, Табынның батырлары - Бүхарбай, Тіленшіүлы Жо-ламан, Дулаттың батыры - Бүғыбай, Шапырашты руының батыры - Сүраншы т. б., Кенесарының інілері - Наурызбай, Әбілғазы, әпкесі - Бопай көтеріліске белсене қатысты.

Кенесары жасақтарында қазақтармен бірге қарақалпақ-тар, түрікмен, қырғыз, өзбек, өкілдері де аз болған жоқ. Дегенмен Кенесары барлық әдіс-амалдарын қолданып ты-рысып бақса да, кейбір феодалдық топтарды, үш жүздің ру-тайпалык бөлімдерін біріктіре алмады. Көтерілістің ба-стапқы кезінен-ақ қазақ ақсүйектері бір-біріне қарсы күре-суші екі жаққа бөлінді: патша өкіметі әлпештеген бөлігі отарлаушы әкімшіліктің қолдауына сүйеніп, өздерінің сая-си қарсыластарын күйретуге күш салды. Кенесарының ымы-раға келмейтін қарсыластары Ақмола округінің аға сүлта-ны Қоңырқүлжа Қүдаймендин, Кіші жүздің басқарушы сүлтандары Ахмет пен Мүхаммед Жанториндер, сүлтан Бай-мағамбет Айшуақов т. б. болды. Кенесары Жетісуға өткен-нен кейін көтеріліске қарсы ымырасыздық позицияны Абы-лай ханның түқымдары, яғни езінің туысқаидары - Әли мен Сыйықта үстанды. Бірақ осыған қарамастан, Кенесары Қасымов өзінің туы астында үш жүздегі қазақ руларының едәуір бөлігін топтастыра алды. Омбы облыстық басқарма-сына қарасты сот-жазалау мекемелері жинастырған мәлі-меттер бойынша тек Қүсмүрын, Көкшетау, Ақмола, Қарқа-ралы және Баянауыл округтерінде ғана көтерілісшілерді 80-нен астам сүлтандар мен билер, ағамандар қолдаған.

1838 жылдың көктемінен бастап Кенесары жасақтары патша әскерлеріне қарсы алдын ала жасалған жоспар бой-ынша дәйекті күрес жүргізді. Олармен шайқаста Ақмола қаласын қиратып, Ақмола округіндегі патша әкімдерімен ауыз жаласып жүрген Қоңырқүлжа сүлтанның ауылын шап-ты. 1840 жылы күзде котерілісшілер Ырғыз бен Торғай маңында патша әскеріне, орыс әкімшілігін қолдаушы жергілікті бай-шонжарларға қарсы күресті күшейтті. Бүл түста Кенесарының аты қазақ арасында кеңінен тарап, оның беделі бүкіл қазақ даласында дүрілдеп түрды. 1841 жылы қыркүйекте Кенесары үш жүзден адам жинап, әкесі Қасым ханның өлгеніне бір жьтл толуына байланысты ас берді.О-сы астан кейін үш жүзден жиналған жамағат Кенесарыны ақ киізге салып, бүкіл қазақ халқының ханы етіп сайлады.

Кенесары хан болып сайланғаннан кейін ел билеу тәртібі өзгеріп, алым-салық реформасы іске асырылды. Егіншілікті дамытуға, көрші елдермен сауда-саттық байланысын орна-туға көңіл бөлінді. Керуеншілерді тоқтатып, олардан са-лық алынатын болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет