402
рәміздік әлемі, яғни ол тек бұл халыққа тән, оның «сәбилік шағынан»
ілесіп
келе жатқан, көркем шығармалыққа келе туындаған,
«поэтикалық әлем». Мысалы, «дархан дала», «кең дала», «сарыарқа»
сияқты эпитеттер тек шектелмеген, мұхит сияқты көкжиексіз
кеңістікте өмір сүретін халықтарда пайда бола алады. Қазақ
поэзиясында даланың кеңдігі, таулардың биіктігі, өзендердің шуы,
күн сәулесі, арғымақтардың шабысы,
қойшының әні, яғни бүкіл
атамекені суреттеледі. Тіпті адамның өзін бейнелеуде табиғаттан
алынған суреттемелер қолданылады: «аққудай, айдын шалқар көлдей,
тал шыбықтай, сүйріктей, нар бурадай, жібектей, еліктің лағындай,
ботадай» және т.б.
Егер орыстың «ақ қайыңдайы» - пәктікті, нәзіктіктікті т.т.
рәміздесе, онда қазақтарда осындай функцияны «тал шыбықтайы»
атқарады. Тіпті қалада тұратын қазақ «нар жігіт» дегенде тек дене
күшін емес, ол бірінші кезекте рухтың қуаттылығы,
батырлық, кез
келген жағдайда арқа сүйеуге болатын адам туралы айтылып
тұрғанын сезеді.
Қазақтардың түсінігінде «ботакөз» - сұлулықтың, тазалықтың,
мейірімділіктің рәмізі. Отырықшы кейбір халықтар бұл метафораның
мәнісін түсінбей, өзіне тек үлкен, дөңгелек, қара, бірақ әдемі емес
көзді елестетеді. Егер «қасқыр-жігіт» дегенде әлдекімдер қанішерлік,
зұлымдық, қатігездік сияқты теріс бағалауларға барса, онда қазақта –
бұл ерліктің, тәуекелшіліктің, жанқиярлықтың, табандылықтың рәмізі.
Оған биік ақыл, ізгі жүрек,
пәк-тазалық, қайтпайтын қайрат,
елжандылық тән адам бейнесі «намыс» ұғымының төңірегінде
түйінделеді, адамға абырой әкеледі және қазақ эстетикасында орталық
орын алады. Мұны мына мақалдар дәлелдей түседі: «екі жақсы
қосылса, айрылуға қиыспайды, екі жаман қосылса, кең дүниеге
сиыспайды», «Жақсының жүрген жері кент, жаманның жүрген жері
өрт», «Жорға жүрісімен пұл болады, жаман жүрісімен құл болады».
Көшпелі
қазақтың
санасында
«күн»
атқа
табынумен
бірегейленеді, оның басты белгілеріне «сәуледей тез таралу» және
«ұшқыр жылдамдық» жатады.
Күн – тұлға, оның үстіне қатардағы емес тұлға. Оның қызуы мол
және жылдам қозғалады. Ең жүйрік тұлпар аяғын көтергенше, сол
сәтте күн айлық жолдан өтіп кетеді. Қазақ жазушысы О. Бөкеев
жазғандай: «Таңертең күлімсіреп келген күн,
кешке таман ұяла
қызарып кетеді. Ол өз жарығын кім жақсы, кім жаманға қарамай,
дарқан төгеді. Оның жанының мырзалығы тап осындай еді»
1
. Ал
1
Бокеев О. След молнии. М., 1978. С. 139.
403
Мағжан Жұмабаевтың бақытсыз кейіпкері – Шолпан да күнмен бірге
кетеді. «Күнмен таласа Шолпан да өмірмен қоштасты»
1
.
Қазақтың арғы тегі, көшпелінің эстетикалық құндылықтары адам
аттарында жиі білдіреледі. Олардың арасында «ай» және «гүл»
тіркестері жиі кездеседі. Ай көшпелінің тұрақты серігі, оның түнгі
қозғалыстарындағы бағдары болды, эстетикалық мағыналылықты
иеленді. Ай әсемдіктің, сұлулықтың, пәктіктің,
нәзіктіктің рәмізі
болып табылады. «Жалғыз қызы Гүлбаршын – он бес күндік айдай», -
делінеді «Алпамыс» эпосында. «Жаңа туған айдай, сымбатымен
теңселіп келеді», - деп «Қыз Жібекте» айтылады. Ай басқа халықтарда
да эстетикалық объектіге айналады.
Дәстүрлі қазақ мәдениетінде негізгі эстетикалық нысандар мал
шаруашылығынан алынғаны түсінікті. Өйткені мал әрі байлық, әрі
қорек, әрі киім, қысқаша айтқанда, бүкіл көшпелі әлемнің орталық
діңгегі.
Қазақтар тек үй жануарларын ғана емес,
сонымен бірге барыс,
жолбарыс, арыстан, лашын, бүркіт сияқты тағы жануарларды да
эстетикалық құндылықтар тұрғысынан бағалады. Тіпті қазірдің өзінде
елтаңбадағы пырақ, жалаудағы бүркіт немесе ұлттық идеядағы барыс
рәміздері осының айғағына жатады...
Қазақтың көркемөнер мәдениеті, жалпытүркілік мәдениеттен
бөлініп шыға отырып, сол ортақ тамырға өзінше нәр бере білді. Оның
өкілдері халық даналығын ғылыми гинотезалар, теориялар мен қатаң
анықтамалар тілінде емес, ал поэтикалық толғаулар, нақыл сөздер,
шешендік үлгілер, сазды күйлер мен
ою-өрнектер тілінде білдіре
алды. Бұл жалаң пайымдаулар мен тым абстрактылы қалыптардан
аулақ болуға жеткізеді, бұл ежелгі грек калокагатиясындағы сияқты
әсемдік пен ізгіліктің айрықша үйлесуіне мүмкіндік берді. Басқаша
айтқанда, қазақ көркем мәдениетінде эстетикалық пен этикалық
ажырамас бірлікте болды.
Фольклорда толғаулар, нақылдық сентенциялар, әдептілік,
отбасы,
әйелге қатынас, балалар мәселелері басымдық танытады.
Әділеттік пен әділетсіздік, жақсылық пен жамандық, намыс, абырой
және т.б. кісілік қасиеттер көркем суреттелген типтік бейнеде
беріледі. Қазақ эстетикасында уақыт өзінің тұтастығымен, адам мен
қазіргінің синтезімен түйінделеді. Әруақтар, бұрын өмір сүрген
тарихи тұлғалар мен мифтік кейіпкерлер бүгінгі тіршілікке араласып
кетеді.
ХХ ғасырдан бастап қазақ мәдениетінде, соның ішінде көркемсөз
саласында түбегейлі өзгерістердің болғаны белгілі.
Бір ғасырдың
ішінде соншама эстетикалық құндылықтар жүйесінің түбегейлі
1
Достарыңызбен бөлісу: