«Қазақтелеком» акционерлік қоғамы Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы шешімімен бекітілген 2013 жылғы 18 қантардағы №49- хаттама (30. 06. 2015 жылғы жағдай бойынша) «Қазақтелеком»



жүктеу 0.93 Mb.
бет4/5
Дата17.06.2016
өлшемі0.93 Mb.
1   2   3   4   5

39-бап. Қоғамның лауазымды тұлғаларының

қызмет қағидаттары мен жауапкершіліктері



1. Қоғамның лауазымды тұлғалары:

1) оларға жүктелген міндеттерді адал атқарады және Қоғам мен акционерлердің мүдделеріне мейлінше сәйкес келетін тәсілдерді қолданады;

2) Қоғамның мүлкін осы Жарғыға және Акционерлердің жалпы жиналысы мен Директорлар кеңесінің шешімдеріне қайшы келетіндей, сондай-ақ жеке мақсатта қолданбауы немесе оны қолдануға жол бермеулері және өздерінің аффилирленген тұлғаларымен мәміле жасаған кезде лауазымын асыра пайдаланбауы тиіс;

3) тәуелсіз аудит жүргізуді қоса алғанда, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйелерінің тұтастығын қамтамасыз етуге міндетті;

4) Қазақстан Республикасы заңнамасының, Листингтік ережелердің, Қоғамның Корпоративтік басқару кодексінің, Қоғамның өзге ішкі құжаттарының және осы Жарғының талаптарына сәйкес Қоғамның қызметі туралы ақпараттың ашылуы мен ұсынылуын бақылайды.

5) Қоғамның қызметі туралы ақпараттың құпиялығын, оның ішінде Қоғамдағы жұмысын тоқтатқан соң Қоғамның ішкі құжаттарында белгіленген мерзім ішінде сақтайды.


2. Қоғамның лауазымды тұлғалары өздерінің тікелей немесе жанама мүддесі бар мәселелер бойынша шешім қабылдауға қатыспаулары тиіс. Лауазымды тұлғалар мүдделерінің бар екендігі туралы ақпаратты Директорлар кеңесінің төрағасына уақытылы хабарлаулары тиіс.
3. Лауазымды тұлғалар Қоғам мен акционерлердің алдында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайлар мен тәртіпте жауапты болады.

40-бап. Қоғамның аудиті
1. Қоғамның жылдық қаржылық есебін, сондай-ақ Ішкі аудит қызметі жүргізген тексерулеріне қарамастан оның істерінің ағымдағы жағдайын тексеруді және растауды Қазақстан Республикасындағы аудит қызметі туралы заңнамаға сәйкес, оны жүргізуге құқылы Қоғамның сыртқы аудиторы жүргізеді. Аудитормен шартқа Қоғамның атынан Директорлар кеңесінің төрағасы қол қояды.

Қазақстан Республикасының заңнамасында Қоғам аудитін жүргізу шартына қосымша талаптар қарастырылуы мүмкін.


2. Аудиторлық ұйымдар тексеру нәтижелері мен өз қорытындысын Акционерлердің жалпы жиналысына, Директорлар кеңесі мен Қоғамның Басқармасына ұсынылатын есепте жазады.

Ішкі аудит қызметінің Қоғамның жұмысын тексеруді жүзеге асыруы Қоғамды аудит жүргізуден босатпайды.


3. Қоғамға аудит, Қоғамның есебінен Директорлар кеңесінің, Басқарманың бастамасымен немесе кез келген уақытта Қоғамның ірі акционерінің есебінен соның талабы бойынша жүргізілуі мүмкін. Мұндай жағдайда ірі акционер аудиторлық ұйымды өз бетінше анықтауға құқылы. Ірі акционердің талабы бойынша аудит жүргізілген жағдайда, Қоғам аудиторлық ұйым сұраған барлық қажетті құжаттаманы (материалдарды) беруге міндетті.
4. Қоғам Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы белгілеген мерзімде және қазақстандық және халықаралық бухгалтерлік есеп пен аудит стандарттарына сәйкес қаржы жылының қорытындылары бойынша міндетті тәртіпте аудиторлық тексеру жүргізеді.
5. Қоғамда мерзімді түрде, кем дегенде 5 жылда бір мәрте, аудиторлық ұйымды және /немесе аудит жүргізетін ұйымда қорытынды дайындау бойынша серіктесті ауыстыру жүзеге асырылады.
6. Қоғамның ішкі аудитін жүргізуді Ішкі аудит қызметі жүзеге асырады.


7-тарау. Қоғамның жекелеген мәмілелер

санатын жасау ерекшелігі
41-бап. Қоғамның ірі мәмілелері
1. Қоғам жасайтын ірі мәмілелерге мынадай мәмілелердің түрлері жатады:

1) нәтижесінде, құны Қоғам активтері баланстық құнының жалпы мөлшерінің жиырма бес және одан жоғары пайызын құрайтын мүлік сатып алатын немесе иелігінен шығаратын (алуы немесе иеліктен шығаруы мүмкін) мәміле немесе бір-бірімен өзара байланысты мәмілелер жиынтығы;

2) нәтижесінде, Қоғамның бір түрдегі орналастырылған бағалы қағаздарының жалпы санынан жиырма бес және одан жоғары пайыз мөлшерінде Қоғам өзінің орналастырылған бағалы қағаздарын сатып алуы немесе ол сатып алған Қоғамның бағалы қағаздары сатылуы мүмкін болатын мәміле немесе бір-бірімен өзара байланысты мәмілелер жиынтығы.
2. Нәтижесінде, Қоғамның активтері көлемінен он және одан жоғары пайыз сомасына мүлік сатып алынатын немесе иеліктен шығарылатын мәміле жасау туралы шешім Қазақстан Республикасының Бағалау қызметі туралы заңнамалық актісіне сәйкес бағалаушы белгілеген осы мүліктің нарықтық құнын есептеп қабылдануы керек.

Егер нарықтық құнын анықтау қажет болатын мүлік бағалы қағаздардың ұйымдасқан нарығы айналымындағы бағалы қағаздар болса, онда олардың нарықтық құнын анықтаған кезде, осындай нарықта бағалы қағаздармен жасалған қалыптасқан мәміле бағасы немесе осындай бағалы қағаздарға деген ұсыныстар мен сұраныс бағасы есепке алынады. Егер нарықтық құнын анықтау қажет болатын мүлік Қоғамның акциялары болса, онда олардың нарықтық құнын анықтаған кезде Қоғамның меншікті капиталының мөлшері, Қоғамды дамыту жоспарына сәйкес, оларды өзгерту перспективасы және нарықтық құнын анықтайтын тұлға маңызды деп есептейтін басқа да деректер есепке алынады.


3. Қоғамның бір-бірімен өзара байланысты мәмілелері ретінде:

1) Қоғамның бір мүлікті сатып алу немесе иелігінен шығаруға қатысты бір тұлғамен немесе өзара аффилирленген топтармен жасайтын бірнеше мәміле;

2) Қоғам жасайтын және өзара байланысты бір немесе бірнеше шарттармен ресімделетін мәмілелер;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Жарғының немесе Акционерлердің жалпы жиналысының шешімдеріне сәйкес, өзара байланысты деп танылған басқа да мәмілелер танылады.


4. Қоғамның ірі мәміле жасайтыны туралы шешімді Директорлар кеңесі қабылдайды. Басқарма ірі мәміле жасау туралы шешім қабылдауға қажетті ақпаратты Директорлар кеңесіне ұсынуға міндетті.

Қоғам акционерлері мен кредиторларға ақпарат беру мақсатында Директорлар кеңесі Қоғамның ірі мәміле жасайтындығы туралы шешім қабылдағаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде мәміле туралы Қоғам бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлама жариялауға міндетті.



42-бап. Қоғамның мәміле жасауға мүдделілігі
1. Қоғамның аффилирленген тұлғалары, егер олар:

  1. мәміле жасаушы тарап болса немесе оған өкіл немесе делдал ретінде қатысатын болса;

  2. мәміле жасаушы тарап болып табылатын немесе оған өкіл немесе делдал ретінде қатысатын заңды тұлғаның аффилирленген тұлғасы болса, Қоғамның мәміле жасауға мүдделі тұлғалары болып танылады.


2. Жасалуына Қоғам мүдделі болып табылмайтын мәмілелер:

  1. акционердің Қоғамның акциялары немесе басқа да бағалы қағаздарын сатып алуы, сондай-ақ Қоғамның өзінің орналастырылған акцияларын өтеуін төлеп алу жөніндегі мәміле;

  2. банктік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын басқа құпия қамтылған мәліметтерді жарияламау туралы міндеттемелерді қабылдау жөніндегі мәміле,

  3. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырылатын Қоғамның қайта ұйымдастырылуы;

  4. Қоғамның Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес, өзінің аффилирленген тұлғасымен жасайтын мәмілесі;

  5. Қоғамның өз аффилирленген тұлғасымен типтік нысаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шарт жасау.


3. Жасалуына Қоғам мүдделі болатын мәмілелерді жасау тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен және осы Жарғымен белгіленеді.
4. Жасалуына Қоғам мүдделі болатын мәмілелерді жасау туралы шешімді байланыс қызметтерін көрсету, сондай-ақ ақпараттық технологиялар саласындағы қызметтер мәселелері бойынша стандартты нарықтық талаптарға сәйкес Қоғам Басқармасы қабылдайды.
5. Жасалуына Қоғам мүдделі болатын өзге мәмілелерді жасау туралы шешім, оның жасалуына мүдделі емес Директорлар кеңесі мүшелерінің жай көпшілік дауысымен қабылданады.
6. Жасалуына Қоғам мүдделі болатын мәмілелерді жасау туралы шешім, оның жасалуына мүдделі емес акционерлердің көпшілік дауысымен Акционерлердің жалпы жиналысында мынадай жағдайларда қабылданады:

1) егер Қоғамның Директорлар кеңесінің барлық мүшелері мүдделі тұлға болып табылса;

2) Директорлар кеңесінің шешім қабылдауға қажетті дауыс санының жоқтығына қарай осындай мәмілені жасау туралы шешімді қабылдауға мүмкіндігі болмаса.

Егер Директорлар кеңесінің барлық мүшелері және жай акцияларға ие барлық акционерлер мүдделі тұлға болып табылса, жасалуына Қоғам мүдделі болатын мәмілелерді жасау туралы шешімді Қоғамның дауыс беруші акцияларының жалпы санының жай дауыс көпшілігімен Акционерлердің жалпы жиналысы қабылдайды. Бұл ретте Акционерлердің жалпы жиналысына негізді шешім қабылдау үшін қажетті ақпарат (құжаттарды қоса тіркеп) беріледі.


7. Қоғам Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес Қоғам тіркеушісі немесе осындай тұлғалар берген мәліметтер негізінде өзінің аффилирленген тұлғаларының есебін жүргізеді. Қоғамның аффилирленген тұлғалары туралы мәліметтер Қоғамның қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын басқа құпиясын құрайтын ақпарат болып табылмайды.

8. Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жағдайларда, сондай-ақ Қоғамның талап етуі бойынша Қоғам акционерлері және/немесе лауазымды тұлғалары өздерінің аффилирленген тұлғалары туралы, толық атауын, мемлекеттік тіркеу күнін және нөмірін, орналасқан орнын (заңды тұлға үшін), тегін, атын және әкесінің атын, туған күнін, тұрғылықты жерін (жеке тұлға үшін), аффилирленгендіктің негіздемесі мен пайда болған күнін, сондай-ақ осындай тұлғаларға қатысты Қоғамға қажетті басқа да мәліметтерді ұсынуға міндетті.

Аффилирленген тұлғалар туралы мәліметтер аффилирленгендіктің болуына ықпал ететін талаптарды көрсете отырып, Қоғам Басқармасының атына жіберіледі.


9. Аффилирленген тұлғалар туралы мәліметті Қоғам акционері және/немесе лауазымды тұлға аффилирленгендік пайда болған күннен бастап, 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей, жазбаша түрде ұсынады.

Қоғам акционері және/немесе лауазымды тұлға өзінің аффилирленген тұлғасы ретінде мәлімет берілген тұлға, осындай тұлға аффилирленген деп танылған негіздемелердің тоқтатылуын растайтын құжаттарды бермейінше, олар аффилирленген тұлға болып есептеледі.


10. Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте өзінің аффилирленген тұлғаларының тізімін уәкілетті органға ұсынуға міндетті.

8-тарау. Қоғамдағы есеп және есеп беру,

ақпарат ұсыну
43-бап. Қоғам қызметінің бір жылғы нәтижелері туралы есеп

(жылдық қаржылық есеп)
1. Қоғамның қаржылық жылы күнтізбелік жыл болып табылады. Қоғамның жылдық қаржылық есебі Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкес жасалады және оған Қоғамның бухгалтерлік балансы, пайдасы мен шығындары туралы есебі, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебі және басқа да есеп беру кіреді.
2. Басқарма жыл сайын Қазақстан Республикасының аудит қызметі туралы заңнамасына сәйкес аудит жүргізілген өткен жылдың жылдық қаржылық есебін Акционерлердің жалпы жиналысына оны талқылау және бекіту үшін ұсынады. Қоғамның жылдық қаржылық есебін Акционерлердің жылдық жалпы жиналысын өткізетін күннен кем дегенде 30 (отыз) күн бұрын Қоғамның Директорлар кеңесі алдын ала бекітуі тиіс.

Жылдық қаржылық есепті ақырғы бекіту Акционерлердің жылдық жалпы жиналысында жүргізіледі.

Басқарма қаржылық есеппен қоса, Жалпы жиналысқа аудиторлық есеп ұсынады. Басқарма берілетін қаржылық ақпараттың толықтығы мен дұрыстығына жауапты болады.
3. Қоғам уәкілетті орган белгілеген мерзімде және тәртіпте шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілікті және аудиторлық есепті бұқаралық ақпарат құралдарында жыл сайын жариялауға міндетті.

Ірі мәмілелер туралы және (немесе) жасалуында мүдделілік бар мәміле туарлы ақпарат халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес жылдық қаржылық есептіліктің түсіндірме хатында ашылып жазылады. Нәтижесінде Қоғам активтерінің мөлшерінен он және одан жоғары пайыз сомасындағы мүлікті сатып алатын немесе иеліктен шығаратын мәмілелер туралы ақпарат мәмілелердің тараптары, мерзімі және шарттары, тартылған тұлғалардың қатысу үлесінің сипаты мен көлемі, сонымен қатар мәміле туралы өзге де мәліметтерді қамтуы қажет.


1   2   3   4   5


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет