ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана


 Жомарттық туралы дастан тағылымы



Pdf көрінісі
бет12/139
Дата01.03.2024
өлшемі2.51 Mb.
#493731
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   139
etika-i-estetika-kazahov

10. Жомарттық туралы дастан тағылымы 
 
Атымтай жомарт 
Аты әлемге аңыз болған араб Атымтайдың (Хатим ат-Таий) 
жомарт атануы туралы оқиғалар. 
Атымтай дүниеден өтті бір күн,
Жоқ қылып дүниені неше дүркін.
Інісі «мен де сақи боламын» деп,
Мирастық тағып порма, киді бөркін.
Бүл хабар жетті бір күн анасына,
Қараңыз анасының, данасына.
«Сен, сірә, Атымтайдай бола алмайсың,
Оныңды қой, сен,— депті баласына.— 
Туғаннан Атымтайдың нышаны бар,
Әркімнің ісі лайықты шамасына...
Атымтай ұсынбасам емшек ембес,
Перзенттің ата-анаға жайы мәлім.
Кейісем қол қусырып келуші еді,
«Ризамын өлтірсең,— деп,— анажаным» 
 


40 
Қасым Жомарт 
Қасым Жомарт та жомарттығымен аты аңызға айналған адам. 
Ерекшелігі — оған байлық атасынан мұра боп қалған. 
һарон Рашид өзіне жомарттығы артқан Қасымды бір көру үшін 
арнайы аттанады. 
Таң атқан соң патшаға келді Қасым,
Аман-есен тұрдың ба, замандасым.
Қалағаның бар болса алып кеткін,
Аямаймын, жолында мал мен басым. 
— Бір күн, бір түн, Қасымжан, болдық қонақ,
Бәрімізден өтеді дүние шолақ.
Қызық қызмет ісіңе разы болдым.
Еш нәрсенді алмаймын тіпті қалап. 
Халифа жүремін деп тысқа шықты,
Қасымжан әдеппенен тағзым етті.
Алтынды ер жабдықты ат мінгізді,
Патша ондай атты көрген жоқ-ты. 
Мұнан соң әлгі атқа мініп кетті,
Патша ойлап келеді талай кепті.
«Бұл Қасым жомарт емес, мақтаншақ қой,
Мақтанып әр нәрсесін бір керсетті. 
Талай нәрсе керсетті Қасым маған,
Мұның несін мақтады уәзір надан.
Жомарт болса біреуін берер еді,
Көрсетіп алып кетті бәрін тамам». 
Ойлай-ойлай патша жүріп кетті,
Жолдасы қалған сарайға барып жетті.
Сарайды төңіректеп көп жандар тұр,
Бұларды көріп патша тамаша етті. 
Әнші қыз келді-дағы бір хат берді,
Халифа алдыдағы ашып көрді.
Барша көрген істерін әнғам кылған,
Халифа қайран болып оқып түрды. 
Жазыпты ол хатында: «Қарарым сол,
Мейманым, өкпелемей разы бол.


41 
Бұған разы болмасаң тағы бір кел,
Сізді разы қылайын ендігі жол». 
Патша ойлады, «Бұл Қасым неткен адам,
Мұндай жомарт табылмас тірі жаннан.
Патшамын деп бекер-ақ мақтанамыз,
Бұл Қасымға тең келмес патша мен хан. 
Ойлаушы ем менен артық адам жоқ деп,
Өзім патша, артықша жомартпын деп.
Тәкаппарлық қылып мен үйде отырып,
Кісісіне жолықпай жүріппін тек». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет