5. Кәсіптік – техникалық білім. Халық шаруашылығын барлық салалары үшін қажетті маман жұмысшы кадрларды дайындау мәселесі кәсіптік – техникалық училищелерде жүзеге асырылады. Бұлар кәсіптік және жалпы орта білім беретін оқу мекемелері.
Білікті жұмысшылар дайындау жоғары кәсіптік – техникалық лицейлер мен техникалық гимназияларда іске асырылады. Бұл оқу мекемелерінде өз мамандығын шеберлікпен меңгере алатын, қазіргі заманғы өндірістің, ғылым мен техниканың талаптарына сай келетін жас мамандар даярланады.
6. Орта арнаулы білім. Қазақстан Республикасының азаматтары орат арнаулы оқу орындары арқылы кәсіптік білім алады. Негізгі сатыны бітірген оқушылар кәсіптік біліммен бірге толық орта білім алып шығады. Орта арнаулы оқу мекемелеріне әр түрлі техникумдар, педагогикалық, медициналық, әскери т.б. училищелер жатады.
7. Жоғары білім. Жалпы және кәсіби орта мектептерді бітірген жастар университеттерде, институттарда, академиялардажәне соларға теңестірілген оқу орындарында білім алады.
Арнаулы білім мекемелері. Бұлардың бірнеше түрлері бар.
Жетім балалар, ата – аналарынан қорғансыз қалған балалар жалпы білім беретін мектеп – интернаттарында, балалар үйлерінде тәрбие мен білім алады.
Сонымен, мұғалімнің қандай болса да педагогикалық еңбекке жарамдылық деңгейін анықтау үнемі жаңарып және жетілдіріп отыруды қажет етеді.
1.3.Қазіргі кездегі білім берудегі мұғалім еңбегінің шығармашылық сипаты.
Мұғалім еңбегі басқа қызметтермен салыстырғанда, өзіндік ерекшелігі мол шығармашылықты сүйеді. Өйткені жеткіншек ұрпақты өмірге, еңбек пен әлеуметтік іс - әрекетіне дайындау – мұғалімдерді көп іздендіріп, ойландыратын жұмыстың ең басты түрі. Олай болса, әрбір мұғалім орта немесе жоғары дәрежелі педагогтық білім алумен қанағаттанып қоймай, ол тәрбие мен оқытудың тиімді жолдарын үнемі іздестіріп, өз жұмысында пайдаланып отыруы тиіс. Сонда ғана мұғалім жаңашыл, оқушыларға тәрбие және білім берудің теориясы мен практикасын дамытудың қозғаушы күші және асқан шебері бола алады.
Мұғалім еңбегінің ғылымға негізделе отырып, белгілі жүйелілікпен жүзеге асырылатыны айқын. Мысалы, оңайдан қиынға, жеңілден ауырға нақтылы түсінікпен абстарктілі ұғымға біртіндеп ауысу ережелерін және оқушалардың жасы мен дербес ерекшеліктерін еске алмайынша ооқу және тәрбие жұмысында белгілі нәтижеге жету қиын. Сондықтан мұғалімнің алдындағы басты міндеті – оқушыларды біліммен қаруландыра отырып, ойлауға, сөз шеберлігіне, еңбек ете білуге үйрету және тәрбиелеу.
Ұстаз бүгінге ғана емес, ертеңге, болашаққа қызмет істейді. Ол заман дамуынан артта қалмастан, өзін - өзі жан – жақты дамыту үшін саяси – идеялық дәрежесін, ғылыми – теориялық білімін және педагогтық мамандығын күнбе – күн жетілдіріп отыруға талаптанады.
Мұғалім өз мамандығына байланысты ғылыми – теориялық мәселелері, жоғары оқу орындарына қойылатын талаптарға сәйкес меңгеруі тиіс. Егер ол өзінің теориялық білімін өмір талабына сай жетілдіріп отырмаса, онда жастарды жан – жақты дамытып, тәрбиелеуге шамасы келмейді. Социологтардың зерттеу мәліметі бойынша институтты бітірген инженерлердің білімі 6 – 8 жылдардан кейін ескереді. Ал мұндай жағдайды болдырмау үшін мұғалім үнемі ізденіп жұмыс істейді. Сондықтан оның шығармашылық іс - әрекеттері, мысалы, арнаулы әдебиеттер мен пәндік журналдарда жарияланатын тың мәселелермен таныс болуы, ғылыми семинарлар мен конференциялаларға белсене қатысып үлес қосуы ой - өрісін кеңітеді.
Педагогикалық ғылым жетістіктері мен озат педагогикалық тәжірибені заман талабына сай меңгеру – оқушыларға білім мен тәрбие берудің негізгі көзі.
Қазіргі кезеңде ғылымның соңғы табыстарына негізделіп мектеп өмірінде жүзеге асырыла бастаған және асырылатын ең басты мәселелер: оқытудың политехникалық принципі; арнаулы факультативтік курстар; бағдарламалап және диференциялдық оқыту; қоғамдық пайдалы және өнімді еңбектің оқу мен тәрбие жүйесінде алатын орны; кәсіптік бағдар беру; техникалық құралдарды, компьютерлерді, оқыту машиналарын кеңінен қолдану т.б. болып отыр. Осы мәселелерді іс жүзіне асыру мұғалімнің тікелей психологиялық және педагогикалық білім деңгейіне байланысты. Сондықтан ол балалардың жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, физиология, психология және педагоьтгика ғылымдарындағы құбылыстардың негізгі ұғымдарын, заңдылықтарын, принциптері мен ережелерін және олардың табиғи байланыстылығын, атақты физиологтар И.М.Сеченов, И.П.Павлов, белгілі психологтар А.А.Смирнов, А.Н.Леонтьев, А.А.Давыдов, дидактор Б.П.Есипов, М.А.Данилов, Л.В.Занков, М.Н.Скаткин тағы басқа ғалымдардың еңбектерін қол үзбей оқып терең меңгереді. Сонда ғана мұғалім шығармашылық еңбектің тамаша шебері бола алады.
Мектеп өмірінде осыған керісінше фактылар да жиі кездеседі. Кейбір мұғалім өздігінше теориялық білімін одан әрі дамытумен шұғылданбайды, жаңалықтармен сирек танысады. Осының нәтижесінде өмір ағымынан артта қалып, өз жұмысында үлкен олқылықтар, керек десе, қателіктер де, жібереді. Бақылау мәліметтеріне қарағанда мұндай мұғалімдердің оқушылароға жүйелі тәрбие берудің орнына ұзақ, зеріктіретін, нақыл сөздерді көп айтып, моральдық нормалар мен талаптарды үстіртін үйретумен шектелетіндігі және әр баланың табиғи, дербес ерекшеліктерін (нышан, темперамент, мінез) еске алмайтындықтары байқалдып келеді.
Міне, мектептерде педагогикалық процесті мақсатқа сәйкестік принциппен жүзеге асыру үшін әрбір мұғалім тәрбие әдістері мен тәсілдерін саралап алумен бірге, тиімді етіп қолдануды да қамтамасыз ету тиіс. Осындай жағдайда оқушылардың дара қасиеттері мұғалімдердің басшылығымен жүргізілетін түрлі тәрбие жұмыстарының ықпалымен дамып жетіледі.
Педагогикалық процесте озат тәжірибені кеңінен қолданудың маңызы зор. Өйткені, терең білім мен тәрбие беру, педагогикалық озат тәжірибені зерттеу, жинақтау және таратудың нәтижесі, мұғалімдердің шығармашылық ісінің жемісі.
Психология ғылымының докторы, профессор Ш.А.амонашвили 20 жылдан астам алты жастағы балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері жөнінде зерттеу жұмысын жүргізіп, бастауыш сыныптар мұғалімдері үшін «Как живете, дети?» «Здраствуйте, дети!» атты құралдарын жазды.
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор И.П.Иванов ресейдің біраз мектептерінде (Санкт – Петербург, Челябин және басқа қалаларда) коммунар әдісін қолданудың тиімді жолдарын іздестіруде.
Жаңашыл мұғалім В.Ф.Шаталов оқыту процесіне біраз жаңалықтар енгізді. Мысалы, «Ашық ойлар сабақтары», «Десант әдісі», «Тізбек әдісі», «Сүйеніш сигналы» және т.б.
Қазақстанда мыңдаған мұғалімдер корпусының ішінде жаңашыл шығармашылықпен жұмыс істеп жүрген ұстаздар да көптеп саналады. Олардың қатарында алматылық жаңашыл мұғалім А.Ысқақовты (ол тіпті жаңа тұрпатты мектеп ашуда), ақтөбелік М.Г.Құрманғалиеваны (№ 21 мектептің директоры), Талғар қаласындағы № 3 орта мектептің биология пәнінің мұғалімі Е.А.Очкурды, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының «Ақши» орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі А.Момынованы, Өскемендік Қ.Бітібаеваны, Гурьев облысы Ембі ауданы Гагарин атындағы орта мектептің мұғалімі Р.Сейдахметованы, жуалылық (Жамбыл облысы), Қ.А.Тоғызбаеваны, осы облыстың Талас ауданы «Үшарал» орта мектебінің орыс тілі әдебиеті пәнінің мұғалімі Р.Исінбаеваны және басқаларды көптеп атауға болады.
Осындай шығармашылықпен еңбек етіп, оқыту мен тәрбие проблемаларына елеулі үлес қосып жүрген жаңашыл мұғалімдердің іс – тәжірибесі мектептер үшін зор сүйеніш.
Кейбір педагог – ғалымдардың зерттеу мәліметтері бойынша шығаромашылық тұрғыдан педагогикалық міндеттердің үш түрін атауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |