37
Қу шолақты соялық дескеніңді,
Қу шолақты соғымға сойып алып,
Бүржекейден көрермін көшкеніңді.
Мешел мен бұзау
Мешел:
Қу бұзау, бұл сөзіңе сенейін бе,
Кеш болды енді үйіме жүрейін де,
Алыстан жаяу шаршап әзер жеттім.
Бір кезек енді өзіңе мінейін бе?
Бұзау:
Мойнымды арықтықтан бұра алмаймын.
Орнымнан әлім аз ғой тұра алмаймын.
Орнымнан үш ұмтылып тұрсам-дағы,
Көтеріп сені үйіңе бара алмаймын.
Мешел мен саяқ қой
Мешел:
Қызыл қой, сойын ба осы арада,
Әкеңнің басы бар ма бұл арада?
Жүре алмай өзім шаршап жүргенімде,
Ісіңе құдіреттің амал бар ма?
Қой:
Қара су кетіп жатыр төмен ағып,
Келмеуші-ең мен қалғанда, келдің неғып?
Жерімді сынып қалған таңып алып,
Жүрерсің әуре болып өзің бағып...
9. Ғылым туралы дастан тағылымы
Әбуғалисина — Әбілхарис
Дастан бойынша әйгілі ғалым Әбу Әли ибн Сина мен Әбілхарис
егіз болған. Екеуі Писағұрыстың жер астындағы кітапханасына кіріп,
түрлі
ғылым салаларын меңгеріп, ұстаздық жолға түседі. Дастанда
Әбу Әли ибн Синаның адамның мәңгі өмір сүруі үшін
еткен әрекеті
баяндалады.
Сол жерге Ғалисина қайтып келіп,
Отырған өлгенінше мекенденіп.
Самарқан қаласының оң жағында,
39
Көрініп тіршіліктің барлық сиқы,
Тағы бір жұмсағанда ыдыстарды,
Дем шығып, көзін ашып тыныс алды.
Бетіне шәкіртінің тура қарап,
Шығарды «бәриз» деген дыбыстарды.
Және бір «қүй» деген сез «бәриз» деген,
Талабы тірілудің қамын жеген.
Дәрінің енді қалған бірін құйса,
Дүниеде мәңгі тірі жүреді екен.
Айтқандай ғалым Сина ашты көзін,
Тіріліп кететіндей білді өзін.
Жамастың көңіліне кірді пікір,
«Бәриз» деп естігенде айтқан сөзін.
Ойлапты, тұрса қазір Сина ғалым,
Шүһрәті хабарлантқан халықтың бәрін.
Келетін менің бақыт кезегіме,
Кез болып, бермес бедел ықтиярын...
Шәкірті өзі оқытып сабақ берген,
Сенімін адалдамай, садақ көрген.
Қолынан шынша түсіп сынды дейді,
Аңдамай аттағанда аяқ жерден...
Достарыңызбен бөлісу: