406
Байырғы сенім
Асылдан қалған сынықтай
Күйреді-ау зәулім
Шындықтан көне сол сарай
Амал не,
Қалдықтың тілін
Сөйлетер ұрпақ жоқ бүгін
1
.
ХХ ғасырдағы қазақ эсетикасы негізінен
тоталитарлық қоғам
ұстындары қысымында әрекет етті. Соған дейін басымдылық танытып
келген романтикалық стиль «социалистік реализм» деп аталғанмен
ауыстырыла бастады. Қазақ мәдениеті қатты идеологияландыруға
ұшырады (мазмұны бойынша социалистік, формасы бойынша
ұлттық). Бірақ ұлттық форманың өзі де орыс-кеңестік мәдениетпен
ассимиляцияға ұшырай бастады, ұлттық архетиптер шайқалып кетті.
Алайда
көркемөнер
құралдарымен
бұрынғы
эпикалық
ұстанымдарды жалғастыру тіпті тоталитарлық мәдениеттің үстемдік
еткен жағдайының өзінде этникалық
бірегейлік пен тұтастықты
сақтап қалуға қызмет етті. Осы сипатта қазақ ақын-жазушыларымен
өздерінің
көптеген
туындыларында
пайдаланатын,
«кездесу
хронотопы» мен «жол хронотопы» маңызды рөл атқарады. Төлтума
эстетикалық құндылықтарды Жаңа заман талаптарына сай, үйлесімді
дамыта білген М. Әуезов, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Б. Майлин, Ә.
Әлімжанов, О. Сүлейменов сияқты майталмандар қазақтың
адамгершілік-эстетикалық мұраттарын тереңдетуде үлкен рөл
атқарды.
Сан алуан эстетикалық құндылықтардың арасында түрлі
дәуірлерде әрқилы баяндалған, бірақ өзінің
ең жоғары адамгершілік
тұғырынан түспеген ол адамға ләззат, жанқиярлық, тыныштық алып
келетін, махаббат тақырыбы қазақ көркемөнер мәдениетінде терең
бейнеленген. Махаббат адамды қоршаған ортадан бөліп ерекшелейді,
оның арқасында барлық адамдық сапалар адамгершілік өлшемдеріне
ие болады, сұлулық пен асқақтық сезімі адамды баурап алады.
Ғ.Мүсіреповтың «Ұлпан – оның аты»
романының басты кейіпкері
айрықша туған, бақытқа ұмтылатын, сүйгені үшін жанқиярлыққа
дайын, терең сезімді қазақ әйелінің бейне-рәмізі болып табылады.
Барлық дәуірлерде қазақ қыздары таза махаббат үшін күресіп келген.
«Қозы Көрпеш және Баян Сұлу», «Қыз Жібек» сияқты лирикалық-
эпикалық поэмалар мен ақын-жыраулар толғауларындағы әйел
бейнелері тап осындай. Олардың көпшілігі өмірдің қатал сынына
түсті, драмалығымен ерекшеленді және трагизмге толы болды.
Бірақ
ақылы, өжеттілігі, қайраттылығы және шынайы сезімінің қуатымен
1
Әлем: Альманах. Алматы, 1991. 252 б.
407
әлеуметтік тығырықтан шыға білген қыздар да болды. Ұлпан –
солардың бірі.
Ұлпан мен жасы келіп қалған Есенейдің некесі – жас
алшақтығына қарамай, өз тағдырын, өз өмірін қоса бірген, екі жан,
махаббат жарығымен оларды қоршаған надандықты, қатыгездікті,
кертартпалықты
жеңе білді, әділеттілікке жету жолын көрсетті.
Ұлпанның Есенейге деген сезімі еркекке деген құштарлықтан
анағұрлым кең – бұл жарының жігері мен қылықтарын ізгілендіруге
бағытталған, әрекетшіл махаббат.
ХХ ғасырдың 60-ы жылдарынан басталған, қазақ ақын-
жазушыларының жаңа толқынында дәстүршілдік пен жаңашылдық өз
үйлесіміне ие болады. Олар ұлттық,
мемлекеттік эстетикалық
құндылықтармен ғана шектелмей, жалпыпланеталық деңгейге
көтеріле бастайды. Ұлттық көркем дәстүр, дүниежүзілік мәдениет
үлгілерін игеру арқылы, өзекті бола бастайды.
Бұл мысалы, О. Сүлейменовтың шығармашылығында айшықты
көрініс табады.
Айналшы, айналайын, Жерім менің!
Сені мен бүгін
Ешкімдей түсінемін
Сырқаттарыңның бәрін сенің
Өзім қабылдаймын
Жолдармен айналшықтап
Мен көшудемін.
1
Тура мағынасында «сені айналып жүрмін» дегенді білдіретін
«айналайын» сөзін ақын жаңа кең мәтінде жаңғыртады, ол енді «менің
сүйіктіме» айналады. Тәуіптік ем
жасап жатқан ежелгі бақсылар,
сырқаттан «кесірлерді» аластағанда, сиқырлы «айналайынды»
қайталай берген.
Қазақ көркемөнер қайраткерлері көркем сөздің күнделікті,
«кеңселік» тілден айырмашылығын жақсы түсінді. Осы жөнінде
О.Сүлейменов былай дейді: «Бейнелі айтқанда кез келген тарих жер
шарының формасын қайталайды – қиылысқан байлықтар мен
ұзақтықтардың тап осындай болып маған хат өмірбаяны – адамзат
ойының тарихы сияқты көрінеді. Уақыт семсерлерімен кескіленген,
кабинет
қаракүйелерімен
желініп
тасталған,
«уақыттардағы
байланыстырушы түйіндерді» қалпына келтіру үшін,
бұл жұмысты
көзсіз бастап, өлі түйіндер ретінде байланғандарды тарқатып жіберу
керек»
2
.
1
Достарыңызбен бөлісу: