ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана



Pdf көрінісі
бет41/139
Дата01.03.2024
өлшемі2.51 Mb.
#493731
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   139
etika-i-estetika-kazahov

Сүй, жан сәулем 
Сүй, жан сәулем, тағы да сүй, тағы да! 
Жылы, тәтті у тарады қаныма. 


165 
Бұл ләззаттың бір минутын бермеймін
Патша тағы, бүкіл дүние малына. 
Құшақтатып нәзік талдай беліңнен,
Сүйгіз, сәулем, тәтті балдай тіліңнен.
Бой шымырлап, талықсиды жүрегім.
Балқып денем, барам еріп деміңнен. 
Кір қойныма, қыпша белің бұралып,
Тарқат шашың, жатсын жібек оралып.
Жаным! Жаным! Тезірек тисін төске төс,
Көз жұмулы, жиі ыстық дем алып. 
Шашың — қара, денең — ақ бұлт, жүзің — Ай,
Тісің — меруерт, көзің, сәулем, құралай.
Ләззат, рақат, бақыт — бәрі қойныңда,
Сұрамаймын енді ұжмақ — жақсы жай! 
Сүй, жан сәулем, тағы да сүй, тағы да!
Жылы, тәтті у тарады қаныма.
Жасағаннан бір-ақ нәрсе тілеймін:
Өтпесе түн, атпаса екен таңы да! 
Екі-мыңжылдық дала жыры /Ред. Ә. Нысанбаев . Алматы: 
Қазақ энциклопедиясы, 2000. 309-346 бб.


166 
II. ҚАЗАҚ ЭТИКАСЫ 
 
Әбдімәлік Нысанбаев, Зәуре Сәрсенбаева 
ҚАЗАҚТАРДЫҢ ДӘСТҮРЛІ ЭТИКАСЫ
Азаматтық қоғам бірден жеке меншік институтының дамуы және 
индивидтер 
мүдделерінің 
өзара 
әрекеттері 
нәтижесінде 
қалыптаспайды. Субъективтік сипаттамаларды қабылдауға себебін 
тигізетін, меншік формаларының жеке тұлға құқықтары мен 
еркіндіктерінің 
либерализациясы 
қоғамның 
демократиялық 
жаңғыруының негізгі факторлары болып табылмайды, адамгершілік 
қатардағы факторлар одан да мәнділеу. Шынында да, оның негізінде 
экономикалық еркіндік пен азаматтардың іскерлік белсенділігі 
жататын нарық жүйесі, рухани мәдениеттің шектеуші күшінсіз, 
қоғамдық өмірді «бәрінің бәріне қарсы күресіне» айналдырып жіберуі 
мүмкін. «Құқықтық қоғам» деп аталатын, шындығында бәрі үшін 
ортақ мақсат, жалпыадамдық, корпоративтік және жеке мүдделер мен 
құндылықтардың үйлесуін жақтайтын, этиканың дүниетанымдық 
принциптеріне негізделген адамгершілік ұстанымдары арқылы 
«тұрақтанып» тұр. Тұтас халық пен дәуірдің құндылықтарын ашып 
көрсететін, адамгершілік әбмебаптары қоғамдық пен адамдықтың 
үйлесуінде құрастырылған. 
Азаматтық қоғам топтық моральдың тұрақтылығына, қылықтың 
қоғамдық нормаларына, индивидуальды құндылықтарға қатынасқа 
мөлшерлес болып келеді. Сондықтан, азаматтық ұстын мүмкіндігі 
туралы сұрақ тұлғаның құндылықтары және адамгершілік 
императивтері туралы сұраққа трансформацияланады. Соңғылардың 
мазмұны 
индивид 
субъектілігінің 
сипаты 
және 
типімен 
корреляцияланады. Индивидтің мағыналық өрісін адамның дүниедегі 
болмысының қайтадан өңделген және синтезделген тәсілдері мен 
формалары құрастырады. Тұлға әлеуметте, өз «Менің» адамгершілік 
заңына еркін бағындыруға мүмкіндік беретін, өзіндік санадан 
басталады. 
Әлеуметтік «ерітілген» тұлға сияқты, қоғамнан тыс та тұлға 
құлдырайтындықтан, тұлғаның қалыптасуы рухани мәдениеттің 
негізгі элементтерін (адамгершілік нормаларын, философиялық 
ақиқаттарды, діни идеяларды, ғылыми білімді, эстетикалық талғамды 
және т.б.) сіңіру арқылы әлеуметтік-мәдени құндылықтардың 
жоғарылауы заңына сай жүзеге асады, олардың қайта өңделуімен, 
болмыс парадигмаларының ол үшін өмірлік маңыздыларының іске 
асқандарын ұғынумен ілесіп жүреді.


167 
Осыған сәйкес, тұлға қалыптасуы адамгершілік таңдаудан, өз 
халқы рухани мұрасын, дәстүрлі этиканы ұғынудан басталады. Оның 
үстіне, таным процесінде қарама-қарсы бағыттанулардың қатар өмір 
сүруі айқындалады: бір құндылықтар әлеуметтік орталыққа 
бағдарлануға (даму процесінің тұйықтануына және индивид тіршілігін 
әлеуметтік сақтау және нығайту міндеттеріне бағындыратын), 
басқалары - әмбебапты-тарихиға (әмбебап субъектілердің дамуын 
себептейтін) ие. Атап айтқанда, осымен дәстүрлі мәдениетте ашықтық 
пен 
жабықтықтың, 
әмбебаптылық 
пен 
түпкі, 
шектелген 
құндылықтардың қатар өмір сүруі түсіндіріледі. 
Бұл бағыттануларды біз қазақ халқының рухани мұрасына, 
адамгершілік құндылықтарының қайнарларына – халықтың мақал-
мәтелдеріне, эпосқа назар аударғанда; ойшылдар мен философтардың, 
ақындардың шығармашылығын зерттегенде көре аламыз. Бүкіл 
түсініктер және олар барлық жерде әмбебап сипатта болмады, кейде 
жақсылық пен жамандық туралы, прогресс туралы түсініктер де 
әлеуметтік интенциялармен тығыз байланыстылықты аңғартты.
Қазақтың дәстүрлі этикасының негіздерін ұғыну үшін ғарыштың 
тернарлық үлгісі әлеуметтік айна екендігін, яғни, өз кезегінде, 
орталық шеңберді құрастыратын, үш горизонтальды буындарға 
бөлінушілікті ескеру маңызды [1]. (Галиев А.А. Традиционное 
мировоззрение казахов. Алматы, 1997). Дәстүрлі қазақ қоғамының 
құрылымы үш жүзді болып келді, әрбір жүз өзіне сай функцияларды 
атқаруға жауапты болды.
Жүздер 
Бірінші тектілік 
Функциялар 
Сыйлар, 
рәміздер 
Ұлы 
Сол қанат 
Экономикалық 
Асатаяқ
(билік рәмізі) 
Орта 
Орталық 
Сакральды 
Қалам (қасиетті 
мәтіндерге
ие болу рәмізі) 
Кіші 
Оң қанат 
Әскери 
Найза
(елді қорғау) 
Космологиялық көзқарастарға сай, діңгекпен құрастырылатын, 
орталық шеңбер әлеумет құрылымының бірлігін, тұтастығын және 
мәңгілігін рәміздейді. Қазақтардың артта қалғандығы және 
енжарлығы туралы кездесетін түсініктерден қылық бағдарларының 
жоқтығы шықпайды, қайта керісінше, көшпелі өмір салты мен қатал 
ауа-райы индивидтерді дербестікке мәжбүрлейді. Алайда, қасиетті 
тәртіпке қатыстылық пен оны ұстап тұрудың маңыздылығы 


168 
әрекеттердің мақсаттары мен түпкі мағынасын айқындап отырды, 
оның өмірлік табыстарының болашақтығын және тұлғалық 
бірегейлікке жете алуды себептеді. 
Қазақтардың дәстүрлі этикасы тіршілік етушілер әлемі мен 
рухтар әлемінің шекараларының мөлдірлігі туралы космологиялық 
түсініктерге, өткеннің, қазіргінің, болашақтың байланысының 
органикалығы мен үздіксіздігі жөніндегі бейнелерге сүйенеді. 
Өлгендердің рухы біздерге әсер етеді, олардан тағдыр, сәттіліктер, 
сәтсіздіктер, апаттар тәуелді. Егер адам дұрыс және айтарлықтай теріс 
қылықтарға барса, олар қамқорлық жасай, көмектесе, қорғай, жазалай 
алады. 
Осылай әруақтарға табыну пайда болды. Қайтыс болғандарды, 
жолы үлкендерді құрметтеу қазақ ділінің ажырамайтын белгілерін 
құрастырады. 
Этикалық категориялардың мазмұндық жағына зороастризм, 
тәңіршілдік, буддизм, суфизм, манихейшілдік, ислам көрнекі ықпалын 
тигізеді. Аспанға (Тәңіріге) табыну жоғарылылықты аңсауға 
ниеттендірді, адамды тәкаппар, ымыраласпайтын етіп баулыды, 
бодандық психологиямен сиыспайтын, ерлік философиясын ұстауға 
шақырады. Жер-Анаға (Тәңірі-Ұмай) табыну адам сенімін, туған 
жердің қасиеттілігін, рухтардың жебеушілігін нығайтты. Зороастрлық 
этикаға сай, үш ұстынды – ізгі ойлауды, ізгі сөзді, ізгі әрекетті 
ұстанып жүрген қажетті. Жақсылық пен жамандықтың арасындағы 
таңдауды әркім тек өз игілігі үшін емес, бірақ сонымен бірге бүкіл 
әлемнің тағдырын шешу үшін жасайды. 
Шаманизм – исламға дейінгі сенім, адамнан жер бетіндегі өмірде 
ар-ұят пен тұтастықты сақтауды талап етті. Егер исламда нақтылы 
адамдық өмір о дүниедегі өмірге ерекше тектегі дайындық болса, онда 
ежелгі қазақ үшін жердегі өмір шынайы болып табылады, сондықтан 
көшпелі сәттілікті жоғалтпау үшін, ауырып қалмау үшін «алдамшы» 
болғысы келмеді.
Қазақ руханилығының түйінделген бітімі Абай философиясы 
және ол жариялаған «Адам бол!» (яғни адамгершілік) ұстыны болып 
табылады. Абай бойынша «мұсылман болу» үш нәрсеге: Аллаға, 
адамзатқа, әділдікке деген «махаббатты» білдіреді. Исламның 
адамгершілік шеңберінде, адам бақытының мәнісін түсінуде 
дүниетанымдық әмбебаптар төрт негізгі ұстындарды - әділет, дәулет, 
ақыл, қанағатты қатаң сақтап жүруге, келіп тіреледі. 
Исламның тарауы барысында жақсылық пен жамандық туралы 
түсініктер түбегейлі өзгерді: жақсылық – бұл ислам қағидаларына 
қарсы келмейтіндер, ал жамандық – бұл соларға қайшылықта 
болатындар. Міне осы көзқарас тұғырынан адам қылықтары 


169 
бағаланады, және сондықтан кім болса да тағайындалған дәстүрлерді 
бұзуға, оларға қарсы тұруға батылдары, шамасы жете алмады. 
Сонда да ислам дүниені түсіндіру мен қазақ моралының бірден-
бір қайнары болып шықпады. Халық қашанда, оның негізінде дұрыс 
мағына мен ақылға сай әрекеттер жатқан, моральды жақтады. 
Халық даналығы былай дейді: «Адам тегінен емес, ол 
тіршілігінің барысында бұзылады», ақылға сай өмір – бұл, оларды 
адам өзінде мәпелейтін және соларға сай қылыққа баратын, 
ізгіліктердің жиынтығы. Оның үстіне адамнан тек дана сөйлеу емес, 
бірақ ең алдымен практикалық істер талап етіледі. Адамның 
абыройлығы оның сыртқы белгілерімен емес, ал сол немесе басқа 
жағдаятта қалай пайымдайтынымен, қандай қылықтарға баратынымен 
бағаланады.
«Егер жақсының ізімен жүрсең, аңсағаныңа жетесің, егер 
жаманды қайталасаң, ұятты болып қаласың». 
Адам бақыты
1
материалдық дәулеттің жай-күйімен емес 
(дегенмен қайсыбір дәрежеде ол да маңызды), ал адам жанының 
байлығымен және адамгершілік істерімен анықталады. «Кім 
пайымшыл және кішіпейіл, ары таза және әділ болса, кім өзінде 
ізгіліктерді мәпелесе, тек сол бақытқа жете алады». Исламның әйелге 
деген ұстанымдары қазақ қоғамында терең ұялаңбады, онда ана-
әйелге, қорғаушыға, отбасы сүйенішіне деген ізгілікпен қарау 
тұрақтады. 
Моральдық құқықтар мен міндеттер сапасында орын алған, 
салттар мен дәстүрлерді билеуші топ өз мұқтаждарына пайдаланады. 
Ерекше әлеуметтік топ – билер – халық салттарының сақтаушылары 
және білгірлері болып есептелді. Оларға әрекет етуші нормаларды 
анықтауда және тағайындауда шешуші орын берілді, мүліктік, 
отбасылық-некелік таластарды шешуде өтімді сөз солардікі болды. 
Олардың шешімдеріне, дәстүр-салттарына іс жүзінде кәдімгі-
құқықтық нормалар күші берілді. ХVІ ғасырдан бастап кәдімгі қазақ 
құқығы
2
деп аталатындар – «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім 
ханның ескі жолы», «Тәуке ханның Жеті жарғысы» - кең тарады. 
Рулық бастама ұстыны – руластарының іс-әрекеті үшін ұжымдық 
жауапкершілік және руласты өлтіргені үшін қанды кек, ежелгі 
кодифицияландырылған кәдімдгі құқықтан («Жаса») өз бастауын 
алады. Ұлы қазақ ағартушысы, Ш.Ш. Уәлиханов кәдімгі қазақ 
құқығының демократиялық бастауларын атап өтеді, олар – 
жариялылық, 
рулық 
ынтымақтастық, 
қарапайымдылық, 
сот 
процесінің бәсекелестігі, оған жақтар өкілдерінің қатысуы; қоғамдық 
1
Қар.: Уразбеков А. Этическая мысль в Казахстане. Алматы, 1992. 
2
Қар.: Проблемы казахского обычного права. Алматы, 1989. 


170 
пікір қуатын пайдалану; бостандығынан айыру, қапасқа қамау сияқты 
репрессиялық шаралардың жоқтығы
1

Шынында да, қазақтың дәстүрлі этикасы бодандық пен 
конформизмге негізделмеген, ол өзіне еркіндік сүйгіш дәстүрлерді, 
демократияшылдықты енгізді. Бұл дәстүрлер хан сайлау рәсімінде 
көрініс табады. Соңғы болып, қасиетті харизмалық сапаларға ие 
индивид; халық тағдыры, игілігі және гүлденуі үшін өзіне 
жауапкерлікті қабылдайтын көшбасшы сайланады. Ал сонымен бірге 
өз пікірін жеткізу және лайық еместердің бетіне сын айтуға құқын 
заңдастыратын, айтыс сияқты, ауызекі халық шығармашылығында да 
осылай болды. 
Дәстүрлі қоғамдағы кәдімгі құқықтың қуатын Ш.Ш. Уәлиханов 
әлеуметтік-мәдени тамырланумен түсіндіреді, себебі «ол көбірек 
белгілі болғандай, оның бұл заңы қаншама жетілмеген болып 
көрінгенімен, ол бүкіл бірге алынған басқа заңнамаларға қарағанда, 
түсініктілеу және айқындау болып көрінуге міндетті, төлтума заң 
болғандықтан халық үшін ол жақсы»
2

Айтпақшы, 
Гегельдің 
құқық 
философиясында, 
шынайы 
адамгершілік абстрактылы және объективті құқықтың, абстрактылы 
және субъективті моральдың қосындысы емес деп, аталып өтеді. Егер 
балықтарды алтын аквариумға орналастырғаннан, олар алтын болып 
кетпейтіні сияқты, адамдар да, оларға заңдар сыртқы түрімен, өзінің 
жеке руханилығындай емес түрде ендірілген, сол заңдардан әдепті 
болып кетпейді. 
Гегель бойынша, «Мемлекет азаматы» болу заңмен рухани 
қосылуды білдіреді. Алайда заңды орындау ғана азамат болып 
қалыптасу үшін жеткіліксіз, заңдардың рухани, мәдени құбылыс, 
игілік ретінде қабылдануы маңызды. 
Қазақтың кәдімгі құқығының әсерлілігі, әлеуметтік-мәдени 
процестермен тұтасуымен бірге, «ар-ұят мәдениетінің», яғни бүкіл 
рудың алдында бетсіз болып қалудан қауіптенудің, ру алдындағы 
жауапкершілік пен өзіндік жетілуді себептеген, төлтума мәдени-
психологиялық тетіктің өмір сүруімен түсіндіріледі. 
Бүгінгі күн шындықтарына қайтып келейік. Қалыптасып келе 
жатқан плюралистік қоғамның этикасы тұлға автономдығының өсуші 
дәрежесінен қашан индивид тек мемлекет жағынан әсерді 
қабылдаушы объект болуды қойып, әлеуметтік өзара қатынастардың 
субъектісі 
бола 
бастайтын, 
үлкен 
еркіндік 
пен 
1
Қар.: Проблемы казахского обычного права. Алматы, 1989; Валиханов Ч.Ч. Собр. соч. в 5 т. 
Алма-Ата, 1985. Т.4. С. 94. 
2


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет