Қазақстан тарихы


Сабақтың тақырыбы: Орта тас ғасыры (мезолит) дәуіріндегі Қазақстан



бет3/13
Дата29.02.2016
өлшемі1.17 Mb.
#34149
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Сабақтың тақырыбы: Орта тас ғасыры (мезолит) дәуіріндегі Қазақстан

Сабақтың жоспары: 1.Мезолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері

2.Мезолит дәуірінің ерекшеліктері


1. Қазақстан аумағында мезолит кезеңі осы кезге дейін аз зерттелген. Бұл уақыттың материалдық мәдениеті туралы алғашқы ақпарат 50-жылдарда ғана пайда болды.

Полеолиттен мезолитке (грекше «мезос»-орта деген сөзден шыққан) көшу климаттағы өзгерістермен ерекше болды. Бірінші кезекте бұл мұздықтардың еруімен байланысты. Бұл кезде қазіргісіне жақын гидрографиялық желі орнығып, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің қазіргісіне жақын құрамы қалыптасады. «Мамонттық» жануарлар түрлерінің жойылуы тамақ табудың бұрынғы әдістерін жедел іздестіру қажеттігін туғызады. Мейлінше елеулі фауналық өзгерістер болған бір аймақтарда егіншілік және мал шаруашылығы элементтері пайда болып,басқаларында балық аулау және жинау-аңшылық кәсібі қалыптасады.

Неолит дәуірінің басы шамамен б.з.б.VII мыңжылдықтың екінші жартысы мен VI мыңжылдықтың басына тұтас келеді. Бұл тас өңдеуде техника гүлденген кез болды.

Неолит дәуірінің аса маңызды белгісі табиғаттың дайын өнімдерін иемдену орнына - жиын-терін мен аң аулаудың орнына келген өндіруші шаруашылыққа негіз болған мал шаруашылығы мен егіншіліктің тууы болып табылады.

Неолит дәуірінде алғашқы адамдардың адамдардың қолы жеткен өндіргіш күштер дамуының деңгейі басқа да мәдени-тұрмыстық жаңалықтардың шығыуына себепші болады. Қазақстаның ежелгі тұрғындарында кең кәсібінің бастамалары шықты. Қыш құмыра ісі, тоқымашылық дамыды.

Әлеуметтік жағынан алғанда неолит дәуірі рулық қауым дәуірі болды; онда ұжымдық еңбек және өндіріс құрал- жабдықтарына ортақ меншік үстем болды. Сонымен бірге мұның өзі қоғамның ұйымдасу түрлерінің неғұрлым жоғары дамығын уақытты болдды: тайпалар немесе тайпалық бірлестіктер құрылды. Тайпалар қандас-туысқандық байланысына қарай және шаруашылығының біртекті сипатына қарай бірікен бірнеше (саны азды-көпті) рулық қауымдардан құрылды.

2. Мезолит дәуірі­ ежелгі тас дәуірі мен жаңа тас дәуірі­неолит арасын жалғастыратын көпір. Сонымен қатар, бұл дәуірді көшпелі және отырықшы тұрмыс салтындағы аңшылар мен балықшылар мәдениетінің қалыптасу және даму уақыты ретінде сипаттауға болады. Бұл кезеңде екі маңызды оқиға болған – жебелі садақтың және үшбұрыш, ромб, трапеция, сегмент формасындағы ұсақ тас пластиналар – микролиттердің пайда болуы.
Өзгерістер: ауа – райы күрт жылынды; мұздар еріді; шөбі мол далалардың көлемі азайды; жануарлар құрып кетті; адамдар жануарлар артынан көіп отыруға мәжбүр болды.
Шаруашылығы: “Мамонттық ” жануарлар түрлерінің жойылуы тамақ табудың бұрынғы әдістерін жарамсыз етіп, тіршілік құралдарын қамтамасыз етудің жаңа әдістерін жедел іздестіру қажеттілігін туғызды. Ұсақ жануарларға аңшылық етіп, итпен жеке аңшылық ету қалыптасты. Кейбір аймақтарды егіншілік пен мал шаруашылығы элементтері пайда болып, ал кейбір жерлерде балық аулау мен аңшылық қалыптасты.
Шаруашылықта болған өзгерістер қауымның бқлшектенуіне әкеп соқты, яғни қауымда 30 –дан 100 ге дейін адамдар болды.
Еңбек құралдары: жебелі садақ пен бумеранг. Еңбек қүралдарын жасауда қыстырма техникасы қолданылды. Бұл техника бойынша заттың (пышақтың, қанжардың, жебе мен найза ұшының) негізі сүйектен немесе ағаштан жасалды. Олардың негізінде ұзынша қиықтар-саңылаулар жасалып, оларға ұзындығы 2-1 см пышақ сияқты тас қалақшадан істелген өткір ұш салынып, қара маймен немесе қара майлы затпен бекітілген. Осындай сапқа бекітудің негізінде кез-келген еңбек құралын дайындауға болатын еді. Мысалы: жебелердің, шанышқылардың, найзалардың ұштары, тері өңдеуге арналған қырғыштар мен сүргілер, пышақтар, сүйек пен ағашты өңдеуге, саңылау тесуге арналған сүргілер мен біздер, кескіштер, жебе сабын өңдеуге арналған қырғылар.

Сабақтың тақырыбы: Жаңа тас ғасыры (неолит) дәуіріндегі

Қазақстан

Сабақтың жоспары: 1.Неолит дәуірінің ерекшеліктері

2.Нелит дәуіріндегі мәдениеттер

1. Неолит дәуірінің басы шамамен б.з.б.VII мыңжылдықтың екінші жартысы мен VI мыңжылдықтың басына тұтас келеді. Бұл тас өңдеуде техника гүлденген кез болды.

Неолит дәуірінің аса маңызды белгісі табиғаттың дайын өнімдерін иемдену орнына - жиын-терін мен аң аулаудың орнына келген өндіруші шаруашылыққа негіз болған мал шаруашылығы мен егіншіліктің тууы болып табылады.

Неолит дәуірінде алғашқы адамдардың адамдардың қолы жеткен өндіргіш күштер дамуының деңгейі басқа да мәдени-тұрмыстық жаңалықтардың шығыуына себепші болады. Қазақстаның ежелгі тұрғындарында кең кәсібінің бастамалары шықты. Қыш құмыра ісі, тоқымашылық дамыды.

Әлеуметтік жағынан алғанда неолит дәуірі рулық қауым дәуірі болды; онда ұжымдық еңбек және өндіріс құрал- жабдықтарына ортақ меншік үстем болды. Сонымен бірге мұның өзі қоғамның ұйымдасу түрлерінің неғұрлым жоғары дамығын уақытты болдды: тайпалар немесе тайпалық бірлестіктер құрылды. Тайпалар қандас-туысқандық байланысына қарай және шаруашылығының біртекті сипатына қарай бірікен бірнеше (саны азды-көпті) рулық қауымдардан құрылды.


2. Неолит дәуіріндегі табиғи орта осы заманғы бейнеде болды. Өзгерістер: адамдар табиғи жануарларды қолға үйретті, жер өңдеумен айналыса бастады; қыш ыдыс – керамика жасаудыүйренді. Олардың сыртында геометриялық өрнектер салынған; тас өңдеу әдістері жоғарғы дәрежеге жетті. Тас қалдықтардан сына дайындады. Тастың тұтқыр түрлерінен балта, кетпен, келі, келісап, ал граниттен – дән үккіштер жасады. Жаппай отырықшылыққа көшу басталды. Кен кәсібі мен тоқымашылық қолға алынды. Неолит дәуірі – тас өңдеу техникасының гүлденген кезеңі болып табылады. Себебі, жаңа технологиялық әдістер – арамен кесу, бұрғылау, жылтырата тегістеу пайда болған.
Еңбек құралдары: тас балталар, кетпендер, дәнүкіштер, келілер, келсаптар
Шаруашылығы, қоғамдық қатынастары және мәдениеті: Неолит дәуірінде адамдар тұтынушы шаруашылықтан өндіруші шаруашылыққа негіз болған мал шаруашылығы мен егіншілікпен айналыса бастайды. Осы кезеңде адамдардың қолы жеткен өндіргіш күштер дамуының деңгейі басқа да мәдени-тұрмыстық жаңалықтардың шығуына себепші болды. Кен кәсібі, қыш құмыра ісі, тоқымашылық дамыды.
Әлеуметтік жағынан алғанда бұл кезеңде рулық қауым дәуірі болып табылады. Мұнда ұжымдық еңбек және өндіріс құрал-жабдықтарына ортақ меншік үстем болды. Қоғамның ұйымдасу түрлерінің неғұрлым жоғары дамыған уақыты болды: тайпалар немесе тайпалық бірлестіктер құрылды. Тайпалар қандас-туысқандық байланысына қарай және шаруашылығының біртекті сипатына қарай біріккен бірнеше рулық қауымдардан құрылды.
Ескерткіштері:
Батыс Қазақстан – келтеминар мәдениеті (б.з.б. ІҮ мыңжылдық аяғы –ІІ мыңжылдықтың басы). Негізгі тұрақтары: Шатпакөл, Құлсары-1-5, Шаңдыауыл, Қыземшек, Жыланқабақ, Қойқара, Сарықамыс, Шаянды, Қосқұдық –1.
Солтүстік Қазақстан –1) атбасар мәдениеті (б.з.б. ҮІІ мыңжылдықтың аяғы – ҮІ мыңжылдықтың басы). Негізгі тұрақтары: Виноградовка-2, Тельман-1,10, Қарлыға, Боголюбово, Жабай-Покровка-3.
2) маханжар мәдениеті. Негізгі тұрақтары: Маханжар, Тұздыкөл-2, Дүзбай-1-4, -12, Сор-2, Бестамақ, Амангелді, Алқау-2.
Шығыс Қазақстан – усть-нарым мәдениеті.
Орталалық Қазақстан – Жасыл Балка, Қарағанды-15.

Сабақтың тақырыбы: Тас дәуірінен өткенді қайталау

Сабақтың жоспары: 1. Тас дәуірінің археологиялық кезеңдері

2. Қазақстан жеріндегі тас дәуірінде табылған

Ескерткіштер
1. Тас дәуірі тұсындағы табиғи орта. Тас дәуірінің кезеңдері. Палеолит. Неолит. Қазақ жеріндегі негізгі полеолиттік тұрақтар: Бөрі қазған, Тәңір қазған,Қызылтау, Шақпақ-Ата, Семіз бұғы. Аңшылық. Балық аулау. Рулық қауымның қалыптасуы. Діни нанымның тууы.

Біздің заманымыздан бұрынғы қиян дәуірлер шежіресі тек қана археологиялық деректер арқылы тіл қатады. Археологияда адамзат тарихы өзіндік кезеңдерге бөлінген, олар: тас ғасыры, қола және темір ғасырлары.

Алғашқы адам басқа ірі жыртқыштарға қарағанда әлсіз болды, өйткені адамның күшті тістері мен тырнақтары жоқ. Оның есесіне алғашқы Гоминидтер еңбек құралдарын жасау мен қолдану арқылы сол әлсіздіктерін білдірмеді. Алғашқы құралдар — сүйек сынықтары, өткір таяқтар, дөрекі өңделген тастар болды. Тас ең ұзақ қолданылған құрал болды, ол осыдан 2,5 млн. жылдан бұрын б.з.д. 5 мың. дейін адамзат техникасында басты орын алды. Бұл кезеңді археологтар тас ғасыры деп атап, оны екі кезеңге бөледі - Палеолит

(ерте тас ғ.) және Неолит (жаңа тас ғ.). Олардың арасындағы өтпелі кезеңді Мезолит (орта т.ғ.) деп атады. Өз кезегінде палеолит те екіге бөлінеді: төменгі (б.з.д. 2 млн. - б.з.д. 40 мың) және жоғарғы (б.з.д. 40 — б.з.д. 12 мың).

Ең, көне бастапқы замандардағы адамдардың өмірі туралы түсінікке сүйене отырып, олардың тіршілігін зерттеу арқылы, олардың мекеніне, тұрақтарына қарағанда, тау үңгірлерінде сақталған қалдықтарын, яғни тастан жасалған еңбек құралдарын, тамақ қалдықтарын, жануарлардың сүйек қаңқаларын зерттеп білу қажет болды. Сондай-ақ, қоғамдық дамуда кешеуілдеп қалған қазіргі замандағы халықтардың өмірінен алынған этнографиялық мәліметтердің де мәні зор. Ол мәліметтер ең көне замандардағы адамзаттың материалдық және рухани мәдениетінің кейбір қырларын тура түсінуге мүмкіндік туғызады. Дегенмен, негізгі мәліметті, бастапқы адамдық қоғамның жалпыға ортақ материалы – тастан жасалған еңбек құралдары береді.

Тарих ғылымының өзекті мәселелерінің бірі – адамзат қоғамының даму тарихын кезеңдерге бөлу. Кезеңдер – бұл қоғамдық даму барысында бірін-бірі ауыстырып отырған дәуірлерді анықтау. Дәуірлерді анықтауда, қоғамдағы негізгі – үдемелі өзгерістерді қамтамасыз ете алатын факторлар алынады.

Тарих ғылымының қалыптасу барысында, тарихшы-ғалымдар кезеңдердің бірнеше, яғни айналым теориясы (Пифагор, б.э.б. VІғ.), формациялық (К.Маркс, ХІХғ.), өркениеттік (А.Тойнби ж.б. батыс ғалымдары, ХХғ.) және басқа варианттарын ұсынды.

Өркениеттің басталу мезгілін зерттеп тануда ғылымда кең қолдау тапқан археологиялық кезеңдер. Ол еңбек құралдарын жасауда пайдаланылған материалдар және жасау техникасындағы айырмашылықтарға сүйенеді. Сөйтіп, ең көне дәуірді үш кезеңгі бөлуге болады: тас ғасыры (адамның пайда болуынан б.э.б. ІІІ мың жылдыққа дейін), қола ғасыры (б.э.б. IV мың. б.э.б. І мың жылдыққа дейін), темір ғасыры (б.э.б. І мың жылдықтан бері).

Тас ғасыры өз ретінде ерте тас (палеолит), орта тас (мезолит), жаңа тас (неолит) және қола ғасырына өтпелі арадағы мыс пен тас қатар тараған ғасыр (энеолит) болып бөлінеді.

Ежелгі тас ғасырының алғашқы құралы, бүтін тастан жасалған шаппа тастар болған. Олар дөрекі, өңделмеген болатын. Бұл көне құралдар шель мәдениетіне байланысты, кезінде австралопитектер жасап шығарған. Кейінгі кезеңдерде ондай шаппа тастардың өңделген түрлері табылды. Сонымен қатар құралдардың дифференциясы байқалады. Адамдар енді қырғыштар, тас пышақтарды, үшкір ұшты құралдарды жасай бастады. Құралдарды жасаудың екі жолы болған: біріншісінде тастардан шабу арқылы шақпақтар алынып, оларды қайта өңдеген. Бұл мәдениет ашель деп аталды. Тас құралдардан басқа тік жүретін адам еңбек құралдарын сүйек пен ағаштан жасаған. Отты пайдалануға байланысты ол ұшы күйдірілген найза мен қазықтар жасады.

2. Көп уақыт бойы ғалымдар Қазақстан жерінде тас ғасырының іздерін таба алмады. Ал бұл біздің жерімізді ежелгі адамдар өте кеш қоныстанды деген жансақ пікірге әкелді. Соңғы зерттеулер бойынша, ежелгі адамдар Қазақстан жерінде ашель кезінде қоныстанған. Сол дәуірдің ескерткіштері Оңтүстік Қазақстан жерінде, Қаратау бөктерлерінің жанынан табылған. Бұл Тәңірқазған, Бөрікқазған, Ақкөл тұрақтары.

Бүгін Қазақстанда палеолит мәдениетінің екі ауданы белгілі: Оңтүстік Қазақстан мен Сары-Арқада. Бұл аудандар тас құралдарын өңдеу мен оларды жасау үшін қолданылатын материалдардың әртүрлігімен ерекшеленеді. Жалпы Оңтүстік аудандарға қарағанда Солтүстік және Орталық Қазақстанда технологияның эволюциясы тез дамыды.

Палеолит - адамзат қоғамының дамуындағы ежелгі кезең грек тілінен аударғанда (палео - ежелгі, литос - тас) ежелгі тас деген сөз. Палеолит төменгі (шель, ашель, мустьер б.з.д. 800 - 40 мың.) және жоғарғы (б.з.д. 40-12 мың.) палеолит болып бөлінеді.

Орта Азия территориясын адамдар төменгі палеолит дәуірінде-ақ мекен ете бастаған. Ашель мәдениетінің (200 мың жыл бұрын) тас қарулары Қайраққұм мен Вахш ойпатынан табылды. Мустьер мәдениетіне (орта палеолит, 50-40 мың жыл бұрынғы) тән Тесіктас, Аманқұтан, Обарахмат, Жарқұтан, Қарабура т.б қоныстар бар. Бұл алғашқы адам табанының, алғашқы адам мен қауымының қалыптаса бастаған кезеңі еді. Олардың күнкөрісі терімшілік пен аң аулауға, тас пен сүйек қарулар жасалып, от жағуға қол жеткен кезең болды. Жоғарғы палеолит мәдениеті ( бұдан 40-10 мың жыл бұрын) есті адам пайда болған кез. Ал неолитте (б.з.б 6-5 мың жыл) егіншілік пен мал шаруашылығының алғашқы белгілері білінді. Түркіменияның оңтүстігінде Жейтун мәдениетіне ие болған жұрт- ең ежелгі (б.з.б. 5 мың жылдық) жер игерушілер. Б.з.б. 3 мың жылдықтың басында Теджен өзенінің бойында ежелгі егін суару жүйесі салынған. Жейтун мәдениетіне Өзбекстандағы Келтемір, Тәжікістандағы Гиссар мәдениеті (б.з.б 4-2 мың жылдықтың басы) жалғасады. Неолит дәуірінің тұрғындары матриархалдық-рулық құрылыста өмір сүрді. Қола дәуірінде (б.з.б 3-2 мың жыл) Орта Азияда жер игеру, мал өсіру негізге кәсіпке айналды (Түркменстандағы Анау, Намазғатепе, Қаратепе, Өзбекстандағы Заманбаба, Дальверзинскиое, Тәжікстандағы Қайраққұм, Вахш және Бешкент мәдениеті) Металлургиялық өндіріс, қала типіндегі елді мекендер пайда болып, жер шарашылығында қолдан суару жүйесі жүргізілген. Еңбектік қауымдық бөліс процесінің және жер игерушілер, арасында зат алмасудың күшеюінің нәтижесінде мүлік бөлісі пайда болды. Руда әкелік (патриархат) право орнады. Орта Азия халықтарының негізін құрған Хорезм, парфия, дах, сақ тайпаларының одағы құрылды. Б.з.б 1 мың жылдықтық 1 жартысында темір металлургиясы пайда болғаннан бастап өндіргіш күштер жедел дамып, алғашқы қауымдық құрылыс ыдырай бастады. Ойпатты аймақта суару жүйесі дамып, далалық және таулы аудандарда көшпелі мал шаруашылығының және қол өнері мен сауданың өркендеуі, қаланың пайда болуы таптық қоғамның мемлекеттік қалыптасуына ықпал етті.

Қазақстан мен Орта Азияны тұрақ еткен ең ежелгі адамдардың айғағы қазір Қайраққұм мен Вахш ойпатынан Кіші қаратаудың солтүстік шығыс өғіріндегі Шарбақты Тәңірқазған, Ақкөл, Қазанғап деп аталатын жерлерден табылған. Мустьер мәдениеті Тесіктас, Аманқұртан, Жарқұтан Қарабурадан табылды. Ғалымдар мұны ежелгі палеолиттің белгісі ретінде шелль-ашель дәуіріне жатқызады. Бұл осыдан 800 мың жыл бұрынғы уақыттан бастап 100 мың жыл бұрынға дейін уақыт аралығын қамтып жатыр. Ежелгі палеолиттің адамдары Орталық Қазақстан өңірін, байтақ жатқан Сарыарқаны да тұрақ еткен. Оның археологиялық айғақтары Жезқазған облысындағы Обалысай, Мұзбел, Талдысай Жаман Айбат, Қосмола, Қызылжар деп аталатын жерлерден табылған. Көптеген зерттеушілер бұл айғақтарды осыдан 140-100 мың жыл бұрынғы орталық палеолит немесе мустьер дәуірінің адамдары тұтынған дейді. Ғылым тілінде неандерталь деп аталатын адамдар міне, осылар.

Қатал табиғат аясында тірілшілігін үзіп алмау үшін әрекет еткен палеолиттің адамдары мезолит, одан кейінгі неолит дәуірі\леріндегі сана деңгейіне жеткенше дамудың ең ұзақ, ең қиын қыстау жолын бастан кешті. Бір ғажабы сол жерден бауырын көтерген адамзат әулеті ғасырдан ғасыр, дәуірден дәуір, заманнан заман озған сайын жалпы даму қарқынын ұдайы үдетіп келеді.

Бұл-өмір үшін басты бәйгеге тіккен күрес жолы, зорлық пен қорлықтың, ізденіс пен шыңдалудың жолы. Тек қана жеке адамдардың шыңдалуы емес, тұтас қоғамдардың, байтақ құрлықтардың формациялық алмасуларының, тарихи тіршілік иеснің тілі мен наным сенімін, салт дәстүрі мен моральдық-этикалық қалыптарын, ақыл-ойы мен тарихи тәжірибесін шыңдаудың шытырман жолдары.

Бұл тас дәуір өңдеу тәсілі мен одан еңбек құралдарын жасау тәжірибесінің жетілдіріліп,осыған байланысты еңбек өнімділігінің өсімен, белгілі дәрежеде материалдық, рухани мәдениеттің дамуымен сипатталады.

Тас дәуірінде тас құралдарымен қатар сүйектен,ағаштан жасалғандары да қолданылады. Ежелгі полеолит адамдары бірігіп аң аулады,бірігіп терімшілік етті және адамдар үңгірлерден басқа жер үйлер мен жертөлелерде тұрды. Ежелгі полеолит кезінде дінге сенушілік болған жоқ. Тастан жасалған құралдар формасы,көлемі және қолдану қызметі жағынан әр түрлі болды, түрлі мақсатта пайдаланылатын арнайы құралдар шыға бастады. Сүйектен жасалған бұйымдар - біз, ине, шот, гарпун, найза, сүңгі жасау кең игерілді. Аңшылыққа қажетті лақтырғыш құралдары - тор, тұзақ құру ойлап табылды. Жергілікті жердің материалынан жасалған тас қарулардан мыналарды бөліп айтуға болады: жебе мен найзаның ұштықтары, балталар, қашаулар, пышақтар, қырғыштар. Плеолиттен мезолитке өту кезеңі садақ пен жебенің пайда болуымен, алғашқы жануарлардан иттің қолға үйретілуімен белгілі. Кейінгі мезолит, ерте неолитте балта, қашау, шот ретінде қолданылған тұрпайы өңделген тас құралдары кең тарады.


Сабақтың тақырыбы: Қола дәуіріндегі Қазақстан

Сабақтың жоспары: 1. Қола дәуірінің кезеңдерге бөлу

2. Андронов мәдениеті. Беғазы-Дәндібай мәдениеті

3. Шаруашылық, мәдениеті және қоғамдық қатынастар

Сабақтың мақсаты: Қазақстандағы қола дәуіріндегі тұрғындардың шаруашылығы, қоғамдық және мәдени өміріндегі ірі өзгерістерді қарастыру.

Сабақтың міндеті:Табиғи-климаттық өзгерістер. Еңбек құралындағы өзгерістер. Қоғамдық еңбектегі мамандану, рулық қауым ішіндегі мүлік теңсіздігі. Қола дәуіріне тән ескерткіштер. Андронов мәдениеті. Дәндібай-Беғазы мәдениеті. Мал шаруашылығы мен егіншіліктің дамуы. Көшпелі тұрмыс пен мәдениеттің қалыптасуы. Кен ісі, металлургия. Қоныстар мен тұрғын үйлер. Үйдегі кәсіптер. Қоғамдық қатынастар. Діни наным.

Сабақтың мазмұны:Қола дәуіріндегі Андронов мәдениеті. Металл балқытумен адамзат өз дамуында келесі кезеңге өтті. Бұл кезеңінің негізгі материалы мыс пен қалайының қоспасы болғандықтан археологтар оны қола ғасыры деп атады. Қоладан әртүрлі еңбек құралдары жасалды — орақ, кетпен, әшекейлер т.б. құралдар. Тарихқа дейінгі соңғы археологиялық кезеңі қола ғасырының өзіне тән ерекшелігі — Металлургия мен дамыған жер және мал шаруашылығының кешенді дамуы.

Қазақстан жерінде өндіруші шаруашылықтың қалыптасуымен жаңа өзіндік мәдениет қауымдастықтары пайда болды, олар неолит дәстүрін жалғастырды. Осы жергілікті мәдениеттердің бәрі көп жағдайда ұқсас болды, сондықтан оларды жаңа археологиялық мәдениетке — Андронов мәдениетіне біріктірді. Бұл мәдениет Минусин ойпатында табылған жердің атымен аталды. Ол екі кезеңге ерте және орта қола ғасыры болып бөлінеді. Ерте қ.ғ. Солтүстік Қазақстанда Феодоров, ал Орталық Қазақстанда Нура кезеңі деп аталды (б.з.д. XVIII—XVI ғ.ғ.). Орта қола ғасыры Солтүстік Қазақстанда алакөл, ал Орта Қазақстанда атасу кезеңі деп аталған (б.з.д. XV—XII ғғ.) б.з.д. ХІІ ғ. бастап Андронов мәдениеті көшпелі мәдени қауымдастықтармен ауысып, Батыс Қазақстанда қима, Орта Қазақстанда Беғазы-дандыбай мәдениеті деп аталды (б.з.д. ХІІ—VIIIғғ.).

Андронов тайпалары. Андронов мәдениетіне өзендердің арналары мен көлдердің жағалауында кешенді жер және мал шаруашылықтары тән. Андронов тайпалары жартылай жер кепелерде тұрды. Олардың төбесі бұталармен, ањ терілерімен, сабанмен жабылды. Мал шаруашылығы негізінен отрықшы, бақташы болды. Негізінен ешкі, сиыр, түйе өсірді. Өзендердің аңғарында Андронов тайпалары кетпенді жер шаруашылығымен айналысты.

Андронов тайпаларының шаруашылығының ерекше саласы ретінде таукен мен металлургия дамыды. Қола ғасыры кезінде Қазақстан дүниеде алғашқы қола өндірушілердің бірі болды. Қорытылған металл көлемі өте үлкен болды. Тек Жезқазған өңірінде 100 мың т. мыс балқытылды. Ал Орта Қазақстанда

130 т. қалайы өндірілді, бұл 15 мың т. таза қола қорытуға жетерлік. Бұл көрсеткіштер тек зерттелген кендер бойынша ғана.

Андронов мәдениетінің тағы бір ерекшелігі бұл керамиканы пайдалану. Ыдыстардың формалары да әр түрлі болды — құмыра, банка тәріздес. Олар өте бай оюлармен сәнделген. Оюдың геометриялық түрі қолданылды, былайша айтқанда параллель сызықтардан күрделі крест тәрізді фигуралар — меандралар.

Археологиялық ескерткіштер. Батыс Қазақстанда ерте қола ғасырына жататын Қыргелді зираты мен Тасты-бұлақ қонысы зерттелген. Орта Қазақстанда Ақшатау, Бугулы обалары, Нура кезеңіне жататын Боғақара қонысы мен Қарабие, Айшырақ, Қарасай Ата су ескерткіштері зерттелген. Шығыс Қазақстанда Қапай, Сарыкөл, Қойтас обалары зерттелген. Солтүстік Қазақстанда Федоров кезеңіне жататын Бурабай, Обалы, Бирек-Көл обалары, алакөл кезеңінің Алексеевское, Ефимовка, Петропавлов қоныстары мен обалары зерттелген. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда андронов мәдениетінің ескерткіштері аз. Мұнда Тау-тары, Қойықты, Қарақұдық обалары зерттелген.

1) Тест

1. Қола дәуірінің қоныстарының көп орналасқан жері

А) Тау аңғарларында

В) орман арасында

С) жазық далалалы аймақтарда

Д) кез келген жерде

Е). өзендер жағасында

2. Андрондықтардың бет бейнесін сипаттаған ғалым

А) Алексеев

В) Массон

С). Герасимов

Д) Алпысбаев

Е) Ақышев

3. Қазақстан жеріндегі қола дәуірін түбегейлі зерттеуді бастаған ғалым

А) Массон

В).Марғұлан

С) Алпысбаев

Д) Гумилев

Е) Ақышев

4. Көкшетау жеріндегі қола шалғы табылған жер

А) Алексеевка

В).Шағалалалы

С) Атасу

Д) Беғазы

Е) Степняк

5. Қола дәуіріне жататын Солтүстік Қазақстандағы қоныстар

А) Андронов, Беғазы

В) Дәндібай, атасу

С) .Петровка, Боголюбов

Д) Қызылжар

Е) Арқайым, атасу

2) Бақылау сұрақтары

1. Андронов мәдениетінің ерекшеліктері

2. Андрон тайпаларының діни-наным сенімдері

3. Қола дәуіріндегі Орталық Қазақстаннан табылған мәдениет?



3) Үйге тапсырма

Жалпы қола дәуіріне қатысты мәлімет топтау


Пайдаланатын әдебиеттер:

  1. Археологические исследования Казахстана. - А.1973.

  2. Археологические исследование древнего и средневекового Казахстана.

- А. «Наука».1980.

  1. Байпаков К.М.,Ә.Х.Марғұлан. Археология институты. - Алматы. «Ғылым».1998.

  2. Байбатша Әділхан. Қазақ даласының ежелгі тарихы.

- Алматы. «Санат» 1998.

  1. Абдрахман Хайруш. Тарихыңды таны (Отан тарихының очерктері).

- Алматы. «Дәнекер».2002.

  1. К.Аманжолов. Қазақстан тарихының дәрістер курсы I-кітап.

- Алматы. «Білім».2005.

Сабақтың тақырыбы: Ерте темір дәуіріндегі тайпалар одақтары

және ерте мемлекеттік құрылымдар

(VI ғ.дейін)

Сабақтың жоспары: 1. Сақ тайпалар одағының пайда болуы

2. Ғұндардың этникалық және саяси тарихы

3. Үйсіндер мемлекеті

Сабақтың мақсаты: Қазақстан территориясындағы алғашқы мемлекеттердің қалыптасу тарихын көрсету.

Сабақтың міндеті:Сақтардың тайпалық одақтарына қатысты мәліметтер. Геродот. Страбон. Ксенофонт. Птоломей. Ахаменидтік (ежелгі парсы) сына жазбалар. «Авеста» Археологиялық ескерткіштер.

Сақтардың орналасуы. Сақ одағындағы тайпалар. Массагеттер. Сарматтар т.б. Бұл тайпалардың көршілермен қарым-қатынасы. Шаруашылығы. Әлеуметтік құрылысы. Мәдениеті. «Есік» және басқа обалар. Аң стиліндегі бұйымдар.



Сабақтың мазмұны:Сақ мемлекеттік құрылымы.Қазақстан тарихындағы б.з.д. І мың. соңы мен біздің заманымыздың басы түбегейлі бет бұрыс болып табылады.

Б.з.д. VIII—VII ғғ. темірдің пайда болуы мен өндірістің көшпелі түріне көшу Қазақстан жерінде өмір сүрген тайпалардың шаруашылығында күрделі өзгерістерге әкелді. Жетісуда сақ-үйсін, Арал өңірінде — қаңлы, Қазақстанның солтүстік-шығыс жағында ғұн, Батыс Қазақстанда алан этномәдени қауымдастықтар қалыптасты.

Қазақстан жеріндегі алғашқы мемлекеттік құрылымдар б.з.д. І мың. тайпалар одағы ретінде қалыптаса бастады.

Сөйтіп, Қазақстанда сақ-даха (масагет), сақ-рауки (тиграхауда) исседон аримаспа бірлестіктері пайда болды.

 Б.з.д. І мың. Ортасынан бастап Қазақстан жеріндегі көшпелі тайпалар “сақ” атауымен белгілі. Жазба деректердің мәліметі бойынша олар Қазақстанның барлық этникалық территориясында қоныстанып, бірнеше топқа бөлінген: оңтүстікте тиграхауда сақтары (грек деректерінде массагеттер, дон тайпалары), Бактрия мен Маржанада құрамына парасогда сақтары кірген хаумаварга сақтары.

Солтүстік шығыста — аримаспы, Орта Қазақстан — исседондар, Батыс савроматтар, Геродот бойынша савроматтардың аржағында “биіктаулардың етегінде”, оңтүстік шығыс Орал таулары болуы мүмкін, аргипей тайпалары өмір сүрген.

Сақ тайпалары мал шаруашылығының үш түрімен айналысты: көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшы. Малдың негізгі түрі қой болды. Шаруашылықта және күнделікті тұрмыста жылқы жиі пайдаланылды, мұны археологиялық деректер де растайды. Сақ жауынгерлері мен көсемдерінің қабірін ашқанда жылқылардың сүйектері табылған. Асыл тұқымды жылқымен бірге қарапайым жылқылар да болды, олар аса биік емес, аяқтары қысқа, бірақ өте төзімді болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет