1.2. Қазіргі кездегі білім және тәрбие беру жүйесі.
Бұл мәселе жөнінде Қазақстан Республикасының Заңында толық түсініктеме берілген. Бірақ халыққа білім және тәрбие беру мекемелерінің желісін және мазмұнын қысқаша баяндау қажет сиқты.
Білім беру жүйесі мынандай құрылымнан тұрады:
Үйелмендік тәрбие. Үйелмен жеке адамның жан – жақты және үйлесімді дамуына жауапты. Балалардың үйелменде тәрбиеленуі білім беру мекемелеріндегі тәрбие жұмыстарымен ұштасады.
1. Жергілікті білім беру органдары мен мекемелер, ғылыми – зерттеу инситуттары, қоғамдық бірлестіктер, еңбек ұжымдары біріге отырып, оқыту мен тәрбие жұмысын жақсартуда ата – аналарға, одан алмастыратын адамдарға үйелмен тәрбиесі жайында көмек көрсетеді, жағдайлар жасайды.
2. Мектеп жасына дейінгі тәрбие. Мектеп жасына дейінгі тәрбие балалар мекемелерінде жүзеге асырылады. Мұнда балалар 3 жастан 6 жасқа дейін тәрбиеленеді.
Мектеп жасына дейінгі балаларды үйелменде тәрбиелеуге үкімет көмектеседі. Ол үшін ата – аналарға өтем төлемдері беріледі.
3. Жалпы орта білім. Жалпы білім беретін орта мектептің мақсаты - әржақты дамыған, адамгершілік мол, жеке өзінің және қоғамдық мүдделерді ұштастыра білетін, халық мәдениетінің жетілдіру ісінде өз ұлты мен жалпы адамзат қазынасын тиімді пайдалана алатын, зиялылыққа тән қасиеттерді бойына сіңіре алатын адамды тәрбиелейді.
Жалпы білім беретін орта мектептің құрылымы баланың ер жетуіндегі жас ерекшелігінің үш кезеңіне (балалық шақ, жеткіншек шақ, жасөспірімдік шақ) сәйкес орта мектеп үш сатыдан тұрады:
Бірінші саты – бастауыш мектеп (І – ІVсыныптар).
Екінші саты - негізгі мектеп (І – ІХсыныптар).
Үшінші саты – жалпы білім беретін орта мектеп (І – ІХсыныптар).
4. Мектептен тыс тәрбие мен оқыту. Балалардың қабілеттілігі мен бейімділігін дамыту, қоғамдық белсенділігін арттыру, еңбекке, кәсіби бағдар беруге, ғылым мен техникаға, өнерге, әдебиетке, спортқа, ұлттық дәстүрлерге құштарлығын тәрбиелеу, олардың мәдени демалысын, бос уақытын дұрыс ұйымдастыру мақсатында осы жұмыстардың бәрін мектептен тыс білім және тәрбие беру мекемелері ұйымдастырады. Мұндай мекемелерге: балалар клубтары мен парктері, балалар кітапханалары, балалар театрлары кең кино, жас техниктер, жас натуралистерстанциялары, балалар стадиондары, спорт, музыка мектепері және мектептен тыс басқа да балалар мекемелері жатады.
Балаларға мектептен тыс білім және тәрбие беру мекемелері мектептерге жан – жақты көмек көрсетеді, мектептермен біріге отырып, оқушыларды әржақты жұмысқа тартады. Мектеп оқушылары ауыл шаруашылық тәжірибелік және табиғатты зерттеу мен қорғау жұмыстарына, әр түрлі байқаулар мен сайыстарға, слеттар мен көркемөнерге қатысады. Мысалы, жас натуралистер станциясы ауыл шаруашылығына және табиғатқа бейімділігін, қызуғышылығын көрсете білген оқушылар үшін үйірмелер, жас натуралистер, жас механизаторлар, жас метеорологтар, жас агрохимиктер қоғамдарын ұйымдастырады.
Жас натуралистер қозғалысын оқушылар арасында кеңінен дамыту үшін станция мына мақсаттарды алдына қояды:
а) жергілікті жағдайды есепке алып, ғылыми – зерттеу мекемелерімен, ауыл шаруашылық өндірісінің мамандарымен бірігіп, тәжірибелік жұмыстың тематикасын, жүргізудің әдістемесін жасау, оларды барлық мектептерге тарату;
ә) оқушылардың теориялық білімдеріне және ғылыми қызметкерлердің көмектеріне сүйене отырып, ауыл шаруашылық дақылдарынан мол өнім алу, өсімдіктердің жаңа сорттарын зерттеу, мал продуктыларының сапасын арттыру;
б) натуралистік жұмыстарды жүргізудің озат тәжірибесін зерттеу, жинақтау және тарату;
в) селолық мектептердің жанындағы оқу – тәрбие участкелерінің және оқушылардың өндірістік бригадаларының жұмыстарына нақты ғылыми - әдістемелік көмек көрсету.
Жас техниктер станциясында оқушылар әр түрлі үйірмелерге (автоматика, радиоэлектроника, транспорттық техника, құрылыстық техника, кино және фото техника, химия т.б.) қатысып, өздерінің техникалық ойлау қабілетін жетілдіреді.
Жас техниктер станциясының негізгі міндеттері:
а) жастарды техника саласындағы қоғамдық пайдалы еңбекке дайындауды жалпы білім беретін мектептерге тұрақты көмек беру;
ә) оқушылардың мектепке математика, физика, химия, география пәндерінің алған теориялық білімдерін өндіріспен тығыз байланыстыру.
Сонымен, барлық мектептен тыс білім және тәрбие беру мекемелерінің жұмысы өздерінің ережелері мен бағдарламасына, оқушылардың өз іс - әрекеттеріне негізделе жүзеге асырылады. Мектептен тыс мекемелер өздерінің іс - әрекеттерін мектептермен тығыз байланыстыра ұйымдастырады. Тәрбие және білім беру жұмыстарын осындай принциптерді негізге ала отырып жүргізудің нәтижесінде, оқушылардың түрлі іс - әрекеттерінде қызығушылығы мен бейімділігі байқалады, таным қабілеті дамиды, саналы тәрбие, терең және тиянақты білім алу жолындағы күресте белсенділігі артады. Міне, осылардың нәтижесінде олардың өмірге, дүниеге ғылыми көзқарастары кеңиді, қалыптасады.
Мектептен тыс халыққа білім және тәрбие беру жүйесіне саяси мәдени – ағарту мекемелері де кіреді. Оларға кітапханалар, клубтар, әлеуметтік – саяси орталық, кино, театрлар, түрлі көрмелер мен музейлер, спорт мекемелері жатады. Бұл мекемелер саяси және мәдени – ағарту жұмыстарын жүргізіп, уағыздайды.
Мәдени – ағарту мекемелерінің басты міндеттері:
а) үкіметтің қаулы – қарарларын қалың бұқара арасында түсіндіріп насихаттау;
ә) халыққа эстетикалық және дене тәрбиесін беру жайлы тікелей көмектесу.
Мәдени – ағарту мекемелерінің қызметкерлері осы міндеттерді жүзеге асыру мақсатымен, ересек жастардың жалпы және кәсіби сауаттылығын, эстетикалық талғамдары мен сезімдерін, қоғамдық және еңбек белсенділігін арттыруда жан – жақты көмек беріп, игі әсерін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |