ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана



Pdf көрінісі
бет15/139
Дата01.03.2024
өлшемі2.51 Mb.
#493731
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   139
etika-i-estetika-kazahov

ҚАЗАҚ ЫРЫМДАРЫ 
 
Әдет-ғұрып айнасы 
Ұлы Даланы сан ғасырлар бойы мекендеген ата-бабаларымыз 
қылыш ұстап серт берген дәуірден — құран ұстап ант берген заманға 
дейін талай-талай асулардан асып, бұралаң-бұлтарысы көп жолдардан 
өткен. Сырт көзге сыр бермейтін көшпелі өмір-тіршіліктің қаншама 
асылдары 
мен 
құндылықтары 
тарихтың 
аударылған 
ауыр 
парақтарының астында қалып бара жатыр. 
Шоқан Уәлихановтың 1862-1863 жж. жазылган «Қазақтардағы 
шамандықтың қалдығы» атты мақаласына көңіл аударайық: «Қазақтар 
туралы барлық зерттеушілердің айтуынша да, барлық географиялық 
нұсқауларда да; қазақтар — мұсылмандар, бірақ шамандық ырым, 
сенімді де ұстайды. Олар мұсылман дініне табынумен қоса шамандық 
нанымдарға да иланады. Бұл пікірлер шындыққа келеді, дегенмен 
олардың шамандығы (бақсылығы) неден тұрады? Бірақ, өкінішке орай 
қазақ арасындағы шамандық, бақсылық жөнінде әртүрлі мерзімді 
басылымдарда мақалалар жарық көргенімен, осы жай туралы осы 
күнге дейін ешкім егжей-тегжейіне жетіп жазған емес». (Ш.Уәлиханов 
«Таңдамалы», Алматы, «Жазушы», 1985). 
Қазақ ырымдарының, наным-сенімдерінің түп-төркіні тым әріде 
жатқанына ұлы Шоқан осылайша назар аудартады. Ол өзінің «Тәңірі 
(Кұдай)» деп аталатын (шамамен 1854 — 1855ж.ж. жазылған) 
мақаласында да қазақтың ырым-кәделерінің отқа табынған; табиғат 
пен жаратылыстың барлық тосын қүбылыстарын қасиетті деп санаған, 
ислам дінімен араласқан тәңірі дінінде жатқанын жақсы аңғартқан. 
Қазақтың бүкіл салт-сана, әдет-ғұрып, наным-сенімдерінің, 
ырымдарының бастау бұлағы Көк Төңірге, Көк Аспанға, табиғатқа 
табынған қадым замандарда жатқанына шүбәсіз иланамыз. 
«Ырым, — дейді Шоқан, — әдет-ғұрыптың бір түрі. Шаман 
«дінінде осы әдетті сактау шамандықтың бетін қайтарады. Ал 
ырымды бұзу адамга қайғы-қасірет әкеледі. Бір сөзбен айтқанда, 
европалықтар осындай ырымды діндарлық, соқыр наным дейді, ал 
осы салт-сана шамандық сенімдегі дәстүрлі әдет-ғұрыптың құрамдас 
бөлігі. Ырым Халықпен бірге көптеп жасап келе жатқан әдет-ғұрып 
болып саналады, ал аян, лепес, жақсылық нышаны ретінде де 
жасалады. Мысалы, әйелі үнемі қыз тауып, ұл көрмей жүргендер, игі 
ниетпен ең соңгы қызына Ұлтуған деген ат қояды. Майкөт деп те 
атайды, артынан ұл туса екен деп». (Ш.Уәлиханов, «Таңдамалы», 
Алматы, «Жазушы», 1985). 
Бүгінгі күнге қазақ ырымдарының ғасырлар көшінде әбден сана 
сүзгісінен өтіп, ешқандай күмән туғызбайтын, наным-сенімге әбден 


45 
берік ұялаған түрлері ғана жеткенге ұқсайды. Бірақ ғылыми бағасын 
алып, толық елеп-екшеуден өткізілмегендіктен де бір ізге жүйеге 
түсірілген жоқ. «Малым — жанымның садағасы, жаным: — арымның 
садағасы» деп ғұмыр кешкен ата-бабамыздың тіршілікте ұстанған 
позициясы, көзқарасы арман-аңсары да осы ырымдарында терең 
жасырынып жатқан тәрізді. Бұған жан-жақты ғылыми талдаулар 
жасалатынына үміт артамыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет