ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана



Pdf көрінісі
бет71/139
Дата01.03.2024
өлшемі2.51 Mb.
#493731
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   139
etika-i-estetika-kazahov

Әженов М., Садырова М. Қоғамның әлеуметтік құрылымы. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. 
91 б. 


223 
Қазіргі қазақстандық әдеп мәдениетінде басқа да қайшылықтар 
мен қиындықтар жеткілікті. Алдымен көзге түсетіні – адамгершілік 
мәдениеттің төмендеуі. Егер тоталитарлық жүйеде қоғам мемлекет 
ішіндегі бағынышты тетікке айналса, онда көптеген посткеңестік 
елдерде қоғамдық құрылымдар мүлдем елеңбей қалды: бір жағынан, 
өзінің мәнді белгілері бойынша тұлғасыз көпшілікке (масса) айналған 
халық бұқарасы бар. Екінші жағынан, жүйелер теориясы бойынша, 
құрылымы біртиптес тұтастық түбінде деградацияға ұшырайды. 
Әрине, Қазақстан және ТМД-ның басқа елдерінде жаңа әлеуметтік-
мәдени құрылымдар қалыптасып жатты. Алайда олар билеуші топтың 
белсенділігіне қатысты болды. Халықтың онда ісі аз болды. 
Халықтың бұқаралық мәдениеттің теріс жақтарын өз бойына 
жылдам сіңіріп алуының тарихи себептері бар. Біріншіден, еліміздің 
негізгі тұрғындары қазақтар мен орыстар ғасырлар бойы 
қауымшылдық ділде әрекет етті. Мысалы, Ресейдің “алтын 
ғасырындағы” соборлық идея жеке индивидтің ар-ожданы негізінде 
қоғамдасуын білдіреді. “У ішсең де, руыңмен іш” деген қазақтар 
менталитеті айтпаса да түсінікті. Жоғарыда дәстүрлі мәдениеттегі 
тұлға мен қауымның арақатынасы белгіленген. ХХ ғасырдың аяғында 
дейін ол өз тұрақтылығын сақтап келді. Социалистік құрылыстағы 
“коллектившілдік” турасынан алғанда қауымшылдықтың ерекше 
түріне жатады. 
Бұл сипатта мына бір теориялық қағиданы ескеру қажет: 
қоғамдастық, қауым, неше түрлі коорпоративтіктер (клан-ру, діни 
ұжымдар, отбасы, мамандық, спорттық бірлестіктер, клубтар, 
мүдделері құрылымдар, т.т.) адамдық келісімнің нәтижесінде өмірге 
келеді және оған тәуелді болып отырады. Сол себепті тұлғалық және 
әлеуметтік 
бірлестіктер 
тарихи-релятивтік 
болып 
келеді
1

Қоғамдастықтың относительдігі (салыстырмалылығы) әлеуметтік-
мәдени феномендерінің де шарттылығын тудырады. Мысалы, КСРО 
тарағаннан кейін отарсыздану үдерістері әлемдік өркениеттіліктің 
басқа тарихи жағдайында өтіп жатыр. Өйткені ХХ ғасырдың 60-ы 
жылдарындағы отарсыздану Батыс метрополиясы емес, бұрынғы 
метрополияның үлкен болса да бөлігінде жүрді. Сол себепті 
этнократиялық ұстаным тарихи үдерістердің жалпы бағытына сәйкес 
келмейді, индивидуализмге негізделген қоғамды құру үшін батыстық 
немесе ресейлік құндылықтардан алшақтамай, қайта олармен ұлттық 
архетиптерді сақтай отыра конвергенцияға бару қажет.
Автордың жалпы шыншылдық тұғырнамасы шығармашылық 
сипатта болғанымен бір нәрсені естен шығармаған жөн: жетілген 
өркениеттерде этноцентризм өзінің позитивтік қуаттылығын 
1
Қодар А. “Мустанги и пони: поле десоциализации // Тамыр. – № 2 (4). - 2001.С.3. 


224 
жоғалтқанымен (мысалы, АҚШ-тың әлемдік қауымдастық пікірін 
ескермей, басқа елдердің ішкі істеріне араласуы), көптеген ғасырлар 
бойы отар болып келген елдердегі ұлтжандылықтың мәнісі мен 
табиғаты мүлдем басқа. 
Сонда да Абай бастап берген өз қоғамы мен адамы бойындағы 
теріс қасиеттерді объективті тұрғыдан сынау жағымды. Ол жағымсыз 
қатынастар мен қылықтардан арылуға себебін тигізе алады. Тек 
әмбебапты әділдік принципі бағыт беруші тетік қызметін атқарып 
отыруы қажет. 
Индустриалдық және бұрмаланған тоталитарлық қоғамдардың 
дағдарысыстанған және тұлғасыздандырылған әдептік құрылымдарды 
шекті. Оның негізінде өркениеттік дағдарыс жатыр. “Өркениет” 
термині бұл жерде адам мен қоғамның барлық деңгейлерін біріктіре 
алатын құрылымды білдіріп тұр. Үшінші толқын көпшілікке 
арналмаған жоғары сапалы индивидуалдық құндылықтарды көздейді. 
Ұлтшылдық ескі индустриалдық қоғамның туындысы. Ақпараттық 
өркениетте индивидуалдық құқық нормалары қоғамдық мүдделерден 
жоғары қойылады. Ғаламдану ұлттық “шекараларды” бұзып отырады. 
Бұл жерде екі бағыттың күресі қазіргі әлемдік өркениеттердің қарым-
қатынастарының мазмұнына айналды. Осы екі бағытқа ғаламдану мен 
ұлттық-мемлекеттік төлтумалықты сақтау жатады.
Бұл, әрине, тым “қоюланған” сценарий. Ғаламдану мен 
постиндустриалдық өркениеттің теріс жақтары жөнінде жеткілікті 
жазылған. Біздің назар аударатын мәселеміз: осы постиндустриалдық 
қоғам ондағы тұлға әдебін қалай өзгертті? Басты жауап: Үшінші 
толқын мәдениет, құндылықтар мен моральды индивидуалдандырды
1

Орталық өзінің көптеген функцияларын шет аймақтарға бере бастады. 
Өйткені өзгермелі қоршаған ортада ақпарат орталыққа жеткенше 
ескіріп кетуі мүмкін. Тотальдық иерархиялық құрылымдар тиімді 
нәтижелерге жете алатын мобильдік топтармен ауыстырыла бастады. 
Индивидуалистік мәдениет өндірістік-әлеуметтік қатынастармен бірге 
білім беру саласын да қамти бастады. Бұрынғы мектептегі типтік 
бағдарламалар бойынша стандартты оқыту мен күнделікті қарадүрсің 
тексеру постиндустриалдық өркениет талаптарына сәйкес болмай 
шықты. Елдерді сандық өлшемдер бойынша салыстырудың орнына 
келген адамдық даму индексінің (білім деңгейі, өмір узақтығы, 
тіршілік сапасы) тиімділігі қанша болса, жалпыға бірдей білім берудің 
орнына мақсаттық, дара, арнаулы білім беру де сонша тиімді. 
Бұқаралық емес мәдениетте азшылықтың рөлі ерекше артады. 
Үндемейтін 
көпшілік 
индустриалдық 
немесе 
тоталитарлық 
қоғамдарға тән. Бір мақсатты көздеген миллиондар шектеусіз 
1
Центральное Азия и культура мира. – Бишкек. - № 1-2 (8-9), 2000. С.148 


225 
қиратушы күшке, массаға айналып кетуі мүмкін. Егер осы 
миллиондар өздерінің индувидуалистік мақсаттарын жеке түсініп 
және осының негізінде үйлесімді әрекетке барса, онда біз орнықты 
дамитын өркениет үлгісін көреміз. Кейін тарихшылар жалпыға бірдей 
дауыс беруді және көпшілік мүддесін ескеруді архаикалық рудимент 
деп қарастыруы мүмкін
1

Бір жағынан, маркстік философияда шынайы ұтымды нақтылы 
жалпылық деген ұғым бар. Оны тұтастықтың жеке ерекшеліктері 
айқындалған, көптүрліліктің бірлігі деп анықтауға болды. Саяси 
жағынан индивидуалдандырылған қоғамдағы демократия өкілеттік 
емес, тікелей қатысушы демократиямен ауысады. Егер сайлаған 
өкілдер біздің көзқарасымызды дәйекті жүргізе алмаса, онда өз 
көзқарасымызды өзіміз жүргізуіміз керек. Мысалы, “электрондық 
парламент” арқылы; Интернет жүйесін де естен шығармаған жөн. 
Мәселе қашанда орталықсыздандыру арқылы шешіле бермейді. 
Мәселені 
шешудің 
жолы 
– 
жауапкершілікті 
арттыруда. 
Экзистенциализмнің терминімен айтқанда, кез келген адам барлығы 
үшін жауапты. Керісінше емес. Онда анонимді әдепсіз қоғам пайда 
болады. 
Жоғарыда 
келтірілген 
қағидалар 
қазіргі 
өркениеттілік 
тенденцияларын сараптаудан алынған. Енді осы тенденциялар мен 
қазіргі Қазақстан шындығын салыстыра қарастырайық. 
Осыдан бұрын аталып өткендей, Қазақстандағы тоталитарлық 
жүйені қазіргі өркениеттілік үлгілерімен (нарық, азаматтық қоғам, 
демократия, т.т.) ауыстыру жергілікті элитаның белсенділігімен және 
қол жеткен тәуелсіздікті нығайту ұрандарымен жүргізілді.
Еркіндік пен теңдік арасындағы дисгармонияны болдырмау 
тұлғалық және әлеуметтік мәдени құндылықтардың арасындағы 
амбиваленттік қатынастарды уақытында айқындап, нақтылы тарихи 
жағдайларды ескере отырып, үйлестіру шаралармен байланысты. Бұл 
жерде жалпы үлгі, схема жоқ. Сонда да әлемдік тәжірибелерден 
тағылым 
алған 
артықшылық 
болмайды. 
Мысалы, 
Латын 
Америкасында өткен рестратификация мен жекешелендіру элита мен 
халық бұқарасының арасында терең шатқалдың пайда болуына әкелді 
және көпшіліктегі сауатсыздық пен саяси мәдениеттің төмен деңгейі 
экстремизм мен терроризмнің пайда болуына себептер болды. Осы 
сияқты құбылыстарды Ауғанстан сияқты мұсылман елдерінен де 
байқауға болады. 
Егер 
Қазақстанда 
өтіп 
жатқан 
рестратификация 
мен 
десоциализация 
үдерістеріне 
назар 
аударсақ, 
онда 
сол 
“латынамерикандық дамудың” жаңа түрлерін аңғаруға болады. 
1
Центральное Азия и культура мира. – Бишкек. - № 1-2 (8-9), 2000. С.155. 


226 
Мысалы, соңғы жылдары бұқаралық ақпарат құралдарында (әсіресе, 
теледидарда) “зомби” туралы жиі айтылып жүр. Аталған ұғымның 
көркемдік, көпшілік мәдениетінде – табыстық-кассалық мағынасынан 
басқа рәміздік (символдық) мазмұны бар. “Тірі өлік” немесе зомби деп 
көптеген жағдайда рухани мәдениеттен тыс адамды айтады. Зомби 
тарихи-мәдени жадыдан тыс адам. Зомбиге жақын типтік ұғымға 
мәңгүрт жатады. Бұл Ш. Айтматовтың көрген бейнесі кейін 
әлеуметтік-мәдени рәмізге айналған. Осы ұғым жөнінде арнаулы 
талдау біршама жеткілікті болғандықтан, оның кейбір жақтарына ғана 
назар аударайық. Тәуелсіздік жылдарында рестратификация мен 
бірегейлену біздің елімізде этникалық доминанттар ықпалымен 
(тәуелсіздікті, егемендікті, жер мен ел тұтастығын сақтау, т.т.) 
жүргізілгендіктен, кейбір зерттеушілер қазақ мәдениетіндегі екі 
субэтнос (қазіқ тілді және орыс тілді қазақтар) туралы жазып жүр. 
Біздің ойымызша, осындай бөліністің кейібір негіздері болғанымен 
қазіргі өркениеттілік үдерістері мен индивидуалданған қоғамда оның 
жасандылығы да айқын көрініс табады. Басқаша айтқанда, этносты 
тілдік негіз бойынша жіктеу мәдениеттанулық у-хрония мен у-топияға 
жатады. Архаикалық және патриархалдық-кландық сананың белгілі 
бір өкілдері орыс тілді қазақ мәдениетінде мәңгүрттік белгілер бар 
дегенді де шығарады. Өйткені олар үшін рухани мәдениет қоршаған 
орта мен заман талаптарына оқшауландырылған мұражай сипаттас 
болып келеді
1
. Бұл сана ежелгі туысқандық қатынастарды адамдық 
пен кісіліктің жоғары үлгісі деп жариялады. Қазақстанда бұрын “ауыл 
- ұлт тірегі” деген тіркес “ұлтжанды” интелегенция өкілдері 
тарабынан жиі айтылады. Ауыл шаруашылығына жүргізілген 
деколлективизациядан соң оның да мәнділігі азайып, ауылды 
жаңғырту бағдарламасының жағымды мүмкіндіктері де бар екенін 
мойындау қажет. Қазіргі постмодерндік қоғамдастықта тұлғаның 
төмендегідей қасиеттері жоғары бағаланады: автономдық, атомарлық, 
жасампаздық, еркіндік, шығармашылық. Осындай дара тұлға үшін ең 
басты әдептік ұстын – “құлдық ділден” аралу. Ол “коллектившілдік 
нарциссизмнің” де мәнісін түсінеді
2
. Орталықсыздандырылған 
дискурс постмодеріндік әлеуметтік мәдениеттің басты белгісіне 
жатады. Адам – негізгі капиталға айналды және бұл жай айтыла 
салған сөз емес.
Философ Н.Садыков қазіргі Қазақстанда екі түрлі моральдық 
бағыттағы өркениетті құру бағдарламасы бар дейді, біріншісінің 
жасампаздық мүмкіндіктері төмен және архаистік санадан нәр алады. 
Оның басты сипаттарына жататындары: 
1


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет