Тақырып
|
Оу мақсаты
|
Сағат саны
|
Бар-лығы
|
Лекция/
Теория
|
Прак-тикалық
|
1-2
|
В.В. Докучаев – топырақтану ғылымының негізін қалаушы
| Топырақтанушы ғалым В.В.Докучаев туралы біледі |
2
|
1
|
1
|
3
|
Топырақ және оның құрамы мен құрылымы
| Топырақ құрамын,түрлерін анықтап, құрылымын графикалық түрде көрсетеді |
1
|
|
1
|
4-5
|
Топырақтану ғылымының Қазақстанда дамуы
|
Топырақтану ғылымының Қазақстанда дамуы туралы түсінік беру
|
2
|
1
|
1
|
6-7
|
Қазақстанның топырақ жамылғысы
|
Қазақстанның топырақ жамылғысы туралы ақпарат беру
|
2
|
1
|
1
|
8-9
|
Қазақстан топырақтары жəне олардың қалыптасуының экологиялық жағдайы
|
топырақтардың экологиялық пролебмаларын жіктеп, шешу жолдарын ұсынады
|
2
|
1
|
1
|
10-11
|
Қазақстанның топырақ түрлері
|
Оқушыларды Қазақстан аумағындағы топырақ түрлерінің қасиеттері мен топырақтың негізгі түрлеріне анықтама беру
|
2
|
1
|
1
|
12
|
Топырақ эрозиясы
|
Топырақ эрозиясы туралы ақпарат беру
|
1
|
|
1
|
13-14
|
Қазақстанның жазық территориялардың көлденең зоналдық топырақтары
|
Қазақстанның жазық территориялардың көлденең зоналық топырақтары туралы түсінік беру
|
2
|
1
|
1
|
15-16
|
Топырақтағы органикалық заттарды анықтау
|
Топырақтың органикалық заттармен байлығын зерттеу
|
2
|
1
|
1
|
17-18
|
Топырақтағы ауыр металдарды анықтау
|
Қоршаған ортадағы ауыр металдарды анықтау әдістерімен танысу
|
2
|
1
|
1
|
19-20
|
Топырақтың қышқылдығын анықтау
|
Топырақтың қышқылдылығын бағалау арқылы оның экологиялық жағдайын зерттеу
|
|
|
|
21-22
|
Қазақстан топырақтарының экологиялық мəселесін шешу жолдары
|
Қазақстан топырақтарының экологиялық мəселесін шешу жолдарын ұсыну
|
2
|
1
|
1
|
23-24
|
Қазақстанның биік таулы аймақтың топырағы
|
Қазақстанның биік таулы аймақтың топырағына түсінік беру
|
2
|
1
|
1
|
25-26
|
Биік таулы шалғынды белдеудің ерекшеліктері
|
Биік таулы шалғынды белдеудің ерекшеліктерін анықтау
|
2
|
1
|
1
|
27-28
|
Топырақтың агрохимиялық анализінің негізгі әдістер
|
Топырақтың агрохимиялық анализінің негізгі әдістерін анықтау
|
|
|
|
29-30
|
Қазақстан топырақ қорлары, оларды пайдалану жəне қорғау жолдары
|
Қазақстан топырақ қорлары, оларды пайдалану жəне қорғау жолдарын ұсыну
|
2
|
1
|
1
|
31-32
|
Оңтүстік Қазақстан облысының топырақ жамылғысы
|
Оңтүстік Қазақстан облысының топырақ жамылғысы туралы түсінік беру
|
2
|
1
|
1
|
33
|
Солтүстік Қазақстан облысының топырақ жамылғысы
|
Солтүстік Қазақстан облысының топырақ жамылғысы туралы түсінік беру
|
1
|
|
1
|
34
|
Батыс Қазақстан облысының топырақ жамылғысы
|
Батыс Қазақстан облысының топырақ жамылғысы туралы түсінік беру
|
1
|
|
1
|
35
|
Шығыс Қазақстан облысының топырақ жамылғысы
|
Шығыс Қазақстан облысының топырақ жамылғысы туралы түсінік беру
|
1
|
|
1
|
36
|
Орталық Қазақстан облысының топырақ жамылғысы
|
Орталық Қазақстан облысының топырақ жамылғысы туралы түсінік беру
|
1
|
|
1
|
Бөлім:
|
|
Педагогтің аты-жөні
|
|
Күні:
|
|
Сабақ
|
№1-2
|
Сынып:
|
Қатысушылар саны: -
|
Қатыспағандар саны: -
|
Сабақтың тақырыбы
|
В.В. Докучаев – топырақтану ғылымының негізін қалаушы
|
Сабақтың мақсаты
|
Топырақтанушы ғалым В.В.Докучаев туралы біледі
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Оқушылармен амандасып, түгелдеу.
Ынтмақтастық атмосферасын қалыптастыру. Сабақ тақырыбы, мақсатымен таныстырылады.
|
Оқушылар амандасып,
сабаққа назар аударады
|
|
|
Сабақтың ортасы
|
ХІХ ғасырдың көптеген табиғаттанушы – саяхатшылардың қаратопыраққа біршама көңіл аударып, оның пайда болуы тура-лы өздерінің болжамдарын (мұхиттардан, батпақтардан, жер беті өсімдіктерінің əсерлерінен) айтқандарымен, қаратопырақтардың шын мəнісінде пайда болуы, олардың таралуы мен қасиеттері, көп жыл бойы бидай егісіне пайдаланудан топырақ құнарының азаю себептері осы ғасырдың 80-жылдарына шейін белгісіз болып келді. Міне, осы мəселелерді шешу үшін Ерікті экономикалық қоғам 1876 жылы арнайы қаратопырақ жөнінде комиссия құрды. Комиссия жұмысына Петербург университетінің геология
жəне минерология кафедрасында қызмет істейтін жас ге-олог В. В. Докучаев шақырылды. Бұл таңдау кездейсоқ емес еді. Өйткені ол бұрында Ерікті экономикалық қоғамның Петер-бург табиғат зерттеушілер мен минерологтар қоғамдарының белсенді мүшесі болып, осы қоғамның қаржыларымен экспеди-ция ұйымдастырып, топырақтануға жақын мəселелермен, дəлірек айтсақ, төрттік дəуірдің шөгінділерімен, өзен арналарымен, сай-салалардың құрылысы жəне пайда болуы мəселелерімен шұғылданған. Егер далалық жұмыстар 1877-1878 жылдары жүргізілсе, одан кейінгі 1879-1881 жылдары химия-аналитикалық жəне ғылыми-өңдеу жұмыстары қолға алынды.
Сонымен, 1883 жылы В. В. Докучаевтың тарихта топырақ-тану жөніндегі əлемге əйгілі «Орыстың қаратопырағы» деген ғылыми жарық көрді. Бұл туралы В. В. Докучаевтың шəкірті, аса дарынды ғалым геохимик В. И. Вернадский кезінде: «То-пырақтану ғылымының дамуы үшін қаратопырақ, каль-цит кристаллографияның, бақа физиологияның, ал бензол
органикалық химияның дамуына үлкен рөлін атқарды», – деген. Бұл еңбектерінің нəтижесінде Докучаев тек қаратопырақтың пайда болуы ғана емес, сонымен қатар оның қасиеттерін, кеңістіктегі өзгерістерін, таралу заңдылықтарын анықтай келіп, жалпы топырақ туралы жаңа түсінікке келді. Топырақты зерттеудің ерекше жаңа топырақ географиялық салыстырмалы зерттеу əдісін ұсынды. Докучаев топырақтың табиғаттың ерек-ше табиғи, əрі тарихи денесі екенін анықтады. Топырақтың өте күрделі құрылымды екенін, ол өзін түзген тау жыныстар-дан морфологиялық көрінісі жəне химиялық құрамы жағынан жақсы ажыратылатынын, оның қалыңдығы тек жыртылған қабатпен шектелмейтінін көрсетті.
1891 жылы Ресейдің қаратопырақты зонасының негізгі жерінде қатты құрғақшылық болды. В.В. Докучаев «Біздің далаларымыздың бұрынғысы мен қазіргісі» деген классикалық еңбегінде Ресей диқаншыларының егіншілікті дұрыс жүргізбей, топырақты тоздырғаны жайлы сөз болды. Егістіктерді ауыстырып екпей, бір жерге бір дақылды қайталап еге бергені, ылғал сақтау шараларын қолданбауы, ол үшін орманды ағаш жүйелерін тиімді пайдаланбағаны жайында да айтылады.
1892-1895 жылдары В.В. Докучаев Ново-Александр ауыл-шаруашылық институтында (қазір ол Польша жерінде) директор болып қызмет атқарды, ауыл шаруашылығы жүйесіне дұрыс білім беруге біршама үлес қосты. Институтта əлемде бірінші бо лып топырақтану кафедрасын ұйымдастырды. Кафедраны В. Докучаевтың шəкірті Н.М. Сибирцев (1860-1900) басқарды. Ол 1900 жылы Докучаевтың топырақ жайындағы идеяларын жүйелі етіп баяндаған алғашқы «Топырақтану» оқулығының авторы болды. 1898-1900 жылдары Докучаев Кавказ тауларының топырақтарын, Түркістан, Каспийдің шығысын, тіпті, Қарақұмдағы Чарджау аймағындағы Репетек құмдарын, гипсті топырақтарды зерттеді. Докучаевтың бұл əртүрлі аймақтарды зерттеу, оның топырақтану жайындағы ілімінің аясын кеңейте түсті. Бұл топырақтың, жалпы ландшафтардың көлденең жəне тік зоналық заңдарын негіздеуге мүмкіндік берді. Оның осы кездердегі еңбегі – «Табиғат зоналығы туралы ілім, көлденең жəне тік белдеулік зоналары». Сондай-ақ, оның Жердің терістік жарты шарының сызбанұсқалық топырақ картасы Парижде өткізілген Əлемдік көрмеде көрсетіліп, дипломға ие болды.
В.В. Докучаев «Табиғат зоналары туралы ілім» деген мақаласын: «Табиғатты, оның күшін, апатын, денесін тану үшін ХІХ ғасырда алып қадамдар жасалды, сондықтан мұны табиғаттанушылар ғасыры, табиғат ғасыры деуі жай емес. Дегенмен, адамзаттың осы ұлы білім жеңістеріне назар аудара отырып, əсіресе Лавуазье, Ляй-эл, Дарвин, Гельмгольц, т.б. жұмыстарынан кейін, аса маңызды əрі мəнді кемістікті байқамауға болмайды. Негізінен əр түрлі денелер – минералдар, тау жыныстары, өсімдіктер мен жануарлар жəне олардың болмысы, кейбір табиғи заттар – от, су, жер, ауа зерттелді. Тек олардың қатынастары, пайда болулары, ғасырлық, əрдайым заңды табиғат күштері мен денелері, тірі мен өлі табиғат арасындағы байланыстары мен болмыстары зерттелмеді. Ал шын мəнінде, тек осы қатынастар, осы заңды қарым-қатынастар мен бір-біріне əсері табиғаттанудың негізін құрайды, табиғаттанудың ең бір тамаша əрі жоғарғы ғажабы» – деп бастайды. В.В. Докучаев өзі негізін қалаған ғылым – топырақтану ғылымы жоғарыда жіберілген кемістіктерді ескеріп, табиғаттағы бұрыннан бар тірі мен тірінің, тірі мен өлі табиғаттың қарым-қатынастарын жəне бірінің-біріне əсерін зерттейтін ғылым деді. Докучаев осы терең ғылыми түсініктерімен табиғат ландшафтары туралы ілімді қалыптастырды. Ландшафтағы топырақ маңызын айта келіп, топырақты «ландшафтың айнасы» деп сипаттады.
1-тапсырма
Ұғымдарға анықтама беріңіз:
Топырақ дегеніміз не?............................................................................................................................................
......................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................
Топырақтану ғылымының негізін қалаған ғалым туралы не білесіз?
...................................................................................................................................................................................
......................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................
2-тапсырма
1. Топырақтану ғылымын зерттеген ғалым кім? (В. В. Докучаев)
2. Докучаев - топырақтың табиғи дене екенін қай қай ғасырдың, қай жылдарында анықтады? (ХІХ ғасырдың 80 жылдарында)
3-тапсырма
Мәтінді оқып, көп нүктенің орнына керек сөздерді орналастырыңыз.
Топырақтану ғылымының негізін орыс ғалымы ............................. қалады. Ол топырақ түзілу процесінің ......................... байланысты екенін анықтады. Оларға: бастапқы аналық тау жыныстар, ............, ............, уақыт және ................ мен .................... жатады. Кейін ғылыми зерттеулердің нәтижесіне байланысты бұларға су (......................, жерасты суы) және ................................. қосылды.
Керекті сөздер: (В.В.Докучаев, бес фактор, ауа райы, жер бедері, өсімдіктер, жануарлар, топырақ суы, адамның шаруашылық әрекеті).
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |