Қазақстан тарихы



бет4/13
Дата29.02.2016
өлшемі1.17 Mb.
#34149
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

1). Тест

1 Сақ қоғамының 3 тобы.

А) Көсемдер , бектер, қауым мүшелері.

В) Патшалар, жауынгерлер, қолөнершілер.

С) Жауынгерлер, абыздар, қауым мүшелері.

Д) Көсемдер, ақсақалдар, шаруалар.

Е) Патшалар, әмірлер, құлдар.

2. Сақ тайпаларындағы күн күркіреу құдайдың бейнесі.

А) Жылқы

В) Бұқа


С) Қабан

Д) Түйе


Е) Арыстан

3. Мұртты обалар қай мәдениетке жатады.

А) Беғазы-Дәндібай.

В) Тасмола.

С) Жетасар.

Д) Пазырық.

Е) Қауыншы.

4. Сақ тайпалары қай нәсілге жатады.

А) Түркілік.

В) Негірлік.

С) Еуропалық.

Д) Монғолдық.

Е) Ол кезде нәсілге бөлінген жоқ.
2) Бақылау сұрақтары

1. Оңтүстік Қазақстанда таралған темір дәуірінің мәдениетін атаңыз

2. Сақ және сармат әйелдерінің құқықтарын салыстыру

3. . Герадот еңбектеріндегі сақтардың аталуы.



3) Үйге тапсырма

Сақ және сармат тайпаларының қоғамдық құрылысындағы айырмашылықтарды салыстыру.


Сабақтың тақырыбы: Ғұн мемлекеті (б.з.б. 4ғ.-б.з. 3ғ)

Сабақтың жоспары: 1. Ғұн тайпаларының бірігуі

2. Батысқа жылжуы

3. Қоғамдық құрылысы

4. Ғұндардың шаруашылығы, тұрмысы, мәдениеті.



Сабақтың мақсаты:Ғұн мемлекетінің құрылуы және қоғамдық құрылысы жайында тереңірек мәлімет беру.

Сабақтың міндеті:Ғұн мемлекетіндегі Мөде, Аттила биліктерінің айырмашылығын ашып көрсету.

Сабақтың мазмұны: Ғұн (Хунну) мемлекетінің құрылуы. Ғұндар жазба деректерде алғашқы рет б.з.д. 822 ж. аталады, ол кезде олар Қытайға үлкен жорық жасаған. Б.з.д. ІІІғ. Ғұндардың Қытайға шабуылы үдей түсті. Сондықтан да Қытай императоры Ұлы Қорған салдырды. Бұл кезде ғұндар туысқан рулардың одағы ретінде қалыптасып, оны сайланған көсем басқарды. Б.з.д. 209 ж. Туман атты көсемнің баласы Моде өзін “сенгир” деп жариялап (сенгир-ұлы) Ғұн мемлекетін құру барысында қызмет ете бастады. Алдымен Ғұндардың шығыстағы көршілері — дунхулар талқандалды. Одан кейін ғұндар өздеріне батыста юечжи мен үйсіндерді, оңтүстікте лоуфень мен байян тайпаларын бағындырды. Ғұндардың күшейюі Қытайдың назарынан тыс қалған жоқ, ол кезде Қытайда жаңа Хань әулеті билікке келген болатын. Ғұндар мен Қытай арасындағы соғыс б.з.д. 188 ж. Қытайдың жеңілуімен аяқталды. Императорды Моденің мейрімділігі ғана құтқарып қалды. Көп ұзамай Қытай мен Ғұндардың арасында бітім орнады. Ол бітім бойынша Қытай ғұндарға жылсайын салық төлеуге тиіс еді. Моде өлгеннен кейін бейбіт кезең бірнеше ондаған жылдарға созылды. Оны император Уди бұзды. Соғыс б.з.д. 129ж. басталып, 2 жақ алма-кезек жеңіске жетіп отырды. Қытайлар Ғұндарды Ордостан ығыстырса, б.з.д. 90 ж. Яньшань тауының жанында күйрей жеңілді. Сенгир Хулагу өз бітімінің шарттарын талап етті. Бірақ бейбітшілік ұзақ болмады. Б.з.д. 59 ж. Ғұн мемлекетінде өзара қырқысулар басталады. Сенгирлердің билікке таласына қытай дипломатиясы өршітіп отырды.

Б.з.д. 47 ж. Ғұндар солтүстік және оңтүстік болып екіге бөлінді. Алғашқылары Қытай билігін мойындады, соңғысы тәуелсіздігін сақтап қалды. Солтүстік ғұндардың бір бөлігі Қытай басқыншыларына қарсыласа отырып, кангар еліне кетуге мәжбүр болды. Сонымен, біздің заманымыздың шегінде ғұн тайпаларының Қазақстанға жаппай көшуі басталады. Б.з 93 ж. солтүстік ғұндар Қытай әскерінің асыруымен тарбағатайға одан кейін Орталық Қазақстан мен Сырдарья жағалауына дейін жетті.

Ғұн мемлекеті. Атилла. Солтүстік ғұндардың бір бөлігі б.з. І ғ. Қазақстан территориясына енді. Көп ұзамай олар Волга, Дон және Арал теңізінің аралығына келді. Осы кішкентай жерде хунну, алан және кангар тайпалары 3 ғасыр бойы көшіп, Иран, Рим сияқты көне мемлекеттермен саяси қатынасқа (бейбітте, соғыста) түсті. Осы уақытқа дейін ғұндар өзінің этникалық ерекшеліктерінен айрылып, жергілікті көшпелі тайпалармен ассимиляцияға түсті. Осыдан жаңа этнос пайда болды, енді біз оны Хунну емес Ғұн дейміз. Оларды осылай батыс деректері де атайды.

445 ж. Аттила өзінің ағасы Блезуды өлтіріп, дара билейді. Оның билігі қысқа болғанмен, оқиғаларға толы еді.

Аттила өзінің алғашқы соққыларын Шығыс Рим империясына бағыттады да, 448 ж. оған жыл сайын салық төлетті. Сонын герул, осгот пен гепид герман тайпаларын біріктіріп, Батыс Рим империясына қарсы соғыс бастады, Батыс Риммен вестготтар, аландар, бургундтер, франктер одақтас болды. 451 ж. екі әскер арасындағы шайқас Аттиланың жеңілуімен аяқталды, алайда келесі жолы оның әскері Римге жақын императорды қашуға мәжбүр етті. 453 ж. Аттила өлген соң оның мемлекеті ыдырап кетті.

Ғұндардың Қазақстан жеріне жаппай енуінен және ғұн, кангар тайпаларының ары қарай батысқа өтіп кетуімен жергілікті халықтың антропологиялық типінің өзгеруі және түрк тілінің протоқыпшақ диалектісінің таралуына байланысты болды.

1). Тест

1.Ғұн тұрмысындағы қасиетті орын

А) Төр

В) Шаңырақ



С) ошақ

Д) Бұлақ маңы

Е) Тау беткейі

2. Солтүстік ғұндардың билеушісінің есімі

А) Мөде

В) Чжи-Чжи



С) Аттила

Д) Еллюй Даши

Е) Үшелік

3. Ғұн- түркілердің арғы атасы –деп тұжырым жасаған қазаұ зиалысы:

А) Ш.Уалиханов

В) М.Қозыбаев

С) Ә.Марғұлан

Д) М.Жұмабаев

Е) С. Асфендияров

4. Ғұн қоғамында құлдар атқарған жұмыстар:

А) Каналдар қазып, мал бақты

В) Ең ауыр жұмыстар атқарды

С) Құлдарды өлтірді

Д) Үй қызметшісі, бақташы, қолөнерші, жер жыртушы

Е) Соғыста алдыңғы шепке қойылды

5. Б.з.ІУ ғасырда ғұндар қоныстанған аймақ:

А) Сырдария

В) Орталық Қазақстан

С) Орал даласы

Д) Рим


Е) Венгрия

2) Бақылау сұрақтары

1. Аттила өзінің алғашқы соққыларын қайда бағыттады?

2. Аттила өзінің ағасы Блезуды қай жылы өлтірді?

3. Ғұн мемлекетінің негізін қалаған кім?



3) Үйге тапсырма

Өтілген тақырып бойынша тест сұрақтарын түзіп келу


Сабақтың тақырыбы: Үйсін мемлекеті (б.з.б. 2ғ - б.з. 4ғ)

Сабақтың жоспары:1. Қоғамдық құрылысы

2. Үйсін мемлекетінің орналасқан жері

3. Шаруашылығы мен діни наным-сенімдері

Сабақтың мақсаты: Үйсін мемлекетінің құрылуы мен мемлекеттік құрылысын талдап тыңдаушыларға түсіндіру.

Сабақтың міндеті:үйсін мемлекетінің қоғамдық құрылысы, тұрмысы жайлы тереңірек түсіндіру

Сабақтың мазмұны: Үйсіндердің мемлекеттік құрылысы б.з.д. І мың аяғында Жетісу, Тянь-Шань және Тарбағатай жерлерінде жаңа мемлекет пайда болды, ол Қытай деректерінде “Үйсін елі” деп аталды. Б.з.д. 53 ж. Үйсіндер екіге бөлінді.

Үйсін мемлекетінің басында “Күнбек” титулы бар билеушісі тұрды. Билік мұрагерлікпен қалып отырды. Б.з.д. 53ж. үйсін мемлекеті бөлінгеннен соң бір-біріне тәуелсіз Ұлы күнбек және кіші күнбек пайда болды. Билеушіден басқа сегіз категориядағы чиновниктер болған. Билеушінің көмекшісі дуглу титулын иемденіп, атқарушы биліктің басшысы болды. Одан төмен екі қолбасы, үш үлес билеушісі, оларды Онхо деп атады. Қолбасының көмекшілері дарту титулымен аталған. Одан басқа күнбектің орда істерін басқаратын, салық жинайтын, заңдардың орындалуын қадағалайтын шиновниктері болған.

Үйсіндердің саяси тарихы. Үйсін мемлекеті құрылғаннан бастап Ғұндарға тәуелді болды, бірақ ол одан тез босынып осы аймақта ең күшті мемлекетердің біріне айналды. Үйсіндердің осыдан кейінгі тарихы Ұлы және кіші күнбектердің соғыстарына толы. Біріншісі Қытайға сенпе, екіншісі — Кангар мен Ғұндар сенді. Бірақ Ғұн империясы құлаған соң солтүстік үйсіндердің олармен ара қатынасы нашарлап кетті. Б.з.д. 49ж. Өжет шекара бойындағы бірнеше ұрыстарда жеңілді. Б.з.д. 44ж. Ғұндар оңтүстік үйсіндерге шабуыл жасап, олардың астанасы Чигу қаласын тонап кетті. Бұл оқиға үйсіндердің Қытаймен жақындасуына әкеліп, бұл одақ б.з.д. 36ж. солтүстік Ғұндарға қарсы жорық жасады.

Vғ. басында үйсін атауы деректерден кездеспейді. Айта кету керек, “Үйсін” этнонимі бүгінгі күнге дейін жетті. Қазақтардың Ұлы жүзінің бір руы “Үйсін” деп аталды.



1) Тест

1. Үйсіндердің дипломатиялық-туыстық қатнаста болған мемлекет

А) Рим

В) Мидия


С) Қытай

Д) Византия

Е) Парфия

2. Гуньмо кімдердің билеушісі

А) Түріктердің

В) Андрондардың

С) Қарақытаилардың

Д) Үйсіндер

Е) Қыпшақтар

3. Үйсін қоғамында әскер саны

А)500 мыңға жуық

В) 260 мың

С) 200 мың

Д) 180 мың

Е) 70 мыңдай

4. Үйсіндер кімдердің жеріне келіп қоныстанды

А) Массагеттер

В) Тиграхауда сақтары

С) Хаумаварга сақтары

Д) Сарматтар

Е) Исседондар

5. Үйсін мәдениетінің хронологиясы

А) Б.з.б ІІІғ.- б.з.ІУғ

В) Б.з.б ІУғ- б.з.ІУғ

С) Б.з.б.Уғ - б.з.ІУғ

Д) Б.з.бУІ - б.з.ІУғ

Е) Б.з.б.УІІ - б.з.ІУғ

2) Бақылау сұрақтары

1. Үйсіндердің шаруашылығы қандай болды?

2. Үйсіндердің қосымша кәсіпшілігі

3. Үйсіндер жайында кімнің мәліметінен көре аламыз



3) Үйге тапсырма

Сақ, ғұн, үйсін тайпаларының діни наным-сенімдерін салыстыру


Пайдаланатын әдебиеттер:

  1. Гумилев Л. Көне түріктер. «Білім», - Алматы.1994.

  2. Абдрахман Хайруш. Тарихыңды таны. (Отан тарихының очерктері.

- Алматы. «Дәнекер».2002)

  1. Қазақ тарихынан. - Алматы. «Жалын», 1997.

  2. Байпақов К.М., Марғұлан Ә.Х. Археология Институты. Қысқаша тарихи ғылыми жетістіктері. - Алматы, «Ғылым» 1998.

  3. Аманжолов К.Р. Түркі халықтарының тарихы.1-кітап. - Алматы, «Білім», 2002.


Сабақтың тақырыбы: Орта ғасырдағы Қазақстан

Сабақтың жоспары: 1.Түрік және Батыс түрік қағанаты

2.Түркеш және Қарлұқ қағанаты

3.Қарахан мемлекеті

Сабақтың мақсаты: VI-XII ғасырлардағы Қазақстан территориясындағы түрік мемлекетінің саяси тарихының даму заңдылықтарын көрсету.

Сабақтың міндеті:Түркілердің тегі туралы деректер мен зерттеулер. III-V ғ.ғ. Орталық Азиядағы саяси жағдай. Ашин руы. «Түркі» этнонимі. Түркілердің Алтайға қоныстануы. Түркілер Жужань империясының құрамында.

Сабақтың мазмұны: Түрік қағанатының құрылуы. Үйсіндердің күші қайтқан соң Жетісу үнемі қақтығыстарға ұшырап отырды.

V ғ. Осында келген жожан әскерлері үйсіндерді өз иеліктерін далалық бөліктен Тянь-Шаньға ауыстыруға мәжбүр етті. Бос қалған жерлерге юечжилердің қалдықтары орналаспақшы болды, бірақ 418—419ж. Жожандармен соғыстан соң олар Орта Азияға кетуге мәжбүр болды, ол жерде олар перс және эфталиттермен қақтығысты. Шу мен Талас өзендерінің жоғарғы ағысын кангарлар басып алып, жожандардың батысқа жылжуын тоқтатты.

Жетісу мен Шығыс Қазақстан Жожан мемлекетінің шегі болғандықтан оларға көңіл аз бөлінді. Бірақ дәл осы жерде, Алтайда Жожандарға қарсы тұра алатын күш қалыптаса бастады.

Солтүстік-Шығыс Жетісуда, Ертіс аңғары мен Жоңғарияда мекендеген көптеген теле тайпалары 482ж. Жожандарға қарсы көтеріліс жасап, өз мемлекетін құрды. Ол көп өмір сүрген жоқ, 516ж. телелер қайтадан Жожандарға бағынышты болды. Алтай тайпаларының бірі — ашина — Жожандар үшін темір балқытты. Бұл тайпаға евразия тарихында ерекше бір роль орындау жазылған. Осы ашина қоластындағы халықтарды түрік деп атады. “Түрк” сөзінің өзі — күшті, мықты дегенді білдіреді. А.Н.Кононовтың айтуынша бұл сөз басында саяси мәнге ие болған, онымен ашина тайпасының билеуші руын құраған дала ақсүйектерінің отбасы мүшелерін атаған. Тек кейін ғана түрк қағанына бағынған барлық тайпалардың ортақ атына айналды.

545 ж. теле тайпалары Жожандарға қарсы тағы да көтеріліске шығады. Жаңа мемлекеттің басына ашина-түрктерінің билеушісі Бумын келді. 551ж. ал Қытаймен одақ жасасып, Жожандарды талқандап, Ель-хан титулын қабылдады. 552 ж. Бумин өлген соң таққа оның баласы Қара-Есік хан отырды. Ол да жожандарға жаңадан соққы берді. Жеңістен соң белгісіз жағдайда хан қайтыс болып, оның орнына ағасы Муган-хан келеді. 553ж. жожандар тағы бір рет жеңіледі. Енді түрктер Алтайдан шығысқа қарай бүкіл даланың қожайыны болады. Келесі жылы түрктер батысқа қарай жорыққа аттанады, оны Бумынның кіші бауыры Истеми каган бастайды. Жожандардың шапқыншылығынан әлсіреген үйсіндер қарсылық көрсете алмады, сөйтіп 555ж. Истеми әскері Арал теңізі мен Ташкент маңына жетеді. Бірақ Аралдың солтүстігінде өмір сүрген уар мен хионит тайпалары қатты қарсылық көрсетіп, тек 558 ж. ғана бағындырылды. Түрктер Еділге жетті, бірақ оны өткен жоқ. Сөйтіп қысқа мерзім ішінде Еділден Хинган тауларына дейінгі аралықта үлкен көшпелі империя құрылды.

Түрік империясының гүлденуі. Жаңа мемлекеттің басында қаған тұрды, қағаннан кейінгі екінші адам, оның туысқаны, “ягбу” титулын иемденді. Тақ мұрагері қызметіне қарамастан тегин деп аталды, ал қағанның барлық туыстары өз аттарына “шад” лауазымын тіркеген. Мұрагерлік үлестік жүйемен берілді. Ол бойынша тақ Әкеден балаға емес, үлкен ағасынан кішісіне немесе Кіші нағашысынан үлкен жиеніне берілді. Мұрагерлікті күтіп, шадтар басқаруға үлес алған.

568ж. түрк мемлекеті 4 үлеске бөлінген, ал 576ж. - сегізге. Қағанның өз ордасы Алтайда орналасқан.

Әлеуметтік жағынан түрктер үш топқа бөлінген — бектер, қара-будун (негізгі қауын), таттар (құлдар) қолға түскен тұтқындар. Түрктерге бағынған теле тайпалары оғыз деп аталды.

Түрік қағанаты пайда болысымен сол кездегі дүниежүзілік империялармен бір қатарға тұрды.

IV ғ. 60ж. түріктер Бэй-Ци және Бэй-Чжой Қытай мемлекеттерінің өзара күресіне араласып, екеуіне де салық төлетті. Тобо-хан қаған айтқан екен: “Оңтүстіктегі екі бала (Чжоу және Ци) бізге бағынышты болса, кедейліктен қорқпауға болады”. 560ж. түрктер Орта Азияда эфталиттермен соғыс кезінде Ташкент пен Зерафия жазығын басып алды. 565ж. Несефи маңындағы ұрыста Истеми-каган бастаған түрктер жеңіп, Соғдыны қағанатқа қосты. 570—576жж. түрктер Солтүстік Кавказда, ал 576ж. Босфорды жаулап алды. Осы жаулап алулардың нәтижесінде Түрік қағанаты Ұлы Жібек жолының барлық маңызды бөліктерін өз бақылауына алды, бұл болса керуен саудасынан түрік ақсүйектеріне көп кіріс әкелді. Алайда өзара қырқыстардың нәтижесінде көп ұзамай Түрік қағанатының шаңырағы шайқалды.



1). Тест

1. Түрік тайпаларының қолөнер түрі

А)Қыш өндірісі

В)Зергерлік-ұсталық

С)Тоқымашылық

Д)Шыны жасау

Е)Берілген жауаптардың бәрі дұрыс

2. Салық жинауға жергілікті адамдарды бекітіп, оларға «селиф» деген атақ берген қаған

А) Шигу

В) Қапаған



С) Тон

Д) Тардуш

Е) Ешбир

3. Түрік қағанатының хронологиясы

А) 552-603ж.ж.

В) 555-603 ж.ж.

С) 603-704 ж.ж.

Д) 552-602 ж.ж.

Е) 604-704 ж.ж.

4. Түріктер Арал теңізіне дейін қай жылы жетті?

А) 552 ж

В) 555 ж


С) 557 ж

Д) 600 ж


Е) 553 ж

5. Түріктердің барсты қарсыласы кімдер?

А) Соғдылар

В) Түркештер

С) Эфталиттер

Д) Қаңлылар

Е) Үйсіндер

2) Бақылау сұрақтары

1. Түріктер алғашқыда кімдерге тәуелді болды?

2. Түріктер шаруашылығы неше бағытта болды?

3. Түрік қағанаты қай жылы ыдырады?



3) Үйге тапсырма

«Түрік» атауының шығу төркінін зерттеу


Сабақтың тақырыбы: Батыс Түрік қағанаты (603—704ж.ж.)

Сабақтың жоспары: 1. «Түрік» атауының шығуы

2. Ұлы Түрік қағанатының құрылуы

3. Түрік қағанатының бөлінуі

Сабақтың мақсаты: «Түрік» атауының шығу төркінін зерделеп, тереңдетіп түсіндіру.

Сабақтың міндеті: Ежелгі түркі халықтарының, Түрік қағанатының бөлінуі жайлы мәлімет беру.

Сабақтың мазмұны: Түрік әлемінің батыс бөлігін қамтыған Түрік Батыс қағанаты. Шығыс Түркістаннан Әмударияға, Еділ бойы мен Солтүстік Кавказ далаларына дейінгі аумақта түріктердің ежелгі мекенінде орналасып, астанасы Суяб қаласы, ал жазғы орталығы Мыңбұлақта (Түркістан төңірегі) болды. Этникалық бірлестік өзегін Шу өзенінен Шығысқа қарай бес тайпа дулу, батыста бес тайпа нушиби тайпалары құрады. Бұл он тайпа “он оқ будун” деп аталды.

Орталық биліктің күшейген тұсында Шеғуй қаған (610—615) және Тон жабғу қаған (618—635) шекараны Үндістанның солтүстік батысына дейін кеңейтті. Бірақ Қытай императорларының қыйтұртқы саясаты мен билеуші топтың саяси әлсіздігі ыдыраушылыққа алып келді. Осыны күткен Таң империясы Жетісуды басып алып, билікті бағыншты қағандар арқылы жүргізді.

Қаған — мемлекет басшысы, әскер басы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саяси істерін басқарды, тайпа басшыларын бекітті. Қаған руынан шыққандар ғана мемлекеттегі жоғарғы шендер жабғу, шад, ел тебер атағын алды. Сот қызметін бұйрықтар мен тарқандар атқарды.

Шаруашылықтың негізгі түрін көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен қатар отырықшы егін шаруашылығы құрады. Батыс түрік мемлекетіндігі тайпалардың өзара диалектік айырмасы болғанмен, олар бірыңғай түркі тілінде сөйледі. Екі түрік қағанатында да орхон жазуы кең таралды. Қытай үстемдігі кезеңінде қол жаулыққа айналған қоғамның саясатына қарсы тайпалар азаттық күресін жүргізіп, оның соңы VIII ғ. басында түркештердің жеңісімен аяқталды.



1). Тест

1. Батыс Түрік қағанатын қай тайпаның ақсүйектері биледі?

А)Теле тайпасы

В)Ашина тайпасы

С)Яғма тайпасы

Д)Қыпшақ тайпасы

Е)Жікіл тайпасы

2. Батыс Түрік қағанатының халқының көпшілігі:

А)Қара бұдындар

В)Тұдындар

С)Бұйрықтар

Д)Бектер


Е)Таттар

3. Гурхан деп кімді атаған?

А)Әскер

В)Билеуші



С)Сот қызметкері

Д)Салық жинаушы

Е)Құл

4. Батыс Түрік қағанатына енген тайпалар



А)Сарматтар,қарлұқтар

В)Массагеттер,каспилер

С)Селжұқтар,соғдылар

Д)Дулу,нушиби

Е)Ғұндар,маңғыттар

5. Батыс Түрік қағанатындағы тархандардың қызметі

А)Салық жинаушы

В)Қағанның көмекшісі

С)Жер иеленуші

Д)Сот қызметін атқарушы

Е)Әскербасы

2) Бақылау сұрақтары

1. Батыс Түрік қағанатындағы Парфюмерияда,дәрі жасауда пайдаланған хош иісті зат?

2. Түрік тайпаларының қолөнер түрі қандай болды?

3. Батыс Түрік қағанатының халқы нешеге бөлінді?



3) Үйге тапсырма

Батыс және Шығыс Түрік қағанаттарының шаруашылығын, наным-сенімдерін салыстырып мәлімет жинау.


Сабақтың тақырыбы:Түркеш қағанаты (704—756ж.ж.)

Сабақтың жоспары: 1. Түркештердің саяси тарихы

2. Сұлу қағанның билікке келуі

3. Түркеш қағанатының әлсіреуі

Сабақтың мақсаты: Түркеш қағанатының қоғамдық құрылысы жайында жалпылама мәлімет беру.

Сабақтың міндеті: Орта Азияны мекендеген Түркештердің жер аумағы, халқының саяси жағдайын түсіндіру.

Сабақтың мазмұны: Шу-Іле өзендерінің аралығындағы үлкен аймақта өмір сүрген түркеш тайпалары Үштік қаған басшылығымен 704 жылы Жетісуда билікке келді. Түркештер соғдыдан Тұрпан мен Бестолыққа дейінгі аралықта билігін орнатты. Үлкен және кіші ордаға бөлінген түркештер үстемдік үшін күресте сары (Шу және қара (Іле) түркештер болып екіге айрылды. Суябта орналасқан Үлкен орда жеңіліс тауып, билікке орталықтарын Таласқа көшірген Кіші орда өкілдері қара түркештер келді. Таққа Сұлық қаған отырды. Түркештердің ішкі қырқысы кезінде, Орта Азия тарихының жаңа кезеңі бастау алған еді. VIII ғ. Басында арабтар Маураннахрды жаулап ала бастады. Соғды-араб соғыстары кезінде түркеш әскерлері соғдылықтарға көмекке келіп, арабтарға елеулі қарсылық көрсетті. Бірақ, 711 жылы Шығыс түрік қағаны Қанаған түркештермен соғысын жеңіп шығуы елдегі саяси тұрақсыздықты асқындырып жіберді. Билікке Сұлу қағанның (715—738) келуінен кейін қағанат қайта нығайды. Сұлу қағанның көрші соғды елінде арабтарға қарсы соғысы кезінде ел ішіндегі сары және қара түркештер арасындағы күрес пен оған дем беруші Таң патшалығының саясаты билікті әлсіретіп, сұлу қағанның өз қолбасшылары тарапынан қаза табуына алып келді. Осыны күткен Қытай империясы Суяб, Талас, Шашты жаулап алып, елді үлкен күйзеліске ұшыратты. Түркештердің Қытай езгісіне қарсы күресі, тек сыртқы күштердің көмегі арқылы жеңіске жетті. 751ж. Тараз маңындағы Атлақ қаласының жанында Зияд ибн Салих басқарған араб әскері Гао Сяньчжи бастаған Қытайлықтарды күйрете жеңіп, 50 мың әскерін өлтіріп, 20 мыңын тұтқындайды. Жеңіске Қытай жағында соғысқан Қарлұқтардың арабтарға өтуі өз үлесін қосты. Бұл ірі жеңістің тарихи маңызы, Қытай империясының сан ғасырлар бойы қазақ жерін жаулау ішкі саясатына араласу әрекетін тоқтатып, осыдан кейінгі кезеңде империя әскері Қазақ жеріне енген жоқ.

756ж. ішкі қырқыстар мен соғыстардан әлсіреген түркеш билігін қарлұқ тайпалары жеңіп алды.


1). Тест

1. Түркеш қағанатының өмір сүрген уақыты:

А)704-706 ж.ж

В)704-738 ж.ж.

С)704-756 ж.ж.

Д)704-766 ж.ж.

Е)704-804 ж.ж.

2. 704ж. билікке келген Жетісуды мекендеген тайпа:

А)Үйсіндер

В)Оғыздар

С)Қарлұқтар

Д)Қимақтар

Е)Түргештер

3. Түркеш қағанатындағы ірі сауда орталығы

А)Ақбешім

В)Тараз


С)Отырар

Д)Атлас


Е)Мерке

4. Түркештердің Күңгіт қаласы қай жерде орналасқан

А) Іле

В) Талас


С) Шу

Д) Есіл


Е) Ертіс

2) Бақылау сұрақтары

1. Қара және сары түркештер арасындағы соғыс қай жылы болды?

2. Сұлу қаған қай жылы, қай жерде, кімнің қолынан қаза тапты?

3. Сақал қағанның билік еткен жылдары



3) Үйге тапсырма

Түркеш қағанатындағы қара және сары түркештердің шаруашылығының айырмашылығын салыстыру.


Сабақтың тақырыбы: Қарлұқ мемлекеті (756-940 ж.ж.)

Сабақтың жоспары:1. Қағандықтың құрылуы

2. Саяси тарихы

3. Қарлұқтардың шаруашылығы

Сабақтың мақсаты: Тыңдаушыларға Қарлұқ қағанатының құрылу тарихын түсіндіру.

Сабақтың міндеті: 756-940 ж.ж. өмір сүрген қарлұқтардың саяси өмірін зерттеу.

Сабақтың мазмұны: Алтайдан Балқаш көлінің шығыс жағалауына дейінгі аймақта өмір сүрген Қарлұқ тайпалары Батыс және Шығыс Түрік қағанаттарына бағынды. 742 жылы Шығыс Түрік билігі үшін болған тайталаста жеңіліс тауып, Жетісу жеріне ауады. Билікке келген 756 жылдан бастап, келесі онжылдықта Қашғарияны, ал VIII ғ. аяғына қарай Ферғананы да жаулап өз билігін орнатты.

Қарлұқтардың мемлекеттік құрылысы үлестік тайпалық жүйенің дамыған түрі болды. Ал басқару түрі әскери — әкімшілік жүйесі бойынша жүргізілді. Қарлұқ билеушісі 840ж. дейін жабғы, осы жылдан бастап — Ұйғыр қағанатының құлауымен — ең жоғары билеуші — қаған лауазымын иеленді.

840 жылы Саманилер Испиджабты басып алды, бірақ басқару жүйесіне сол түрік әулеттері иелік етті. Саураннан Талас аймағына дейінгі жерді қамтып жатқан испиджаб аймағы арқылы ислам діні Жетісу аймақтарына тарала бастады. ІХ ғ. соңында Саманилерге қарсы соғысты Жетісу түріктері 904 ж. Мауереннахрға дейінгі жерді аз уақытқа болсада басып алып отырды.

Қарлұқ бірлестігіндегі тайпалардың жеке басқару жүйесі енді бір орталықтан басқаруға кері әсерін тигізіп отырды. Ішкі тартыстар 940 жылдары қарсыластардың жеңісіне алып келді.



1). Тест

1. Қарлұқтар құрамында 9 тайпа болғандығын дәлелдеген ғалым:

А)Әл-Якуби

В)Әл-Марвизи

С)Ибн-Хаукаль

Д)Гардизи

Е)Сыма-Цян

2. Орта ғасырдағы «саудагерлер қаласы»

А)тараз

В)Испиджаб



С)Суяб

Д)Отырар


Е)Сауран

3. Қаланың шахристиан бөлігінде орналасқандар

А)Қала билеушілер

В)Қолөнершілер мен саудагерлер

С)Бай шонжарлар мен егіншілер

Д)Малшылар мен егіншілер

Е)Әскер басшылар

4. Орта ғасырлық қағанаттардың негізінен егіншілікпен айналысқан орталықтары

А)Ертіс,Жайық

В)Шу,Талас

С)Жем,ТОбыл

Д)Сырдария

Е)Сарысу,Торғай

5. Орта ғасырлардағы әкімшілік,қолөнер,сауда,мәдениет орталығы болған ең ірі қала.

А)Баласағұн

В)Отырар


С)Сайрам

Д)Суяб


Е)Шаш

2) Бақылау сұрақтары

1. Қарлұқ қағанатының хронологиясы

2. Қарлұқтардың шаруашылығы мен діни наным-сенімдері.

3. Қарлұқтардың көрші елдермен соғысы



3) Үйге тапсырма

Қарлұқтар жайында тест сұрақтарын түзу.



Сабақтың тақырыбы: Оғыз мемлекеті (ІХ ғ. соңы-ХІ ғ. басы)

Сабақтың жоспары: 1. Оғыз мемлекетінің құрылуы.

2. Оғыздардың жер аумағы, этникалық құрамы

3. Мемлекеттің әлсіреуі

Сабақтың мақсаты: Оғыз мемлекетінің құрылуын, саяси тарихын, этникалық құрамы жайлы мәлімет беру.

Сабақтың міндеті: ІХ ғ. соңы-ХІ ғ. басында өмір сүрген оғыздардың саяси жағдайын түсіндіру.

Сабақтың мазмұны: Оғыз тайпалары Түркеш қағанаты құлағаннан кейінгі қарлұқтардың билікке келу барысында Жетісудан Шу өзені аңғарына қоныс аударды. ІХ ғасырда кимектермен және қарлұқтармен бірлесе Сырдарияның орта ағысы мен Арал теңізін, өзіне қаратып алды.

ІХ ғасырдың соңында хазарлармен одақ құрып, печенегтерді жеңіп, Жайық пен Еділ аралығын бағындырды. Осы жеңістердің барысында Оғыз тайпалық бірлестігіне Сырдария жазығы мен Арал-Каспий далаларының ежелгі тайпалары, Жетісудың көшпелі тайпалары кірді. Махмұт Қашқаридың дерегі бойынша алғашында онда 24 тайпа болған.

Х ғасыр басында Оғыз даласына батыста Хазарияға дейінгі, Солтүстік Каспий маңы, Оңтүстік Шығыс Қарақұм және Арал маңындағы Қызылқұм кірді. Мемлекет астанасы Янчикент қаласы болды. Жоғарғы билеуші жабы деп аталды. Монархиялық билік кеңестерде бекітілді. Әскери басшысы — сюбашы маңызды рольге ие болды. Оғыз мемлекеті Еуразияның саяси және әскери тарихында маңызды роль атқарды. 965ж. Киев князімен одақтаса отырып Хазар қағанатын жеңді. Орталық билікке қарсы оғыз тайпаларының көтерілісінде селжуқтар ішінара негізінен жеңіске жеткенмен, жеңіліске ұшырады. Ішкі қыпшақ тайпаларының тегеурінді соққысы оғыз мемлекетін бір жолата құлатты.
1). Тест

1. Оғыз жабғуының орынбасары

А)Ятук

В) Елтебер



С)Күл еркін

Д)Сюбашы


Е)Шерби

2. ҮІІ-ҮІІІғ.ғ. қалалардың басты қызметі

А)Сада

В)Әкімшілік



С)шаруашылық

Д)Мәдени


Е)Дипломатиялық

3. Әкімшілік,сауда,қолөнер,мәдениет орталығы болған ортағасырлық ірі қала

А)Құлан

В)Атлах


С)Мерке

Д)Отырар


Е)Ілебалық

4. Цзюйлень деп қай қаланы атаған?

А)Шауғар

В)Құлан


Д)Екіоғыз

С)Кедер


Е)Мерке

2) Бақылау сұрақтары

1. Х ғасырда Оғыз даласы қай жерге дейін жетті?

2. Оғыздар туралы кімдердің мәліметінен көре аламыз?

3. Оғыздар кімдермен одақтасып Хазарияны талқандады?



3) Үйге тапсырма

Өтілген тақырып бойынша терең мәлімет топтау.



Сабақтың тақырыбы: Қимақ қағанаты (ІХ ғ. соңы-ХІ ғ. басы)

Сабақтың жоспары: 1. Қимақ қағанатының құрылуының алғы шарттары

2. Қимақтардың діни наным-сенімдері

3. Мемлекеттің әлсіреуі

Сабақтың мақсаты:Қимақ қағанатының жер аумағын, қоғамдық құрылысын, мәдениетін терңірек түсіндіру.

Сабақтың міндеті:Қимақтар жайындағы жазылған мәліметтерді тыңдаушыларға ұғындыру.

Сабақтың мазмұны: Қазақ даласының саяси аренасында ІХ ғасырда қимақтардың мемлекеті пайда болып, құрамына Алтайдан Сырдарияға дейінгі көптеген тайпалар енді. Бұл мемлекеттің негізін құраушы имақ тайпасы VIIғ. ортасында Шығыс Қазақстанды мекендеді. Жергілікті ертіс тайпаларын бағындырған имақтар конференция құрды. Қорлұқтармен тұргеністердің арасында болғанына қарамастан олар өз тәуілсіздігін сақтап, өз ықпалын көптеген қанғар тайпаларына, руларына билік жүргізді.

Ұйғыр қағанатының 840ж. ыдырауымен қағанат құрамындағы тайпалардың бір бөлігі қимақ одағына енді. Осының арқасында күшті мемлекет пайда болды. Ел басы Х ғасыр басында “қаған” дәрежесіне көтерілді. ІХ ғасырда қимақ мемлекетіне имақ, ланиказ, ажлад, баяндур, татар, қыпшақ тайпалары кірді. Қағанаттың ең ірі және ықпалды тайпасы қыпшақтар болды. Қимақтардың жазу-сызуды пайдаланғанын жазба деректер атап өтеді. Мәдени тұрғыда қимақтар ежелгі түрік наным-сенімдерімен салт-дәстүрлерін ұстаған. Басты дін тәңіршілдікпен бірге шаманистік бағыттағы рухқа, отқа, аспан денелеріне табынушылықтың болғанын айтады. Археоологиялық ескерткіштер мүрдені мұсылманша жерлеумен Әл-Қимақи секілді мұсылман ғұламаларының болуы қимақтар ішінде исламның тарала бастағанын көрсетеді. ХІ ғасырдың басында қағанат ыдырап, қимақтар билігі қыпшақ тайпаларының қолына өтті.



1). Тест

1. Ертіс бойындағы қимақтар қаласының саны:

А)16 қала

В)14 қала

С)13 қала

Д)12 қала

Е)9 қала

2. Қимақ мемлекетінің хронологиясы

А) ІХ ғ соңы-ХІ басы

В) Х ғ соңы-ХІ ғ басы

С) ХІғ

Д) ХІІ ғ басы



Е) ХІ ғ соңы -ХІІ ғ басы

3. Қимақтардың Батыс Алтай мен Тарбағатайға көшкен жылы?

А) 756-840 ж.ж.

В) 770-775 ж.ж.

С) 766-840 ж.ж.

Д) 766-845 ж.ж.

Е) 775-780 ж.ж.

4. Қимақ қағанаты қай қағанаттың орнына келді?

А) қарлұқ

В) Ұйғыр


С) қыпшақ

Д) оғыз


Е) түрік

2) Бақылау сұрақтары

1. Қимақ қағанаты неше тайпа негізінде құрылды?

2. Қимақтардың қоғамдық құрылысы?

3. Қағанаттың саяси жағдайы



3) Үйге тапсырма

Оғыз және қимақ қағанаттарының қоғамдық құрылыстарын салыстыру.



Сабақтың тақырыбы: Қарахан мемлекеті (942-1210 ж.ж.)

Сабақтың жоспары: 1. Қарахан мемлекетінің құрылуы

2. Этникалық құрамы

3. Мемлекеттің қоғамдық құрылысы

Сабақтың мақсаты: Қарахан мемлекетінің қоғамдық құрылысы және мемлекеттегі саяси жағдайды тереңірек түсіндіру.

Сабақтың міндеті: Қарахан мемлекетінің бөлінуінің себептерін анықтау.

Сабақтың мазмұны: Ортағасырлық мемлекеттердің дамыған кезеңі оныншы ғасырдың 40-шы жылдарында құрылған Қарахан мемлекетінен бастау алады. Жаңа атаудағы бұл мемлекет Жетісу аумағы мен Шығыс Қазақстанның бір бөлігінде қарлұқтар иелігіндегі жергілікті тайпалар бірлестігі негізінде қалыптасты. 912 жылы Сатұқ Боғрахан (915—955) Баласағұн билеушісін құлатып, өзін қаған деп жариялады. Хғ. аяғында қарахандар Бұхарды жаулап алып, бүкіл Сырдария аңғарын өз билігіне қаратты. ХІ—ХІІғғ. Қағанат шекарасы батыстағы Мауреннахрдан Шығыстағы қанғарға дейін жетті. Қарахандардың мемлекеттік құрылымы жердің үлестік жүйесінде құрылды. Ірі үлес орталықтары Тараз, Испиджаб және Баласағұнда болды.

ХІғ. 30—40-шы жылдарында Қағанат екі дербес мемлекетке бөлінді. Шығыс қағанатқа, орталығы Баласағұн мен Тараз, Шаш, Ферғана, Жетісу, Қашғар кірді. Ал, Батыс қағанатқа астанасы Бұқар қаласында болып, Мауереннахрмен қоса Ходжентке дейінгі жерлер енді Қағанаттардағы билік үшін күрестер, сыртқы күштердің мемлекетті басып алуына қолайлы жағдайлар туғызды. 1089 Селжұқтар Самарқанды алып Батыс қағанатты тәуелді етті. Шығыс қағанатты ХІІғ. бірінші жартысында жаулаған қарақытайлар, кейінірек қағанаттың қалған жерімен, Батыс қағанаттағы селжұқтармен қоса жеңіп өзіне қаратты. ХІІІғ. басында Хорезм мемлекетіне қарсы күресте Қарахан мемлекеті толық жойылды.

Қарахан мемлекеті қазақ жері тарихындағы орны ерекше мемлекет. Алдыңғы кезеңдегі мемлекеттерден бөлек, басқару жүйесіне көптеген жаңалықтар енгізді.

Мемлекет басшысы хақан мемлекетті әкімшілік басқару жүйесі арқылы басқарды. Басқару орталығы хан сарайында орналасып, көшпелі және отырықшы аудандардағы ерекшелікті ескеріп отырды. Мемлекетте әскери-лендік жүйенің ролі жоғары болды. Осыған дейін мемлекеттің пайдасына алынып келген салықтар ендігі жерде қағанның туыс жақындары арқылы жиналатын болды. Иқтамен қатар жер иеленудің үлескерлік (жалға беру) түрі де кең тарады.

Далалық аймақтағы көшпелі шаруашылық халқын басқару ру-тайпа басшылары мен олардың үстінен белгіленген бектер мен ілекхандар арқылы жүргізілді.

Қарахан мемлекетінің Шығыс бөлігінде көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы, ал батыс бөлігіне егін шаруашылығы қатар дамыды. Қазақстанның оңтүстік, Жетісу аудандарында ертеден келе жатқан егіншілік дәстүр Маураннахр шаруашылығымен тығыз байланысқа түсіп, бір мемлекет аясындағы қос шаруашылық-көшпелі және отырықшы өзара ұштасып дамыды.

Экономикалық қатынастар мен сауданың дамуы мәдени-рухани байланыстармен өз жалғасын тапты. VII—VIIIғғ. Соғдылықтардың Жетісуға қоныс аударып түріктену процесі, енді, Қарахан тұсында соғдылықтардың түрік тілі, мәдениетімен етене араласуына алып келді. Екі түрлі халықтың сіңісіп түріктенуіне орталық билік пен ислам дінінің әсері көп болды. Қарахан мемлекетінің Қазақ тарихында ғана емес, жалпы Орталық Азия тарихындағы ерекшелігі, осы дәуір кезеңінде қағанат аясынан Әл-Фараби, Әл-Бируни, Ж.Баласағұни, Әбу Әли ибн Сина, Әл-Бозжани, М.Қашқари және басқа әлемдік өркениет дамуына орасан үлес қосқан ғұламалардың өмір сүруі. Бұл кездейсоқ құбылыс емес, мемлекеттің рухани-мәдени даму жетістігі.

1). Тест

1. Қарахандықтардың исламды мемлекеттік дін деп жариялаған жылы:

А)960ж.

В)993ж


С)1024ж

Д)1209ж


Е)1113ж

2. Цзюйлень деп қай қаланы атаған?

А)Шауғар

В)Құлан


Д)Екіоғыз

С)Кедер


Е)Мерке

3.Эквиус деп қай қаланы атаған?

А)Аркөк

В)Екіоғыз



С)Қостөбе

Д)Талхиз


Е)Мерке

4. ХІ-ХІІғғ. Қарахан мемлекетіндегі сәулет өнерінің туындысы

А)Айша бибі кесенесі

В)Дәуітбек кесенесі

С)Рәбиға Бегім кесенесі

Д)Қожа Ахмет Йассауи кесенесі

Е)Қарахан кесенесі

5. Қарахан хандығында 960ж. болған басты оқиға:

А)Хандық екіге бөлінді.

В)Қарақытайлар шапқыншылығы

С)Селжұқтар вассал болды

Д)Ислам діні мемлекеттік дін болды

Е)Хандық құлады.
2) Бақылау сұрақтары

1. Қарахан мемлекетінде қай ханның тұсында ислам діні қабылданды?

2. Қарахан мемлекетіндегі кесенелерді атаңыздар

3. Қарахан хандығында 960ж. болған басты оқиға?



3) Үйге тапсырма

Тақырыпқа байланысты тест сұрақтарын құрау.


Пайдаланатын әдебиеттер:

  1. Гумилев Л.Н. Көне түріктер. - Алматы. «Білім», 1994.

  2. Байпаков К.М. По следом древних городов Казахстана. - Алматы, 1990.

  3. Маргулан А.Х. Казахстан в эпоху феодализма. - Алматы, 1981.

Сабақтың тақырыбы:Қыпшақтар (ХІ ғ-1219 ж)

Сабақтың жоспары: 1. Қыпшақтардың жер аумағы

2. Қоғамдық құрылысы, этникалық құрамы

3. Мемлекеттің әлсіреуі

Сабақтың мақсаты: ХІ ғ-1219 жылдарды өмір сүрген қыпшақтар жайында мәлімет беру.

Сабақтың міндеті: Қыпшақ хандығының қоныстанған жерлері, этникалық құрамы, қоғамдық құрылысы жайында тереңірек түсіндіру.

Сабақтың мазмұны: Қыпшақ этнонині Селенга жазбасында (759ж.) аталып, мұсылман авторлары шығармаларында қифчак атаулары Ибн Хардадбеха және Гардизи ІХғ. М.Қашғари ІХғ. Ибн Асир ХІІІ, Рашид-ад-дин, Ибн Халдун еңбектерінде көрсетілген. Орыс жылнамалырында оларды Половцы, венгерлерде Полоцое, хундар, византиялықтар мен батыс европа саяхатшылары (Рубрук ХІІІғ.) командар (құмандар) деп атаған.

VIIIғ. орталық және Шығыс Қазақстанда құрылды. Мұнда көшпенді тайпалар қаңғарлар, қарлұқтар, қимақтар, қырғыздар, VII ғасырда Алтайдан келген сыр-қыпшақтарының билігіне өтіп, бірікті.

ХІ ғ. басында Қазақстан даласында саяси жағдай өзгеріп, саяси билік қыпшақтарға өте бастады. Арал, Каспий өңірлеріндегі оғыздарды ығыстырып, ХІғ. ортасында Қазақстанның Жетісудан басқа барлық жері қыпшақтар иелігіне өтті. Шекарасы Шығыста Ертісте, Батысы, Еділге, Оңтүстікте Талас өзені, Солтүстігінде Батыс Сібір ормандарына дейін жетті. Бұл кезеңде бүтін қазақ даласы Қыпшақ даласы, ХІғ. ортасында қыпшақтар Қара теңіз өңірі мен Византия шекараларына дейін жетті. ХІІ ғасыр басында қыпшақтар алған жерлер екі үлкен бөлікке, Шығыс Еділге дейінгі Қазақстан аумағы және Батыс қыпшақтар болып бөлінді. Қазақстан территориясындағы қыпшақтар орталықтандырылған мемлекет құрды. Ел билеу елбөрі тайпаларының хандарының елшісінде болды.

Халық ұлықтары болып тархандар: бектер, басқақтар есептелінген.

ХІ—VIIғғ. Шығыс қыпшақ мемлекеті екі қанатқа бөлінді. Оң қанатқа Торғай даласы, Жем, Жайық, Еділ өзені жағалары, Маңқыстау жарты аралы, Елбөрі хандарымен басқарылды. Торғай ауданында үлкен ханның ордасы болды. Сол қанатқа Орталық және Шығыс Қазақстан жерлері, Сырдариядан, Ертіс, Есілге дейін созылды. Астанасы Сығанақ қаласы болып, ел билеу қаны-ұран тайпасының билігінде еді. Сырдария бойындағы қалалардың қыпшақтарға өтуі, осы жерлер үшін Орта Азия мемлекеттерінен соғысуға алып келді. Хорезм шахымен арадағы соғыстар Сыр аймағындағы қыпшақтар Хорезмшахқа жартылай бағынып, тақпен құда-жекжат тық қарым-қатынастар орнатып, оның қызметіне өтеді. Қыпшақтар қала басшылығы, әскер басы секілді қызмет атқарды. Хорезмшахтардың әскери күші қыпшақ жасақтарынан құрылды. Даналық қыпшақтар мемлекеті монғол билігі орнағанға дейін өмір сүрді. 1223ж. Калка өзені бойында біріккен орыс князьдықтары әскері монғолдардан жеңіліс тапты. Тарихта аты әйгілі Мысыр билеушісі Мұхаммед Бейбарс көрнекті ғалым Алладин әл-Қыпшақи (ХІІ-ХІІІғ.) қыпшақ тайпаларынан шыққан.

1). Тест

1. Қыпшақтардың оң қанатының орталығы

А)Суяб

В)Сарайшық



С)Сығанақ

Д)Баласағұн

Е)Тараз

2. Қыпшақ мемлекетінің араб деректерінің атауы



А)Дешті Қыпшық

В)Қыпшақ қағанаты

С)Мафазат әл-гуз

Д)Половецтер

Е)Қыпшақ хандығы

3. Қыпшақ қоғамындағы байлық көзі.

А)Қой-ешкі

В)Түйе


С)Ірі қара

Д)Жылқы


Е)Егін түсімі

4. Орта ғасырда айырбас сауда жүргізілен қалалар

А)Қашғар,Сауран

В)Алмалық,Жаңакент

С)Тараз,Баласағұн

Д)Суяб,Қойлық

Е)Испиджаб

2) Бақылау сұрақтары

1. Қыпшақтардың қоныстанаған жерлері

2. Қыпшақтардың этникалық құрамы

3. Қыпшақтардың қоғамдық құрылысы



3) Үйге тапсырма

Қыпшақ хандығының саяси жағдайы туралы терең түсіну


Пайдаланатын әдебиеттер:

  1. Байпаков К.М. Средневековая культура Южного Казахстана и Семиречья. - А., 1986.

  2. Гумилев Л.Н. Древние тюрки. М., 1967,1993; Көне түріктер. - А., 1994.

  3. Гумилев Л.Н. Древняя Русь и Великая степь. - М., 1989.

  4. Гумилев Л.Н. Поиски восмышленного царства. СПб., 1994.

  5. Дербісалиев Ә. Қазак даласының жұлдыздары; Тарихи-филологиялык. зерттеу. - А., 1995.


Сабақтың тақырыбы: Қазақстан аумағы дүниежүзілік өркениет жүйесінде

(VI-XII ғ.ғ.)

Сабақтың жоспары: 1.Қазақстан аумағындағы қалалардың өсуі, сәулет өнері

және материалдық мәдениеті

2. Түріктерден шыққан зиялы отандастарымыз

3. Түріктердің діни сенімдері



Сабақтың мақсаты: VI-XII ғ.ғ.Қазақстан аумағында мекендеген түркі тайпаларының дүниежүзілік өркениет жүйесінде алатын орнын көрсету

Сабақтың міндеті: Түркі дәуіріндегі Қазақстанды мекендеген халықтар туралы жазба, археологиялық және этнографиялық деректер. Феодалдық қатынастардың қалыптасуы, дамуы. Қоныстар мен қалалардың өсуі. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудағы қала мәдениеті дамыған аймақтар: Сыр бойы,Шу және Талас өңірі, Жетісудың солтүстік-шығысы. Қала мәдениетінің дамуындағы түркі-соғдылық синтез.

Сабақтың мазмұны: Қалалар-саяси өмір, сауда, қолөнер және мәдениет орталығы. Ұлы Жібек жолының қазақ жеріндегі тармақтары. Қалаларға сипаттама. Материалдық мәдениет.

VI-XIII ғ.ғ. Түркі халықтарының рухани мәдениеті. Наным-сенімдері, әдет-ғұрыптары. Тәңірге сену, оның көріністері.

Түркі жазуының пайда болуы және оның маңызы. Түркі жазуының ескерткіштері, оның таралу аймағы,зерттелуі. Тоныкөк. Күлтегін және Білге қаған құрметіне қойылған құлпытастар, оларға сипаттама.

Ислам дінінің түркі халықтарының өміріне ене бастауы.Түркі елдерінің араб халифаты елдерімен байланысының артуы.Ислам мәдениеті және негізі болған Құран Кәрім мен Хадистердің түркі халықтарының өміріне тигізген ықпалы.

IX-XII ғғ.Түркістандық ғалымдар мен ойшылдар: Абу Насыр әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари, Қожа Ахмет Яссауи, Сүлеймен Бақырғани және т.б. Олардың қалдырған мұраларының маңызы мен мәдениетте алар орны.

Қазақстанның географиялық орналасуына байланысты қазақ жерінде орта заманнан бері қос мәдениет-көшпелі және отырықшы қатар дамыған. Біздің дәуірімізге дейінгі Қытай деректері Сырдария жағалаулары мен Арал маңындағы қалалардың халықаралық сауда ісіне тартылғанын көрсетеді.



Отырықшылық мәдениет - отырықшы егіншілік және қала мәдениетінен құралады. Қала ұғымы әр бір тарихи кезеңге байланысты өзгеріп, толығып отырды.

Қалалардың тұрақты ауылдардан айырмашылығы қолөнер мен сауданың және архитектураның кеңінен дамуы орын алады.

Қала мәдениетінің ежелден қалыптасқан екі орталығы – Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу болды.

Испиджаб. (Қазіргі Сайран елді мекені)

Ұлы Жібек жолының қазақ жері бөлігіндегі ең ірі қала саналды. VII ғасырдың барысында Сюань-Цяньнің жылнамасында “Ақ өзендегі қала” деген атаумен белгіленген.

Араб тарихшысы әл-Мақдиси Испиджабты өте таза, ұнамды, үлкен қала ретінде сипаттап, қалада 1700 рабат (керуен сарай) төбелері жабылған ірі сауда орталықтарының және үлкен орталық мешіттің бар екендігін хабарлайды.

Археологтардың есептеулерінше қаланың өзінде және қала маңында 40 мыңға тарта халық тұрған.

Отырар Қазақстан қалаларының ішінде ерекше орын алатын қала. Себебі, қаланың орналасқан географиялық орны мен түрлі алқаптардың — көшпелі және отырықшы өмірдің тоғысқан, сан тарау керуен жолдарының қиылысқан жерінде тұруы.

Белгілі археолог А.Н.Бернштаев Отрарға байланысты “Орта Азияда бұдан ең қолайлы және ең қауіпсіз орынды табу қиын” деп көрсетеді.

Тараз Қазақ жеріндегі ең ежелгі қалалардың бірі. VII ғасырдан Жібек жолындағы маңызды орталыққа айналды. Аты әйгілі араб тарихшы, жағрапияшысы әл-Махдиси Х ғасырда былай деп жазған “Тараз - бау-бақшалы, қалың елді, оры, төрт қақпасы және қонысталған рабаты бар – үлкен, берік қала”. Хғ. соңы - ХІғ. Орта Азияны біріктірген Қарахандар мемлекетінің бір орталығы осы Таразда орналасты.

Жазба деректер Оңтүстік Қазақстанда 27 қала туралы хабар береді.

Ал Шу және Талас аңғарларындағы аумақта барлығы 36 қала жұрты табылған. (Бұлда сонда 353 б.)

Суябпен Баласағұн Жетісу өңіріндегі екі ірі орталық болып саналған Алғашқы кезеңде Қытай тарихшылары, кейінірек араб ғалымдары Суябты “бұл 20 мың адам тұратын үлкен мекен” деп сипаттайды. (Валин С.Л. Аталған еңбек. 180-183 б.)

Суяб батыс Түрік және Түргеш қаѓанаттарының астанасы болды.

Баласағұн Жетісу өңірінің астанасы, Қарахан мен Қарақытайлардың саяси орталығы болып, Х-шы ғасырдың тарихшылары көрсеткендей “игілігі мол үлкен елді мекенге”

айналған (К.Байпақов, А.Нұржанов. Ұлы Жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан. А., 1992. 158 б.)

Баласағұнда 40 күмбезді және 200 қарапайым мешіт, жиырма ханақ пен он медресе болған. (Қ.Байпақов, А.Нұржанов. Аталған еңбек. 160 б.)

ІХ—Х ғасырларда Жетісудің солтүстік-шығысында 12 қала болса, ХІ—ХІІ ғасырларда 70-ке жеткен. Сол заманның куәгері араб ғалымы әл-Идриси ХІІ ғасырда Алакөл және Ертіс жағалауында қимақтардың қалалары болғандығын жазады.

Ортағасырлық қалалар бірнеше бөліктен тұрды. Оның ішінде қамал мен шахристаннан тұратын “орталық бөлік” ерекше көрінеді. Бұл жерде билеуші топ өкілдері мен бай саудагер, әскербасылар, шенеушілер тұрған. Қаланың қорғаныс құрылыстарын мықты дуалдар құрайды. Дуалдардың ені 2 метрден 7 метрге дейін, биіктігі 5 метрге дейін салынған. Кейде Дуал қорғандар ішкі қамалда қала бекінісінде де бөлек салынған (Кошемеко П.Н. Оседлые поселение Таласской долины. Фрунзе, 1963, 167-171 б. )

Үлкен қалаларға ортақ сипат салтанат залдарының қабырғалары оюлармен әшекейленген. Құлшылық орындары, мешіттер, суландыру құбырлары, моншалар қала архитектурасының басты бөлігін құраған.

2. Ғылымның дамуы. Әрбір халықтың рухани байлығы — ғасырлар бойы тарихында жасалған, ұрпақтан ұрпаққа ауысып отыратын мирас.

VI—VII ғасырларда Түрік қағанатының құрамындағы Қазақ жеріндегі тайпалар өз жазуын қолданған. Византия тарихшысы Искандрдың 568 ж. Константинопольге барған түрік елшісі Қағаннан “скиф жазуымен” жазылған хатын алып келген.

Ертедегі түрік жазуы тұңғыш рет XVIII ғасырда Енисей аңғарында табылып, ол “руналық жазу” деп аталды. Руналық жазудың ең әйгілілері Білген қаған мен қолбасшы Күл-тегіннің құрметіне қойылған және Тонікөктің ескерткіштері. Сонымен бірге, Талас бойынан, Шығыс Қазақстан, Талғар қаласы жұртынанда түрік жазба ескерткіштері табылды. Бұлар маңызы зор тарихи дерек көздері болумен бірге, аса көрнекті әдеби шығармаларда болып табылады.

ІХ ғасырдан бастап ислам дінінің таралуына байланысты, академик В.В.Бартольд атап өткендей ғылымның дамуы кең өріс алады.

Әдебиет пен қатар тіл, астрономия, арифметика, философия, тарих және басқа ғылым салаларындағы әлемге әйгілі ғұламалардың өмірі мен еңбектері бұған айғақ. Отрар қаласында 870ж. дүниеге келген Әбу-Насыр Әл-Фараби философия, ғарышнама, логика, медицина, заң ғылымы мен математика салаларында үлкен жетістіктерге жетті. “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы”, “Дүниедегі қозғалыстардың тұрақтылығы”, “Логика” және басқа еңбектері ғылым тарихының алтын қорынан орын алды.

Жүсіп Баласағұн 1015—16 жылдары Баласағұн қаласында туылды. Түрік тілінде жазылған алғашқы еңбек “Құтты білік” кітабы ұлы әдеби-философиялық шығарма. Жүсіп Баласағұны еңбегінде адамгершілік принциптерден бастап, мемлекетті басқару әдістерін, қоғамдық-саяси мәндегі ережелер мен заңдарды, әдет-ғұрыптар, экономика, мәдениет, этика мәселелерін өте жоғары деңгейде талдап көрсеткен.

“Ақыл-ой — шам шырағың түндегі

Білімдарлық — жарық көзі күндегін”.

Махмұт ибн ул-Хусаин ибн Мухаммед әл-Қашқари ХІ ғасырда Қашқарда туылып, Баласағұн қаласында өмір сүрген. Оның “Диуани Лұғат ат-түрк” еңбегі түрік тілі ғылымындағы орны ерекше шығарма Түркі руларының тіл ерекшеліктерін, сөздік қорын зерттеумен бірге, халық фольклорымен тарихы, этнографиясына өшпес мұра қалдырды. 29 тайпаның аты, картасы, 110 жер-су аты, 262 мақал келтіріп

“Елім саған әдепті мирас етіп қалдырамын,

Шағалаған, жайқалған білімдінің бұл құрағын”

Қазақстанның орта ғасыр кезеңінде қалалар ғылым мен мәдениеттің ірі орталықтарына айналды. Әсіресе қала мәдениеттінің дамуына ислам дінінің ықпалы орасан зор болды. Әрбір қаладағы ірі кітапханалары бар медреселер жалпы білім тарату ордаларын құрады. Мысалы бір Отрар қаласының өзінен атақты Әл-Хорезми мен асторономиялық кестені жасауға қатысқан әйгілі астроном, математик Аббас Жаухари тілші географ ғалым Ысқақ әл-Отрари секілді ғұламалар шықты. Отрар кітапханасы сол замандағы әлемдегі ең үлкен кітапханалар қатарына енген. Сонымен бірге тарихта аты белгілі әл-Түркістани, әл-Сығанақи, әл-Шаухари секілді көптеген ғұлама-ғалымдардың мекендері де өркениетті дамуды сипаттайды.

3. Дін. Ертедегі түріктер негізінен тәңірге сыйынған Орхон жазба ескерткіштерінде “Көкте түрік тәңірісі”,.. Тәңір жарылқағандықтан,.. Төбеңнен тәңірі баспаса,.. тәңірі жарылқаушы,.. тағдырды тәңірі жасар адам баласы өлгелі туған” — деген секілді. Күлтегін жазуындағы теңеулер Тәңірдің көктегі жаратушы екендігін сипаттайды.

Ортағасыр тарихшысы әл-Мақдиси Х-ғасырда түріктердің діні туралы былай деп жазады: “Түріктер бір тәңірі, яғни “тәңір-біреу” дейді.

Сонымен бірге, ежелгі түріктер арасында зороастризм, буддизм, несториан діндерімен қатар отқа, жануарларға, пұтқа, рухқа табыну секілді шамандық сипаттағы діни ағымдар болды. Несториан дінінің, өздері бөлініп шыққан христиан дінінен ерекшелігі — бір құдайға бойұсынушылық болып, Иса пайғамбарды Құдайдың ұлы емес, құлы және елшісі деп, Мариямның баласы ретінде тануында.

Ислам діні Қазақстанда VIII ғасырдан бастап тарала бастады. Түркеш жерін жаулап келген қытайларға, түркештермен одақ құрған араб әскерінің 751 жылғы Атлақ соғысындағы тарихи жеңісінен кейін, ел ішінде кеңінен таралып 960 жылы Қарахан мемлекетінде мемлекеттік дін болып қабылданды.

Жаңа мемлекеттік дін қоғам өміріне аса маңызды өзгерістер әкелді. Түркі діндердің ел ішіндегі ыдыратушылық факторын жойып, тайпалардың рухани бірлігін дамыту арқылы этностық тұтастануына негіз қалады. Ислам дінінің келген алғашқы 2—3 ғасырында ортақ территория аясында әл-Хорезми, әл-Фараби, әл-Торуни, Әбу Әли ибн Сина, Ж.Баласағұни, Мазмұт Қашқари секілді алыстар адамзаттың алтын қорына өз үлестерін қосты.

Діни әдебиеттің кеңінен таралуына ХІІ ғасырда Иассы қаласында тұрған Қожа Ахмет Иассауи және Сулеймен Бақырғани, Ахмет Махмұтұлы Иүгінеки секілді ойшыл ақындар үлкен үлес қосты.

Ахмет Иссауидің “Диуан-и Хикмет” өлеңдер жинағы исламдағы сопылық ағымын дәріптеп халыққа діндарлықты, сопылық ұстамдықты, аскетизмді насихаттаумен бірге дүние қызығынан безіп тәркі дүниелікке келуге шақырады.

Ахмет Иүгінекидің “Ахиқат сыйы” дастанының негізгі мазмұны моральдық, этикалық мәселелерге арналған. Егер сопылық әдебиет өкілдері адамның танымдық мүмкіндігін шектеп, сезім мен қияли ой-жорамалға сүйенсе, Ахмет Иүгінекимен Ж.Баласағұни жолымен парасаттылыққа, оқу, ғылымға, еңбек етуге шақырып, қараңғылықтың бақытсыздыққа апаратынын жырлайды.



1). Тест

1. ХІғ.аяғында күміс ақша шығарудың тоқтатылу себебі.

А)Алтын динарлардың шығуы

В)Мыс дирхемдердің шығуы

С)Күміс кендерінің сарқылуы

Д)қағандар атынан шығарылғын жарлықтар

Е)Күміс ақша құнының төмендеуі

2.Орта ғасырдағы «саудагерлер қаласы»

А)тараз

В)Испиджаб



С)Суяб

Д)Отырар


Е)Сауран

3.Қаланың шахристиан бөлігінде орналасқандар

А)Қала билеушілер

В)Қолөнершілер мен саудагерлер

С)Бай шонжарлар мен егіншілер

Д)Малшылар мен егіншілер

Е)Әскер басшылар

4.Яксарат өзеніне қай ғасырда Сыр аты берілді?

А)ХІІІғ.

В)ХІҮғ.


С)ХІғ.

Д)ХҮғ.


Е)ХҮІғ.

5. «Әр елдің саудагерлерлері кездесетін,ал халқының жартысы саудамен айналысатын қала» атанған қала.

А)Суяб

В)Тараз


С)Қойлық

Д)Сығанақ

Е)Испиджаб

2) Бақылау сұрақтары

1.Х-ХІІ ғасырларда Таразға жақын жердегі кесене

2.Арабтардың «дін үшін соғыс» деген ұранмен елдерді жаулап ала бастаған уақыты

3.Х-ХІ ғасырларда әйнек жасау кәсібі дамыған қала

4.Бабаджа қатын кесенесінің салынған мерзімі

5.Сәулет өнері мен құрылыстың дамуы



3) Үйге тапсырма

Ғылым мен білімнің дамуы туралы терең түсіну



МАНҒОЛ ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН
Сабақтың тақырыбы:Шыңғысхан империясы.

Сабақтың жоспары: 1. Тимучин (Шыңғыс хан) басқарған манғол

мемлекетінің құрылуы мен нығаюы.

2. Алтын Орда.

3. Ақ Орда.



Сабақтың мақсаты: Манғол мемлекетінің құрылуының тарихи жағдайын және Шыңғысханның Қазақстан аумағындағы жаулау саясатын көрсету.

Сабақтың мазмұны: Монғол және түрік тайпалары арасындағы үздіксіз соғыстар нәтижесінде ХІІ ғ. соңы мен ХІІІ ғ. басында Монғол мемлекеті пайда болды.

20 жылға созылған күрес нәтижесінде 1206 жылы жалпы моңғол құрылтайы Темучинді ең жоғары билеуші етіп сайлап, «Шыңғысхан» деген атақ берді.

1203—1217жж. аралығында керей, найман хандықтары мен Сібір, Шығыс Түркістан, Жетісу жерлерін бағындырып, Пекинді алды. Солтүстік Қытайды жеңген Шыңғысханның алдында Орталық Азияның ең қуатты мемлекеттерінің бірі Хорезмшақ иелігі тұрды. 1218 ж. екі мемлекет аралығындағы дипломатиялық келісімге қарамастан, сол жылы Отырардағы сауда керуенін Қайыр ханның қырып тастауын сылтау етіп, 1219 ж. қыркүйекте Шыңғысхан соғыс ашты. 150 мың әскерден құралған үлкен қол 1219—1224 жж. аралығында Қазақстан мен Орта Азия иеліктерін түгелімен жаулап алды. Жергілікті халықтың қарсылығын басу үшін Шыңғысхан жаппай қырып-жою, зорлық-зомбылық әдістерін қолданды. Отырардың билеушісі Қайырхан 80 мың әскермен қаланы бес ай бойы қорғады. Жеті күн берілмеген Сығанақтың халқы түгел қырылды. Жент, Баршынент, Үзгенд қалаларыда жаппай тонауға ұшырады.

Яса (жасақ) Шыңғысханның тұсында қабылданған заңдар мен ережелердің жиынтығы. Бұл заң көшпелі монғол өмірінің нормаларын ғана реттестірді. Отырышқы қоғамның дәстүріне, әдет-ғұрпына қойшы келетін тұстарымен, уақыт оза Шыңғыс ұрпақтарының ислам дінін қабылдап, түріктену процесінде мұсылман мәдениеті қағидаларымен өзгеріп отырды. Мемлекеттік салық жүйесі тағар, қаман, құшыр, зекет және басқа салықтардан құралды. Көшпелі тұрғындардан құшыр-мал басына салынатын салық, отырықшы егіншілікпен айналысатындар қала тұрғындары хараж, баж салығын төмеді.

Шыңғысхан шапқыншылығы елге үлкен қайғы-қасірет әкелді. Өркениет деңгейіне жеткен қалалар, мәдениет ошақтары күйреді. Қазақстан тайпаларының этносаяси бірігу процесі шегеріліп, рухани жетістік монғолдардың артта қалған қарабайыр шаманистік жүйе қарамағында қалды. Мемлекет дамуындағы тиімді әкімшілік жүйесі әскери әкімшілік жүйесі мен ауыстырылды. Қарахан кезеңіндегі әлемдік биікке көтерілген ғылыми дамудың тамыры қиылды. Діни тұрғыда білімнің дамуымен қоғамдық сапаны жаңа белеске көтерген ислам діні шаманизм бұғауына түсіп бұрмалануға ұшырады. Монғолдар енгізген шамандық діни салттардың жаңғырығы бүгінде өмір сүруде. Суландыру жүйесі дамыған жер шаруашылығы да монғол атының тұяғына тапталды.

Дегенмен, монғол шапқыншылығы қарсаңында әлеуметтік-экономикалық және мәдени жетістік қирап, күйрегеніне қарамастан, шапқыншылықтан кейінгі бой көтерген жаңа мемлекеттердің дамуына негіз қалады.



1) Тест

1. Шыңғыс хан билігі неше ұлысқа бөлінді?

А) 3

В) 4


С) 5

Д) 7


Е) 8

2. Шыңғыс хан тұсында діни сенім қандай болды?

А) мұсылман діні

В) шаманизм

С) о дүниеге сенбеді

Д) буддизм

Е) анимизм

3.Шыңғыс ханның заңдар жинағы қалай аталды?

А) «Жеті жарғы»

В) «Қасым ханның қасқа жолы»

С) «Яса»

Д) заңдар жинағы болған жоқ

Е) «Есім ханның ескі жолы»

4. Қайыр хан Отырарды неше ай қорғады?

А) 4 ай

В) 6 ай


С) 3 ай

Д) 7 ай


Е) 10 ай

5.Шыңғыс ханның шын есімі

А) Әбілмансұр

В) Әбілмамбет

С) Темучин

Д) Сабалақ

Е) Абылай

2) Бақылау сұрақтары

1.Шыңғыс хан енгізген салық түрі

2.1206 жылғы құрылтайда қандай оқиға болды?

3. «Отырар апаты» дегеніміз не?



3) Үйге тапсырма

Жалпы Монғол дәуірі бойынша тест сұрақтарын түзу


Сабақтың тақырыбы: Алтын Орда (ХІІІ ғ. Ортасы-ХV ғ. ортасы)



Сабақтың жоспары: 1. Алтын Орда мемлекетінің құрылуы

2. Мемлекеттің саяси тарихы



Сабақтың мақсаты: Алтын Орда мемлекетінің қоғамдық құрылысы, саяси тарихы және этникалық құрылысын тереңірек түсіндіру.

Сабақтың мазмұны: Монғол шапқыншылығынан соң Қазақстан аумағы Шыңғысханның үш ұлына бөлінген ұлыстар құрамына енді Жетісудың солтүстік бөлігі және төменгі Еділ бойына дейінгі жерді қоса бүкіл Шығыс Қыпшақ даласы Шыңғысханның үлкен ұлы Жошының үлесіне тиді. Екінші ұлы Шағатайға Жетісу аймағы және Маураннахр мен Шығыс Түркістан, үшінші ұлы Үгедейге Жоғарғы Ертіс пен Тарбағатай жерлері бөлінді. 1227 жылы Шыңғысханның қайтыс болуымен күшпен, зорлықтан құрылған империясының ордасы сөгіле бастады. Орхондағы орталық пен ұлан-ғайыр жердегі ұлыстардың шалғайлығы мен ұлыс билеушілердің мүддесі империяның ыдырап, жеке мемлекеттерге айналуына алып келді.

Жошының мирасқоры Батый 1236—1242 жылы ұлыстың шекарасын Еділден батысқа жылжытып, енді Алтайдан Дунайға дейінгі жерлер ұлыс құрамына енді. XVIғ. Соңынан “Алтын Орда” болып құрылған мемлекет өз кезінде билеушілердің атымен Батый ұлысы, Берке ұлысы деп аталған мемлекет ұлыстың жүйеде құрылды. Орданың оң қанатында мемлекет орталығы орналасса, ал сол қанаты Жетісудың солтүстік шығыс бөлігі, Ертіс аймағы мен Ұлытаудан Қаратауға дейінгі жерлер, ағасы Орда Ежен басқаруына берілді. Ішкі ұлыстар өз кезегінде кіші ұлыстарға бөлініп басқарылды. Астанасы алдымен Сарай Батуде, кейінірек Сарай Беркеде орналасты.

Берке ханның (1257—1263) тұсында империя орталығынан, Батый ханның кезіндегі қағаз жүзіндегі болса да тәуелділікпен толық дербестікке қол жеткізді. Шаманизмнен — бір құдайшылыққа — ислам дініне бет бұрып, мұсылман болған Берке тәуелсіз мемлекеттің ғылымды дамытуға күш салды. Монғолдардың іштей қарсылығына қарамастан Иран, Египеттен ғалымдарды алдырып, мемлекеттік басқару жүйесіне білімді адамдарды жинады. Алтын Орда мемлекеті Мұхаммед Өзбек ханның билігі тұсында шариқтау шегіне көтерілді. Ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялай отырып, экономика мен мәдениеттік дамуын саналы биікке көтерді. Сауда қатынастары Батыс Европа, кіші Азия, Египет, Индия, Қытай мемлекекеттерімен жүргізілді.

Мемлекеттік құрылысы. Монғол империясы жеріндегі билік Шыңғыс ұрпақтарына ғана тән болды. Алдыңғы кезде азаматтық өкімет жергілікті ақсүйектер қолында болып, Шыңғыс ұрпақтары отырықшы өлкелерді басқаруға және халықтан салық жинауға араласа алмайтын.

Хан мемлекеттік биліктің иегері ретінде мемлекет басшысы, әскери, заң шығару және әкемшілік билігін қамтыды. Хан атынан бүкіл әскери билікті бектер-бегі басқарды, ал азаматтық биліктің басы уәзір болып, ол мемлекетті азаматтық тұрғыдан басқару кезінде ханның кеңесшісі болды. Салық жинауды даруғалар болып, басқақтар басқару міндетімен жергілікті халыққа әскери бақылауды жүзеге асырды.

Әскери жүйе ондық, жүздік, мыңдық, туменнен құралып, оны ірі нояндар, әмірлер, бақадурлер басқарды.

Яса (жасақ) Шыңғысханның тұсында қабылданған заңдар мен ережелердің жиынтығы. Бұл заң көшпелі монғол өмірінің нормаларын ғана реттестірді. Отырышқы қоғамның дәстүріне, әдет-ғұрпына қойшы келетін тұстарымен, уақыт оза Шыңғыс ұрпақтарының ислам дінін қабылдап, түріктену процесінде мұсылман мәдениеті қағидаларымен өзгеріп отырды. Мемлекеттік салық жүйесі тағар, қаман, құшыр, зекет және басқа салықтардан құралды. Көшпелі тұрғындардан құшыр-мал басына салынатын салық, отырықшы егіншілікпен айналысатындар қала тұрғындары хараж, баж салығын төледі.

Алтын Орда мемлекетінің негізгі тіректі күші Қазақстанның жергілікті тайпаларынан тұрды.

Монғол билеушілері нояндары аз уақыттың ішінде түріктеніп, кейін қазақ халқының құрамына енді.

Қазақ мемлекетінің Алтын Орданың заңды мұрагері, жалғасы екендігін көрсетеді.

Алтын Орда Жәнібек ханның өлімінен кейін ішкі алауыздыққа ұрынды. Жиырма үш жылда (1357—1380) жиырмадан астам хандар бірін-бірі ауыстырды. Орданың батыс бөлігі бірнеше иеліктерге бөлінді. Ішкі аласапыраннан кейін билікке қарадан шыққан түменбасы Мамайда, Маңғыт әмірі Едіге би араласып іс жүзіндегі билеушілерге айналды. Едіге он бес жыл билікті өз қолында ұстады.

Едігенің 1419 жылы билік үшін күресте қаза болуынан кейін орталық билік толық ыдырауға бет алды XVғ. ортасына қарай оның аумағында Астрахань-Қазан, Қырым хандықтары құрылды.

Жошы ұлысының негізгі ордасы болған Қыпшақ даласы Алтын Орданың тіректі күші болды. Орда ішіндегі алдын ұлыс болған Ақ орда орталықтан бөлініп жеке мемлекетке айналды. Алтын Орданыңда негізгі аумағы қазақ халқының атамекені — Ақ орданың билігіне көшті.

1) Тест

1. Алтын Орда шығыс деректерінде қалай аталады

А) Монғол империясы

В) Шыңғыс иелігі

С) Жошы ұлысы

Д) Шағатай ұлысы

Е) Монғол үстемдігіндегі ел

2. Алтын Орда ханы Батыйдың билік етке жылдары:

А) 1155-1227 ж.ж.

В) 1227-1225 ж.ж.

С) 1257-1267 ж.ж.

Д) 1267-1280 ж.ж.

Е) 1260-1280 ж.ж.

3.Қазақстан жері Алтын Орданың қай бөлігінің құрамына кіреді.

А) Оң қанат

В) Сол қанат

С) Ортаңғы қанат

Д) Шеткі бөлік

Е) Батыс бөлігі

4. Монғол әскери-феодалдық мемлекеті құрылды

А) ХІ ғ.

В) ХІІғ.


С) ХІІІғ.

Д) ХІУғ.


Е) ХУғ.

5. Шыңғыс ханның Орта Азия мен Қазақстанды жаулап алуы

А) 1212-1215ж.

В) 1214-1220ж.

С) 1219-1224ж.

Д) 1222-1227ж.

Е) 1220-1225ж.

6. Монғол империясының астанасы

А) Сарай – Бату

В) Қарақорым

С) Сарайшық

Д) Сарай-Берке

Е) Самарқанд

2) Бақылау сұрақтары

1. Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстан кімнің ұлысына кірді

2. Монғолдардың Еуропаға жорығы қай жылы болды?

3. Монғол мемлекетінің оң қанаты қалай аталды?



3) Үйге тапсырма

Жалпы монғол мемлекеті жайында терең мәлімет жинау.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет