Қазақстанда креативтік экономиканы дамытудағы кәсіпорындарда инновациялардың жүзеге асырылмау проблемалары


Кәсіпорындарда инновациялық қызметтің жүзеге асырылу проблемалары



бет9/11
Дата03.01.2022
өлшемі69.51 Kb.
#450897
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Қазақстанда креативтік экономиканы дамыту

Кәсіпорындарда инновациялық қызметтің жүзеге асырылу проблемалары. 2019 жылдың қорытындысы бойынша республиканың 28414 кәсіпорнының инновациялық қызметіне статистикалық бақылау жүргізілген. Осы жылы 3206 кәсіпорынның инновациялары болған (2018 жылы-3230 кәсіпорын). 2018 жылмен салыстырғанда инновациялары бар кәсіпорындар саны 24 кәсіпорынға азайған.

Инновация түрлеріне өнімдік, үрдістік, маркетингтік және ұйымдастырушылық инновациялар жатады. Өнімдік және үрдістік инновациялар технологиялық инновациялар болып танылады. (Сурет 2)



Сурет 2 – Инновация түрлері


Кәсіпорындардың өнімдік, үрдістік, ұйымдастырушылық және маркетингтік инновациялар бойынша инновациялық белсенділігі 11,3% - ды, оның ішінде өнімдік және үрдіс инновациялары бойынша-7,5%-ды құрады. Инновациялардың барлық түрлері бойынша инновациялар саласындағы неғұрлым жоғары белсенділік ірі кәсіпорындар арасында байқалды және 43,0% - ды құрады (есеп берген 1819 ірі кәсіпорынның 783-і инновациялық қызметті жүзеге асырды).

Инновацияларды жүзеге асыруға жұмсалған шығындар жылдан жылға азаюда, олар 2017 жылы 907 231,2 млн. теңге, 2018 жылы 861 915,0 млн. теңге, 2019 жылы 545 046,2 млн. теңге болған. (Кесте 4)


Кесте 4 – Қазақстан Республикасындағы 2017-2019 жылдардағы инновацияларды жүзеге асыруға жұмсалған шығындар, млн. теңге





Инновацияларды жүзеге асыруға жұмсалған шығындар, барлығы

соның ішінде

технологиялық (өнімдік және процестік) инновацияларға

соның ішінде

маркетингтік инновацияларға

ұйымдастырушылық инновацияларға

Жыл

өнімдік инновацияларға

Үрдістік инновацияларға

2017

907 231,2

899 681,8

228 488,1

671 193,7

635,7

6 913,7

2018

861 915,0

856 449,5

246 077,5

610 372,0

2 247,8

3 217,7

2019

545 046,2

535 918,1

263 949,6

271 968,6

6 511,1

2 616,9

Дерек көзі: Статистический бюллетень «Об инновационной деятельности предприятий в Республике Казахстан» » за период 2017-2019 годы. [Электронный ресурс]. – Режим доступа:// https://stat.gov.kz/official/industry/23/statistic/5 [8]
Инновацияларды жүзеге асыруға жұмсалған шығындар ішінде, технологиялық (өнімдік және үрдістік) инновацияларға шығындар 2017 жылы 899 681,8 млн. теңге, 2018 жылы 856 449,5 млн. теңге, 2019 жылы 535 918,1 млн. теңге болған.

Өнімдік инновацияларға шығындар 2017 жылы 228 488,1 млн. теңге, 2018 жылы 246 077,5 млн. теңге, 2019 жылы 263 949,6 млн. теңге болған.

Үрдістік инновацияларға шығындар 2017 жылы 671 193,7 млн. теңге, 2018 жылы 610 372,0 млн. теңге, 2019 жылы 271 968,6 млн. теңге болған.

Маркетингтік инновацияларға шығындар 2017 жылы 635,7 млн. теңге, 2018 жылы 2 247,8 млн. теңге, 2019 жылы 6 511,1 млн. теңге болған.

Ұйымдастырушылық инновацияларға шығындар 2017 жылы 6 913,7 млн. теңге, 2018 жылы 3 217,7 млн. теңге, 2019 жылы 2 616,9 млн. теңге болған.

2019 жылы инновациялық өнім көлемі 2018 жылмен салыстырғанда 16,8% - ға азайды және 981328,3 млн.теңгені құрады. Инновациялық өнім 864652,4 млн. теңге сомасына сатылды. Экспортталатын инновациялық өнім көлемі 175393,9 млн. теңгені құрады.

2019 жылы өнімдік және үрдістік инновацияларға арналған шығындар өткен жылмен салыстырғанда 37,4% – ға азайды және 535918,1 млн. теңгені құрады (2018 жылы-856449,5 млн.теңге). Бұл ретте, кәсіпорындардың өз қаражатынан өнімдік және үрдістік инновацияларға арналған шығындар 440271,6 млн.теңгені құрады, бұл өнімдік және үрдістік инновацияларға арналған жалпы шығындардың 82,2% - ын құрайды.

Жүргізілген зерттеу деректері бойынша инновацияның барлық төрт түрі бар кәсіпорындардың ең көп саны Астана қ. (28,9%), Алматы қ. (15,8%), Түркістан (13,2%), Шығыс Қазақстан облыстары және Шымкент қ. (10,5%-дан).



Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу нарығы бойынша өз өңірінде өткізген кәсіпорындар саны 12982 бірлік, Қазақстан Республикасындағы нарыққа өткізген кәсіпорындар саны – 19193 бірлік, ТМД елдері нарығына – 2228 бірлік, ЕАОЭ елдеріне – 1198 бірлік, басқа елдер нарығына – 788 бірлік.

2019 жылы жаңа технологияларды және техника объектілерін құру және пайдалануда жаңа технологиялар мен техника объектілерін құрған кәсіпорындар саны – 272 бірлік, құрылған жаңа технологиялар мен техника объектілерінің саны – 1318 бірлік, жаңа технологиялар мен техника объектілерін пайдаланған кәсіпорындар саны – 567 бірлік, пайдаланылған жаңа технологиялар мен техника объектілерінің саны - 4 513 бірлік құраған.

2019 жылы өнімдік және үрдістік инновацияларды әзірлеуге байланысты ескерусіз қалған немесе тоқтатылған іс-шаралары бар кәсіпорындар -149 бірлік, аяқталмаған іс-шаралары бар кәсіпорындар – 570 бірлік құраған.

Инновациялық қызметтің жүзеге асырылмау 11 түрлі себептерінің динамикасын қарастырамыз. (Кесте 5)
Кесте 5 - Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында инновациялық қызметтің жүзеге асырылмау себептері, бірлік





2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2017-2018 жж. өзгеріс

2018-2019 жж өзгеріс

бірлік

%

бірлік

%

Қаржы қаражатының жетіспеушілігі

8 192

8 111

6 346

-81

-0,99

-1 765

-21,76

Сыртқы қаржыландыру көздерінен қаржы қаражатының жетіспеушілігі

289

417

393

128

44,29

-24

-5,75

Инновациялық шығындардың өте жоғары болуы

1 318

1 443

1 696

125

9,48

253

17,53

Білікті маманның жетіспеушілігі

386

389

406

3

0,78

17

4,37

Технологиялар жөнінде ақпараттың жоқтығы

117

321

324

204

174,36

3

0,93

Нарық туралы ақпараттың жоқтығы

94

180

279

86

91,49

99

55

Инновация үшін серіктестік табудың күрделілігі

300

312

236

12

4,00

-76

-24,36

Нарықтағы бар кәсіпорынның үстемдігі

174

207

241

33

18,97

34

16,42

Инновациялық тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге сұраныстың белгісіздігі

976

1 421

1 606

445

45,59

185

13,02

Бұрынғы инновациялар салдарынан қажеттіліктің туындамауы

1 780

2 390

2 332

610

34,27

-58

-2,43

Сұраныстың болмауынан инновацияға қажеттілік жоқ

7 409

9 393

7 855

1 984

26,78

-1 538

-16,37

Дерек көзі: Статистический бюллетень «Об инновационной деятельности предприятий в Республике Казахстан» » за период 2017-2019 годы. [Электронный ресурс]. – Режим доступа:// https://stat.gov.kz/official/industry/23/statistic/5 [7]
Қаржы қаражатының жетіспеушілігі 2017 жылы 8 192 кәсіпорында болған, 2018 жылы 8 111 кәсіпорында анықталған, ол 2017 жылмен салыстырғанда -81 бірлікке (-0,99%) азайған. 2019 жылы 6 346 бірлікті құрап 2018 жылмен салыстырғанда -1 765 бірлікке (-21,76%) азайған.

Сыртқы қаржыландыру көздерінен қаржы қаражатының жетіспеушілігі 2017 жылы 289 кәсіпорында болған, 2018 жылы 417 кәсіпорында анықталған, ол 2017 жылмен салыстырғанда 128 бірлікке (44,29%) өскен. 2019 жылы 393 бірлікті құрап 2018 жылмен салыстырғанда -24 бірлікке (-5,75%) азайған.

Инновациялық шығындардың өте жоғары болуы 2017 жылы 1 318 кәсіпорында болған, 2018 жылы 1 443 кәсіпорында анықталған, ол 2017 жылмен салыстырғанда 125 бірлікке (9,48%) өскен. 2019 жылы 1 696 бірлікті құрап 2018 жылмен салыстырғанда 253 бірлікке (17,53%) өскен.

Білікті маманның жетіспеушілігі 2017 жылы 386 кәсіпорында болған, 2018 жылы 389 кәсіпорында анықталған, ол 2017 жылмен салыстырғанда 3 бірлікке (0,78%) өскен. 2019 жылы 406 бірлікті құрап 2018 жылмен салыстырғанда 17 бірлікке (4,37%) өскен.

Технологиялар жөнінде ақпараттың жоқтығы себебі 2017 жылы 117 кәсіпорында болған, 2018 жылы 321 кәсіпорында анықталған, ол 2017 жылмен салыстырғанда 204 бірлікке (174,36%) өскен. 2019 жылы 324 бірлікті құрап 2018 жылмен салыстырғанда 3 бірлікке (0,93%) өскен.

Нарық туралы ақпараттың жоқтығы себебі 2017 жылы 94 кәсіпорында болған, 2018 жылы 180 кәсіпорында анықталған, ол 2017 жылмен салыстырғанда 86 бірлікке (91,49%) өскен. 2019 жылы 279 бірлікті құрап 2018 жылмен салыстырғанда 99 бірлікке (55%) өскен.

Инновация үшін серіктестік табудың күрделілігі себебі 2017 жылы 300 кәсіпорында болған, 2018 жылы 312 кәсіпорында анықталған, ол 2017 жылмен салыстырғанда 12 бірлікке (4%) өскен. 2019 жылы 236 бірлікті құрап 2018 жылмен салыстырғанда -76 бірлікке (-24,36%) азайған.

Нарықтағы бар кәсіпорынның үстемдігі себебі 2017 жылы 174 кәсіпорында болған, 2018 жылы 207 кәсіпорында анықталған, ол 2017 жылмен салыстырғанда 33 бірлікке (18,97%) өскен. 2019 жылы 241 бірлікті құрап 2018 жылмен салыстырғанда 34 бірлікке (16,42%) өскен.

Инновациялық тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге сұраныстың белгісіздігі себебі 2017 жылы 976 кәсіпорында болған, 2018 жылы 1 421 кәсіпорында анықталған, ол 2017 жылмен салыстырғанда 445 бірлікке (45,59%) өскен. 2019 жылы 1 606 бірлікті құрап 2018 жылмен салыстырғанда 185 бірлікке (13,02%) өскен.

Бұрынғы инновациялар салдарынан қажеттіліктің туындамауы себебі 2017 жылы 1 780 кәсіпорында болған, 2018 жылы 2 390 кәсіпорында анықталған, ол 2017 жылмен салыстырғанда 610 бірлікке (34,27%) өскен. 2019 жылы 2 332 бірлікті құрап 2018 жылмен салыстырғанда -58 бірлікке (-2,43%) азайған.

Сұраныстың болмауынан инновацияға қажеттілік жоқ болу себебі 2017 жылы 7 409 кәсіпорында болған, 2018 жылы 9 393 кәсіпорында анықталған, ол 2017 жылмен салыстырғанда 1 984 бірлікке (26,78%) өскен. 2019 жылы 7 855 бірлікті құрап 2018 жылмен салыстырғанда -1 538 бірлікке (-16,37%) азайған.

Кортындылай келе, Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында инновациялық қызметтің жүзеге асырылмау проблемаларының анықтау барысында, мынадай тұжырымдар жасауға болады:



  1. Кәсіпорындарында инновациялық қызметтің жүзеге асырылмау проблемаларының кеңінен таралған түрлеріне мыналар жататынын анықтадық:

  • қаржы қаражатының жетіспеушілігі;

  • инновациялық шығындардың өте жоғары болуы;

  • инновациялық тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге сұраныстың белгісіздігі;

  • бұрынғы инновациялар салдарынан қажеттіліктің туындамауы;

  • сұраныстың болмауынан инновацияға қажеттілік жоқтығы.

  1. Іс жүзінде, әр кәсіпорында қаржыландыру көздерін тарту кезінде шектеулер бар, әсіресе егер бұл ұзақ мерзімді қаржыландыру туралы болса. Бұл ғылымды қажетсінетін өндірістер үшін аса өзекті, мұнда мемлекеттің ауқымды қолдауынсыз қымбат іргелі зерттеулерді қаржыландыруды табу айтарлықтай қиын.

  2. Дамыған ақпараттық-талдамалық базаның болуын талап ететін нарыққа бағдарланған қаржылық индикаторларды ескермей, коммерциялық кәсіпорындардың инновациялық қызметін мақсатты және тиімді басқару мүмкін емес, осыған байланысты талдамалық және консалтингтік қызметтер секторын дамыту, ұйымдастырылған қор нарығын дамыту, оның қызметінің жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету қажет.[9, 153 б] Бұл шаралар кәсіпорындардың инновациялық қызметінің тиімділігін барабар бағалаудың ақпараттық қамтамасыз етілуін жақсартуға және осы негізде саналы және пәрменді экономикалық шешімдер әзірлеуге ықпал ететін болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет