ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана



Pdf көрінісі
бет118/139
Дата01.03.2024
өлшемі2.51 Mb.
#493731
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   139
etika-i-estetika-kazahov

Мусабаев Г., Махмутов А., Айдаров Г. Эпиграфика Казахстана. Аалма-Ата. Ввып 1. С. 116. 
2
Сонда, 121 б. 


370 
заттық дүниедегі сәйкестілікпен, оның жетілген құрылымымен, адам 
қабылдаулары формаларымен, жолды өлшеумен себептелген. «Күйіп 
тұрған Бетпақ-Дала шөлімен олардың жолы қырық күнге созылады»
1

Көне 
өнер 
бізге 
дейін 
табиғатты 
меңгерудегі, 
жолда 
бағдарланудағы, мөлшерді айқындаудың ерекшеліктерін жеткізді. 
«Алға, күннің шығуына дейін, оңға, шаңқай түске дейін бәрі артқа, 
күннің батуына, солға, түн ортасына дейін – осылардың шектерінде бәрі 
маған бағынышты!»
2

Өзінің алыс өткенін көшпелі, олар алдымен құдайлар және 
демондардың арасында өмір сүрген, ұрпақтар қатары ретінде түсінді. 
Бұл өмірді және қоршаған ортаны игерудің мифологиялық формасы, 
онда адам өзін табиғаттан шамалы ғана ажыратады. Циклдер мен 
ұрпақтар-уақытты есептеудің тетіктері. Көшпелі, әдетте, жеті атасын 
біледі және уақытты ұрпақтар алмасуымен, олардың сабақтастығымен 
өлшей келе, оларды қатарға қояды. 
Осылай адам табиғатта беки берді. Дүниені оның тұтастығында, 
нақтылы жалпылығында аңдау бұл дүниені фольклорда қайтадан құрып 
шығуға себебін тигізді. Эпостағы адамдық болмыс пен әрекеттің 
маңызды құрамдас бөлігі – табиғат. Табиғи құбылыстармен кейіпкердің 
көңіл-күйі, оның іс-әрекеттері қатар қойылды. 
Орасан зор обьективті әлем, рухтанған, тірі және тұтас, 
қаһарманның іс-әрекеттеріне бірге қатысады, ауыртпалық күндері бірге 
қайғырады және жеңістерін бірге тойлайды. Көшпелі әлем мен табиғи 
болмыста ол қосылып кеткен. Адамдар әлемі, оның қамдары мен 
қуаныштары табиғатта жаңғырығын табады. Эпикалық пейзаждар 
толыққанды және айқын. Суреттер лаконизмі табиғи құбылыстардың 
көпмағыналы сипаттамаларымен үйлеседі. 
Ежелгі көшпелі халықтардың эстетикалық қабылдауы өмірлік 
қажетті нәрселермен органикалық қосылып кеткен. Табиғат құбылыстар 
мен адам іс-әрекеттерін бағалау сыртқы сипатқа ие («найза бойлы қар 
үстінен жол салды»
3
). Көшпелі қабылдауындағы эстетикалық элемент 
ерекше күшті және қоршаған табиғатқа іштей тән әсемдіктен, адам 
әрекеті жағдайларынан шығады. Мөлшер категориясының ерекшелігі 
оның құрылымдық тәндік-сезімдік сипатында тұр. Эстетиканың әмбебап 
категориясы ретіндегі мөлшер, әлемді көркем шынайы игерудің құралы, 
оның үйлемді құралуының негізі бола тұрып, бәрінде сақталып келеді. 
Осыдан әсемдік деген мөлшерлестік болып шығады. Онда бәрі 
мөлшерлес, шынайы, сезімдік қабылданатын әлемнің өзінде әсемдік тұр. 
1
Казахский эпос. Алма-Ата, 1958. С; 467. 
2
Айдаров Г. Язык орхонских памятников. Алма-Ата, 1971. С. 286. 
3
Мусабаев Г., Махмутов А., Айдаров Г. Эпиграфика Казахстана. С.133 


371 
Адам өміріндегі әсемдік, оның сыртқы кейіпі табиғилықпен 
теңестіріледі. 
Көшпелінің орасан зор үйі табиғат – тек күш салудың өрісі емес, 
сонымен бірге оған қуат, батылдық беретін, одақтасы. Адам оның 
құбылыстарына нәзік сезімде, жақын. Тұрақты мекен ауыстыру, 
жаңаны аңсау оған қоршаған тілін түсіну шеңберлігі сыйлайды. Бұл, 
өзінше жерді, аспанды қайта құратын, эпос осы жарқын, төлтума 
әлемді бейнелейді. Адам табиғатты тұтас қамтиды, өзін осы әлеммен 
бір ырғақта сезіне отырып, оның әсемдігімен бірге өмір сүре келе, 
әсемдікті үйлесімділіктен көреді: 
Отты шаң-тозаңда шомыла келе, 
Күн аспанның биігіне жетті
1

Суретші табиғат құбылыстарын олар көріністерінің жалқы ретінде 
көреді және оларды тұтастық бөлігі ретінде ретке келтіреді, оларды 
ұйымдастырады. Эпос өзімен эстетикалық сананы, әлемді көркем 
игеруді паш етеді. Табиғатты эстетикалық қабылдау адам өмірінен, 
оның еңбек әрекетінен ажыратылмайды, ол ода барған сайын күш пен 
қуатты, болмыстың жарқын қуанышын бағалайды.
Атап айтқанда көркем қабылдауға қоршағанның бүкіл толықтығын 
аңдау, адам тағдырының табиғаттан бөлек еместігін, оның ырғақтарына 
бағынуды сезіну тән. Әсіресе эпос қаһармандарына, мәңгі тірі шексіз 
әлем ретінде, табынуға лайық, дала қымбат. Өмірден кете бере, Төлеген 
(«Қыз-Жібек») бұл әлемнің сұлулықтарын енді көрмейтініне қатты 
қынжылады. 
Жер бедерін бейнелеуде фольклор үлкен шеберлікке жетеді. Бұл 
онда нәзік сезімді байқаушылардың дарыны көпқырлы табиғатты 
тануды аңсаумен қосылған, сөзбен берілген пейзаждық сурет. Онда 
таным мен әлемді эстетикалық қабылдау үйлескен. Табиғат мұнда - 
өзінің танушы және оны өз әрекетінде өзгертуші адаммен органикалық 
қосылған тұтастығы. 
Көшпеліге таулар да жақын әрі қымбат. Оның бейнесімен ол өзі 
үшін ең қымбат пен мәңгіге – биіктік пен тазалықты – байланыстырады. 
Олар – мәңгі өмірдің рәмізі, оның түпкі отаны. Тау бейнелері салтанатты 
және поэтикалық: арудың пәктігі, тұңғиықтар мен жетпейтін шыңдар, 
қанатын жайған қыран, айбынды арыстан т.т. 
Табиғатпен 
динамикалық 
тепе-теңдіктегі, 
үйлесімділіктегі 
эпикалық кейіпкер – ішкі және сыртқы жетілудің үлгісі. Ол – рудың, 
жердің қорғаушысы, ол ғарыштан, өзінде бәрін қамтиды – табиғат 
ырғықтарын, дүлей күштердің қайтадан тіріліуін көрсетеді. Батырдың 
сезімдері тұтас, толық. Эпикалық батырдың көзімен көрінген табиғат та 
1
Казахский эпос. С. 196. 


372 
тұтас, құдіретті және жетілген, оның құбылыстары айқын әрі аумақты, 
онда ұсақтық жоқ. Эпоста батырларды табиғат пен салыстыру 
пластикалық аумақты, бедерлі, сезілетін және сенімді. Міне бірегейлік 
және теп-теңдіктің күшінде табиғат адамды, оның сыртқы және ішкі 
дүниесін ашады. Солай, қыз бен жігіттің әсемдігін жануарлар әлемімен 
салыстыратын зооморфизмде мифология, алғашқы қауымдық дүние 
түйсінудің ерекшеліктері, адам өзін әлі табиғаттан бөлмеген 
уақыттағыдай, анық көрінеді.
Сұлулық онтологиялық. Эпоста ұжымдық санада тұрған, сұлулық 
туралы түсінікті қайтадан жасап шығарады. Оның теріс кейіпкерлері 
табиғаттың қиратушы күштерімен теңестіріледі. Төменгі, пасық өз 
халқы, жері үшін күресіп жатқан, қаһармандар бейнелеріндегі 
көтеріңкіге қарсы қойылады. Батыр қуатты, төзімді, батыл. Оның 
батырлық өмірі әсемдікпен көмкерілген. Шайқаста жеңу және өлу 
тамаша. Батырдың тірі табиғатпен, сұлулық үлгісімен, ең тамашамен 
байланысы қисынды:
Көлді жартасты жағалау көркейтеді, 
Сарбазды қасиетті ерлік көркейтеді
1

Ауызекі поэтикалық шығармашылықта сұлулық табиғатқа да, 
адамға да тән. Бұл тіршілік қуанышы, оның обьективтілігі мен 
үйлесіміндегі табиғаттың гүлденуі. Әсемдіктің негізі, сұлулықтың 
қайнары – шындықтың өзінде, нақтылы сезімдік дүниеде. 
Әсемдік эпикалық жағынан құрылымдық тұтастықтың сыртқы 
ерекшелігі ретінде бағаланады, ішке қарай тереңдемей, жалпы 
бөлінбеген түрінде көрініс табады. Онда сұлулық өмірлік-тәжірибелік 
те, идеалды және материалды да, нәрселермен таза эстетикалық сүйсіну 
де, заттарға практикалық-утилитарлық ұстаным да. Сұлулық өмірге 
керек, пайдалы заттарда сезіледі. 
Симметрия ұстыны, ырғақты ұйымдасу қазақ өнерінде үйлесімді 
байыптылықты, әлемнің мөлшерлестігін білдіреді, көшпелінің қабылдау 
ерекшелігін, бөлек пен тұтастықтың шексіз байланысындағы, 
табиғаттың шынайы тұтастығын сипаттады. Симметрия, үйлесімділік, 
мөлшерлестік табиғи материалдық үстінен билік жүргізу туралы, оны 
игерудің жоғары дәрежесі туралы куәландырды. 
Жасалған нәрселердің әсемдігі орасан зор дүниенің ажырамас 
бөлігі ретінде обьективті, әмбебапты. Адам мұқтаждық ететіннің бәрі: 
киім, қару, қалқан ж.т.б. тамаша. Өйткені адамдық әрекет өз 
табиғатында, мәнісінде тек утилитарлы болмады. Әдемі затта, ат 
әбзелінде, қаруда адам өз шеберлігінің табиғат материалынан үстемдігін 
1
Казахский эпос. С. 196. 


373 
көрді. Заттарды өндіру шығармашылықтың түрі болып табылады. 
Олардың әсемдігі пайдалылықтың негізінде пайда болады, бірақ тек 
оған келіп тірелмейді. Ол мақсатқа сәйкестілікке жақын, оның ең 
жоғары көрінісі болып табылады. 
Эстетикалық сезімдер қоғамдық өндірісте, ғасырдың саяси, ақыл-
ой, адамгершілік ахуалында қалыптасады. Сол уақытта олардың 
арасында тікелей тәуелділік жоқ. Материалды өндірістің даму деңгейі 
өнердің нақтылы-тарихи мазмұнымен бірдей емес. Әлемді барған сайын 
терең игеруде жетістіктер ғана емес, бірақ жоғалтулар да бар. Күрделі 
көркем даму процесінде адамзат бастапқы ежелгілердің эстетикалық 
түсініктерінен айырылмайды, ал оларды дамытады және байытады. ХХ 
ғ. адамына табиғатқа деген тұтас көзқарас, алдынғы ұрпақтармен 
ауызекі аңыздар, ертегілер, өлеңдер, эпикалық туындылар түрінде 
үзілмейтін тізбекте берілгеннің әсемдігін және үйлесімділігін қабылдау 
қажет. Олар құдайлар мен адамдарға да, дәстүрлер мен сенімдерге де, 
әлем және адам тағдыры туралы пайымдарға да, сонымен бірге 
ғасырлардың рухани тәжірибесінен алынған барлық игі-жақсыға, 
ежелгілердің дүниетаным ерекшеліктеріне де, олардың армандары мен 
үміттеріне де орын бар.
Уранидтер мен кронидтердің күресі туралы ежелгі мифтердің 
бірінде
1
, дүлей күштерге тең, титандар мен алыптар, өздерімен аса зор 
және бұғауланбағандықты көрсеткенімен, бәрін жұтушы уақыт құдайы, 
Кроностың ақылды балаларынан жеңіліске ұшырайды. Жеңімпаздардың 
басында Зевс – құқықтық тәртіп пен мемлекеттіліктің, өсуші және 
нығаюшы өркениеттің рәмізі тұрады. Жер құдайы Гея мен Аспан 
құдайы Ураннан туған, табиғат балалары – қаны-тәнімен содан шыққан, 
өздерінің тұтас, қарапайым, тұрпайы шектелген, бірақ тамаша, сәбилік 
шынайы көруімен, өздерін оған қарсы қоймайтын, халықтар Әлемі, 
Алыптар әлемі жеңіліп қалады.
Алайда алыптар әлемі, онда табиғат-адамға бағынбаған, оған өз 
еркін танитын, оны өз ырғақтарына бағындыратын, құдіретті субьект, 
өнерден, адамның дүниені қабылдауынан кетіп қалмайды. Бүкіл 
дәуірлерде ол айрықша «руссошылдықпен», табиғат құдіреттілігіне 
сеніммен қайтадан түлейді. Көшпелі халықтардың өнерінде бұл мотив 
ең бастылардың бірі. 
Материалды өндірістің жоғары месе сатысы, қоғамдық қатынастар 
мен таптық жіктелудің ерекшеліктері қазақ өнері дамуының сәбилік 
сатысын барлық оның артықшылықтары және кемшіліктерімен 
себептейді. Табиғатта оны жасаушыларды оның нақтылы-тарихи 
көріністерінің жалпы маңыздылығы және тірі тұтастығы қызықтырады. 
Суретшілер нәрселердегі тұтасқа көтеріледі, оны тұтас пластикалығында 
1
Қар.: Кун Н.Л. легенды и мифы Дрвней Греции. М., 1957. С. 20. 


374 
ашады. Әлемді жарқын көптүстілігінде көру, сонылық және өткірлік, 
әлем күрделілігін көркем ойдан шығарылғанда қамтып алу қабілеті, 
қиялдың тоқтаусыздығы, оны бейнелерде ұғыну – осының бәріне 
Қазақстанның көне өнері толы. 
Алайда табиғат жай ғана енжар, одан суретші өнер нәрсесін 
құрастыратын, пластикалық емес. Бұл құралдардың қоймасы емес. 
Эстетикалық қатынас әлемді оның табиғи жайында, динамикалық және 
үйлесімді тепе-теңдігінде сақтайды, ал оны бүлдірмейді, бөлшектемейді. 
Суретшілер заттылыққа бойлап кетеді. Сол уақытта ежелгі өнерде 
талдау, оның заңдылықтарында әлемді білу жоқ, оның пайымдары жиі 
қарадүрсін, аңғал. 
Өнермен дүниені игеру оны жасаушылардың қоршаған орта туралы 
түсініктерін байытты және кеңейтті.
Алдымен әлем тотем, жебеуші, бағынбайтын дүлей күш, дүние 
құрылысының ең қаһарлысы және қажеттісі ретінде аң арқылы 
қабылданды. Бұл – палеолит, мезолит, неолит дәуірлерінің алғашқы 
қауымдық өнерінің басты кейіпкері. Оған адамзат мәдениеті тарихының 
жарқын парағы, ерекше скифтік аң стилі арналған. Оның шынайы 
бейнесі кейін ою-өрнекте шартты бола бастайды. 
Ары қарай әлем зооморфтық бейнелерде, космогонияларда тіріле 
берді. Көркем қиял, фантастика, дарынды ойлап табулар, ғажайыпқа 
сену, алғашқы материализм мен идеализм – бәрі айрықша мифологияда 
қиылысады. Құдайлар, құбыжықтар, хтонизм мен тотемизм, қиялдың 
батылдығы, көрегендік ырымдармн бірге өнерде бірігеді. Мифология, 
әсіресе, материалдының ауысуыларына, өмір мен өлімнің мәңгі 
алмасуына ден қояды.
Кейін басты орынды табиғат пен адамдарды қорғаушы алды. Әлем 
байлығын сақтау қажеттілігі туралы аңыздар пайда болды. Табиғат 
адаммен, оған шынайы адамдық қаьынас мұратымен үйлестірілді
1
.
Дүниемен бірегейлену, табиғатпен игілікті жасапаздық одағы 
мотиві көшпелілер өнерінде жетекші бола бастайды. Аң тақырыбы оның 
дамуының көптеген кезеңдерінде қайтадан жаңғыра береді. Қаһарлы 
субьект, өзімен қысым жасаушы ретсіз дүлей күш белгілерін жоғалтып, 
жануар табиғи бастамамен теңестіріледі, эстетикалық сүйсіну, өзіндік 
көркем меңгеру обьектісіне айналады.
Адамның табиғат әлемімен бірлігіне, поэтикаландырылған 
өнермен, қобыздың үні маңайындағының бәрін сиқырландырған, 
Қорқыт туралы аңыз арналған. Дала Орфейінің жігерлі және тамаша 
әуендерін тыңдау үшін, Сырдария уақытша өз ағысын тоқтады
2
.
1
Аңшылардан аспанға ұмтылған, арқарлар туралы – «Үш арқар» аңызы тап осындай. Үш арқар мен 
олардың аяусыз қуушысы Орион жұлдыз тобына айналады. (Қар.: Казахский фольклор в собрании Н.Г. 
Потанина. С. 54). 
2
Қар.: Казахские сказки. С. 237-239. 


375 
Табиғатпен күрес және оған деген сенім, оның тұтастығынан, 
табиғилығынан ләззат алу – бұл негізгі бағдарлардың қиылысуында 
қазақ өнері дамыды. 
Табиғатты адам қиялына, оның ойластырғанына бағындыратын 
аңыздар, оны тұтас қамтитын және түсіндіретін болғанымен әлемді 
көркем игерудің негізгі формасы болудан қалады және жаңа негізде 
қайтадан түлейді. Мифологиялық, әлем заңдылықтарын білмеу, соқыр 
сенім белгілерімен бірге жалпылау, сонда да әмбебаптылыққа, 
тұтастыққа, батыл жалпылауға деген талпынысты өзімен алып жүрді.
Мифология, ал кейін эпос барған сайын әлемді индивидуальды 
көрумен ауысты. Оның суреттелген пластикалық әсемдігімен, әлемді 
игеру неғұрлым көптүрлі бола бастағанда, соғұрлым танымда 
субьективтіктің, жеке-дара қабылдаудың байлығы басымдық таныта 
берді. Миф эпосты тастап кетеді, барған сайын әлемді көркем өзіндік 
поэтикалық көру орын ала береді. Табиғатқа, пластикаға, жарықтық 
және түстік тәсілдерге қызығушылық артады, құбылыстарды суреттеу 
барған сайын көпбояулы, көптүрлі бола бастайды. Әлемнің өзі көбірек 
көркем өңделеді. Дүниені тануда субьектілік, тұлғалық бастама, 
психологизм күшейе түседі. Табиғат өзіндік-көркем қарастырудың, 
игерудің обьектісі бола бастайды. 
Өнерде фаустық бастама – табиғатты жеңуге деген сенімділік, 
жасаушы-адам мерейі үстемдік етеді. Оны қалай өзінің ақылы мен жігері 
жасайтынындай, суретші табиғатты солай қайтадан құрастырады. Онда 
бәрі ақыл-ойға, тәртіпке, парасатқа, анықтылық пен бірқалыптылыққа 
бағынған. 
Адаммен игерілетін, табиғат шеңбері барған сайын кеңейе береді. 
Заттың мазмұны ешқашан арта беруін тоқтатпайды, сондықтан көркем 
бейнелеу обьектісі шегіне жету мүмкін емес. «Су тамшысының 
қайталанбайтын даралығынан» (Д. Ренар) әлемдік құрылысқа дейін - 
өнердің тақырыптық өрісі ештеңемен шектелмеген. Олар өзінде дәуір 
ерекшеліктері қолтаңбасын, оған тән дүние қабылдауды, әлеуметтік 
өмірдің бағаларын алып жүретін, әлемді көркем игеруде туындайтын, 
тақырыптар мен бейнелер сондықтан түп-қиырсыз. 
Адамзат өткен көпғасырлық тәжірибесінен, соның ішінде көшпелі 
халықтардың табиғатқа деген тұтас-рухани қатынасынан, барлық 
жақсыны, олардың өзгермелігін, ерекшелігін, ұлттық дүние түйсінудің 
төлтумалығын сақтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет