171
индивидуалдандырылған
көп өлшемділікке ие болатын, адамның көп
өлшемділігінен шығуы керек.
Қазіргі индивид тұлғалық бірегейлікке жету үшін сакральды
бірлікке енді ұмтылмайды. Ол көпті немесе азды қоршағандардан,
қоғам
жағынан
бақылаудан
азат.
Индивидтің
моральдық
құндылықтарының қайнарлары да өзгерді – олар енді тек сенім
бойынша қабылданбайды, қоғамдық бақылау формалары өзіндік
тәртіппен ауыстырылады, дәстүрлі институциональдық моральдан
тұлғалық этикаға өту жүріп жатыр. Мифологиялық сананың,
бейрационализмнің
бұғауларынан босай келе, түсініктер мен
қылықтар да рационалдандырылып келеді.
Қазіргі азаматтық қоғамды талдау оның қажетті әлеуметтік-
мәдени және бір уақытта нарықтық модустары рационализм, теңдік,
прагматизм, дербестілік, жауаптылық, ашықтық және т.б. болып
табылатындығын көрсете алады. Өркениеттік сипаттағы бірқатар
себептер
бойынша
аталған
модустар
қазақстандық
қоғам
шындығында
ұлттық
ділді,
дәстүрлі
этиканы
қайсыбір
трансформациялаусыз бұтақтана алмайды. Терең әлеуметтік-мәдени
түп-негіздерде ұялаңған, көрінбейтін
кедергілерді әлеуметтік-
орталықтық үлгілер кездестіре бастайды. Солай, рационализм
тұрғындардың мұсылмандық бөлігіне жат емес. Бірақ ол батыстық
рационализмнен мәнді ерекшеленеді, себебі рационализмнің бұл типі
өзінде көбірек тұйықталған, өз мақсаты ретінде рас білім мен ақиқатқа
жетуді қоймайды, ал, керісінше, интуициялық-мистикалық танымға
қызығушылық байқатады, интуицияға, субъективтік сезімталдыққа
артықшылық танытады. Осыдан міндетті түрде
болып жатқанның
ақиқаттығы субъективті түрде көрінеді. Тек құдайылық белгімен
таңбаланған, білім ғана абсолютті ақиқат ретінде мойындалады.
Сондықтан еуропалықтардың көзге анықты ұстануы мұсылмандармен
күйбең тіршілік, болып жатқанда құдайылықты көре алмау ретінде
бағаланды. Және «рационалды еңбек» ұғымы мұсылман мәдениетіне
жат еді.
Ұлттық ділдегі рулық бастамалардың басымдылығы еркін
индивидуалдық әрекет жолында тежеуіш болып шықты. Дегенмен
көшпелі өмір салты өз жеткіліктігін дамытуға себебін тигізгенімен,
бірақ әрбір көшпелі өз өмірінің мағынасын қасиеттіге қызмет етуден
көрді, осымен оның өз еркімен руға қызмет етуі түсіндіріледі.
Рудан
қуылу ғарыштан, Құдайдан аластатылумен бірдей деп бағаланды,
масқара болып есептелді. Көшпелі-малшының еңбегі белгілі бір
кәсіппен шектелген еңбек емес еді, өйткені бұл өмір салты кәсіби іс
ретінде қабылданбады. Құрметте еңбектің өзі емес, ал олар оның
иесіне беретін, мал және сол артықшылықтар болды. Байлыққа ие
172
болу дұрыс қылығы үшін берілетін Аруақтардың қамқорлығы ретінде
бағаланды.
Бүгін «жаңа қазақтар» да, рационалды еңбек пен еңбек этикасына
қарағанда, байлық рәміздерін жоғары бағалайды.
Арғы тектердің
жебеуші қамқорлығына сенеді, «өлі риза болмай, тірі байымайды»
деген дәстүрлі нақыл сөздерді ұстанады.
Жалпы мейрамшыл көңіл-күй қазақ ділінің ерекшелігі болып
табылады. Соңғы еңбек ету, әскери күндерден және мейрамдардан
жинақталады. Тойлар бар әлем тәртібін қасиеттендірді, өмір сүріп
тұрған құрылысты бекітті, иерархиялық қатынастардан (ақсүйек -
қарасүйек) және тәуелділіктерден,
тыйымдар мен нормалардан
уақытша еркіндік енгізді. Бұл тойлар ахуалынсыз тіршілік толымсыз
болды және жалпылықтың, азаттықтық, теңдіктің және молшылықтың
утопиялық патшалығы халықтық мейрамдау күндері салтанат құрмас
еді
1
. Еңбектің әлсіз мамандануы және бөлінуі, соңғысын өмір
салтымен теңестіру еңбек этикасының пайда болуына кедергі
қызметін атқарды.
Еңбек этикасының маңызды элементі ынтымақтастық болып
табылады.
Дәстүрлі қазақ қоғамында хан бір өзінде демеуші, жұмыс беруші,
әкім, сот төресі, әскери басшы тұлғаларын біріктірді. Оған деген
сенімділік, іскерлік әріптестік немесе ынтымақтастық қатынастарында
емес, ал туысқандық немесе харизмаға негізделген,
жеке тәуелділік
қатынастарында құрылды. Ынтымақтасу формасы тәуелділік
сипатына ие және нақтылы болды, яғни белгілі бір дәстүрлер мен
жағдаяттарға байланыстырылды.
Кеңес Одағы кезеңінде бірдейлендіру мен абстрактылы
субъектілердің жалған субъектившілдігі орын алды. Тең құқылы
субъектілердің ынтымақтасуы ретіндегі шынайы коллектившілдік
іскерлік әріптестікке, жауапты әрі мүдделі өзара қарым-қатынасқа
жол ашады. Демократияшылдық, әділдік,
теңдік сияқты басқа
әлеуметтік-мәдени модустарға келсек, онда олар этикалық
категориялардың мазмұнын қиып өтеді, бірақ тағы да еркіндіктің
батыстық түсінігінен өз айырмашылықтарына ие болады.
Дәстүршіл түсінікте еркіндік ережесіз ойын, стихия, ретсіздік,
жігер іспеттес болып келеді. Онда бір-біріне және әлеуметтік
ұжымдарға, әлеуметтік тәртіптің ұстап тұрушы негізі ретінде,
қалыпты қылық туралы түсінік жоқ. Батыстық түсінікте
еркіндік
әлеуметтік
ұжымдардың
сапасымен,
әлеуметтік
тәртіпті
ұйымдастырудың ұстынымен, әлеуметке қатысты құқықпен,
жауаптылық және міндеттілікпен т.т. теңестіріледі.
1
Достарыңызбен бөлісу: