ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана



Pdf көрінісі
бет117/139
Дата01.03.2024
өлшемі2.51 Mb.
#493731
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   139
etika-i-estetika-kazahov

Вяткин М.А. Восток в философско-исторической концепции К. Маркса. М., 1972. С. 63. 


367 
Адам әлі дүние дамуы заңдылықтарының мәнісін ашудан алыс. 
Оның көркем шығармашылығында аңдаушы-поэтикалық та, тұтас және 
аналитикалық 
тереңге 
баратын 
бастама 
да 
өзінің 
толық 
қайшылықтығында ашылады. Барған сайын байыпты жетілетін, табиғи 
әлемнің әсемділігі өнерде толығырақ және көпқырлылау бола бастайды. 
Ш. Айтматов көшпелінің айрықша пантеизмі туралы былай дейді: «Бұл 
көзқарас пен ұғынуға ашық, ода адам өмір сүрген және одан ол тәуелді 
болған, сол кеңістіктегі әлем еді, бұл әлем, құдай сияқты, жердегі құдай 
тәрізді, құдіретті және игілікті болды»
1

Дүниетану эпоста жоғары әмбебаптылыққа, оның толықтығына, 
қайшылықтар үйлесімділігіне, дүлей күштердің күресіне, құбылыстар 
жетілгеніне жетеді. Оларда айрықша түрде әлем дуализмі, ондағы 
қарама-қарсы бастаулардың күресі ашылатын, «қос ұғымдар» тәсілі ода 
кең тараған. Жер адам үшін – бұл таулар және далалар, биіктік – кеңдік. 
Жер, таулар - қаралар; орман, теректер – ақтар. «Қашан ақты қарадан 
ажырата бастағанда, Күн шығады». (Қорқыт кітабы)
2
. Әлем барлық 
жерде құйылған жақсылық пен жамандықтың, алма-кезек ауысатын 
жарық пен қараңғының тұтастығы түрінде көрініс табады. 
Танымды аңсау ешқашан адамзаттан тыс болған жоқ. Көшпелі 
халықтар үшін жаңаға ұмтылу, динамикалық – оларда ұрпақтар 
ғасырлар бойы әрекет еткен, табиғи күй. Олар табиғатқа арнаулы 
шығармаларды, жанрларды арнамайды, өйткені ол көшпелі үшін сыртқы 
өңір, суреттемелердің тізбегі емес, ол өмірдің ажырамас бөлігі, оның 
қисынды, өте маңызды бөлігі.
Өнерде бірегей орасан зор, үлкен сандық байланыстарының 
бөлінгеніне қарамай, шексіз көптүрлі әрі тірі әлем өміршең бола 
бастайды. 
Табиғат 
болмысының 
сезімдік-нақтылы 
бірлігі, 
толыққандығы, жүзеге асқан әсемдігі, материалды «жалпы абстрактылы 
толықтықтардан емес, ал өмір толықтығынан алатын болған»
3

Өнер иелерін ол шабыттандырады. Табиғат өнерде өз 
заттылығының көрнекі-нысаналығымен көрініс табады. Көркем 
игерудің айрықшалығы формаға енген, ретке келтірілген, таңдаулы 
эстетикалық заттық сезіммен қабылдануында және сондықтан 
қайталанбайтындығында тұр. 
Суретші табиғатты оның бүкіл гүлденуші тамашылығы мен 
құдіреттілігінде қабылдайды. 
Эпостың пейзаждық бейнелерінің аумақтығында, динамикасында, 
дүлей күштердің ғарыштық салтанатында, енді өнделген, көркем 
бейнеленген, хтоникалық әсер байқалады. Құдайлар, демондар, әлі адам 
1
Айтматов Ч. Плач перелетной птицы // Лит. Газета. 1972. 15 ноября. 
2
Бартольд В. Китаби-Коркуд. СПб. 1893. Т. 1. С. 218. 
3
Мусабаева Г., Махмудов А., Айдаров Г. Эпиграфика Казахстана. Алма-Ата, 1971. Вып. 1. С. 116. 


368 
үстінен үстемдік ететін, табиғаттың дүлей күштері – осының бәрі 
мифтерден, аңыздардан алынады, бірақ жаңа эстетикалық ұстын, өзіндік 
көркем түрде әлемді көру қабілеті артады және күшейеді. 
Қайталанбайтын әлем «Күлтегін туралы жырда» ашылады. Бұл сол 
уақыттың дүниетанымын білдіретін, көрнекі эпикалық шығарма. 
Ежелгілердің эстетикалық қабылдауында жалпы қамтушы бірлік ретінде 
– материалды және идеалды, рухани, зат және бейне, болмыс және сана 
өмір сүреді. Табиғаттың әрбір құбылысы басқаларымен байланысты, 
өзіне бүкіл әлемді енгізеді. Сондықтан эпоста ғарыштық дүние 
қабылдаушы обьективизмі басымдық танытады. Дүлей күштер, жалпы 
орасан зор әлем, игерілмеген күштер ретінде адамға қысым жасайды. 
Бұл эпикалық кейіпкерлердің құдіреті және оңайға келмейтін әлемге 
қатысты мінездеріндегі монументальдықты анықтайды. Табиғи бастама 
бәрінен қуатты, ол бүкіл баршылықтың негізі, адам әлі үстемдік 
етпейтін, тұтастықты бағындырмаған, оның бір бөлігі. Ондағы барлық 
игі-жақсы – қуатты алғашқы табиғи күш, ашықтық, сенімділік – 
табиғаттан пайда болады. Адамдар жер мен аспанның ортасында өмірге 
келеді. Уақыт ұрпақтар алмасуымен өлшенеді. Аспан, жер және су - 
әлемнің ең қуатты күштері. Олар тұтас халықтарды көтере де, құрта да 
алады. Аспан адам тағдырын, оның тіршілік уақытын анықтайды. 
Эпоста айтылғандай, аспан, жер және су мәңгі және әділ, олар 
түркілерге қайтадан өзін халық ретінде сезінуге көмектеседі. 
Әлемді көреген игеруде құбылыстар, олардың өзіндік өлшеміне 
сай, шынайы обьективтігінде бөлініп көрсетіледі. Қабылдаушы 
санасында жай ғана құбылыс бейнесі емес, қатынастар бейнесі сай 
келеді. Эстетикалық обьектіні таңдауда адамның өзіндік жеке 
әрекеттінің шарты ретінде, оның қасиеттері дараланады. Әлем адаммен, 
оның өмірімен байланысты, бүкіл сезіммен қабылданатын табиғатпен 
обьективті-нақтылы қарым-қатынастарында танылады. 
Қуаттылық пен эпикалық кеңдік және алыптылыққа қазақ 
фольклорының көркем бейнелері толы. Мәңгі аспан, таулар мен дала – 
оларда поэзия бастаулары мен діни түсініктер күрделі қиылысқан, 
әмбебап алғашқы бейнелер. Таулар мен далалар – ежелгілердің іс-әрекет 
өрісі. Әрекетшіл адамдар мен бағынбайтын табиғат күрес және бірлік 
қатынастарында тұр. Эпос көшпелінің өмірін идиллиялық түрде 
бейнелеуден алыс. Табиғатпен мәңгі күрестегі суреттер қауіп-қатерге, 
қайшылыққа, кернеуге толы. 
Динамикалық, қозғалыс өмір көңіл-күйінің көшпелілік типінде 
анықтаушы болып табылады, онда әлемді қабылдау кинетикалық, 
туғаннан өлгенге дейінгі бүкіл өмір онда – жол, қозғалыс. Табиғат 
суреттемелері қашанда ауысып отырады. Суреттемелер динамикалы, 
қазіргі түсінікте экспрессияға толы.


369 
Тұрақты қозғалыс – түркілердің табиғи жайы, жұлдыздарға жететін 
тұлпар кеңістікті игерудің, әлемді меңгерудің рәмізі. 
Ежелгі көшпелі халықтар көңіл-күйінің материалдық жағдайларын, 
нақтылы-тарихи тәжірибесін ұғыну олардың өнерінің ерекшелігін 
түсінудің, оның шынайы терең мағынасын айқындаудың кілті. 
Көшпелінің шексіз жолы уақыт циклдерімен, ат шаптырым 
қашықтықпен (бес айлық жер кеңдігіндегі дала аумағы) өлшенеді. 
Қашықтықты шектеу сатыларының атпен көшу арқылы мөлшерлеу – 
бұл да уақыт пен кеңістікте дүниені айрықша игеру. Кеңістікте 
бағдарлану жердің төрт шартарапымен анықталады. Қозғалыс күн 
бойынша шығыстан басталады. Кеңістік сипаттары тік сызықпен – аспан 
- жер; бойлық бойынша – шығыс (алға), батыс (артқа), оңтүстік (оңға), 
солтүстік (солға) бойынша құрастырылады. 
Даланы көшпелі, оны тұтастық ретінде шар формасында, 
ортасында адамның өзі тұрған болмыстың өз шындығы ретінде түсінеді. 
«Шөл шеңберлеп жалғаса берді»
1
. Шеңбер формасындағы түпсіздік 
ретіндегі әлем, үйлесімдік рәмізі сапасында эпикалық суреттемелердің 
негізінде жатыр: 
Жер шеңбері біткенде, 
Жол аспанға кетті ...
2
Адамның табиғатпен нақтылы байланыстары ол туралы 
эстетикалық түсініктердің алдын алды. Қоғамдық-тарихи практикада 
олардың қайшылықтарға толы қатынастары – бірлік және күрделі 
текетірес, үйлесімділік және қақтығыс, тікелей тірек байланыс және 
тереңдетілген аңдау – жүзеге асып отырады. Өнерде адамның қоршаған 
ортамен қилы қарым-қатынастарының көп түрлі формаларын бейнелеу 
орын тапты. 
Әсемдік сезіммен қабылданатын табиғат құбылыстарында нақтылы 
түйсініледі. Ежелгі көшпелі халықтар орасан зор әлемді игергісі келеді, 
одан өзінің ажырамайтындығын, онымен толық үйлесімділігін, оның 
нақтылы тұтастығын айқын сезінеді. Мәңгі қозғалыс пен өзгерістегі 
табиғатты тікелей өміршең аңдауда, талдаусыз-ақ, синкретті көре білу 
адам қиялын, шығармашыл фантазияны дамытты. Көшпелі табиғаттан 
бөлінбеген, қашанда оның ішінде. Ол, әсіресе, қоршаған ортаны терең 
және бойлаушы аңдаудың мүмкіндіктерімен оны тұтас және жетілген 
формада бейнелей алады.
Әсемдік адаммен шындықты игеру өлшемін білдіреді. Ежелгілердің 
санасы болмысты эстетикалық бағалаудың нормасы ретіндегі 
мөлшерлестік ұғымымен толықтырылған. Мөлшер өмірдегі шамамен, 
1


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет