«Қазақтелеком» акционерлік қоғамы Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы шешімімен бекітілген 2013 жылғы 18 қантардағы №49- хаттама (30. 06. 2015 жылғы жағдай бойынша) «Қазақтелеком»



бет2/5
Дата17.06.2016
өлшемі0.93 Mb.
#141996
1   2   3   4   5

3. Қоғамға акциялар орналастыру барысында мыналарға тыйым салынады:

1) орналастырылатын акцияларды сатып алуға;

2) талаптарымен (шығару талаптарымен) Қоғамның орналастыратын акцияларын Қоғамның сатып алуына құқық немесе міндеттеме көзделген шарттар жасауға (туынды бағалы қағазды сатып алуға).
4. Орналастырылатын акциялар толық төленгенге дейін Қоғамның мұндай акцияларды Қоғам акцияларын ұстаушылардың тізілімдер жүйесіндегі оны сатып алушының жеке шотына есептеу туралы бұйрық беруге құқығы жоқ. Толық төленбеген акциялардың және Қоғам сатып алған акциялардың дауыс беру құқығы болмайды және оларға дивидендтер төленбейді.

12-бап. Акцияларға айырбасталатын Қоғамның акциялары

мен бағалы қағаздарын орналастыру тәсілдері
1. Қоғам акциялары жарияланған акциялардың саны шеңберінде бір немесе бірнеше орналастыру арқылы олардың шығарылуы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін орналастырылады.

Қоғам акцияларын орналастыру акционерлердің акцияларды немесе Қоғамның жай акцияларына айырбасталатын өзге бағалы қағаздарды артықшылықпен сатып алу құқығын іске асыруы, жазылу я болмаса бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында өткізілетін аукцион, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда Қоғамның бағалы қағаздарын және (немесе) ақшалай міндеттемелерін Қоғам акцияларына конвертациялау арқылы жүзеге асырылады.

Орналастырудың тікелей тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Жарғыға және Қоғам органдарының шешімдеріне сәйкес айқындалады.
2. Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қоғам акционерлері жалпы жиналыстарының шешімдерінде акцияларға айырбасталатын облигациялар мен бағалы қағаздарды орналастыру тәсілі туралы мәселе бойынша нұсқаулар болмаған жағдайда, мұндай бағалы қағаздарды орналастыру тәсілін Директорлар кеңесі айқындайды.
3. Қоғамның жарияланған акцияларды немесе Қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздарды орналастыруы, сондай-ақ бұрын сатып алынған бағалы қағаздарды сатуы кезінде Қоғам орналастыру/сату туралы шешім қабылдаған күннен бастап 10 (он) күн ішінде өз акционерлеріне жазбаша хабарлама жіберу немесе бұқаралық ақпарат құралдарында және Қоғамның корпоративтік веб-сайтында жариялау арқылы өздерінде бар акциялар санына барабар тең жағдайларда бағалы қағаздарды орналастыру/өткізу туралы шешім қабылдаған Қоғамның органы белгілеген орналастыру/өткізу бағасы бойынша бағалы қағаздарды сатып алуды ұсынуға міндетті. Бұл орайда Қоғамның жай акцияларын иелентін акционердің Қоғамның жай акцияларын немесе Қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алуға құқығы бар, ал Қоғамның артықшылықты акцияларын иелентін акционердің Қоғамның артықшылықты акцияларын басымдықпен сатып алуға құқығы бар.
4. Хабарламада/жарияланымда орналастырылатын/өткізілетін акциялардың немесе акцияларға айырбасталатын басқа да бағалы қағаздардың саны, оларды орналастыру/өткізу бағасы (оның ішінде Қоғам акционерлерінің оларды сатып алуға басым құқығын жүзеге асырған жағдайдағы оларды орналастыру/сату бағасы), әрбір акционер сатып алуға құқылы бағалы қағаздардың санын анықтау тәртібі, осы құқықты жүзеге асырудың қолданыс мерзімі мен тәртібі туралы мәліметтер болуға тиіс.
5. Қоғам акцияларын орналастыру/өткізу туралы хабарлаған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде акционер акцияларды және/немесе Қоғамның акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздарды сатып алуға өтінім беріп, басымдықпен сатып алу құқығын толық немесе ішінара жүзеге асыруға құқылы.

Акционерлердің Қоғамның бағалы қағаздарын басымдылықпен сатып алу құқығын іске асыру тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленеді.


13-бап. Қоғамның орналастырылған акцияларды сатып алуы


  1. Қоғамның қор биржасында ашық сауда әдісімен акциялар сатып алуы жағдайын қоспағанда, Қоғам акционерден оның келісімімен оған тиесілі акцияларды Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес, Акционерлердің жалпы жиналысы бекіткен Қоғамның акцияларды сатып алуы кезінде олардың құнын айқындау әдістемесіне сәйкес сатып алуға құқы бар. Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, Қоғамның орналастырылған акцияларды сатып алуы туралы шешімді Директорлар кеңесі қабылдайды.


2. Қоғам орналастырылған акцияларды мына негіздемелер бойынша сатып алуға құқылы:

1) сатып алынған акцияларды қайта бөліп тарату мақсатында;



  1. дивидендтік төлемдерді азайту мақсатында;

  2. айырбасталатын бағалы қағаздарды шығару барысында белгіленген шарттармен Қоғамның бағалы қағаздарын айырбастау мақсатында;

  3. опциондық келісімшарттарды орындау мақсатында;

  4. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда.


3. Егер Қоғам сатып алатын акциялардың саны орналастырылған акциялардың жалпы санының 25 (жиырма бес) пайызынан асса, ал орналастырылған акцияларды сатып алуға жұмсайтын шығыстар оның меншікті капиталы мөлшерінің 10 (он) пайызынан көп болса, Қоғам орналастырылған акцияларды сатып алу туралы шешім қабылдауға құқылы емес:

1) орналастырылған акцияларды акционердің талап етуі бойынша сатып алған кезде - осы Жарғының 14-бабы 1-тармағында көрсетілген шешімдерінің бірі қабылданған күнгі жағдай бойынша;

2) орналастырылған акцияларды Қоғамның бастамасы бойынша сатып алған кезде - Қоғамның орналастырылған акцияларын сатып алу туралы шешім қабылданған күнгі жағдай бойынша.
4. Қоғам иемденген/сатып алған акциялар Акционерлердің жалпы жиналысында кворумды айқындау кезінде есепке алынбайды, дауыс беру құқығы берілмейді және дауысты есептеу кезінде есепке алынбайды, олар бойынша дивидендтер есептелмейді.
5. Акцияларды сатып алу туралы шешіммен әрбір санаттағы (түрдегі) сатып алынатын акциялардың санаттары (түрлері), саны, сатып алу бағасы, төлеу нысаны мен мерзімі, сондай-ақ акцияларды иемдену/сатып алу жүзеге асырылатын мерзімі белгіленуі тиіс. Қоғамның өз акционерлері сатып алуға өтініш берген орналастырылған акцияларының саны  Қоғам сатып алуға жариялаған акциялардың санынан асып түскен жағдайда бұл акциялар акционерлерден оларға тиесілі акциялардың санына барабар сатып алынады.

6. Акцияларды сатып алу кезінде төлеу ақшалай, сондай-ақ акционердің келісімімен Қоғамның басқа да бағалы қағаздарымен жүзеге асырылады. Акциялар сатылып алынатын мерзім 30 (отыз) күннен кем болмауы тиіс. Акцияларды сатып алу бағасын Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен белгілейді.

7. Орналастырылған акциялардың жалпы санының 1 (бір) пайызынан астамын сатып алу кезінде Қоғам акцияларды сатып алу-сату мәмілесі жасалғанға дейін мұндай сатып алу туралы өз акционерлеріне хабарлауға міндетті. Қоғамның хабарландыруы бұқаралық ақпарат құралдарында және Қоғамның корпоративтік веб-сайтында жарияланады және онда сатып алынатын акциялардың түрлері мен саны, оларды сатып алу бағасы, төлем нысаны мен мерзімі, сондай-ақ талаптар мен акциялар сатылып алынатын мерзім туралы мәліметтер болуы тиіс.

8. Қоғамның:

1) Акционерлердің бірінші жалпы жиналысын өткізгенге дейін;

2) құрылтайшылар арасында акцияларды орналастыру қорытындылары туралы бастапқы есеп бекітілгенге дейін;

3) егер акцияларды сатып алу нәтижесінде Қоғамның өз капиталының мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген ең төменгі жарғылық капиталдың мөлшерінен аз болса;

4) егер акцияларды сатып алу кезінде Қоғам Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасына сәйкес төлем қабілетсіздігі не дәрменсіздігі белгілеріне сай келсе не аталған белгілер Қоғамда оның барлық талап етілетін немесе сатып алу болжанатын акцияларды сатып алу нәтижесінде пайда болса;

5) егер сот немесе Қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы Қоғамды тарату туралы шешім қабылдаса, орналастырылған акцияларды сатып алуға құқығы жоқ.




14-бап. Орналастырылған акцияларды акционердің

талап етуі бойынша сатып алу
1. Акционерлер оларға тиесілі акциялардың барлығын немесе бір бөлігін Қоғамның сатып алуын мынадай жағдайларда:

1) Акционерлердiң жалпы жиналысы Қоғамды қайта ұйымдастыру туралы шешiм қабылдағанда, егер акционер Қоғамды қайта ұйымдастыру туралы мәселе қаралған Акционерлердiң жалпы жиналысына қатысып, оған қарсы дауыс берсе;

2) акционерлердің жалпы жиналысы Қоғам акцияларының делистингі туралы шешім қабылдағанда, егер акционер акционерлердің жалпы жиналысына қатыспаса немесе егер ол осы жиналысқа қатысып, аталған шешімді қабылдауға қарсы дауыс берсе;

3) сауда-саттықты ұйымдастырушы Қоғам акция­ларының делистингі туралы шешім қабылдағанда;

4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және (немесе) осы Жарғыда белгiленген тәртiппен Қоғамның қабылданған iрi мәмiле жасау туралы шешiммен және/немесе жасалуында Қоғамның мүддесi бар мәмiле жасау туралы шешiммен келiспегенде;

5) Акционерлердiң жалпы жиналысы Қоғамның Жарғысына осы акционерге тиесiлi акциялар бойынша құқықтарды шектейтiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы шешiм қабылдағанда, егер акционер осындай шешiм қабылданған Акционерлердiң жалпы жиналысына қатыспаса немесе ол осы жиналысқа қатысып, аталған шешiмнiң қабылдануына қарсы дауыс берсе, талап етуге құқылы.


2. Акционерлер осы баптың 1-тармағында көрсетілген шешім қабылданған күннен бастап немесе сауда-саттықты ұйымдастырушы Қоғам акцияларының делистингі туралы шешім қабылдаған күннен бастап 30 (отыз күн) ішінде Қоғамға жазбаша өтініш жіберу арқылы өзіне тиесілі акцияларды сатып алу туралы Қоғам Басқармасына талап қоюға құқылы.

Қоғам акционерден өтініш алған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде акционерден акцияларды сатып алуға міндетті.


3. Қоғамның орналастырылған акцияларды акционердің талап етуі бойынша сатып алуы Қоғам Акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен Қоғамның акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылмаған нарығында сатып алуы кезінде олардың құнын айқындау әдістемесіне сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сай жүзеге асырылады.
4. Қоғам сатып алған акциялар туралы мәліметтер Қоғамның акцияларын ұстаушылардың тізілімдер жүйесіне міндетті түрде енгізілуі тиіс.

15-бап. Қоғамның бағалы қағаздарын ұстаушылардың тізілімдер жүйесі
1. Қоғамның бағалы қағаздарының эмиссиясы Қоғамның бағалы қағаздарын ұстаушылардың тізілімдер жүйесінде бекітіледі. Қоғам бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жасауды, жүргізуді және сақтауды Қоғамды мемлекеттік тіркеуден өткізген сәттен бастап 1 (бір) айдан кешіктірмей қамтамасыз етеді.
2. Қоғам акцияларының қозғалысы акцияларды ұстаушылардың тізілімдер жүйесінде (акционерлердің тізілімдер жүйесі) бекітіледі. Қоғамның акцияларын ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізуді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай қызметті жүргізуге құқығы бар мамандандырылған тәуелсіз ұйым жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесінде әрбір акция, акцияның сатылып алынған уақыты, сондай-ақ деректемелерін көрсете отырып, осындай акциялардың әрбір акционердегі саны туралы деректер қамтылады. Қоғамға ұсынылған мәліметтер бойынша акцияларға кепілдік құқығы бар тұлғалардың деректемелері де кепіл ұстаушының осындай акциялар бойынша дауыс беру құқығы бар екендігін көрсете отырып, акционерлердің тізілімдер жүйесіне енгізіледі.
3. Акциялардан басқа, Қоғамның өзге де бағалы қағаздарының тізілімдер жүйесін жасауды және жүргізуді тәуелсіз тіркеуші жүзеге асырады.
4. Қоғам мен тіркеушінің арасындағы қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалатын шартпен реттеледі.
5. Қоғамның тіркеушісі акционердің, сондай-ақ кепіл ұстаушының немесе нақтылы ұстаушының талап етуі бойынша олардың Қоғамның бағалы қағаздарына құқықтарын растайтын тізілімнің үзінді көшірмесін беруге міндетті.


5-тарау. Қоғам акционерлері.

Қоғам акционерлерінің құқықтары мен міндеттері
16-бап. Қоғам акционерлері

1. Қоғамның акционерлері заңды және жеке тұлғалар, оның ішінде шетелдік тұлғалар болып табылады.
2. Қоғам акционерлерінің саны мен құрамына шек қойылмайды.

17-бап. Қоғам акционерлерінің құқықтары

1. Қоғам акционерінің:

1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және (немесе) осы Жарғыда көзделген тәртіппен Қоғамды басқаруға қатысуға;

2) дивидендтер алуға;

3) Қоғамның берешегі пайда болған мерзімге қарамастан, белгіленген мерзімде алынбаған дивидендтердің төленуін талап етуге;

4) Қазақстан Республикасы заңнамасының, Қоғамның Корпоративтік басқару кодексінің, Листингілік ереженің, Қоғамның ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес Қоғамның қызметі, акционерлік капитал (акциялар) саласындағы мәмілелер туралы ақпарат алуға, Акционерлердің жалпы жиналысы немесе осы Жарғыда айқындалған тәртіппен Қоғамның қаржы есептілігімен танысуға;

5) Акционерлердің жалпы жиналысына Қоғамның Директорлар кеңесіне сайлау үшін кандидатура ұсынуға;

6) Қоғамның тіркеушісінен немесе нақтылы ұстаушыдан оның Қоғамның бағалы қағаздарына меншік құқығын растайтын үзінді көшірмелер алуға;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Жарғыға сәйкес оған тиесілі акциялар мен Қоғамның өзге де бағалы қағаздарын кепілге беруге және сатуға;

8) Қоғамға оның қызметі туралы жазбаша сауал салуға және Қоғамға сауал келіп түскен күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде дәлелді жауаптар алуға;

9) Қоғамның органдары қабылдаған шешімдерге сот тәртібімен дауласуға;

10) өз бетімен немесе басқа акционерлермен бірлесе отырып Қоғамның дауыс беретін акцияларының бес және одан да көп пайызын иелену кезінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда өз атынан сот органдарына Қоғамға келтірген шығындарды Қоғамның лауазымды тұлғаларының Қоғамға өтеуі және Қоғамның лауазымды тұлғаларының және (немесе) олардың аффилиирленген тұлғаларының ірі мәмілелер және (немесе) жасалуына мүдделі мәмілелер жасасу туралы шешімдер (жасасуға ұсыныстар) қабылдау нәтижесінде алған пайданы (кірісті) Қоғамға қайтаруы туралы талап етумен жүгінуге;

11) Қоғам таратылған кезде мүліктің бір бөлігіне;

12) Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Жарғыда көзделген тәртіппен өз акцияларына айырбасталатын Қоғамның акцияларын немесе басқа да бағалы қағаздарын артықшылықпен сатып алуға;

13) Қоғам бұзған өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін мемлекеттік органдарға өтініш білдіруге;

14) Қоғамның басқа акционерлерімен және өкілдерімен акционерлердің негізгі құқықтарын және Қоғамды корпоративтік басқару саясатын сақтау мәселелерін қарауға құқығы бар.
2. Қоғамның ірі акционерінің сондай-ақ:

1) Қоғам Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыруды талап етуге немесе Директорлар кеңесі Акционерлердің жалпы жиналысын шақырудан бас тартқан жағдайда оны шақыру туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге;

2) Директорлар кеңесіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне қосымша мәселелер енгізуді ұсынуға;

3) Қоғамның Директорлар кеңесінің отырысын шақыруды талап етуге;

4) өз есебінен аудиторлық ұйымның Қоғам аудитін жүргізуін талап етуге құқығы бар.
3. Акционерлер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында және (немесе) осы Жарғыда көзделген басқа да құқықтарды иелене алады. Қоғам акционерлерге тиесілі акциялардың түріне қарамастан, олардың құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз етеді. Қоғам Жарғысының осы бабында көзделген акционерлердің құқықтарын шектеуге жол берілмейді.

18-бап. Қоғам акционерлерінің міндеттері

1. Қоғамның акционері:

1) осы Жарғыда және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен, көлемде және тәсілдермен акцияларды төлеуге;

2) осы акционерге тиесілі акцияларды Қоғамның тіркеушісіне және нақтылы ұстаушыға Қоғамның акцияларын ұстаушылардың тiзiлiмдер жүйесiн жүргізуге қажетті мәліметтердің өзгерісі туралы 10 (он) күн ішінде хабарлауға;

3) Қоғам немесе оның қызметі туралы қызметтік, коммерциялық немесе Қоғамның заңмен қорғалатын өзге де құпиясы болып табылатын ақпаратты жария етпеуге;

4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

2. Акционердің Қоғам акцияларын ұстаушылардың тізілім жүйесін жүргізуге қажетті ақпаратты беру бойынша өз міндеттемесін орындамауының салдары үшін Қоғам мен Қоғам тіркеушісі жауапты болмайды.

19-бап. Акцияларды иеліктен шығару құқығы
1. Акционерлер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа акционерлердің келісімінсіз өздеріне тиесілі акцияларын иеліктен шығаруға құқылы.

2. Қоғам акцияларын сатып алу-сату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалы қағаздар нарықтарында жүзеге асырылады. Қоғам акцияларына қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен:

1) Қоғамның акцияларымен мәмілелер жасасуға;

2) бір акционерге тиесілі Қоғам акцияларының ең көп санына;

3) Қоғамның акциялары бойынша бір акционерге берілетін ең көп дауыс санына шектеулер белгіленуі мүмкін.


3. Акционерлердің Қоғам акцияларын сатуына Қоғамның кедергі жасауға құқығы жоқ. Қоғамның акцияларын сатқысы келетін тұлғаға Қоғамның оларды Қоғамның өзінің немесе үшінші тұлғалардың ұсынылған бағадан жоғары баға бойынша сатып алуы туралы ұсыныс жасауға құқығы бар. Сатып алу туралы ұсыныста акциялардың саны, бағасы және акцияларды үшінші тұлғалар сатып алған жағдайда сатып алушылардың деректемелері туралы мәліметтер болуға тиіс.

4. Бағалы қағаздардың қайталама нарығында Қоғамның дауыс беретін акцияларының 30 (отыз) және одан да көп пайызын, я болмаса дауыс беруші акциялардың өзге санын дербес немесе өзінің аффилиирленген тұлғаларымен бірлесе отырып сатып алған, нәтижесінде осы тұлғаға дербес немесе өзінің аффилиирленген тұлғаларымен бірлесе отырып Қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан да көп пайызы тиесілі болған тұлға сатып алған күннен бастап 30 (отыз) күн ішінде қалған акционерлерге Қоғамның оларға тиесілі акцияларын сатуға ұсынысты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға міндетті. Акционер өзіне тиесілі акцияларды сату туралы ұсыныс жарияланған күннен бастап 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімде оларды сату туралы ұсынысты қабылдауға құқылы.

Акционерлерге оларға тиесілі акцияларды сату туралы ұсыныста көрсетілетін деректер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады. Акционердің өзіне тиесілі акцияларды сату туралы жазбаша келісімін алған жағдайда сатып алу туралы ұсынысты жариялаған тұлға акцияларды 30 (отыз) күн ішінде төлеуге міндетті.


5. Жарғының осы бабының 4-тармағында көрсетілген акцияларды сатып алудың тәртібі сақталмаған жағдайда Қоғамның дауыс беретін акцияларының 30 (отыз) және одан да көп пайызын иеленуші тұлға немесе тұлғалар өзімен (өздерімен) аффилиирленбеген тұлғаларға Қоғамның дауыс беретін акцияларының 29 (жиырма тоғыз) пайызынан асатын акцияларының оған (оларға) тиесілі бір бөлігін иеліктен шығаруға міндетті.

Қоғамның өзіне тиесілі акцияларды сату туралы ұсынысқа жауап ретінде өтініш берген акционері осы ұсынысты жариялаған тұлғаның акцияларды сатып алудан бас тартуына сот тәртібімен шағымдануға құқылы.


6. Қоғамның өзі шығаратын жарияланған акцияларын бағалы қағаздардың бастапқы нарығында оларды орналастырған кезде сатып алуға құқығы жоқ.

20-бап. Қоғам акцияларын және өзге бағалы қағаздарын кепілге алу құқығы
1. Қоғам өзі орналастырған Қоғамның акциялары мен өзге бағалы қағаздарын кепілге қабылдауға құқылы.

Қоғам орналастырған бағалы қағаздарын тек мынадай жағдайларда кепілге қабылдай алады, егер:

1) кепілге берілетін бағалы қағаздарға толықтай ақы төленсе;

2) Қоғамға кепілге берілетін және оның кепіліндегі бағалы қағаздардың жалпы саны Қоғам сатып алған акцияларды қоспағанда Қоғамның орналастырған акцияларының 25 (жиырма бес) пайызынан артық емес болса;

3) кепілге алу туралы шартты Қоғамның Директорлар кеңесі мақұлдаса.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет