ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана



Pdf көрінісі
бет102/139
Дата01.03.2024
өлшемі2.51 Mb.
#493731
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   139
etika-i-estetika-kazahov

Валиханов Ч.Ч. Собр. соч. в пяти томах, т.1, Алма-Ата, 1961. С. 421. 
2
Қар.: Валиханов Ч. Избр. произведения. Алма-Ата, 1958. С. 40. 
3
Валиханов Ч. Собр. соч. в пяти томах. т. 1. С. 420. 
4
Қар.: Записи императорского русского географического общества по отделению этнографии. 
Приложение к т. ХХІХ. Изд. И.М. Мелиоранского. Спб. 1905. С. 1-7. 


327 
Шоқан өзі 1841 жылы жазып алған «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» 
поэмасының да поэтикалық ерекшеліктерін өте жоғары бағалаған. 
Шоқан сілтемелерінен бұл поэманың қазақ халқының арасында ғана 
емес, сондай-ақ Шығыстың көптеген басқа халықтарының арасында 
да кең танымал болғандығы мәлім болады. 
Шоқанның халықтың көркем шығармашылығын қаншалықты 
жоғары бағалағандығының дәлелі ол халық ауыз әдебиеті 
туындыларын жазып алумен ғана шектелмеген, ол көптеген 
шығармалардың мазмұны мен формасына талдау жасаған. 
Міне, осындай талдаудың мысалы: «Жырдың тақырыбы әдетте 
ертедегі әйгілі халық батырының өмірі мен ерліктері болады. Ескерте 
кететінім, батыр өмірінің оқиғалары, оның ерліктері, басқаша атқанда, 
оқиға желісін құрайтынның бәрі қара сөзбен баяндалады, өлең 
жолдары бас кейіпкер немесе ондағы қатысушы басқа да бас 
кейіпкерлер сөйлеу керек болғанда ғана қолданылады»
1
. «Ер Көкше» 
және «Орақ батыр» поэмалары туралы ол былай деген: «Олар 
мазмұны бойынша аса тарихи қызығушылық тудырмаса да, бірақ 
олардағы өлең жолдары ерекше әсерлі әрі үнді». Өз пікірлерінің 
дәлелі ретінде, ол дағдыдағыдай, сол поэмалардан жазып алған 
үзінділерді келтіретін. 
Халық өлеңдері мен олардың түрлері туралы (жыр, қара өлең
өлең және басқалары) және олардың қайсысын да таңдау оның 
мазмұнымен анықталатындығы туралы айта келе, Уәлиханов, мысалы, 
«өлең түрін әншілер ең қолайлы ретінде, импровизация үшін де 
қолдануға ыңғайлы санап және олар бұған үйреніңкірегендей, 
импровизация үшін де қолданатынын ескертеді. Әйгілі «Қозы Көрпеш 
– Баян Сұлу» поэмасын атақты Жанақ маған өлең түрінде айтып 
берді», – дейді
2
. Ақын, немесе оларды Шоқан атағандай өлеңшілер, 
әңгімелердің формаларын өз талғамына сай және олардың мазмұнын 
тыңдаушыларына ашу үшін өзгертуге толық құқылы. Әдетте, әнді, 
поэманы, әңгімені, аңызды және т.б. орындаушы ақын оларға өзінің 
кіріспесі мен қорытындысын қоса алады. Атақты Жанақ ақын «Қозы 
Көрпеш – Баян Сұлуды» жырлағанда осылай істеген деп көрсетеді 
Шоқан Уәлиханов. 
«Қырғыздардың поэтикалық туындылары: эпостар, мадақ өлең, 
жоқтаулар – қайтыс болған күйеуіне жоқтап жылаған әйел, ұлын 
жоқтаған ана өлеңі осылай аталады; тіптен сурып салма ақындардың 
өлеңдерінде ұйқас пен өлшем бар және рудан руға, ұрпақтан ұрпаққа, 
ежелгі Грекияда Гомер өлеңдері рапсодаларымен берілгендей, ерекше 
қоғамдық тап – ақын-әншілермен ауызша жеткізілген, бұл ақындар 
1
Валиханов Ч.Ч. Собр. соч. в пяти томах, т. 1. С. 196. 
2
Сонда, 200 б. 


328 
халықтың ерекше құрметіне ие болған... өздеріне атақ пен байлық 
жинаған»
1

Ш. Уәлиханов халық ауыз әдебиетіне өзінің эстетикалық 
қатынасын көрсетті. Ол қазақ және қырғыз халықтарының өлеңдері 
мен эпостарының тамаша талдау үлгілерін қалдырды: Абылай туралы 
ән, Орақ әндері, Абылай, Шуна батыр және басқалары. 
Орыс реализмі дәстүрін ұстанып, Ш.Уәлиханов өнерді қоғамдық 
күрес құралы ретінде қарастырды. Оның шығармашылығы халыққа 
қызмет ету идеясымен рухтанған. Шоқан шығармашылығы өнер мен 
қоғамдық 
өмірдегі 
барлық 
реакциялықты, 
кертартпалықты 
айыптаушылыққа толы. 
Шоқанның халық бұқарасының мүддесін жалынды қорғағандығы 
туралы, оның ақын А.Н. Майковқа жазған хатынан алынған келесі 
үзінді баяндайды: «Жергілікті қара сүйек сұлтандармен және 
байлармен мен тату емеспін, өйткені олар өздерінің бұрынғы 
құлдарына нашар қарайды, құлдар енді еркін болса да, қалай кетерін 
білмей, соларда тұрады. Мен оларға жалақы төлеулерін және адам 
сияқты қарауларын бірнеше рет талап еттім, олай болмаған күнде 
заңмен қорқыттым. Оның есесіне дала пролетариатымен мен үлкен 
достықтамын және тез тіл табысамыз»
2
. Шоқан Уәлиханов, сол 
уақыттағы Ресейдің әдеби ортасында айтылып жүрген әр түрлі 
көзқарастар жөнінде көбінесе өзінің келіспеушілігін білдірген немесе 
күмәнін айтқан. Мысалы, ол өзінің досы ақын Аполлон Николаевич 
Майковқа Достоевский журналында берік позицияның жоқтығы 
туралы жазды. «Өзара айтқанда, мен олардың негіздерін, халықтығын 
түсіне алмаймын, бірде славянофильдік, бірде нағыз батысшылдық 
иісі шығады, татуласуы көрінбейді, әлде оларға бұл татуласу сәті 
түспейді ме? Менің ойымша, соның бірі: не батыс үлгісі бойынша 
өзгерістер, не ескіні ұстанып, тіпті ескі дінге құлшылық ету қажет. 
Қытайдың біреуден ілгері, біреуден кейін болуы енді іске жарамсыз. 
Бокль айтқандай ұлттық қасиеттер жоқ, ал білім жалпы адамзаттық 
болуы тиіс. Ал халықтық сипатты ол өзінен-өзі, тұрғылықты жер 
әсерінен, біздің тіл және әдет-ғұрыптарымыздың әсерінен алады. 
Біздің тарихымыздың жоқтығы, мәлім»
3

Берілген хат үзіндісінен, даладағы өмір, оның ғылыми әлемнен 
алыстығы Шоқанның көзқарастарына өте ықпал еткендігін білдіреді. 
Қазақтардың тарихы жоқ деген пікірмен келісуге болмайды. Бұл оның 
басқа көзқарастарының, бүкіл оның ғылыми шығармашылығының 
рухына қайшы келеді. Эстетиканың көптеген мәселелері бойынша да 
1


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет