Ғылыми шешімдердің өзектілігі. Шығармашылық қоғам болмаса, креативті экономика болмайды. Шығармашылық қоғам адамдардың шығармашылық әлеуетін барынша ашады. Адамзат дамуы нәтижесінде шығармашылық деңгейге, яғни шығармашылық адамзатқа айналады деп болжауға болады. Мәселенің ғылыми даму дәрежесін зерттеу барысында қазіргі уақытта шығармашылық экономиканы зерттеуде зерттеушілердің назарынан тыс қалатын мәселелер бар екендігі анықталды. Қазақстан кәсіпорындарында инновациялық қызметтің жүзеге асырылмау себептерін зерттеулер қажеттілігі өзекті мәселе. Қазақстанда әзірге креативті экономиканың жай-күйін зерттеу жеткіліксіз, сондықтан біз үшін мынадай мәселелер өзекті болып қалуда: ҚР-да креативті экономиканың дамуы үшін жағдайлар қандай, ол бізде қалай дамуда және ұлттық экономиканың осы маңызды сегментін қандай шешімдер ынталандыра алады.
Достарыңызбен бөлісу: |