Зерттеу әдістемесі және ұсыну логикасы. Ғылыми әдебиеттерде экономиканың даму жағдайын анықтау үшін ұлттық экономикаларды креативті деп жіктеудің әртүрлі критерийлері ұсынылады. Патласов О.Ю. және Жаров Е.К.креативтік секторды қалыптастыру үшін 3 негізгі критерийді ұсынған, олар тұтынушыларға ұсынылатын жағдайлар, өндірушілерге ұсынылатын жағдайлар және шығармашылық ортаның болуы.
Креативті экономиканың дамуын өлшеу үшін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдері келесі бағыттарды сипаттайтын индикаторларды ұсынған: ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге инвестициялар; өнертабыстарға берілген патенттердің саны; білім беруге арналған шығыстар; жоғары технологиялар саласында жұмыс орындарын құру; ғылым мен инновациялар саласындағы халықаралық ынтымақтастық; ғалымдардың ұтқырлығы, студенттердің үлесі; интернеттің таралу динамикасы; креативті сынып пен орта және жоғары арнайы білім алған ересектердің пайызы; аймақтың ірі қалаларындағы халық саны.[1] Талдау жүргізу мақсатында ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге инвестициялар мен қаржыландыру көздері бойынша инновацияларға жұмсалған шығындар бойынша соңғы жылдардағы статистикалық ақпараттары қарастырылған.
Достарыңызбен бөлісу: |