ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана



Pdf көрінісі
бет103/139
Дата01.03.2024
өлшемі2.51 Mb.
#493731
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   139
etika-i-estetika-kazahov

Валиханов Ч.Ч. Собр. соч. в пяти томах, т. 1. С. 202. 
2
Валиханов Ч. Избр. произведения. С.568. 
3
Сонда, 568 б. 


329 
ол өз ойларын ақырына дейін айқын айтпайды. Бұл қазақ даласына 
алдыңғы қатарлы көзқарастардың кешеуілдеп келуімен түсіндірілуі 
мүмкін. Міне сондықтан да ағылшын идеалисті Генри Томас Бокльдің 
ойлары ешбір сынсыз бұл хатта жазылған.
Қажетті әдебиеттің жеткіліксіздігі мен өзінің сол кездегі көптеген 
әдеби проблемаларды білмегендігін, Шоқанның өзі де мойындаған. 
Сол хатында: «Сізден кейбір әдеби жанжалдар мен ғылыми сынды 
білу қызықты болар еді», – деп жазады ол.
Бірақ бұл, ол әдебиет пен өнер мәселелерімен айналыспады 
дегенді білдірмейді. Шоқан әркез халық шығармашылығын жинады 
жәнеі зерттеді, осы саладағы өз танымдарын ғылыми әлемге жеткізуге 
ұмтылды. Мұны оның өз достарына – халық шығармашылығы 
саласындағы өз зерттеулерін баспадан шығару туралы өтініштері 
дәлелдейді. Мысалы, оның бір хатында былай деп жазылған: «Санкт-
Петербург хабарларының» Орта Азия мен қырғыз даласы жағдайы 
туралы 
корреспонденті 
болғым 
келеді... 
Мүмкін 
болса, 
«Отечественные запискида», орыс ертегілеріне ұқсас қырғыз 
ертегілерін жариялайды ма және менің қырғыз шамандығы туралы 
зерттеулерімді, Алтын Орда тарихына жаңа көзқарас тудыратын, 
сондай-ақ орданың құлауы себептерін түсіндіретін қырғыз өлеңдерін 
баспадан шығару туралы білуге бола ма екен»
1

Ш.Уәлихановтың жол дәптерлерінде, ғылыми еңбектерінде өзі 
болған жерлердің назар аударалық орындары, түрлі халықтардың 
тұрмыстық заттары жоғары көркем талғаммен суреттелген. Ол 
домбыра, қобыз және басқа халық муызкалық аспаптарын суреттеген. 
Шоқан Уәлиханов шығармалары, бізге оның әдеби еңбектерінде 
көркем шығармашылықтағы форма мен мазмұн сияқты, эстетикалық 
категориялар ашылғандығы туралы қорытынды жасауға толығымен 
негіз бола алады. Ол эстетиканың, әдебиеттің халықтығы деген 
мәселені де зерттеді.
Ол фольклор бастауының халықтық екендігін, халық өміріндегі 
өнердің үлкен рөлін атап көрсетті.
Қоғамдық өмір құбылыстарын түсіндіруде, Ш.Уәлиханов, оның 
көптеген замандастары секілді, жалпы идеалистік позицияда қалды. 
Ол рулық-феодалдық қоғамның барлық қарама-қарсылықтарын 
шешудің жолын халыққа білім беруден іздейді.
Бұл ойды біз оның эстетикалық пікірлерінде де байқаймыз. 
«Біздің халықтың өте бай әрі поэтикалық құндылығы бар, сондай 
бағыттағы Шығыс туындыларына қарағанда, индогермандық 
эпостарға жақын, әдебиеті бар. Сайып келгенде, барлығынан 
маңыздысы, біздің қоғамдық дамуымыздың формалары олардың 
1
Валиханов Ч. Избр. произведения. С.569. 


330 
мәдени дамуының жетістіктерімен үйлестік құратын дәл сол 
табиғилық кезеңде тұр, осы фактіге біздің болашаққа деген барлық 
үмітіміз негізделген. Біз Батый татарларының ұрпағы ретінде 
орыстармен тарихи және тіпті қандық туыстықтамыз»
1

Әлеуметтік мәселелерге қатысты мұндай тұрақсыз көзқарас оның 
кінәсы емес, ол сол уақыттағы бүкіл қазақ қоғамының қасіреті. Шоқан 
Уәлиханов 
60-шы 
жылдардағы 
Ресейдегі 
революцияшыл 
демократтардың 
дүниетанымына 
көтерілмеді. 
Сондықтан 
ол 
ағартушылық позициясында қалды. Қазақ халқының мүддесін ойлап, 
Шоқан Ресеймен жақындастық қазақ халқының экономикалық және 
мәдени дамуына жол ашады деп санады. Ал сол кезде қазақ халқын 
да, Ресей бодандығындағы барлық халықтарды да тәуелсіздікке 
әкелер жолды ол түсіне алмады.
Шоқан Уәлихановтың бастаған ісін, педагогика саласында 
қазақтың 
екінші 
ағартушы-демократы 
Ыбырай 
Алтынсарин 
жалғастырды. Ол да артында эстетика мәселелері бойынша арнайы 
еңбектер қалдырған жоқ. Оның эстетикалық көзқарастары 
педагогикалық қызметінде көрініс тапты. Ол ағартушылық арқылы 
қазақ халқының жалпы мәдени деңгейін көтеруге тырысты, сауатсыз 
адамның эстетикалық құндылықтарға ғана емес, жалпы мәдениеттің 
ең азына да қолы жетпесін айқын түсінді.
Алтынсарин өз халқының көркем шығармашылығын жоғары 
бағалады және ағартушылық оған өмірдегі де, өнердегі де барлық 
әсемдікті дұрыс түсіндіруге әрі бағалауға мүмкіндік береді деп 
санады. 
Алтынсарин, өзінің педагогикалық қызметінің мақсаты халықтың 
сауатын ашу ғана емес, мүмкін қазақтарды озық мәдениетпен кеңірек 
таныстыру болған шығар, деп есептеді. Бұл туралы ол «Қазақ 
хрестоматиясының» кіріспесінде жазады: «Бұл кітап ғылыми әрі 
жалпы пайдалы орыс кітаптарына, тікелей соңғысына өзінің 
мазмұнымен де, әліппесімен де қайшы келмей, тікелей жолбастаушы 
болып қызмет етуі үшін жазылды»
2

«Марқұм Алтынсариннің бүкіл өмірі мен қазақ даласында болған 
уақытта өзінің сүйікті қырғыз (қазақ – Б.Қ.) халқына білім беруге 
жұмсалды. Ол халық өмірін жіті бақылаған және оны терең 
түсінген»
3

«Орынбор парағы» газеті, қазақ мәдениетінің дамуындағы 
Ы.Алтынсарин рөлін атап өтіп, көшпелі қазақтар үшін Ы. Алтынсарин 
еңбектері, оның өзіндей аса қымбат екендігі, мұны Ресейде зиялылар 
1


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет