Қазақстанда халықҚа білім беру жүйесі


Қазіргі кездегі білім берудің педагогикалық озат тәжірибені жинақтау және тарату



бет6/7
Дата19.06.2022
өлшемі192.5 Kb.
#459347
1   2   3   4   5   6   7
kur -qazirgi-mektenpterde-bilim-beru-mazmuny-25

2.2. Қазіргі кездегі білім берудің педагогикалық озат тәжірибені жинақтау және тарату.
Білім беру саласында қажырлы енбек етіп, үлес қосқан Республикамыздағы жаңашыл мұғалімдерді де атап кеткен жөн. Олар: Құмаш Нұрғалиұлы Нұрғалиев, Нұртазина Рафика Бекенқызы, Архимед Мыңбайұлы Ысқақов, Григорий Макснмович Курбатов, Қанипа Бітібаева т. б. Бұл мұғалімдердің идеялары және педагогикалық тәжірибелері қысқа түрде Б. Р.Аймамбетованың кішкене кітапшасында жазылған.
Жанашыл мұғалімдердің тәжірибесі орта, жоғары мектептердің мұғалімдері мен оқытушыларының игілігіне айналды Сондықтан олардың тәжірибесін зерттеуге зор көңіл аударушылық байқалып келеді. Өйткені, әрбір жаңа педагогикалық құбылыс талқылауды, зерттеуді және талдауды қажет етеді.
Озат тәжірибені зерттеу және оны тұтас педагогикалық процеске енгізу қажырлы еңбекті, терең сауаттылықты, өз пәніне еркін иелік етуді, теория мен практнканың дамуында үнемі жаңалықты біліп отыруды талап етеді.
Осындай дербес және ұжымдық ізденуге мектеп және мұ-ғалімдердің білімін жетілдіру институты қызметкерлерінің тікелеіі қатысуы, олардың шығармашылық белсенділігін арттыруға үнемі ғылыми-педагогикалық әдебнеттермен және педагогнкалық-пснхологнялық ғылымның жетістіктерімен танысып отыруға мүмкіншілік жасайды.
Мүғалім озат педагогикалық идеяларды және жаңашыл мұғалімдердің тәжірибесін игеру үшін оларды өзінің педагогикалық жүйесінің кұрамдас бөлігі етеді, жетілдіріп дамытады.Оларға өзінің шығармашылық ойының элементін енгізеді. Озат идеяларды және педагогикалық тәжірибені енгізу мен таратудың түсінікті формалары – ауызша және баспасөз арқылы насихатталады.
Ауызша насихаттау – бұл мектептердің педагогикалық кеңестеріне, аудандық, әдістемелік кабинеттерінде, мұғалімдердің білімін жетілдіру институтында өткізілетін арнайы мәслихаттарда,, семинарларда озат тәжірибе туралы лекциялар және баяндамалар жасалынып, оларды озат мұғалімдердің жұмыстарының мәні мен негізгі идеяларының мазмұны анықталады. Қатысушылар өзара пікір алмасып, оқу – тәрбие процесін жетілдірудің кейбір бағыттарын белгілейді.
Баспасөз насихаты – бұл педагогикалық теория мен практиканың саласында әр түрлі формаларда жүргізіледі. Оларға психологиялық – педагогикалық еңбектер, ғылыми - әдістемелік ұсынбалар, жинақтар т.б. жатады. Педагогикалық озат тәжірибені таратуда, оны тұтас педагогикалық процеске енгізуде, әсіресе, «Педагогикалық оқулардың» маңызы өте зор. «Педагогикалық оқуларды» өткізу нәтижесінде ұжымдық түрде талқыланған және мақұлданған жақсы тәжірибе оқу мен тәрбие процесіне енгізу үшін жинақталады және таратылады.
Практикаға жаңа бір нәрсені енгізу үшін оқу – тәрбие жұмысының озат әдістерін біліп қана қоймай, оларды практикада тыңғылықты игеру қажет.
Педагогикалық озат тәжірибені практикаға енгізудің кейбір жолдары:

  1. Оқыту және тәрбие саласындағы жаңа педагогикалық әдістер, жақсы тәжірибелер жетістіктерін насихаттаудан бастау. Оларды мұғалімдердің кең талқысына салып, ғылыми - әдістемелік ұсыныстар түрінде нақты шешім қабылдау.

  2. педагогикалық озат тәжірибені терең зерттеу және оқу – тәрбие процесін енгізу үшін, оны педагогикалық еңбектің шеберлеріне (бір – екі бастауыш сынып мұғалімдеріне) тапсыру керек. Олар әдістемелік пән бірлестігі жетекшілерімен бірігіп зерттеу жоспарын жасайды, ол педагогикалық кеңесте бекітіледі.

  3. мектеп дирекциясы әдістемелік кеңеспен бірлесіп зерттеу жұмысына басшылық етеді, талдау жасайды. Әдістемелік ұсындаларды жинақтайды, оны педагогикалық кеңесте мұғалімдерге хабарлап отырады.

  4. Әрбір мұғалімнің зерттеу жұмысы жүргізіліп жатқан сыныптардың оқу – тәрбие жұмысына белсенділікпен қатысуына болады.

  5. Озат тәжірибе педагогикалық практикада өз орнын берік алғаннан кейін, оқу – тәрбие процесіне жаңа тәсілдер мен әдістерді енгізу қорытындысын жасау, оны мектеп мұғалімдерінің, сонан соң кең түрде педагогикалық жұртшылықтың талқылауынан өткізу қажет.

Көптеген өмірлік маңызы бар күрделі проблемалық мәселерді терең зерттеп, жинақтау жеке адамның немес кейбір мектеп ұжымдарының қолынан келе бермейді. Сондықтан зерттеу жұмысының тақырыбын және тақырып бойынша экспериментті жүргізудің ғылыми - әдістемелік нұсқөауларын жасап, мектептерге жіберіп және оларға үнемі басшылық етіп отыратын педагогикалық ғылыми – зерттеу мекемелері болуы тиіс.
Ғылыми–зерттеу институттары мектептерде оқу бағдарлама ларының, оқулықтардың тиімділігі, оқыту мен тәрбиенің формалары мен әдістері және гипотезаларды, тың теориялық ойларды эксперимент жүргізу жолымен анықтайды, тиісті қорытынды жасап, педагогикалық жұртшылықтың игі ісіне айналдырады.
Сонымен, іздену арқылы басты мәселелерді жете біліп, зерттеу, жинақтау, оны насихаттау, іске асыру оқу және тәрбие жұмысын онан әрі жақсарта берудің сарқылмас көзі. Бұл жұмысқа мұғалім жұртшылығы белсенділікпен қатысып, зор үлес қосуға тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет