2. ¥лы Отан соғысы жеңіспен аяқталғаннан кейін Қазақ-стан еңбекшілері бейбіт құрылысқа қайта оралды. Соғыс Қазақстан экономикасына да үлкен зардаптарын тигізді. Өнеркәсіп өнімдерінің, әсіресе бүқара халық көп қолдана-тын тауарлар өндіру түрлері қатты қысқарды. Еңбек ресурстарының проблемасы едәуір шиеленісті. Ауыл шаруашы-лығының материалдық-техникалық базасы әбден төмендеді. Сондықтан Кеңес өкіметі, оның жергілікті басшы органдары халық шаруашылығын қалпына келтіруге айрықша көңіл бөлді, оның қарқынын шапшаңдатуда тиісті шаралар жүзеге асырыла бастады. Елдің шаруашылық қүрылысы мен мәдени саласына мемлекеттік бюджет пен күрделі қаржы қайта бөлінді. Әскери шығындар барынша қысқартылды. Республикада соғыс қажеттерін өтеуге жүмыс істеген жүзде-ген кәсіпорындар азаматтық өнімдер шығару үшін қайта қүрылды.
-
жылы КСРО Қарулы Күштерінің едәуір бөлігін запасқа шығару есебінен Қазақстанға 104 мың солдат пен офицер, ал 1947 жылдың 1-ші қаңтарына қарай 188,2 мың адам келді. Өнеркәсіпте 8 сағаттық жүмыс күні қалпына келтірілді. Соғыс кезіндегі мерзімнен тыс жаппай жүмыс істеу және демалыс күндерінде қызмет ету тоқталды.Жүмысшылар мен қызметкерлерге ақы төленетін демалыстары берілді. 18 наурызда қабылданған төртінші бесжылдыққа арналған жоспар бойынша соғыстан бүлінген аудандарды қалпына келтіру, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының соғыстан бүрынғы дәрежесіне жетіп, одан едәуір асып түсу міндеті белгіленді. Сонымен бірге онда Қазакстан экономикасын өрге бастыруға үлкен мән берілді.Республикада ауыр индустрияны жедел дамыту, сондай ак, женіл және тоқыма өнеркәсібін одан әрі өркендету көзделді. Түрғын үй қүрылысын және қалалар мен жүмысшылардың түрақты аудандарында мәдени-түрмыстық орындар жүйесін кеңейтуге ерекше көңіл бөлінді. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын өркендету негізінде республика еңбек-шілерінің материалдық және мәдени тұрмыс дәрежесін одан әрі көтеру көзделді. Қазақстанға бөлінген күрделі қаржы көлемі одақ бойынша үшінші орынға шықты. Мүнда күрделі қаржы кәсіпорындарды қалпына келтіруден гөрі бүрынғыларын кеңейтіп, жаңа кәсіпорындар салуға бағытталды. Төртінші бесжылдықта бүкіл елде өнеркәсіп өнімі 1940 жылмен салыстырғанда 40 пайызға өсетін болып бел-гіленсе, Республикада ол 2,2 есеге арту көзделді.
Қазақстан халқы соғыстан кейінгі төртінші бесжылдық жоспардың көрсеткіштерін орьшдауға қүлшына кірісті. Бүл кезде, әсіресе ауыр өнеркәсіптің қара металлургия және түсті металлургия саласы ойдағыдай дамыды. Теміртаудағы қазақ металлургиялық қайта ецдеу зауытында үш прокат станы мен екі мартен пеші, Ақтобе ферросплав зауытының үшінші кезегі іске қосылды. 1950 жылы металлургиялық процестердің түйық цикілімен жүмыс істейтін Қарағанды металлургия зауытының қүрылысына арналған дайындық жүмыстары басталды. Өскеменде қорғасын-мырыш комби-натының қүрылысы одан ары жалғасты, 1947 жылы ол алғаш рет мырыш берді. Балқаш мыс қорыту зауытының қуатын арттыру женіндегі жүмыстар одан ары жүргізілді. Жезқазғанда аса ірі мыс балқыту комбинатының обьекті-лерінің кешенін салу жалғастырылды. Текелі қорғасын-мы-рыш комбинатының скінші кезегін іске қосуға әзірлік бас-талды. Шымкент, Риддер қорғасын зауыттары мен жүмыс істеп түрған басқа да кәсіпорындар қайта қүрылып ке-ңейтілді.
Тортінші бесжылдық тапсырмаларын орындау барысын-Да енеркәсіп салаларында жаңа техника түрлері енгізіліп отырды. Қарағанды көмір бассейиінде жұмыс істейтін алты жаңа шахта іске қосылды. Саран учаскесі пайдалануға оерілді. Көмір ашық әдіспен қазылатын Екібастүз кен орны паидалана бастады. Бесжылдық аяғына таман көмірді шабу мен қопару және оны темір вогондарына тиеу толық меха-никаландырылды. Бірқатар мүнай кәсіпшіліктерінің, соның ішінде Қаратон, Мұнайлы және басқа кәсіпшіліктердің і қосылуы мұнай өндіруді 1950 жылы соғысқа дейінгі кезең-мен салыстырғанда 52 пайызға көбейтуге мүмкіндік берді.
1950 жылы электр қуатын өндіру 1945 жылға қарағанда 2,3 есе өсті. Бесжылдық тапсырмасы бір жарым есе ар-тық орындалды. Өскемен жылу электр орталығының бірінші кезегі, Алматы қүлама су-электр станциялары-ның 6, 7, 8 ГЭС-тері, Тишин ГЭС-і, Қүлсары ЦЭС-і және басқалар іске қосылды. Қарағанды ГРЭС-інде жаңа қуат-тар орнатылды, жұмыс істеп тұрған көптеген электр стан-цияларының куаты арттырылды. Республикадағы аса ірі Өскемен ГЭС-ін, Жезқазған жылу-электр орталығын салу одан әрі жүргізілді.
Машина жасау өнеркәсібінде Ақмолада (Астана) бұрын-нан жұмыс істеп тұрған "Қазақсельмаш" зауытын, Қара-ғандыда автомобиль жөндеу зауытын салу аяқталды. Хи-мия өнеркәсібінде "Қаратау" кен-химия комбинатының, Жамбыл суперфосфат зауытының бірінші кезектері пайда-лануға берілді. Қостанай жасанды талшық зауыты алға-шқы өнімдерін шығарды. Қарағанды синтетикалық каучук (сағыз) зауытында екі цех қатарға қосылды. Ақтөбе химия зауыты кеңейтілді.
Темір жолмен жүк тасу 1945 жылғымен салыс-тырғанда 1950 жылы екі есе өсті. Бүл кезде темір жолда Матай станциясы депосының аға машинисі М. Қаптағаев-тың бастамасымен ауыр салмақты шапшаң составтар жүргізу үшін бесжүздікші машинистер қозғалысы өрістеді. Оның ізбасарлары локомотивтің тәуліктік орташа жүрісін 500 шақырымдық межеге жеткізді.
Тас жолдарының желісі үлғайды, автомобиль келігінің жүк тасу айналымы 1940 жылға қарағанда 1950 жылы 1,9 есе өсті. Қазақсташіың 21 қаласында автобустар жүре бас-тады. Әуе және өзен көлігі дамыды. Ұшақпен және өзен кемелерімен жүк пен жолаушылар тасу едәуір атты. Бес-жылдықтың тек соңғы жылында 119 мың адам су жолда-рымен қатынады.
3. 1953 жылы 5 наурызда Коммунистік партия мен Кеңес Одағының басында 30 жьтлдан астам отырған И. В. Сталин қайтыс болды.1953-1964 ж.ж. аралығындағы кезең Н.С.Хрущевтің атымен байланысты. Айтылып өткен кезең қазіргі тарихи ғылымда «Хрущевтік жылымық» деп аталынды. Ол ең алдымен саяси режимнің әлсірегенін білдіреді. КСРО-ның Жоғарғы Кеңесі кешірім жасау жайлы Жарлық қабылдады.Ауылды одан әрі қамаудың мүмкін еместігін түсінген Хрущев мемелекеттік салықты азайту аграрлы секторды инвистицияны ұлғайту тәрізді идеяларды партиялық шешімге енгізе бастады. Сталин өлгеннен кейін елде демократиялық қайта құру процесі қарқынды жүре бастады. Демократиялық өзгерістердің ықпалымен Кеңес өкіметі шамадан тыс орталықтандыруды босаңсытуға және одақтас республика-лардың шаруашылық, саяси-мәдени құрылыс саласындағы құқықтарын кеңейтуге бағытталған кейбір шараларды жүзе-ге асыруға мәжбүр болды. Бүл кезде Қазақстанның бюд-жет қүқықтары кеңсйтіліп, оның көлемі едәуір өсті. Атап айтқанда, 1951-1955 жж. онеркәсіпке жүмсалған қаржы-ның жалпы көлемі 1941-1950 жж. салыстырғанда 2,3 есе артты. Ал 1956 жылдан бастап табыстың кейбір түрлері бойынша республикалық бюджеттерге қаржы бүрынғыдан Да көбірек бөліне бастады. Қазақстан бюджетінің шығыс көлемі - 1953-1960 жылдарда 7 еседен аса үлғайды: 434, 9 млн. сомнан 3 млрд. 53 млн. сомға дейін жетті.
1954-1956 жылдарда одақтык министрліктерден респуб-лика қарамағына 144 ірі кәсіпорны, ал 1959 ж. түсті метал-лУргияның барлық 29 кәсіпорындары берілді. Мүның нәтиесінде одақтық-республикалық өнеркәсіптегі өндіріс көлемі 2 еседен артық ұлғайды.
1954 ж. партияның ОК ақпан – наурыздағы Пленумы Еуразия далаларын жыртуға ұйғарылған «Елдегі астық өндіруді одан әрі ұлғайту мен тың және тыңайған жерлерді игеру жайлы» шешім қабылданды.
Тың және тыңайған жерлерді игерудің алғашқы жылдары қолайлы болды.1956 жылы елде 125 млн. тонна рекордтық астық жиналынды, оның елу пайызы тыңайған жерлерден алынды. Бірақ экологиялық тепетендіктің бұзылуымен жел эрозиясы 50-жылдары аяғында нақты проблемаға айналды. 1960-жылы Солтүстік Қазақстанда тыңайған жерлерді тиімсіз игеру нәтижесінде щаруашылық айналымнан 90 млн.га топырақ шығарылды.
Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
-
Соғыстың алғашқы кезеңіндегі сәтсіздіктерді болдырмауға болатын ба еді?
-
Қазақстаннан шыққан батырларды атап кетші.
-
Қазақстанның фашизмді женуге қосқан үлесі.
Ұсынылатын әдебиет:
-
Қазақстан тарихы Очерктер, А-1993. 337-356б.
-
Верт Н. История Советского государства. 1900-1991. М-1992. стр.359-3877
3. Қозыбаев М. К. Ақтаңдақтар ақиқаты. А-1992. 247-263 б.
14-тақырып. Қазақстан «Кемелденген социализм» дәуірінде.
Лекцияның жоспары:
-
1965-1985 ж.ж.Қазақстан.
-
Әкімшіл-әміршіл жүйедегі Қазақстан. Брежнев билігі. Қазақстан Ресей ірі өндіріс орталығы.
3. Экологиялық дағдарыс: Арал теңізі, Семей полигоны.
Мақсаты: 1965-1985 жылдардағы Қазақстанның саяси- қоғамдық, әлеуметтік- экономикалық және мәдени өміріндегі өзгерістер туралы баяндау, талдау жасау.
1. 60-шы жылдардың басында онеркәсіп пен қүрылысты экономикалық аудандардың халық шаруашылығы кецес-тері арқылы басқару жүйесінің кемшіліктері бірден-бірге айқындала түсті. Өнеркәсіпті басқаруда халық шаруашы-лығы кецестерінде толып жатқан жаңа бөлімдердің қүрылуы өнеркәсіп салаларының болшектенуіне әкелді. Өндірісті басқарудың, жоспарлау мен экономикалық ынта-ландырудың түрлері мен әдістері слдің өндіргіш күштерінің жаңа, неғүрлым жоғары дәрежесіне сай келмеді, олардың дамуын тежеді.
Ауыл шаруашылығы ондірісін ойдағыдай дамытудың орасан зор мүмкіндіктері жете пайдаланылмады. Республикада қоғамдық және жеке мүдделерді үштастыру, колхоз, совхоз еңбеккерлерінің егіншілік пен мал шаруашы-лығы өнімдерін арттыруға деген материалдық ынталылығы принципінің бүзылуына жол берілді. Жоспарлауда, ауыл шаруащылық дақылдарын орналастыруда елеулі кемшілік-тер орын алды. Таза жер колемінің азайтылуы тың жердегі епншілікті жүргізу жүйесіне зиянын тигізді, егіс алқапта-рының қалыптасқан қүрылымы бұзылды. Осының салда-Рынан Қазақстанда астық өндіру томендеп кетті.Хрущев Қазақстанды сынақ алацы ретінде пайдаланып,көптеген тың тәжірибслерді, оның ішінде келешегі жоққа Тән тәжірибелерді республикада сынақтан өткізіп байқап еРДІ. Гидропоникалық әдіспен өсімдік өсіру, жүгеріні жап аи егу, т. б. осы сияқты тәжірибелер Қазақстан шарушылықтарында байқаудан өтті. Оның айтуымен республика-ның оңтүстіктегі аудандары көршілес республикаларға берілді, өлкелер құрылды. Көптеген қалалардың аттары өзгертілді. Сөйтіп, Ақмола - Целиноград атанды. Оңтүстік Қазақстан облысы - Шымкент облысы, ал Батыс Қазақстан облысы - Орал облысы болып өзгертілді. КОКП Орталық Комитетінің 1965 ж. қыркүйек айында өткен Пленумының шешімдері бойынша өнеркәсіп салала-рында жоспарларды жетілдіру, сондай-ақ, жаңа техниканы енгізу, материалдық ынталандыру бағдарламасын іске асы-руға айырықша көңіл бөлінді. Жаңа техниканы енгізу үшін әрбір кәсіпорында жоспар жасалды. Ірі кәсіпорындары мен қүрылыстарда техникалық прогреске жәрдемдесу жөніндегі арнаулы комиссиялар қүрылды. Олар өндірістік процестерді механикаландыру мен автоматтандыру жоспарларының іске асуына ықпалын тигізді. Соньтң нәтижесінде көптегеп кәсіпорындар, оның ішінде Қарағандының 2-ГРЭС-і мен Бүхтарма ГЭС-і техникалық-экономикалық көрсеткіштері жоғары станцияларға айналды. Екібастүз көмір разрезі өнімділігі жоғары механизмдермен жарақталған көмір өндіретін өркендеген кәсіпорын қатарына қосылды.
"Тоқырау" кезеңі дейтін 1971-1985 жылдар аралығында Қазақстан экономикасы бұрынғысынша техникалық прогреске қабілетсіз, қарабайыр әдіспен алға басты. Бұл жыл-Дары өиеркәсіпті өркендетуге 40,8 млрд. сом немесе халық шаруашылығына бөлінген барлық каржының 32 пайызы жұмсалды. Негізгі өндірістік қорлар 3,1 есе артып, оның ішінде химия және мұнай-химиясында 6,5 есе, машина жа-сауда 4 есе, отын өнеркәсібінде 3,8 есе өсті. 15 жыл ішінде өнеркәсіп өнімініц жалпы көлсмі екі есе, ал машина жасау, химия өнеркәсібі сияқты салаларда үш еседен астам артты. Знергетикада электр қуатын өндіру одан ары шоғырланып орталықтандырылды. 1975 жылы республиканьщ барлық кәсіпорындары дерлік бір орталықтан энергиямен жабдық-талды. Шевченко қаласында шапшаң нейтронға негізделген дүние жүзіндегі аса ірі атом реакторы жүмыс істеді.Минерал тыңайтқыштар шығару тоғызыншы бесжылдық та 1,8 есе, сары фосфор өндіру 2,5 есе көбейді. Машина жасау және металл өңцеу саласындағы өсудің жылдық ор. таша қарқыны 12 пайызға жетті.Бұл көрсеткіштер оныншы және он бірінші бесжылдық-тарда да кеміген жоқ. 1980 жылы 250-ге жуық кәсіпорын, ірі өндірістер мен цехтар қатарға қосылды, өндірістің жаңа салалары пайда болды. Дегенмен, осы жылдарда КСРО бірыңғай халық шаруашылығы жүйесіне әбден кірігіп кет-кен Қазақстан экономикасы қалыпты да қарқынды дами алған жоқ.
Өндірістің теңестірілмеуі, нұсқау арқылы басқарылуы жағдайында жылдық, тоқсандық және айлық тапсырмалар-ды өзгертіп отыру үйреншікті іске айналды. 1981-1985 жыл-дары Қазақстанда әр түрлі министрліктер мен ведомство-лардың жоспарлары 300-ден астам рет өзгертілген. Күрделі қүрылыста "сақалды" объектілер берік орын алды, жос-парлы қүрылыстардың орнына жоспардан тыс көптеген қүрылыстар салынды, бітпеген объектілерді пайдалануға беру, қосып жазу, қүрылыс материалдарын талан-таражға салу көбейді. 70-жылдарда қүрылыста бригадалық-мерді-герлікті дамыту қозғалысы басталды.
Бүл кезде Қазақстанда экономиканы дамытуда интен-сивті жолға көшу және ғылыми-техникалық прогресті өрістетуге бағыт алынды. Қызықты идеялар мен үсыныс-тар аз болған жоқ, жаңашылдар мен өнертапқыштардың саны көбейді, тек 1981-1985 жж. жаңашыл ұсыныстар бер-ген авторлардың саны 818,8 мың адамға жетті. Алайда, олар өндіріске ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін ен-гізу практикасында аз ықпал жасады. Көптеген кәсіпорын-дарда өндірістің бүкіл процесі емес, тек жеке учаскелері ғана автоматтандырылды, немесе комплексті механикалан-дырылды. 80-ші жылдардың орта кезінде өнеркәсіптегі жүмысшылардың үштен бірі, қүрылыста жартысынан ас-тамы ауыр қол еңбегін атқарды, олардың творчестволык белсенділігі төмен болды. Кәсіпорындарда социалистік жа-рысты үйымдастыру формальды сипат алды. Ресми мәлімет бойынша бүл жылдары жарысқа жүмысшылардың 90 пай-ызы қатысқанымен, мүның өндірістің өсу қарқынына, еңбек енімділігіне, өнімнің сапасын жақсартуға, өндірісті жетіл-діруге ықпалы болған жоқ. Өндірісте немқүрайлылық, са актык, ынта-жігерсіздік тағы басқа да келеңсіз керіністер үйреншікті әдетке айналды.
2. ХХ ғ. Басындағы Қазақстанның мәдениеті негізінде түрлі әлеуметтік күштердің әртүрлі мәдени қызметі мен күресі жатқан, өтпелі қоғамның күрделі бейнесін бейнелейді.
1935 ж. Бастауыш мектептер торабы құрылды. 50 жж. Жалпы жеті жылдық білім беру, 60 жж. сегіз жылдық, ал 70 жж. Орта білім беру жүзеге асырылды. Мәдени революция халықтың сауаттылығын көтеру үшін емес, қайта керісінше «жаңа адамды», яғни «мәңгүртті» өсіріп шығару үшін ойлап табылды.
60-70 жж. 27 жоғары және 100 астам орта арнайы оқу орындары ашылды. Білім беру жүйесінің идеологияландырылғанына қарамастан, жоғарғы оқу орындарындағы даярлық сапасы жоғары болды.
Соғыстан кейін аса ірі оқиға Қазақстан ғылым Академиясының ашылуы болды (1946 ж.). Бірінші президенті болып аса көрнекті ғалым Қ.И.Сатпаев сайланды. ХХғ.90 жж. таман Ғылым Академиясының құрамында 32 ғылыми мекеме, 250-ге жуық ғылым доктарлары мен 2000 ғылым кандидаттары болған.
Қазақстанның өнері мен әдебиеті мен әдебиеті Орталық Азияның көшпелілерінің мың жылдық мәдениетінің бай мұрасына ие. ХХғ. 20-30 ж.ж. әдебиет көрнекті шығармашыларға бай болды.( ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, С. Торайғыров, А. Байтұрсынов, Ш. Құдайбердиев, кейінірек Б. Майлин, І . Жансүгіров, С. Сейфуллин және т.б.).
ХХғ. 30-40 жж. қазақ әдебиетіндегі ірі құбылыс М.Әуезовтың пъесалары, повестері және роман – эпопеясы болды. Соғыстан кейінгі кезеңде көркем әдебиет бірнеше жазушы ұрпақтарының шығармашылығымен баи түсті. О.Сүлейменовтың, І.Есенберлиннің, Ә.Кекілбаевтың, М. Шахановтың, О. Бөкеевтың және т.б. кітаптары үлкен сұраныста болды.
Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
-
60-жылдардағы экономикалық реформалардың сәтсіздіктерінің себептері неде?
-
Халық шаруашылығының басқарудағы өзгерістер болды ма?
-
Қазақстанның халықаралық байланыстары.
Ұсынылатын әдебиет:
-
Қазақстан тарихы Очерктер, А-1993.
-
Верт Н. История Советского государства 1900-1991.М-1992. стр.387-429.
3. Кузембайулы А., Абилулы Е. История Республики Казахстан. Астана – 2000. стр.342-350.
15-тақырып. Қазақстан Республикасы – егеменді, тәуілсіз мемлекет
Лекцияның жоспары:
1. Қазақстан Горбачев реформалары тұсында. Желтоқсан оқиғасының тарихилылығы.
2.Қазақстанның мемелекеттік тәуелсіздігінің қайта жаңғыруы.
3.Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясаты.
Мақсаты: Дербестігін алған Қазақстан Республикасының саяси- тарихи дамуынан және 90 жылдардың соңындағы дамуының саяси реформалардан кейінгі үрдістер барысын түсіндіру және талдау.
1. 1985 жылғы сәуір айында Кеңестер Одағы Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің пленумы болды. Онда Ор-талық партия Комитетінің Бас хатшысы М. С. Горбачев баяндама жасап, қоғамды демократиялық бағытта қайта құру жөнінде шешім қабылданды. Бірақ бұл шешім тек сөз жүзінде қалды. Іс жүзінде ол кеңес қоғамын ыдыратуды тездетті. Оны Қазақстанның партия, кеңес органдары қызметінен байқауға болады.
Тоқырау жылдарында Одақтың барлық ауқымында, оның ішінде Қазақстанда да басқару ісінде жағымпаздык, парақорлық, рушылдық, жершілдік сияқты көптеген ке-леңсіз құбылыстар орын алғаны белгілі. Бұл жылдары ұлт саясатында, әлеуметтік-экономикалық және кадр мәселе-лерінде кептеген ауытқушылыққа жол берілді. Жалпы бар-лық кеңес қоғамында бұл кезде қоғамдық ойдың мәні өзгеріп, сөз бен істің арасында алшақтық, қайшылық кең өріс алды. Кадр мәселелерін шешу партия комитеттерінің тек бірінші басшыларының айтуымен, солардың таңдауы-мен жүретін болды. Оларды іріктеуде тек туыстық, жер-лестік, бастыққа берілгендік жағдайлар маңызды рөл атқ-арды. Бүл Коммунистік партияның, соның ішінде Қазақстан Компартиясының да барлық деңгейінде керініс тап-ть1. Көптеген басшы партия қызметкерлері мен партия ко-митеттері ескіше қызмет етті. Казақстан Компартиясының Орталық Комитеті қүрамында сапалық өзгерістер аз бол-ды. Осыдан келіп, аса маңызды мәселелерді шешуде прин-ципсіздік, түрақсыздық, қоғамдағы жағымсыз жағдайлар-ды жасыруға, аздаған жақсы істерді ерекше мадақтап, жо-ғары көтермелеп тек жақсы жағынан көрсетуге тырысты. Сол кездегі Республика Министрлер Кеңесінің төрағасы Н. Ә. Назарбаев 1986 жылғы ақпан айында өткен Қазақстан Компартиясы XVI съезінде жасаған баяндамасында және съезде шығып сойлеген басқа да делегаттар осындай келең-сіз жағдайларды өткір сынға алды. Олар көптеген күрделі және маңызды мәселелерді партия комитеттерінің дер кезінде шешпейтінін, олардың қызметі ауқымынан тыс қала-тынын, күрделі мәселслерді шешуге ескіше қараудың кеңі-нен орын алып отырғанын ешқандай бүкпесіз айтып берді. Қазақстанның жоғарғы органдарына орталықтан басшы кадрлар жіберу кеңінен орьш алды. Оларды қызметке жібер-генде жергілікті жердің пікірі, республиканың тарихи жағ-дайы, оның салт-дәстүрі есепке алынбады. Мүндай жағдай 1986 жылғы 16 желтоқсан күні Қазақстан Компартиясы Ор-талық Комитетінің бірінші хатшысы Д. А. Қонаевты орны-нан алған кезде айырықша көзге түсті. Пленум мәжілісі небары 18 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде 22 жыл Қазақстан Компартиясьш басқарған Д. А. Қонаев қызметі-нен алынып, оның орнына Мәскеу жіберген Г. В. Колбин сайланды.Мүның өзі қайта қүру мен демократиядан үлкен үміт күтіп отырған республика халқының, соның ішінде қазак, жастарының наразылығын туғызды. Пленум өткеннен кейін екінші күні Орталық партия Комитеті үйі алдындағы алаңға әздеріңің Плеыум шешімімен келіспейтіндігін білдіру үшін жүмысшы және студент жастар, оқушылар, т. б. жиналды. Олардың қолдарында үстаған үрандарының арасында «Әр халықтың өз үлттық көсемі болу керек» деген үран болды. Мұндай көсемнің Қазақстанда түратын орыс халқы өкілдерінен де мүмкін екендігі айтылды. Міне, осындай күрделі жағдайда Г. В. Колбин партия Орталық Комитетінің бюро мәжілісін шақыртып, оған С. М. Мүқашев, Н. Ә. Назарбаев, 3. К. Камалиденов, О. С. Мирошхин, М. С. Меңдібаев А. П. Рыбников, Л. Е. Даулетова, В. Н. Лобов, т. б. катына-стьт. Бірақ олар алаңға шыққан жастардың жүрегіне жол таба алмады.
Алаңда болып жатқан жағдай, республика басшылары-ның, соның ішінде Г. В. Колбиннің ойында қазақ жастары-ның арасында елдегі социалистік құрылысқа қарсы астыр-тын әрекет, ұлтшыл ұйым бар деген пайымдау мен арам пиғылды туғызды. Бірақ ондай ұйымның бар-жоқтығы кейін канша тексерсе де анықталмады. Алаңда жиналған халық пен милиция және әскерлер арасында қақтығысулар жүрді. Ереуілге қатысушылар таспен, таяқпен қаруланып жазалаушыларға қарсылық көрсетті. Олар жастарға мүздай су ша-шып, алаңнан қуу үшін алаңға әкелінген бірнеше өрт сөндіргіш машиналарды өртеп жіберді. Қақтығысудың ба-рысында Е. Сыпатаев және С. Савицкий деген азаматтар қаза тапты. Осыған байланысты үкімет органдары алаңға шығушыларға қарсы күш қолдана бастады. Алматыға ба-сқа жерлерден арнайы әскери болімдер әкелінді.
1987 жылғы шілдеде КОКП Орталық Комитеті "Қазақ республикалық партия үйымдарының еңбекшілерге интер-националдық және патриоттық тәрбие беру жүмысы туралы" арнайы қаулы қабылдады. Онда 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы Қазақстандағы үлтшылдықтың көрінісі деп ба-ғаланды. Бірақ кейіннен бүл шешім қате деп табылды. Өйткені қазақ халқы ешуақытта үлтшыл болып корінген емес еді.
Қазақ жастарының 1986 жылғы желтоқсандағы шеруінің түрі үлттық болғанымен үлтшылдық емес еді. Ол басқа халықтарға, соның ішінде орыс халқына қарсы бағыттал-маған болатын. Шеру саяси сипаттағы бейбіт демонстра-ция еді, мемлекеттік қүрылысты қүлатуға шақырған жоқ-ты. Бірақ республиканың және орталықтың партиялық-бю-рократиялық қүрылымы тарапынан ол экстремистік пиғыл-дағы үлтшыл жастар тобының бүлігі деп бағаланды. Жүйе оны "Қазақ үлтшылдығы" деп айыптауға дейін барды.
Осыған байланысты 1987 жылғы 14 наурызда өткен Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті Пленумының шешіміне сәйкес партия үйымдарында тазалау басталды. Атап айтқанда, өздерінің жіберген қателіктерін ашык мойындау, номенклатуралық жетекші қызметкерлерге мінездеме беруді жаңарту, бастауыш партия үйымдарында жеке коммунистердің, ал жетскші қызметкерлердің өз қызмет орындарында, түратын жерлердс есептері тыңдалды. Есеп беру барысында, тек 1987 жылы облыстық партия коми-теттерінде істейтін жауапты қызметкерлердің 28 пайызы, ал қалалық және аудандық партия комитеттерінің әрбір үшінші қызметкері жүмыстан босатылды. Олардың әрбір оныншысы қызметте жіберілгеп кемшіліктері үшін деген мінездемемен орнынан алынды. Мүндай тазарту жүмыста-ры сондай-ақ кеңес, кәсіподак, комсомол органдарында да кеңінен жүргізілді.
Желтоқсан оқиғасы бойьшша тергеу барысьшда 99 адам сотталды, 264 адам жоғары оқу орындарынан, 758 адам комсомолдан шығарылды. 1164 БЛКЖО мүшесіне, 210 партия мүшесіне әр түрлі жаза берілді, 52 адам КОКП қата-рынан шығарылды. Ішкі істер мииистрлігінен 1200 адам, Денсаулық сақтау жәис Колік мииистрліктсрінен 309 адам жүмыстан босатылды, жоғары оку орындарының 12 ректо-ры қызметінен алынды.
Жергілікті кадрларды қуғыпға салған Г. В. Колбин Ор-талық партия Комитеті бюро мүшслсрінің пікірімен санаспады, олардың талаптарын қабылдамады, мәселелерді көп жағдайда өз еркімен шсшті. 1989 жылы наурыз айында Г. В. Колбин Халықтық бақылау комитетініц төрағасы болып тағайындалып Мәскеуге кетті. Оның орнына сол жылғы шілдеде Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып Н. Ә. Назарбаев сайланды.
Мәселені әрі қарай тексеру үшін Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі жанынан арнайы қүрылған, Мүхтар Шаханов баста-ған комиссия егжей-тегжейлі тексерді. Оның барысында, Қазіргі кезеңнің талабымен қарағанда, алғаш рет демокра-тия және жариялылық жағдайындағы халықтың еркіндік үшін көтерген талабы мен ескі партиялық ойлау арасын-Дағы қақтығыстың болғандығы ашып корсетілді.
Бір ерекше айтып кететін жәйт, қайта қүру жағдайында бүқаралық хабарлама оргапдары слдегі, соның ішінде Қазақстанда болып жатқан жағдайларды, өзгерістерді ешқандай бүкпесіз ашық жариялап отырды.
Кеңестер Одағыньщ қүлауының саяси себептері туралы айтқанда, ондағы саяси-идеологиялық бірлік пен біртүтас-тық сол сексенінші жылдардың соцы мен тоқсаныншы жыл-дардыц басында-ақ козден ғайып болғанын ерекше атап көрсеткен жөи. Бүл кезде бүрынғы Кеңес Одағы елдерінде бүрын болмаған үлт толқулары күшейді. Ең қауіптісі - олар таза ұлттык сипат ала бастады. Сумгаиттегі, Таулы Кара-бахтағы, Вильнюстегі, Ферғанадағы оқиғалар үлттық мәселелерді шешудің ешқандай бағыт-бағдары жоқтығын анық-тады. Кеңестік кезеңде қабылданған мәлімдемелер, түжырмнамалар, бағдарламалар ұлтаралық қатынастар мен оны шешудің жолдарын нақты көрсетіп бере алмады. Ел басында отырған басшылар ұлт мәселесінің байыбын терең түсінбеді, оныц теориялық базасы жасалмады. Ақыр соңында үлтаралық қайшылықтар тартысқа, ал тартыс қантөгіске әкеліп тіреді. Бүған мысал ретінде Қазақстанда болғ-ан 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасын айтуға болады.
Сондықтан бірқатар үлт республикалары Одақтан белініп шығу, өздерінің егеменді мемлекет болуы женіндегі талаптарын қойды. Міне, осының нәтижесінде 1988 жылдың Қараша - 1989 жылдың мамыр айлары аралығында Балтық жағалауындағы Эстония, Литва, Латвия республикалары ездерініц егемендігі туралы алғашқы қүжаттарын кабыл-Дады. Сейтіп, олар КСРО қүрамынан шығып, жеке тәу-елсіз мемлекетке айналды. Осыдан кейін, көп кешікпей-ақ, яғни 1989-1990 жылдары егемендік туралы Декларацияны КСРО-ның басқа республикалары да қабылдады. Сөйтіп, 74 жыл боііы өмір сүрген республикалар Одағы ыдырады.
2. Қазақстан республикасында егемендік алғаннан кейінгі бірінші кезектегі міндеттер егеменді мемлекет құру, азаматтық қоғамды қалыптастыру болды. Осы бағыттағы сапалы секіріс 1990 ж. 25-ші қазанында Қазақ ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияны қабылдау болды және 1978 жылғы Қазақ ССР-нің Конституциясына сәйкес түзетулер арқылы президент институтын енгізді. Президент лауазымын енгізу нақты тәуелсіздік жолындағы, егемендікті қорғау және мелекетті саяси және экономикалық дағдарыстан шығару жолындағы республика басшылығының дер уақытындағы қадамы болды.
1991 ж. 16 желтоқсаны республиканың саяси – конституциялық дамуының жаңа сатысы болды және ұлттың жеке даралығына құқылығы, құқық пен жеке бас еркіндігі, саяси тұрақтылық, өкіметті бөлу, ұлтаралық келісім және т.б. сияқты негізгі демократиялық принциптерді білдірді.ҚР-ның конституциясы 1995 ж. 30-ші тамызда Бүкілхалықтық референдумда қабылданды.
1993 ж. ҚР Конституциясының қабылдануы Қазақстанның демократиялық мемлекеттігінің қалыптасуының белгілі бір сатысы болды. 1994 ж. 7-ші наурызда Қазақстан республикасындағы сайлау жөніндегі жаңа Кодекске сәйкес ХІІ-ші шақырылымының Жоғарғы Кеңеске сайлауы өтті.
Қазақстан егемендік алғаннан кейін зайырлы, демокра-тиялық, қүқықтық және әлемге ашық мемлекет құруға кірісті. Мұны іске асыруда еліміздің тарихи және отарлау-да болған мұрасы, оның саяси мәдениетінің өзіндік ерек-шелігі, мемлекет пен қоғамның өзара қарьш-қатынасы жан-жақты ескерілді. Елімізде саяси партиялардың және парти-ялық жүйелердің орнығуына, күшті заң шығарушы органның, тәуелсіз баспасөз және автономиялық жергілікті басқарудын дамуына кеп көңіл болінді. Қоғамды демократияландыру барысында жаңа саяси институттар - парламент, 1993-ші және 1995 жылдардағы Конституциялар қабылдан-пы, тәуелсіз сот билігі қалыптасты.
1992 ж. 4-маусымда ҚР-сын мемлеекттік туы, елтаңбасы, әнұраны бекітілді. Мемлекеттік символдардың тарихтың, мәдениетті бейнесі болып табылады, олар еліміздің қайталанбас өзіндігін паш етеді және оның азаматтарының сана сезімін білдіру еді.ҚР-ның мемлекеттік туы, авторы Ниязбеков Ш., мемлекеттік елтаңба, авторлары Мәлібеков Ж., Уәлиханов Ш., мемлекеттік әнұранның авторлары Нәжімедденов Ж., Назарбаев Н.
1997 ж. еліміздің президентінің Қазақстан халқына «Қазақстан - 2030» бүкіл қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі және игілік жағдайының жақсаруы Үндеуі жарияланды.Онда ұлттық қаіпсіздік, ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамды жұмылдыру, экономикалық өрлеу, әлеуметтік даму стратегиясы, инфрақұрылым, транспорт және байланыс, энергетикалық ресурстар, кәсіби Үкімет мәселелерінің даму жайы қарастырылады.
3. Қазақстан өзінің тәуслсіздігіи алғаннан кейін, егемен мемлекет ретінде халықаралық байланыс жасауға, озінің сыртқы саясатына айырықша көңіл бөледі. Бұрын КСРО-ның құрамында болғанда Қазақстанның ондай мүмкіндігі, жеке саясат жүргізу кұқы болмағаи-ды.
Қазақстан өзінің сыртқы саясатында, әсіресе, басты үш мәселеге ерекше назар аударады. Біріншіден, басқа елдер-мен, соның ішінде бұрынғы Одаққа кірген республикалармен, Азия, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы, Еуропа елдері және Америка Құрама Штаттарымен халықаралық байланысты өркендету. Екіншіден, шет елдермен тек дип-ломатиялық байланыс қаиа орнатып қоймай, сонымен қатар олармен мәдени-экономикалық байланысты күшейту, сол арқылы алдыңғы қатарлы оркениетті елдердің қатарына Қосылу. Үшіншіден, Қазақстанның қауіпсіздігін сақтау, дүниежүзілік соғысты болғызбау, ядролық қаруды қолда-нуды болдырмау.
Міне, осы бағытта 1991 жылдан бастап тәуелсіз Қазақ-стан көптеген игі шараларды іске асыруда. Бұл уақыт ішінде Қазақстан Республикасын дүние жүзінің 180-нен астам мемлекеті таныды. 2002 жылдың басында Қазақстан 130-дам астам елмен дипломатиялық қатынастар орнатты. Қазақ-станды алғашқылардың бірі болып Түркия, АҚШ, Фран-ция және т. б. мемлекеттер мойындады. Қазірде Қазақстан шет елдерде 50-ден астам дипломатиялық және консулдық екілдіктер ашты. Ал Алматыда және Астанада 60-тан ас-там шетелдік елшілік пен миссия, халықаралық және үлта-ралық үйымдардың ондаған өкілдігі жүмыс істейді.
Қазақстанның сыртқы саясатында ерекше назар ауда-рып отыратын мәселе, ол - өзінің ең жақын және ірі көрші мемлекеттерімен, соның ішінде солтүстікте Ресеймен, ал шығыста Қытай Халық Республикасымен ойдағыдай қарым-қатынас орнату. Осы саясаттың нәтижесінде Қазақстан Рес-публикасының егемен ел ретіндегі алдағы болашағы да бай-ланысты. Сондықтан қалай дегенде де, солтүстігімізді жай-лаған ¥лы елмен әрқашан жақын болу керек. Өйткені Қазақстан үш ғасырға жуық уақыт Ресеймен тарихи сабақ-тас, тағдырлас, көршілес қонып, шекаралас болып қатар өмір сүрді. Осы уақыт ішінде Қазақстан мен Ресейдің шежіресінде талай күнгей де, күңгірт беттері болған. Олар-ды адамдар ауыздан-ауызға жеткізіп, үрпақтан-үрпаққа беріп отырған. Ресеймен, орыстармен қарым-қатынастың қандай болуы, оны қалай қүру жөнінде қазақтың ғүламала-ры, дана билері өз заманында-ақ айқын да анық айтып кет-кен. Ал егемендік алғанға дейін жетпіс төрт жыл бойы Қазақстан мен Ресей Кеңестер Одағы қүрамында ез тәуелсіздігін қойып, өз мүдделерін үмытып, ортақ шаруа атқарып, ортақ қазанға қызмет етті. Барлық шаруашылык, бар тіршілік осыған бейімделіп, Кеңес өкіметінің талабын орындады. Енді Кеңес Одағы тарағаннан кейін, бүл екі елдің арасында тең қүқық негізінде саяси және экономикалык қатынастар орнады.
Осы жағдайларды ескере отырып Қазақстан мен Ресей 1991 ж. КСРО тарап, тәуелсіздікке қол жеткеннен кейін өздерінің сыртқы саясатында халықаралық қүқык пинциптері егізіндебірбірімен стратегиялық байланыс,остык, тату-тәтті көршілік және өзара тиімді ынтымақтатык катынастарды дамытуға айрықша көңіл бөліп келеді.Оған Қазақстан мен Ресей арасында 1992 ж. 25 мамырдағы достык, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа кол коюдың зор тарихи маңызы бар. Ал 1995 ж. 20-шы кантардағы Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын кеңейту және тереңдету туралы бірлескен декларацияда екі ел жоғарыдағы қол қойған шарттарды одан ары бүлжытпай орьтндап отыратындығы женінде мәлімдеді.
Бауырлас халықтардың достығы мен ынтымақтастығын нығайтуда 1996 ж. 27-ші сәуірде Рссей Федерациясының Президенті Б. Ельцин мен Қазақстан Президенті Н. Ә. На-зарбаев Алматыда кездесіп, Қазақстан мен Ресей бірлескен Декларациясына қол қоюының маңызы өте зор болды. Онда Қазақстан мен Ресейде жүргізіліп жатқан демок-ратиялық қайта қүрулар мен саяси-экономикалық рефор-малардың екі ел халықтарының болашағы үшін үлкен мәні бар екендігі атап керсетілді. Мемлекеттің басшы-лары бүдан былай да екі ел арасындағы егемендікті, тәуелсіздікті қүрметтеу, аумақтық түтастық пен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау принциптерін сақтау негізінде дами беретінін қуаттады.
Ресей Федерациясымен Қазақстан арасында ынтымақ-тастыктың одан ары тереңдеп дамуында 1998 жылы 6-шы шілдеде Мәскеуде қол қойылған XXI ғасырға бағдарланғ-ан мәңгілік достық пен ынтымақтастық туралы Деклара-цияның тарихи маңызы ерекше. Оның негізінде Қазақстан мен Ресей Каспий теңізінің қүқықтық мәртебесі мәселесін шешуді тоқтап қалған жерінен алға қарай жылжытты. Екі мемлекет арасындағы қаржылық өзара келіспеушіліктерді реттеу және Байқоңыр космодромын бірлесіп пайдалану мәселелері шешілді.
2000 жылдың 25 каңтарында Қазақстан Елбасы Н. На-зарбаев пен Ресей Президенті В. Путинмен кездесуі болды. Онда екі жақты қарым-қатынасты одан ары жетілдіре түсуге жете мән берілді.
Ал 2002 жылы желтоксан айында Қазақстан Президенті Н- Ә. Назарбаевтьщ Мәскеуге ресми сапары барысында Қазақстан мен Ресей арасында қалыптасқан достық байланыстарды барынша тереңдетуге күш салынатыны баса ай-тылды. Олардың ішінде Байқоңыр ғарыш кешенін одан әрі бірлесіп пайдалану мәселесі тағыда сөз болды. Сондай-ақ аймақтық және халықаралық көкейкесті проблемалар төңірегінде жан-жақты пікір алмасылды. Екі жақтьі деңгейдегі, ТМД, ЕурАзЭҚ, Үжымдық қауіпсіздік, ШЫҰ шеңберлеріндегі ынтымақтастық қарым-қатынастар аймақ-тағы елдер қауіпсіздігінің, интеграциялануының басты кепілі болып табылатыны атап көрсетілді.
Қазақстан мен Ресей арасындағы саяси байланыстар 2003-2004 жылдары одан ары дами түсті. Оған 2003 жылы Ресейде Қазақстан жылының жариялануы үлкен әсерін тигізді. 2003 жылы Ресей орталығы мен облыстарында 150-ден астам түрлі деңгейдегі іскерлік кездесулер, мәдени ша-ралар мен отандьтқ өнімдер көрмелері өткізіліп, екі жақты тиімді келісім шарттарға қол қойылды. Қазіргі кездерде екі жақты қарым-қатынастардың шартты қүқықтық негізі 350-ден астам келісімдер мен шарттардан түрады. Солар-дың ішінде екі ел, әсіресе Евразия кеңістігіндегі түрақты-льтқты нығайтуға, үлттық, аймақтық және халықаралық қауіпсіздікті күшейтуге ерекше назар аударады.Қазақстан мен Ресей Еуразия аймағының, Каспий теңізінің түрақтылығы мен қауіпсіздігіне де аса зор мән береді.
Ресей мен Қазақстан арасындағы мемлекеттік шекара-ны делимитациялау жөніндегі бірлескен жүмыстарда не-гізінен аяқталып қалды. 2004 жылы жалпы 7,5 мың шақырым шекаралық қашықтықтың 7356 шақырымы немесе 98 пайызы бедерленіп, бейнелеу жүмыстары аяқталған.
Қазақстан үшін Оңтүстік-Шығыстағы үлкен көрші Қытайсыз әлдебір үлкен саясат жүргізу қиын екенін ерекше атап айту керек. Сондықтан тәуелсіздік тізгіні қолға тигеннен бері Республиканың сыртқы саясатында темірқазыққа айналған бағдарлама Қытай Халық Респуб-ликасымен қарым-қатынастарды айқындау. Міне, осы ба-ғытта Қазақстан бірқатар шараларды іске асырып, Қытаймен достық байланысты орнатуда едәуір табыстарға қол жеткізеді.
Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
-
Нарықтық экономика дегеніміз не?
-
Қазақ Республикасының тіл туралы Заңы қай жылы қабылданды?
-
Қазақстанның мемлекеттік рәміздері туралы не білесің?
Ұсынылатын әдебиет:
-
Қазақстан тарихы Очерктер, А-1993. 407-413б.
-
Конституция Республики Казахстан. А-1995.
3. Назарбаев Н.А. Қазақстан 2030. Ел президентінің Қазақстан халқына жолдауы //Егемен Қазақстан 1997. 11 қазан.
3.Практикалық сабақтың құрылымы
1 тақырып. Кіріспе. Өркениеттер көзі.
Мақсаты: Өркениет түсінігін қалыптастыру. Қазақстан даласындағы өркениет ерекшеліктерін білшідіру арқылы көне мәдениетті түсіндіру.
Міндеті: Тас дәуірі, оның кезеңдері және мәнін, сол кездегі табиғат жағдайларын және қола дәуірі- кезеңдерін, шаруашылық,мәдениет және қоғамдық қатынастарды білу. Қола ғасырының тайпалары және антропологиялық сипаттамасын анықтау.
1.Тас дәуірі.
2.Неолит дәуіріндегі Қазақстан.
3.Қола дәуірі.
Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
1.Қазақстандағы палеолит және оның даму кезендері.
2.Қазақстан жерінде тас ғасырының қандай археологиялық ескерткіштерді білесіздер?
Ұсынылатын әдебиет
1.Қазақстан тарихы Көне заманнан бүгінге дейін. 4 томдық 1 т. А-1996. 2 тарау.
2.Қазақстан тарихы Очерктер, А-1993. 413 б.
3.Жолдасбайұлы С. Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан. А-1995. 3-9 б.
2 тақырып. Қазақстан сақ және ертетаңдық мемлекеттер кезеңінде.
Мақсаты: Қазақстан даласында өткен ежелгі мемлекеттерді оқи отырып, көне мемлекеттер жайлы тарихи түсінік беру.
Міндеті: Ерте темір дәуірінің ерекшеліктерін, сақтардың тұрмысы мен мәдениеті және қоғамдық құрылысын білу. Ғұн және үйсін мемлекеттерінің саяси тарихындағы негізгі оқиғаларды, олардың шаруашылығы, әлеуметтік- экономикалық қатынастарын, мәдениетін ұғыну қажет. Қаңлылардың саяси тарихы,мәдениеті және шаруашылығына талдау жасау керек.
1.Сақ және ежелгі мемлекеттер кезеңі.
2.Ғұн және Үйсін мемлекеттері.
3.Қаңлылар.
Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
1.Сақ, үйсін,ғұн және қанлы тайпаларын кай антропологиялық типтерге жатқызуға болады?
2.Геродот сақтарды қалай атаған?
3.Қазақ даласында өмір сүрген тұрғындар қандай дінді ұстанған?
Ұсынылатын әдебиет
1.Қазақстан тарихы Очерктер, А-1993. 30-53 б.
2.Жолдасбайұлы С. Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан. А-1995. 26-4 б.
3.Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан летопись трех тысячелетий. А-1992. стр.31-69.
3 тақырып. Ерте және кейінгі ортағасырлар мемлекеттері.
Мақсаты: Ерте және кейінгі ортағасырлардағы мемелекеттері бойынша салыстырмалы мәліметтер беру.
Міндеті: Түрік, Батыс Түрік ,Түркеш және т.б. мемлекеттер туралы түсініктерді қалыптастыру. Түрік халықтарының мәдениеті туралы мағлуматтар алу және дерек көздерімен танысу.
1. Түрік және Батыс Түрік қағанаттары.
2.Түркістандағы Түркеш, Қарлұқ, Қарахан мемлекеттері.
3.Қимақтар, Қыпшақтар және Оғыздар.
4.Наймандар, Керейлер, Жалайырлар.
5.ҮІ-ХІІғғ.Түркістан халықтарының мәдениеті.
Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
1.Түріктердің шығу тарихы.
2.Біртұтас Түрік қағанатының ыдырап куйреуінің себебі неде?
3.Қазақ халқының қалыптасуында қыпшақтардың ролі қандай?
Ұсынылатын әдебиет
1.Қазақстан тарихы Очерктер, А-1993. 56-72 б.
2.Жолдасбайұлы С. Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан. А-1995. 51-89 б.
3.Аманжолов К., Рахметов Қ. Түркі халықтарының тарихы. А-1996. 3-178 б.
4 тақырып. XIII-XIV ғғ. І- жартысындағы Қазақстан
Мақсаты: XIII-XV ғасырлардағы қазақ тарихындағы ірі оқиғалардың желісін түсіндіру.
Міндеті: XIII-XIVғ. Қазақ даласындағы Шыңғыс хан шапқыншылығы мен моңғол ұлыстарының құрылуы және Түркістан даласындағы тарихи оқиғаның салдарына баға беру. Алтын Орда мемлекеттігінің саяси тарихына толық талдаулар жасау.
1.Шыңғыс хан шапқыншылығы.
2.Жошы Ұлысы және Алтын Орда.
3.Шағатай Ұлысы және Әмір Темір империясы тұсындағы Түркістан.
Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
1.Қазақ халқының қалыптасуында түрік тектес халықтар қандай роль атқарды?
2.Не себептен мемлекеттік бірлестік ретінде алғашқы Қазақ хандығы берік болмады?
3.Қазақ деген этнонимнің шығуы жөнінде қандай ғылыми болжамдар бар?
4.Жүз деген атау жөнінде қандай ғылыми болжамдар бар?
Ұсынылатын әдебиет
1. Қазақстан тарихы Очерктер, А-1993. 56-72 б.
2.Жолдасбайұлы С. Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан. А-1995. 51-89 б.
3. Аманжолов К., Рахметов Қ. Түркі халықтарының тарихы. А-1996. 3-178 б
5 тақырып. Қазақ хандығының құрылуы мен қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы.
Мақсаты: Қазақ этнониміне мән беру арқылы қазақ халқының қалыптасу үрдісін саңаға сіңіру.
Міндеті: Қазақ этимологиясы жөніндегі пікірлер, аңыздар және деректерді жинақтау және түсіну. Қазақ хандығының қалыптасыу жөніңдегі тарихи аңыздар, жазба деректерге салыстырмалы талдау жасау. Қазақ хандығының құрылуының негізгі тетіктерін білу.
1. Қазақ хандығының құрылуының алғышарттары.
2.Қазақ халқының қалыптасуы.
3. Ақ Орда, Моғолстан және Әбілхайыр хандығы.
Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
1.Қазақ халқының қалыптасуында түрік тектес халықтар қандай роль атқарды?
2.Не себептен мемлекеттік бірлестік ретінде алғашқы Қазақ хандығы берік болмады?
3.Қазақ деген этнонимнің шығуы жөнінде қандай ғылыми болжамдар бар?
4.Жүз деген атау жөнінде қандай ғылыми болжамдар бар?
Ұсынылатын әдебиет
1.Қазақстан тарихы Көне заманнан бүгінге дейін. 4 томдық 2т. А-1996. 201-248 б.
2.Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан летопись трех тысячелетий. А-1992. гл. 6.
3. Жолдасбайұлы С. Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан. А-1995. тарау 6.
6 тақырып. XVI- XVII ғғ. Қазақ хандығы.
Мақсаты: Тәуекел хан мен Есім хан салған жолдардың қазақ хандығы үшін маңызының үлкендігін баян е,ту.
Міндеті: Қазақ хандығының Қасым хан билігінен кейінгі саяси жағдайы., Мауреннахр және Моғолстанмен ара- қатынасының негізгі бағыттарын анықтау. Тәуекел, Есім, Тәуке хандардың билігі тұсындағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясаттағы ерекшеліктерге тоқталу.
1. Тәуекел хан тұсындағы Қазақстан.
2. Есім хан тұсындағы Қазақстан.
Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
1.Қазақ жерлерін біріктіруде Қасым мен Хақназар хан қандай роль атқарды:
2.Қазақтын мемлекеттік құрылымының дамуында үлкен роль атқарған қазақтын ұлы тарихи қайраткерлерді ата.
Ұсынылатын әдебиет
1.Қазақстан тарихы Көне заманнан бүгінге дейін. 4 томдық 2т. А-1996. тарау 3.
2. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан летопись трех тысячелетий. А-1992. стр. 261-315.
7 тақырып. Біртұтас Қазақ хандығының құрылуы. Жоңғарларға қарсы күрес. Ресейге қосылудың басталуы.
Мақсаты: XVII ғ. Тауке хан тұсындағы қазақ тарихының беттеріндегі оқиғаларды және жоңғарлар қарсылығының мәнін түсіндіру.
Міндеті: Қазақ хандығының біртұтастығына әрекет еткен Тәуке хан және оның саясатына баға беру. Ақтабан шұбырынды оқиғасының болу, журу барысын түсіндіріп, қазақ- жоңғар қатынастары туралы мәліметтермен танысу, талдау.
1.Тәуке хан тұсындағы Қазақстан.
2.Ақтабан шұбырынды.
3.Қазақ халқының Жоңғар басқыншыларымен күресі.
Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
1.Жоңғар хандығы қай жерде орналасқан:
2.Орбұлақ шайқасы туралы не білесін:
3.Үш Жүздің Орда басында жиналуы туралы не білесін:
Ұсынылатын әдебиет
1.Қазақстан тарихы Көне заманнан бүгінге дейін. 4 томдық 3т.
2.Моисеев В.А. Джунгарское ханство и казахи:
XVII – XVIII вв. а-1991.
-
Тынышпаев М. Ақтабан шұбырынды. А- 1992. стр. 137-148.
8 тақырып. Қазақ хандығының тәуелсіздіктен айырылуы. Қазақстан Ресей құрамында. Ұлт-азаттық қозғалыс.
Мақсаты: Қазақ даласындағы тәуелсіздікке қарсы жүрген отарлау саясатытуралы баяндау.
Міндеті: Қазақ жерінің саяси- әлеуметтік жағдайымен өз елінің азаттығыу үшін курескен Абылай бахадур ханның саясаты, одан азаттық курестік тууы мен 1916ж. Ұлттық қозғалыстың барысына маңыздылығына баға беру.
1.Жоңғар шапқыншылығынан кейінгі қазақ жүздерінің жағдайы.
2.Абылай ханның біртұтас қазақ мемелекетін құру әрекеттері.
3.Ұлттық бостандық үшін күрес жолындағы көтерілістер.
Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
1.Қазақ хандығының Ресеймен дипломатиялық қатынастарды орнатуды қай жылы бастады:
2.Кіші жүз бен Орта жүз хандықтары қай жылдары Ресейдің қоластына енді?
3.Абылай хан хандық құрған жылдарын айт.
Ұсынылатын әдебиет
1.Қазақстан тарихы Көне заманнан бүгінге дейін. 4 томдық 3т.
2.Қосымбаев Ж.К. Кенесары хан. А-1995. 1-2 тарау.
3. Сулейменов Б., Басин В. Казахстан в составе России в XVIII- XIX вв. А-1993. гл.2-3.
9 тақырып. XIХ-ХХ ғғ. Қазақстан мәдениетінің дамуы.
Мақсаты: Қазақстан мәдениетінің өзегі мен мәйегін, ғылым мен білімнің бастау бұлағын жете меңгеру.
Міндеті: Қазақстандағы ой- пікірлердің дамуын, сәулет- құрылыстың ерекшеліктерің, ағартушылық кезендерің, жазба әдебиетінің дамуын, зиялы қауымның қалыптасуын толықтай игеру.
1. Қазақстанда ғылым мен білімнің дамуы.
2.Саутсыздықты жою.
3. Өнер мен архитектура.
Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
1. Абай Құнанбайұлы, Ы.Алтынсарин мен Ш.Уәлиханұлы қай жылдары өмір сүрген
Ұсынылатын әдебиет
1.Қазақстан тарихы Көне заманнан бүгінге дейін. 4 томдық 3т.
2. Қазақстан тарихы Очерктер, А-1993. 224-283б.
10 тақырып. Қазақстан ХХ ғ. басында. Бірінші дүниежүзілік соғыс. 1916 ж. ұлт-азаттық қозғалыс.
Мақсаты: Ресей империясының халықаралық жағдайымен сабақтастыра отырып, қазақ даласын шарпыған 1916 жылғы ұлт- азатық көтерілістің мәні мен мазмұның менгеру.
Міндеті: Бірінші дүниежүзілік соғыстың Қазақстан экономикасына әсерін қарастыру. 1916 жылғы көтерілістің алғышарттары мен сипатын білу. 1916 жылғы 25 маусымдағы патша жарлығына қарсы халықтын қарулы көтерілісіне ұлттық интеллигенцияның қатынасы зерделеу. Көтеріліс ошақтары мен көтерілісшілер басшылары Б.Әшекейұлы, А.Иманұлы және т.б. қоғамдық- саяси істеріне баға беру.
1. Бірінші дүниежүзілік соғыстың Қазақстан экономикасына тигізген әсері.
2. 1916-жылғы көтерілістің алғышарттары мен сипаты.
3. Ақмола, Семей және Торғай облыстарындағы көтерілістің ошақтары және тарихи маңызы.
Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
1.Бірінші дүниежүзілік соғыстың шығу себептері.
2.1916ж. Көтеріліске тікелей нелер себеп болды?
3.Көтеріліске қатысқандар алдарына қандай мақсаттар қойды?
Ұсынылатын әдебиет
1.Қазақстан тарихы Очерктер, А-1993. 195-224б.
2.Қозыбаев М. Жауды жаптым ту байлап . А-1995.
3. Сулейменов Б.С., Басин В. Востание 1916 г. в Казахстане. А-1997. гл. 1-3.
11 тақырып. Қазақстан азаматтық қарсыласу жылдары.
Мақсаты: Қазақстандағы азаматтық қарсыласу қозғалысының туу себептері мен тарихи оқиғалар салдарын түсіндіру.
Міндеті: : XXғ. Басында Қазақ АКСР-нің саяси ахуалы, оған себеп болған ірі тарихи оқиға 1917ж. Ақпан революциясы жөнінде ақпараттық әдебиеттермен танысу, және тарихи талдаулар жасап, өзіндік маңыздылығы мен мәніне талдау, сараптама жасау.
1.Қазақстан 1917-жылғы Ақпан демократиялық революциясынан кейінгі кезеңде.
2.1917-1920ж.ж.аралығындағы Қазақстандағы саяси хал-ахуал.
Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
1.Кеңестік өкіметке қарсы болған толқуларды ата.
2.Қазақстанда Казаң төнкерісінің объективті алғы шарттары болдыма?
Ұсынылатын әдебиет
1.Қазақстан тарихы Очерктер, А-1993. 283-298б.
2.Кузембайулы А., Аманжолулы А. История Республики Казахстан. Астана – 2000. стр.288-302.
3. Нүрпейісов К. Алаш һәм Алаш Орда. А-1995. 2-3 тарау.
12 тақырып. ХХ ғ. 20-30 жж. Қазақстан.
Мақсаты: XX ғ. 20-30жж. Қаз.АКСР-дегі саяси ахуал және қазақ зиялыларының азаматтық қызметтеріне талдаулар жасау.
Міндеті: 20-30жж. ҚазАКСР-дегі саяси құғын- сүргін, аштық пен куштеу саясатының басымдылығы және оның зардаптары туралы, ұлттық кемісіту мен ұлттық айырмашылықтар туралы айту, баяндау.
1.Қазақ АССР-і және Түркістан Республикасы.
2.Аштық жылдарындағы қазақ зиялыларының қызметі. 1931-1933ж.ж.аштық.
3.Қазақстанды «индустрияландыру» саясаты.
4.Кеңес өкіметінің мәдениет пен ғылым саласындағы жетістіктері.
Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
1.Елді индустрияландыру барысындағы партияның ішкі күресінің сипаты мен әдістері қандай еді?
2.Қазақстанда Голощекиннің ролі неде?
3.Коллективтендіру әртүрлі жолдары болды ма?
Ұсынылатын әдебиет
1.Қазақстан тарихы Очерктер, А-1993. 337-356б.
2.Верт Н. История Советского государства. 1900-1991. М-1992. стр.359-3877
3. Қозыбаев М. К. Ақтаңдақтар ақиқаты. А-1992. 247-263 б.
13 тақырып. Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында және соғыстан кейінгі жылдар.
Мақсаты: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың ерліктері мен соғыстан кейінгі жылдардағы саяси реформалардан кейінгі үрдістер туралы мәліметтер беру.
Міндеті: Фашистік Германияның шабуылдары жылдарындағы қазақстандықтардың ерліктері мен соғыстан кейінгі уақыттардағы тарихи үрдістер мәселелелерін жете түсіндіру.
1.Қазақстан Фашистік басқыншыларға қарсы соғыс жылдарында.
2.1945-1956ж.ж.Қазақстан.
3.Қазақстан Хрущев реформалары тұсында.
Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
1.Соғыстың алғашқы кезеңіндегі сәтсіздіктерді болдырмауға болатын ба еді?
2.Қазақстаннан шыққан батырларды атап кетші.
Қазақстанның фашизмді женуге қосқан үлесі
Ұсынылатын әдебиет
1.Қазақстан тарихы Очерктер, А-1993. 337-356б.
2.Верт Н. История Советского государства. 1900-1991. М-1992. стр.359-3877
3. Қозыбаев М. К. Ақтаңдақтар ақиқаты. А-1992. 247-263 б.
14 тақырып. Қазақстан «Кемелденген социализм» кезеңінде (1965-1985 жж.).
Мақсаты: 1965-1985 жылдардағы Қазақстанның саяси- қоғамдық, әлеуметтік- экономикалық және мәдени өміріндегі өзгерістер туралы баяндау, талдау жасау.
Міндеті: ХХ ғ. 60-80жж. Қазақстанның саяси- қоғамдық және әлеуметтік- мәдени өмірінің қалыптасу және даму барысын талдап саралау.
1.1965-1985 ж.ж.Қазақстан.
2.Мәдениет және ғылым.
Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
1.60-жылдардағы экономикалық реформалардың сәтсіздіктерінің себептері неде?
2.Халық шаруашылығының басқарудағы өзгерістер болды ма?
3.Қазақстанның халықаралық байланыстары.
Ұсынылатын әдебиет
1.Қазақстан тарихы Очерктер, А-1993.
2.Верт Н. История Советского государства 1900-1991.М-1992. стр.387-429.
3. Кузембайулы А., Абилулы Е. История Республики Казахстан. Астана – 2000. стр.342-350.
15 тақырып. Қазақстан Республикасы – егеменді, тәуілсіз мемлекет
Мақсаты: Дербестігін алған Қазақстан Республикасының саяси- тарихи дамуынан және 90 жылдардың соңындағы дамуының саяси реформалардан кейінгі үрдістер барысын түсіндіру және талдау.
Міндеті: ХХғ. 90 жылдарының соңы мен жаңа ғасыр басындағы ҚР-ның дербестігінің жетістіктерімен қиындықтары туралы пікірлер алмасу. Бүгінгі ҚР ішкі- сыртқы саясатының даму бағыттарына азаматтық талдаулар жасау, пікірлер алмасу.
1.Қазақстан Горбачев реформалары тұсында.
2.Қазақстанның мемелекеттік тәуелсіздігінің қайта жаңғыруы.
3.Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясаты.
Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
1.Нарықтық экономика дегеніміз не?
2.Қазақ Республикасының тіл туралы Заңы қай жылы қабылданды?
3.Қазақстанның мемлекеттік рәміздері туралы не білесің?
Ұсынылатын әдебиет
1.Қазақстан тарихы Очерктер, А-1993. 407-413б.
2.Конституция Республики Казахстан. А-1995.
3. Назарбаев Н.А. Қазақстан 2030. Ел президентінің Қазақстан халқына жолдауы //Егемен Қазақстан 1997. 11 қазан.
4. Студенттердің өздік жұмысы
4.1.Студенттердің өздік жұмысын орындаудағы әдістемелік нұсқаулар
Өздік жұмысының кең таралған және маңызды түрлерінің бірі – ол тәжірибелік сабақтарға және ғылыми конференцияларға студенттермен әзірленетін рефераттар болып саналады. Бұл өздік жұмыстың түрі өте қызықты және маңызды, өйткені ол студентті ғылыми зерттеулерге баулиды. Рефератты дайындау студенттердің ғылыми-ізденіс жұмыстарының элементі ретінде оларды аудиторияның алдында сөйлеуге мүмкіндік береді. Осының бәрі, студенттердің рефераттық жұмыстарын басқаруын ұйымдастыруға үлкен жауапкершілік артады.
Рефераттың тақырыбын таңдап алу өте маңызды орын алады, өйткені студенттің өздік жұмысқа деген қызығушылығы, алынған тақырыпқа байланысты болады. Сондықтан, оқытушыға студенттің тақырыпты дұрыс таңдап алуына көмек жасап, рефератты әзірлеу барысында оған жалпы басқаруды қамтамасыз ету қажет.
Рефератты әзірлеуінің бірінші кезеңі - әдебиетті дұрыс таңдау, ол үшін кітапханадағы каталогтарды және басқада библиографиялық нұсқауларды қолданған жөн. Студентті анықтамалық әдебиеттермен, термин – аудармалармен, әдістемелік нұсқаулармен, ғылыми журналдармен қолдануға үйрету қажет.
Екінші кезең – танысу, мәліметті топтастыру және талдау. Ең алдымен тақырып бойынша негізгі құжаттарды оқып, оларды зерттеуден бастау керек. Осы жұмыс барысында тақырыптың негізгі сұрақтары біліне бастайды, олардың реттілігі және бастапқы жоспары. Сонан кейін, жоспардың сұрақтары арқылы барлық зерттелген әдебиет бойынша мәліметті топтастыру қажет.
Барлық мәлімет жиналғаннан кейін, жоспарды ретке келтіріп, рефератты құрастыруға және жазуға кірісуге болады. Бұл реферат әзірлеуінің үшінші соңғы кезеңі болмақ. Ақырында пайдаланған әдебиет тізімін келтіру қажет.
Оқытушыға студенттерді қатал бақылауының қажеті жоқ, керісінше олардың ынтасын марапаттау қажет.
Реферат толығымен әзірленбей тұрып, оқытушы студенттің дайындаған жоспарын қарап шығу қажет.
Рефератты ресімдеу сұрақтары бойынша арнайы кеңес берген жөн.
Рефераттың титулды бетіне университеттің және факультеттің атауын, мамандығын, тақырыбын, өзінің аты – жөнін, жазылған жылын көрсету қажет.
Келесі бетте, цифрлармен белгіленген рефераттың жоспары көрсетіледі.
Жоспардағы сұрақтардың жауабын жаңа беттен бастаған жөн. Рефератты жазу барысында беттерді нөмірлеп, сол жақтан (3 см) жолдарды қалтыру керек.
Ақырғы бетте пайдаланған әдебиеттің тізімі көрсетіледі, олардың жазылуын алдын ала оқытушы студенттерді таныстырады.
Реферат жұмысы аяқталғаннан кейін, оны студент тексеруге оқытушыға тапсырады, сонан кейін барып ол жұмысқа : «сыналды», «сыналған жоқ» немесе «қанағаттандырылған», «жақсы», «өте жақсы» деген баға беріледі.
Рефераттық жұмыстардың есепке алуының жеке журналы болғаны немесе рефераттарды болашақ оқу жұмыстарында пайдалану үшін оқу залында сақтаған жөн.
4.2.Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптары
№
|
Тапсырма
|
Оқыту факторы
|
Сағат саны
|
1.
|
Қазақстан ежелгі дәуірде
|
тест
|
2
|
2.
|
Тайпалық одақтар және Қазақстан территориясындағы ежелгі мемлекеттер.
|
тест
|
2
|
3.
|
Ерте және дамыған орта ғасыр мемлекеттері.
|
коллоквиум
|
2
|
4.
|
Түрік мемлекеттері
|
тест
|
2
|
5.
|
Ұлы Жібек Жолы және VI- XIII ғғ. қала мәдениеті.
|
сөз жұмбақ
|
2
|
6.
|
Ежелгі түрік руна жазуы және оның ескерткіштері.
|
коллоквиум
|
2
|
7.
|
Қазақстан моңғол кезеңінде.
|
тест
|
2
|
8.
|
Мұхамед Хайдар Дулати «Тарихи Рашиди» еңбегінің тарихтағы орны.
|
конспектілеу
|
2
|
9.
|
Ортағасырлық наймандар мен керейлердің этносаяси тарихы.
|
тест
|
2
|
10.
|
Қидандар (қара қытайлардың) этносаяси тарихы
|
сұрақ-жауап
|
2
|
11.
|
Қазақстан Алтын Орда кезеңінде
|
бақылау жұмысы
|
2
|
12.
|
Темір мемлекеті және оның шапқыншылығы.
|
сұрақ-жауап
|
2
|
13.
|
Қазақ халқы мен қазақ хандығының құрылуы.
|
реферат
|
2
|
14.
|
ХV- XVIII ғғ. Қазақ хандығы.
|
коллоквиум
|
2
|
15.
|
ХV- XVIII ғғ. қазақ халқының материалды және рухани мәдениеті.
|
тест
|
2
|
16.
|
Абылай хан-аса көрнекті қоғам қайраткері және қолбасшы.
|
жеке тұлға ретінде суреттеу
|
1
|
17.
|
Қазақ революциясы және Қазақстанда Кеңес өкімет.
|
тест
|
2
|
18.
|
Қазақстанда индустрияландыруды іске асыру.
|
реферат
|
2
|
19.
|
қазақстандағы күштеп коллективтендіру және оның зардаптары.
|
реферат
|
2
|
20.
|
«Алаш Орда»үкіметі және оның Кеңес өкіметіне қатынасы.
|
бақылау жұмысы
|
2
|
21.
|
Е.Б. Бекмахановтың «Қазақстан XIХ ғ. 20-40 жж» монографиясын конспектілеу.
|
конспектілеу
|
2
|
22.
|
Қазақстан М.С. Горбачев реформасы кезеңінде (1985-1991 жж.).
|
коллоквиум
|
2
|
23.
|
«Қазіргі кездегі Қазақстандағы саяси партиялар» бақылау жұмысы.
|
бақылау жұмысы
|
2
|
Достарыңызбен бөлісу: |