Қазақстанның көшпелілік мәдениеті қазақ халқының мәдени мұрасының маңызды бөлігі ретінде



бет4/4
Дата13.10.2023
өлшемі42.15 Kb.
#480707
түріРеферат
1   2   3   4
1543799 (1)

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорытындылай келе, қазақ халқының қазіргі бай мәдениетінің бастаушы күші – көшпелі халықтың наным-сенімі, салт-дәстүрі, ділі мен дініне негіздеген десек қателеспейміз. Ата-бабадан мұра болып жеткен асыл қазына – мәдениетімізді аялап-ардақтау – біздің анамыздың ақ сүтінің алдындағы борышпен теңдей.


Қазақ көшпелі қоғамының негізін құрайтын мәдениет ежелгі дүниеден бастау алатыны белгілі. Содан бері қазақтың дәстүрлі мәдениеті мәдени, тарихи және этногенетикалық тұрғыдан үздіксіз дамып келеді. Бұл процеске бүгінгі Қазақстан территориясын мекендеген көптеген тайпалар тікелей қатысқаны даусыз. Олардың күнделікті бай тұрмысы қазақтың мәдени мұрасында көрініс тауып, бүгінгі күнге дейін жеткені ғылыми дәлелденген. Сонымен бірге, бұл байланыстар ерте көшпелі тайпалардың мәдениетін, олардың әлеуметтік институттары мен рухани өмірінің жақындығын және қазақтың байырғы мәдениетінің ішкі бірлігінің беріктігін көрсетеді. Күнделікті мәдениетімізде қолданып жүрген салт-дәстүрлеріміз бен салт-жоралғыларымыз дәл осы көшпелі халқынан қалған. Мәселен, Қазақстан ежелден маусымдық жайлымған көшуді әдетке айналдырған. Мал үшін жайлы, шүйгін шөбі бар құнарлы жерлерді іріктеп, көшіп отырған. Ал, бұған дәлел осы күнге дейін жеткен, көшіп-қонуға ыңғайлы киіз үйдің болуы, ежелгі көшпелілер балалары үшін қолданған бесіктің қанша уақыттан кейін осы күнге дейін жетуі. Қазақ халқы үшін қасиетті болып саналатын «ата қоныс» ұғымы ежелгі көшпелілер үшін де маңызды рөл атқарған. Уақыт пен кеңістіктің ерекшеліктерін ұтымды қолдана отырып, табиғаттың қолайлы белдеулеріне қоныс тепкен. Уақыт пен кеңістікті игеру арқылы Көшпеліге тән әрі тұрмысқа қажетті астрономиялық түсініктерді дүниеге алып келді. Мұндай түсініктердің кейбір түрлерін халқымыздың әдеби шығармалары мен жырларынан байқауымызға болады.
Көш қазақ мәдениетінің көшпелі көрінісі. Салтанатты көшті өмірдің сәні ретінде бағалайтын қазақтар,көшті бір орыннан екінші орынға жұрт жаңалау үшін ғана емес,өз тұрмыс мәдениетін әйгілеп, көңіл көтерудің тамаша орайы деп білген. Сырттай сынай қарайтын ұлттар ойлағандай, көшіп-қонып, азып-тозып жүрген жоқ. Тереңрек айтсақ, қазақтың көш мәдениеті көне заманда көшпелі тұрмыс кешірген адамзат мәдениетінің соңғы сарқыны. Неше мың жылдан бері үзілмей жалғасқан мәдениетінің соңғы тынысы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет