«Қазақстанның топырақ түрлері және оның экологиялық мәселелерін шешу жолдары»



бет28/33
Дата30.09.2024
өлшемі7.04 Mb.
#504134
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
1«Қазақстанның топырақ түрлері және оның экологиялық мәселелерін шешу жолдары»

Дескриптор:
ойларын жинақтайды;
сұрақтарға толық жауап береді;





ҚБ: Мұғалім тарапынан жүретін бағалау «Ауызша мадақтау


ҚБ: Мұғалім тарапынан жүретін бағалау «Ауызша мадақтау
ҚБ: Мұғалім тарапынан жүретін бағалау «Ауызша мадақтау

Қазақстанның саяси картасы

А4 форматында


жазылған тапсырмалар
Стикер қағаздары



Сабақтың соңы



Кері байланыс: «Көңіл күй букеті» әдісі
Оқушылар гүлдерді вазаға қояды. Ваза суреті плакатқа салынған. Сабақтағы жұмысын бағалай отырып, әр оқушы аты жазылған стикер-гүлді вазаға бекітуі қажет.
Қызыл түс – проблема бар, көмек қажет.
Сары түс – барлығы түсінікті емес.
Жасыл түс – барлығы жақсы.

Пікір жазылған парақтарға өз ойларын жазып, сабаққа кері байланыс береді




Стикер




Бөлім:




Педагогтің аты-жөні




Күні:




Сабақ

№31-32

Сынып:

Қатысушылар саны: -

Қатыспағандар саны: -

Сабақтың тақырыбы

Оңтүстік Қазақстан облысының топырақ жамылғысы

Сабақтың мақсаты

Оңтүстік Қазақстан облысының топырақ жамылғысы туралы түсінік беру

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



Оқушылармен амандасып, түгелдеу.
Ынтмақтастық атмосферасын қалыптастыру.
Өз ойларыңды ашық айтып, сыни тұрғыдан ойлана отырып жаңа сабақтың тақырыбын және мақсатын анықтайды.

Оқушылар амандасып,
сабаққа назар аударады








Сабақтың ортасы

Оңтүстік Қазақстан — батыстағы Арал теңізінен шығыстағы Жетісу Алатауына дейінгі және солтүстіктегі Балқаш көлі мен Бетпақдала шөлінен Қазақстанның оңтүстіктегі шекарасына дейінгі үлкен алқапты алып жатқан өңір. Құрамына Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары жатады.Оңтүстік Қазақстан территориясында жазықтық жерлер тауларға қарағанда көп. Оңтүстік Қазақстан облысында ірі таулар Қаратау, Қазығұрт, Өгем таулары.
Таулы алқаптарда ені әр жерде әртүрлі батыстан шығысқа қарай созылған тау етегіндегі шөлді дала зонасы – белдеуі орын алған. Жазықтықтағы шөлді дала зонасына қарағанда тау етектерінде жатқандықтан бұл аймақтың табиғи жағдайы өзгеше келеді. Бұл беулік таулық белдеулік зонасының ең төменгі сатысы. Сондықтан бұл алқапты пайдалану жағдайы да басқаша.
Топырақ жамылғысы табиғаттың зоналық заңына сәйкес таралатындықтан аумағында биік таулы салқын альпілік топырақтардан бастап тау бөктерлеріндегі әртүрлі қоңыр және сұр топырақтарға жалғасып, терістік және терістік-батыс аймақтарындағы жазықтарды сұрқұба, ескі ал-лювиалды ойыс жазықтарды тақыр және тақыртүстес топырақтар мен ірі құмды алаптар (Шығыс Қызылқұм мен Батыс Мойынқұм) алып жатыр. Қазақстан Республикасының Ғылым академиясының Ө. Оспанов атындағы Топырақтану институтының көпжылдық ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде облыс аумағында 130-ға жуық топырақ түрлері мен олардың комбинациялары кездесетіндігі анықталды. Жалпы облыс жерінің топырағы екі топқа бөлінеді: 1. Тау топырақтары. 2. Тау аралығындағы аңғарлардың, тау бөктеріндегі, т.б. биік және ойысты жазықтардың топырақтары.
Алматы облысы
Облыстың топырақ және өсімдік жамылғылары вертикаль белдемдікке байланысты қалыптасқан. Жазық бөлігінде шөлдің де, даланың да қоңыр топырағы тараған. Онда жусан, өлеңшөп, жүзгін, сораң, сексеуіл, көктемде эфемер өсімдіктер басым тараған. Балқаш, Алакөл көлдерінің батпақты жағалауында, Іле өзенінің аңғары мен атырауында қамыс, құрақ өседі. Тау етегінде сұр және боз, қызыл қоңыр, тау беткейлері мен таулы үстірттерде таулы даланың қызыл қоңыр және қара топырақтары қалыптасқан. Мұндай жерлерде (биікт. 600-1300 м) астық тұқымдас өсімдіктері басым жусанды, бетегелі-боз далаға ауысады. Таулы бөлігінің бұдан жоғары жағында көктерек, қайың, алма ағашы, ал одан да жоғарырақта Тянь-Шань шыршасы, кейде биік таудың шалғыны өседі. Биік таудың альпілік шалғынында өлең шөп, алтай, қоғажайы, тастесер т.б. өсімдіктер басым. Бұл өңір — облыс малшыларының жазғы жайлауы.
Жамбыл облысы
Жамбыл облысының топырағы алуан түрлі. Топырақ жамылғысының дамуы ендік бағытындағы зональды және вертикальды белдеулік заңдылықтарға сәйкес дамыған.
Биіктік белдеулік бағытында дамыған топырақ-өсімдік жамылғысының типтері: шөлді, шөлейтті, құрғақ дала, таулы шалғынды-дала, таулы-шалғынды, субальпілік шалғынды-
дала, таулы шалғынды және альпілік шалғынды-дала. Бұл топырақ-өсімдік жамылғысының типтері облыс жеріндегі тауларға тән.
Облыс территориясындағы негізгі топырақ типтерінің таралуы:Шу, Талас өзендерінің төменгі ағысында сондай-ақ Бетпақдала мен Мойынқұмның ойыстарында тақырлар дамыған. Көктемде тақырлар еріген қар суларына толады, олардалай жиналып балдырлардың өсуіне жағдай туады. Құрғаған соң, тақырларға айналады.Тақырдың қалыңдықтары 20-40 см, оның астында аналық тау жынысы басталады. Қара шірігі аз 0,3-0,8%, тұздылық 20-40 см тереңдікте 2-2,5%. Тұзды емес тақырларда кездеседі, тұздылығы 1,5 м тереңдіктен басталатын.
Тақырлар суды жақсы өткізбейді, ылғалданғанда ісінеді, құрғағанда қайта қатады, өсімдік тамырларының өсуіне қолайсыз.
Сұр-қоңыр топырақ Бетпақдалада кең тараған. Ерекшелігі – гипс қабатының қалың болуы, 5-50 см тереңдікте гипс горизонты орныққан, гипстың мөлшері 30-60% шамасында.
Сор тоңды сұр-қоңыр топырақ бор мен палеогеннің конгломерат, сланец, тақтатас, гранит, әктас сияқты тығыз тау жыныстарында дамиды. Алдыңғы топырақтан ерекшелігі карбонатты, саздақты болады. Топырақтың жоғарғы 0-4 см қабатында қара шірік мөлшері 1,2 %, 10-12 см төменгі горизонтында 0-76%.
Түркістан облысы
Облыстың жазық бөлігінде топырақ жамылғысын сұр, сортаңды сұр, бозғылт сұр, құмды, құмдақты топырақ құрайды. Тау етегінде шалғындық, таудың қызыл қоңыр топырағы таралған. Негізінен шөл белдеміне тән өсімдік жамылғысы қалыптасқан. Сексеуіл, жүзгін, жусан, күйреуік, бұйырғын, ши, жантақ, еркекшөп; СырдарияШу өзенінің аңғарларында жиде, жыңғыл, тал; тау етегінде бетегелі-жусанды дала, тауларында жеміс ағаштары, арша, альпілік шалғын өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қоян, қарсақ, елік, арқар, таутеке, жабайы шошқа, қоңыр аю, барыс, сусар, борсық, шөлді аймақтарда бауырымен жорғалаушылардың түрлері тіршілік етеді. Құстардан ұлар, кекілік, бүркіт, шіл, торғайдың көптеген түрлері мекендейді. Табиғи өсімдіктерді, жануарлар дүниесін сақтап қалу үшін Төле биТүлкібас аудандары аумағында мемлекеттік Ақсу-Жабағылы қорығы (1926) ұйымдастырылған.
Қызылорда облысы
Облыстың едәуір бөлігін құм басып жатыр. Топырағы қоңыр, құмдақ сұр, сортаң болып келеді. Жусан, бетеге, сексеуіл, жыңғыл, тал, тораңғы, қамыс өседі. Ауыл шаруашылығына қолайлы жер аумағының 12%-ы Сырдария өзенінің жайылмасында, 23%-ы шөлейтте, 65%-ы шөл аймағында орналасқан.
Жануарлар дүниесінен ақ бөкен, құлан, қарақұйрық, қасқыр, түлкі, қоян, қарсақ, шибөрі, қосаяқ, күзен, сарышұнақ тіршілік етеді. Құстардан бүркіт, қаршыға, қырғауыл, қаз, үйрек, көлдерде балықтың алабұға, сазан, жайын, бекіре түрлері кездеседі.
Арал теңізі
Геологиялық дәуір ішінде теңіздің астында жатып, теңіз суы тартылған соң пайда болған құрлықта топырақ құрылу процесі теңіз шөгінділерінде жүреді. Әдетте, олардың механикалық және химиялық құрамы өте күрлелі. Ұзақ мерзімде лайы көп екі үлкен өзеннің суын қабылдаған Арал теңізінің астында жиналған шөгінділерді осындай категорияға жатқызуға болады. Осыған орай, мұнда топырақ құрылу процесінің бағыты мен пайда болған қарапайым топырақ түрлерінің агромелиоративтік қасиеттерін сол телімдердегі шөгіндінің құрамы анықтайды. Зерттеулердің нәтижелері теңіздің орнындағы барлық бөліктерінде шөгінділердің құрамы бірдей емес екенін көрсетті.
0-12 см. Сұр түсті майда құмшық. Өсімдіктің майда тамырлары бар.
12-22 см. Қоңыр түсті саз аралас майда құмшық
22-34 см. Сұр түсті майда құмшық, темірдің тотығы (Fe2O3) жиналған саз аралас майда құмшық жұқа белдеу тәрізді басқа қабаттармен аралас қабаттасып орналасқан. Ығалы бар.
34-60 см. Жоғары жағы көгілдір түсті саздақ грунт, әр жерде темірдің тотығы жиналған сұр түсті құмшық профильдің төменгі жағында орналасқан. Ығалы бар.
60-74 см. Саздақ қабат темірдің тотығы жиналған қызғылт түсті қабаттармен аралас қабаттасып жатыр. Ығалды. Қаратереңнен батысқа қарай 22 км жерде «Құйылыс» жазығының оңтүстік батыс бөлігінде салынды. Грунт беті кәдімгі тақырлау топырақтың беткі қабатына ұқсас тілімденіп кеткен, саз қабыршақты. Өсімдігі жұтаң. Өсімдік жабынының түрлік құрамы Жыңғыл, Қарабарқын, Итсигек. Төменгі белдікте сиректеу өскен әр түрлі майда эфемерлер.
0-13 см. Сұр түсті өте майда құмшық, құрғақ, өсімдік тамырлары сирек.
13-35 см. Қоңыр түсті саз, әр жерде шіріген өсімдік тамырларының қызғылт түсті ізі бар, өте тығыз саз, кірпіш тәрізді түйіршіктерге бөлінеді, өсімдіктің тамырлары сирек, аздап ығалы бар.
35-64 см. Сұр түсті өте майда құмшық, темір тотығының қызғылт түсті дақ сияқты белгілі бір жүйесіз шашыраңқы тараған, майда қабаттары көлденең жатыр. Ығалы бар. Аралдарияның (өзеннің көне дәуірдегі негізгі арналарының бірі) аванатырауы. Ақлақтан солтүстік-батысқа қарай 21 км. Қаратерең түбегінің оңтүстік-батыс мүйісін айналып, Берг бұғазына, яғни қазіргі Көкарал бөгетіне баратын ескі сүрлеу жолға жақын. Грунт беті тілімденген, түсі боз оқпанды. Өсімдік жабынын бұталардан Жыңғыл, Қарабарқын және құмдау телімдерінде өсімдігінің көпшілігін әр түрлі эфемерлер құрайды.
0-13 см. Сұр түсті майда құмшық, құрғақ, өсімдік тамырлары жоқ.
13-72 см. Тығыз саз, сұр түсті, темірдің тотығы (Fe2O3) көп аздап ығалы бар.
72-89 см. Саздақ, боз түсті, лёсс тәрізді лайдан шөгіндіге түскен, оқта-текте жұқалау сарғыш түсті құмды саз қабаттар кездеседі, ығалы бар. Теңіздің «Ақкөл» қолтығы, сусыз дала. «Тастақ» елді мекенінен оңтүстік-шығыс бағытта 7 км. Бұрын су болған кезде шыққан қалың қамыстың орнында «қопақ», оның беті топырақпен жабыла бастаған. Өсімдігі – сиректеу Жыңғыл, Қарабарқын, майда сораң, әр түрлі эфемерлер.
0-13 см. Сұр түсті саз аралас майда құмшық, топырақ бетін қалың «қопақ» жауып тұр, қабатта өсімдіктің майда тамырлары қалың, сонан болса керек қабат жұмсақ, ығалы бар. 13-42 см. Көгілдір түсті майда құмшық тұнбаға түскен шөгінді темірдің тотығы (Fe2O3) мен шалатотығы (FeO) екеуі араласып, қызғылт-көгілдір жолақтармен шұбарланып көрінеді, ығал.
42-70 см. - ден төмен қарай өте тығыз сары саз, онан төмен қалыңдығы 2-3 см құм шөгіндісімен қалыңдығы 7-8 см саз қабаттасып орналасқан жолақ болып көрінеді. Шөгінділердің бұлай түсуі теңіз қолтығына түскен су тұрақты болмай бірде құрғап қалып, қайтадан су басқан кезеңдерде түскен шөгінді екенін көрсетеді, темірдің тотығы көп, ығалды.

1-тапсырма. «Фишбоун» әдісі арқылы талдау жүргізу








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет