«Қазақтелеком» акционерлік қоғамы Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы шешімімен бекітілген 2013 жылғы 18 қантардағы №49- хаттама (30. 06. 2015 жылғы жағдай бойынша) «Қазақтелеком»



бет5/5
Дата17.06.2016
өлшемі0.93 Mb.
#141996
1   2   3   4   5

44-бап. Ақпарат ұсыну



1. Қоғам өзінің акционерлеріне және инвесторларына Қоғамның мынадай корпоративтік оқиғалары туралы ақпаратты жеткізеді:

1) ақпараты Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес акционерлердің және инвесторлардың назарына жеткізілуі тиіс мәселелер бойынша Акционерлердің жалпы жиналысы және Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер;

2) Қоғамның акциялар мен басқа да бағалы қағаздар шығаруы және Қоғамның бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептерді, Қоғамның бағалы қағаздарын өтеу қорытындылары туралы есептерді уәкілетті органдардың бекітуі, уәкілетті органдардың Қоғамның бағалы қағаздарының күшін жоюы;

3) Қоғамның ірі мәмілелерді және жасалуына Қоғам мүдделі болған мәмілелерді жасауы;

4) Қоғамның активтерінен бес және одан да астам пайызды құрайтын мөлшерде Қоғамның мүлкін кепілдікке (қайта кепілдікке) беру;

5) Қоғамның меншікті капитал мөлшерінен жиырма бес және одан жоғары пайызды құрайтын мөлшерде Қоғамның заем алуы;

6) Қоғамның қандай да бір қызмет түрін жүзеге асыруға лицензиялар алуы, қандай да бір қызмет түрін жүзеге асыруға Қоғамның бұрын алған лицензияларының күшін тоқтата тұруы немесе тоқтатуы;

7) Қоғамның заңды тұлғалар құруға қатысуы;

8) Қоғам мүлкіне тыйым салынуы;

9) баланстық құны Қоғам активтерінің жалпы мөлшерінің 10 (он) және одан жоғары пайызын құрайтын Қоғам мүлкінің жойылуына әкеліп соққан төтенше сипаттағы жағдайлардың болуы;

10) Қоғамның және оның лауазымды тұлғаларының әкімшілік жауапкершілікке тартылуы;

11) сотта корпоративтік дау жөніндегі істің қозғалуы;

12) Қоғамды мәжбүрлі қайта ұйымдастыру туралы шешімдер.


  1. Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген қаржылық есептілік депозитарийіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте және мерзімде, сондай-ақ қор биржасына оның ішкі құжаттарында белгіленген тәртіпте корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, жылдық және тоқсандық қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді олардың интернет-ресурстарына орналастыру үшін ұсынады.




  1. Қоғам акционерлерге, Қоғамның корпоративтік оқиғалары туралы Қоғамның бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар арқылы және/немесе осындай ақпаратты Қоғамның электронды бұқаралық ақпарат құралдарында немесе корпоративтік веб-сайтында орналастыру арқылы хабардар етеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер бойынша уәкілетті мемлекеттік органға тиісті ақпаратты ұсынады.

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде ақпаратты жариялау (акционерлердің назарына жеткізу) мерзімі қарастырылмаса, бұл ақпарат оның туындаған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде жарияланады (акционерлердің назарына жеткізіледі).

Акционерлерге сотта корпоративтік дау бойынша іс қозғалғаны туралы ақпарат Қоғам соттың корпоративтік дау жөніндегі азаматтық іс бойынша тиісті хабарламасын (шақыруын) алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде берілуі тиіс.


  1. «Казахстанская правда» және «Егемен Қазақстан» республикалық мерзімді басылымдары акционерлерге ақпарат ұсыну және қаржылық есептілікті жариялау мақсатындағы Қоғамның бұқаралық ақпарат құралдары болып табылады. Қоғамның шаруашылық, өндірістік және өзге коммерциялық қызметін жүзеге асыру үшін аталған басылымдармен қатар басқа бұқаралақ ақпарат құралдары пайдаланылуы мүмкін.




  1. Қоғамның құжат айналымы Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қоғамның ішкі өкімдік құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады. Қоғамның қызметіне қатысты осы баптың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды Қоғам қызмет істейтін барлық мерзім ішінде Қоғам Басқармасы орналасқан орында Қоғам сақтауы тиіс.



6. Қоғам мынадай құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді және оларды акционерлердің пайдалана алуына мүмкіндік жасайды:

1) Қоғамның Жарғысы, Қоғам Жарғысына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар;

2) Қоғамды құру туралы шешім;

3) Акционерлердің жалпы жиналысы және Қоғамның басқа органдары бекітетін Қоғамның ішкі құжаттары;

4) Қоғамның филиалы немесе өкілдігі туралы ереже;

5) Қоғамның бағалы қағаздар шығарылымы проспектілері;

6) Қоғамның белгілі бір қызмет түрлерімен айналысуына және/немесе белгілі бір іс-әрекеттер жасауына берілген лицензиялар;

7) Қоғамның балансында тұрған немесе болған мүлікке Қоғам құқығын растайтын құжаттар;

8) Қоғам Акционерлерінің жалпы жиналыстары, Қоғамның Директорлар кеңесі (сырттай өткізілген отырыстары шешімдері), Есеп комиссиясы және Қоғам Басқармасы отырыстарының хаттамалары, сондай-ақ дауыс беру бюллетендері (сонымен бірге жарамсыз болып танылған бюллетендер) және Қоғам органдары отырыстарының күн тәртібі мәселелері бойынша материалдар;

9) Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу үшін ұсынылып отырған акционерлердің тізімдері;

10) бағалы қағаздардың шығарылымын мемлекеттік тіркеуді растайтын құжаттар, сондай-ақ уәкілетті органға ұсынылған Қоғамның бағалы қағаздарын орналастыру және өтеу нәтижелері туралы есептерді бекіту;

11) Қоғамның Корпоративтік басқару кодексі.

Қоғамның бағалы қағаздар шығаруы, орналастыруы, айналымға салуы және айырбас бойынша, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын басқа да құпиялардан тұратын ақпараты бар жекелеген мәселелерді реттейтін құжаттар акционерге оның талабы бойынша танысу үшін берілуі тиіс.
7. Өзге құжаттар, оның ішінде Қоғамның қаржылық есебі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзім ішінде сақталады.
8. Құпиялық сипаттағы және Қоғамның қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпиясы болып табылатын ақпаратты беру Қоғамның Директорлар кеңесінің шешімімен шектелуі мүмкін.
9. Жарғының осы бабында көрсетілген құжаттардың көшірмесін беру туралы акционердің сұратуы бойынша Қоғам тиісті сұратуды алған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күннен кешіктірмей Қоғамның ішкі құжаттарында қарастырылған тәртіппен және Қоғамның қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпиясын қамтамасыз ету бойынша шектеулерді ескере отырып, оларды өтініш білдірушіге ұсынуға міндетті.


9-тарау. Қоғамды қайта ұйымдастыру және қызметін тоқтату
45-бап. Қоғамды қайта ұйымдастыру
1. Қоғамды қайта ұйымдастыру (біріктіру, қосу, бөлу, бөліп шығару, қайта құру) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
2. Қоғамды қайта ұйымдастыру тек Акционерлердің жалпы жиналысының шешімі негізінде ғана жүргізілуі мүмкін. Қоғамды бөлу немесе бөліп шығару жолымен қайта ұйымдастырғанда Қоғамның кредиторлары Қоғам міндеттемелерінің мерзімінен бұрын тоқтатылуын және шығындарының өтелуін талап етуге құқылы.

46-бап. Қоғамды тарату
Қоғам:

1) Акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша (ерікті түрде тарату);

2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда соттың шешімі бойынша (мәжбүрлеп тарату) таратылуы мүмкін.

47-бап. Ерікті түрде тарату
1. Акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша Қоғам ерікті түрде таратылған жағдайда, соңғысы кредиторлармен келісім бойынша және солардың бақылауымен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес тарату рәсімін белгілейді.
2. Қоғамды тарату Жалпы жиналыс тағайындаған Тарату комиссиясы, ал сот шешімі бойынша таратқан жағдайда, сот тағайындаған тарату комиссиясы арқылы жүргізіледі. Қоғамның жиынтығында он немесе одан да көп дауыс беретін акцияларына иелік ететін акционерлер және кредиторлардың өкілдері Қоғамның Тарату комиссиясының жұмысына қатысу үшін өкілін жолдауға міндетті. Қоғам Акционерлерінің жалпы жиналысы шешімімен Қоғамның Тарату комиссиясы құрамына басқа тұлғалар кіргізілуі мүмкін.
3. Тарату комиссиясы тағайындалған сәттен бастап, оған Қоғам ісін басқару бойынша барлық өкілеттіктер өтеді. Тарату комиссиясы Қоғамның меншігіндегі мүлкін бағалайды, оның дебиторлары мен кредиторларын анықтайды және олармен есеп айырысады, үшінші тұлғаларға және акционерлерге Қоғам қарыздарын төлеу үшін шаралар қолданады, тарату балансын жасайды және оны Акционерлердің жалпы жиналысына ұсынады.

Қоғамды тарату рәсімі және оның кредиторларының талаптарын қанағаттандыру тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.


4. Қоғамды тарату аяқталды деп, ал Қоғам өзінің қызметін тоқтатты деп, ол туралы жазба Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының мемлекеттік тіркеліміне жазылғаннан кейін есептеледі.


48-бап. Мәжбүрлі түрде тарату

Мәжбүрлі түрде тарату сотпен мынадай жағдайларда жүргізіледі:

1) Қоғам банкрот болғанда;

2) Қоғамның тіркелуін оны құру барысында Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып түзетілмейтін сипаттағы қателіктерге жол берілуіне байланысты жарамсыз деп танығанда;

3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көрсетілген басқа да жағдайларда.

49-бап. Қоғамды таратқанда кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру
1. Тарату (конкурстық) массасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құралады.
2. Қоғамды таратқанда кредиторлардың талаптары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен қанағаттандырылады.
3. Кредиторлармен есеп айырысулар аяқталған соң Тарату комиссиясы қалған Қоғам мүлкін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көрсетілген тәртіппен акционерлер арасында бөліске салады.

10-тарау. Қорытынды ережелер
50-бап. Қоғамның жұмыс тәртібі және қызметкерлері
1. Қоғамның жұмыс тәртібін Басқарма белгілейді.
2. Қоғамдағы жұмысқа алу және жұмыстан шығару, еңбек ету және демалыс тәртібі, еңбекке ақы төлеу, кепілдіктер және өтемақылар төлеу жағдайлары мәселелерін қоса алғандағы өндірістік және еңбек қарым-қатынастары еңбек шарттарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледі.
3. Қоғам қызметкерлерін Қоғамға жұмысқа Қоғамның Басқарма төрағасы қабылдайды. Қоғам қызметкерлері Қоғаммен еңбек шартын және қызметтік, коммерциялық және Қоғамның заңмен қорғалатын басқа да құпиялары болып ұғынылатын жасырын ақпаратты жарияламау туралы келісім жасайды.

Қоғамның филиалдарында (өкілдіктерінде) қызметкерлерді жұмысқа алу және жұмыстан шығару, сондай-ақ олармен еңбек шарттарын жасау құқығына филиалдың (өкілдіктің) басшысы ие болады.



51-бап. Салықтар және Қоғамның басқа да міндетті төлемдері
Қоғам салықтарды есептейді және төлейді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық қажетті төлемдерді жүзеге асырады.

52-бап. Жарғының күшіне енуі. Қолданылу мерзімі
1. Осы Жарғы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен күшіне енеді және Қоғам қызмет істейтін барлық мерзімі ішінде немесе Қоғамның жаңа Жарғысы қабылданғанға дейін күшінде болады.
2. Қоғам Жарғысы Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Жарғыға сәйкес өзгертілуі және/немесе толықтырылуы мүмкін.
3. Осы Жарғы әрқайсысының заң күші бірдей мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада жасалды. Мәтіндер арасында айырмашылық болған жағдайда, орыс тіліндегі нұсқасына басымдық беріледі.
Акционерлердің атынан және тапсырмасы бойынша:
«Қазақтелеком» АҚ

Басқармасының төрағасы Қ. Есекеев



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет